Сандық және аналогтық бейнебақылау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

Аңдатпа

Бұл дипломдық жобада таралымды бейнебақылау жүйелері

қарастырылды.

Сандық таратқыштың қуатыжәне

DVB-H жүйесінің параметрлері

есептелінді.

Технико-экономикалық бөлімде жобаға кеткен инвистициялық шығындар

және монтажға кеткен шығындар есептелінді.

Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жарықтандыру және желдеткіш

жүйесі есептелген.

Аннотация

В данном дипломном проекте были рассмотрены системы вещательного

наблюдения.

Был проезведен расчет мощности цифрового передатчика и расчет

параметров ситемы DVB-H.

В разделе

технико-экономическое обоснование проведен расчет

инвистиционных затрат и затрат на монтаж.

В разделе безопасности жизнедеятельности сделан расчет искусственного

освещенияи вентиляции.

9

Жоспар

Кіріспе . . . 7

1 Күзет теледидар жүйесі. Мобильді теледидар жүйесі . . . 8

1. 1 Күзет теледидар жүйесі . . . 8

1. 2 Бейнебақылау жүйесі . . . 11

1. 3 Мобильдік технологиялар . . . 25

2 Таралымды бейнебақылау жүйесі . . . 31

2. 1 Сымсыз камера . . . 31

2. 2EN-106 DVB-T сандық үй модуляторы . . . 41

2. 3Радио-камера . . . 43

3 Есептеу бөлімі . . . 46

3. 1 Сандық таратқыштың қуатын анықтау . . . 46

3. 2 DVB-H жүйесінің параметрлерін анықтау . . . 47

4 Өміртіршілік қауіпсіздігі . . . 51

4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың анализі . . . 51

4. 2Жарықтандыруды есептеу . . . 52

4. 3 Ауа кондициалауын есептеу . . . 55

4. 4 Кондиционерлерді таңдау . . . 59

8. 5 Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды . . . 66

5 Технико-экономикалық бөлім . . . 61

5. 1 Жобаның мәні . . . 61

5. 2 Өндірістік жоспар . . . 61

5. 3 Инвестициялық шығындарды есептеу . . . 62

5. 4Технико-экономикалық бөлім бойынша қорытынды . . . 65

Қорытынды . . . 66

Әдебиеттер тізімі . . . 67

10

Кіріспе

Күзет теледидары - бұл өте қажетті және де тез дамып жатқан қауіпсіздік

жүйесінің бағыты. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, бұл меңгерілуі қиын

білім саласы. Қоғамның белсенді дамуы адамның өмірінің және де материалды

құндылықтарын қорғауға қажеттілікті арттыруда. Қазіргі заманғы құрылыстар

мен ғимараттар көлемдерінің үлкендігі күзет кәсіпорындарының және де

қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын қиындатты. Объектте күзет теледидар

жүйесін қолдану күзетшілер жұмысын оңайлата ғана қоймай, ғимараттың

ішіндегі де сыртындағы да қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жоғарылатады.

Дипломдық жобаның тақырыбы «күзет теледидар жүйесінде мобильді

телерадиотратудың жұмыс істеу мүмкіндігі». Мобильдік теледидар бұл - аты

айтып тұрғандай, сигналын қозғалыс кезінде қабылдауға болатын

теледидар, яғни теледиарлық бейненің кіріктірме антенналары бар шағын

құрылғылар экранындағы көрсетілуі. Жобаның мақсаты мобильдік

теледидардың бейнебақылаудағы жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыру болып

табылады.

11

1 Күзет теледиар жүйесінің жалпы сипаттамалары

1. 1 Күзет теледидар жүйесі

Қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігі, оның сыртқы әсерлерге қатысты өңдеу

жылдамдылығымен анықталады, яғни оқиға жағымсыз жаққа ауыспай тұрып,

жауапты әрекет жылдамдығы әсер ету жылдамдығынан жоғары болуы керек.

Осы мақсатпен криминалды элементті іс - әрекетті тежейтін

механикалық күшейткіш (сейфтер, механикалық құлыптар, металдық есіктер,

бөлме терезесіндегі решеткалар, автомобильдің рульді және передачаларды

ауыстыру рычагын блоктау құрылғысы) оргтехника және компьютерді т. б.

ұрлауға қарсы механикалық қорғаныс шаралары қорғаныстығы жатады, себебі

оларды құртуға

зиянкестердің

уақыты

кетеді. Қауіпсіздік жүйелерінің

ерекшеліктерін қарастырайық.

Күзет және өрт сөндіру жүйелерінде анализдеушілер

құрылғыларының, есте сақтау және шешім қабылдау құрылғыларының

рөлін датчиктер атқарады. Бақылау панелінде қауіптің бар болуына қатысты

соңғы шешім қабылданады (күзетшінің назарын аударту, радиоканал не

телефон желісімен қауіп сигналын жіберу) .

Датчиктер ортаның

физикалық жағдайын анализдейді

(жарықтандыру, дыбыс, жылу, механикалық әсер, электромагнитті өріс

кернеулігі, бұлардың іске қосылуы өртенуді немесе адамның қоршаған

кеңістікте пайда болуын білдіреді) . Бұндай модельдің толық жетілмеуі

жалған қауіп не қауіптік оқиғаның өтуіне себеп болады. Күзет

сигнализациясы бүкіл танымдық әсерлерді рұқсатсыз кіру деп түсінеді,

яғни күзетілетін кеңістікке кіру тек оны күзеттен алып тастау кезінде ғана

жүзеге асырылады.

Периметрлік жүйелер - үлкен ашық кеңістіктерді бақылау үшін

құрылған датчикті күзет жүйелерінің бір түрі болып табылады. Рұқсатты

басқару жүйесі кіруге құқықтық рұқсаты барларға цивилизациялық түрде

күзетілетін кеңістікке кіруге мүмкіндік береді. Жүйе санауышы (анализдеуші

құрылғы) келуші енгізген нышандарды кодқа түрлендіреді, ал контроллер

(шешуші құрылғы) алынған кодты жады құрылғысында сақталатын рұқсат

етілген кодпен салыстырады.

Рұқсат етілген код табылған жағдайда орындаушы құрылғы іске

қосылады

(электроқысқыш, электроқұлып, турникет, шлагбаум, шлуз) .

Рұқсатты басқару жүйесіне,

жоғарыда

көрсетілген

функциялар өз

жадысында «өзіндік», «бөгде» образдарын сақтайтын оператор арқылы

орындалатын сөйлесу жүйесін жатқызуға болады. Ұрлықтың алдын алу

жүйесі тауар залынан тауардың рұқсатсыз шығарылуын жариялау

мәселесін шешеді. Қауіп сигналының пайда болуына тауарда, оның антенна

жанынан өткенде, арнайы бирканың болуы себеп. Айта кететін жайт,

антиұрлық жүйелері сатылмаған тауарға қатысты (және де оны дүкеннен

12

шығарған адамға қатысты) рұқсатты басқару жүйесі функциясына инверсті

функцияны жүзеге асырады.

Тексеріп қарау қондырғысы тасуға тыйым салынған белгілері бар

заттарды бақылау аймағына тасымалдауын жария етеді.

Автомобильдік сигнализациялар көбінше күзет сигнализация жүйесі

және рұқсатты басқару жүйесіне ұқсас жұмыс істейді. Сонымен қоса

оларда күзетілетін кеңістікте жүйе функциясының бір бөлігін блоктау

жүзеге асырылады. Автомобильдік сигнализациялардың жалған іске

қосылуы, көбінше, оларды эксплуатациялау кезіндегі қатаң жағдайлардың

салдарынан.

Күзет теледидар жүйесінде анализдеу құрылғысы, шешуші құрылғы

және жады құрылғы ретінде адамның өзі қолданылады. Техника, оған тек

шешім

қабылдауға көмектеседі. Көру органы визуалды ақпаратты,

бейнекамера, ақпаратты өңдеу құрылғысы және бейнемонитор арқылы

жанамалы анализдейді. Әрине, адамның шешім қабылдауға қатысуы, оқиғаны

бағалаудағы адамның субъективтілігі, саналы немесе санасыз түрде кейбір

істерді әлде тіпті қасақананы ескермеу мүмкіндігі сияқты өзіндік мәселелерге

әкеледі. Одан басқа, адамның минималды жоғалымдарымен, үлкен ақпарат

ағымын өңдеудегі физиологиялық мүмкіндіктерінің шектеулілігі

болады.

Яғни, визуалды ақпарат ағынының, бейнемонитор - оператор ақпараттық

каналының өткізу қабілеттілігімен келісімі қажет етіледі. Бейнежүйелерге

қолданғанда бұл келесі шарттарды орындаумен көрсетіледі:

-Оператордың жұмыс істеу орнын сәйкес ұйымдастыру (бейнемонитор

экранына дейінгі арақашықтық, жарықтылық сипаты) .

-Оператордың жалығуына әкелмейтін, камераларды ауыстыру

уақытын орнату.

-Экранда, бір уақытта оператор шынайы бақылай алатын мөлшерде

бейнекөріністі орналастыру (эргономика бойынша 6 . . . 8 ден көп емес) .

«Адам факторлардың» жағымсыз жақтарының әсерінің азайтылуы,

болғанның бәрінің бейнежазбасы және олардың кейінгі анализі арқылы

жүзеге асырылады. Егер бұл мақсатпен бейнемагнитофон қолданылса, оның

рұқсатын болктауқажет тіпті оның арнайы сейфте болғаны дұрыс. Жалпы

айтқанда, бейнесигналдарды өңдеуге арналған көпшілік

құрылғылардарұқсатты блоктау, парольдар болады. Тіпті күзет бөлмесінде

операторлардың іс - әрекетін жазатын бейнекамераны құпия түрде

орналастыру қажет.

Операторға, экрандағы сәйкес жазулар, зуммер, қауіп датчигінің іске

қосылуын,

не бейнемагнитофон лентасының бітуін сигналдауыш

, бейнесигналдардың кенет жоғалуын немесе бақылау аймағында қозғалыстың

пайда болуы жайлы ақпарат көмек береді.

Күзет теледидар жүйесінің басқа күзет жүйелерімен салыстырғандағы

артықшылығы оның жоғары ақпараттылығы

(қоршаған әлем туралы

ақпараттың 90%-ын адам көру органы арқылы алады) . Қауіпсіздік

жүйелерінің дұрыс жұмысын,

сигнализация қосылғандағы қауіптің

13

шынайылылығына көз жеткізу үшін адамның сол орынға бармай-ақ,

бейнежүйе арқылы дистанционды көз жеткізсе болады. Тағы бір маңызды

жайт, бұл бақылау аймағы алдында қауіпті байқап, қауіп-қатердің болу

ықтималдығын бейнемонитор экраны арқылы есептеп, оқиғаның алдын алу.

Бұл әсіресе алыстатылған қызметтелмейтін объектілерге өзекті.

Жобалаушының түрлі жүйелерді ортақ бір қауіпсіздік жүйесіне

интеграциялау әрекеті, бір жүйенің жетілмеуі кезінде, жеке түрде, жүйелер

бірігіп оны толықтыруға ұмтылысына әкеледі. Бұл - әр жүйенің әлсіз

жақтарының әсерін азайтып,

оператор арқылы алынатын ақпарттың

дұрыстылығын жоғарылатады. Интегрециялау ақпараттық деңгейде, не

программалық деңгейде де жүзеге асырыла алады. Ал бейнежүйелерге

келетін болсақ, кейбір жағдайларда өз бейнежүйеңді басқа жүйелерден

мүшелеу киын.

Айтып кететін бір жайт, күзет теледидар жүйесін қолдану тек

қолданушылармен ғана емес, криминалды элементтермен де бағаланады. Бұл

бейнекамера муляждарының өндірісі мен олардың күзетілетін объектідегі

орналасуын ақтайды. Осылай күзет теледидары күзет жүесінде маңызды

рөл атқарады.

Бейнебақылау жүйесінің басқа қауіпсіздік шараларынан басты

артықшылықтарын айтып кетсе болады. Бұл - оқиғаны автоматты түрде табу

және бейнебақылау, күзетілетін территорияларға рұқсатсыз кіруді лезде табу,

қабылданатын ақпараттық ағындарды интеллектуалды өңдеудің арқасында

жалған іске қосылуларды болдырмау, өңделіп жатқан ақпараттың анық

көрсетілуі, басқа күзет жүйелерімен тығыз интеграция мүмкіндігі. Бұндай

жүйелердің жаман жақтарына, ауа райының райының келеңсіз жағдайларында,

мысалы тұман кезінде жұмыстың қиындайтынын жатқызуға болады.

Бейнебақылау жүйесін құрастыру кезінде басты критерийлерге беріктілік,

ақпараттылық, дұрыстылық және өз уақытылық жатады.

Алғашқы критерий, қолданысымен

практикада тексерілген және

конструктивті шешімдері терең ойластырылған, алдыңғы қатарлы әлемдік

өндірушілерден тек ең жақсы компоненттерді қолданумен жүзеге асырылады.

Мұның бәрі, істен шығу мен қалпына келудің минималды периоды арасында

жүйенің ұзағырақ уақыт жұмыс істеуін жүзеге асыруға көмектеседі.

Екінші критерийді ұстану қозғалыс видеотекциясының, бейнежазбаның,

экранға шығаруды орындау және әр қосылған камерадан резервті архивтеудің

біруақытты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Дұрыстылық, бейнебақылау жүйелері орналасқан объекттің қауіпсіздік

қызметінің жұмысшылары және жүйе операторы үшін басты критерий болып

табылады. Қажетті көріністің жетіспеушілік жағдайларынан көріністі үлкейту

және бейнеақпарат ағындарын өңдеу интеллектуалды алгоритмі арқасында

жалған іске қосылуларды минимизациялау арқылы жүзеге асырылады.

Өз уақытылық, авторизацияланған тұлғаларға тікелей рұқсатты, оқиға

болғанға дейінгі іс-әрекетті қарауды, яғни қауіп дабылы қосылғанға дейін

бірнеше секунд бұрын алынған бейнежазбаны қарауды алынған алгоритм

14

бойынша, жүйе операторының қатысысыз өз бетімен шешім қабылдау

мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

1. 2 Бейнебақылау жүйесі

Бейнебақылау жүйесі нақтылай қарқын алған беті 25 жыл бұрын бастау

алған. Олар толығымен аналогтық жүйеден құралып, бертін келе сандыққа

ұласты.

Ал, қорғау телебақылау жүйесі(немесе қарапайым түрде «бейнебақылау»)

өткен ғасырдың 40-шы жылдардың басында пайда болған.

Бейнебақылау жүйесінің алғашқы монтажы 1942 жылы Siemens AG

компаниясы Германиядағы Фау-2 ракетасын ұшыру кезінде бақылау

мақсатында жасаған болатын. Жобаның іске асып, бейнебақылау монтажына

жауапты - инженер Вальтер Брукх болатын.

Еікніш дүнижүзілік соғыстан кейін бейнебақылау жүйесі АҚШ пен

Ұлыбританияда пайда болды, әскери базалар мен стартегиялық объектілерде,

арнайы қызметтерде қолданылды.

Ал АҚШ та алғашқы коммерциялық бейнебақылау жүйесі 1949 жылы

жүзеге асты, ол Верикон деп аталатын.

60-шы жылдар орын алды. Бейнебақылау монтажы принципке сай

болған-ды: әр камераның өзіндік мониторы болатын. Ал қосымша қосылыс

мүлдем ақталмайтын. 60-шы жылдары орнатылған бейнебақылау жүйелері ақ-

қара түсті және төменгі кеңейтілімді камералардан тұрды, біздің

заманымыздың тілімен айтқанда, 0, 3 Мегапиксельден аз, коаксиальды кабель

арқылы байланысқан рұқсаттылық болатын-ды. Әр камера өзіне тиесілі ақ-қара

түсті монитормен байланысты. 16 каналдық бейнебақылау жүйесі 16

мониторды талап ететін, ал бейнежазылым туралы мүлдем ой да болмаған. Ол

кездегі бейнебақылау жүйелері қымбаттылығына сай, тек коммерциялық және

маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерде ғана қолданылғаны бізге

мәлім. Ал бірақ та 60- шы жылдары да бейнебақылаудың техникалық дамуы

қарқынды серпінмен іске асып жатты. Ең бастысы, бөлшектеуші жәшіктер

пайда болды.

Бөлшектеуші жәшіктер опереторға камера аралығында бақылауға

мүмкіндік беретін. Операторлар бір камера көрсетілімін ғана емес, қатарынан

басқа камералар көрсетілімін де көре алатын мүмкіндігіне ие болды.

1968 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк штатындағы Олиэн қаласы-

әлемде құқықбұзушылықпен күрес мақсатында басты көшесіне бейнекамера

орнатқан алғашқы қала болып саналды. Өз кезегінде, бейнебақылау

камерасынан алынған мәлімет тікелей милиция басқармасына жол тартып

отырды. Бұл іс Олиэн қаласын құқықбұзушылыққа қарсы күресте көшбасшы

етті.

70-ші жылдары мультиплексорлар, бейнемагнитофондар мен

антивандалды корпустік камералар пайда болды. Мультиплексорлар бір

мониторда бірнеше камера көрсетелімін көрсететін жағдай туғызды.

15

Бейнемагнитофондар балық камералардың жазылымын бір мезетке басылуын

қамтамасыз етіп, бір мониторда отырып бір уақытта көрсетіліп тұрған

суреттемелер санын ауыстыру мүмкіндігіне жол ашты.

Бейнебақылаудың «Алғашқы ұрпағы» кемшіліктерге толы болды. Бұл

арине 80-ші жылдардағы бейнемагнитофондар ақауларынан туындайды.

Бейнмагнитофондар өте қырсық болатын. Ал жазылым сапасы нашардың

нашақоры.

Бейнебақылау камераларының суреттемелері өте сапасыз, бейнелента

нашар болды, ал тағы бір кемшілігі - жақсы түсіріліп алған техникалық

шешімнің өзі жарамсыз болатын, себебі қыбыры көп, қисыны жоқ суреттемені

идентификациялау яғни нақтылау мүмкін емес болатын. Сондықтан да,

бейнебақылауға артылған үміт ақталмады деуге әбден болады.

Бейнемагнитофонның жұмыс істеу технологиясы операторға жағдайды көруге

көрімдік бермей, оған қоса жазылым басуға да жағдаят туғызбайтын-ды. Соған

орай, іздеу үрдісі архивте болсын болмасын, қиындыққа кенелтетін.

Қозғалысты қадағалайтын арнайы қондырғының көмегімен не іс- әрекетті не

қашықтықтағы көрсетелімді басқарылу бітуі болмайтын жұымс тұғын.

Эксплуатациядағы қымбат қондырғылар негізгі түйіндемеге сәйкес

жоғарғы функционалдылық пен сеіді жұмысты қамтамасыз ете алады деліндер,

бірақ та бейнебақылау монтажы

ұйымдастыру кезінде қомақты

қондырғылардың қажеті де қанағаттандырмай шықты. Яғни, жай ғана

қаражаттың көз болып, нәтижесіз мәмілеге алып келіп отырды.

90 шы жылдардың ортасына қарай, бейнебақылау «екінші ұрпағына» аяқ

басты, бұл кезде сандық бейнерегистраторлар пайда бола бастады,

Digital

Video Recorders(DVR) - бұл жоғары сапалы бейнесуреттемелерді жазуға

мүмкіндік берді. DVR өз кезегінде алғашқы ұрпақтың кемшілігін кмелте түсті,

яғни бейнелента жөнін шешті десек болады. Сандық регистратордың қатқыл

дискісі бейнкассетаға қарағанда, ұзақ жасайтын және сыйымдылығы мол болып

келді.

Сандық бейнерегистраторлар автоматты түрде жұмыс атқарады және

ешқашан да жазылу үрдісінде пайдаланушыны қажет етпейді. Жазылған

бейнсуреттемелерді көрген кезде, регистратор жазылымды тоқтатпай, әрі қарай

жалғастырып жаза береді. Бейнесуреттемелердің міндетті атрибуттары ретінде

күні мен уақытының қойылуы болатын. Бір сөзбен айтқанда, бейнекөрсетілімді

көру және іздеу оңтайлы шешімін тапты. Регистратор TCP/IP (интернет-

Протокол) хаттамасын қолданғаннан бері, жеке қолданушылар авторизациялық

қолжетімділік арқылы бақылауда болып жатқан жазылымды не онлайн ретінде

көре отырып, бөлмедегі дыбысы естуге, Локальды желі немесе Интернет

арқылы камераларды және жүйені толықтай басқара алады. Осылайша,

интернет желісі жүргізілген қайсыбір жерде болмасын, үлкен көлемді

ақпаратты ұстай алатын жағдаят орталығын ұйымдастыруға болады.

Қаншалықты қашықтықта болса да бір- бірімен байланыса алатын операторлар

посттарын құруға болады.

16

Заманауи камералар былай басқаруға да болады: камера жағдайын

көлденең және тігінен жазықтықта орналастыруға болады, объективтердің

әралуандылықтары мен (кейбіреуіне жұлдыздар

жарығы да жеткілікті) . Аудио- бейнебақылаудың бөлінбес бір бөлшег і іспеттес

болды. Бұл арине, операторға барлық оқиғаларды баяндап та суретеп те

сойлестіріп те береді. Бейнебақылау жазылымының екінші ұрпағы бір

ғимаратты басқарып қана қоймай, сонымен қатар қашықтықтан бақылауға да

қол жетімді болды.

Осы жақында ғана бенебақылау жүйесінің үшінші ұрпағының заманы

орнады: бұл - ІР-бейнебақылау жүйесі- толығымен сандық . . .

Қазіргі таңдағы жүйелер сонау кассеталы бейнерекордермен байланысқан

аналогтық камералардан алдеқайда алшақта. Ендігі кезде, сандық жүйелер

желілік камералар мен жазылымға қажетті компьютерлік серверлермен

жабдықталған. Негізі, толықтай аналогтық және толықтай сандық жүйелердің

аралығында бөлшектенген сандық шешімдер болған-ды. Бұл шешімдер

бірнеше сандық компоненттерден тұрады, бірақ толықтай сандық болмады. Ал

осы таңдағы желілік бейнежүйелерде бейнеақпарат тұрақты түрде ІР-желі

арқылы жүргізіліп тұрады; олар толығымен иілгш әрі масштабты болып

табылады.

Толықтай аналогты жүйелер:

1) кассеталы рекордермен аналогты CCTV-жүйелері;

2) бөлшектенген сандық жүйелер;

3) сандық бейнерекордермен аналогты CCTV-жүйелері;

4) желілік сандық бейнерегистратормен аналогты CCTV-жүйелері;

5) толығымен сандық жүйелер;

6) бейнесерверлермен желілік бейнежүйелер;

7) желілік камералармен желілік бейнежүйелер.

Кассеталы бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV- жүйелері-

бұл коаксиальды кабель арқылы жүргізілген толығымен аналогты жүйе,

жазылым кассеталы бейнерекордерде жүзеге асты.

Сурет 1. 1- кассеталы бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV-

жүйесі

Кассеталы бейнерекордерлер үйдегі бейнемагнитофон қолданатын VHS

кассета түрін қолданады. Бейнеақпарат сығылмайды, сондықтан да бір

кассетаға 8 сағаттық жазылымды ғана жаза алатын еді. Үлкен көлемді

17

жүйелерде камералар аралығында және кас сеталық бейнерекордерді

байланыстыратын коммутатор пайдаланылуы мүмкін. Ал көрсетілімді аналогты

монитор арқылы көре аламыз.

Сандық бейнерегисторлармен байланысқан аналогты CCTV-жүйелері-

бұл сандық жазылыммен қолданылатын аналогты жүйе. Сандық

бейнерегистраторда бейнелік жазуды үйымдастыру үшін бейнекассеталар

қатқыл дисуктермен алмасқан. Бейнеақпарат сандықталып, сығылып және

сапасы кетпей бірталай уақыт сақталынады.

Сурет 1. 2- Сандық бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV-

жүйесі

Бұдан алғашқы бейнерегистраторларда қатқыл дисктердің көлемі

шектеулі болатын, сондықтан да жазылу да соншалықты қысқа түрде

жүргізілетін, ал соған бола секундтық кадрлар санын азайту керек болды. Ал

заманауи даму деңгейінде қатқыл дисктердің көлемін ұлғайту міселе емес

болып қалды. Сандық бейрегистраторлардың көпшілігі бірнеше

бейнекірістерден тұрады: - қарапайым 4, 9 және 16, - бұл өз кезегінде

коммутаторлар ретінде де қолданыла алады.

Сандық бейрегистраторлармен байланысқан жүйелер келесідей

мүмкіндіктерге ие болып табылады:

1) кассеталарды ауыстырып әуре болмайды;

2) тұрақты сапалы суреттемелер;

Желілік байланысқан аналогты

CCTV-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнебақылау жүйелерінің жіктелуі, қызметтері
Бейнебақылау жүйелерінің заманауи дамуы
Желілік камераларға қосылған желілік бейне жүйелер
Желілік камералармен желілік бейнежүйелер
Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы мен жаңартылуы
Бейнебақылау жүйесінің қазіргі таңдағы технологиялық қажеттілігін ерекшелеп, заманауи даму тоғысындағы 3 ағыннан қалыспайтындай, күзетшінің жұмысын жеңілдетдей бейнебақылау жүйесіне бағдарлама жасау
Компьютерлік желі - коммуникация құралы ретінде
Сандық бейнебақылау жүйелеріннің жіктелуі
Бейнебақылау жүйесіне орнатылатын бағдарламалар
Құрылымдық кәбілдік жүйесін жобалау принцинтеріне шолу және талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz