Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері


Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Өскенбаева Д. Б.
Кірістер басқармасының мамандар бөлімінің ішкі жүйесін автоматтандыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
мамандығы 5B070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Кірістер басқармасының мамандар бөлімінің ішкі жүйесін автоматтандыру
Орындаған Өскенбаева Динара Бегланқызы
2017 ж. “___” қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісінің м. а.,
а. ш. ғ. к., қауымдастырылған
профессор Сейдалиева Г. О.
Жетекші, аға оқытушы Ділмағамбетова Б. М.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Экономикалық бөлім Ахметов Қ. А.
т. ғ. к., профессор
Норма бақылау
ф. м. ғ. к., қауымдастырылған
профессор Киргизбаева Б. Ж.
Сарапшы
ф. м. ғ. к., АЭБУ доценті Аманбаев А. А.
Алматы 2017 ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті
“Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар” кафедрасы
Дипломдық жобаны орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Өскенбаева Динара Бегланқызы
Жоба тақырыбы: Кірістер басқармасының мамандар бөлімінің ішкі жүйесін автоматтандыру.
Университет бойынша 20 17 ж. «___» № бұйрығымен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20 17 ж. «___» .
Жобаның бастапқы деректері :
- Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері;
- Шығыс құжаттар реквизиттерінің тізімдерінің деректері;
- Кіріс құжаттар реквизиттерінің тізімдерінің деректері;
- Қызметкердің жеке карточкасы формасының деректері;
- Штаттық кесте формасының деректері.
- Қызметкерлер анықтамалығы реквизиттерінің тізімі;
- Құрылым бөлімдері, топтар, қызметтер, қызметкерлер кодтарының деректері.
Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
- Мамандар бөлімін және мамандық ақпараттарды өңдеу жүйелерін сипаттау;
- Жобаның ақпараттық жүйесін жобалау;
- Бағдарламалық жабдықтауға қойылатын талаптар;
- 4 Бағдарламаның орындалу шарттарын қарастыру;
5. Экономикалық бөлім.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Глинских А. И. О состоянии рынка автоматизированных систем управления персоналом. - Москва: Компьютер-Информ, 2009.
- Алексунина В. А. Маркетинг в отраслях и сферах деятельности. - Москва: Дашков и К, 2008.
- Бралиева Н. Б., Байбулекова Л. А., Тилегенов А. И. Бизнестегі ақпарат жүйелері. - Алматы: Экономика Баспасы, 2008.
- Омарова Ш. Е., Бабанкина А. С. Новые технологии в ЭИС. Учебно-практичекое пособие для ДО. - Алматы: 2011.
- Верхвадзе Д. Т., Пушкарев Н. Ф. Управление маманами с использованием вычислительной техники. - Москва: Статистика, 2008.
- Хоменко А. Д. Автоматизированные системы. Учебник для ВУЗОВ. - Москва: Технология, 2006.
Жобаның арнайы тараулары бойынша кеңесшілері:
Тарау
Экономикалық
бөлім
Кафедра меңгерушісінің м. а.,
а. ш. ғ. к., қауымдастырылған
профессор Сейдалиева Г. О.
Жетекші, аға оқытушы Ділмағамбетова Б. М.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
“___” 2016ж. Өскенбаева Д. Б.
“ 28 ” ноябрь 20 16 ж.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Рет
саны
Кафедра меңгерушісінің м. а.,
а. ш. ғ. к., қауымдастырылған
профессор Сейдалиева Г. О.
Жетекші, аға оқытушы Ділмағамбетова Б. М.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент Өскенбаева Д. Б.
“ 28 ” ноябрь 20 16 ж.
кіріспе
Қарқынды прогресс, нарықтық қатынастар және бәсекелестік экономика шарттарында стратегиялық және тактикалық есептерді уақытылы, әрі дұрыс шешу кез келген ұйымның, басқарманың өмірге деген икемділігін анықтайды.
Қазіргі уақытта кез келген басқарманың табыстылығы, бірінші кезекте, қажетті, әрі өзекті ақпаратты уақытылы және оперативті түрде алу мүмкіндігіне, яғни басқарма ішіндегі құжатталған ақпаратпен ұйымдастыру жұмыстарына байланысты болып келеді. Соның ішінде басқарма қызметкерлерін басқаруды автоматтандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн, себебі басқарма қызметкерлерін жұмысын ұйымдастыру мен реттеу барлық басқарманың табыстылығына өзінің ықпалын тигізеді.
Еңбек ресурстарын басқару процесі басқару теориясы мен тәжірибесінің аса маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Қажетті адамдарсыз бірде-бір басқарма өзінің алдына қойған мақсаттарына жете алмай, қалыпты жұмыс істей алмайды. Жақсы таңдалған еңбек ұжымы - басқарма басшысының негізгі міндеттерінің бірі. Тек бұл ғана басқарманың табысты жұмысының кепілі ретінде қызмет етеді.
Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды ендіре отырып, «Мамандар бөлімі» атты ақпараттық жүйесін құру қазіргі күнде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы бірнеше он жыл ішінде есептеуіш техникасының барлық аспектілерінде байқалған прогресс компьютерлерді қолдану облысының елеулі түрде кеңеюіне және олардың қолданушылар санының өсуіне алып келді. Басқармадағы бар ақпаратты компьютерлік негізге аударудың көптеген себептері бар, себебі клиент/серверлік технологияларды қолдана отырып, деректерді неғұрлым жылдам өңдеу және олардың сақталуын орталықтандыру процесі маңызды құралдарды сақтауға, ең бастысы, қажетті ақпаратты алуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар деректерге рұқсатты және енгізуді жеңілдетеді.
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тиімді қолдану процестері кейіннен адам қызметінің барлық бағыттарында табысқа жетудің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта бірде-бір ірі технологиялық мәселені үлкен ақпарат көлемі мен коммуникациялық процестерді өңдеусіз шешу мүмкін емес, сол себепті өндіріске прогрессивті технологияларды қолдану деңгейін анықтайтын ақпараттық жарақталуы қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды ұйымдастыруда ерекше орынды компьютер алады.
Бұл мәселелерді шешу бағыттарының бірі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру және дамыту табылады. Қызметкерлерді басқару функциясын автоматтандыру мақсаты - мамандар бөлімінің жұмысын толық жетілдіру, автоматтандыру деңгейін жоғарылату және деректерді жіберу процесін жеңілдету, басқарма қызметкерлерімен басқаруға кететін уақыт шығындарын елеулі түрде қысқарту. Ғылыми-техникалық прогресс шарттарында компьютеризацияны ендіру процесі қоғам өндірісінің әр түрлі облыстарында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда ЭЕМ-ді қолдануға дейін еңбек өнімділігінің өсуі тым баяу байқалатын облыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, бірінші кезекте, адамның ой еңбегімен байланысты болып келетін облыстар, яғни өндірісті басқару, процестерді жобалау және зерттеу және т. б. Егер өндіріс саласында еңбек өнімділігі ХХІ ғасырдың басында 100 есе өскенін аңғаруға болатын болса, жобалау облыстарындағы бұл көрсеткіш тек 1, 5-2 есе өскенін байқауға болады. Бұл жаңа объектілерді жобалауға кететін уақыт мерзімі тым жоғары болатынын білдіреді.
Мамандар бөлімінің технологиялық лабораториясының құрамы:
- маман бөлімінің маманы;
- қызметшілердің өзгерістері;
- алынған ақпараттық;
- қызметкерлер туралы.
Мамандар бөлімінің қызметкерлерінің жұмыс орнын автоматтандыру тапсырмасында жедел жинақтылық, ақпараттың бүтінділігі және сақтанушылығы, ақпаратты уақытысында өңдеу, ақпаратты рұқсатсыз қатынаудан сақтауды қамтамасыздандыру, ақпаратқа қатынау мүмкіндігін жоғарылату тапсырманың негізгі өзектілігі ретінде қабылданады және ортақ орындалатын жұмыстардан басқа, белгілі бір сала үшін арнайы, өз жұмыс бағытына сәйкестендірілген, оны есепке алмаса орындалуы және оптималдауды енгізуі қиындалып кететін құжат айналу түрі болады.
Дипломдық жобаның мақсаты болып мамандар бөлімінің ішкі жүйесін автоматтандыруды құрастыру табылады.
Зерттеу объектісі - Талғар қаласындағы «Кірістер басқармасының» мамандар бөлімінің қызметкерлері. Дипломдық жоба мақсатымен сәйкес келесі есептер қойылады:
- пәндік аймақты сипаттау;
- басқарма қызметкерлерін басқару бойынша деректерді өңдеудің әрекет етуші жүйелерінің ресурстарын меңгеру, олардың кемшіліктерін табу және олардың алдын-алу бойынша шараларды ұйымдастыру;
- жаңа ақпараттық жүйені құру үшін экономикалық есептің қойылымын құрастыру;
- басқарма қызметкерлерімен атқарылатын әр түрлі деректерді тіркеу бойынша деректер базасын жобалау;
- мамандар бөлімінің ақпараттық жүйесін құрастыру;
- аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
- жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.
Құрастырылатын ақпараттық жүйе мамандар бөлімінің жұмысын оңтайландыруға, қызметкерлер туралы мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді жүзеге асыруға, әр түрлі бұйрықтарды қалыптастыруға, заңнамамен орнатылған есеп беру түрінде сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 Мамандар бөлімінің ұйымдастырушылық мәні
1. 1 Автоматтандыру объектісінің сипаттамасы
Берілген дипломдық жобада Талғар қаласындағы «Кірістер басқармасының» мамандар бөлімінің жұмысын автоматтандыратын ақпараттық жүйесін құрастыру іске асырылады.
Талғар қаласындағы «Кірістер басқармасының» мамандар бөлімінің ақпараттық жүйесін құрастырудың АЖ есебіне қатысты есептер кешенінің пәндік аймағында мамандар бөлімінің функционалдау процесі қарастырылады.
Талғар қаласындағы «Кірістер басқармасының» мамандар бөлімінің қызметкерлері туралы жеке деректердің сақталуы және олардың құпиялылығына сенімділік аса маңызды болып табылады.
Нарықтық экономикасы жағдайында әртүрлі формадағы ұйымдарда жұмыс беруші еңбек коллективінің әр мүшесімен жеке қарым-қатынасты нақтылау қажет. Қызметкерлермен жұмыс істеу қызметі бір мезгілде тыңғылықты, оперативті және ықшам болуы тиіс, көбінесе маман туралы қамқорлықты басқа да мәселелер мен қатар атқаруға міндетті болады. Қазіргі уақытта кіші басқармадарында маман проблемаларына сәйкес құжат айналымымен қоса ұйымның қосалқы мәселелерін мамандар бөлімі шешеді. Еңбек жүйесін ұйымдастыруда келісім шартқа (контракт) отырады. Заң және психологиялық проблемалармен байланысқан және де ұйымдастырушылық техникалық ерекшеліктер бар. Нарықтық экономикаға кіру жағдайында мамандар бөлімінің қызметінің практикалық жұмысына еңбек шарттың енуі осы жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік туғызады, сонымен қатар жолдама құжат айналымы мен маман қызметіндегі тіркеу жұмыстары жатады. [1]
«Кірістер басқармасы» басқарушысы әрдайым жұмыс барысының сапасына, әрі уақытылы орындалуына үнемі бақылау жүргізеді. Басқарманың мамандар бөлімінің мамандары барлық сұрақтар бойынша жоғарғы біліктілігімен ерекшеленіп отырады. Мамандар бөлімі өзінің жұмыс сапалылығы мен оны дер кезінде орындауымен ерекшеленеді.
Жұмыс берушінің құзыретті тұлғасының (маман жөніндегі маманның) қызметкерлердің жеке деректерін көрсететін бірден бір маңызды құжаты жеке карточкасы болып есептелінеді.
Ұйымдағы мамандар қозғалысының құрамы мен есепке алынуына талдау жасау үшін жеке карточкасы оның негізгі немесе қосымша атқаратын жұмысына қарамастан еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылданған ұйымның барлық қызметкерлеріне Т-2 нысан бойынша ресімдеуді ұсынады.
Жеке карточка қызметкердің жеке басы мен оның қызметіне қатысты барлық қажетті мәліметтерді көрсетуші ұйым қызметкерлерін есепке алу жөніндегі негізгі құжат болуы тиіс.
Қызметкерлердің жеке карточкасы бір данада ресімделіп, аталмыш ұйымда қызметкерлердің еңбек қызметін атқарған кезеңі ішінде жүргізіледі және тек еңбек қатынастары бұзылған кезеңде жабылады. Қызметкерлердің жеке карточкасы жұмысқа қабылдау барысында қағазды тасығышпен жазу арқылы құзыретті жұмыс берушінің лауазымды тұлғасымен (мамандар жөніндегі басты маманмен немесе жұмысқа жауапты тұлғамен) мына құжаттар негізінде толтырылады:
- жұмысқа қабылдау туралы бұйрық;
- еңбек шарты;
- жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі) ;
- тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
- еңбек қызметін (еңбек кітапшасын) растайтын құжат еңбек стажы бар адамдар үшін;
- салық төлеушінің тірке нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері;
- жеке сәйкестендіру нөмірін беру туралы куәліктің көшірмесі;
- қызметкерлердің өзі туралы хабарлаған мәліметтері.
Жеке карточка туралы мәліметтердің бір бөлігі қызметкердің айтуы бойынша жазылады, соның ішінде байланыс телефоны, ал арнайы тілдік білімі жоқ болса шет тілін меңгергені туралы мәліметті құжаттармен беріледі.
Кейбір ұйымдарда мамандар бөлімінің қызметкерлері жұмысқа қабылданған қызметкерлерге таза бланк беріп, оны қолмен толтыруды өтінеді. Мұндай тәсіл мамандар бөлімінің қызметкерлерінің жұмыстарын тым қауырт көбейтіп жібереді.
Қызметкерлердің жеке ісі мен жеке карточкасы - екеуі мүлдем бөлек құжаттар және қызметкерлердің жеке карточкасы болуы қатаң түрде міндетті деп саналады.
Мамандық жұмыстағы жоспарлау басқармады тұтасымен басқарудың құрама бөлігі болып табылады, ол мамандардың мамандық-біліктілік құрылымындағы өзгерістерді қадағалауды болжамдайды және ол жұмыс күшінің дамуындағы тенденцияларды айқындауда, оларға қойылатын сапалық және сандық талаптарды уақытысында анықтауға арналған. Бұлардың барлығы мамандық потенциалды қолдану тиімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Мамандық жоспарлау процесі өндіріс сұраныстарын қанағаттандыруға, сондай-ақ қызметкерлер мен қоғам қызығушылықтарын қамтамасыз етуіне бағытталған. Қазіргі күнде көбінесе нарықтық шарттар мен басқарма қызметкерлері қызығушылықтарының келісілуі үшін қажетті мүмкіндіктерді іздестіру қажеттіліктері туындап жатыр.
Жеке карточканың бөлімдерін толтыру тәртібі. Ұйымның ресми атауы - ұйымның ресми атауы (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі бойынша) жазылады. Қысқартылған атауы егер құрылтайшылық құжаттарда бекітілген болса көрсетіледі.
Одан ары Т-2 нысаны бойынша кесте болады. Оған енгізілетіндер:
- карточканың жасалған күні;
- қызметкердің табельдік нөмірі (жаңадан қабылданған және жұмыс істеп жатқан әрбір қызметкерге беріледі және ұйым ішінде қызметкердің кез келген ауысулары, тіпті жұмыстан кетуінде де өзгертілмейді) .
Сосын оң жағынан қызметкердің жасалған еңбек шартының нөмірі мен күні жазылады.
Бірінші бөлім Жалпы мәліметтер туралы негізгі ақпараттардан тұрады.
Қызметкерлердің аты-жөні, тегі - қатаң түрде жеке куәлігі бойынша, толық және айқын көрсетіледі.
Туған күні - ол да жеке куәлігі бойынша көрсетіледі және тақырыптық аймақта толықтай сөздік - цифрлық әдіспен жазылады. Жұмыстан кеткен қызметкердің табельдік нөмірін екінші қайтара пайдалану үшін кем дегенде арадан үш жыл өтуі керек. Қос табельдік нөмірлердің болмауы үшін бақылау кестесін жасауды ұсынады:
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- әлеуметтік жеке код нөмірі;
- жеке сәйкестендіру нөмірі;
- жұмыс сипаттамасы;
- жұмыс түрі (негізгі, қосымша атқаратын жұмысы бойынша) .
«Кірістер басқармасының» ұйымдастырылу құрылымы. Басқарманың барлық бөлімдерін арнайы қызметкерлермен уақытылы іріктеу процесі мамандық саясатты нақты жоспарлауынсыз, құрастыруынсыз және жүзеге асыруынсыз мүмкін емес болып табылады.
Білім туралы мәлімет алған білімі туралы құжатқа сай толтырылады. Алдымен біліміне жалпы сипаттама беріледі. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 27 шілдедегі №389 “Білім туралы” Заңының 12 бабына сай, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
- мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды;
- бастауыш білім беруді;
- негізгі орта білім беруді;
- орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді) ;
- жоғары білім беруді;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Содан кейін, кестеге білім беретін мекеме атауы, диплом сериясы мен нөмірі, оқуды аяқтаған жылы, сондай-ақ біліктілігі, диплом бойынша бағыты немесе мамандығы енгізіледі.
Еңбек өтілі - ол қызметкерлерге ұйымда белгіленген қандай да бір жеңілдіктерді, қосымша ақына алуына құқық беретін жалпы, үздіксіз жасаған еңбек жолы және тағы басқа. Ол еңбек кітапшасындағы және еңбек өтілін растаушы құжаттар негізінде есептелінеді.
Жеке куәлік мәліметтері - жеке басы куәлігі бойынша толықтай нөмірі, қайдан берілгені, берілген күні жазылады. 2 бөлім Т-2 нысанның бірінші парағының айналымын бітіреді. Бұл мәлімет қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде мамандар жөніндегі қызметкер толтырады және лауазымы мен аты - жөні мен тегі көрсетіліп, қол қойылып расталады.
Жеке карточканың екінші парағы Жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу деген 3 - бөлімнен басталады. Бұл бөлімге бірінші жазба тікелей жұмысқа қабылдау барысында енгізіледі.
Білікті көтеру жөнінде барлық мәліметтер жұмысқа қабылдау барысында немесе жұмыс кезеңі бойынша ұсынылған құжаттар негізінде жазылады.
Жеке карточка аталмыш ұйымдағы қызметкердің еңбек қызметі бойынша жүргізіледі.
Тәжірибеде кейбір мамандар мынадай тәсіл қолданылады: бар мәліметтер үстіне “штрих” жағады немесе кішкене таза қағаз жапсырып, соның үстіне жаңа ақпаратты енгізеді. Кейде жаңа жеке карточка ашылады және оған қажетті ақпараттар ескісінен көшіріледі, ал демалыс жазылатын бөлімді қайтадан бастайды. Ескі карточка жаңасымен бірге қоса сақталынады. Бұл әдіс дұрыс емес және көп уақытты керек етеді. Сондықтан қазір заман талабына сай мамандар бөлімінің жұмысын автоматтандыру қажет.
Құжат, кез-келген өндірістің жұмыс атқару және ақпаратты бейнелеудің негізі болып табылады. Ол ақпарат құрылымы бойынша бөлінеді, оның сақталуына және басқарылуына жауап беретін мәліметтер базасы және қолданбалы ақпараттық жүйелер. Құрылымы бойынша бөлінбеген ақпарат - ол жәй құжаттар. Құрылымды және құрылымсыз құжаттар арасында анықталған байланыс бар, мысалы құжатты архивке өткігені туралы акт бар және ақпараттық жүйеде құжаттың архивке өткені туралы транзакция бар. Әділеттік тұрғыдан қарағанда, әділеттік күші бар құжат ол -акт, ал базадағы транзакция ол жәй жазба ретінде саналады.
Қазіргі мамандар бөлімін автоматтандырудың қажеттілігі туындап отыр, себебі осы бөлімдегі құжаттарды қолмен өңдеуге көп уақыт кетеді, сонымен қатар, құрылымдалмаған ақпараттарды өңдеу қиынға соғып отыр. Жүйені құру негіздері мен құжаттардың айналымын автоматтандырудың едәуір ерекшеліктері бар. Бұл дипломдық жобада, мамандар бөлімін автоматтандырудың концепциясы сипатталған.
Өндірістің жалпы эффективтілігін көтерудің негізі - ақпаратты сақтаудың құнын төмендету, сонымен қатар, осы ақпарат сақталатын аудандардың көлемін азайту, эффективтілігі төмен қағазда сақталған ақпараттарды жою, қағаз құжаттарды аз орында сақтау, архивтік құжаттарды, сақталу бағасы төмен сақтау әдістерімен алмастыру, ақпаратты іздеу уақытын азайту, қажетті құжаттарға жетуді жеңілдету және т. б.
Талдау барысы көрсеткендей-ақ, қызметкерлердің 90% -дейінгі уақыты қамтамасыздандыру функцияларын орындауға байланысты екен, ал дәлірек айтқанда қажетті құжатты тауып беруге кететін уақыт. Бұл проблема көпшілік пайдаланатын құжаттар үшін өсе түседі, мысалы, бір қызметкер құрған құжатты табу керек болғанда, бұл проблема шешілмейтін проблемаға айналады, егер өндіріс орындары алшақ жатқан жағдайда. Сонымен, қызметкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, олардың еңбегінің өнімділігін жоғарылату үшін, құжаттарды уақытында тауып, уақытында жеткізу үшін, құжаттар айналымын автоматтандыруды өндіріске енгізу қажеттігі туындайды.
Тағы бір айта кететін жәй, құжатпен жұмыс істеу барысында, қауіпсіздік факторы да үлкен орын алады, ал, құжаттардың айналуын автоматтандыру, оған ақпаратты қорғау жүйесін де қосуға мүмкіншілік береді.
Заман талабына сай электрондық құжаттарды басқаруға арналған жаңа жүйелер ашылды. Жаңа ашылған жүйе - құжаттарды басқару жүйесі деп аталды. Функционалдығы жағынан, құжаттың бейнелерімен жұмыс істеудің жаңа бағыттары қосылғандықтан, қазіргі құжаттарды басқару жүйелері функционалдық жағынан және сақтауға кететін шығыны бірнеше есе аздығы жағынан imaging-жүйелерді басып озды. Сақтау, іздеу және өңдеу жылдамдығы жағынан ерекшеленетін жүйелерде, сонымен қатар, құжаттың сақталу ұзақтығын анықтайтын функциясы - динамикалық құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдетті.
Құжат - сәл құрылымды, қолданушыға түсінікті, ақпараттар блоктары немесе объектісі. Жалпы алғанда, құжатты мүлдем жойып жіберуге болмайды. Ауызша сөз, ақпаратты жеткізу процесін жылдамдатады, бірақ оның анықталмағанын көбейтеді. Екінші жағынан, құжаттың қажеттілігін, ол корпорация қызметінің жетілдіруші түйіні деп қарау асыра сілтеумен тең. Құжат өз алдына, қағазда сақталған болсын немесе электронды түрде болсын, бар проблемаларды шешпейді - ол тек жоба барысының орындалуын бақылауды талап етеді.
Мамандар бөлімінле құжаттар айналымы екі түрде болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz