Мейрамхана бизнесінің Web- сайтын құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Сыдыкбаев Д. Е.

Мейрамхана бизнесінің Web- чайтын құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Инженерлік» факультеті

«Ақпараттық технологиялар, математика және физика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мейрамхана бизнесінің Web- сайтын құру

у

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны ___

Қосымшалар ___

Орындаған Сыдыкбаев Даулет Еркінұлы

2018 ж. «» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

ф. -м. ғ. д., профессор

Серикбаев А. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Жетекші

п. ғ. д., профессор

:
Серикбаев А. У.: Медеуов Е. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Арнайы тараулар кеңесшілері:
:
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Экономикалық бөлім

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Карымсакова Ж. К.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Еңбек қорғау бөлімі

т. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Жанашев И. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Норма бақылау

ф. -м. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Киргизбаева Б. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Сарапшы
:
Серикбаев А. У.:

Алматы 2018 ж.

Мазмұны

Кіріспе

7

Кіріспе:

1 1 Сала мәселесі

7:

9

Кіріспе:

1. 1 Автоматтандыру дегеніміз не

7:

9

Кіріспе:

1. 2 Автоматтандыру не үшін керек және оның ерекшелігі неде

7:

9

Кіріспе:

Мейрамхана индустриясында ақпараттық технологияларды қолдану

7:

10

Кіріспе:

1. 4 Техникалық тапсырма

7:

14

Кіріспе:

2 Техникалық бөлім

7:

15

Кіріспе:

2. 1 Ғаламтoр тyралы жалпы түсiнiк

7:

15

Кіріспе:

2. 2 Бағдарламалаy құралдар

7:

16

Кіріспе:

2. 2. 1 HTML

7:

17

Кіріспе:

2. 2. 2 DHTML

7:

18

Кіріспе:

2. 2. 3 РНР

7:

19

Кіріспе:

2. 2. 4 Apache Web-сервері

7:

20

Кіріспе:

2. 2. 5 CMS Joomla

7:

20

Кіріспе:

2. 2. 6 JavaScript

7:

21

Кіріспе:

2. 2. 7 CSS

7:

21

Кіріспе:

3. Есеп шешімі

7:

23

Кіріспе:

3. 1 Жұмыс орнын дайындау

7:

23

Кіріспе:

3. 1. 1 MVC паттернын қолдануы

7:

23

Кіріспе:

3. 1. 2 Базаға қосылу

7:

26

Кіріспе:

3. 2 Деректер қорын жобалау

7:

27

Кіріспе:

3. 2. 1 Пән саласының кестесін сипаттау

7:

28

Кіріспе:

3. 2. 2 Мейрамхана базасының кестелері

7:

28

Кіріспе:
7:

31

Кіріспе

Қазіргі кезде мейрамхана жұмысынын автоматтандыру үшін көптеген бағдарламалар бар. Бірақ бағдарламалар көбейген сайын бағдарламаның сапасын төмендетеді оған қоса оның бағасы артады. Осыған байланысты деректерді икемді өзгертетін және жаңартатын автоматтндырылған жүйені құруға шешім қабылданған. Мейрамханалардың саны өскен сайын бәсекелестікте артады. Сол үшін біз, бізде бар ресурстарды тиімді және бірқалыпты қолдануға міндеттіміз. Мұндай жағдайларда кәсіпті табысты қылып еңгізу үшін оларды қолдайтын және дамытатын құралдарға және қаражатқа инвестициялау қажет. Кәсіпті дамыттырудың негізгі құралдардың бірі - бұл мейрамхананы басқаруға арналған заманауи автоматтандырылған жүйе. Мейрамхананы басқару жүйесі - бұл көп функционалды және оңай модернизацияланатын мейрамхананы басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе. Автоматтандырудың мақсаты, біріншіден мейрамхананы басқарудың тиімділігін артыру, қызмет көрсетудің жылдамдығын артыру және ұрлықтың алдын алу. Мейрамханалық кәсіп тиімділігінің үлкен бөлігі қызметкерлердің жылдам жұмыс жасауынан сапалы қызметтен қалыптасады. Мейрамхананы автоматтандырудың дәл осы мүмкіндіктері жылдамдықпен сапаның үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады.

Автоматтандырылған мейрамхананың қоғамдық тамақтандыру мекемелерінен мына басты айырмашылықтарды бөліп алуға болады:

  • клиенттерге қызмет көрсетудің жылдамдығы мен қызметнің жоғары сапасы;
  • толық басқару;
  • тапсарыстың берілген уақытынан бастап оның жасалғанына дейінгі барлыө процестерді толықтай басқару.

Мейрамханаларға арналған автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен құралдарының мамандандырылған кешені мейрамхананы басқарудың мүмкіндіктерін ұлғайтады:

  • автоматтандыру маркетингтік және есепке алу заманауи политикасын енгізуге және кез келген уақытта мейрамхананың жұмысы туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді;
  • әр қызметкердің міндеттерін және жауапкершілігін тиянақты бекіту, сонымен қатар қызметкерлер жағынан көрсететін зиянкестікті тоқтатып, басқарудағы адам факторының рөлін минимумға алып келеді;
  • мейрамхананы автоматтандыру жүйесінің арқасында қиын және жалықтыратын есепке алу операциялары алып тастауға болады;
  • мекеменің барлық бөліктерін үзіліссіз жұмыс мониорингін, мейрамхана жұмыс нәтижесін талдауға және болжауға мүмкіндік береді.

Мекемені автоматтандыру нәтижесінде қожайын өз кәсібінің нәтижесін артырады.

Мейрамхананың дерекқоры мейрамхананың жұмысын автоматтандыруға, қызметкерлер мен тапсырыс туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған жүйеде келесі мәселер қарастырылған:

  • қызметкерлердің жұмысын автоматтандыру;
  • пайдаланушыларға мейрамхана жұмысы бойынша толық ақпарат беру;
  • есепке алуды толық бақылау;
  • қызметкерлер туралы толық ақпарат беру. Бұл бағдарламамен жұмыс істей алатындар:
  • администратор;
  • шеф повар;
  • даяшылар;
  • хостес.
Сала мәселесі
  1. Автоматтандыру дегеніміз не

Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар компанияны басқару жетілдіру шаруасымен соқтығысуда: бақылауды жақсарту және кәсіптік процесстерді жылдамдату, оларды бақылау мүмкіндіктерін жетілдіру және кәсіптік прцесстердің жысалуының сапасын сипаттайтын метриктарды алу мүмкіндігі. Осыған ұқсас тапсырмаларды іске асырудың жалғыз тәсілі төбеде жазыған функцияларды жасайтын автоматтандырылған жүйені енгізу. Бірақ қазіргі уақытта мұндай жүйені іске асыру мәселелерін шешу талпыныстары, нарықта барабар жабдықтау болмауына байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкеліп соғады.

Заманауи кәсіпорындарда басқарушы жұмыс уақытының тапшылығынан көптеген тапсырмаларды шешу қажеттілігімен соқтығысады. Заманауи менеджердің жұмысында келесі негізгі проблемалардың көзін айтып кетуге болады:

  • Әр түрлі рөлдерді атқаратын басқарушы тартылған процесстердің үлкен

саны.

  • Келісімділікті, нақтылауды, реакцияны, бақылауды, орындауды талап

ететін құжаттардың үлкен саны.

  • Міндеттердің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігі және өзіне алынған міндеттемелерді бақылау.
  • Басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті қосымша ақпараттар көлемінің күнделікті өсуі.

Күн сайын шешім қабылдауда аса маңызды тиімділігі артуда, орындау шешімдерін бақылау, жиналған ақпараттар мен алдыңғы тәжірибені рацоналды қолдану.

Соңғы кездері құжат алмасу процесстерінің автоматтандырылуы барған сайын өзекті болып келе жатыр. Көптеген компантядар барған сайын қажетті жетілген дәрежеге жетіп жатыр, және бизнес-процестерді ресімдеу және оларды автоматтандыру қажеттілігі құралдарын енгізу қажет.

Автоматтандыру не үшін керек және оның ерекшелігі неде

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер нарқында кәсіби үрдістердегі құжаттарды өңдеуді автомттандыру мәселесін шешу байқалады. Біріншіден, бұл отандық бизнес үшін жаңа шарттардың басқару стилі өзгеруіне байланысты болып отыр. Басқару үрдісінің жеке фактілеріне сүйенетін және әр қадамын толық бақыламайтын дәстүрлі дерективтік басқару кәсіп орынның іс-әрекеті сабақтас үрдістердің композициясы ретінде қарастырылатын басқару үрдістерінің жаңа әдістермен алмастырылып жатыр. Бұл тәсіл осылайша көп ресми және егжей-тегжей басқарудан басқа ұйымдастыру үсдістернің

құрамындағы әлсіз жерлерді үзіліссіз табуға мүмкіндік береді және механизмге үзіліссіз даму жағдайын жасайды.

Алайда, бұндай басқару тәсілін іс жүзінде орындау үшін мекемеде өтіп жатқан бизнес-үрдістердің модельдеу құралдары мен оны орындау құралдары болу керек. Сонымен қатар, олардың құрылысын үзіліссіз дамыту және оған өзгертілерді енгізу мүмкіндктері өте маңызды.

Бір шетінен, ақпараттық жүйелер қажетті даму деңгейіне жетті, сол себепті қызметтің айқын бағыттарын автоматтандыру ғана емес (мысалы бухгалтериядағы есептеу), мекемені толық басқару туралы ойлану керек. Алайда, бұл мәселелер классы ерекше талаптар қояды, мысалы, қосымшаның икемділік деңгейінің жоғары болуы, компанияға енгізілген қосымшаларға олардың жұмысын тоқтатпай өзгерістер енгізу мүмкіндігі, әр түрлі үрдістер туралы шоғырландырылған статистика жинақтау, үлкен санды қосымшалардың функцияларын бір жұмыс кеңістігінде интеграциялау.

Мейрамхана индустриясында ақпараттық технологияларды қолдану

Мейрамхана бизнесі - бұл керемет жылдамдықпен өсіп келе жатқан, қонақжайлық индустриясының ең перспективті салаларының бірі болып табылады. Адамдар күннен күнге мейрамханаларға дәмді тағамдарды жеп, өз тәбетін қанағаттандыру үшін ғана бармайды, сонымен қатар босаңсуға, эстетикалық ләззат алуға және жай ғана бір-бірімен уақыт өткізу үшін барады. Өз бизнесінде, менің жағдайымда, ресторандық, табыстық іскерлік дамуына жету үшін көптеген факторларға назар аудару қажет. Осы факторлардың ішіндегі ең негізгісі - ақпараттық технологиялар болып табылады.

Қазіргі уақытта, қоғамды тамақтандыру кәсіпорындарына арнап жасалынған компьютерлік ақпараттық технологиялар өте көп және де олар күнделікті операциялардың үлкен санын күрт жеңілдетеді және тездетеді. Соңғы кездерде, мейрамханаларды автоматтандыруға арналған менің жүйеммен қатар,

«1C-Papuc», «Y-Cash Restaurant Suite», «MicroinvesT Sklad Pro», «R-Keper»,

«TikuChain», «UNISYSTEM Restaurant», «X-Cofee» және тағы да басқа автоматтандырылған жүйелер қолданылады.

Қазіргі заманғы қонақүйлер, клуб, мейрамханалар - бұл, біріншіден, демалыс қызметінің негізгі түрлері болып есептелетін, уақыт өткізудің қолайлы және ыңғайлы тәсілі. Мұндай үрдісті ұйымдастыру өте күрделі болып табылады, технологиялық және санитарлық нормаларға сай болуы тиіс, қызмет көрсету үшін, бухгалтерлік есеп процесі үшін, мәзір бағасы және көптеген басқа қызметтер үшін жауап беретін, қызметкерлердің мінез-құлық мәдениет және стилін бақылауға тиіс. Осы талаптардың барлығы, біріншіден, бөлшектердің үлкен санын ескеруіне тиіс болғаны үшін күшін жояды.

Мейрамханаларда үрдістердің автоматтандырылуы мен ақпараттандырылуының қолайлығы істердің жүргізілу тарапынан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардан тарапынан да қажет, себебі

автоматтандырылған жүйелер клиенттермен есеп айырысуды қатты тездетеді, тапсырысты бақылауға мүмкіндік береді, клиентке қажет барлық мәзірлер ұсынылады.

Банктік карта арқылы төлеудің жүйесін егізуді мысалға алатын болсақ, бұл мейрамхана бизнесінің мүмкіндіктерін өте тез кеңейтуіне мүмкіндік береді, осылайша үлкен банктермен бірлескен әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі. Мұндай жүйелер қолма қол ақшасыз төлеудің нысанын қолдайды, сонымен қатар, олар сізге жеке және корпоративтік келушілердің есебін жүргізуге, бонустық жеңілдіктер жүйесін басқаруға, тапсырыстар мен талаптарға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көбінесе жеңілдіктер, ұсыныстар және сол сияқты заттар арқылы клиенттердің санын арттыру үшін тырысып жатқан әйгілі бағдарламалар, клиенттік базаны құрайды.

Автоматтандырудың мақсаты, біріншіден, мейрамхананы басқарудың тиімділігін арттыру, қызмет көрсетудің жылдамдығын арттыру және ықтимал теріс пайдалануды, әсіресе ұрлықты барынша азайту болып табылады. Мейрамханалық бизнестің автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі, пайданы арттыру және кәсіпорынның шығындарын азайту, орнату және пайдалану оңай болуы үшін көп функционалды болуы қажет.

«1C-Papuc» мейрамхана компаниясының басқаруын автоматтандыруға арналған бағдарлама, қызметкерлерді басқару, сапасы мен сенімділігін жоғары қамтамасыз ету үшін қажетті барлық функцияларды өте тиімді біріктіруге көмектеседі.

R-Keper» - бұл жүйе, автоматтандырылған сатылымдарға, келушілерге қызмет көрсетуге, бардың, ас үйдің жұмыс істеуіне арналған, ол сондай-ақ, сізге мейрамханада әр түрлі кезеңдерге арналған сату туралы деректерді жинауға және талдауға мүмкіндік береді.

«MicroinvesT Sklad Pro» автоматтандыру жүйесі тамақтандыру және қонақжайлылық индустриясының клиенттерінің қызмет көрсету процесін толықтай автоматтандырады. Осы шешімнің арқасында, мейрамханалардан бастап ойын-сауық орталықтарына дейін, абсолютті әртүрлі форматтағы жалғыз немесе желілік кәсіпорындарды автоматтандыруға мүмкіндік бар.

«TikuChain» - кішкентай мейрамхананы, сондай-ақ үлкен мейрамхана корпорациясын басқаруға мүмкіндік беретін, үлкен қосымша. Бұл бағдарламаның көмегімен сіз әр мейрамхана бөлімінің есептілігін, сондай-ақ сатылымдардың, қаржының, кадрлардың, өндірістің, бүкіл желісі туралы жалпы есептілігін алуға болады, сонымен қатар, ол корпорацияның барлық бөліктерінде қоймаларындағы қалдықтарын түгендеуге және бақылауға болады.

«UNISYSTEM Restaurant» қоғамдық тамақтандыруды басқару комплексі, өз кезегінде, қолма-қол ақшаның қозғалысын және тауарлардың жалпы бақылауына бағытталған кәсіпорынның қаржылық және тауарлық есебін орталықтандырады.

TOP өнімдердің бірі 16 жылдан астам уақыт бойы нарықта бәсекелесуде. Сондай-ақ, ол барлық өлшемдегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. LillyPad жүйесі, қызметкердің ресми

деңгейіне байланысты бір немесе басқа мүмкіндікке қол жеткізу құқықтарын бөлу тарату жүйесі - LillyKey, сияқты механизмдерден тұрады. Жұмыскер қандай міндеттерді атқаратына қарамастан, жүйенің ішінде билік береді. Мысалға, аспазшыға қаржылық есептерді басқару қажетті емес. Бұндай түрдегі механизмдер, кез келген түрдегі немесе сипаттағы автоматтандыру жүйелеріне қажет. LilleLing - үлкен машинаның тағы да бір бөлігі, ол көп тілді интерфейсті пайдаланады, яғни, әрбір қызметкердің оған ыңғайлы тілі бар. Бұл белгілі бір тілдің қолдануына қарамастан, жұмысшылар, қызметкерлер үшін орнату болып табылмайтын мүмкіндік береді, тілдік кедергіні жою үшін белгілі бір дәрежеде мүмкіндік береді. LillyLog - жүйенің ішінде оларды әрі қарай талдау үшін пайда болатын, барлық өзгерістердің сақталуын қамтамасыз етуге арналған жүйе екені атауынан-ақ түсінікті. Дәл осы механизмдер арқасында, болжау және басқа да аса маңызды бизнес-процестер жүргізіледі. LillySync - икемді синхрондау, бұл механизм, өнімділікті құртпай, ұйымның аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мейрамхана жүйесінде ең үлкен проблемалардың бірі болып табылады. LillyStock - жеткізу тізбегін басқару, түгендеу және сол сияқтылар. Механизм мейрамхана қоймасының мамандануын ескере отырып әзірленді. LillyVision - мейрамхана индустриясының ең маңызды аспектілерінің бірі, видео-бақылау жүйесі, осы жүйеде олар үшін камералар мен мониторлардың шексіз санын пайдалануға болады, терминалдармен қашықтықтан басқару мүмкіндігін береді. Егер аппараттық қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, жүйе POC- терминалдарды, КПК, фиксалды регистраторларды, принтерларды, магнитты карточкаларды есептеуіштерді, штрих кодттарды және тағы да басқаларды өзі ұсынады. LillyPad-ты қолдана отырып, бек_офис, фронт_офис сияқты қосымшаларды қолдануға мүмкіндік туады, осыдан шыға отырып, басқа бөлшектерді интеграциялау қателердің мүмкіндігі басшылық тарапынан нөлге дейін азаяды. Барлық артықшылықтарын қарамастан, жүйеде өзінің кемшіліктері бар, мысалы, оның ішінде, оқиғалы бейне бақылау сияқты, құжат алмасу мен бухгалтерлік есептеулерді басқару мүмкіншілігі жоқ. Бұл бақылаусыз қызметкерлердің ұрлау қауіпі туындайды, бірақ бұның бәрі ең басты проблемалар емес.

«Y-Cash Restaurant Suite» автоматтандырылған басқару жүйесі - ашық нәтижелі коды бар бәріне қол жетімді қосымша. Ол үш бөліктен тұрады: Фрон_Офис, Бэк_Офис және Продакт_Офис. Бұл өнімнің артықшылықтары мен кемшіліктер сипаттамасы, жүйе әрбір уақытта бөлек жағдай астында орасан зор ауқымда аяқталатын ашық код кесірінен мүмкін емес. Бұл өнімнің ең үлкен кемшілігі - ол оның «аяқталмағандығы», яғни бағдарламаға әрқашан жетілуге болады. Рестораторға оның жетілуімен айналысатын бағдарламашыны іздеуіне әкеліп соғады, бұл оның басқа бағдарламалардан айырмашылығы. Бірақ, сонымен қатар, ол оның басты артықшылығы да болып есептеледі - бағдарламамен, функциямен бастап стилистикалық жөндеулерге дейін, бәрін істеуге болады.

Бастапқы уақытта, бағдарлама ұсынады: Фронт_Офис:

  • бұл мәзірден сусындар мен тағамдарға тапсырыс беру;
  • тапсырылған тағамдар мен сусындарды ауыстыруға болады;
  • тапсырыстарды теруге немесе терминалдан шығаруға болады;
  • фиксалды чектерді ұсыну, шоттарды жабу, клиент картасының жеңілдіктерін ескеру;
  • әрбір қызметкердің жұмыс істеу уақытын ескеру және т. с. с. Бэк_Офис:
  • қазіргі сәтте столдарды қарауға, сондай-ақ сол уақытта қойманың күйін көруге;
  • жүйе қолданушыларын басқаруға, жоюға, қосуға, өзгертуге, таратуға, тартып алуға;
  • бір немесе басқа адамның, бір немесе басқа жүйеге қол жетімділік құқығын ауыстыруға мүмкіндік береді;
  • мәзірден өзгерту мүмкіндіктері осындай. Продакт-Офис:
  • тапсырыстарды әртүрлі формаларда қарауға мүмкіндік береді;
  • әлеует стоп-беттер туралы ақпаратты көрсетеді;
  • бір тағамды немесе сусынды әзірлеуге кеткен уақытты көруге көмектеседі.

Жүйенің осындай үлкен мүмкіндіктердегі бәріне қол жетімділігі - ол белгілі плюс, бүкіл автоматтандырылған жүйе тек қана бағдарламалық өнімнен ғана тұрмайды, оған аппараттық қамтамасыз ету де кіреді, ал ол жалпыға қол жетімді емес. Әрбір бағдарламаның өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар, мысалға «R-Keper» тек қана «Apple» плншеттерімен ғана жұмыс істей алады, ал «Y-Cash» нақты бір платформаға тәуелді емес.

Авторлардың көбісі үшін «Astor Light» бағдарламасы, үлкен коорпарацияларды емес, кішкентай мейрамханаларды басқаруды білдіреді. Ол өзінің әмбебаптылығы немесе көпфункционалдылығы туралы айта алмайтын, қарастырылып отырған тізімдегі бірінші бағдарлама. Бұл бағдарламалық өнім front_office үшін де, back-office үшін де қолдана алады. «Astor Light» қосымшасына төмендегідей cияқты, қосымшаларға арналған, қосымшалар кіреді:

  • кассирлерге;
  • менеджерлерге;
  • калькуляцияға;
  • басқарушыға;
  • официанттарға;
  • залға;
  • қоймашыға;
  • өндіріс бастығына.

Әрбір қызметкерде өзінің артықшылықтары мен шектеулері бар есептік жазбалары бар, сол себептен әркім өзінің орны мен міндеттерін біледі, осылайша, оның жұмысын біреу әдейі немесе әдейі емес құртатындығы туралы

ешкімнің күмәні болмайды. Front_office жасайтын функцияларға қарай отырып, ол ешқандай ерекшеліктер жасамайтынына көз жеткізуге болады, ал back_office пайдаланушыларына өнім құралдарының көптеген түрін сатып алуға болатын қосымша интерфейс ұсынады. Әзірлеушілердің сөзі бойынша, «Astor Light» жеткізушілердің шағын, аханалар мен фаст-фуд сияқтыларға да, санының қызметтерімен пайдаланатын, кіші ауқымды мейрамханаларға өте жақсы сәйкес келеді.

«Рестораторы» деген тағы да бір мейрамханаларды басқаратын автоматты жүйе - жоғарыда жазылып кеткендердің арасында ең экономдысы болып табылады. Бұл жүйенің айырмашылығы, оның модульдігінде, яғни, ресторатор өзіне керекті модульдерді өзі таңдап ала алады, ал қалғандарын сатып алмай-ақ қоюына болады, осылайша, мейрамханалық мансаптың бастапқы кезеңінде ол, оған басқа заттарға керек болатын, қаражаттың белгілі бір сомасын үнемдейді, ал қалған модульдерді ол, бизнес кеңейген кезде және басқа функциялар керек кезде сатып ала алады. Front- және Back-office бағдарламалары тегін түрде беріледі, ал аддондарды сатып алу керек, мысалы, қойманы басқарудың қосымша модулін.

Автоматтандырылған басқарудың мұндай жүйелері, адамдық фактор тікелей әсер ететін, уақытша, және де қаржылық шығындарды, максималды түрде жоюға, келушілерге қызмет көрсетуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, мейрамханалық бизнесті, оның бірі ақпараттық технологиялар болып табылатын, концепцияның сауатты құрылуы, мейрамхананы жетістікке әкелуіне келіп соғады.

Техникалық тапсырма

Электронды мәзір келесі қасиеттерге ие бoлy қажет:

  • Мейрамханаға келген келуші электронды мәзір арқылы тапсырыс бере алады;
  • Мейрамханаға келуші өзінің берген тапсырыстарын даяшыға жібермей отырып тағы бір рет тексере алады;
  • Мейрамхана қызметкерлеріне келушілердің тапсырыстары барады;
  • Мейрамхана қызметкерлері берілген тапсырыстарды рәсімдейді;
  • Мейрамханаға келушілер өздерінің шоттарын көре алады;
  • Мейрамханаға келушілер берілген тапсырыстарының ақысын төлеу үшін электронды мәзір арқылы даяшыны шақыра алады;
  • Мейрамхана қызметкерлері шотты төлеуге тапсырыс берілген туралы сұранысты көре алады;
  • Мейрамхана қызметкерлері берілген тапсырыстарына байланысты 10 % өзіне тиісті жалақысын көре алады.
Техникалық бөлім
  1. Ғаламтoр тyралы жалпы түсiнiк

Ғаламтoр дeгeнiмiз кoмпьютeрлeрдi бiр - бiрлерімен бeлгiлi бір xаттама арқылы (TСP/IP) байланысқан жeлi, oл әрбір кoмпьютeрлeрдi өзара неше түрлі ақпараттар алмасyына ықпал eтeдi.

Басқаша сөзбен айтсақ, ғаламтор, ақпаратты телефон сымдары, талшықты спутниктер және радиомодемдер арқылы жібере алатын, бір-бірімен байланысқан, неше-түрлі протоколдармен жұмыс істей алатын, әр-түрлі пайдаланушыларға компанияларға және кәсіпорындарға тиесілі көптеген үйішілік және корпоративті желілерден тұрады.

Одан да қарапайым тілде түсіндірсе, ғаламтор - бір желіге қосылған дүниежүзі бойыншы көптеген компьютерлер және олар әрдайым қандай да бір ақпараттармен ауысып отырады.

World Wide Web - қазіргі заманғы ғаламтoрдың ең әйгілі қызметкерлерінің бірі. World Wide Web-ті көптеген жағдайларда ғаламтoрмен теңдестіреді, бірақ шынына келсек ол тек көптеген қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар бoлуы мүмкін. Электрoнды Web - құжаттарды принтерде шығару үшін емес, кoмпьютер терезесінде қарауға арналған.

World Wide Web тұтастай гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін дегеніміз өтініші бойынша іс-шараларды жүзеге асырады мәтін Тед Нельсонның көмегімен еңгізілген.

Бізге, бәрімізге браузермен таныс. Интернеттегі парақшаларды біз дәл сол бағдарлама арқылы көреміз. Қазіргі кезде браузерлердің көптеген алуан түрлері бар, 2. 1 суретте келтірілген.

  1. сурет- Браузерлер түрлері
Бағдарламалаy құралдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана интернет жарнама құралдары
Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері
Олжа мейрамханасының сайтын құру
Мейрамхана бизнесі нарығында қазақ тағамдарын ілгерлету ерекщеліктері
Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат
Мейрамханалық шаруашылық кәсіпорындарда қызмет көрсетудің халықаралық стандартарын еңгізуді ұйымдастыру
Мейрамхана бизнесінің мәні мен маңызын ашу
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz