Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған компоненттер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Ержанұлы Ернар

Комуналдық төлемдер есебінің ақпараттық жүйесін құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Алматы 2018
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік факультеті

Ақпараттық технологиялар, математика және физика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Комуналдық төлемдер есебінің ақпараттық жүйесін құру


Беттер саны 73
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 17
Қосымшалар 28

Орындаған Ержанұлы Ернар

2018 ж. ____ _______________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісінің м.а.,а-ш.ғ.к., асс.профессор

_______________

Серікбаев Ә.У..

Жетекші:
аға оқытушы

_______________

Чингенжинова Ж.С.

Арнайы тараулар кеңесшілері:

Экономикалық бөлім
т.ғ.к., профессор

_______________

Қарымсақова Г.

Өміртіршілік қауіпсіздігі

_______________

Сапарбаев С.

Норма бақылау
ф-м.ғ.к., доцент

_______________

Киргизбаева Б.Ж.

Сарапшы

_______________

_______________

Алматы 2018 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
9
1.1 Қойылған мәселенің қазіргі жағдайы
11
1.2 Ақпараттық жүйені жасау қажеттілігін негіздеу
11
1.3 Автоматтандырылған ақпарат жүйелерінің классификациясы
14
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізудің әсерлері және проблемалары
15
1.5 Мәліметтер қорын ұйымдастыру
19
1.6 Есептің қойылымы
22
2 Программалық қамтамасын таңдау
23
2.1 Borland Delphі ортасының интерфейсі
23
2.2 Динамо спорт дүкенінің автоматтандырылған жүйесінің проектісін құрудағы визуалды компоненттер
33
2.3 Borland Delphi ортасында автоматтандыру жүйесін жасау
35
2.4 Деректер қорында сұраныс және есеп құру
43
2.5 Borland Delphi-де кестелерді байланыстыру әдістері
46
2.6 Деректер қоры объекттері және компоненттері
52
3 Программаның баяндалуы
60
3.1 Жалпы мағлұматтар
61
3.2 Функционалдық тағайындар
61
3.3 Логикалық құрылымның баяндалуы
61
3.4 Шақыру және жүктеу
64
3.5 Қажетті техникалық жабдықтар
64
3.6 Кіріс мәліметтер
64
3.7 Шығыс мәліметтер
64
3.8 Қолданушыға нұсқаулық
64
ҚОРЫТЫНДЫ
69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
70
ҚОСЫМША
71

КІРІСПЕ

80 жылдардың басында біздің жүз жылдықта IBM фирмасы IBM PC бірінші өздерінің дербес компьютерін шығарып сатуға жіберді - ол өзінің IBM PC дербес компьютерін сатуға шығарды, ол қол жетімді бағасымен, қолдану аумағының әмбебаптығымен, жүзеге асырудың қарапайымдылығымен және ең бастысы конструктурдағы ашық архитектура принципімен есептеу техникасы нарығын тез жаулап алды.
ДК іскерлік қолдану облысында көп қолданылды. Арзан, сенімді компьютер тез программалық қамтамамен тез дами бастады, көптеген фирмалар IBM-біріктірілген дербес компьютерлер клонын шығара бастады.
Есептеу техникасы күннен күрге қарқынды даму үстінде. Адамның интенсивтік қызмет облысын есептеу техникасыз елестету мүмкін емес болып отыр. Осындай жағдайда, дербес ЭЕМ үшін программалық қамтаманың маңызы зор. Ұймдардың нақты мамандандырылған есептерін шешетін қолданбалы программалар қажет. Қазір уақыттағы автоматты басқарудың құралдарын ендіру мастабы мен темпі жан жақты зерттеулер мен теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешу кезінде кешенді зерттеулер жүргізу міндетін қойып отыр.
Соңғы жылдары шарушылықты басқарудың үлестірілген жүйесінің концепциясы туындап отыр, онда ақпаратты дергілікті өңдеу қарастырылады. Үлестірілген басқару идеясын жүзеге асыру үшін дербес ЭЕМ базасында әрбір басқару деңгейін және Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) әрбір пәндік облысын құру керек.
Басқарудың әрбір объектісіне олардың атқаратын қызметтеріне байланысты автоматтандырған жұмыс орнын қарастыру керек. Бірақ АЖО құру принципі ортақ болуы керек: жүйелілігі, иілгіштігі, тиімділігі, тұрақтылығы.
АЖО жүйелілік принципіне сәйкес жүйені функцияналды міндеттерді атқаратын құрылым ретінде қарастыру керек.
Иілгіштік принципі мүмкін қайтақұрулардағы жүйенің ішкі жүйелерінің құрудағы модулділігінің және олардың элементтерінің стандартизациясы арқасында бейімделуі.
Тұрақтылық принципі АЖО жүйесі ішкі жағдайғада, сыртқы жағдайға да қарамай негізгі қызметін атқаруы. Бұл оның жеке бөлімдеріндегі ақаулар оңай жөнделуі керек, ал жүйенің жұмыс қабілеті - тез қалыпқа келінуі керек.
АЖО тиімділігін жоғарда көрсетілген принциптердің жүзеге асырудың интегралды көрсеткіші ретінде қалыптастыру керек, ол жүйені құру мен жүзеге асыруға қатысты шығындар.
АЖО функцияналдануы ақпаратты өңдеу кезінде машина мен адам арасындағы жүктеме мен функцияны дұрыс таратқанда ғана сандық тиімділікті береді. Тек сонда ғана АЖО еңбек өнімділігі мен басқару тиімділігін көтереді. Қосымша өңдеудің мақсаты коммуналдық қызметтерге арналған Коммуналдық төлемдер есебінің ақпараттық жүйесін құру болып табылады. Программа төлемдер жүргізу уақытында төлемдерді тексеруге, ақпараттарды тез табуға, анықтауға мүмкіндік беру керек және жасалған жұмыс нәтижелері бойынша қортынды есепберу құжаттарын алуға мүмкіндік береді.
Бұл дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады:
ЕСЕП ҚОЙЫЛЫМЫ бөлімінің мазмұны:
Дипломдық жобадағы орындалатын есептің дұрыс қойылуы;
кіріс және шығыс құжаттарды сипаттау;
интерфейске қойылатын талаптар;
ЖОБАЛАУ БӨЛІМІНІҢ мазмұны:
oo ақпараттық база сипаттамасы;
oo жобалау;
oo тестілеуді ұйымдастыру.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛДАР бөлімінің мазмұны:
oo қолданылатын операциялық жүйенің қысқаша сипаттамасы: Windows ОЖ туралы ақпарат;
oo мультимедиялық қосымшалар құрудың негізгі технологиялары туралы қысқаша ақпарат;
ЭКСПЛУАТАЦИЯ бөлімінің мазмұны:
oo аппараттық қамтама талаптары: аппараттық ресурстардың минималды конфигурациясы;
oo программиске нұсқаулар: орнату ережелері мен шарттары;
oo программаны баптау мен модификация туралы ақпарат;
oo қолданушыға нұсқау: программалық өнімді жүзеге азыру бойынша нұсқаулар.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ келесілерден тұрады:
oo өңдеуге кеткен шығындар: ішкі жүйені таңдау, есептің кұрделілігі, жаңалық дәрежесі және т.б.;
oo техникалық қамтамаға шығындар есебі: қосымша құру кезіндегі компьютер конфигурациясы құрамының тізімі, амортизация құны;
oo экономикалық тиімділік есебі: жұмысты қолмен және компьютер көмегімен орындаудың экономикалық айырмашылығы.
oo жалпы принциптер және еңбек қорғау бойынша заңдар;
oo дербес компьютермен жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі;
oo қоршаған ортаны қорғау.
ҚОРЫТЫНДЫ бөлім келесілерден тұрады:
oo орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қортынды;
oo оның қолданылуы бойынша ұсыныстар;
oo даму преспективасы;
oo өзгерту және ары қарай дамыту мүмкіндіктері.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНДЕ дипломдық жобаны жазуға қажет болған әдебиетер тізімінен тұрады.
ҚОСЫМША келесілерден тұрады:
oo модулдің бастапқы мәтінінен;
oo экрандар түсірілімдерінен.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Пәндік облысты сипаттау

Тұрғын үй ұстауға жұмсалатын шығындар. Қазiргi уақытта тұтынушыларда коммуналдық қызметтерде төлемін төлету туралы көптеген сұрақтар туындауда. Келiсiңiз, көбiміз әлі күнге дейін тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар дегеніміз не екенін білмейміз. Біз МПК-ға қандай жұмыстар үшін төлейтінімізді алдын ала қарастырайық. Сіз, МПК сантехнигіне су құбырының кранының төсемiн ауыстыру үшін бір қызметке екі рет төлеуіңіз мүмкін екенін ойланып көрдіңіз бе? Тізімге кірген барлық қызметтер үшін төленіп қойған. Төлемді Алматы қаласының әкімдігі мемелекеттік тұрғын үй қоры үшін бекітеді, ол айына тұрғын үйдің пайдаланылатын 1 кв.м. 15 тенгеден.
Осы соммаға келесілер кіреді:
1) күрделi жөндеу - жалпы үй инженерлiк тораптарды және элеватор түйiндерi ауыстыру; жабындарды ауыстыру; үйлердiң сыртқы қабырғаларын жөндеу; кiрiс подъез есiктерiн ауыстыру және фрамуг;
2) ағымдағы жөндеу - үйдің жалпы бөлігінен тұрады, олар: тұрғын үйлердің күздік-қыстық және жаздық дайындығы бойынша барлық жұмыс түрлері;
3) жайластырушы- апан жөндеуi; отырғызу және жасыл желек екпе ағаштарды суару және үйдiң алдындағы аумағы; аз архитектуралық пiшiндердi қондыру;
4) контейнерлерді алу, контейнерлерді және контейнерлер ауданын өңдеу (дезоброботка);
5) үйлердiң алдындағы аумағын жинау, қарды және жаяу жүргінші жолдарындағы мұз қабаттарын тазалау, көгалдарды тазалау, оларды ору, қысқы уақытта тротуарды дайындау және оларға құм себу,иәлеуметтік сақтандыру, құралдарын, арнайы киімдерді сатып алу, аула тазалаушының жалақысын төлеу, тұрғын үйлердің контейнерлік аумақтарын және тұрғын үйлердiң кiреберiстерін тазалау;
6) кезекті жарықтандыру;
7) 1 және 2 қабаттардан басқа лифтілердің электрқорегі;
8) қызметкерлерді автоматты басқару (жалақы, әлеуметтік сақтандыру, әкімшілік-шаруашылық шығындар);
9) элеватор түйiндерiнің және жылыту жүйелерiнің техникалық қызметі бұл жылыту жүйелерiнің қызмет ету бойынша (тексеру, қосу, сөндiру, сақтау, реттеу, кемшiлiктердi жою, суды ауыстыруы, гидравликалық жуу, жөндеу және электроаппаратура және КИП және А жұмысын қосу), элеватор түйiндерiн қызмет ету бойынша болады;
10) ыстық және суық судыжабдықтауға техникалық қызмет көрсету;
11) сантехникалық - канализацияны, канализациялық тiк құбырларды тазалау, қақпақтар, төсемдер, қосалқы гайкалар, сгондарды, бұрандалар, корондарды, вентилдерді, крандар сақинасын ауыстыру, сонымен қатар, суық, ыстық су жабдықтауды бөгеу, 1 метрден аспайтын ыстық, суық су жабдықтаушы құбырлардың жеке бөліктерін ауыстыру, подвалдағы немесе пәтердегі, 2 метрден аспайтын шойын канализация құбырларын ауыстыру, техникалық қабаттағы вентилдегі течтерді жөндеу, канализациялық құбырлар отыруын болдырмау, ғимараттар астындағы суларды сорып төгу, жертөледе өндiрiстік профилактикалық жөндеу жүргізу;
12) электрмен жабдықтаудың уақытша сұлбасын электротехникалық орындау; негізгі таратушы щитте (НТЩ) өртенiп кеткен қорғауыштарын ауыстыру; қабатта орналасқан жанып кеткен НТЩ - ның нөлдік фаза өткізгіштерін қалпына келтіру, кезекшi жарықтандыруға кернеудi беру; кезекшi жарықтандырудың қосқыштарын ауыстыру;
13) есептеу орталықтарының қызметтері;
14) су тұтынудағы жалпы үй құралдарына техникалық қызмет көрсету.
Меншікті пәтерлер көперативтерін басқарудың бұрынғы органы көператив мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Сіздің кооперативіңізге қатысты барлық шешім тек жиналыста қабылдануы керек.
Сонымен қатар, осы ғимараттағы нақты тұрып жатқан азамат саны бойынша жүргізіледі. Бір ай ішінде бірге тұратын тұрғынның немесе тұтынушының жоқ болған жағдайында, құжат бойынша расталса, сумен қамтамасыз ету, канализация, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоқыс лақтыру, лифтіге қызмет көрсету төлемдерін жоқ болған уақытына қайта есеп жүргізуге болады. Бұл жағдайда, сізге МПК-іне және қызмет көрсетушілерге өтініш жазып, растаушы құжатты бірге тапсыру қажет.
Оны өзіңіз кеткенге дейін жасаған жөн. Өтінішті ең дұрысы екі дана жасау қажет. Бір данасында өтінішті қабылдаушының (аты-жөні, қызметі, қабылдаған күні, кіріс нөмірі) қолы болуы керек, біреуін өзіңізге қалдырыңыз. Бірақ, жылу жабдықтауға және үйде бекітілген шектеуде ортақ мүлікті ұстау төлемдерін өзіңіз жоқ кездеде төлеуіңіз қажет.
ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 42 статьясында "Жазбаша сұрату жүргізу" деген 2- бабты жалпы жиналыста таңдалған жауапты тұлғалармен енгізу көзделген. Шешім тұрғындардың жартысынан көбі осы шешімге дауыс берсе қабылданады.

2.2 Қолданыстағы жүйені сипаттау

Операциялық жүйе компьютер ресурстарын (жедел жады, қатты диск, процессор, периферия) басқаруға мүмкіндік беретін программалар кешені Операциялық жүйесіз ешқандай қолданбалы программаны, мысалы мәтіндік редакторды іске қосу мүмкін емес. Сондықтан операциялық жүйе - бұл оның ішінде әртүрлі қосымшалар өңделетін база.
Windows - бұл жай ғана операциялық жүйеден де артық, өйткені бұған пернетақтадан жалықтыратын командаларды енгізбей-ақ жұмыс істеуге болады. Windows ОЖ-де барлық ақпарат интуитивті- түсінікті графикалық қабықша түрінде көрсетілген, сондықтан дербес компьютерді қолданушы дерективалар мен командаларды енгізбей тиімді жұмыс істей алады.
Ең бастысы, қажетті қосымшаны және құжатты тауып, сәйкес жарлыққа тышқан батырмасымен шерту жеткілікті. Құжаттарды және қосымшаларды іздеуді қысқарту үшін Windows жұмыс үстелі деп аталатын концепцияны ұсынады. Windows жұмыс үстелінде құжаттар мен бумалар орналасқан жазықтық моделі бар.
Windows дискісінде сақталған файлдарды сақтау үшін бума қолданылады. Бұл Windows ОЖ-нің кез келген бумасы сіздің компьютеріңіздің файлдар жүйесінен тұрады
Осылайша, Windows ОЖ-де бумалар ақпаратты сақтаушы болып табылады. Онда басқа бумалар, файлдар, құжаттар, басқада қосымшалар болуы мүмкін.
Windows ОЖ-де бума ол MS-DOS-тағы каталогтар болып табылады.
Windows ОЖ-де компьютер Мой компьютер бумасы түрінде беріледі..
Windows ОЖ-де жататын элементтер жүйелік бумада орналасады. Мысалы, Қаріптер бумасы компьютерден қаріпті өшіру немесе оны орнатуға жауап береді, ол жүйелік бумада орналасқан.
Панель управления бумасы элементтері сіздің қалауыңыз бойынша компьютерді баптауға мүмкіндік береді.
Компьютер құрамын қарау үшін Мой компьютер бумасын ашу жеткілікті. Windows ОЖ-де бумалар мен қосымшаларды меню командалары арқылы басқаруға болады. Менюдағы әрбір команда меню сызығында орналасады. Таңдалған атауды шертіп командалы сұхбатты немесе ішкі менюді ашамыз.
Windows ОЖ-ның қандайда бір объектісіне көшу жарлықтар көмегімен жүргізіледі. Мысалы, тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы Internet ашуға болады.
Бумадағы немесе жұмыс үстеліндегі жарлықты өшіріп, қосымшаның өзін емес тек қосымшаға тез қатынау жолын өшіреміз. Windows жарлығының пиктограммадан артықшылығы осы.
Пиктограмма - бұл Windows қосымшаларын сіздің экраныңызда картинка түрінде көрсетеді.
Пиктограмманы өшіруде сақ болу керек.
Windows операциялық жүйесінің кез келген қосымшасы терезе деп аталатын тіктөртбұрыш экран аумағында қолданылады. Терезені ашып, жинауға болады, мысалы, терезе тақырыбын екі рет шерту арқылы терезені жинауға және оны қайтадан қалпына келтіруге болады. Терезені жабу орындалып жатқан программаны тоқтату. Оны жабу батырмасын басу арқылы жүзеге асырамыз.
Windows терезесі қосымша терезесі және құжат терезесі деп бөлінеді.
МПК қосымша мен лицензияны беру және өңдеу кезіндегі, деректерді өңдеудің қолданыстағы жүйесі MS EXCEL қолданатын программалық қамтамасы өңдеу қажет. MS EXCEL редакторын көмегімен лицензиялау бойынша, шығыс формаларды баспаға шығару шаблондары, қабылданған және шығарылған лецензиялар реестрін құру жүзеге асырылады. Excel программасының жұмыс терезесі тақырыптыі стандартты жолынан және команда панелінен тұрады. Ондан кейінгі жол өріс атынан және жол атынан тұрады. Программаның қалып-күй жолы ағымды таңдалған команда немесе операция туралы ақпарат шығарады.
Excel жұмыс парағы көпжолдық құжат. Жұмыс кітабының жұмыс беті деп аталады, осы уақытта белсенді бет құжаттар терезесінде көрсетіледі. Әрбір жұмысшы парағы жол мен бағанға яғни ұяшыққа бөлінген. Баған - бұл вертикалды бөліктер, жолдар - горизонтал. Ұяшық жолдар мен бағандардың қиылысу аумағы болып табылады.
Ұяшықтар жұмыс парағының негізгі құрылысшы блогы болып табылады. Парақта әр ұяшықтың өз орны бар, ол жерге ақпаратты көрсетуге және сақтауға болады. Оның бірегей координаттары болады, оны ұяшық адресі немесе сілтеме деп атайды. Белсенді ұяшық адресі формула жолының сол жақ соңында орналасқан атау өрісіне шығарылады.
Ұяшыққа салыстырмалы сілтеме, формула орналасқан ұяшыққа салыстырмалы орналасуына негізделіп көрсетіледі. Абсолюттік сілтеме парақтағы оның бекітілген орнын көрсету үшін қолданылады.
Аралас сілтеме салыстырмалы және абсолюттік сілтемеден тұрады. Салыстырмалы және абсолюттік сілтеме парақтың бір жерінен басқа жеріне формуланы көшіру кезінде өте тиімді.
Парақтар ұяшығына деректердің екі типін тұрақтылар мен формулаларды енгізуге болады. Тұрақтылар негізгі үш категорияға бөлінеді: мәтінді, сандық, дата және уақыт.
MS Office құралы құжаттар дайындауда жақсы қолданылады, бірақ бұл құралдар бекітілген уақытта тапсырыстардың орындалуына, көрсетілген қызметке төлемдер есебін, тапсырысты уақытында орындамағаны үшін айып-пұл төлемдеріне толық бақылау жүргізе алмайды.

1.3 Мәліметтер базасының компоненттері және олармен жұмыс істеуге арналған компоненттер

Мәліметтер базасымен жұмыс жасау үшін қолданылатын компаненттер, DataAccess, DataControls, Midas, Qreport және DesisionCube беттерінде болады. DataAccess бетінде визуалды емес компонент орналасқан, олардың көмегімен мәліметке қатынасты ұйымдастыруға болады:
- DataSourse - мәліметтер көзі;
- Table - Мәліметтер базасының кестесіне негізделген мәліметтер жиыны;
- Query - SQL сұрауына негізделген мәліметтер жиыны;
- StoredProc - серверде сақталған процедураға негізі мәліметтер жиыны;
- DataBase - мәліметтер базасы мен байланысуы;
- Session - Мәліметтер базасында ағымдағы жұмыстар сеансы.
DataControls бетінде келесі визуалды компоненттер орналасқан:
- DBGrid - тор ( кесте );
- DBNavigator - навигациялы интерфейс;
- DBText - жазу;
- DBEdit - бір жолдық редактор;
- DBImage - графикалық бейне;
- DBListBox - қарапайым тізім;
- DBComboBox - қиыстырылған тізім;
- DBCheckBox - тәуелдісіз ауыстырып- қосқыш;
- QReport бетінде келесі визуалды компоненттері орналасады;
- QuckRep - есептеу;
- QRSubDetail - байланысқан кестелерге арналған есепберу жолағы;
- QRBand - есепберу жолағы;
- QRGroup - топ;
- QRLabel - жазу.
Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған компоненттер. Мәліметтер база кестелері дискде орналасады. Олар физикалық объекті болып келеді. Кестеде орналасқан мәліметтер операцияларына мәліметтер жиыны қолданылады.
Мәліметтер жиыны. Мәліметтер жиыны жазбалар, ол бір немесе бірнеше мәліметтер база кестелерінен алынған. Жазбалар белгілі бер ережемен таңдалынатын мәліметтер жиыны логикалық кесте деп аталады. Мәліметтер жиынының және кестелердің өзара әрекеттері физикалық файл және файлды айнымалымен өзара байланыстырады. Delphi-де НД жұмысы жұмыс істеу үшін Table Query, StoredProc және DesisionQuery компоненттері қолданылады.
- StoredProc - мәліметтер базасы жойылған әрекеттестік ұйымы,
- DesisionQuery - шешімдерді қабылдайтын жүйелерінің құруыға арналған.
Мәліметтер базасының мүмкіншіліктерін TDataSet сыныбын қамсыздандырады, ол редакциялауы және НД-да ауыстыру. ТTable және ТQuery компоненттері TBDE TDataSet класында туындайды. Мәліметтер база кестесінің орналасқан жерін көрсету үшін DataBaseName қасиеті қолданылады. НД-ны жазбалар санымен басқаруды таңдаудың қосымша түрімен:фильтрация немесе SQL сұранысы арқылы іске асырылады. Мәліметтер жиынымен операция организациялары мәліметтерге екі түрлі амал қолданылады: навигациялық және реляциялық.
Қатынастың навигация тәсілі әрбір жеке мәліметтер жиынының жазбасын өңдейді. Мынау тәсіл жергіліктілермен мәліметтер базасы немесе көп емес жайылған мәліметтер база жұмыстары үшін қолданылады.
Реляциялы тәсілі жазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны өңдеу қажет болса, бәрі-бір бар топты өңделеді, себебі ол бір жазба болып есептелінеді. Реляциялы тәсіл-сұранысына негізделген және SQL бағытталған деп аталады. Жойылған мәліметтер база БД жұмыстары үшін қолданылады .

1.4 Delphi құралдарын мәліметтер базасында пайдалану

Қолданушының стандартты интерфейсі ақпаратты көрнекті түрде көрсету керек, қарапайым жұмыс логикасын іске асыру керек.
Деректер базасының интерфейсі. Кез келген деректер базасы пайдаланушы үшін жеңіл болуы керек, сондықтан да құру алдында кей жағдайларды ескерген жөн:
1. деректі өзгертуге, жоюға нөлдеуге әрекеттен бас тартуға (отмена), іздуге, сақтау, ауыстыру;
2. деректер базасында элементтерін графикалық түрде оңай экранда көрсете білу, баспаға шығару;
3. деректер базасында элементтер бірыңғай стильде болу мүмкін;
4. қолданушының дайындаған құжаттың макетін алдын ала көріп өзгертінгендей етіп болу мүмкін;
5. деректер базасымен жұмысының интерфейсін экономикалық талаптарда безендіруге қойылатын талаптарға сай болу керек.
Интерфестің қазіргі кездегі мүмкіндіктері аса зор. Қалауымызша алынған тілдерде оны құру мүмкіндігіміз бар. Әрине, бұл алынған тіл интерфейс құру заңдылықтарының барлығына бағынуы керек. Деректер базасының интерфейсі шектен тыс бояулы болмаған жөн. Өйткені, бұл жағдай онымен жұмыс істеген адамның есін басқа жаққа ауыстыруы мүмкін. Дегенмен бұл барлық интерфейстерге тарала бермейді. Кейбіреулері, түстер политрасын қажет етеді.
Microsoft Access- деректер қорын құру редакторы. Қарапайым Office - тің құрамына кіретін деректер базасын құру редакторы. Оның комегімен біз деректер базасының негізін, яғни кестелерді құрай аламыз. Осымен қатар отчеттерді де, формаларды да осы редактордың көмегімен жасай аламыз.
Microsoft Access терезесінде Жаңа МҚ түймесін басып оған МҚ деген атау бердім. Осы кезде жаңа деректер қоры ашылады.Бұл терезе көптеген объектілерден тұрады.
Таблица құру үшін, Создать түймесін басқан кезде Создание таблицы в режиме таблицы терезесі ашылады. Таблицаны толтырып, конструктор режимінде олардың типін өзгертім.
Delphi тілінің кең мүмкіндіктері. Delphi - ол бірнеше маңызды технологиялар комбинациясы:
1. машиналық кодтағы жоғарғы өнімділік компиляторы;
2. компоненттің объектілік-ориентирлік моделі;
3. бағдарламалық көшірмеден визуалды (жылдамдатылған) қосымшаларды құру;
4. деректер қорын құруға арналған құрал.
Нәтижелері әртүрлі ұйымдар әзірлеушілері тұрғызуда, көп көңіл бөлетіні мәліметтер базасының құрылғыларын шақыру қосымшасы болып табылады. Олардың көмегімен мұндай қосмшаларды құруға болады. Оларға қойылатын талаптар жалпы түрде былай беріледі: Тезділік, қарапайымдылық, әсерлік, беріктік үлкен әртүрлі өнімдердің арасынан Delphi қосымшасын әзірлеуде алдағы орындарды алады. Delphi-ді әртүрлі дәрежедегі, кәсіби қызығушылықтары бар әзірлеушілер қалайды.
Delphi-ң көмегімен үлкен көлемдегі қосымшалар жазылған, ондаған фирмалармен мыңдаған программистер Delphi үшін қосымша компоненттер ойлап шығарылған. Мұндай жалпы аттаққа ие болу негізінде Delphi-ден басқа бағдарламалаудың ешбір жүйесі жоғарыда йтылған талаптарды қанағаттандырмаған жөніндегі дәлел жатыр. Шыныменде, Delphi-дің интерақтивтік ортасының ара қатынасы ішкі қайшылықтарды тіғызбайды. Керісінше жайлылықты сезінуге болады. Егер әзірлеуші берілген ережелерді сақтаса Delphi қосымшалрыда ыңғайлы. Бұл қосымшалар тасмалдауда өте қарапайым және берік. Delphi пакеті Borland корпарациясының шығарған Pascal тілінің компиляцияланған жүйесінің жалғасы. Pascal тіл ретінде өте қарапайым. Мәліметтер базасының концептуалды көрсетілуі ақпараттық жүйенің құжаттарының бір бөлімі ретінде сақталынуы керек және оның дамуы кезінде қолданылуы тиіс. Ал, мәліметтер типін қатал бақылау қателерді ерте табуға берік және ыңайлы программаларды тез құруға мүмкіндк береді.
Borland корпорациясы тілді әрдайым байытып отырады. Бұрын 4.0 нұсқасында бөлек трансляциалану құралдары қосылған болған. Кейінен 5.5 нұсқасынан бастап объектілер пайда болды. Ал, 6 нұсқа пакетінің құрлымына Turbo Vision- ң толық кәтапхана кластары кірді. Ол видиоадаптор жұмысының мәтіндік режимінде терезелік жүйені іске қосты. Бұл программаны өңдеудегі интеграцияланған ортасы бар ең алғашқы өнім болып есептеледі.
Бастауыш программистер үшін инструменталды құралдарды шығаруды Borland компаниясының өнімдерімен Microsoft корпорациясының Visual Basic ортасы бәсекелеске түсті. Онда интеграция жайындағы сұрақтармен жұмыс істеу жағдайы ыңғайлы болатын. 70-ші жылдардың басында Н.Вирт Pascal туралы хабарламаны жариялағанда ол аз көлемдегі ыңғайлы негізгі ұғымдары бар және программалау тілінің резервтелген сөздері бар студенттерді оқытуға бағытталған хабарлама еді.
Delphi 7.0 ортасы - бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады.
Delphi 7.0-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 - нұсқалары жарық көрді. 6, 7 - нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған.
Delphi 7.0-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL - Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi 7.0-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi 7.0 көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру.
Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows-тың барлық талаптарын мен спецификасын ескеретін Windows-тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды программаларын құру. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Delphi 7.0-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
Pascal тілін пайдаланудағы артықшылықтар: бір жағынан Visual Basic тен ерекшелігі болса, яғни ол аралық кодтың интерпритациясына негізделіп, ол үшін машиналық кодты генерациялайтын компиляторы бар және оның көменімен айтарлықтай жылдам програмаларды алуға болатындығы болса, екінші жағынан С++- ке қарағанда Pascal тілінің синтаксисі өте жылдам компиляторды тұрғызуда негіз болатындығы.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы
(Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз - белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады [5].

Мәліметтер базасының қолданбасын құруда қолданатын компоненттерді қарастырайық.
Delphi ортасында екі компоненттер кітапханасы бар: VCL және CLX. VCL компоненттер палитрасы келесі компоненттер парақтарынан тұрады: Standard, Additional, Win32, System, Data Access, Data Controls, BDE, ADO, Qreport, Rave, т.б.
Delphi ортасында пішін құру қадамдары: Пішін құру үшін Delphi 7 (ПускПрограммы Borland Delphi 7 Delphi 7) утилитасын жүктеу керек. Delphi 7 жүктелген кезде Form1 терезесі пайда болады. BDE парағынан Table компонентін түсіріп, объекттер инспакторында келесі қасиеттерге DatabaseName, Table Name алиас пен кесте атын беріп, Active қасиетінде True таңдау керек. DataSource компонентін (Data Access-парағынан) Form1-ге түсіріп, DataSet қасиетін беру керек. DBGrid компонентін (Data Controls-тан)
Form1-ге түсіріп, DataSource қасиетін берген кезде Form1 таңдалған кестенің жазбаларымен толады. Енді құрылған пішінге батырмалар BitBtn (Additional-парағынан) түсіріп Kind қасиетінен керегін таңдап, жазбаларды қимылға келтіруге болады.
Delphi ортасында бірнеше байланысқан кестелер бойынша пішін құру үшін TQuery компонентін (BDE парағынан) қолдану керек. байланысқан кестелер бойынша кестелер құру қадамдары: пішін құру үшін Delphi 7 (ПускПрограммы Borland Delphi 7 Delphi 7) утилитасын жүктеу керек. Delphi 7 жүктелген кезде Form1 (немесе келесі бос Form х) терезесі пайда болады. BDE парағынан Query компонентін түсіріп, объекттер инспекторында SQL қасиетін беру керек.
DataSource компонентін (Data Access-парағынан) Form1-ге түсіріп, DataSet қасиетін беру керек. DBGrid компонентін (Data Controls-тан) Form1-ге түсіріп, DataSource қасиетін беру керек. Енді терезені безендіру үшін Label компонентін (Standard парағынан), DBEdit (Data Controls парағынан) түсіріп керекті қасиеттерін беріп жазбаларды қимылға келтіруге болады. Пішінді іске қосу үшін F9 басу керек.
Delphi 7.0-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
ҚЖО (қолданушы жұмыс облысы) дегеніміз оперативтік зерденің бір бөлігі. Оның мәліметі МҚБЖ және бағдарламалар пакетінде (БП) қол жеткізер жерде болады 1 суретте көрсетілген.

БП

8

ҚЖО

МББЖ
Схема бөлшектері
Оперативтік жүйе
ДБ
Буфер жүйесі
1
7
6
3
4
2
9
5

1 сурет Сұлбаның жұмысы

Сұлбаның жұмысын нұсқаулар бойынша келтіреміз:
1) бағдарлама пакеті МҚБЖ-ге өтінішпен қарайды;
2) схеманы және оның бөлшегін талдау арқылы МҚБЖ өтінішке жауап іздеу жолдарын қарастырады;
3) сыртқы зердеден мәліметтерді енгізу-шығару операциясын орындау үшін МҚБЖ оперативтік жүйеге жол салады;
4) осы операцияны тікелей оперативтік жүйе басқарады (немесе ДБ-на жолығады);
5) өтінішпен келегн мәліметтер зердеден буфер жүйесіне беріледі;
6) МҚБЖ мәліметтерді буфер жүйесінін ҚЖО-ға береді;
7) өтінішке қызмет көрсету үшін орындалған әртүрлі процедуралар нәтижелері туралы информацияны МҚБЖ бағдарлама пакетіне береді;
8) мәліметтерді бағдарлама пакеті өңдейді (ҚЖО-да орналасқан);
9) буфер жүйесі МҚБЖ-мен басқарылады (буфер жүйелері бірнеше болуы мүмкін).
Мәліметтер базасы компоненттердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан олардың аттары жалпылай болу керек. МҚБЖ технологиясында ДБ-ның атының орнына жалған атау (оны тағы алиас деп атайды) меншіктеу керек, сонда утилиттерден және МҚБЖ бағдарламасынан мәліметтер базасына байланыс осы жалған ат арқылы іске асады.

1.5 SQL тілі- деректор қоры

SQL мәліметтерді өңдеу және оқу үшін арналған құрылғы болып табылады. Ол компьютердің мәліметтер базасында орналасқан SQL - бұл сұраныстың тілінің құрылымдығқ атының қысқаруы (Structured Query Language). Атына сәйкес SQL тілі қолданушы мен мәліметтер базасының ара қатынас ұйымдастыуда қолданылатын программалау тілі болып есептеледі. Шын мәнінде SQL реляциялық типтегі мәліметтер базасымен ғана жұмыс істейді. 2 суретте SQL-ң жұмыс істеу сызбасы көрсетілген.

2 сурет SQL тілін деректер қорына өтуде қолдану

Бұл сызбаға қарап есептің жүйесінде маңызды ақпараты бар мәліметтер базасын көреміз. Егер есеп жүйесі бизнес сферасына қатысты болса, онда мәліметтер базасында материалдық құндлықтар, шығарылатын өнімдер, сату көлемі және жалақы туралы ақпараттар сақталынады. Дербес компьютердің мәліметтер базасында үлкен есептеу жүйесінен алынған қол қойылған чектер туралы, мекен - жайы, телефондар туралы ақпараттар сақталынған. Мәліметтер базасын базасын басқаратын компьютелік бағдарлама немесе ДҚБЖ деп аталады.
Егер қолданушыға мәліметтер базасынан мәліметті алуға қажетті болса, SQL көмегімен ДҚБЖ ға сұраныс жібереді. ДҚБЖ сұранысы өңдеп қажетті мәліметті тауып қолданушы жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтижені алу процесі мәліметтер базасына сұраныс деп аталады. Сондықтан жүйеленген сұраныс тілі деген ат осыдан пайда болған.
Бірақ бұл атау шындыққат сәйкес келмейді. Біріншіден, қазіргі SQL қарапайым сұранымдарды туғызатын құрылғыданда үлкен, бірақ бастапқыдан тек қана сол үшін арналған болатын. SQLдің ең негізгі функциясының бір мәліметтерді оқи алатындығы болғанымен қазіргі кезде бұл тіл барлық функционалдық тілді іске асыруда ДҚБЖ- ң қолданушыға беретін мүмкіндіктерін айтайық.
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтердің жалпы құрлысын өзгертуге және мәліметтер базасының элементтері арасындағы қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер базасында бар мәліметтерді оқуға және оларды қолдануға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер базасын өзгертуге, яғни жаңа мәліметтерді қосуға, сонымен қоса бұрыннан бар мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Қатынасты басқару. SQL-дің көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқуда және өзгертуде мүмкіндіктерін шектей отырып санкцияланған қатынастан қорғау.
Мәліметтерді бірлесе отырып қолдану. SQL қолданушылар арасында мәліметтерді бірлесе отырып пайдалануды қамтамасыз етеді. Олар бір - біріне кедерлі келтірмеу үшін параллельді түрде жұмыс істеуді.
Мәліметтердің тұтастығы. SQL мәліметтер базасының тұтастығын қамтамасыз ете отырып, келіспеген өзгертуден және жүйенің бас тртуынан қорғайды. Сондықтан SQL ДҚБЖ - мен қатынасуда ең мықта тіл болып табылады.
Екіншіден, SQL - бұл COBOL, FORTRAN немес Стипіндегі толық емес компьютерлік тіл. SQL - де шарттарды тексеретін IF операторы, тасмалдауды ұйымдастыратын GOTО және циклдарды құратн DO немесе FOR операторы жоқ. SQL мәліметтер базасы тілінің астары болып табылады. Оның құрамына 30-ға жуық мәліметтер қорын басқаратын операторлар кіреді. SQL операторы базалық тәлге қосымша болады. Мысалы, COBOL, FORTRAN немесе С және мәліметтер базасына қатынас жасауға мүмкіндік береді. Онымен қоса С сияқты мұндай тілдерден SQL операторын ДҚБЖ-ға анық түрде жіберуге болады. Ол функцияларды шақыру интерфейімен іске асады.
Қорыта келсек SQL бұл С немес Pascal сияқты тілдермен салыстырғанда әлсіз жүйеленген тіл болып есептелінеді. SQL-дің операторы ағылшын сөйлемдерін елестетеді және оператордың мәнне әсер етпейтін сөздерден тұрады. Бірақ бұл сөздер оның оқылын жеңілдетеді. SQL-де логикасы жоқ сөздер тіптен кездеспейді. Онымен қоса SQL операторларын жасамайтын арнайы ережелер тобы кездеседі. Олар дұрыс болғанымен ешқандай мәні жоқ.
Өзінің нақты аты болмаса, SQL- реляциондық мәліметтер базасымен жұмыс істейтін жалғыз стандартты тіл болып есептелінеді. SQL- бұл айтарлықтай мықты және оқуға оңай тіл.

1 АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1 Комуналдық төлемдер есебінің ақпараттық жүйесі жасауға арналған есептің қойылымы

Бүгінгі күнгі біздің өмірімдегі кез келген бизнес сферасында және кез келген процестегі маңызды элементтің бірі автоматтандыру. Автоматтандыру біздің тіршіліктегі күнделікті жұмысты орындауға кететін еңбек шығынын, мысалы, мамандардың професияналдық есептеулерге байланысты шығындарды қысқарту. Сонымен қатар, кәсіпорының барлық қызметін бақылау және талдауды максималды жеңілдетеді. Электрондық есептеу құралдарын енгізу, ол кәсіпорынның табысын жоғарлатудың маңызды қадамы.
Менің дипломдық жобамның тақырыбы Коммуналдық төлемдер есебінің ақпараттық жүйесі бір сөзбен айтсақ МПК.
Берілген программа коммуналдық қызмет есебі бойынша МПК жұмыс орнын автоматтандыруды құрдым. Ол осы ұйымның бухгалтеріне коммуналдық қызмет есебінің журналын дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Қолданушы интерфейс - бұл адам мен компьютер арасындағы қатынас.
Интерфейс - Есептеу жүйе ішіндегі бағдарламалар мен құрылғылардың өзара әрекеттесуін(байланысуын) қамтамасыз ететін аппараттық немесе бағдарламалық құрал. Қолданушы интерфейсі - Операциялық жүйе және желі серверімен қолданушының қолданбалы бағдарламалары арасындығы өзара әрекеттестікті(байланысты) қамтамасыз ететін құрал. Қолданушының интерфейстік құралы негізінен жұмысшы станцияларында орналасады және арнайы бағдарламалық модульдердің көмегімен іске асады. Екінші жағынан, қолданушы интерфейсін, қолданушылар мен бағдарламалардың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін құрал деп атауға болады.
Қолданушы интерфейсінің эргономикалық талаптары:
oo қарастырылып отырған пәндік сала мен өнімнің жұмыс істеу жүйесі қарапайым болуы керек;
oo бағдарламамен жұмыс істеу адамға үйреншікті болуы керек;
oo жұмыс барысында қолданушыны дер мезетінде және толық анықтамамен қамтамасыз етілуі керек;
oo ақпаратты бейнелеу үшін компьтердің құралдық және бағдарламалық жабдықтарының түске қатысты мүмкіндіктерін үйлесімді қолдана алуы керек;
oo экранға шығатын бағдарламалық мәтіннің эмоционалды айқын болуы керек;
oo бағдарламамен жұмыс істейтін субъектілердің автономдалған әрекеті, жұмыс істеу туралы, жұмыс ережесі туралы уақытылы және нақты ақпарат беруі керек;
oo интерфейстің кейбір сипаттамаларын қолданушының жеке ыңғайына қарай орнату және баптау (қолданушының ыңғайына сай интерфейсті орнату, экран түсін өзгерту) керек;
oo қосымшаны іске қосқан кезде меню мен жұмыс аумағын көретіндей құру керек.
Менюге қойылатын талап:
1) меню опциялы жолдардан тұру керек, меню опцияларын таңдау кезінде ішкі меню пайда болуы қажет. Ішкі менюден қандайда бір терезе немесе жеке программа модулі іске қосылу керек. Меню экранның бірінші бетінде орналасу керек және программамен таныс емес адамның өзі программаны жақсы түсіну үшін ұқсас программа ішкі пунктардан тұруы қажет;
2) ішкі меню күрделі ағашын қолданбау керек, ең дұрысы бірінші деңгейлік ішкі меню қолдану дұрыс.
Жұмыс аумағына қойылатын негізгі талаптар:
Жұмыс аумағы бастапқы менюден төмен орналасқан облыс- ол деректерді кестеге енгізуге, көрсетуге арналған, сонымен қатар, онда қажетті ақпаратты іздеу, толтыру, іздеуге байланысты әрекеттер орындалады. Сондықтан, жұмыс аумағы қолданушы жұмыс істеу ішін жеңіл, түсінікті болуы керек.
Терезеге қойылатын талап:
Барлық анықтамалар бір құрылымда жасалуы керек, ол қосымшамен жұмыс істеуді жақсартады. Түстің және қанықтылықты ЭЕМ мүмкіндігіне байланысты таңдаймыз, ол қолданушының интеллектуалды қызметіне, оның тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді. Сондықтан қызыл түс жұмысқа кедергі келтіреді, ал күлгін түс қызметке ынтаны арттырады, ал сары түс көздің және жүйке жүйесі қызметін арттырады, ал жасыл түс тыныштандырады:
1) программа түсі адам қабылдауына жайлы болуы керек, жұмыс жағдайын қиындатпау керек;
2) программа терезесі әртүрлі ақпаратпен артық жүктемеуі керек, яғни тек өте қажет ақпараттан ғана тұру керек;
3) реңі қанық және ашық түс қолданылмайды;
4) барлық формалар шамамен бірдей өлшемде болуы керек - бұл жұмыс істеушінің көңілі басқа затқа аумауына мүмкіндік береді;
5) қосымша терезесін монитор шегінде орналастыру керек - бұл бір уақытта әртүрлі қосымшамен жұмыс істеуге м.мкіндік береді;
6) барлық формада үлкен, оқуға ыңғайлы қаріптер қолданылуы керек;
7) сонымен қатар орындалатын әрекеттер көрсетілген, үлкен батырма қолданылуы керек.
Программа интерфейсі жаңа қолданушыға итуитивтік түсінікті болуы керек, өйткені, ол программамен сұхбатты жеңілдетеді. Интерфейс негізгі ОЖ стандарттан онша айырмашылығы болмауы керек.
Экрандық интерфейс көп жағынан қолданушы жұмысының ыңғайлылығын арттырады және ол жұмыс тиімділігін арттыруға әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Егер программа бірден көзге түсетін болса, ол қоданушыны жұмыстан алаңдатады, оның салдарынан программа қолданушысы тез шаршап, қолданушының жұмыс істеу қасиеті төмендейді.
Программаның негізгі мақсаты МПК-дағы коммуналдық қызметтер төлемін есептеу. Программа келесі қызметтерді атқаруы керек:
1) ДҚ жазбаларды енгізу;
2) ДҚ-нан деректерді шығару;
3) ДҚ-нан енгізген деректер бойынша іздеу жүргізу;
4) төлемдер қабылдау;
5) есеп берулер құру.
Windows операциялық жүйесін (ОЖ) таңдаудағы себептердің негізісіне оның дүние жүзіндегі кең таралуы болды. Бұл ОЖ-ның жақсы жақтарына мыналарды жатқызамыз:
oo көп есептілік, программаны іске қосқанда, сонымен бірге қосымша қолданбаларды да іске қосып пайдалануға болады;
oo виртуальды жады қолдамасы болғанда жады көлемін тиімді түрде басқару;
oo пайдаланушыға лайықталған қарапайым, өте түсінікті, тез еске сақтауға болатын интерфейстің болуы. Бұндай интерфейс кең тараған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасының сервері
Кестенің құрылымын құру суреті
Қатынастар құру барысында Реляциялық алгебра - операциясын қолдандық
Жетісу қонақ үйі
Қонақ үй жұмысы
Деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу
Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын жеңілдету
АЖО еңбектің электрондық биржасы
Кестенің қасиетін беру
Мәліметтер базасы, мәліметтер базасын ұйымдастыру
Пәндер