Ауыл телефон желісінің цифрландырылуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 185 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жобада, Жаңақорған ауданының телекоммуникация

бөлімінің желілерін жаңарту қарастырылған. Жаңарту нәтижесінде дәл қазіргі

кезде жұмыс істеп тұрған аналогтық стансаны қазіргі заманға сәйкес сандық

стансамен ауыстырылады.

Бұл жобада таңдалып алынған станса аралық байланыс желісі оптикалық

кабельдің параметрлерін есептеуден басқа жүктеменің кіріс және шығыс

есептеулері есептелген.

Жобада еңбекті қорғау және адам өміртіршілігінің қауіпсіздігі және

қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралады. Экономикалық бөлімде бизнес

жоспар құрылған. Арнайы есептеулер көмегімен экономикалық тиімділігі

есептелген.

АННОТАЦИЯ

В данном

дипломном

проекте

рассмотрена

модернизация

телекоммуникационной сети Жанакурганского района. При модернизации

существующих сетей работающие аналоговые станции были заменены на более

новейшие цифровые станции.

В проекте произведен расчет параметров оптического кабеля

соединяющих линий выбранных станции, так же входящие и исходящие

нагрузки.

В проекте рассматривались безопасность жизнедеятельности и охрана

труда. Так же экономической части был составлен бизнес план. Был рассчитан

экономическая эффективность данного проекта.

ABSTRACT

In this thesis project considered modernization of the telecommunications

network in Zhanakurgan district. When upgrading existing networks working analog

stations were replaced with the latest digital station.

The project calculated the parameters of the optical cable lines connecting the

selected station, as well inbound and outbound load .

The project considers the safety of life and safety . Just economic part was a

business plan . Was calculated cost-effectiveness of the project.

9

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Жаңақорған ТАТ қазіргі телекоммуникация желісіне шолу

1. 1 АТЖ жағдайын талдау және Жаңқорған ТАТ стансалық

құрылысытарына сипаттама

1. 2 Жобаның мақсаты мен міндеттері

1. 3 Міндет қою

1. 4 Байланыс құралдары дамуына шолу

1. 5 Сандық тығыздалудың көп арналы жүйесін пайдалану

1. 6 Телефон желісі арқылы интернетке қосылу

1. 7 ААТС сигнализациясының интерфейстері мен хаттамалары .

1. 8 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы ТАТ телефон желісін жобалау

1. 9 Ең оңтайлы АТС сандық құрығысын таңдау

1. 10 М-200 коммутациялық желісі

1. 11 Жаңартудан кейінгі Жанақорған ТАТ телекоммуникация желісінің

күйі

2 Есептеу бөлімі

2. 1 Жаңақорған ауданының телефондық желілерінің жаңартылуын

қарастыру

2. 2 ЭАСТ аймағында оптикалық кабельді жүргізу

2. 3 Оптикалық кабельдің негізгі параметрлерін есептеу

2. 4 Телефондық жүктеменің интенсивтілігін анықтау

3 Техникалық - экономикалық талдау

3. 1 Жобаның мақсаты

3. 2 Жобаның міндеті

3. 3 Нарықтың маркетингтік талдауы және маркетингілік стратегия

3. 4 Жобаның ішкі ортасын талдау

3. 5 Маркетингілік стратегия

3. 6 Қызмет

3. 7 Менеджмент

3. 8 Қаржылық жоспар

3. 9 Қайтарылу мерзімін есептеу

4 Өміртіршілік қауіпсіздігі

4. 1 Автозалдағы жарықтандыру қондырғыларын жобалау

4. 2 Автозалды электрқауіпсіздігімен жабдықтау

4. 3 Автозалдағы механикалық алмасу вентиляциясын жобалау

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қысқартылған сөздер тізімі

А Қосымшасы

Ә Қосымшасы

Б Қосымшасы

10

7

8

8

12

12

13

19

20

21

23

28

29

34

37

37

38

40

52

58

58

59

59

60

60

61

62

63

66

68

68

70

74

78

79

80

81

82

83

КІРІСПЕ

Әрбір азаматтың байланыс қызметіне қолжетімділігі заманауи қоғамға,

ұлттық және әлемдік экономикаға енуге ықпал жасап және ақпаратты таратуға

деген конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шетел

тәжірибесіне сүйенсек, байланыс инфрақұрылымы мен экономиканың дамуы

бір-біріне тәуелді екенін аңғарамыз.

Соңғы жылдары әлемде, соның ішінде біздің елімізде байланыс нарығы

ырықтандыру және демонополизация үрдісі жүріп келеді. Жаңа операторлар,

клиенттік базасы жоғары және тармақталған тораптарға ие мемлекеттік немесе

жеке телекоммуникация алпауыттарымен бәсекеге түсіп жатыр. Бәсекеге орай,

түрлі байланыс құралдары мен технологияларды ендіру арқылы жаңа

операторлар позициялардан орын алып, ал бұрынғы операторлар өз позициясын

арттыруға жағдай жасады.

Телекоммуникациялық реформаларды жүргізудегі басты моменті ол

реттеуіш институты. Көптеген мемлекет басшылары байланысты халықтың

маңызды қызметі деп танып, реттеуіш орган қызметін өздеріне сақтайды. Егер

де телекоммуникация торабы олардың қол астында болмаса, сенімді болу үшін

байланыс қызметін мемлекеттік және қоғамдық назарда ұстайды.

Одан бөлек соңғы жылдары әлемде реттеуіш органдардың артуы

байқалады. Басты себебі, телекоммуникациялық облыста саяси, реттеуіш және

эксплуатациялық функцияларды бөліп береді. Бірақ, реттеуіш органдардың

саны артқанымен, бәсекенің енуіне байланысты телекоммуникациялық нарықта

реттеу деңгейінің түсуін күтуге болады.

Соңғы уақытта телекоммуникацияны және ақпарттаық технологиялардың

дамуына байланысты экономикалық әсердің өскенімен бұл үрдісті реформалау

кезінде орын алатын салдарды да ескеруіміз қажет. Солардың бірі мемлекет

территориясындағы барлық азаматтарға қызметті қолжетімді бағамен ұсына

алмауы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласы

жылдам дамып келеді. Ауылдарда телекоммуникация қызметін АҚ

Қазақтелеком көрсетеді. Айта кетер бір жайт, телефоны жоқ ауылдарға телефон

орнату мен қатар Қазақтелеком жаңарту және ауыл байланысын дамыту, оның

ішінде АТС-ды оптималды сандық АТС-на ауыстыру, байланыс желілерін

сандықтау, ауа желілерін радиорелелік және талшықтық-оптикалық байланыс

желілеріне ауыстыру жұмыстарымен айналысады.

11

1 ЖАҢАҚОРҒАН


ТАТ


ҚАЗІРГІ


ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ

ЖЕЛІСІНЕ ШОЛУ

1. 1 АТЖ жағдайын

талдау

және

Жаңақорған

ТАТ

стансалық

құрылыстарына сипаттама

Жаңақорған ауданы - Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында

орналасқан. Аудан 1928 жылдың 11 қаңтарында құрылған. Ауданның аумағы

16, 6 мың квадрат метрді құрайды, бұл облыстың бүкіл аумағының 6, 8 пайызын

құрайды. Ауданның аумағын Батыс Қазақстан темір жолы, Шымкент-Самара

автомагистралі кесіп өтеді. Жаңақорған ауданының аумағы бойынша Ұлттық

ақпараттық супермагистральдің Батыс тармағы өтеді. Жаңақорған ТАТ

Қызылорда ТОД құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Аудан орталығы - Қызылорда қаласының облыстық орталығынан 178 км

арақашықтықтағы Жаңақорған ауылы. Аудан да 2 ауыл және 24 ауыл округі

бар, 17 ұлт өмір сүреді. Ауданда тұратын халық саны 70134 адамды құрайды

олардан, 49377 адам немесе 68, 3 пайызы ауыл округтерінде өмір сүреді,

аулалар саны 12279, аудан бойынша 100 адамға шаққанда телефондардың

тығыздығы 6, 3 ті құрады, ҚТЖ торабында - 8, 5. Мекемелердің әрекеттегі

бағасында өнім өндірісінің көлемі (жұмыс, қызмет) 2006 жылда 1465772 мың

теңгені құраған, өнімнің физикалық көлемінің индексі 125, 5 %. Климат -

континенталды. Ауданның негізгі қызметі ауыл шаруашылығы және мал

шаруашылығы. Шалқия кенішінде қорғасын, мыс шығару өндіру бойынша

мекемелер жұмыс істейді, сонымен қатар шағылдың әртүрлі фракциясын

өндіреді. Шалхия ауылында мырыш, қорғасын өндіріледі, күкірт қышқылын

өндіру бойынша тау-байыту комбинатын, зауытын құру жоспарланып отыр,

шағыл және құрылыс тасы өндіріледі. Жаңақорған облысында мына мекемелер

қызмет етеді: «Қазатпром» ЖШС уран өндірумен айналысады, облыста

республикалық деңгейдегі «Жаңақорған» санаториі орналасқан, мұнда тек қана

біздің мемлекеттің емес, көрші мемлекеттердің: Ресей, Өзбекстан және т. б.

тұрғындары денсаулықтарын түзеуге келеді. Жылдан жылға кіші мекемелердің

саны артуда. 2010 жылға ауданда тұрғындардың қаражаты есебінен 100 тұрғын

үй салынды, 190 орынды жаңа аурухана құрылып жатыр, Сырдария өзені

бойынша өтетін қалқымалы көпір жаңартылуда. Байкенже ауылында уран

рудаларының жаңа орны ашылды, қазір вахталық ауы құрылуда.

Төменарық ауылы - халқы 10236 адамды құрайды, аудан орталығынан 25

км де орналасқан. Әртүрлі тауарлар мен қызметті тікелей тұтынушы халық

өмірінің деңгейі орташа. Ауылда әкімшілік, ФАП, дүкен, АТК ауыл

кооперативі бар. Түгіскен ауылы - Түгіскен халқы 8060 адамды құрайды,

аулалар саны 610. Әртүрлі тауарлар мен қызметті тікелей тұтынушы халық

өмірінің деңгейі орташа. Ауылда мектеп, әкімшілік, ФАП, ауыл өндірістік

кооперативі бар. Қожакент ауылы - Жаңақорған ауданында орналасқан және

Жаңақорған ауыл орталығынан 25 км де орналасқан. Халық саны 3032 адамды

12

құрайды, аулалар саны - 444, отбасылар саны - 444. Телефон тығыздығы -

3, 3%. Әртүрлі тауарлар мен қызметі тікелей тұтынушы халық өмірінің деңгейі

орташа. Ауылда ауыл әкімшілігі, мектеп, медпункт, пошта бар. Тұрғындар

бақша өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Баспақкөл ауылы -

Баспақкөл ауылының тұрғыны 1794 адамды құрайды, аулалар саны 553.

Әртүрлі тауарлар мен қызметті тікелей тұтынушы халық өмірінің деңгейі

орташа. Тұрғындар мал шаруашылығы, күріш өндірумен айналысады. Ауылда

мектеп, ФАП, әкімшілік, ауыл өндірістік кооперативі бар. Талапбекеті ауылы -

Талапбекеті тұрғындары 1435 адамды құрайды, аулалар саны 94. Тұрғындар

мал шаруашылығы, күріш өндірумен айналысады. Ауылда мектеп, ФАП, ауыл

өндірістік кооперативі, темір жол бар. Жаңақорған ауылына мынадай ауылдар

да кіреді: Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл, Баспақкөл, Көктөбе, Бәйкенже,

Екпінді, Манап, Қосуенкі, Қызылмақташы, Ақсуат, Ақжол, Талапбекеті, Бірлік,

Тақыркөл, Түгіскен, Жайылма, Қорасан, Бесарық ауылдары.

Жалпы Жаңақорған ТАТ құрастырылған сыйымдылығы (1. 1 сурет) 6838

нөмірді құрайды, олардан 6255 әрекетте, яғни торап 93% күшіне енген.

Жаңақорған ТАТ АТС бойынша сипаттама 1. 1 кестеде келтірілген.

13

1. 1 К е с т е - Жаңақорған телекоммуникация аудандық торабының АТС сипаттамасы

14

Сунақата

АТС М-200

200№№

Шалхия

АТС М-200

250№№

Бірлік

АТС МС-240

200№№

Талапбекеті

КАТС 50/200

250№№

АҚТС

Қызылорда

қаласы

AXE-10

1, 2 2х

РЖ

СА С

NE

1, 2

Екпінді

АТС М-200

176№№

Төменарық

АТС М-200

480№№

17

.

Санаторий

АТС М-200

150№№

М

К-

Аққұм

АТС М-200

150№№

МК

9

Ж

Ж

С10,

ТС-5

.

.

1

х0

х0, 9

ДАМА

6 ағын

Бесарық

АТС МС-240

Қандөз

АТС М-200

200№№

Талап

АТС МС-240

200№№

Баспақкөл

КАТС 50/200

200№№

а/о. Жаңақорған

СТЖ хDSL ППБК 1х4х0, 9

DRX-4

2300№№

45км.

Келінтөбе

АТС МС-240

ТО

Ж

СТ

30

50

.

-03

Ж О

45км.

-50-0

3

200№№

Түгіскен

АТС М-200

456№№

Бәйкенже

АТС МС-240

250№№

Жаңарық

ТО

.

50

-03

Қожакент

АТС М-200

250№№

АТС МС-240

176№№

Ақжол

АТС М-200

250№№

Өзгент

АТС МС-240

250№№

1. 1 Cурет - Жаңақорған телекоммуникация аудандық торабының байланысты ұйымдастыруының қазіргі кездегі сұлбасы

15

1. 2 Жобаның мақсаты мен міндеттері

Жобаның мақсаты - ертеден келген аналогты құрылғыны жаңа цифрлық

ЭАТС құрылғысына алмасытра отырып, ауылдық телефон желісінің сапасын

көтеру және табысты көбейту болып келеді. Ауыл тұрғындарын еліміздегі

барлық тұрғындар сияқты жаңа телекоммуникациялық кызметімен

қамтамасыздандыру. Ауыл және қала тұрығындары арасында өмір тіршілік

қатынасы, білім алу және де басқа әлеуметтік қызмет көрсету жағына

дисбаланс орнату.

Жаңа технологияларды енгізуге байланысты эксплутациялық шығынды

қысқарту және табысты АТЖ экономикалық сатып алуды дамыту керек.

Байланыстың қызмет көрсетуін және инвестициалық, өзіндік шарт құруын табу

керек.

1. 3 Міндет қою

Алдында орнатылған АТС ғимаратын қолдану ғимараттың қайта

жобалану шығындарының азайуына алып келеді, өз кезегінде ол жобаға

салынатын инвистиция салымдарын азайуына алып келеді. НТА орнатуға

тіркелген сұранысты есепке ала отырып СКШ сыйымдылығын жүзеге асыру

құрылғының тұрып қалу қаупін қысқартуға, сыйымдылықтың әрекет ету

процесін жылдамдатуға және соған сай, жобаның тиімділігін арттыруға

мүмкіндік береді.

Ол үшін істеу қажет:

- байланыстың сапасын жаңарту;

- қолдану кезiндегі шығындарды азайту;

- құрылғыны таңдау;

- құрылғыны орналастыру;

- қоғамның клиенттерiн санының 1376 абоненттерге көбеюiне;

- ЭАТС және СТЖ кеңейту үшін құрылғы сатып алу;

- ЭАТС және СТЖ құрылғыларын құрастыру және тексеру;

- СКШ дамуына байланысты ҚМЖ жүргізу;

- жаңа абоненттердің қосылуы;

- пайда болатын жүктеменi есептеу және бағыт бойынша жүктемені

есептеу;

- пайда болған арнаны есептеу;

- құрылғыны есептеу;

- желілердің косылуын есептеу;

- ОТБЖ негізгі параметрін есептеу;

- экономикалық негіздеу;

- ӨТҚ сұрақтарын қарастыру.

16

1. 4 Байланыс құралдары дамуына шолу

Бүгінгі күнде ауыл аймағында телефонмен жабдықтау қалаға қарағанда

екі жарым есе және үш жарым есе аз. Бірінші кезекте бұл ауыл телефон

байланысының (АТЖ) зияндылығымен түсіндіріледі, оның негізгі себептері:

абоненттер бөлігінің АТС алыстығы, нәтижесінде оны пайдалануға және

дамытуға шығындар орта жылдық табыстан үш және жеті есе асып кетеді:

абонент топтарының аздығы: ауылдарда сыйымдылық өсуі болжамының

қиындығы.

Ауыл аймағының телефонмен жабдықталуына байланысты

ұйымдастырудың жеке техникалық шешімінің толық жетілмеуіне байланысты

қиындатылған. Техникалық фактор АТЖ

дамуы және пайдалануында

экономикалық көрсеткіштерді жақсартуды басым роль ойнайды.

Сонымен бірге, ауылды телефонмен жабдықтау қалаға қарағанда екі-үш

есе жылдам жүреді, және де егер байланыс операторларының табысын,

байланыс құралдарын пайдаланушылар мен жалпы қоғамды (аудан, мемлекет)

алғанда, барлық әлеуметтік және экономикалық факторларларды жиынтығымен

қарағанда АТЖ

тиімділігіне 100

адамға шаққанда 14-16 телефон

аппараттарының (ТА) тығыздығында жетуге болатыны айқын көрінеді. Ауыл

байланысының дамыған инфрақұрылымының болуы көп жағдайда

ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарылататына септігін тигізетіні

туралы дәйекті жоққа шығаруға болмайды.

АТЖ басым жағдайда 160-тан 2048 кбит/с жылдамдықта радиалды

немесе айналмалы схема бойынша РРЖ немесе бір жұпты, төрттен бір

кабельдердің көмегімен ОБ-қа қосылған 16-дан 90 ға дейінгі нөмір

сыйымдылықты орталық блок (ОБ) және жайма абоненттік модульге (ЖАМ) ие

үлестірілген сыйымдылықты соңғы сандық АТС-ларды пайдаланумен құрылуы

тиіс (1. 2 суретке қараңыз) . Мұндай АТС-ларда тарату және үлестіру бір уақытта

жүзеге асырылады. ОБ және ВАМ-ға әрекеттегі және құрылып жатқан

абоненттік желілердің өткізу қабілетін жоғарылату үшін аз арналы аппаратура

және абоненттің радиожетімділіктің құралдары қосылуы мүмкін.

Радиожетімділік құралдарын енгізу және оны алыстатылған абоненттік

топтарға немесе жеке абоненттерге қолданудың үлкен көлемі кабельдік

желілерді құруға үлкен шығындарды болдырмауға және ауыл тұрғындары үшін

телефон қосу мерзімін азайтуға септігін тигізеді. АТБ-та аналогты және сандық

радиалды радиожүйелерді (сыйымдылығы 100 ден 600 нөмірге дейін) қолдануға

болады, DECT, NMT-450,

GSM, WLL-CDMA

PPK-3/5. 0 ридаожүйе

технологиялары және т. б. (CDMA-дан басқа) мобильді байланысты

ұйымдастыруға ыңғайлануы мүмкін.

17

1. 2 сурет - Ауылдық телефон желілерін құру сұлбасы

ОС жергілікті (ауыл) телефон желісі абоненттері арасында шеттік және

транзиттік байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. ОС арқылы ҚТС, АҚТС және

аудан орталығының арнайы қызметтерімен ауыл абоненттерінде байланыс

жүзеге асырылады. Аудан орталығының ҚТС сыйымдылығына байланысты ОС

ретінде ауыл немесе қалалық типті стансалар пайдаланылды.

ТС арқылы келесі байланыстар орнатылады: СС, СС және ОС (сандық

станса) абоненттер арасында шеткі және тразиттік байланыс, сонымен қатар СС

және ТС АҚТС-ға шығуы. Бар ауыл АТС (ААТС) жаңашаландыру минималды

қаржы шығынында байланыс сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі. Бұдан

басқа, таратудың аналогты желілерін сандыққа ауыстыру жүргізіліп жатыр,

нәтижесінде станса аралық алмасу ИКМ-30 немесе ИКМ-15 арналары бойынша

жүргізілуде, байланыс бағасын автоматты есептеу, ААТС диагностика

құралдары енгізілуде, нөмірді автоматты анықтау (НАА) енгізіліп немесе

ауыстырылып жатыр. Алайда бар ААТС жаңашаландыру нөмір

сыйымдылығын арттыру және дәстүрлі (жергілікті және қалааралық байланыс,

шұғыл тапсырыстық және ҚҚТ ақпараттық қызметтер, ISDN қызметтері) және

жаңа технологиялармен туындаған (деректерді табыстау, Интернетке кіру)

қызметтердің жаңа түрлерін енгізу секілді маңызды мәселелерді шешпейді.

Бұл мәселелерді шешу үшін АТЖ-ге сандық АТС жаңа ұрпақтарын

енгізу, сонымен қатар жетімділікті абоненттік желілер мен жоғары

жылдамдықты біріншілік желілерді құру қажет.

1. 4. 1 Ауыл АТС-на қойылатын талаптар

Қазақстан ВАҚ талаптарына сай ААТС мыналарды қосу мүмкіндігін

қамтамасыз етуі қажет:

- жеке пайдаланудағы және мекемелер мен кәсіпорындарда телефон

аппараттары (максималды жүктеу - 0, 15 Эрл/АЛ), абонент құқығында стансаға

қосылаты кіші АТС;

- жергілікті және қалааралық байланыс таксофондары, сонымен қатар

сервистің ақылы қызметтерімен байланыс;

- кіріс байланысы бойынша сериялық іздеумен аудандық сөйлесу пункті;

18

- телефон алгоритмі бойынша байланыс орнатылатын деректерді

табыстау құрылғылары;

- ISDN шеткі сандық құрылғысы;

- тікелей абоненттер желісі (абоненттік ұзартқыштар) .

Ауыл транспорттық

желілерін жаңашаландыру принциптері.

Транспорттық желі бүкіл телекоммуникациялық желінің іргетасы рөлін

ойнайды. Ол көптеген коммутациялық желілерді ресурстармен (арналар мен

тракттар) қамтамасыз етеді.

Ауыл аймағында транспорттық желілерді жаңашаландыру қалаларға

сипатты принцип бойынша жүзеге асырылады.

Негізгі нұсқа - синхронды иерархия ұрпағына кіретін сандық жүйелермен

тығыздалатын сигналдарды жіберудің заманауи ортасын қолданумен

айналымдарды құру. Айналмалы құрылымға негізделген транспорттық

желілердің үлгісі 1. 3 суретте келтірілген.

1. 3 Cурет - Ауылдың транспорттық сұлбасы

Әрбір ауыл АТС мекемесінде (кроссында) желілік торабы (ЖТ) құратын

құрылғылар жиынтығы орналасқан. Ол транспорттық желінің сенімді және

сапалы функциялануын қамтамасыз ететін негізгі элемент болып табылады.

ОС,

УСП

пайдаланатын ауыл АТС-ларына аймақішілік желінің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура қызметіндегі жетілмегендіктер
Білім беру саласындағы қолданыста жүрген АКТ құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі
Денсаулық сақтау жүйесінің цифрландырылуы
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Экономика салаларын цифрландыру
Интернет желісінің тарихы туралы
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz