Құрылымдық кәбілдік жүйеге шолу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жобада «Казфильтр» ЖШС құрылымдық кәбілдік жүйе

технологиясының көмегімен жергілікті байланыс жүйесін жобалау мәселелері

қарастырылады. Жасалынған кәбілдік жүйеде ғимараттың ішкі мекемелік

телефон, жоғарғы жылдамдықты жергілікті есептеуіш, бейнебақылау желілерін

жобалау мәселелері қарастырылды. Осы кәбілдік жүйені жобалау үшін

«Legrand» компаниясының құрылғылары қолданылады.

Бизнес - жоспарда бітіру жұмысының экономикалық тиімділігінің негізгі

көрсеткіштері есептеледі.

Төртінші бөлімде жобаланып отырған кәбілдік жүйеге қызмет көрсету

және пайдалану кезіндегі өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломном проекте рассматривается проектирования местной

системы связи с помощью технологии СКС в ТОО «Казфильтр». В

разработанной кабельной системе рассматривались вопросы проектирования

офисной телефонной сети, проектирования высокоскоростной ЛВС и сети

видеонаблюдения. Для данной кабельной системы используется оборудование

компании «Legrand».

В бизнес - плане рассчитывается основные показатели экономической

эффективности выпускной работы.

В четвертом главе рассматривается вопросы безопасности

жизнедеятельности при обслуживании и эксплуатации проектируемой

кабельной системы.

ABSTRACT

In this diploma project considered designing local network with structured

cabling system technology at LLP «Kazfilter». In constructed cabling system

investigated problems such as, designing public branch exchange telephone network,

designing high - speed LAN network and designing CCTV network. Equipments

which are used for this project are products of Legrand company.

In the business - plan calculated basic indicators of economic efficiency of the

research paper.

In 4the chapter consider the issues of life safety for maintenance and operation

of the designing cabling system.

9

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КӘБІЛДІК ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

1. 1 Жұмыстың мақсаты мен орындалатын міндеттерді анықтау

1. 2 Құрылымдық кәбілдік жүйеге шолу

1. 3 Құрылымдық кәбілдік жүйелерге анықтама

1. 4 Құрылымдық кәбілдік жүйенің артықшылығы

1. 5 Құрылымдық кәбілдік жүйенің дамуы мен стандартталуы

1. 6 ҚКЖ құрылымы және жүйеастыларын жобалау принциптері

1. 7 Желілік құрылғылардың кәбілдік жүйеге қосылу әдістері

1. 8 ҚКЖ топологиясы

1. 9 Таратушы тармақтардың орналасуы

1. 10 Кәбілдік жүйенің интерфейсі

1. 11 Кәбілдік жүйені жүзеге асыру

1. 12 Қолданбалы жүйелермен кәбілдік жүйелердің жіктелуі

1. 13 Құрылымдық кәбілдік жүйеге керек құрылғыларды таңдау

1. 14 Жұмыс орнының жүйеастында қолданылатын құрылғыларды таңдау

1. 15 Горизонталды жүйеасты құрылғылардың түрі мен категориясын

таңдау

1. 16 Тіктелген жүйеастына қажет құрылғыларды таңдау

2 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КӘБІЛДІК ЖҮЙЕНІ ЕСЕПТЕУ

2. 1 Бөлмелерде ақпараттық розеткалардың (АР) санын есептеу

2. 2 Шеткі баулардың ұзындығы мен санын есептеу

2. 3 АР - ға жұмыс үстеліндегі телефонды қосу үшін қолданылатын шеткі

бауға қажет вилка санын есептеу

2. 4 Горизонталды жүйеастына жұмсалатын кәбіл ұзындығын есептеу

2. 5 Горизонталь жүйеастындағы кәбілдерді коммутациялық панелдерге

қосуға қажет вилкалардың санын анықтау

2. 6 Горизонталды жүйеастындағы коммутациялық панелдер санын

есептеу

2. 7 Телекоммуникациялық шкафтың биіктігін есептеу

2. 8 Кәбілдердің сыйымдылығын және ұзындығын есептеу

2. 9 Жергілікті есептегіш желі (ЖЕЖ) абоненттерінің жүктеме есебі

2. 10 Жүйе өлшемдерін есептеу

2. 11 Жүйенің пайдалы өту қабілетін есептеу

2. 12 ҚКЖ құрылғыларының сенімділігін есептеу

3 БИЗНЕС ЖОСПАР

3. 1 Түйін

3. 2 Компания және сала

3. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу

3. 4 Маркетингті стратегия (бағдарлама)

10

8

9

9

9

10

10

11

13

17

18

20

20

22

24

26

26

27

29

32

32

33

34

34

38

39

40

40

42

45

46

48

49

49

49

50

50

3. 5 Қаражат жоспар

3. 6 Табысты есептеу

3. 7 Пайдалану шығындарын есептеу

3. 8 Таза табысты есептеу

3. 9 Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу

4. ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

4. 1 Еңбек жағдайының талдауы

4. 2 Операторлық бөлмедегі ауа алмасу процесі

4. 3 Операторлық бөлмедегі желдету процесі

4. 4 Ауа алмасу жүйесін есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

А ҚОСЫМШАСЫ

Ә ҚОСЫМШАСЫ

Б ҚОСЫМШАСЫ

В ҚОСЫМШАСЫ

Г ҚОСЫМШАСЫ

11

50

52

54

59

58

60

60

61

62

64

72

73

74

75

76

77

78

79

КIРІСПЕ

80 - ші жылдың ортасынан бастап жергілікті есептегіш желінің (ЖЕЖ)

даму кезеңі болып келеді. Олар мекемелердің, ұйымдардың

және

кәсіпорындардың қатесіз, жасырын түрде және үздіксіз ағынмен ақпараттың

жіберілуін қамтамасыз ететін стратегиялық ресурстардың бірі болып келеді.

Егерде қазіргі таңда ақпарат - "экономикалық өмірдің өзегі" болса, онда кәбіл -

" сол өзектің түйіні" яғни ақпараттың таралу жолының түйіні болып келеді.

90 жылдың басында жаңа өндірістік өнім, яғни құрылымдық кәбілдік

жүйе (ҚКЖ) дами бастады. Оларды көптеген электронды, электротехникалық

және коммутациялық компаниялар шығара бастады. Жалғағыштар, кәбілдер,

конструкциялық құрылғылар мен керек - жарақтар шығаратын фирмалар пайда

бола бастады. Кәбілдік жүйенің пайда болу кезеңін 1984 - 1986 жылдарға

жатқызады. Бұл аймақтағы айтарлықтай өзгеріс 1991 жылда EIA/TIA-568

стандарт пен оған керек құжаттарды қабылданғаннан кейін басталды. Осы

өзгерістердің нәтижесінде көптеген ҚКЖ мүмкіндіктері көрсетіледі. Сонымен

қатар стандарттардың келесі дамуы мысты жұппен талшықты - оптикалық

кәбілдердің номенклатураларын кеңейтуге, интелектуалды

құрылымның

басқарулуын және мультимедиялық қосымшаларға 1 Гбит/с жылдамдыққа

дейін қажетті өткізу жолағындығы сигналды тарату ортасын алуға бағытталды.

Құрылымдық кәбілдік жүйе - әртүрлі желілік, ақпараттық сервистердің

әртүрлі тағайындалуларын біріңғай жүйеге біріктіре алатын ғимарат

құрылымының физикалық негізі. Ол дегеніміз: жергілікті есептегіш және

телефондық желілер, қауіпсіздік жүйесі, бейнебаян және тағы басқалар. Бұл

сервистер белгілі мекеменің қызмет шеңберінде қаралады.

ҚКЖ міндеті - кәбілдік желінің кеңейтілуі немесе ғимараттың өзгеріссіз

сол мерзіміндегі құрылымдық кәбілдік жүйесінің барлық потенциалды

қолданушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру.

ҚКЖ - бұл жай кәбілдер немесе бір жерге біріктірілген жүйе

құрамдастарынан анағұрлым артық. Түрлі - түрлі технологиялар, қосымшалар

мен архитектуралары, дауыстық, ақпараттық мәліметтер, бейне көріністер және

бақылау сигналдар - бұлардың бәрі бірлесіп, тұтастай біркелкі әрекет етуі

керек.

Үш негізгі капиталды инженерлік жүйелерден басқа (су, энергиямен

жабдықталған, вентеляция) қазіргі ғимараттар төртінші капиталды - кәбілді

жүйенің құрылуын талап етеді.

Бұл дипломдық жобада құрылымдық кәбілдік жүйесінің мекеме

ғимаратында ішкі мекемелік телефон, жоғарғы жылдамдықты жергілікті

есептеуіш, бейнебақылау желілерін жобалау мәселелері қаралады.

12

1 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КӘБІЛДІК ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

1. 1 Жұмыстың мақсаты мен орындалатын міндеттерді анықтау

Бұл дипломдық жобаның басты мақсаты құрылымдық кәбілдік жүйе

технологиясын қолдана отырып, «Казфильтр» ЖШС құрылымдық кәбілдік

жүйе технологиясының көмегімен жергілікті байланыс жүйесін жобалау. ҚКЖ

жобасы қабылданған Халықаралық стандартқа (ANSI/TIA/EIA - 568 - A және

ISO/IEC11801) сай болуы керек. Сонымен қатар барлық ақпарат көздерінің

таралуын қамтамасыз етілуі қажет ( мәліметтер, дауыс, бейнебаян және т. б. ) .

Бұл фирма екі қабаттан тұрады, оның ұзындығы мен ені сәйкесінше

6. 6x6м. Әрбір қабаттың биіктігі 3 м тең. Қабаттар арасында 20 см - лік бетонды

конструкция бар.

Берілген бітіру жұмысында келесі сұрақтарды қарастыру қажет:

- құрылымдық кәбілдік жүйеге қажет құрылғыларды таңдау;

- құрылымдық кәбілдік жүйені жүйеастыларға бөліп есептеу;

- жүктемелерді анықтау;

- экономикалық есептеу;

- тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

1. 2 Құрылымдық кәбілдік жүйеге шолу

Қазіргі өндірістік ғимараттардың «интеллектуалды»

болып келе

жатқанын айта кету керек. Үш негізгі инженерлік жүйелерден (энергиямен,

желдетумен, сумен қамтамасыз етуден) бөлек құрылымдық кәбілдік жүйе

төртінші күрделі жүйені құруды қажет етеді [2] .

Қазіргі таңда ғимарат ішінде жүйелер келесі кабілді төсеулерді қажет

етеді:

- компьютерлік (жергілікті есептегіш желі) ;

- телефондық (қалалық және жергілікті) ;

- теледидарлық (қалалық және офистік) ;

- күзет дабылы және бақылауы;

- өрт дабылы және өрт сөндіру;

- климаттық бақылау шарттары және оларды басқару.

Қазіргі кезде көпшілік жүйелік интеграторлар қолданатын құрылымдық

тәсіл құрылымдық кабілдік желінің (ҚКЖ) негізінде интеллекті ғимарат

инфрақұрылымын құру болып табылады. Сондықтан да, ең әуеліалғашқы

кезеңде ғимараттың ҚКЖ - сы жобаланып, құрылады. Одан кейінгі, яғни келесі

кезең тапсырыс берушінің қалауы бойынша құрылымдық кабілдік жүйеге

қажетті функционалды жүйелер қосылады. Мұнда тапсырыс берушінің қалауы

немесе қажеттіліктер тізімі болады. Осы жүйелерді білгілі бір "организмге"

біріктіру жобалаушының міндеті.

13

Ғимараттың ҚКЖ жүйесін жобалаған кезде, оның барлық қызметтері

азғана шығынмен (қаржылық, уақыт және еңбек қиындылығы жағынан) бір

бірімен қосыла алу керек, ал олардың қызмет ету уақыты ыңғайлы түрде

ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, өзгерту кезінде жаңа қызметтер пайда

болғанда оларды қосуда қарастырылады.

Біріктіру принципін қолдану елеулі технологиялық артықшылықтырға ие

болуға мүмкіндік береді:

- өзгерістерге жылдам, әрі анық әрекеті;

- автономды жүйелерді қолдану жағдайында мүмкін болмаған жаңа

қызметтерді енгізу;

- қазіргі жәйтті толығымен баяндау, бұл өз кезегінде өте сапалы түрде

бақылау жасауға көмектеседі;

- қауіп - қатер, яғни қателіктер немесе қызметкерлердің қаскүнемдік

әрекеттерімен байланысты азайтылады.

1. 3 Құрылымдық кәбілдік жүйелерге анықтама

Құрылымдық кәбілдік жүйе (ҚКЖ) деп келесі кәбілдік жүйені айтамыз:

- стандартталған құрылымы мен топологиясы бар;

- стандартталған элементтерді қолданатын (кәбілдер, коммутациалық

құрылғылар мен қосқыштар және т. б. ) ;

- стандартталған түрде басқару;

- стандартталған параметрлерді қамтамасыз ететін (ақпарат тарату

жылдамдығы, өшулік және т. б. ) .

Айта кететін жайт мұндағы «стандартталған» термині «бірдей» деген

мағынаны білдірмейді, тек қана әртүрлі ҚКЖ ұлттық және халықаралық

стандарттарға сәйкес келетін бірдей принциптер мен ережелермен құрылады

дегенді білдіреді [1] .

Кәбілдік жүйенің жоғарыда айтылып өткен қасиеттерінің біреуі болмаса

ерекше кәбілдік жүйе (ЕКЖ) деп атаймыз. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерд е

ҚКЖ үшін "generic" (әмбебаптығы) және "structured" (құрылымдық) термині, ал

ЕКЖ үшін "proprietary" (жеке) термині қолданылады [5] .

1. 4 Құрылымдық кәбілдік жүйенің артықшылығы

Құрылымдық кәбілдік жүйенің (ҚКЖ) ерекше кәбілдік жүйеге (ЕКЖ)

қарағанда келесі артықшылықтары бар, олар:

- Әмбебаптығы: бір кәбілдік жүйе ғимараттағы барлық қажетті жүйелерге

қызмет етеді: телефондарға, компьютерлерге, күзет, өртке және т. б;

- Сыртқы шарттардың өзгеруіне жоғарғы икемділік

қабілеттілігі

("иілгіштігі") :

мекеменің ұйымдық құрылымының өзгерістеріне (жаңа

бөлімшелерді ұйымдастыру және ескісін тарату) ;

қызметкерлер мен

бөлімшелерді көшіруге; құрылғылардың түрлерін аустыруға, сонымен қатар

14

оның жеткізушісін ауыстыруға да, ал белгілі бір жеткізушіге тәуелсіз болу -

әрқашанда пайдалы;

- ҚКЖ қызмет ететін қызметкерлердің санының аздығы (өрт, күзет,

телефон және басқада жүйелерді өткізу үшін арнайы жеке маманды қажет

етпейтіндігі, тек қана ҚКЖ - ның администраторы болса жеткілікті) ;

- Жоғары тиімділігі. Құрылымдық кәбілдік жүйелердегі барлық кәбілдік

желілер стандарттар талабына сай келеді және сапалы компонеттерді қолдануы

арқасында техникалық сипаттамаларға сай беріктік запасы болады. Бұл өз

кезегінде түпкілікті қолданушыларға 10 жылдан аса ҚКЖ - ді пайдалануға

болады. ҚКЖ - ге кеткен шығынның орнын жабу мерзімі 3 - 5 жыл[3] .

1. 5 Құрылымдық кәбілдік жүйенің дамуы мен стандартталуы

Жергілікті есептегіш желі (ЖЕЖ)

қарқынды дамуы кезінде

компьютерлерді бір - бірімен біріктіру қажеттілігі, түрі және сипаттамалары әр

түрлі элементтерді қолданып, белгілі бір қасиеттерімен кәбілдік жүйелер

компьютерлік компанияларды құра бастады. Мұндай жағдайдың бұлайша

жалғасуы мүмкін болмады. Осыған байланысты

кәбілдік жүйелерді

стандарттауға деген қажеттілік туындады.

1986 жылдан 1991 жылдар аралығында IBM стандарыт жасалынды және

қолданыла бастады. Бұл стандарт кәбілдердің электромагниттік сипаттамалары

бойынша бес деңгейінен тұрды.

Стандарттың болмауына байланысты телекоммуникациялық және

компьютерлік компаниялардың проблемалары көбейе берді. Сонда Computer

Co mmunication Industry Association (CCIA) америкалық ассоциация Electronic

Industry Association (EIA) ассоциациясынан негіз болатын бір стандарт жасауын

өтінді.

1991 жылы шілде айында АҚШ және дүние жүзіндегі ең алғашқы

коммерциялық ғимараттардағы телекоммуникациондық өткізгіштерге арналған

стандарт "Commercial Building Telecommunication Standard EIA/TIA - 568"

пайда болды. Осы типті құжаттарды жетілдіру жалғаса берді, сонымен бірге

жаңалары пайда бола бастады.

Қазіргі таңдағы ҚКЖ жүйесін құруды регламенттейтін құжаттар 1. 1

кестеде көрсетілген. Өкінішке орай Қазақстанда жоғарыда

айтылып

өтілгендерге ұқсайтын стандарт жоқ, сондықтан ҚКЖ жобалау кезінде ISO

стандарттарына, дәлірек айтсақ ISO/EEC 11801:1995 (Е) стандартына сүйенетін

боламыз.

1995 жылы Халықаралық стандарттау ұйымымен (ISO) Халықаралық

электротехникалық комиссияның (IEC) біріккен техникалық комитетінің #1

(JTC 1) ішінде шағын комитетінің 25 (SC 25) жұмыс тобы #3 (WG 3) стандарт

жасап шығарды. Бұл стандарттың толық аталуы: International Standard I SO/IEC

JTC1/SC25/WG3/11801 "Information Technology - Generic Cabling for Customer

Premises" [6] .

15

Бұл стандарттың дұрыс аталуына: ISO/IEC 11801 Стандарты, ал

жаргондық аталуына - 11801 Стандарты деген сілтеме беруге де болады.

Стандарттың атын қазақ тіліне келесі, яғни "Ақпараттық технология -

тапсырыс берушінің ғимараты мен территориясына арналған әмбебап кәбілдік

жүйе" стандарты деп аударуға болады.

Бұл стандарт 105 бетті мәтіннен, 38 кестеден, 35 суреттен тұрады және

Алғы сөз, Кіріспе, 11 бөлім және 9 қосымшадан құрылған, ондағы алтауы тек

қана ақпарат үшін арналған.

1. 1 К е с т е - ҚКЖ жасау кезінде ұсынылатын құжаттар

Стандартты жасаушылардың айтуы бойынша әмбебап кәбілдік жүйе 10

жыл көлемінде өз күшінде болады.

16

Бұл стандарт төмендегілерді қамтамасыз етеді:

- тұтынушылыр - иілімді кәбілдік үлгіге ие, сондықтан оны өзгерту оңай

және тиімді;

- тұтынушылыр - әмбебап кәбілдік жүйені қолданудан және оның

компоненттерінің ашық нарығынан тәуелсіз;

- құрылысшы - профессионалдар - ерекше талаптар белгілі болардан

алдын ғимаратты кәбілдерге икемдейтін басқарушы;

- қолданыстағы және өндірістегі стандарттаушылар - шығарылатын

өнімдерді қолдайтын кәбілдік жүйе.

ISO/IEC 11801:1995 (Е) стандарты аумақтың бір немесе бірнеше

құрылыстан тұратын коммерциялық аумақ ішінде қолдануға арналған әмбебап

кәбілдік жүйені анықтайды. Бұл стандарт географиялық кеңдігі 3000 метрге

дейін, офистік ауданы 1 000 000 шаршы метрге дейін және "адамдар саны" 50

ден 50 000 адамға дейінгі көлемде тиімді. Бұл стандарттардың прициптері осы

стандарт шегінен шықпайтын қондыруларға қолдану ұсынылады.

Осы стандарт арқылы анықталған құрылымдық кәбілдік жүйе дыбысты,

сандық ақпараттарды, мәтіндерді, кескінді және бейнеақпаратты өңдейтін кең

көлемді жүйені қолдайды [6] .

Бұл стандар ҚКЖ - ға келесі негізгі үлкен талаптар тобын анықтайды:

- ҚКЖ - ның құрылымдық және минималдық кескін үйлесімі;

- ҚКЖ - ның іске асырылуына (жасалуына) деген талап;

- Аранайы кәбілдік желілердің сипаттамаларына деген талаптар;

- Бақылау (қадағалау) рәсімі және ҚКЖ - ның берілген стандарт

талаптарына сәйкестілігі. Төменде кейбір талаптар толығырақ қарастырылған.

1. 6 ҚКЖ құрылымы және жүйеастыларын жобалау принциптері

Жалпыланған кәбілдік жүйе келесі қызметтік элементтерден тұрады [4] :

- Басты таратушы пункт (БТП) ;

- Аумақтың магистралдық кәбілі;

- Ғимараттың таратушы пункті (ҒТП) ;

- Ғимараттың магистралдық кәбілі;

- Қабаттың таратушы пункті (ҚТП) ;

- Горизонталды кәбіл;

- Өту нүктесі (ӨН) ;

- Телекоммуникациалық қосқыш (ТҚ) .

Бұл элементтердің топтары бірнеше жүйеасты кәбілдерден тұрады.

Жалпыланған жүйеасты кәбілі төрт негізгі жүйеастыларға бөлінеді:

- сыртқы магистралды жүйеастына;

- ішкі магистралды жүйеастына немесе тіктелген жүйеастына;

- горизонатлды жүйеастына;

- жұмыс орнының жүйеасты.

Осы төрт жүйеастылырадың бірігуі жалпыланған құрылымдық кәбіл

жүйесінің құрылымын қалыптастырады.

17

1. 1 Cурет - Жалпыланған құрылымдық кәбіл жүйесі

Мұндағы қарастырылып отырған ҚКЖ - ғы жеке жүйеасты бөлінділері

желінің жасалу пішіні немесе түріне қарамай қолданыла береді, яғни ол

дегеніміз ол біркелкі болады, мысалы, кеңсе және өндірістік желілерге. Кей

кездерде жобаланудың ыңғайлылығы және пайдаланылудың қызметі үшін

ҚКЖ құрылғыларының жеке жүйелерге бөлінуі қолданылады. Мысалға,

желілік қурылғылардың ҚКЖ - ға қосылу элементтері, кросстықтар жеке

администаративтік жүйеастысына бөлінеді, ал баулар, адаптер мен жұмыс

орнына керек басқа элементтері жұмыс орнында жеке жүйеастыны

қалыптастырады және т. б.

ҚКЖ жалпы жағдайда Халықаралық нормаланған - техникалық

құжаттарға сай өзінің құрамына сегіз құрамдас бөліктерден тұрады:

- сыртқы магистарлды жүйеастының сызықты - кәбілді құрылғысы;

- сыртқы магистарлды жүйеастының коммутациялық құрылғысы;

- ішкі магистарлды жүйеастының сызықты - кәбілді құрылғысы;

- ішкі магистарлды жүйеастының коммутациялық құрылғысы;

- горизонталь жүйеастының сызықты - кәбілді құрылғысы;

- горизонталды жүйеастының коммутациялық құрылғысы;

- бірігу нүктелері;

- ақпараттық розеткалар.

Бұл құрамдастар қолданылу аймағына және жасалып жатқан жобаның

ерекшелігіне байланысты нақты конструкциялық орындалу кең ауқымды түрде

өзгере алады. ҚКЖ барлық үш жүйеастысы бірдей құрылымға ие және

төмендегі бөлінділерден тұрады:

- сызықты кәбіл: мұндағы барлық өткізгіштер мен жарық өткізгіштер екі

жағынан да міндетті түрде коммутациялық құрылғыға қосылады;

- жоғарғы деңгейлі техникалық бөлмеде орналасқан, әртүрлі жасалған

баулар.

18

Сыртқы магистралды жүйеастыны (campus backbone cabling) немесе

кейбір европалық өндірушілердің ҚКЖ терминологиясы бойынша бастапқы

жүйесі БТП мен ҒТП арасындағы сыртқы магистралды кәбілдерінен, БТП мен

ҒТП - ғы коммутациялық құрылғылардан тұрады. Бұларға сыртқы магистралды

кәбілдер мен коммутациялық бау немесе БТП - ғы қосқыштар қосылады.

Сыртқы магистралды жүйеастыны ғимарат аумағындағы

біркелкі

орналасқан байланыс желісін жобалауының негізгі түйіні болып келеді

(campus) . Тәжірибеде бұл жүйеасты физикалы сақина топологиясына ие, бұл

дегеніміз қосалқы кәбілдік жолдар арқылы жоғарға сенімділікті қамтамасыз

етеді. Осы түйіндеуден сыртқы магистрал жүйеастыны кейде екі еселік сақина

топологиясымен орындалады.

Егер ҚКЖ автономды түрде бір ғимараттта орналастырылатын болса,

онда сыртқы магистралды

жүйеастысы болмайды.

Яғни,

бұлай

деп

отырғанымыз, қарастырылып отырған жоба жұмысында сыртқы магистарлды

жүйеастысы қарастырылмайды [7] .

1. 2 К е с т е

-

ҚКЖ - ның магистралды жүйеастын құру үшін

ұсынылатын кәбілдің түрлері

Ішкі магистралды жүйеастыны (building backbone cabling), кейбір ҚКЖ -

да тіктелген немесе екіншілік жүйеасты деп аталады. Бұл жүйеасты ҒТП мен

ҚТП - ға коммутациялық құрылғылар қосылған және де ҒТП - ға

19

коммутациалық бау немесе қосқыштаға қосылған ҒТП мен ҚТП арасындағы

жүргізілген ішкі магистарлды кәбілдерден тұрады.

Бұл жүйеастыдағы қарастырылып отырған кәбілдер бір ғимарат ішіндегі

әрбір бөлек қабаттар немесе әртүрлі көлемді бөлмелерді бір - бірімен

байланыстырады. Егер де ҚКЖ бір қабатқа қызмет жасаса, онда ішкі

магистарлды жүйеастысы болмауы да мүмкін.

Магистралды кәбілдік жүйеастын жобалау кезінде келесі мәселелер

шешілуі керек:

- магистралдық жүйеастының құрамын нақтылау, сызықты кәбілдің түрін

және категориясын анықтау;

- магистралды кәбілдердің сыйымдылығын анықтау, сонымен қатар

жалпы ұзындық бойынша шығынын анықтау.

Магисталды кәбілдік жүйе үшін кәбілдің категориясы мен түрін таңдау

таратылатын сигналдың түріне байланысты таңдалады. ISO/IEC 11801

стандарты бойынша магистралды жүйеасты симметриялық электрлік немесе

талшықты - оптикалық кәбілдер арқылы құрылуы мүмкін. Симметриялық

электрлік кәбілдердің есілген жұпты, көпжұпты FTP,

STP кәбілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылымдық кәбілдік жүйесін жобалау принцинтеріне шолу және талдау жасау
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Талшықты оптикалық байланыс желілерінде қолданылатын технологияларға шолу
“Жергілікті есептеу желілерін жобалау”
Авторлық құқық объектісі
Желілік топологияға шолу
Авторлық құқықты қорғау
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Жергілікті есептеу желілерін жобалау туралы ақпарат
Деректерді тасымалдау ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz