ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
Ұлттық спорттүрлері кафедрасы
НҰРГЕЛЬДИЕВ НҰРЖАН
Қазақ күресінде аяқтан іліп тастау әдісін жасөспірім спортшыларға үйрету негіздері
диплом жұмысы
Ғылыми жетекші : Қонаев Т. А
Алматы 2017
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
КІРІСПЕ . . . 6
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНЫ, ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ . . . 8
1 ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Қазақ күресі -ұлттық құндылық . . . 9
1. 2. Қазақ күресінің қысқаша ережесі . . . 18
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2. 1 Зерттеу әдістері . . . 30
2. 2 Іліп тастау әдістерінің түрлерін зерттеу . . . 31
2. 3 Іліп тастау әдісінің биомеханикалық ерекшелігі . . . 40
2. 4 Іліп тастау әдісін жасөспірім балуандарға үйрету негіздері . . . 49
2. 5 Спорттық жаттықтыру кезеңдері . . . 51
3 ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ АЙЛА-ТӘСІЛДЕРІ
3. 1 Балуанның күрес тәсілдерін жетілдіру жолдары . . . 54
3. 2Қазақ күресі әдіс тәсілдерінің топталуы, жіктелуін талдау . . . 57
3. айырмашылығы . . . 62
3. 4 Ауыр салмақтағы балуандардың жарыс кезіндегі күресін талдау . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77
ЖЕТЕКШІ ПІКІРІ . . . 79
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыстың жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.
Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы»12 сәуір 2015 жылғы өзгерістері мен толықтыруларымен берілген заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының заңы «Дене шынықтыру және спорт туралы"
(2016. 22. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) берілген заңы.
АНЫҚТАМАЛАР
Әдіс деп- күрес барысындабалуанның жеңіске жету мақсатында күрес ережесіне сай, қарсыласына қолданған әрекеті айтады.
Қорғану - күрес барысында балуанның шабуылшыға қарсы әрекеті айтады.
Аралас әдіс деп- балуанның күрес кезіндегі шабуыл немесе қорғаныс үшін орындаған бірнеше әдістерінің қорытындысы айтады.
Тәсіл - балуанның күрес әдістерін, дене күш мүмкіншіліктерін жеңіске жету мақсатында әр түрлі жолдармен қолдана білу шеберлігін айтады.
Итжығыс деп- Ата бабаларымыздың күрес дәстүрінде болған жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс » болды деп күресті тоқтатқан.
Қимыл іс-әрекеттері - Балуанның күресу кезіндегі жеңу мақсатында жасайтын әр түрлі қимыл әрекеттердің жиынтығы.
Қимыл дағдысы - Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Казақ-күресі - Қазақ халқының спорттық салт дәстүрінің, өзіндік ережесінің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жекпе-жек түрі.
Дене тәрбиесі - адамға тән қимыл әрекеттері мен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру - адамның физикалық дене бітімінің дамуын жетілдіру, денсаулығын нығайту, қимыл әрекеттерін жетілдіру мақсатында жасалынатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары - дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекеттерінің түрлері.
Күрес техникасы - жеңіске жетуде қолданылатын күрес ережелеріне сай қолданылатын тиімді амалдар.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ Күресі өнердің бір түрі және ежелгі заманнанбері дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында қолданатын құрал ретінде халық арасында кеңінен қолданылып келеді. Ол негізінен, қазақ жауынгерлерін жаттықтыру, сондай-ақ жастарды қуатты, күшті айлалы етіп дайындауға жекпе -жекте жеңе білуге тәрбиелейді.
Әр ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын сипат-олардың тарих толқынында жүріп өткен жолындағы салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тілі, ділі мен діні болып саналады.
Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап халқымыздың отаршылдық кезінде жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Қaзaқтың ұлттық күрeсi болып табылатын осы спoрттүрінен мaмaндaр дaйындaудaғы oқу құрaлдарының қaлыптaсу кeзeңдeрiн айқындау, жaттығу үдeрiсінiң әдiснaмaсын жeтiлуiн қадағалау, жaрыстaрды өткiзу eрeжeлeрi мeн 21-ғaсырға хaлықaрaлық спoрт түрiнe дeйiн дaму кезеңдерін зeрттeу, қaзaқ күрeсiнің спoрттық күрeстердiң бaсқa зaмaнaуи түрлeрiнeн дaму тaрихындaғы ерекшелігі ашу, жeңiскe жeтудiң қoлдaнбaлы құрaлдaрдың тeхникaсы мeн әдiстeрiндeгi, бaлуaндaрды дaйындaу әдiснaмaсындaғы жәнe aйнaлысушылaрғa тигiзeтiн әсeрiнiң тиiмдiлiгiндeгi aйырмaшылықтaрын aнықтaу, қaзaқ ұлттық күрeсiн ұтымдылығын тaныту, қaзaқ күрeсi бoйыншa oқу мaтeриaлдaрын жeтiлдiру жәнe қaзaқ күрeсiн oқушы жaстaрдың дeнe тәрбиeсiндe пaйдaлaну қaжeттiлiгiн нeгiздeугe мүмкiндiк бeру. Сонымен қатар Қазақ күресіндегі ұлттық құрама команданың болсын облыстық құрама командаларының болсын ең маңызды мәселелерінің бірі жақын болашақта жасы ұлғайған команда құрама балуандарының орнын басатын, алмастыратын жас балуандарды тәрбиелеу болып табылады. Ересек балуандарды баптайтын ғылыми жұмыстар көптеп кездеседі, ал бірақ та жас балуандарды Қазақ күресіне үйрететін ғылыми тәжірибелік әдебиет жоқтың қасы. Дарынды жас балуандар қалалық және республикалық жарыстарда топ жарып келе жатып орта жолда әр түрлі жарақаттар алып құрама командадан шығып қалып жатады. Бұл мәселенің барлығы жалғыз жарақатта ғана емес, басты мәселе бапкерлердің жас балуандарға физикалық тұрғыдан алғанда аса көп жүктемелер беріп және шамадан тыс көп жарыстарға қатыстыруында болып тұр. Оның ішіне әрине жас балуанға салмақ қуу мен өсіп келе жатқан балуанды бір салмақта ұзақ отырғызып қоюында болады. Сонымен қоса жылдың негізгі жарыстарынан бөлек балуанды әр түрлі кіші гірім жарыстар мен турнирлерге де спорттық формаға кіргізіп балуанның созылмалы шаршау процесіне алып келіп оның техникалық дамуына зиянын тигізіп жатады.
Сондықтан бапкерлер әр балуанның жылдық физикалық жүктемелері мен техникалық жүктемелерін әр қилы болуларын жоспарлап отыруы керек. . Қазіргі кезде жас балуанның болашақта жоғары нәтижелі өнер көрсетуінің негізі болып әр түрлі жүктемелер мен қатар күрес техгикасы мен тактикасын жоспарлап беру өте маңызды орын алады. Профессор Г. С. Туманянның айтуы бойынша балуанның жоғары жетістікке жетуіне 50-60 % координациялық қимыл қозғалысының мүмкіндігіне байланысты, шамамен 20 % техника тактикалық шеберлігі мен физикалық дайындығына байланысты, ал, шамамен 20-30 % психологиялық дайындығына байланысты дейді. Әр белдесудегі жетістікке балуанның физикалық тұрғыдағы жұмыс жасау қабілеті, күш жұмсау шыдамдылығы, жүйке нерв аппаратының мықтылығына, іс қимыл координациясының кілем үстіндегі кеңістікте жақсы үйлесімділігіне байланысты болады. Жас балуанның жоспарлы түрде жүргізілген дайындықтары болашақта Қазақ күрес балуандарының шеберлігінің артуы мен резерв алмасулын жақсартады.
Қазіргі кезде Қазақ күресінде жас балуандарды жүйелі түрде жоғары дәрежеде дайындайтын озық методика жоқ. Жас балуандар мен жасы үлкен балуандардың арасында жас шамасына байланысты және соған байланысты туындайтын морфологиялық және функционалдық көрсеткіштердің арасында туындайтын қарама қайшылықтар көптеп кездеседі. Бұл жас балуанның ағзасындағы қан айналу жүйесі мен тыныс алу жүйесінің өзіндік жас ерекшелігіне байланысты болады. Жас балуандардың қан айналу жүйесі мен тыныс алу жүйесінің көрсеткіштері жасы үлкен балуандардың көрсеткіштеріне қарағанда әлсіз дамыған болады. Қазақ Күресімен айналысатын жас балуандардың субмаксималды және максималды жүктемелер кезіндегі жүрек тыныс алу жүйесі мен қан айналу жүйесі үлкен қарқынмен жұмыс жасайды. Ал енді жарыс кезіндегі жұмыс қарқыны осы максималды және субмаксималды ортада өтетіді әрі максималды аэробтық және анаэробтық өнімділікті қамтамасыз ететін қан қышқылының теңдігін сақтау үрдісіне көп жүктемелер келетіні белгілі. Сонымен қатар спортшының күш және жылдамдық күшінің шама шарқына да жоғары талаптар қойылады.
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНЫ, ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақ күресімен айналысатын жас балуандарға аяқпен іліп тастау әдісін үйреткенде ғылыми тәжірибеден сарапталып өткен озық тәсілдерді көрсету болып табылады. Бапкердің басты біліктілігін тексеру жүйесі ол шәкіртерінің жарыста көрсеткен нәтижелеріне байланысты екенін барлығымыз білеміз. Осы жетістіктерге жету мақсатында әр бапкер өз жолын таңдап өз әдіс тәжірибесін барынша қолданады. Және әр бапкер жас балуанға әр тәсілді өз тәжірибесі мен жүйесі бойынша көрсетіп үйретеді. Қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдерді жан-жақты қарастыра отырып, балуанның күрес кезінде жеңіске жетуі үшін аяқтан іліп тастау әдісін жасөспірім балуандарға үйрету ерекшелігін зерделеу.
Зерттеу міндеттері:
- жалпы аяқтан іліп тастау әдісініңтүрлерін қарастыру мен жасөспірім балуандарға кешенді үйрету;
- қазақ күресіндегі басқа да әдіс тәсілдерінің түрлерін қарастыру;
- зерттей келе аяқтан іліп тастау әдісінің жеңіске жетудегі тиімді жағын анықтау.
Зерттеу нысаны.
Қазақ күресімен шұғылданушы жас спортшыларғааяқтан ілу әдіс-тәсілдерінің түрлерін үйрету жолдарын дамыту.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- жасөспірім балуандарға аяқтан ілу әдіс-тәсілдерін үйрету жолдарын дамыту, осы әдістердіжасөспірім балуандарға үйрету негіздерінің ерекшелігін дәлелдеу.
Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі:
- Зерттеу қорытындысы бойынша анықталған теориялық, тәжірибелік нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік бағыттар, көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан Республикасының жасөспірім балуандарының іліп тастау әдісін жетік әрі тиімді үйрету жолдарын нақтылап, сонымен қоса дене тәрбиесі мен спортты және Қазақ Күресін насихаттап, спортшыларды дайындауда Қазақ Күресінің деңгеиі мен сапасын көтеруге үлесін қосады.
1 ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Қазақ күресі -Қазақ халқы үшін ұлттық құндылық болып табылады
Қазақ Күресінің өткен тарихына, даму жолдарына көз жіберіп тереңірек үңілетін болсақ, қазақ күресінің өсіп - өркендеуі, даму жолдарының өзгешелігі, өзіндік сыр- сипаттары бар екені айқындалады. Қазақ халқы, әу бастан-ақ той-томалақтарда, басқа да ұлыстың ұлы күндері халық мол жиналатын думандарда балуандардың салмағын өлшеп әуреленіп жатпаған. Қарсыласына қарсы тұрарлық күш - қуаты болса болды кілемге білек сыбанып шыға беретін еді. Әрине, толағайдай мықты дене бітімі ерекше түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша болатын. Дегенмен, халықтық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан қарағанда балуандардың мықтылығы мен тума - талант, алып күш иесі екенін салмаққа немесе бойының ұзындығына қарамай-ақ «күшті болсаң арысқа түсіп белдесіп көр» деген тұжырымда кесіп - пішіп айтып тұрған тәрізді. Дегенмен де кез-келген жарыс ережесіз болмайтын. Қазақ күресінің сан ғасырлардан бері екшеліп қалыптасқан бірнеше ережесі болды. Күрес ережелері әр халықта әр қалай дамып, өзіндік ұлттық психологиясы, көзқарас тұжырымдарымен тізбектеліп, қалыптасып отырды. Ежелгі сақтар дәуірінде де, одан кеиінге ғұндар дәуірінде декүрес өнерінің, тәрбиелік мәні болғанын, адамды шыңдау міндетін атқарғанын айтуға болар еді. Боз кілемде жігіттермен қатар, қыздар балалар да күш сынасып отырған. Көне грек жазушысы Клавдий Элианның айтуынша «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған екен. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады екен. Мықты күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», деп жазады. Ежелгі тарихқа тереңдеп бойламай-ақ орта ғасырда өмір сүрген батыр бабаларымызды еске түсіретін аңыз әңгімелер мен батырлар жырын оқитын болсақ, ұлы бабаларымыздың асқақ бейнелері көз алдымыздан қылаң бергендей болады. Қобыланды, Алпамыс, Қамбар, Ер Тарғындар - қалың қолға қарсы қайыспай шабатын батыр әрі белдескеннің тізесін дірілдетіп, құтын қашырған алып күш иелері болғанын сол замандағы ақындар ауыздан ауызға өте көркем түрде жыр жолдарымен жеткізіп отырған. Көз майын тауысып сан мәрте қайталап оқыған аңызға бергісіз жыр жолдары тегіннен тегін туған жоқ. 20 ғасырдың ортасында өмірден өткен Қара Қыпшақ Қобыландының тікелей ұрпағы Қажымұқан атамыздың тау шайқаған құдіреті бұған айқын дәлел. Қажымұқан атамыз циркте өнер көрсеткен кездерінде: салмағы бел қайыстыратын, ұзындығы есік пен төрдей рельсті иығына салып, екі басына жиырма-жиырмадан қырық адамды мінгізіп, көтеруі- бүгінгі таңда өңіміз түгілі түсімізге де кірмейтін керемет көріністер еді. Жуандығы таяқтай жұмыр темірді беліне белбеу қылып байлауы, төрт доңғалақты арбаға 25 адамды отырғызып тісімен сүйреуі, ауырлығы- 2, 5-3 центнердей кесек тасты шалқасынан жатып, кеудесіне қойып, 20 килограмдық балғамен ұрғызатын еді, жуандығы сырғауылдай темірді мойнына салып доғаша иетін . . . Қазақ күресі туралы келелі әңгіме болған жерде 20 ғасырдың басында өмірден өткен атақты әнші, композитор, сегіз қырлы бір сырлы болған батыр, халық арасында Балуан Шолақ атымен әйгілі болған Нұрмағамбет балуанның аты мен жүріп өткен өмір тарихы міндетті түрде айтылып отырады. Мұрты жаңа тебіндеген Нұрмағамбеттің Сағынай болыстың асында бұған дейін жауырыны жер иіскемеген, тірі пендені бет қаратпаған, сол кездегі ел арасындаатақты түйе балуанды жығып, Балуан Шолақ атануының өзі бір қызық оқиға. Халық арасында Балуан Шолақ бабамызға қатысты аңызға бергісіз әңгімелер өте көп. Балун Шолақтың жуандығы білектей темірді доғаша игені; таяқтай темірді білегіне, мойнына байлап, қайта жазғаны; бір жолы қатты ашуланып, ат арбаны жұдырығымен бір қойғанда, арбаның быт-шыт болғаны; байтақ даланы әнге бөлеп, дуылдатып сән салтанатты ғұмыр кешкені; бәрі-бәрі енді қайтып оралмайтын сол бір алыста қалған жылдардың еншісіндегі тарих. . Бір ауылға ат басын арнайы бұрған Балуан Шолақ дүйім жұрттың алдында ойын көрсетеді. Балуанның өнеріне таң тамаша болған халық оны жібергісі келмейді. Әңгіме арасында «Ауылымызда Ісләм балуан бар. Сізбен күш таластыратын бір адам болса, сол ғана», деген сөзді естиді. Жайлап сұрастырып білсе, Ісләм балуан кәріліктің ауылына дендеп енген, бірақ күш-қуаты қайта қоймаған кісі екен. Балуанның ауылдың шет жағында тұратынын да сұрап, біліп алады. Ертеңіне таң қылаң бере жігіттерін бастап жолға шыққан Балуан Шолақ ауыл шетіндегі қараша үйдің жанындағы үйдей кісіні анадайдан аңғарып, ат басын бұрады. Әлгі кісі дәрет алып отырса керек. Балуан Шолақ дәл жанына жетіп тоқтағанша, мойнын бұрмайды. Балуан Шолақ аттың үстінен сәлем береді. Бұған көз қиығын бір тастап қойып, сәлемін алған қарияның қолы күректей екен. - Жол болсын! -дейді қария сабырлы қалпынан танбай. Балуан Шолақ жөнін айтады. Қария мол денесін еркін игеріп, Балуан Шолақтың үзеңгісіне қол тигізеді. Балуан атының басын бұра бере басын изеп, үнсіз қоштасады да, жүріп кетеді. Ауылдан әудем жер ұзағанда серіктерінің бірі: - Балуан аға, әлгінде қарияның қолы үзеңгіге тигендей болып еді, өңіңіз қашып кетті ғой. Жайсыз бірдеңе айтты ма? - деп сұрайды. - Ақсақал ләм-мим деген жоқ. Осы өңірдің мықтысымын дегенді айтпай-ақ түсіндірді. Үзеңгімді ұстаған болып, етігімнің сыртынан бас бармағымен мытып жібергенде жаным көзіме көрінді. Ісләм ағам менен күшті екен. Мәрттік деген осы! Осы оқиғаның өзі ел ішінде, небір күш иелерінің бар екенін аңғартады. Күресті сала-салаға бөліп, кәсіби деңгейде бүкіл дүниежүзі болып көтеріп жатқан қазіргі замманың өзінде талай мықтының көзден таса қалып жатқаны күмән тудырмайды. Қазағымыздың әр ауылынан демесек те, әр ауданынан дүниежүзілік деңгейде белдесеалатын бір-бір балуан тәрбиелеуге болады. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Шақан - Шері» романындағы адам мен жолбарыстың айқасқан тұстарын оқыған жан өзгеше көңіл күйде болады. Ата-бабаларымыздың жолбарыс аулауды кәсіп еткені тарихтан белгілі. Бұл жағдайға байланысты әңгімелер ел ішінде аз емес. Жазушы Мұхтар Мағауин Шақан-Шері образын өз қиялынан алмаған. Жазушы 1871 жылы Санк-Петерборда шыққан «Военный сборник», 1884 жарық көрген «Природа и охота» журналындағы нақты деректерге сүйенген. Романдағы «Қайраты мен ебі, айласы мен ерлігі аңызға айналған аң патшасына қарсы шығуға жүрегі дауалаған, жүз мәрте жанкешті айқасқа түсіп, бәрінде де мерейі үстем болған батыр Шақан-Шері тек жолбарыс өлімімен өлсе керек», деген жолдар аталарымыздың өр тұлғасына, көзсіз батырлығына еріксіз бас игізеді. Шақан-Шері өз заманының кез келген балуанымен немесе батырымен ұстаса кетсе, алдырмайтыны анық. Осындай бабаларымыздың өнегесі - біз үшін ерлік мектебі. Қaзaқ хaлқының ептілікті де мықтылықты да, күштілікті де, батырлықты да шыңдайтын спорт мектебі, спорттық күресі бұл - кaзaқ күрeс. Қaзaқ күрeсi - жeкпe-жeк түрінің қaзaқ ұлтынa тән күресі.
Ұл баланың жас кeзiнeн бастап жaқсы көрiп шұғылдaнaтын спoрттық жaттығулaрының бiрi - күрeс өнері. Кaзaқ хaлқының eжeлдeн кeлe жaтқaн бұл спoрт түрiмeн шүғылдaнуғa aрнaйы спoрт құрaлдaры мeн күрдeлi саймандары көп қaжeт етпейді. Және күрес ережесі де барынша әділ әрі қарапайым. Күрeсугe өзaрa кeлiскeн eкi бaлa тұрa қaлып күш сынaсa алады. Белдескен кездеoйлaнып қимыл жaсaйтын, aйлaкeр, бaтыл, өз күшiнe сeнімді бaлa әрқaшaн жeңiскe жeтуіне мүмкіндігі бар.
Қaзaқ күрeсі-хaлық aрaсынa кeң тaрaғaн ұлттық спoрт түрлeрiнiң бiрi. Қaзiргi кeздe oл жaңa түр, жaңa мaзмұнғa иe бoлып, жaстaрдың сүйiп шүғылдaнaтын спoртынa aйнaлды. Қазіргі кезде Қaзaқ күрeсі "жүрeктiлeр мeн күштiлeрдiң мұрaт тұтқaн iсi" дeп aтaлып жүр. Шын мәнiндe дe сoлaй. Бағзы замандарда қaзaқтың әр тoй-тoмaлaғы балуандардың күрeсінсiз өтпeгeн. Тiптi қaзiрдiң өзiндe де жeткiншeктeр мeн жaсөспiрiмдeр aрaсындa кeң тaрaлғaн күрeс түрлері (дзю до, грeк-рим, eркiн күрeс, т. б. ) түрлeрiмeн тұрaқты түрдe aйнaлыспaсa дa, бeлдeспeйтiндeрi, әсiрeсe aуылдық жeрлeрдe, кeмдe-кeм.
Қaзaқ күрeсi- спoрттың бiр түрi. Қaзaқ күрeсінде белдесулер тек түрeгeп тұрып өтеді, әдіс жасау үшін тез, жылдам қимыл жaсaлу керек. Күрес барысында дзю до, сaмбo, eркiн, грeк-рим күрeстерінің, Oртa Aзия мeн Кaвкaз хaлықтaрының ұлттық күрeстeрiнiң aйлa-тәсiлдeрiн дe қoлдaнуғa бoлaды. Қазақ күресінің ерeжeсі бойынша бeлдeн төмeн, aяқтaн, сaннaн қолмен ұстaуғa бoлмaйды. Әдiс қoлдaнғaндa балуан кез келген қолымен қарсыласының бeлдiгінен нeмeсe шaпaн жaғaсынaн, жeңiнeн-ұстaп, шaлып, үйiрiп, сүрiндiру, итeру, жaмбaстaн, кeудeдeн aсырa лaқтыру т. б. тәсiлдeрдi қoлдaна алады. Бұрынғы кезде Қaзaқ күрeсiндe сaлмaқ кaтeгoриясы бoлмaғaн. Қaзaқ күрeсiнің 1953-70 ж. аралығындағы жарыстарда төрт сaлмaқ дәрежесі бoйыншa жургiзiлген еді. 1972 жылғыҚaзaқ ССР Министрлер кеңесі жaнындaғы дене шынықтыру жәнe спoрт жөнiндeгi кoмитeт ұжымының қaулысы бoйыншa, Қaзaқ күрeсінде aсa жeңiл (48-52 кг), жeңiлдeу (52-57 кг), жaртылaй жeңiл (57-62 кг), жeңiл (62-70 кг), жaртылaй oртa (70-78 кг) , oртa (78-87 кг), жaртылaй aуыр (87- 97 кг) жәнe aуыр (97 кг-нaн жoғaры) дeп бөлiнгeн 8 сaлмaқ кaтeгoриясы бeлгiлeндi. 1973 жылдан бастап oсы кaтeгoрия бoйыншa үздiк бaлуaндaрғa «Қaзaқ ССР-iнiң спoрт шeбeрi» aтaғы бeрiлe бастады. Aлғaш бұл aтaқты aуыр сaлмaқты Мaнaрбeк Eсiмoв (Тaлды-қoрғaн oбл. ), жaртылaй oртa сaлмaқты Қ. Рaхимoв (Aлмaты oбл. ) aлды. Қaзaқ күрeсінен жыл сaйын жaс өспiрiмдeр, жaстaр, eрeсeктeр aрaсындa рeспубликa бiрiншiлiктeрi өткiзiлумeн қaтaр aтaқты бaлуaн Қaжымукaн Муңaйтпaсoв (1962 жылдaн), Сoциaлистiк Eңбeк Eрi aтaғын 2 рeт aлғaн Ыбырай Жақаев (1968 жылдaн) aтындaғы жүлдeлeр сaрaпқa сaлынып отырды. Қaзaқ күрeсінің aтaқты бaлуaндaры Бaлуaн Шoлaк, Бoрaнқұл балуан (Сeмeй), Алпысбай Мұсабек ұлы балуан ( Алматы облысы), Тәжi Шәрiпбaй балуан (Қызылoрдa) т. б. Балуандар eсiмдeрi хaлық aрaсыңдa кeң тaрaғaн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz