Модульдік оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы


Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады [1] .
Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.
Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі - модульдік оқыту.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар - ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт - бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.
Зерттеу мақсаты: Колледж студенттерінің заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру мәселелерін ашу.
Зерттеу міндеті:
1. Колледждің оқу құжаттарына талдау жасау
2. Заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру жолдарын анқтау.
3. Модульдік оқыту технологиясын пайдалана отырып сабақ өткізу әдістемесін жасау.
4. Зерттеу нәтижелерін шығару.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Колледж оқушыларының кәсіби дағдыларын модульдік оқыту технологиясы негізінде сабақ жоспары жасалып практикаға ендірілді.
Зерттеу нысаны: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізілетін колледждің арнайы пәндерді оқыту үрдісі.
.
1 Алматы облысы, Талғар ауданы М. Бейсебаев атындағы агробизнес колледжінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1. 1 Алматы облысы, Талғар ауданы М. Бейсебаев атындағы агробизнес колледжінің оқу мекемесі туралы жалпы мәлімет
Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылғы 12-қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылығы мектебінің негізінде жетісу ауылшаруашылығы училищесі құрылды.
1936 жылдан бері Талғар ауылшаруашылығы техникумы деп аталды. Казақстан Республикасының білім министрлігінің 1995 жылғы 11-желтоқсандағы бұйрығымен Талғар ауылшаруашылығы техникумы Талғар ауылшаруашылығы колледжі деп аталды. Казақстан Республикасы білім және мәдениет Министрлігінің 1997 жылғы 3-маусымдағы №200 бұйрығымен Талғар ауылшаруашылығы колледжі Талғар ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру колледжімен біріктіріліп, «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» деп аталды. Казақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3-қарашадағы №1485 бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне М. Бейсебаевтың есімі берілді. Алматы облыстық білім басқармасының 1999 жылғы 24-наурыздағы бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорыны болып қайта құрылды.
Уақытша Мемлекеттік лицензияны білім министрлігінің БМ №432 сериясымен 1998 жылдың 22-мамырында Казақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі берген. Лицензияның күші бүгінгі күнге дейін ұзартылып келеді және жарамды.
Құрылғаннан бергі уақытта колледж Казақстан Республикасының 108047 мыңдай ауылшаруашылығына орта мамандарын даярлады.
Колледж Түркия мемлекетімен байланыс қатынастар жасап отырады. Колледж директоры Ж. Сатылғанов Түркияда өткен «Түркия мемлекетінің білім және мәдениет жүйесімен танысу» деп аталатын семинарға қатысып қайтты.
«Жастарды бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде кәсіпкерліікке оқыту; олардың еңбек нарығына енуі» атты жоба шеңберінде өткен «Кәсіптік мектеп және колледж оқушыларының жұмыс іздеуі, орналасуы және кәсіптік бейімделуі» семинарында колледж директоры Ж. Сатылғанов өте жақсы оқығандығы үшін сертификатқа ие болды. Ол сертификат арқылы басқа мамандарды оқыту құқығына ие болды.
Нарық талабына сай мамандықтар толықтырылды. Атап айтсақ, «Ауыл шаруашылығының есепші және ЭВМ операторы», «Ауыл шаруашылығы электромонтеры» мамандықтары өз деңгейінде жүргізілуде.
Жастарға білім беруді жетілдіре түсуді мұрат тұтқан колледж ұжымы алдағы уақытта ұжым мүшелеріне жемісті еңбек етіп, шығармашылық табыс тілей отырып, табыс шыңына көтеріле беруіне тілектестік білдіреді.
Қазіргі уақытта колледжде Қазақстан Республикасына қажетті мамандар даярланады. Төмендегі кестеде колледжде дайындалатын мамандықтар тізімі ұсынылып отыр (1. 1кестеге сәйкес) .
Кесте 1. 1
Колледжде дайындалатын мамандықтар тізімі
Колледжде штат бойынша 118 мұғалім жұмыс істейді, яғна сабақ берушілердің 100 пайызы.
Мұғалімдердің 90 пайызы бірінші және екінші категориялы ұстаздар. Барлық мұғалімдер жоғарғы білімді, педагогикалық стажы 3 жылдан 39 жыл. Мұғалімдердің негізгі бөлігі колледжде 15 жыл істеген.
1998 жылы колледждің жанынан жоғарыдағы мамандықтарға сәйкестендіріліп лицей ашылды. Колледжде бітіруші мамандарға негізінен жұмыс шаруа фермерлік қожалықтары, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтары, аудандық электр жүйесі, жеміс көкөніс базалары, сауда базалары, өсімдіктерді қорғау станциялары, облыстық немесе аудандық жер комитеттері, пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолданатын арнайы фирмалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, бухгалтерлік және аудиторлық қызмет саласы, салық инспекциясы т. б. табылады. Сонымен бірге, өз істерімен шағын және орта бизнеспен, яғни автомобиль электр жүйесін жөндейтін цехтар, тұрмыс электротехникасын жөндеу, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтарын ашу және тағы басқалармен айналысуына болады.
Колледжде оқушыларға білім беру үшін жалпы білімдік пәндер, құқықтану және компьютерлік техеика пәндерінен Талғар қаласының мектептерінен мұғалімдер келіп дәріс береді.
Колледжде мұғалімдердің білім деңгейін көтеруге үлкен көңіл бөлініп отырады. Соңғы бес жылда мұғалімдердің сексен бес пайызы, ал оның алдындағы жылдарда жиырма жеті пайызы білімдерін көтерген болатын. Мұғалімдер Алматы қаласының жоғары оқу орындарында, өндірістерде, шет елдерде қазіргі озық техника мен технологияны игеріп оқу процесіне қолданып жүр.
Колледж шетелдік орталықтармен және ауылшаруашылығы ұйымдарымен мұғалімдердің білімін көтеру мақсатында байланыстар жасап тұрады.
Колледжде «Жас педагог мектебі» жұмыс істейді, мұнда жас мұғалімдерге тәжірибелі ұстаздар сабақ оқыту әдістерін үйретеді.
Колледждің материалдық-техникалық және әлеуметтік базасы
Оқу корпусы 1951 жылы салынған. Колледждің ғимараты мен құрылыстарының жалпы көлемі 20647 мың куб. Онын пайдалысы 19223мың метр квадрат көлемінде620 адамға бөлінген. Оқу корпусы санитарлық гигиеналық жағдайларға сәйкестендірілген. Оқушылардың сабақ оқуына барлық жағдайлар бар. 18 лаборатория, 35 кабинеттері бар. Оның ішінде теориялық, өндірістік оқуға арналған. 1971 жылы қызыл кірпіштен тұратын оқу бөлмелері соғылды.
Барлық лабораториялар мен кабинеттер қажетті құралдармен жабдықталған, сабақ өтуге барлық мүмкіндіктер бар. Оқу белгіленген бағдарламалар мен жоспарлар арқылы өткізіледі. Колледжде Pentium процессорларымен жабдықталған 44 орындық 4 компьютер сыныбы бар.
360 орындық клубта үйірмелер, хор, ұлт - аспаптар оркестрі, вокальды ансамбль жұмыс істейді. Спорт залда (көлемі 901 кв. м) барлық спорт құрал-жабдықтары бар. Екі жазғы спорт алаңдары, футбол алаңы оқушылардың бос уақытында және сабақ өтуге сәйкес жасалған. 300 кв. м. гүлдер, өлемі 2840 га оқу - тәжірибе шаруашылығы, машина - шаруашылық алаңдары бар.
Колледждегі автокөліктер:
5 - жеңіл автомобиль;
8 - жүкмашинасы;
2 - автобус бар.
Оқу белгіленген бағдарламалар мен жоспарлар арқылы өткізіледі. Оқу-тәжірибе шаруашылығы, машина шаруашылық алаңдары300 2840 гектар көлемді жерді алып жатыр.
2011-2012 жылдарда колледж кітапханасы барлық мамандықтар үшін 225 дана (180940 тг) әртүрлі оқу кітаптары және көрнекі оқу құралдарына толтырылды. Жыл сайын Республикалық басылымдарға 100 000 теңгеге жазылу жүргізіледі.
Колледждің педагогикалық ұжымы оқу процесінде жаңа оқу технологиясын енгізу мәселелерімен айналысады. Бұл жаңа оқу технологиялары оқудың интерактивті түрінде оқытушыға тән, оқу процесінің активті әдісін қолданады.
Оның сапалық түрлері негізінде төмендегі әдістер қолданылады: іскерлік ойындар, шаруашылық жағдай әдісі, практикалық жұмыстарды орындау, бақылау тесттері әдістері.
Колледж мұғалімдер ұжымының барлық жұмысы жоғары сапалы білім мен тәрбие беруге және оқушылардың оқу үлгерімінің жоғары болуына бағытталған.
Мұғалімдер өздерінің пәндерін жоғары әдістемемен кәсіптік дәрежеде өткізеді, сонымен қатар пәндер оқу бағдарламасына сәйкес жаңа оқу технологиясымен жүргізіледі.
Колледж мұғалімдері оқу жоспарларын күрделендіру, кітапханада оқу құралдары мен әдебиеттердің көбеюіне көп көңіл беліп келеді.
Колледж бітірушілердің жұмысқа орналасуы
Соңғы үш жылда колледжді бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету келісім шарт бойынша және бітірушілердің өздігінен жұмысқа орналасуы бойынша іске асып келеді.
Колледж өзімен сабактас жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және өндірістік кәсіпорындарымен тығыз байланыста бола отырып, дипломға рецензия жазу кезінде жоғарғы оқу орындарының тәжірибелі оқытушылары, мықты мамандармен байланыс жасайды.
Оқушылар негізгі мамандықтар мен қатар қосымша, сабақтан тыс 14 мамандық бойынша қысқа курстарда оқи алады. Олар:
- В жәнеВ, С
- Тракторшы-машинашы
- Газ-электр дәнекерлеушісі
- Телевизоржөндеуші
- Бухгалтерлік есеп
- Компютерде іс кағаздарын жүргізу
- 1 С - компьютерлік бухгалтері
- Массаж жасаушы
- Шаштараз
10. Косметолог
1 1. Киім пішу мен тігу
- Стол тағамдарын әзірлеу
- Автомобиль электржүйесін жөндеуші
- Ағылшын тілі
Бұл мамандықтардың барлығы облыстық еңбек биржасы мен халықтыәлеуметтік жағынан қорғау мекемелерімен келісіліп, бүгінгі еңбек нарығының, қажеттілігіне қарай бағытталған.
Оқу талапқа сай жабдықталған лабораториялар мен шеберханаларда өтеді. Онда білікті мамандар сабақ жүргізеді.
Оқуды бітірген соң арнайы куәліктер беріледі.
1. 2 Талғар ауданы М. Бейсебаев атындағы агробизнес колледжінің құжаттарын талдау
Колледжде 1504062-Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі мамандығының оқу үрдісінің жоспарында жалпы пәндері бірнеше циклдарға бөлінген:
1) жалпы білім беру пәндері;
2) жалпы гуманитарлық пәндер;
3) жалпы кәсіптік пәндер;
4) арнайы пәндер;
5) білім беру ұйымы анықтайтын пәндер.
Циклдер және сағаттар саны 1. 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 1. 2
Циклдер және сағаттар саны
Циклдер
аталуы
Теориялық
сабақтар
Практикалық
(зертханалық сабақтар)
Білім беру ұйымы анықтайтын
пәндер
1504062-Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі мамандығы бойынша арнайы пәндердің циклдері және пәндердің атаулары:
Автомобиль құрылысы, Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Тракорлар және автомобильдер, Ауылшаруашылық машиналары
Жалпы арнайы пәндер циклына 426 сағат берілген: соның ішінде 244 сағаты - теориялық сабақтар, 182 сағат - практикалық (зертханалық) сабақтарға бөлінген (1. 3-кестеге сәйкес) .
Кесте 1. 3
Арнайы пәндердің циклдері және пәндердің атаулары
Циклдер
және
пәндердің
индексі
Циклдер және пәндердің атауы
(біліктілігі: Автокөлікті жөндеу
слесары)
Теориялық
сабақтар
Практикалық
(зертханалық сабақтар)
2 Модульдік оқыту технологияларын қолдану арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру
2. 1 Студенттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1] .
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі.
Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр,
соның ішінде техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор - адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар - ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт - бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz