Тасымалдаудың жүк айналымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны Кіріспе . . .
  1. Аналитикалық бөлім . . . . . . «Күре-жол» ЖШС сипаттамасы . . . …… . . . Жобаланатын тасымалдауды қолданыстағы ұйымдастырылуының сипаттамасы . . .
  2. Технологиялық бөлім . . . . . . Жылжымалы құрамның және тасымалдаудың әдістерін таңдау. Маршрутты және жүк тиеу - түсіруді ұйымдастыру жұмыстарын таңдау . . . . . . Жылжымалы құрамды қолданудағы техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштерінің есебі . . . Маршрутта жылжымалы құрамды қолдану көрсеткіштерінің

және өнімділігінің есебі . . .

  1. Ұйымдастыру бөлімі . . . . . . Тасымалдауды диспечерлік басқару . . . ……… . . . Жобаланатын тасымалдауға тапсырыс беру және келсім - шарт жасау . . . Жүктерді жеткізу кестесі және автомобильдерді шығару және қайтаруды ұйымдастыру . . . …… . . . Жүргізушілер жұмыстарының кесесі және кезектегі жұмыстарды бақылау … . . . Жол қозғалысын ұйымдастыруды іске асыру бойынша жүргізілетін шаралар . . . . . …… . . .
  2. Еңбекті қорғау . . . . . .

4. 1 Еңбек қорғау және жүргізушілердің демалысы . . .

4. 2 Құрал-жабдықтардың және енгізіліп жатқан технологиялық процестердің қалыптасу барысында болатын қауіпті өндірістік факторлардың (ҚӨФ) сипаттамасы . . .

4. 3 Қажетті ауа алмасуын анықтау . . .

4. 4 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдары . . .

5. Экологиялық бөлім . . .

5. 1. Көлік кешенінің қоршаған ортаны ластауға әсер ететін негізгі факторлары . . . … . . .

6 Экономикалық бөлім . . .

6. 1 Жылжымалы құрамның эксплуатациясына кететін шығындар есебі және тасымалдаудың өзіндік құнының нарықтамасы . . .

  1. Жүргізушілердің еңбекақы қорының есебі . . . …… . . .
  2. Жобаның техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің есебі. .
  3. Жобаның тиімділігінің көрсеткіштерінің есебі . . .

Қорытынды . . . … . . .

Әдебиеттер тізімі . . . …… . . .

6

9

9

11

12

12

14

16

20

24

24

25

27

29

30

36

36

37

42

44

46

46

50

50

53

56

57

59

60

МазмұныКіріспе . . .Аналитикалық бөлім . . . . . . «Күре-жол» ЖШС сипаттамасы . . . …… . . . Жобаланатын тасымалдауды қолданыстағы ұйымдастырылуының сипаттамасы . . .Технологиялық бөлім . . . . . . Жылжымалы құрамның және тасымалдаудың әдістерін таңдау. Маршрутты және жүк тиеу - түсіруді ұйымдастыру жұмыстарын таңдау . . . . . . Жылжымалы құрамды қолданудағы техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштерінің есебі . . . Маршрутта жылжымалы құрамды қолдану көрсеткіштерініңжәне өнімділігінің есебі . . .Ұйымдастыру бөлімі . . . . . . Тасымалдауды диспечерлік басқару . . . ……… . . . Жобаланатын тасымалдауға тапсырыс беру және келсім - шарт жасау . . . Жүктерді жеткізу кестесі және автомобильдерді шығару және қайтаруды ұйымдастыру . . . …… . . . Жүргізушілер жұмыстарының кесесі және кезектегі жұмыстарды бақылау … . . . Жол қозғалысын ұйымдастыруды іске асыру бойынша жүргізілетін шаралар . . . . . …… . . .Еңбекті қорғау . . . . . .4. 1 Еңбек қорғау және жүргізушілердің демалысы . . .4. 2 Құрал-жабдықтардың және енгізіліп жатқан технологиялық процестердің қалыптасу барысында болатын қауіпті өндірістік факторлардың (ҚӨФ) сипаттамасы . . .4. 3 Қажетті ауа алмасуын анықтау . . .4. 4 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдары . . .5.Экологиялық бөлім. . .5. 1. Көлік кешенінің қоршаған ортаны ластауға әсер ететін негізгі факторлары . . . … . . .6Экономикалық бөлім. . .6. 1 Жылжымалы құрамның эксплуатациясына кететін шығындар есебі және тасымалдаудың өзіндік құнының нарықтамасы . . .Жүргізушілердің еңбекақы қорының есебі . . . …… . . .Жобаның техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің есебі. .Жобаның тиімділігінің көрсеткіштерінің есебі . . .Қорытынды. . . … . . .Әдебиеттер тізімі . . . …… . . .:
6991112121416202424252729303636374244464650505356575960:

Кіріспе

Аталмыш « Күре-жол» ЖШС -де жол салуға қажетті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тақырыбындағы дипломдық жоба, Үржар ауылы мен Мақаншы ауылының арасындағы автомобиль жолдарының құрылысын бөліп және толық жөндеу жұмыстарын жасауда жол құрылысына қажетті сусымалы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруды іске асыру бойынша жүргізілетін шаралар кешешін жасауға арналған. Жобада «Күре-жол» ЖШС іс - әрекетінің қысқаша сипаттамасы, сонымен бірге тасымалдауды ұйымдастырудың кемшіліктері мен кәсіпорынның экономикалық жай - күйіне байланысты қиындықтар талданатын, жобаланатын тасымалдаудың ұйымдастырылуының сипаттамасы берілген.

Мақсаты: «Күре-жол» ЖШС мен «ДСУ-34» кәсіпорынының арасындағы жол жөндеу жұмыстарына қажетті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар кешенін жасау.

Өзекті мәселелер: жүк басқарушы, жүк қабылдаушы мен автокөліктік кәсіпорын арасында жүргізілетін ұйымдастыру жұмыстары, техникалық - экономикалық көрсеткіштерін анықтайтын маршруттарды жасау, жасалған маршруттардағы орындалатын тасымалдаудың тиімділігі мен жылжымалы құрамның эксплуатациясындағы шығындарды қамтитын экономикалық және техникалық көрсеткіштерді анықтау.

Дипломдық жобаның есептік - түсіндірме хатына - аңдатпа, мазмұны, кіріспе, 4 негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіреді.

Сонымен қатар дипломдық жобада берілген тапсырмаларға сәйкес еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері зерттелген.

Автомобиль көлігі елді - мекендерді және шаруашылық салаларын автомобильмен қамтамасыз етуде қажетті үлкен міндеттерді жылдам іске асыруға қабілетті.

Автомобиль көлігі ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта автомобиль қолданылмайтын шаруашылық саласы жоқтың қасы. Біріншіден, автомобильді көлік басқа салаларға қарағанда жоғары қарқындылықпен дамып келеді, екіншіден, шаруашылықтың еңбексыйымдылығы мол салаларының бірі, үшіншіден, энергетикалық ресурстардың көп бөлігін қолданады, төртіншіден, қор сыйымдылығы мен қаражат сыйымдылығы мол болып табылады.

Автомобиль көлігінің тасымалдау жұмыстарының сапасын жақсарту жолдары - оларды ірі автошаруашылықтарға шоғырландыру, техникалық қызмет көрсетуді жақсарту және жөндеу базаларын бекіту, орталықтандырылған тасымалдауды арттыру, техникалық - экономикалық көрсеткіштерін анықтайтын маршруттарды жасау көлік - құралдарының тәуліктік жұмыс уақытын арттыру, тиеу және түсіру кезіндегі тоқтап тұру уақытын азайту, бос жүрісті қысқарту және т. с. с болып саналады [1] .

Автомобиль көлігі жүк ағымдарының қарқынды бағыттарында жақын қашықтыққа тасымалданған темір жол жолдарын жүктерден босату үшін, ең алдымен ұсақ жөнетілімдерден босатуда басқа көлік түрлерімен бірге параллелді линияда қолданады.

Тасымалдауда халық шаруашылығының дамып келе жатқан қажеттіліктері прицептер мен жартылай прицептерді кеңінен қолдану, жылжымалы құрамның жүк көтерімділігін жақсарту, жүк автомобильдерін өндіру санын көбейту есебінен қанағаттандырылады. Жұмыс сенімділігін қолдау, қызмет мерзімінің өсуі, тозу қарқынының азаюы және жарамсыздықты ескертудің бәрі де күннің маңызды міндеттері. Мемлекеттік көліктің де, сонымен қатар автокөлікті жеке қолдану үшін де техникалық деңгейдегі станциялар желісі кеңейіп келеді [2] .

Осы мақсатқа жету үшін келешекте автокөлік жұмысын жетілдіру және көлік құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, қаржылық және материалдық ресурстар мен еңбекті үнемді пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру және тасымалдау құнын төмендету қажет.

Автомобилдендіру үрдісі техникалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады және адамдардың денсаулығына және олардың физикалық дамуына, мәдениет, экономика құрылымдарына айтарлықтай әсер етеді.

Нарықтық жағдайларда Қазақстан Республикасы экономикасының жұмыс істеуі автомобильді көлік алдына нарықтық экономикаға бейімделудің бірнеше мәселелерін қояды. Автомобильді көлік кәсіпорны өзінің коммерциялық және өндірістік іс - әрекетінің барлық сипаттарын қарастырып, оны қызмет көрсетудің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, зерттеуге және сараптауға бағыттау қажет.

Нарықтық экономика жағдайында автокөліктің жұмыс істеуіне (қалыптасуына) автомобильді көлік жұмысының және оның қызмет көрсететін тұтынушыларының жаңа экономикалық жағдайлары, көліктік қызмет көрсету нарығының қалыптасуы, әртүрлі көлік түрлерінің және кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі сияқты объективті жағдайлар тән болады.

Нарық талаптарының есебінсіз ешқандай кәсіпорын дұрыс дами алмайды. Нарық жағдайында жұмыс істеп жатқан кез келген көлік кәсіпорындарының ең басты мақсаты тұтынушыға қажетті қызмет өндірісі негізінде кіріс алу (келтіру) болып табылады.

Көрсетілетін қызмет сапасы «оған келісілген және ұйғарылатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін беретін қызмет көрсету сипаттамасы мен ерекшеліктерінің жиынтығы» түрінде анықталады. Осылайынан, тауарды жеткізудегі тұтынушылардан түсетін талаптар тікелей олардың қажеттіліктерінен туындайды. Аталмыш қажеттіліктер жасалатын келісім - шарттарда айтарлықтай анық көрсетіледі. Қалған жағдайларда ұйғарылатын қажеттіліктер маркетингтік зерттеулер көмегімен анықталып, бекітілуі керек.

Автомобильдендіру қалалардың жобалануына, сәулетіне, капиталды қаражатының құрылымына, сонымен қатар қоғамның түрлі - денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту сияқты т. б салаларына айтарлықтай әсер етеді.

Автомобиль көлігі жүк тасымалдауда қоғамдық уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді және қоғамның өндірістік күштерінің дамуына, ауданаралық байланыстардың кеңеюіне, жеке аудандардағы қоғамдық өндіріс үрдісіне ресурстарды тартуға, сонымен қатар тұрғындарға мәдени - тұрмыстық қызмет көрсетудің жақсаруына әсер етеді. Автомобиль көлігі ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта автомобиль қолданылмайтын шаруашылық саласы жоқтың қасы. Біріншіден, автомобильді көлік басқа салаларға қарағанда жоғары қарқындылықпен дамып келеді, екіншіден, шаруашылықтың еңбексыйымдылығы мол салаларының бірі, үшіншіден, энергетикалық ресурстардың көп бөлігін қолданады, төртіншіден, қор сыйымдылығы мен қаражат сыйымдылығы мол болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келешекте автокөлік жұмысын жетілдіру және көлік құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, қаржылық және материалдық ресурстар мен еңбекті үнемді пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру және тасымалдау құнын төмендету қажет.

Автомобилдендіру үрдісі техникалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады және адамдардың денсаулығына және олардың физикалық дамуына, мәдениет, экономика құрылымдарына айтарлықтай әсер етеді.

  1. Аналитикалық бөлім

1. 1 «Күре-жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сипаттамасы

Үржар автокомбинаты (қазіргі кезде «Күре-жол» ЖШС) 1969жылы 4 наурыздағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қарауының № 132 бұйрығы мен 1969 жылы 2 сәуірдегі ҚазССР автомобиль көлік Министрінің № 92 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл кәсіпорын Үржар ауылының шығыс бөлігінде Еділбаев көшесінде (62 ғимарат) орналасқан.

1992 жылы желтоқсан айында Үржар автокомбинаты Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғам туралы», «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу туралы» заңдарына сәйкес «Күре-жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып өзгерді. Сосын Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің № 563 «Үржар ауданының аумағында әскери типті автокөліктік жасақ құру туралы» Қаулысымен 1995 жылы 27 сәуірде 3099 «әскерилендірілген автоколонна» деп аталды.

1998 жылы 20 наурыздан бастап ұжым жиналысының шешімі бойынша «Күре-жол» ЖШС деп аталып, жекешеленді. Ол жалпы қолданыстағы жүк тасымалдайтын авто кәсіпорны болып табылады.

«Күре-жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әкімшілік корпусы, бақылау - өткізу пункті, дүкен, асхана, жөндеу шеберханасы, қазандық, машиналарды сақтау зоналары т. б орындар бар.

«Күре-жол» ЖШС негізінен ЖО- 6, «УМР» АҚ, ДСУ-30, ДСУ - 34, ДЭУ - 53, ДЭУ - 54, «Асфальтзавод» АҚ т. б сияқты ұйымдарға қызмет көрсетеді.

Жөндеу шеберханасы төрт посты бар өндірістік ауданы 825 м 2 болатын жерде орналасқан. Бұл шеберхана бір кезектегі жұмыс ұзақтығы 8 сағатқа созылатын жұмыс аптасының 5 күнінде жұмыс істейді.

Жүк тасымалдау, және тораптарын жөндеу автокәсіпорынның негізгі іс - әрекеттеріне жатады.

Біріншіден, автомобильді көлік басқа салаларға қарағанда жоғары қарқындылықпен дамып келеді, екіншіден, шаруашылықтың еңбексыйымдылығы мол салаларының бірі, үшіншіден, энергетикалық ресурстардың көп бөлігін қолданады, төртіншіден, қор сыйымдылығы мен қаражат сыйымдылығы мол болып табылады.

Автомобильдер және басқа да жеке заттар үшін керекті қордағы бөлшектерді, агрегаттарды және тораптарды өндіру және игеру, кәсіпорын көмегімен оларды ұйымдар мен тұрғындардың қажеттіліктеріне, іске асыру.

1 - кестеде «Күре-жол» ЖШС соңғы 4 жылдағы қазірде өз күшінде тұрған заңдылықтармен рұқсат берілген және автокәсіпорын іс - әрекеттерінің мақсатына сәйкес ішкі экономикалық әрекеттерді қоса алатын іс - әрекеттер, техникалық - эксплуатациялық және экономикалық көрсеткіштері келтірілген. 1 - кестеде көрсетіліген мәліметтерге қарасақ, жылжымалы құрамның ескіруі мен экономикалық қиындықтардың кесірінен тасымалдау және жүк айналыс көлемі тұрақсыз теңселіп тұрғаны байқалады (1 - кестеге сәйкес) .

Кесте 1

20014-2017 жылдардағы «Күре-жол» ЖШС-нің техникалық -эксплуатациялық және экономикалық көрсеткіштері

Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер
Жылдар
2014
2015
2016
2017
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Тасымалдау көлемі мың. теңге
Жылдар: 3348, 8
180, 0
360, 0
445, 0
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Жүкайналым мың. теңге. км
Жылдар: 8998, 8
16615, 0
21000, 0
18100, 0
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Ершікті сүйреткішке қажетті жартылай тіркемесі
Жылдар: 8
16
26
31
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Жүк автомобильдері
Жылдар: 109
115
105
105
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер:

Жүк автомобильдерінен бортты самосвалдар

мұнай цистерналары

Жылдар:

32

66

3

32

65

12

24

54

20

17

56

25

Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Автомобиль тіркемелері
Жылдар: 61
61
61
57
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Кәсіпорын ұйғарымымен автомобильдердің келу уақыты, авто-күн
Жылдар: 39785, 0
45990, 0
46882, 0
43554, 0
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер:

Жұмысқа келу уақыты,

авто-күн

Жылдар: 12146, 0
14690, 0
25400, 0
21777, 0
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Жол жүруді қолдану коэффициенті
Жылдар: 0, 30
0, 24
0, 31
0, 37
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Автомобильдерді эксплуатациялаудан келетін кіріс, мың. теңге
Жылдар: 94430, 7
129000, 0
175000
165000
Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштер: Автомобильдерді эксплуатациялауда кететін шығын, мың. теңге
Жылдар: 100893, 7
126250, 0
170100
137000

Мысалы, 2014 жылы жүк тасымалдау көлемі 348, 8 мың және 2015, 2016 және 2017 жылдары осыған сәйкес 180, 0; 360, 0; 445, 0 теңгені құраса, ал жүк айналымы 2010 жылы 8998, 2 мың. Т. Км; 2009 жылы 16615, 0 мың. т. км, 2016 жылы 21000, 0 мың. т. км, 2017 жылы 18100, 0 мың. т. км құрады. Бұл автокәсіпорынның экономикалық жай - күйінің тұрақсыздығын көрсетеді. Осының салдарынан жылжымалы құрамның саны жылдан жылға азайып, техникалық жағдайы төмендеп келеді.

Сонымен бірге автомобильдерді эксплуатациялаудан келетін кіріс көлемі мен эксплуатациялауға кететін шығындар да тұрақсыз.

« Күре-жол» ЖШС -де жол салуға қажетті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тақырыбындағы аталмыш дипломдық жобада Үржар ауылы Мақаншы ауылының арасындағы автомобиль жолдарының бөлек құрылыс және жөндеу жұмыстарына қажетті ДСУ-34 және «Асфальтзавод» АҚ кәсіпорындарының арасындағы сусымалы - жол - құрылыс жүктерін тасымалдауы қарастырылады. Бұнда жүк айналымы, тасымалдау көлемі, жол жүрісі және т. б қолданыстардың көрсеткіштерін жоғарылату мүмкіндіктері қарастырылады.

  1. Жобаланатын тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырудың сипаттамасы

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру - тасымалдауды орындау және дайындау, басқару, есеп және бақылау, құжат айналымының жүйесі, жүк тасымалдауға кеткен есеп жүйесі т. б тәртіптердің бекітілуінен тұрады [2] .

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру деңгейіне тасымалдау үрдісі, яғни жүк сақталымы, уақтылығы (сенімділігі), тасымалдаудың тиімділігі, тасымалдау жүйесін қолдану ыңғайлылығы байланысты болады.

Жобаланатын тасымалдауды ұйымдастыруда тасымалдау берілген маршрут бойынша автомобиль қозғалысының кестесінсіз, техннологиялық есепсіз жүзеге асады. Бұл тиеу - түсіру пунктерінде үлкен іркілуге әкеп соқтырады, өз кезегінде өзіндік құнының жоғарылауына, көп жылжымалы құрамды тартуға тура келеді де тасымалдаудың жоспарланған көлемі орындалмайды, жылжымалы құрамның жүрісті қолдану коэффициенті төмендейді.

2 Технологиялық бөлім

2. 1 Жылжымалы құрамды және тасымалдау әдістерін таңдау

Жол - құрылыс материалдары жалпылай сусымалы жүктерге жатады. Сусымалы жүктер деп тиегенде - түсіргенде үйіп тастайтын, яғни биіктен түсіргенде құлауға шыдайтын жүктерді айтады [3] .

Үржар - Мақаншы жол участогы Үржар ауданының экономикасының дамуында маңызды орын алады және мұнда жыл сайын жол қорынан қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Автожолдарды жөндеу белгілі бір уақыт аралығында орындауды талап ететін мезгілдік жұмыс. Бұған үлкен көлемді сусымалы жүк тасымалдауды жаппай жүргізуге қажетті арнайыландырылған жылжымалы құрамы бар негізгі автокөліктік кәсіпорын болып табылатын «Күре-жол» автокөлік кәсіпорынынан белгілі бір жылжымалы құрам саны бөлінеді.

Жүк, құрылысқа қажетті материал алатын карьерден асфальт заводқа, жол участогіне және дайын асфальтті - асфальт заводынан жол участогіне тасымалданады. Бұл дипломдық жобада сусымалы жүктердің көлемін тасымалдауда берілген жұмысты уақытында аяқтау үшін автопойыздар қолдануды ұсынамын.

Тасымалдау барысында жылжымалы құрамның қозғалысын ұйымдастыру үлкен өнімділік пен азырақ тасымалдаудың өзіндік құнын қамтамасыз ету керек. Жылжымалы құрамның қозғалысы маршрут бойынша жүзеге асады. Қозғалыс маршруты тасымалдауды орындау барысында жылжымалы құрамның жүрісінің жолы. Маршруттар маятникті және айналма болады. Маршрут ұзындығы автомобильдің маршрутты бастаған пунктінен аяқтаған пунктіне дейінгі жүретін жолы.

Маршруттауға жол жүрісін жақсырақ қамтамасыз ететін қозғалыс маршруттарын жасаудан тұрады. Маршрут таңдау жылжымалы құрам типіне, тасымалданатын заттар көлеміне, тиеу - түсіру пунктерінің орналасуына байланысты болады.

Өзімнің дипломдық жобамда құрылыс - жол материалдарын тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру үшін арнайыландырылған жылжымалы құрамды қолдана отырып, маятникті және айналма маршруттарын қолданамын.

Маятникті маршрут темір жол тұйығы мен жол участогы аралығынан өтеді, ал айналма маршрут материал алатын карьернан басталып, жылжымалы құрам асфальт заводқа шағылтас әкеліп, сол жерден жол участогіне асфальт тасып әкетеді. Бұндай маршруттар жүк жіберуші мен жүк қабылдаушының мүмкіндіктерін зерттегеннен кейін құралған.

Жол - құрылыс материалдарын тасымалдауды ұйымдастыру үшін жүк ағынының құрылымы мен сипатына, тасымалдау арақашықтығына, тиеу - түсіру жұмыстарының ұйымдастырылуына және әдісіне сәйкес келетін жылжымалы құрамды таңдау қажет, сонымен қатар бұл тасымалдауларды еңбек және материалдық шығындармен қамтамасыз ету қажет.

Зерттеу нәтижелері ГБК-8527 прицепі бар КамАЗ-5511 (6х4) самосвал - автомобилі осындай көлікке жататынын көрсетті. КамАЗ-5320 автомобилі базасында 1977 жылдан бастап Кама автомобиль зауытынан шығарылады (2-кесте) . Қорабы - артқа қарай жүк түсіре алатын металдан жасалған. Кабинасы - екі орынды металдан жасалған, алдыға қарай көтеріледі (2 - кестеге сәйкес) .

Кесте 2

КамАЗ-5511 самосвал автомобилінің техникалық сипаттамасы

Жүк сыйымдылығы, кг
1
Жүк сыйымдылығы, кг: өзіндік массасы, кг
1: 8770
Жүк сыйымдылығы, кг: Сондай - ақ алдыңғы өске
1: 3800
Жүк сыйымдылығы, кг: арбаға
1: 4970
Жүк сыйымдылығы, кг: Толық массасы
1: 18970
Жүк сыйымдылығы, кг: Сондай - ақ алдыңғы өске
1: 4470
Жүк сыйымдылығы, кг: арбаға
1: 14450
Жүк сыйымдылығы, кг: Қорап көлемі, м 2
1: 7. 2
Жүк сыйымдылығы, кг: Қораптың көтерілу бұрышы, град
1: 60
Жүк сыйымдылығы, кг: Ең жоғарғы жылдамдығы, км/сағ
1: 80
Жүк сыйымдылығы, кг: 40 км/сағ жылдамдығындағы тежеу жолы, м
1: 17
Жүк сыйымдылығы, кг:

40 км/сағ жылдамдығында жанар майдың бақылау шығыны, л/100км

1: 26
Жүк сыйымдылығы, кг:

Көтеретін құрылғы: қуатты алу қорабынан жетекпен алынатын гидравликалық

Жүк сыйымдылығы, кг: Мотор
1:

КамАЗ-740, дизельді төрттактілі, сегіз цилиндрлі,

V-тәрізді

Жүк сыйымдылығы, кг: Жанармай багы, л
1: 170 диз. май
Жүк сыйымдылығы, кг: Дөңгелектерінің көлемі
1: 260-508 р
Жүк сыйымдылығы, кг: Дөңгелектер саны
1: 10+1

ГКБ-8527 тіркемесі КамАЗ-5320 автомобилінің агрегаттары базасында 1978 жылдан бастап Красноярдағы автомобиль прицептерінің зауытынан шығарылады (3- кесте) . Қорабы металдан жасалған, тұғырнамасы жүктеліммен екі жаққа қарай, астынан тірейтін борттарды бекіту қарастырылған (3 - кестеге сәйкес) .

Кесте 3

ГКБ-8527 тіркемесінің техникалық сипаттамасы.

Жүк сыйымдылығы, кг
7000
Жүк сыйымдылығы, кг: Өзіндік массасы, кг
7000: 4500
Жүк сыйымдылығы, кг: Соның ішінде алдыңғы өске
7000: 3800
Жүк сыйымдылығы, кг: Толық массасы
7000: 11500
Жүк сыйымдылығы, кг: Габариттік өлшемдері, мм
7000: 7695х2500х2090
Жүк сыйымдылығы, кг: Қорап көлемі, м 3
7000: 7. 9
Жүк сыйымдылығы, кг: Дөңгелектердің табаны, мм
7000: 1850
Жүк сыйымдылығы, кг: Дөңгелектердің саны
7000: 8+1
Жүк сыйымдылығы, кг: Дөңгелектердің мөлшері
7000: 260-508р
Жүк сыйымдылығы, кг:

Аударатын құрылғы: гидравликалық сүйреткіштен жетекпен

  1. Маршрут таңдау және тиеу - түсіру жұмыстарын ұйымдастыру

Жоғарыда айтылып өткендей құрылыс - жол материалдарын тасымалдау технологиясын құру және ұйымдастыру үшін бір маятникті және айналма маршрут қолданылады. Маятникті маршрут материал алатын карьерді жөнделінетін жол участогімен жалғастырады. Темір жол тұйығынан жылжымалы құрам автожолдың жөндеу жұмысына қажетті шағылтастарды әкеліп, ал одан бос жүріспен келеді. Нәтижесінде, 1 - суретке сәйкес, қайта қайтқанда бос, тиелмей келетін маятникті маршрут пайда болады.

Айналма маршрут темір жол тұйығы - асфальтзауыты - жол участогі аралығында созылып жатыр. Жылжымалы құрам 2 - суретке сәйкес, темір жол тұйығынан асфльтты масса дайындауға қажетті шағыл тас әкелсе, сол жерде асфальтті массаға толтырылып, жол участогіне әкетіледі.

Мен құрастырған бұл маршруттар ең оптималды және тиеу - түсіру пунктерін қысқа жолдармен жалғастыратын маршруттар болып табылады.

Таңдап алынған жылжымалы құраммен, қанағаттандырылған жол жағдайларымен және құрастырылған маршруттармен барлық тасымалдаулардың рентабелділігі мен жылжымалы құрам жұмысының жоғары өнімділігін ала аламыз.

Төменде келтірілген маршруттардың сызбасынан көрініп тұрғандай, тиеу жұмыстары темір жол тұйығы мен асфальтзауыт пунктерінде жүргізіледі. Темір жол тұйығында жылжымалы құрамға алдын ала темір жол платформаларынан түсірілген шағыл тас тиеледі. Бұл жерде мен жылжымалы құрамға тиеу жұмыстарын жүргізу үшін бір ожаулы экскаватор қолданамын (1, 2 - суреттерге сәйкес) .

№ 1 маршрут

8 18

А 1 - материал алатын карьер

Б 1 - жол участогі

Сурет 1 Маятникті тасымалдау маршруты

№2 маршрут

А 2 - материал алатын карьер

Б 2 , А 3 - асфальтзауыты

Б 3 - жол участогы

Сурет 2 Айналма тасымалдау маршруты

Тиеу жұмыстарын жүзеге асыратын эксковатор шөміші мен самосвал автомобилі кузовының көлемінің қатынасы 1:3-1:5 көлемінде болуы керектігі эксперимент мәліметтерімен белгіленді. Тек осы қатынаста ғана тиеу жұмыстарының жақсы өнімділігін алуға болады. КамАЗ-5511 қорабының көлемі 7. 2 м 3 , мен шөмішінің көлемі 1. 6 м 3 болатын ЭО-5123 бір шөмішті эксковаторын таңдаймын.

Асфальт зауытында жылжымалы құрамға жүк тиеу асфальтзауытының өзінің шанақты құрылғысынан жүргізіледі. Бұл жүк тиеудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Біз таңдаған КамАЗ-5511 жылжымалы құрамы мен ГБК - 8527 прицепі самосвал түріне жататындықтан жүк түсіру пунктеріндегі жүк түсіру өздігінен түсіретін көлігімен жүргізіледі.

  1. Жылжымалы құрамды қолданудың техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштерінің есебі

Маршрут ұзақтығын анықтаймыз [4] :

(1)

мұнда - маршрут бойынша жүк тиелген жүрістің суммарлы ұзындығы, км

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдау шарты
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Материалды-техникалық ресурстарды тасымалдаудың тиімді жолдарын анықтау
Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқару
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету
Жолаушы тасымалы
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Өндірістік транспорт түрлері және оларды есептеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz