Қашықтықтан оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

8

9

Аңдатпа

10

Дипломдық жобаның тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан политехникалық

колледжінің қашықтықтан оқыту жүйесі (PHP+MySql)

Бүгінгі күнде студенттер өздеріне оқу формасының ынғайлығын,

тиімділігін таңдайды. Оның себебі: негізгі жұмысынан қол үзбей, үйде отырып

еш қиындықсыз оқуға, білім алуға мүмкіндік береді. Әр маманның білімін

үздіксіз жетілдіріп отыруын заманауи талапқа сай. Сондықтан олар

қашықтықтан оқыту технологиясын таңдап, өз білім деңгейін көтереді немесе

жаңа мамандық алады.

Жалпы дипломдық жоба барлық жағынан толық қамтылған және

қолданысқа енген.

Аннотация

Тема дипломной работы: Дистанционное обучение Южно-Казахстанского

политехнического колледжа (PHP+MySql)

На сегодняшний день студенты выбирают удобные и эффективные

формы обучения. Потому что дается возможность обучаться без никакого труда

не выходя из дома и не отрываясь от дел. Это система предназначена для того

чтобы без прерывно улучшать знания каждого специалиста. Поэтому студенты

выбирают наилучшие технологии дистанционного обучения и повышают

уровень своего знания или обучаются навыкам новых профессий.

Дипломный проект полностью и разносторонно расмотрен и уже

применяется в данном учебном заведении.

Annotation

Theme of this diploma project is: Distance Learning South Kazakhstan

Polytechnic College (PHP + MySQL)

To date, students choose a convenient and effective form of training. Because

given the opportunity to learn without any difficulty without leaving home and

without interrupting business. This system is designed to continuously improve

without knowledge of each specialist. Therefore, students choose the best distance

learning technologies and increase their level of knowledge or skills are taught new

skills.

Thesis project and versatile fully reviewed and is already used in this

institution.

11

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 14

1 Қашықтықтан оқыту технологиясы . . . 16

1. 1 Қашықтықтан оқытудың құрылымы . . . 19

1. 2 Қашықтықтан оқыту үлгілері . . . 22

1. 3 Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен тиімділігі . . . 24

2. Қашықтықтан оқыту жобасын жүзеге асыру үшін инструменталды құралды таңда . . . 27

2. 1 Интернет туралы ұғым . . . 27

2. 1. 1. Қазақстандағы интернет . . . 29

2. 2 Есептің алгоритмі . . . 30

2. 3 PHP туралы ұғым . . . 30

2. 3. 1 PHP+MySQL . . . 31

2. 3. 2 РНР дің пайда болуы және даму тарихы . . . 32

2. 3. 3 РНР және АРАСНЕ локалді серверін орнату . . . 34

2. 4 HTML . . . 35

2. 5 CSS тілі . . . 36

2. 6 JavaScrpit туралы мағлұмат . . . 37

2. 7 Деректор қоры . . . 38

3 Қашықтықтан оқыту жүйесін жобалау және оны іске асыру . . . 41

3. 1 Web сайт және Web қосымша құру кезеңдері . . . 41

3. 2 Жобаның интерфейсі . . . 42

3. 2. 1 Администратор беті . . . 43

3. 2. 2 Оқытушы беті . . . 47

3. 2. 3 Студенттің басты беті . . . 48

4 Тіршілік қауыпсіздігі . . . 51

4. 1 Программалық өнімді жасау кезінде зиянды, потенциалдық факторларды талдау . . . 51

4. 2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу . . . 53

4. 3 Табиғи жарықты есептеу . . . 57

4. 4 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды . . . 60

5 Техникалық экономикалық негізделуі . . . 62

5. 1 Жұмысты сипаттау және қажеттілігін негіздеу . . . 62

5. 2 Нарықты саралау және орнын анықтау . . . 62

5. 3 Бағдарламаның SWOT-анализі . . . 62

5. 4 Маркетинг-микс элементі . . . 63

5. 5 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі . . . 64

5. 6 Бағдарламаның бағасын есептеу . . . 73

5. 7 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 74

5. 8 Ақшалай құралдардың қозғалысы . . . 75

5. 9 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 76

5. 9. 1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) . . . 76

5. 9. 2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) . . . 76

5. 9. 3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) . . . 76

12

5. 9. 4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) . . . 77

Қорытынды . . . 79

Әдебиеттер тізімі . . . 81

Қосымша А . . . 82

13

КІРІСПЕ

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі

кезеніңде өмір сүруде. Ақпараттандыру процесі басталған кезден бастап-ақ оны

қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. «Қазақстан Республикасында

білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын» іске асыру

мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісіне

пайдалану және колледж оқытушылары мен студенттерінің ақпараттық

мәдениеті мен құзыреттілігі дамытылуда.

Ақпараттық технологияның қарқынды дамып отырған дәуірінде оны

өміріміздің барлық салаларында қолдануда. Қолдана отырып қарқынды

жетістікке жетуде. Сонын ішінде ақпарат алмасудың тездігін, ынғайлығын баса

айтуға болады. Міне, осы үрдістерді қоғамда әртүрлі салаларда пайдаланамыз.

Соның ішінде білім беру саласы ақпараттық технологиясыны тиімді

пайдалануда. Атап айтсақ білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны

оқыту технологиясын

жетілдіру үшін

қолданады.

Яғни, ақпараттық

технологияны қашықтықтан білім беру үшін пайдаланудың тиімді жолдары

қарастырылуда және пайдаланылуда.

Қашықтан білім беру

-

жаңа ақпараттық технологиялар мен

мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және

сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Соған

орай, қашықтан оқыту

-

компьютерлік және телекоммуникациялық

технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру

үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі

және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Ал,

қашықтан оқыту технологиясы - оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен

оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың

негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған

материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып

үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық

технология.

Тақырыптың өзектілігі:

Бүгінгі күнде студенттер өздеріне оқу

формасының ынғайлығын, тиімділігін таңдайды. Оның себебі: негізгі

жұмысынан қол үзбей, үйде отырып еш қиындықсыз оқуға, білім алуға

мүмкіндік береді. Әр маманның білімін үздіксіз жетілдіріп отыруын заман

талап етеді. Сондықтан олар қашықтықтан оқыту технологиясын таңдап, өз

білім деңгейін көтереді немесе жаңа мамандық алады.

Қашықтан оқытудың жүйесінің жетістігі:

• жеке адамның үздіксіз оқуына, танымына әлеуметтену мүмкіндігі;

икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша) ;

14

жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;

оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;

экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың

шығынын қысқарту есебінен) ;

• жаңа технологияларды қолдану;

оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың

тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан) ;

• барлық елдегі ақпараттық - оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;

материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату

ыңғайлылығы;

• оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

15

1 Қашықтықтан оқыту технологиясы

Қашықтан оқыту - бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп

айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол

білім алушы мен білім берушінің өзара қарым-қатынынасының өзгеше

формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше

түрін ұсынады. Сонымен қатар, оның құрамы кез-келген оқыту формасында,

кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде,

әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай

қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден,

ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.

Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы

технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға,

баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған

компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.

Сырттай оқу мен қашықтан оқуды ажырата білу керек. Олардың басты

айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік

оқыту трлері қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы

деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де,

процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине,

оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан

оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады.

Бірақ, материалды беру түрі: білім беруші (оқытушы) - білім алушының

(оқушы)

өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың

дидактикалық принциптері де күндізгі оқу түрінен айырмашылығы жоқ. Бірақ,

Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне

байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асырудың ерекшелігі болады. Білім

алушының білім алу

әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, дұрыс

ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, білім

алушы

мен

білім беруші тұлғалардың

арасындағы интерактивтілікті

қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, білім алушы мен

оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға

жағдай жасайды.

Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің

міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу

құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың

педагогикалық технологиясын жасау.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:

• білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар

мен студенттердің білім деңгейін көтеру;

16

кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;

білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру;

қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу;

қашықтықтан оқыту әдістемесін ұйымдастыру;

қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық ресурстарды

ұйымдастыру;

• білім алушылардың үлгірімін дайындауды ұйымдастыру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

қашықтықтан оқыту жүйесінің ғылыми-теориялық негізін анықтау;

қазіргі заманғы желілік жүйенің (интернет) ерекшеліктерін көрсетіп,

іске асу жолдарын белгілеу;

• қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын жасау.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен артықшылығы

Қашықтықтан оқытудың тиімділіг (шетел тәжірибесіне сүйенсек) -

студенттің университетке бармай - ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген

тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу

ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде

жүріп - ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар, қашықтықтан

оқыту ыңғайлы уақытта үйде немесе офисте курс материалдарын игеру үшін,

уақытты ұтымды пайдалану үшін қажет: жас ерекшеліктеріне жеке шектеулер

жоқ, тұрғылықты жеріңізге байланысты емес, қабілеттілігіңізге және жеке

ерекшелігіңізге байланысты оқу қарқынын белгілеу де тиімді болып саналады .

Соңғы жылдары қашықтықтан оқытудың шетелдік және отандық

тәжірибесі көрсеткендей бүгін де аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа

жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр. Қашықтықтан

оқытуда білім беру іс - әрекетінің тиімділігі педагогикалық, экономикалық,

әлеуметтік аспектілеріне барлығына ие екеніне өмірдің өзі дәлел болып отыр .

Ал ақпараттық коммуникациялық технологияның ішінде ақпаратпен ашық

жұмыс жасау үшін, қашықтықтан оқыту жүйесіне ыңғайлы қол жеткізу үшін

желілік болып табылатын Интернет - технология молынан пайдаланылып жүр .

Ақпараттық коммуникациялық технология құралдардың бірінде қашықтықтан

оқыту бойынша тиімді кері байланысты интерактивті ұйымдастыру болып

табылады.

Қашықтықтан оқыту - оқытушының студентпен (жалпы білім алушы

тұлға) оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін

ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ереже

бойынша компьютерлік техника) .

Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:

• кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

• кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;

17

оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен

оқытушылар арасындағы белсенді диалог құруға;

• оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық

және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға

мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану, білім беру үрдісінің

негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алуына және

бақыланатын өзіндік жұмыс жасауына мүмуіндік береді. Қашықтықтан

оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше

ыңғайлы және тиімді болуына мақстатты түрде көзделген.

Жалпы қашықтықтан оқыту үрдісін көпшіліктің түсінігі бойынша

виртуалдық оқу аудиториясына қатысып, мультимедиалық құралдарды ұтымды

пайдалану арқылы білім алу болып табылады. Алайда, ақылы интернеттік

қызмет мұндай мүмкіндікті бізге бере бермейді. Соған орай, қашықтықтан

оқыту үрдісін жүргізу үшін жинақталған түрде белгілі бір тәртіпте құрылған

әдістемелік кешенді оқу бағдарламасын құруы қажет. Әлем бойынша

қашықтықтан оқыту жүйесін орта мектептер оқушылары, студенттер, түрлі

деңгей басқарушы тұлғалар, аймақтық басқару органдарының жетекшілері,

жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар, екінші білім алуға немесе

біліктілігін жетілдіргісі келетін

тұлғалар, қандай да бір білім саласындағы

біліктілігін арттырғысы келетін мемлекеттік қызметкерлер,

сонымен қатар,

қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т. б. пайдаланады. Соған

орай, қашықтықтан оқытуды дамыту үшін қашықтықтан оқыту үрдісін

жүргізуші тұлғалардың білімін жетілдру, оқытушылардың біліктілігін көтеру,

қашықтықтан оқытудың ақпараттық кеңістігін құру, оқу үрдісіне қашықтықтан

оқыту технологияларын интеграциялау, қашықтықтан оқыту курстарын

ұйымдастырып өткізу, қажетті оқыту стандарттарын жасау мәселелері шешілуі

тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана

емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла

бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа

білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды

білім жүйесінде қолданудың ең негізгі факторы негізгі қозғаушы күші - адам,

сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған

байланысты адамның шығармашылық потенциялын дамыту үшін қажетті

жағдай жасалуы қажет.

“Білім саласындағы жаңа коммуникациялық

технологиялар” түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық

жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.

Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта

дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда.

18

Инновация - бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі

педгогиканың негізгі тенденцисы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық

процеске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл

ізденіс “педагогикалық технология” деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат

жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіппен

ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар болып

табылады. Сауатты өмір - дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты

оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа

технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім

ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді

қолдануға негіз болады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету

жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып

жатыр. Осы технологияны пайдалану, әсіресе, ауылдық жерлерді де жылдам

ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа

әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады. Соған орай, білім берудің

біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің (білім алушы

тұлғалардың) білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар, әлемдік ақпарат

кеңістігіне жол ашып, студенттердің, оқушылардың ғылыми және

шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз

игілігімізге жарату болып табылады.

1. 1 Қашықтықтан оқытудың құрылымы

Қазіргі кезде мамандар қашықтықтан оқыту формасын XI ғасырдың білім

беру жүйесі деп атап жүр. Мұндай үрдіске үлкен мән беріліп отыр.

Технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижесі, ақпараттық

аймақта орталықтандырылып жатқаны,

қашықтықтан оқытудың

маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі

мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық үрдіс деп сипаттауға болады.

Біз жаңа ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы

елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер ғана емес,

ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді деп саналатын елдер

екені белгілі. Қазіргі кезде ең бағалы тауар - ақпарат болып саналады.

Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы

қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса, сол ел

алдыңғы қатарлы болып ел болып саналады. Елдің болашағы, келешек жастар

осы мүмкіндікті қалай пайдаланады, қоғамды ақпаттандыруды қалай жүзеге

асырады деген сұрақ туындайды. Оның жолдарының бірі білім алуды

ақпараттандыру болып саналады.

Білім алуды ақпараттандырудың бір әдісі - қашықтықтан оқыту.

Қашықтықтан оқыту - жаңа оқыту формасы. Виртуалдық оқу аудиториясында

отырып білім алу. Мультимедиалық құралдарды ұтымды пайдалану. Оқытушы

19

мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру. Ол үшін дәстүрлі және

жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытудың

кіріктірілген нысанын жасау. Ал, қашықтықтан оқыту - ол оқу процессі кезінде

осы замандық компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға

арналып жасалған дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін қолданып

оқыту болмақ. Бұл үрдіс - сырттай және күндізгі білім алу формасаның негізгісі

болып саналады.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы, әрі мақсаты - білім

берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін

көтеру. Сонымен қатар, әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашу. Оқушылардың

ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындау

болмақ.

Қашықтықтан оқыту формасы уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз

болуы керек. Әсіресе, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін

және өзара ақпарат алмасуын қалыптастырып, жүзеге асыруы қажет. Ал, қазіргі

таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру

технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-

экономикалық таңдауына сәйкес қолданылып келеді. Сондықтан, өмірдің өзі

талап етіп отырған технологияның бірі - қашықтықтан оқыту технологиясы.

Соңғы жылдары

телекоммуникациялық технологияның және

гипермедияның қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінде

компьютерді қолданудың тиімділігі артып келеді. Бүкіл әлемді қамтитын

«Интернет» желілік байланысы қашықтықтан білім беру жүйесінің пайда

болуына негіз болды. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру

үрдесін

жетілдіруді талап етті.

Болашақ түлектердің кәсіби

шығармашылығында нақты тапсырмаларды шешу барысында ақпараттық

технологияларды пайдалану дағдыларын бекіту және білім беру қызметінде

қашықтықтан оқыту арқылы олардың қолдану біліктілігін көтеру. Сырттай

және экстернат формасында оқитын студенттердің талаптарын

қанағаттандырып, оларға жұмыс істейтін орнынан алыстамай, өздеріне

ыңғайлы уақытта білім алуды ұйымдастырады. Одан басқа, қашықтықтан

оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен

әскерилерге, жұмыссыздарға т. б) қарамастан және еліміз бен шетелдің кез-

келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын

қамтамасыз етеді.

Танымдық белсенділігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту әдісін

пайдалану, студенттердің қызығушылықтарын арттыралы. Осы процес арқылы

студенттердің контингентін сақтауға мүмкіндік береді. Студенттерді оқыту

сапасы мен үлгерімін арттырады. Оқу процесін дәстүрлі ұйымдастыру формасы

мен байланысты студенттердің кәсіби білім алуындағы кемшіліктері

жойылады.

20

Соған орай, қашықтықтан оқыту (ҚО) жүйесінің құрылымына

келесі

элементтер енеді:

ҚО мақсаты маманның үлгісімен жасалған және мемлекеттік тапсырысқа

сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін үйренушілердің оқып меңгеруі.

ҚО мазмұны әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі болып

табылады. ҚО үрдістері, әдістері, ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы

оның мазмұнымен анықталады.

ҚО объектісі дегеніміз олар қашықтықтан оқытудың білім беру қызметін

пайдаланушылар, яғни жеке тұлғалар, студенттер, тыңдаушылар, оқушылар

және т. б. Олар берілетін білімді қабылдап алушы (объектісі) болып табылады.

Мұндай ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрін пайдаланатын

студенттерден өзгешелігі өздігінен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей

алатын, білімге деген құштарлық арқылы алдына қойған мақсатына жете

алатын, компьютермен жұмыс істейтін, телекоммуникациялық байланыс

құралдарын шебер меңгерген дағдысы болуы қажет.

ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы алдымен ҚО

білім беру үрдісінің жоғары қолжетімдігін, тиімділігін қамтамасыз ететін ең

басты жауапты тұлға. ҚО оқытушысының іс-әрекетіне тән бірқатар міндеттер

тьютор терминін енгізу қажеттілігі туындайды. Ол дегеніміз, кеңес беруші-

оқытушы. Кеңес беруші-оқытушы информатика және телекоммуникация

жүйесінің басты негізін білуге міндетті. Оның білімділігі алдыңғы озық сипатта

болуы қажет.

ҚО әдістеріне алдымен қашықтықтан оқытудың түрілері жатады. Ол,

алдымен,

ақпараттық - ереже жиынтығы;

репродуктивті, яғни дауыс күшейткішін реттеу;

мәселені мазмұндау мүмкіндігінің қолжетімдігі;

теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы;

зерттеуші 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістері (мұндай әдістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
Эксперименттік топтар
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту технологиясы мен әдістері
Интернет арқылы оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz