Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру


8
![]()
9
![]()
Аңдатпа
10
![]()
Жобаның мақсаты жаңа интернет технологияларын қолдана отырып
салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар арасындағы спорт тақырыбында
пікір алмасуға, қызықты әрі жаңа мақалалармен қамтамасыз ететін және
машықтану бағдарламаларын қарауға мүмкіндік беретін ыңғайлы веб-портал
құру.
Ақпараттық жүйе PHP, CSS, HTML және JavaScript тілдерін қолдана
отырып құрылған және деректер қоры MуSQL Server негізінде жүргізілген.
«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде еңбек жағдайларына, жұмыс орнына
талдау жасалынған. Жұмыс орнында ауаны кондиционерлеу бойынша
есептеулер жүргізілген.
Ал техника-экономикалық негізделуі бөлімінде барлық баптар
бойынша жобаны жүзеге асырудағы шығындар анықталған және жобаға
экономикалық пайдалылық бағасы берілген.
Аннотация
Целью проекта является
-
создание удобного веб-портала с
использованием новых интернет технологии для людей интересующихся
спортом, с помощью которого они могут обмениваться мнениями,
просматривать новые статьи и программы тренировок.
Информационная система разработана с использованием языков PHP,
CSS, HTML и JavaScript, а база данных проведена на оснавании MуSQL
Server.
В главе «Безопасности жизнедеятельности» анализируются трудовые
условия и рабочее место. На основании полученных данных сделан расчет
системы кондиционирования.
В главе «Технико-экономического обоснования проекта» по всем
статьям определены расходы по осуществлению проекта, дана оценка
экономическому приоритету проекта.
Abstract
The aim of the project is - provide a convenient web portal using the new
Internet technologies for people interested in sports, through which they can share
their views, view new articles and training programs.
Information system developed using the language PHP, CSS, HTML and
JavaScript, and the database is held on osnavanii MuSQL Server.
In the chapter "Safety" analyzes the working conditions and the workplace.
Based on these data, calculations of air-conditioning system.
In the chapter "Feasibility study of the project" in all respects determined the
cost of implementing the project, assessed the economic priorities of the project.
11
Мазмұны
Кіріспе . . . 13
1
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі технологиялары және қолданылатын
бағдарламалық құралдар . . . 14
1. 1Интернет туралы жалпы түсінік . . . 14
1. 2Гипермәтін концепциясы . . . 15
1. 2. 1 World Wide Web . . . 16
1. 3 Аpache HTTP Server жобасы . . . 17
1. 3. 1 Apache архитектурасы . . . 18
1. 4 Бағдарламалау құралдарын таңдауды негіздеу . . . 19
1. 4. 1 HTML гипермәтіндік тілі туралы түсінік . . . 20
1. 4. 2MySQL деректер қорының сервері . . . 24
1. 4. 3 Java Script скрипті бағдарламалау тілі . . . 32
1. 4. 4 CSS стильдер тілінің негізі . . . 36
1. 4. 5 PHP бағдарламалау тілі . . . 38
1. 4. 6 Yii Framework платформасы . . . 44
2
Веб-порталды жобалау және өңдеу . . . 48
2. 1 Дипломдық жұмысқа қойылған есептер . . . 48
2. 2 Веб-порталды құру кезеңдері . . . 48
2. 3 Веб-портал жұмысының алгоритмі . . . 51
2. 4 Техникалық тапсырма . . . 51
2. 5 Веб-портал құрылымы . . . 52
2. 6 Веб-порталдың функционалдығы . . . 56
2. 7 Дизайн және беттеу . . . 57
3 Техника-экономикалық негізделуі . . . 59
3. 1 Жұмыс сипаттамасы және қажеттілік дәлелдемесі . . . 59
3. 2 Жұмыста пайдаланылатын еңбек ресурстары; . . . 59
3. 3 Жобалау және өңдеу бойынша жұмыс құнын есептеу . . . 59
3. 4 Амортизациялық шығындар өлшемі . . . 64
3. 5 Зияткерлiк еңбектiң бағасы . . . 67
3. 6 Жұмыстың техника-экономикалық негізделуіне қорытынды . . . 68
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 69
4. 1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау . . . 69
4. 2 Кондиционерлеу және кондиционерді таңдап, есептеу . . . 73
Қорытынды . . . 79
Әдебиеттер тізімі . . . 80
Қосымша А . . . 81
12
Кіріспе
Бүгінгі күні адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес.
Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу
немесе әлеуметтік желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі
оқуға, жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен
бірге адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл - әр тәуліктік, жоғары сенімді
байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа
құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай
“Желі” сөзін қолданғанда, Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен
интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың
өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір
компьютер - бұл Желінің бір бөлігі.
WWW технологиясы алғашқысынан әр түрлі елдердің ғалымдары
арасында ақпаратпен ыңғайлы алмасу үшін жасалған болатын. Арнайы
бағдарламаны пайдалана отырып, жер бетінің бір жағындағы ғалымдар
екінші жақтағы ғалымдардың дайындаған ақпараттарына қол жеткізе алатын
болды. Сонымен бірге, олар қысқаша пікірлерімен алмасуға және
құжаттарын дұрыстауға мүмкіндіктері пайда болды, бұл қызмет түрі қазір
«электрондық пошта» деп аталады.
Қарым-қатынасу мен қызметтестіктің жаңа түрі өте жағымды болды,
сондықтан да тез арада бәріне қол жетімді ресурсқа айналып, Интернет
желісінің ең әйгілі мүмкіндігі деп танылды.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Спорт тақырыбына
арналған веб-портал құру». Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім:
- біріншіден, қазіргі күнде
үш тілде яғни қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде веб-портал аз;
- екіншіден, әр адам сайтқа кіру арқылы қызықты әрі жаңа
мақалалармен таныса алады және машықтану бағдарламаларын суреттелген
немесе бейнематериалдардан қарауға болады. Бұл өте ыңғайлы.
Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:
- кіріспе;
- жұмыс жасау әдістері мен бағдарламалық құралдарын таңдау;
- жұмыс жасалу барысы;
- қорытынды.
13
1
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі технологиялары және
қолданылатын бағдарламалық құралдар
1. 1
Интернет туралы жалпы түсінік
Интернет дегеніміз компьютерлерді бір - бірімен белгілі хаттама
арқылы (TCP/IP) байланыстыратын желі, ол әр компьютерлерді өзара әр
түрлі жаңалықтар алмасуына ықпал етеді. Интернеттің кросс- қаттамалық
тәуелсіздігі оның күн сайын қуат алуына және экспоненциалдық өсуіне
себепші.
Сонымен, желі дегеніміз не? Интернетте мыңдаған компьютерлер бір
бірімен байланысады. Бұл өте жеңіл сияқты көрінеді және көптеген адамдар
Интернет сөзін күнде қолданады, санаулы адамдар ғана оның концепциясын
түсіне біледі.
1957 жылы бірінші Спутник атты жасанды жер серігін жіберді. Бұл
АҚШ -та үлкен әсер етіп, олар Advanced Research Projects Agency (ARPA)
атты Department of Defense (DoD) әскери ұйым жанынан ғылыми -
технологиялық бөлім құрады. 1969 жылы DoD APRANET атты төрт түйіннен
тұратын желі құрады: California және Los Angeles (UCLA) университеттері,
Stanford Research (SRI) институты, California Santa Barbara (UCSB)
университеті және Utah университеті 1. 1-суреттен көре аламыз.
1. 1 сурет - Төрт түйіннен тұратын желі
Бұл желі 50 Кбит/с жылдамдығымен Network Control Protocol (NCP)
арқылы бірінші түйін - түйін қаттамаларынан тұрды. Жылдар бойы көптеген
түйіндер ARPANET желісіне қосылып, және де ол желі қаттамалар мен
бағдарламалық жабдықты қолдана бастады.
14
![]()
1974 жылы Vint Cerf және Bob Kahn “A Protocol for Packet Network
Interconnection” атты Transmission Control Program (TCP) құрды.
Бағдарламасының құрылымы мен құрылысы туралы жинақ жарық
көрді. 1978 жылы TCP екі қаттамадан тұрды: Transmission Control Protocol
(TCP) және Internet Protocol (IP) .
1982 жылы DoD TCP және IP (көбісі оны TCP/IP деп біледі)
қаттамаларын ресми түрде қабылдады. 1983 жылдың қаңтар айында
ARPANET ресми түрде NCP және TCP/IP қосылуы арқылы, Интернет пайда
болды. Таңғажайып Интернеттің таралу жолдары: 1984 жылы қосылған
түйіндердің саны 1000 болды, 1987 жылы ол 1 -нан асты, 1989 жылы
1-нан асты, 1992 жылы 1 болды, 1996 жылы 10 000 000 болды.
Қазірде Интернет желілерінің саны 50 000 000-нан асты. Ол әлі де өсуде, оны
1. 2 - суреттен көре аламыз.
1. 2 сурет - Интернеттің өрістеу (қосылған түйіндер саны) және
World Wide Web (серверлер саны)
1. 2
Гипермәтін концепциясы
1965 жылы Ted Nelson гипермәтін концепциясын енгізді. Сонан соң,
Brown Университетінде 1967 жылы Hypertext Editing System (HES) атты
гипермәтіндік кұжаттық жүйе жасады. 1968 жылы Douglas C. Engelbart
(1963 жылы тышқанды ойлап тапқан) “ONLine System” атты жүйесін
көрсетеді. Осы жағдай тышқан, гипермедия және бейне конференция туралы
дау тудырды.
Сонан соң гипермәтін жобасын дамытатын көптеген жүйелер жасалды
(1975: ZOG Carnegie Mellon университетінде; 1978: Aspen Movie Map; 1984:
Filevision by Telos; 1985: Symbolics Document Examiner by Janet Walker; 1985:
Intermedia by Norman Meyrowitz at Brown University; 1986: Guide from OWL,
NoteCards from XeroxPARC, және т. б. ) . 1987 жылы Apple HyperCard5 атты
Bill Atkinson жүйені жасап шығарды. Hyper -Card дегеніміз «программалық
15
![]()
жабдықтың бастауы». TEXT'87 атты конференция гипермәтінді концепцияға
бағытталған болатын. Конференцияда қаралған бойынша: «Гипермәтінді
текстті немесе басқа жаңалықты көрсетеді. Біз жалғай алатын немесе түйін
(хост) деп атайтын заттар линктер арқылы байланысады».
1. 2. 1 World Wide Web
The client side. WWW 1. 3-суреттегі клиенттік жағы дегеніміз екі жағдай
арқылы белгіленеді: Hypertext Markup Language (HTML) және
қолданушылар компьютерінде орналасқан белгілі браузерлер арқылы. 1993
жылы бірінші HTML версиясы National Center for Supercomputing
Applications (NCSA) ұйымында жасалып, Mosaic деп аталған.
1. 3 сурет - World Wide Web эволюциясы
Онан кейін белгілі Netscape Navigator браузері оның жалғасы болды.
HTML SGML атты кішкене гипертмәтіндік тілден тараған, сонан кейін
ол үлкен комплексті гипермәтіндік тіл болды(мысалы, version 4. 0) . Басқа
тілдермен қатар және объекті модельдермен (мысалы, JavaScript, DOM),
графикалық форматтармен (мысалы, GIF, JPEG, PNG), және мультимедия
(мысалы, audio, video), WWW клиенттік жағы түстерге өте бай, комплексті,
кейде хаосты аудан болып табылады. Сол себепті көптеген адамдар клиент
жағы өте әсерлі болғандықтан WWW мен байланыстырады да, Интернеттің
басқа жағы -сервер туралы біле бермейді.
The server side . Сервер жағы бір қараған сәтте қарапайым қолданушыға
қызықты да емес. Онда түрлі -түсті суреттер және т. б. жоқ. Бірақ бұл -
Apache жері, яғни WWW- ның қызықты да және қиын жағы.
HTTP серверінің рөлі. Web сервер браузерден сұраныс алып, HTTP
байланысы арқылы жауабын жібереді. 1. 4 - суреттен көре аласыз.
16
![]()
1. 4 сурет - Web сервер рөлі
Бұл жағдай бір қарағанда оңай сияқты көрінгенімен, көптеген
сұраныстар анық болмайды және көп уақытты талап етеді (web сервер бір
уақытта көптеген HTTP сұраныстарын қанағаттандыру керек), сервер оңай
байланысты қалыптасуы керек, оңай орын ауысуы керек (Apache негізгі
серверлі қаттамаларда жіберіле береді), сенімді және т. б. Бірақ, Apache ең тез
және ықшам сервер болмаса да, дүние жүзіне тарауына себепші болып және
сенімділігі болып табылады.
1. 3 Аpache HTTP Server жобасы
Apache HTTP server жобасы дегеніміз не? HTTP сервер жобасы деп
Apache тобының жобасын айтамыз. Яғни жаңа коммерциялық пайдасы бар,
өзгешелігі, қолдануда оңайлығы, тегін код арқылы жасалған HTTP сервер.
Бұл серверді көбінесе “Apache” деп аталады. Ал бұл серведі жасаушы
волонтерларды “the Apache Group” деп атайды.
Қалайша Apache HTTP server жобасы бастауын алған? Let Roy T.
Fielding (HTTP әкесі деуге болады) Apache тобының мүшесі оны былайша
суреттейді: “1995 жылдың ақпан айында ең атақты Web сервер
бағдарламалық жабдығын Rob McCool мен National Center for Supercomputing
Applications, University of Illinois, Urbana-Champaign. However ұйымдары
жасады. Көптеген программистер күштерін бірлестіре отырып, интернет,
17
![]()
электронды пошта арқылы серверді жаңа функциялармен, мәтіндерін жамау
мен айналасты (оларды patch деп атаймыз) .
Көптеген волонтерлер Apache Web сервері үшін тер төгіп, ол дүние
жүзінде ерекше орын алды. Оның эволюциялық версияларын келесі 1. 1-
кестеден көре аласыз.
К е с т е 1 . 1 - Apache эвалюциялық версиясы
1. 3. 1 Apache архитектурасы
1. 5 - суретте сізге Apache web серверінің архитектурасын көрсетеді.
Бұл архитектура бірнеше деңгейден тұрады.
1. 5 сурет - Apache web серверінің архитектурасы
Let Roy T. Fielding (HTTP әкесі деуге болады) Apache тобының мүшесі
оны былайша суреттейді: “1995 жылдың ақпан айында ең атақты Web
сервер бағдарламалық жабдығын Rob McCool мен National Center for
Supercomputing Applications, University of Illinois, Urbana-Champaign.
18
![]()
However ұйымдары жасады. Көптеген программистер күштерін бірлестіре
отырып, интернет, электронды пошта арқылы серверді жаңа функциялармен,
мәтіндерін жамау мен айналасты (оларды patch деп атаймыз) .
1. 4 Бағдарламалау құралдарын таңдауды негіздеу
Спорттық веб-порталын жобалау үшін келесі программалық құралдар
қолданылды:
− Apache 2. 0. 55;
− HTML 5
− MySQL 5. 0. 24;
− JavaScript
− CSS 3
− PHP 5. 0. 4.
Apache - әлемдегі танымал веб-серверлердің бірі, оның ерекшеліктері:
баптаудың үлкен мүмкіндіктері, веб-сервер жұмысы үшін көп түрлі
қаттамлардың қолдауы, жоғары өнімділік, көптеген бағдарламалау
тілдерімен және дерекқорлармен интеграциялану мүмкіндігі, ашық бастапқы
код, түрлі операциялық жүйелермен (Windows, Unix, Linux) сәйкестігі.
Apache-дың тағы бір артықшылығы - оның көп тілге аударылған толық
құжаттаманың болуы, және де баптау файлдарының салыстырмалы
қарапайымдылығы.
Сонымен қатар оның жақсы масштабталушылығы мен
кеңейтілімділігін, белгілі бір сервердің жұмысына лайық тек қажетті
модульдердің бастапқы кодтарын жинақтау мүмкіндігін атап өткен жөн.
Apache-дың аппараттық қамтамаға күй талғамайтындығы оның қазіргі
компьютерлердің кез-келгеніне қосуға мүмкіндік ашады.
MySQL - бұл жылдам, сенімді және қолдануда жеңіл реляциялық
деректер қорымен басқаратын жүйе. MySQL МББЖ GNU GPL
лицензиясымен таратылатын бастапқы коды ашық программалық қамтама.
Бірнеше жыл бойы MySQL өндірістік жағдайларда тиімді қолданады және
қажетті тұрақтылық пен жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ете
отыра, үлкен дерекқорлармен басқаруда қолданылады. Сонымен қатар,
MySQL дамыған функционалдылық, қол жетерлік және қауіпсіздік сияқты
қастиеттерге ие, және де осы қасиеттер Интернет арқылы дерекқорға
қатынауды ұймдастыруға жақсы келеді. MySQL-дың танымалдығына тағы да
оның әйгілі веб-программалау тілдерінде сәйкес модульдердің бар болуы
үлес қосады.
MySQL клиенттердің мәліметтер серверіне қосылудың түрлі әдістерін
қолдайды. Қосылу TCP/IP сокеты арқылы кез-келген қаттамада мүмкін. Одан
басқа, түрлі қаттамаларда арнайы қосылу әдістері болады: Windows
операциялық жүйесінде бұл атаулы арналар (named pipe), Unix-ортада бұл
19
сокеттер. Connector/ODBC және Connector/JDBC интерфейстері MySQL-ге
сәйкесінше ODBC және JDBC байланыстарын қолданатын клиенттік
программаларды қолдайды.
Жобалаушылармен MySQL көптеген тілдерге аударылған. Сервер
Unicod-ты қосқанда түрлі кодтық кестелерді қолдайды, қателер туралы
хабрламаларды түрлі тілдерде жариялай алады, MySQL мәліметтер
базасында ақпарат таңдалынған кодта сақталынады.
PHP - негізінен түрлі Интернет-қосымшалар саласында қолданылатын
скрипттік программалау тілі. PHP құрылымының синтаксисі С++
программалау тілінің синтаксисіне ұқсайды. PHP - бұл Perl-дің орнына
келген салыстырмалы жас тіл, ол негізінен веб-программалауға арналған,
үйренуге күрделі емес, оның практикалық қолдануын кеңейтетін қосылатын
түрлі модульдері бар. PHP-ді қолданудың басты мақсаты - қолданушының
талабына сәйкес динамикалық HTML құру.
PHP-дің Perl тілімен салыстырғанда оның синтаксисінің жеңілдігінде.
PHP веб-сервердің бір бөлігі сияқты жұмыс істейді, яғни хостингтің
қорларын үнемдейді, CGI сценарийлерге қарағанда операциялық жүйеде
жаңа үрдістерді тудырмайды. Әсіресе ол көп қаралатын көп бетті сайтта PHP
кодының салыстырмалы қысқа үзінділері жазылған кезде байқалады. Дәл
осы жағдайда Perl көптеген үрдістерді тудырар еді.
1. 4. 1 HTML гипермәтіндік тілі туралы түсінік
HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік өлшеуіш тілі
күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің
мүшесі болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа
құрудың стандартты құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML - құжат.
HTML - тег директивалары бұрыштама жақшаларына алынады. Бұрыштама
жақшаға алынбаған барлық объектілерді интерпретатор экранда
бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды. Тег - браузер интерпретаторына
тиісті нақты әр мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән
тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін.
Мысалы, < HTML > тегінің атрибуты болмайды.
HTML - құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат
денесінен тұрады. Осындай қолайлы да қызықты тілді үйрену арқылы өз
білімімізді дамыта алдық.
Интернеттің барлық WEB парақтарына ортақ белгі бар, олардың
барлығы HTML тілінде жазылған. WEB парақтарды құру процесі
программалау процесіне өте ұқсас болғанменен, HTML программалаудың
ерекше тілі. HTML-гипертекстті белгілеу тілі. Ол жай мәтінді WEB парақ
түрінде көрсететіндей ережелерді анықтайды.
Интернет дамуының жаңаша кезеңі 90 - шы жылдары ақпарат
алмасудың жаңа қаттамаларының пайда болуымен басталды. Бұл қаттама
20
HTTP (Hyper Text Transfer Protocol - гипертекстті мәтін беруқаттамасы) . Бұл
қаттамамен бірге файлдарды интернет арқылы беретін HTML серверінің
ауқымды желісін көрсететін World Wide Web қызметі пайда болды. Бұл
файлдардың негізгі бөлігі HTML тілінде жазылған Web парақтар арнайы
файлдарды көрсетеді. Интернетте Web парақтар осындай файлдардың HTTP
серверінде орналастырылуымен көрсетіледі.
Web парақтар әр түрлі болуы және еркін тақырыптарға арналуы
мүмкін. Бірақ олардың барлығы бір негізді - HTML тілін қолданады. Әдетте,
HTML құжаттарының кеңейтулері мынадай болады: HTM немесе HTML.
HTML тілі, ол World Wide Web қызметімен қатар пайда болып, онымен бірге
дамып отырды.
Гипермәтін
-
бұл форматтау, илюстрация, мультимедиялық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz