Кітапхана сайтының дизайны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Кітапхана сайтының дизайны

Стильдік сайт - ол әрбір бет өзінше айрықшаланған көптеген немесе барлық дерлік сайттар үшін қажетті көркемділікке ие. Қай уақытта бағытталу жеңіл және ақпараттарды іздеу негізінен адасып қалу және уақытты көптеп жоғалту қаупі болады. Бұл негізінен әрбір бет минуттан кіші уақыт ішінде жылдам жүктелетін кезде жеңіл және қауіптігі аз болып саналады. Сайттың стильділігі бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады. Стильді құру кезінде қатысатын келесі элементтерді бөліп көрсетуге болады:
Шрифт - басылым көлемінде ол бірдей сипаттамаларие болуы қажет - атап айтатын болсақ, гарнитурасы (сызылуы), кегель (биіктігі) және түсі.
Азат жол - мүмкіндігінше беттегі теңестірудің түрлрінің бір болуы қазжет, мысалы, басылым сол жақ шеттен оң жаққа қарай теңестірілген болуы мүмкін.
Сайттың түстік схемасы - ол қарапайым мәтінді, сілтемелерді және келіп кетушілер сілтемелерін ұсыну үшін пайдаланатын үш түсті таңдап алудан басталады. Барлық осы аталған параметрлер тэгте көрсетіледі. Мұндағы түстік схема өз кезегінде басылымның барлық беттерінде қайталанатын болады, ол негізінен келушілерде сайттың бір бірімен байланыстылығы туралы сезім ұяландырады.
Сайттың графикалық безендірілуі жалпы түстік схемаға сүйенуі тиіс. Барлық графикалық элементтерді екі үлкен класқа бөлуге болады: суреттелген және фотошынайы суреттер. Негізі осы екі типті безендіру барысында араластырмаған жақсы болады. Егер сайтта фотографияларды пайдаланатын болсаңыз, онда оны пайдаланардан алдын немесе сайтқа орналастырудан алдын өңдеуден өткізіңіз - ең жақсысы мүмкіндігінше тондық және түстік коррекциялаудан өткізіп, кадрлауды жүргізіп, өлшемді таңдап және фотографияның шеттерін өңдеу жолын табыңыз. Одан ары алынған безендіруді барлық сайт бойынша пайдаланыңыз. Міндетті түрде фотографияларға ALT параметрінде және тэга IMG түрінде түсіндірмелер берңізі - ол фотографиядағы қойылған қол сияқты қабылданады және одан басқа пайдаланушыны сол бет қызықтырып отырған болса, онда оның күткен ойынан арылуына көмек тигізеді.
Бет макеті
Бет макеті негізінен таңдалып алынған ақпараттық құрылымға байланысты және модульдік торлар негізінде құрылады.
Модульдік тор - веб-беттер блогының белгілі бір тәртіпте және композицияда орналасуы.
Әлемдік тәжірибеде беттер құрылымын түзудің бірнеше жалпы схемалары жасалынған және іс жүзінде барлық сайттар барлық мүмкін болатын модуляяцияларымен бірге түрлердің ішіндегі бірін ана пайдаланады.
Модульдік торлар түрлері

Мұндағы жеке блоктардың өлшемдері негізінен жалпы кестеге және өзінің арналуына байланысты тағайындалады. Көпшілік жағдайда колонналар ені үшін модульдік өлшем ретінде баннерлерді стандартты өлшемдеріне жақындатылған өлшем пайдаланылады.
Стильдің бірыңғайлылығы
Тұрақтылық - жақсы жсорпарланған сайттардың бірден бір сипаттамалары болып табылады. Тұрақтылық дегеніміз пайдаланушылар үшін қағида өзгерткен жағдайда олар үшін үйреніп қалған жерін көру үшін кедергі жасамайсыз дегенді білдіреді. Тұрақтылық негізінен комфорт құрып және сіздің сайтыңыздың дербек ерекшелігінің болуына алып келеді.
Алуантүрлілікті енгізу
Әртүрлі әдістердің ішінен бірін пайдалана отырып өз сайтыңызға сыртқы алуантүрлілікті енгізіңіз. Алға қоған мақсатыңызға байланысты сіз сайттың әртүрлі беттерінде түстер арқылы бөлуді пайдалануыңызға, үлкен емес графикалық элементтерді енгізуіңізге, беттен келесі бір бетке өткен сайын мәтіннің орналасу орнын түрлендіруіңізге болады. Беттердің түстер арқылы бөлудегі ең қарапайым әдістің бірі болып - түйіннің әртүрлі бөлімдері үшін мәтіннің түсін ғана өзгерте отырып фон түсін өзгертпей сақтау болып табылады. Бұл әдіс сайттың ішкі беттері үшін пайдаланылатын түстер (сілтеме бар сайттың ішкі беттері болғанда) бастапқы беттердегі сол беттерге жасалған сәйкес сілтемелер түсімен сәйкес келетін жақдайларда жақсы эффект бере алады.
Бөлімдерді бөлуге болатын тағы бір тәсіл болып және сайт беттерін бөлуге мүмкіндік беретін тәсіл - фотографиялар және иллдюстрациялардың айналасына түстік рамкалар орнату болып табылады. Мұнда негізінен түстік бөлу байқалатындай болуы қажет, бірақ адам назарын толықтай өзіне аударатын болмауы қажет. Бұл түстер негізінен өзіне емес, сайт сол бетінің мазмұнына деген тартымдылыққа ие болуы қажет, яғни ол сайт бетінің негізгі элементі емес тек оның бөлімдерінің арасындағы айырмашылықты ғана қызықтыратын болуы тиіс.
Веб - беттерде ақпараттарды таратып орналастыру
Веб - беттрде ақпараттарды орналастыру кезінде де белгілі бір шектерді сақтау қажет. Әрине мақала немесе басқа көлемді материалдың тек мәтінінен тұратын беттер де кездеседі. Бірақ сайтты көрушілердің осындай арнайы жасалған беттерге кездейсоқ қателікпен түсіп кетуінен сақтанудың қажеті жоқ. Ол үшін негізгі беттерде кез келген мақаланың басында екі-үш сөйлемнен тұратын мәтіннің мазмұнын түсіндіретін түсіндірме болуы қажет. Одан ары мақаланың толық версиясы үшін жасалатын сілтеме орналасады.
Егер сайтта мақалалар циклы келтірілетін болса, онда әрбір мақалада сайт бойынша жүруді жеңілдету үшін мазмұнына сілтеме жасау қажет болады. Мұнда негізінен пайдалнушыға оның қандай бөлімнен келгенін, оның қай жерде орналасқандығын және келесі сілтеме қайда апаратындығын көрсету маңызды болып табылады. Мұндай нұсқаушылар болып сілтемелер мәтіні және тақырыпшалар есептеледі. олай болмаған жағдайда егер пайдаланушы келесі сілтеменің қайда апаратындығын білмесе және ол туралы күмәнді болатын болса, ол сілтемені басып көруге тәуекел жасамайды.
Сайттар өлшемі және күрделілігіне қарамастан келесі төменде келтірілген элементтерден құралады:
* сөз (мәтін)
* фон
* графикалық элементтер және логотиптер
* навигациялық элементтер
* келіп көрушілермен байланысты ұйымдастыратын элементтер
Бұл, сөзсіз жасанды бөлу болып табылады, бір элементті безендіру екінші бір элементке әсер ететін болғандықтан, сізге өз сайтыңыз көлемінде келісілген бір стильді ұстаған дұрыс. Аталған элементтерді жеке жеке қарастырайық.
Мәтін жән шрифт
Веб - беттерді безендіру негізінен қағида бойынша ақпараттық материалдарды жинақтаудан және материал үшін қажетті эффекті көріністі беру үшін қолданылатын құралдарды таңдап алудан басталады.
Одан басқа құрылымды жасауда сол кезеңдегі маңызды болып кез келген басылымның негізін құраушы мәтінді дайындау есептеледі. сөздер - ерекше қыштар, олардан сайттар тұрғызылады.
Мәтін - анағұрлым ерекшелікке ие сайт элементі болып табылады. Барлық уақытта сол бір шрифтыны пайдалану қажет, әріптер биіктігі, түсі, веб - беттер ұқсас элементтері үшін колонканы да үнемі бір түрін пайдалану қажет. Сіз бұл аталған параметрлердің барлығын пайдаланушы компьютерінде бақылап отыра алмайсыз. Бірақ бұл мүлде бақылау болмайды деген сөз емес, бақылау тек салыстырмалы ғана болады. Сіз нақты шрифтыны және оның өлшемін нақты бере алмайсыз, бірақ кез келген браузер стиль шрифты арасындағы айырмашылықтарды, мысалы тақырып 1 және Тақырып 2 стиль шрифтары арасындағы немесе Қарапайым шрифты арасындағы өзгешіліктерді ажырата алады. Оригинальды мәтіндер, мысалы, жарнамалық буклеттен алынған мәтіндер және интернетте өзгеріссіз түрде алынған мәтінде сол сайтта өзгеріссіз қалады, бірақ оның оқылғыштығы нашар болады, себебі олар ақпаратты қабылдаудың мүлоде басқа стилі үшін жасалады.
Мәтін жеңіл оқылатын және түсінікті болуы қажет.
Жеңіл оқылатын мәтінге және түсінікті мәтінге ие сайттар өте әйгілілікпен пайдаланылады.
Хабарламаны түсінікті ету - ол автордыңғ және редактор міндеті болып табылады, ал сөздерді жеңіл түсінетін ету - ол дизайнер міндеті. Оқылудың жеңілдігі қатарлар ұзындығын, шрифті биіктігі, ал кейде мәтінді орналастыру жағдайы және оның түсімен анықталады.
Мәтіннің негізгі элементтері
Тақырып - шрифты арқылы өзіне назар аударатындай етіп үлкен етіп жазған дұрыс, ол жеңіл оқылатын шрифты болуы, не болмаса өте анық көрінетін қиын оқылатын шрифты немесе есте қалатын гарнитура тәрізді болуы қажет. Бұл шрифттер сымалы ретінде келесілер атап өтуге болады: Helvetica, Tahoma, Arial (көлеңкесіз), Baltica (көлеңкелі), әртүрлі деколративті шрифтар.
Беттің ортасына тақырыпты қоймаңыздар. Орталықтандырылған мәтін бос кеңістікті екі бөлікке бөліп жібереді, яғни мәтіннің оң және сол жағында бос орын қалады. Бос кеңістік адам назарын мәтінге қарағанда көп өзіне аударуы мүмкін.
Бас әріптермен терілген тақырыпшаларды (сонымен қатар кез келген сөздер мен фразалар) жазбауға тырысыңыз. Мұндай жазулар басқа қарапайым әріптермен жазылған сөздерге қарағанда орынды көп қажет етеді. Одан басқа мұндай сөздер мұнда шығып тұратын әріптердің болмауынан танылуы қиын болады.
Девиз (немесе цитата) - бұл әдетте негізгі мәтінен қарапайым шрифттермен 1-2 қатар төмен орналастырылады. Мұнда оны жазу үшін пайдаланылатын шрифт кіші болғандықтан - 9-11 пиксел, мұнда асты сызылмаған және көлеңкелі шрифттерді пайдаланбаған дұрыс, атап айтатын болсақ келесі шрифтілерді (Helios, Helvetica, Arial, Tahoma). Одан басқа, егер фраза еңісті шрифтымен терілсе де жақсы, мысалы italic шрифтімен. Олай болса, оның байқалануы анағұрлым елеулі болады.
Негізгі мәтін - өлшемі 10-14 пиксел болатын шрпифтымен теріледі. Мұнда нгізінен стандартты шешім қабылдау қажет - көлеңкелі немесе көлеңкесіз, бірақ міндетті түрде оқылуы жоғары шрифты болуы тиіс. Веб - беттер үшін негізінен келесі шрифтылар Arial, Helvetica, Times Roman жақсы тура келеді.
Мағыналық бөлімді бөлу үшін арналған бірнеше типографиялық тәсілдер бар. Бұл тәсілдерді жалпы қабылданған және міндетті емес деп екіге бөледі:
* Жалпы қабылданған: жуан асты сызылған және қисық шрифттер.
* Міндетті емес: бөлу, астын сызу және түстер арқылы ерекшелеу.
Жуан асты сызылған шрифттарда ерекшелік бар - жуан әріппен жазылған сөз оқышуның бөлінетін орынға жетпей жатып көзіне көрінеді. Бұл оқып жатқан адамды автор дайындаған сыйлықтан алыстатын жіберуі мүмкін болғандықтан, мұндай жағдайларда негізінен негізгі мәтінде курсивті пайдаланған жөн, ал тақырыптар үшін - жуан асты немесе асты сызылған шрифтыларды пайдалануға болады. Басқа барлық тәсілдер сияқты шрифтыны түспен бөлуде де белгілі бір шек болуы қажет.
Мекен жай,телефон, авторлар аты - жөні - әдетте не 1-2 пиксел өлшемге негізгі мәтіннен үлкен, немесе солармен бірдей өлшемде, бірақ жуан әріптермен жазылуы тиіс (bold).
Ешқашан басылым үшін шрифтыны таңдауда асықпаңыз, тіпті трекинг (әріптер арасындағы қашықтық), интерлиньяж (қатарлар арасындағы қашықтық), азат жол тасталатын қашықтығы және т.б. сияқты кіші нәрселердің өзіне ұқыпты қараған жөн. Бірінші кезеңдердің өзінен астарлы шрифттерді пайдаланбауға тырысыңыз, оларды білмей қолданатын болса оқып қараушыларды сіздің материалыңыздан бас алып қашуына алып келуі мүмкін. Әдемі, бірақ нашар оқылатын шрифтыларды пайдалану қағида бойынша, сайт құруды бастаушылардың негізгі қателіктері болып табылады.
Егер сіз екі түс пайдаланатын болсаңыз немесе фон үшін екі әртүрлі қаныққан түсті қолданатын болсаңыз, мәтін және суреттерге тартымдылық берудің күрделі емес тәсілдерінің бір - тақырыптарды екі әртүрлі түсті фон арасындағы шекараны бөліп тұратындай тіп орналастыру болып табылады. Тар колонкаларға сол жақ шетін фон түсінің өзгеру шекарасынан бастап қою арқылы көркемділік беріңіз.
Тақырып, аталуы және тақырыпшалар
Сайтқа оның жұмысын елеулі баяулатпастан бірыңғайлылық берудің қарапайым тәсілдерінің бірі - қайталанып келетін, аталуы, бөлімдерді бөлуші тақырыпшалар, кіші тақырыптар, бөлімдер және цитаталар сияқты мәтіндерге декоративті мәтінді пайдалану болып табылады. Декоративті мәтін элементтері сонымен қатар салыстырмалы үлкен емес және жылдам тиелетін болуы қажет. Сіз ең жақсысы мәтіннің сыртқы көрінісіне әсер ете алып және сіз пайдаланып жытқан шрифты браузерлермен пайдаланылатын сайтты көрушілеріңіздің пайдаланған ешқандай шрифтына ұқсамайтынына сінімді бола аласыз. Тіпті өзіндік сипатқа ие және өзгермейтін шрифтымен жазылған бір - екі сөздің өзі тамашы сыртқы көріністі ұстап тұру үшін жеткілікті болып табылады.
Шрифт
Интернет-технологиялар веб - құжаттамаларды безендіруде шрифтыларды пайдалануға спецификалық шектеулерді бекіткен. Жеке алып қарайтын болсақ, интернеттің платформааралық сипаты мәтінді сайтты көруші монитор экранына шығару үшін пайдаланатын шрифтыны анық белгілі бір типте бекітуге мүмкіндік бермейді. HTML тега FONT FACE=[шрифт гарнитурасы] пайдалану сол проблманы шешу үшін панация бола алмайды. Пайдаланушы компьютерінде қажетті шрифттың болмай қалуы да мүмкін, ал оны басқамен алмастыру, жүйенің өз бетінше таңдағанымен алмастыру оқыла алмайтын құжаттаманың пайда болуына алып келеді. Сондықтан веб құжаттамаларда жоғарыда белгіленген тег пайдаланбаған жақсы жасау тәртіптерінің бірі болып саналады.
Ол негізінен құжатама денесін безендіру үшін басқа жолдарды іздеуге мәжбүр етеді. Жеке алып қарағанда мәтіннің қажетті бөліктерін түс арқылы бөлу, қатарлық символдарды пайдалану, олардың курсивті немесе жартылау жуан түрлері, сонымен қатар шрифт кегелінің манипуляциясы, яғни экранға шығару шарттары ескерілуі тиіс.
Ақпараттарды қабылдауды қолайлы ету үшін мәтін және фонның түстік қатынастары да аз маңызға ие емес. Егер клиентке ақпараттық жеткілікті үлкен көлемін ұсыну қажет болатын болса, онда оқылу қолайлылығы тұрғысынан, мәтін ашық фонта қою түспен орындалуы және жеткілікті контрастылы болуы жақсы болар еді. Мәтін астына ашық фондарды пайдалану (артқы фон) күшті өрнектеуші және көрнекілікті жоғарылату құралы болып табылады, ал ол тіпті өткір болатын болса фонға қиын болады, ал тіпті кейде мүмкін болмауы да мүмкін, себебі символдар өткір фонда өзінің көрнекілену қабілетін жоғалтады.
Сілтемелер
Сілтемелерді ұқыпты және сауатты жазу қажет. Егер сілтемелерді алып тастаған кезде мәтін түсініксіз болатын болса, онда ол тіпті сілтеме бар болса да түсініксіз болады деген сөз. Осыдан қарапайым қорытынды шығаруға болады: сілтемелер, егер олар жоқ болған жағдайда да оқып көрушілер ештеңе жоғалтпайтындай етіп жасалуы тиіс. Бастау үшін тек мәтінді жазса ғана жеткілікті, ал одан ары оған сілтемелерді орналастыруға болады.
Сілтемелерді кері немесе қараңғы мақсатта пайдалануға болмайды. Егер көп сөздің асты сызылған болса, оқышу мәтінді оқып қабылдауды тоқтатып қояды. Түстің өте жиі қайталанып келуі - адамды тітіркендіреді. Сондықтан, мәтінде неғұрлым сілтемелер аз болса, солғұрлым жақсы. Тамаша нұсқасы - сілтемелерді материалдың соңына орналастыру болып табылады. Ол жерде сайтыңызды оқушы мазмұнын оқып көріп және оған қайда болса ары қарай жылжу қажет болады.
Мәтіндегі сілтемелер максималды пайдалы болуы қажет. Оны тек мәтіндегі қозғалатын тақырыпқа байланысты, бірақ толықтай ашылмаған ресурсқа қарай жетелейтін жағдайда ғана орнату қажет.
Егер мәтінде басқа материалдар да келтірілетін болса, оларға да сілтемелер жасаған жөн. Бірақ оны жасамастан алдын - басқа бір материалды келітірудің қажет бар ма соны ойластыру қажет. Сілтемелерді келесідей көрсетуге де болады біз кеше материалда айтып өткендей .... осы сияқты жағдайларды сайтыңызды оқушы, басын өткізіп жіберген болса, онда өткізіп жергендерін қайта оқуға тырысады.
Тұтас фразалар үшін сілтемелер жасамаңыз. Сілтемелер шектен тыс үлкен болатын болса, олар пайдаланушыны оған бағыт беру жағынан көмектесудің орнына, назарын өзіне аударып алады. Мұнда сіз тек кілтті сөздерді ғана бөліп көрсетіңіз. Ең жақсысы - бір-екі сөз ғана бөлген дұрыс. Осы ережелерге кейде жаңалықтар сайтынан ауытқуларға жол беріп алады. Оларда жаңалықтар бағанада бірінен кейін бірі жазылады, әрбір оның қысқа бірінші азат жолынан келтіріледі, және сол абзас болса жаңалық мәтіні туралы сілтеме болып саналады. Мұндай жағдайда сонымен қатар бүкіл жаңалықтың өзі сілтемеге сыйып кетуі де мүмкін. Бұл негізінен тышқан курсорын сол сілтеме үстіне апарған сәтте анық білінеді, ал қалған мәтін болса бұл жағдайда қарапайым түрде көрінеді.
Сілтемелерді беттің ортасы бойынша орналастырмаңыз. Сілтемелерді негізінен экранның шеті бойынша орналастырған рационалды. Еске түсіріңіз, сіз сілтеме тек оқушыны назарын аударып және сол сілтеме арқылы оған негізгі мәтінге бағыт беру үшін қажет, яғни ол текқосымша элемент болып саналады.
Сілтемелер түсінікті болуы қажет.. Осы жерге басыңыз деген сияқты сілтемелерден аулақ болыңыз. Пайдаланушылардың көпшілігі түспен бөлініп тұрған мәтін сілтеме екенін біледі. Қандай жағдай болмасын келесі сөздер сияқты осында, осы жерде сілтемелер жасамаңыз.
Сілтемелер сайттың жалпы дизайнының бір бөлігі болып табылады. Олар гармониялы немесе сайттың безендірудің жалпы стилімен дисгармонияда болуы қажет. Естен шығармаңыз сілтменің түсі оның үстіне тышқан курсорын алып барып шерткен кезде өзгереді. Ол деген сөз сайттың ең қарапайым безендірілген түрінің өзінде мәтін кемінде үш түстен құралады: қарапапайым мәтін түсі, мәтіндік сілтемелер түсі; барылп көріп болған мәтін сілтемелерінің түсі. Барып көріп болған мәтін бөліктерінің сілтемелерін әлі көрілмеген мәтін сілтемелеріне қарағанда тартымда етуге болмайды.
Сілтемелер тартымды болуы қажет. Өз сайтыңызға құрушы емес сайтты көрушілер көзқарасымен қарап көріңіз. Сілтемелерді түйінге келуші өзіне тартып алатындай етіп қайта фразалаңыз және солай болса ол өзіне адамдарды шақырып тұратын болады. Мысалы, Біздің тарихымыз сөзін Біздің жүріп өткен жолымыз деген сөзбен алмастыруға болады. Сілтемелер түсі, оқып көруші бір жағынан оның сілтеме екенін білетіндей, екінші жағынан оған сол мәтінді оқу үшін зиян немесе кедергі келтірмейтіндей болуы қажет. Сілтемелер жөнінде екі пайдалы кеңес бар: біріншісі - Сізге сілтемелер түсін, яғни көріп болған және әлі таныспаған сілтеме түрлерінің түсін бірдей қылғыңыз келсе де, оны сәл болсын бір бірінен ерекшенетіндей ету қажет (ешқандай себептер болмаса да); және екіншісі - асты сызылған мәтін Веб сілтеме символы болсын, сондықтан басылымда асты сызылған мәтіндерді пайдалануға тырысу қажет, бөліп көрсетудің басқа да тәсілдерін пайдаланыңыз. Өзіңіз ойлап көріңіз, сіздің белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңалықтар сайтының мысалы
Корпоративтік сайттың құрылымы
Компанияның веб - сайты
Кітапхана қызметтерін ақпараттандыру жүйелері
Ақпараттық-оқыту жүйесінің негізі
Қазақстандағы интернет - журналистика
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Телефон орналасу үлгісі
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы
ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер