Күлдің гранулометриялық құрамы


Аннотация
В дипломном проекте рассмотрены проблемы реконструкции системы
ТЭЦ г. Кентау. Предложено заменить багерную
систему золошлакоудаления на эрлифтную пневмогидравлическую систему.
Опираясь на начальные данные, проведены необходимые расчетные работы,
показаны экономическая и эксплуатационная эффективность.
В разделе безопасности жизнедеятельности определено количество
вредных выбросов ТЭЦ в атмосферу и рассмотрены меры по их уменьшение.
В экономическом разделе проведено сравнение системы багерного
золошлакоудаления с эрлифтной пневмогидравлической системой.
Определена эффективность.
АҢДАТПА
Бұл дипломдық жобада Кентау ЖЭО-ның күл-қож шығару жүйесін
жетілдіру мәселелері қарастырылды. ЖЭО-ның багерлі күл-қож шығару
жүйесін
эрлифтті пневмогидравликалық жүйеге ауыстыру ұсынылды.
Бастапқы берілген мәліметтер бойынша, қажетті есептеу жұмыстары жасалып,
экономикалық және эксплуатациялқ тиімділіктері көрсетілді.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде ЖЭО-нан атмосфераға тасталатын
зиянды заттардың мөлшері анықталып, оларды азайту шаралары қарасты-
рылды.
Экономикалық бөлімінде багерлі күл-қож шығару жүйесі мен эрлифтті
пневмогидравликалық жүйелер салыстырылып, тиімділіктер анықталды.
ANNOTATION
In this diploma work, planning of the system of ash and slag removal is
envisaged in Kentau TEPS. Id est, substituted the dredge system of ash-and-slag
removal by air-lift system. On the got information calculation works were
conducted, were indicated economic and operating to efficiency.
In the division of safety of vital functions determined extrass of harmful
substances on an atmosphere and lowering measures are indicated.
In the division of economy the dredge system of ash and slag removal is
compared with air-lift the pnevmo system and
systems.
МАЗМҰНЫ
most advantageous from the
КІРІСПЕ . . .
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 ЖЭО-нан күл-қожды аластау әдістері . . .
1. 2 Қатты отынның және оның жану өнімдерінің сипаттамалары . . .
2 Кентау ЖЭО-на қысқаша мәліметтер
2. 1 Багерлі күл-қож аластау жүйесінің есебі . . .
3 Эрлифтті қондырғының жалпы сипаттамасы . . .
3. 1 Эрлифтті күл-қож аластау жүйесінің есебі . . .
4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4. 1 Атмосфераға залалды заттектердің шығарылуын есептеу.
4. 2 Шығыр цехындағы өрт қауіпсіздігі . . .
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5. 1 Кентау ЖЭО - ның күл - қож шығару жүйесінің негіздемесі
5. 2 Инвестициялық жоспар . . .
5. 3 NPV (таза келтірілген құнын) анықтау . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Еліміздегі ЖЭО-лардың басым көпшілігінде негізгі отын ретінде қатты
отын, яғни көмір пайдаланылады. ЖЭО-да көмір отындарын жағу бірнеше
негативті
жағдайларды туғызады. Біріншіден, өндірілетін энергияның
бағасының өсуі. Қазіргі кезде отынды дайындау жүйелердің эффективтілігін
жоғарлату және одан түзілетін шығарындыларды жою мәселелері өте
актуалды болып табылады. Екіншіден, күл-қож қоймаларында күл-қожды
материалдарының сақталуы экологиялық мәселелерді туғызары сөзсіз.
Қазақсан Республикасындағы қатты отында жұмыс жасайтын жылуэлектр
стансаларында күл-қожды гидравликалық жолмен аластау жүйесі кеңінен
таралған. Оны пайдаланудың негізгі кемшілігі - күл-қож материалының ауыл
шаруашылығында пайдалануға келетін бағалы қасиеттерін жоғалту.
ЖЭО-5-те күлділігі жоғары Екібастұз көмірі жағылады. Жағу кезінде
түзілетін күл мен қож 2 км ара қашықтықта орналасқан қоймаға багерлі
сорғылар арқылы сумен тасымалданады. Нәтижесінде күл-қож арналарының
ішкі беттерінде қатты бөлшектер шөгіп, күл-қожды тасымалдау процесіне
кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты, дипломдық жобаның мақсаты - Кентау қаласын
жартылай энергиямен қамтамасыз етіп отырған ЖЭО-5-тің гидрокүл-қож
шығару жүйесінің қызметін жетілдіру болып табылды.
1. 1 ЖЭО - НАН КҮЛ-ҚОЖДЫ АЛАСТАУ ӘДІСТЕРІ
ЖЭО-нан кұл - қожды аластауда барлық бөлшектер ағынның бөлігіне
ауысады. Күл мен қожды бірге аластағанда тасымалданып жатқан материал
ірілігі және жиынтық концентрациясы қойыртпақ қимасында үлкен шамада
өзгереді. Қождың бөлшектері ағынның төменгі жағында, ал күл салыстырма -
лы түрде бірдей тасымалданады. Бұл әрине күл-қождың ірілігіне және
агрегаты тығыздығына байланысты.
Зерттей келе, бөлек-бөлек шаю біршама тиімдірек, себебі бірге шаю
кезінде қойыртпақ арнасы классификатор, қоюлатқыш ретінде қолданылса, ал
жекелейде тек қоюлатқыш ретінде қолданылады.
Күл қайырманы жобалаудың ерекшеліктері
1) барлық жүргізілген этаптардағы беріктілгі;
2) шайылған дененің фильтрациялық беріктілігі;
3) әр түрлі этаптардағы жылдың кез-келген уақытында арықтандырылған
құрылғылардың жұмысының сенімділігі;
4) атмосфералық әсерлерден сыртқы қырларының қорғану, сақталу
сенімділігі.
Күл қайырмаларының жіктелуі
Қатты отында жұмыс жасайтын ЖЭС-да күл мен қожды бірге және
бөлек аластайды. Бірге аластағанда күл және қождың қойыртпақтарын
араластырып, қоспа қойыртпақ арнасымен тасымалданып күл қайырмасына
жіберіледі. Бөлек аластаған кезде күл және қож аласталмайды, күл және
қождың қойыртпақтары қойыртпақ арнасымен бөлек-бөлек күл қайырмасына
тасымалданады.
Күл және қож қайырмалары ЖЭС-ның жауапты негіздерінің бірі. Апат
бола қалған жағдайда тек ЖЭС-ын ғана емес, айналасындағы жануарлар және
өсімдіктер әлеміне айтарлықтай зардабын тигізеді.
Материалдары қайырмаларының жіктелуі 1 сұлбаға сәйкес жобалық
биіктігімен анықталады.
1-сұлба. Конструкциялары бойынша күл қайырмаларының жіктелу сұлбасы
![]()
1-сұлбаға сәйкес қайырмалар келесідей типтерге жіктеледі:
I-A типі -күшейтілген және тұндырылған бөгеті жоқ арықтандырылған
(дренаж) күлқайырмасы;
I-Б типі шоғырландырылған (инфильтрация) және күшейтілген бөгеттері бар
арықтандырылған күлқайырмасы;
I-В типі күл-қожды материалдың деңгейлі опырылу мүмкіндігі бар
күлқайырмасы;
III типі
қиыршық
тастарының деңгейлі опырылу мүмкіндігі бар
күлқайырмасы;
IV типі бөгеттендірілген кедергісі бар күлқайырмасы;
I-A типі тек қана қож қайырмалары үшін, яғни көмір отындарының қождары-
на қолданылады;
II-Б типі күл-қожды қойртпақтың Gқ=500-1000 м3/сағ шығынында
қолданылады;
I-В типі күл мен қожды бөлек қоймалауда қолданылады. Қож, жанама аймақ-
тарын қалыптастыру үшін арықтанған табанмен шайылады;
Күлді бөлек қоймалау және ластанған суды мөлдірлету үшін күл
қойыртпағын
тұндырғыштардан күл қайрмасының ортасына қарай
бағыттайды. Басқа типтерде рационалды және үнемді болып деңгейленген
опырылу мүмкіндігі бар күл-қожды материалды күл қайырмасының
конструкциясы жатады.
Қолмен қызмет ету ошақтарында қамтамасыз етілген қазандықтардағы
күл мен қожды аластау үшін монорельсті ілініп тұрған транспорт, шағын
келген жүкті таситын арба және рельссіз аударылмалы арбалар қолданылады.
Газ жүру жолдары және күл ұстағыштар құрылғылары эксплуатациясы
бірқалыпты күл ұстағыштың әртүрлі секцияларына және әрбір секцияның
ішіне газды таратуы тиіс. Күл ұстағыш аппараттардың және газ жүру
жолдарындағы қабырғаларды су буының конденсациялануын болдырмау
үшін күла ұстағыш аппараттардың сыртқы беттері изоляциясының жағдайын
бақылау қажет. Күл ұстағыштардағы ауа соруларынан арылу үшін, күл
ұстағыш аппараттарды гидравликалық бекітпелермен қамтамасыз етілген.
Күлділігі көп отынды жаққанда күла ұстағыштарда жел өтетін тесіктерді
ескерту үшін барлық тозған тетіктерді қорғаныс беттерімен жабады. Күлді
жайдың едені тегіс, қайырма каналдарына қиғаш орналасады. Қожды
бункерлердің бекітпелері және шахтадағы бақылау айналары тығыз орнала -
сады. Каналдар еден деңгейінде жабылады. Күл және қожды бункерлерден
түсіру кезінде қоршаған ортаның күлденуін және ластануын алдын алады.
Күлұстағыштардың жағдайын және жүйелерін эксплуатациялық қызметкер
ауысымда бір рет қадағалаушы техникалық және технологиялық
қадағалауымен іске асырылады. Күл ұстағыштардағы ауа сорулығын айына
бір рет қадағалайды. Егер құрылғыны тоқтату керек болмаса корпуста және
құрылғыларында ақау бола қалған жағдайда оны тез арада реттейді. Қазандық
үш күнге және одан көп мерзімге тоқтағанда күл ұстағыштар бақыланып
түбіндегі қалдықтарынан тазаланады.
Жөндеулерден кейін күл ұстағыштар эксплуатациялық сынақтан
өткізіледі. Күл ұстағыштардың күрделі және ағымдағы жөндеуі қазандықтың
күрделі және ағымдағы жөндеу аралығында іске асырылады. Олардың
конструкциясын өзгерту немесе жаңғыртулар жасау үшін күл ұстағыш
құрылғыны жасаушы мекемемен ақылдасқан түрде шешіледі.
Электрстансаларында қожды гидравликалық әдіспен аластайды. Қож
қож шайғыш шахтаға түсіп, ұнтақтағышқа жіберіледі. Онда торлар және
метал аулағыштар арқылы багерлі сорғыштарға немесе эжекторлы
гидроаппараттарға, ал олар қойыртпақты күл қайырмасына жібереді. Көп
жағдайда қожды гидравликалық, күлді пневматикалық әдіспен аластайды.
Шағын қазандықтарда күл және қождың вакуумды аластауын қолданады.
Құрғақ қож аластау
Ылғалды қож аластау материалды шығын, су ресурстарын, ақаба
суларды тазалайтын гидроқұрылғыны, жоғары қуатты сорғыны және
температуралық режимді қажетсінеді. Сондықтан да қатты отында жұмыс
жасайтын аз және орта қуатты қазандықтарда құрғақ қож аластау
қолданылады. Төмен температуралы солтүстік климаттық зоналарда
тұтынушыға құрғақ күйде берілетін және алыс қашықтықтарға тасымалдауға
құрғақ аластау қолданылады.
Қожды аластау және тасымалдау үшін қырғыштары бар тасымалда -
ғыштар, шнектік, ленталық конвейерлер, скиптік және скреперлік қондырғы-
лар қолданылады.
Күл және қожды аластайтын қырғыштары бар конвейерлерді жақын
қашықтыққа қолданылады. Оның табанында шынжырларға бекітілген
қырғыштар астаумен жүргізіледі. Қожды тасымалдау үшін горизонталь
бойынша 360 бұрылса, жоғары қарай 450 -та бұрылады. Ал ленталық
конвейерлерде қожды үздіксіз қозғалыста болатын резеңкелік лентада
аластайды. Бірақ 180 бұрыштан артық жүкті жоғары көтере алмайды. Қождың
температурасы 800-тан аспауы тиіс.
Спиральді винтті немесе шнектік конвейерлер майысқақ қаптамадан
тұрады, оның ішінде арнайы білік айналып тұрады. Айналу есебінен қож
қоймаларға немесе гидроаппараттарға беріледі. Кеңінен қолданыс тапқаны
скреперлік құрғақ қож аластау. Қазандықтың бункерінің үстіне скреперлік
арна қойылады, яғни ол арқылы периодты түрде күл-қож материалдары
лақтырылып отырады. Скреперлік арна темір бетоннан жасалған және ол
арқылы таратушы құрылғы арқылы шөміш жүріп отырады. Шөміш қожды
горизонтальды және жоғары бағытта қозғалып, қождық бункерлерге
тасталады.
Құрғақ қож аластауда пневматикалық әдісті айта кету жөн. Пневмо -
жүйеде күшпен қозғалатын ауа жұмыс жасайды. Пневмо арнада 1м3 ауаға 5-
40 кг қож сәйкестендіріледі. Құбырлар аз легирленген маркасы 14 ГС
болаттан жасалады. Қож пневможүйеге дейін орналасқан қож
ұнтақтағыштарында майдалануы тиіс. Қождың температурасы 600 0C-ден
аспауы керек. Пневможүйе тегеурінді және вакуумды болады. Екінші
жағдайда қож жүйе соңындағы вакуумдік сорғылармен жасалған сұйылтылған
ауа арқылы қож тасымалданады. Бұл әдісті қож бункеріне дейін қолданса, ары
қарай қож қайырмаларына дейін тегеурінді жүйені қолданған дұрыс.
Тегерінді жүйеде қож пневмоарна арқылы желдеткіш және сығымда -
ғыштармен алынған сығылған ауа әсерінен тасымалданады. Тегеурінді жүйе
құрғақ қож алауды 1000 м қашықтыққа дейін қызмет ете алады.
Күл және қож аулау үшін жүйелер таңдалынады:
- энергетикалық өндірістің технологиялық көрсеткішіне ( қож түрі, түтін
газдарын тазалау жолдары, күл және қождың құрамы және шығыны,
судың жеткілікті болуы ) ;
- күл және қож тасымалданатын күл-қож қайырмасының рельефі;
- қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі;
- климаттық жағдайлар.
Қазақстандағы ЖЭС-да күл-қож аластаудың гидравликалық жүйесі
кеңінен етек алған. Багерлі сорғылардың тегеуріні аз болғанда, негізгі
корпуста екінші және үшінші өрлемелі багерлі сорғылар құрылады. Улан-
дырғыш және радиоактивті заттардың көп мөлшерде тасталуы локальді
ластанған аймақтардың пайда болуына алып келеді және ол биоәлемге
зардаптарын тигізері сөзсіз.
Айналмалы сумен жабдықтау сызбаларында мөлдірлеткіш тоғаннан
кейін суды ЖЭС-на қайта қолдануға береді. Мұндай жүйелерде мөлдірленген
су айналмалы сумен жабдықтау сорғыларына, олардан құбыр арнасымен
қазандықтың салқын құйғыштарына және күл ұстағыш қондырғыларының
цехына беріледі. Содан кейін, күлді және қожды қойыртпақ багерлі сорғы
стансасына, ал бұл жерден күл-қожды қойыртпақ сыртқы құбыр арналары-
мен күл-қож сақтау орнына жіберіледі. Айналмалы сумен қамдау жүйелерінде
жабық циклде жүзеге асырылады [1] .
2-сұлба. Күл-қожды аластаудың қағидалық сұлбасы.
Кейбір ЖЭС-да автокөлікке немесе теміржол пойыздарына тиеліп,
тасымалданады. Күл-қож аластаудың пневмогидравликалық жүйесінің
күлдері электрофильтрлерде ауланатын ірі ЖЭС-да қолданылады.
Гидрокүл аластаудың артықшылығы:
- көп мөлшердегі күл-қождың үздіксіз аласталуы бірнеше км қашықтық-
қа дейін жетеді;
- салқындату, грануляция және қождың тасымалдану процестерінің
болуы;
- салыстырмалы түрде қарапайым және сенімді құрылғымен жұмыс
жасалуы;
Гидрокүлұстау қондырғыларын техника-экономикалық және
экологиялық талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды:
- жүйенің құбыр арналарында қатты шөгінділердің пайда болуы жұмыс
істеу қабілеттілігін төмендетуі;
- абразивті және коррозиялық тозуларда тегеурінді күл-қож арналары -
ның қосалқы бөлшектерін ауыстырудың жиі-жиі болуы;
![]()
- тасымалданатын күл-қождардың массасына тәуелді қондырғылардың
өндірулігінің реттелмеуінен күл-қождың сыртқы гидротранспортта
энергия шығындарының көп болуы;
- 1 т күл-қожға 10-50 м3 су шығыны орын алады;
- су мен күл-қож қоспасы қосылғаннан кейін басқа өндірістерде пайдаға
асуы қиын болады;
- күл-қож қоймасының көп ауданды қамтып жатуы;
- күл-қож қоймасындағы топырақтың эрозиясы да байқалады;
Күл және қожды бірге және бөлек аластау жүйелері 1-2 кестеде
келтірілген.
1-кесте. Күл және қождың бірге аласталуы.
![]()
2-кесте. Күлдің бөлек аласталуы.
![]()
3-кесте. Қождың бөлек аласталуы.
Багерлі сорғы
Багерлі сорғылар -бір сатылы ортадан тепкіш, ірілігі 50 мм-ге дейінгі
гидрокүлқож қоспасын айдайтын сорғы. Ал бөлшектерді 25 - 50 мм-ге дейін
қож ұсақтағыш жұмыс жасайды. Багерлі сорғы дене тұрқысынан, жұмыс
дөңгелегінен, қорғаушы қабаттан тұрады. Сорғының төрт артқа қайырылған
қалақшалары бар. Сальниктер тығыздалып тұру үшін қысыммен таза су
беріледі [2] .
![]()
3 - сұлба. Багерлі сорғының сырттан қарағандағы көрінісі [3] .
1 - дене тұрқы; 2 - броня; 3 - жұмыстық дөңгелек; 4 - тығыздауға арналған
су.
4 - сұлба. Багерлі сорғының көлденең қимасының көрінісі [3] .
![]()
![]()
Багерлі сорғысы бар жүйенің негізгі көрсеткіші - бір сатылы ортадан
тепкіш сорғы. Қазандықтағы қож астау бойынша шайылатын шахтаға келіп,
ол жерде салқындап, өздігінен ағатын арнаға қарай саптама көмегімен сумен
шайылады. Қождың қозғалысқа келуі мәжбүрлі саптамалар көмегімен іске
асады. Күл ұстағышта тұтылған күл күлді жуғыш қондырғыға тасталады.
Арна бірнеше науаларға тармақталады. Күл-қожды қойыртпақ өздігінен
ағатын арнамен багерлі сорғы стансасының шұңқырына келеді. Науалардың
саны шұңқырдағы багерлі сорғылардың санына тәуелді. Әдетте, багерлі
сорғылардың бірнеше блоктарын орналастырады. Оның біреуі жұмыстық, ал
қалғандары - қосалқы және жөндеудегілер.
КҚҚ - күл қож қоспасы; КГЖ-күлдің гидро жоғалуы.
5 - сұлба. Күл-қож аластау жүйесінің технологиялық сұлбасы.
![]()
6 - сұлба. Күл-қожды бөлек аластау жүйесінің технологиялық сұлбасы.
![]()
ПКА-пневмокүл арнасы; ҚКТҚ-қатты күлді тасымалдау қондырғысы.
7 - сұлба. Күл-қожды аластау жүйесінің технологиялық сұлбасы.
![]()
8-сұлба. ЖЭО-ғы күл-қож қоймаларынан қоршаған ортаның ластану сұлбасы
[4] .
1 - шайғыш сорғы; 2 - күлұстағыш; 3 - күл шанағы; 5 - шайғыш судың
арнасы; 6 - арна; 7 - ошақ камерасы; 8 - қождық шанақ; 9 - қожды шаю
![]()
![]()
шахтасы; 10 - шашыратқыш құрылғы; 11 - шайғыш саптама; 12 - қозғаушы
саптама; 13 - ауыстырғыш шибер; 14 - шибер; 15 - кран; 16 - багерлі сорғы;
17 - екіншілік металл ұстағыш; 18 - дренажды сорғы; 19 - біріншілік металл
ұстағыш; 20 - тор; 21 -ұстағыш;
9 - сұлба. Багерлі сорғысы бар гидро күл-қож аластау сызбасы [2] .
Жұмыс жасап тұрған сорғыға келетін ағын бағытын қосқыш
шиберлердің көмегімен іске асырады. Ал, ол негізгі арнаның науаларға
тармақталатын жерінде орналасады. Кала берсе, күл-қожды қойыртпақтың
ағынын тоқтату үшін сызбада шандоралар орналасқан. Шандора авариялық
каналдардың толып кетуі кезінде қолданылады.
Шандоралардан кейін орналасқан метал ұстағыштан өткен қойыртпақ
қождың ірі бөлшектерін багерлі сорғыға жібермейтін қож ұсақтағышқа
бағытталады. Қож ұсақтағышқа келіп түсетін қож бөлшектері -
нің өлшемін реттейтін ылди торлар орналасқан. Ылди тор арқылы қождың ірі
бөлшектері қож ұсақтағышқа бағытталып, одан шыққан қож күл және сумен
араласып багерлі сорғының кірер құбыршасына барады. Ылди тордың
тесіктері арқылы өткен қождың майда бөлшектері және күл мен су байпасты
шахтадан өтіп, багерлі сорғыға бағытталады.
Күл-қожды қоспа багерлі сорғы арқылы қойыртпақ арнасымен күл-қож
қоймасына тасымалданады. Сорғы стансасы су басқан жағдайда сызбада
дренажды сорғы қарастырылған. Багерлі сорғыға келетін түйіннің кемшілігі -
бұрылыс арналарының көп болуы. Бұрылыстарда қатты бөлшектер шөгеді де,
су шығыны айтарлықтай көп, сондықтан көптеген шайғыш саптамаларды
қажет етеді. Көптеген шандоралардың болуы, қатты бөлшектердің
тасымалдануының сенімсіздігі айтарлықтай мәселелерді туғызады. Түйіннің
жұмыс жасау сенімділігін арттыру үшін және гидравликалық қосылыстарды
төмендету үшін арнада су түбіндегі ой қарастыру керек. Су түбіндегі
қойыртпақтың тізбектей орналасқан багерлі сорғының шанақтарына берілуін
қамтамасыз етеді. Арнайы профилі бойынша шандораның жоғарғы бөлігі науа
тәрізді, ал төменгі ілмек бөлігі резеңкемен қапталған.
а - шыбық типті; б - Вентури құбырымен; 1 - шығатын келте құбыр;
2 - шыбықты тор; 3, 9 - шашыратқаш саптамалар; 4 - кіретін келте құбыр;
5 - күл шайғыш құрылғы; 6 - конуыты бөлік; 7- корпус; 8 - шайғыш
саптамалар; 7 - Вентури құбыры; 11 - диффузор; 12 - тамшы ұстағыштар
7-сұлба. Сулы күл ұстағыштың көрінісі [5] .
![]()
1. 2 ҚАТТЫ ОТЫННЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАНУ ӨНІМДЕРІНІҢ
СИПАТТАМАЛАРЫ
Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен
жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50% -дан
аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде
кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді:
гумолиттер,
сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан,
екіншісі
-
негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал
сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің
өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады:
қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық
құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың
мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0, 92 - 1, 7 г/см3 аралы-
ғында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы
Моос шкаласы бойынша 1 - 3 аралығын құрайды. Органикалық массасының
элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%,
антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30 - дан 1% - ға дейін) және сутек (6 -дан 1%- ға
дейін) мөлшерімен сипатталады.
Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпа заттардың
шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір - бағалы металлургиялық және
химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі
қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр
қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп
таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері
Қарағанды,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz