Шуылды бағалау тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

1

2

3

4

Аннотация

Дипломный проект посвящен к оценке и регулированию шумового режима

при обеспечении экологической безопасности в городских населениях. Одним

из вредных факторов, влияющих на организм человека, является шумовое

воздействие. Поэтому, было проведено исследование интенсивного уровня

шума в городских населениях от транспортного потока. Местом исследования

была выбрана больница «Клиника» в городе Алматы и был определен уровень

шума от транспортного потока.

В дипломном работе были расмотрены разделы по безопасности

жизнедеятельности и экономическая часть.

Annotation

The degree project is devoted to an assessment and regulation of the noise mode

when ensuring ecological safety in urban populations. One of the harmful factors

influencing a human body is noise influence. Therefore, research of intensive noise

level in urban populations from a transport stream was conducted. The Klinika

hospital in the city of Almaty was chosen as a place of research and noise level from

a transport stream was determined.

In degree to work sections on health and safety and economic part were

considered.

Мазмұны

КІРІСПЕ

2

1

1-бөлім. Ірі қалалардағы шу редимдерін реттеу мен зерттеу

әдістеріне шолу

1. 1

1. 2

1. 2. 1

1. 2. 2

1. 2. 3

1. 2. 4

1. 2. 5

1. 2. 6

2. 1

Шуылдың адамға және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау

Қаладағы шу көздері

Қаладағы шу көздеін жіктеу

Стационарлық көздерден болатын шуыл

Мобильді көздердің шуылы

Шуды нормалау

Шуылды нормалаудың интегралдық өлшемдері (критерийлері)

Шуды бағалау әдістері

2-бөлім. Халық көп шоғырланған ірі аумақтар үшін шуыл

режимін бағалау тәсілін негіздеу

Ірі қалалардағы шуды зрттеуді саралау және талдау

5

4

6

6

8

9

10

11

12

15

2. 2

2. 3

2. 4

3. 1

3. 2

4. 1

4. 2

4. 3

4. 4

4. 5

4. 6

4. 7

5. 1

5. 2

5. 3

5. 4

Шу жүктемелерінің критерилерін бағалауды анықтау

Ірі қалардағы транспорттық шу деңгейін акустикалық бағалау

«Ассистент» аспабы көмегімен ішкі транспорттық шу деңгейін

анықтау

3-бөлім. Шудан қорғану

Шудан қорғану әдістері

Кәсіптік қауіпсіздікті бағалау

4-бөлім. Экономикалық бөлім

Бизнес-жоспардың мақсаты

Өнеркәсіптің сипаттамасы

Электрэнергиясымен жабдықтаудың сыртқы сұлбасының

тиімділігінің техника-экономикалық дәлелдемесі

Маркетинг жоспары

Инвестициялық жоспар

Электр энергияны сатып алудағы лицензияны алу мақсаты оның

энерго саудадағы саудалық жүйенің қайта сатуы

Финансты-экономикалық тиімділіктің инвестициялық

көрсеткіштері

5-бөлім. Өміртіршілік қауіпсіздігі

Станцияның басты жоспарында санитарлық және өртке қарсы

талаптарды жасау

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қадамдық және жанасу

кернеулеріне талқылау

Жарықтандыруды қайта құру

Диспетчерлік бөлмені табиғи жарықтандыру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


18

23

29

35

39

44

44

44

45

45

49

49

53

54

64

65

68

69

КІРІСПЕ

Адамның өмір-тіршілігін қамтамасыз ететін ортаны нашарлататын қауіпті

факторлардың бірі шуылмен мазалау болып табылады. Шу - бұл халық көп

шоғырланған аумақтарда үнемі болатын, қоршаған ортаны ластандыратын

факторлардың негізгі түрлерінің бірі болып саналатын ахуал.

Шумен мазалаудың басым бөлігі жалпы шудың 80%-ын беретін көлік

қозғалысына байланысты болады. Халықтың 30%-ы ірі қалаларда, көліктердің

жүрісіне қатысты орын алатын шудың деңгейі жоғары аумақтарда өмір сүріп

жатыр [1] . Адамдар алуан түрлі шумен мазалау көздерінен ұдайы туындайтын

дыбыстар аясында тіршілік етеді. Адамның шуға физикалық тұрғыдан

бейімделуі еш мүмкін емес [2] . Адам үшін шу жалпы биологиялық

тітіркендіргіш болып табылады, ол белгілі бір жағдайда адамның жүйке, көру,

ас қорыту, зат алмасу және т. б. жүйелерімен қоса бүкіл ағзасына әсер етеді.

6

Қалалардағы шуылдың халыққа әсер етуінің негізгі себебі - бұл көлік

байланысын, өндіріс объектілерін, коммуналдық шаруашылық объектілерін

дамыту қажеттігі мен қалыптасқан қала құрылысын жоспарлау құрылымы

арасындағы қайшылықтар.

Қазіргі замандағы халық көп шоғырланған ортада техникалық жабдықтау

көлемінің, қала аумағын пайдалану қарқыныныңөсуіне және көлік кешені

торабының дамуына байланысты экологиялық ахуалдың нашарлап бара

жатқаны байқалады. Әсіресе бұл мәселе үлкен қалалар жағдайында анық

көрінеді, мұнда техногендік жүктелімнің жоғарылау ағымы кейде тіпті қауіп

төндіретіндей сипатқа жетеді.

Қоршаған орта ахуалының аумағы мен кеңістігінің өзгермелі болу

жағдайында оның сапалық сипаттарын басқару стратегиясын, оны кезеңімен

жүзеге асыру тактикасын қалыптастыру және қандай да бір халық көп

шоғырланған аумақты қайта құрылымдау, жоспарлау, ұтымды пайдалану үшін

капиталдық салымдарды икемді инвестициялауды орнымен бағыттай білу

көбінесе техногендік, оның бірі шуылмен мазалау болап табылатын

жүктелімдерді экологиялық тұрғыдан кешенді түрде бағалай білуге байланысты

болады.

Халық көп шоғырланған ортаның тұрақты компоненті болып табылатын

шуылдың өте агрессивті техногендік факторлар қатарына жататыны белгілі

[4, 6, 37], өйткені оның эмиссиялық қамту саласы кең, ұзақ уақыт бойы әсер ете

береді, бөгет қою қиын. Бұл мәселенің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді,

сондықтан шуылдың пайта болу жағдайын зерттеу және шуылмен күресу

жолдарын іздестіру барған сайын күрделене түсуде.

Халық көп шоғырланған аумақтар үшін экологиялық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету тәсілдері қарастырудың ауқымдылығы есебінен едәуір кеңее

түседі әрі арнайы кешенді стратегияны қажет етеді.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген халық көп шоғырланған аумақтардағы

шуыл режимін қалыпқа келтіру тәсілдері [8, 13-27, 38] шуыл туындату көздерін

азайтуға және кварталға немесе шағын ауданға құрылыс жүргізуді жоспарлау

сатыларында шуылдан қорғау бойынша жеке міндеттерді шешу барысында

мүмкін болатын сол жерді қорғаудың әртүрлі конструктитвік және жоспарлау

әдістерін таңдауға бағытталған. Олар шуылдан қорғауды анықтайды және

пассивтік сипатта болады.

Шуылдан қорғану әдістерінің үнемі дамытылуына, көлік құралдарының

құрылымдарын

жетілдіру бойынша ұтымды инженерлік-технологиялық

жаңалықтар мен арнайы сәулет-құрылыс тәсілдерінің енгізілуіне

қарамастанқазіргі кездегі жобалау ісі шешім қабылдаудың осындай қолдау

жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Мәселенің қазіргі кездегі жағдайы мынандай,

қаладағы жалпы шуыл жағдайын сипаттайтын интегралдық

, ал экологиялық қауіпсіздікті шуыл факторы

бойынша қамтамасыз етудің ортақ тұжырымы болмағандықтан көбінесе

7

шуылдан қорғанудың қымбат тұратын жергілікті конструктивтік әдістерін

іздестіруге бағытталған кездейсоқ шешімдердің қабылдануына алып келеді.

Сандық критерийлер жүйесінің де, сонымен қатар құжатпен

нормаланбайтын көрсеьткіштер арасындағы байланыстың да болмауы шешім

қабылдауға жауапты тұлғаны (әкімшіні, жобалаушыны) өзінің тәжірибесі мен

интуициясын басшылыққа алуға мәжбүр етеді.

Осылайша, әртүрлі шаруашылық салалары үшін игерілуі жоспарланған

халық көп шоғырланған функционалдық аймақтарға түсетін шуылдық

жүктелімдерді кешенді түрде инженерлік-экологиялық тұрғыдан бағалау

мәселесі әлі де шешімін таппай отыр әрі қазіргі уақытта оның маңызы да аз

емес.

Шуыл режимін реттеуде селқостық танытпай, белсенді тәсілдерге көшу

қажет, өйткені қоршаған орта экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін

қамтамасыз ететіндей етіп алдын ала жоспарланған сипатта қалыптасады. Бұл

ретте қоршаған ортаның сапалық ахуалы да, келешекте қажетті қоғамдық

шығындардың көлемі мен жағымсыз әсерлерді жоюға жұмсалатын қаражат

мөлшері де қабылданған шешімдердің экологиялық негізділігінің деңгейіне

байланысты болады.

1. 1.


Шуылдың адамға және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру, құқықтық және

техникалық шаралардың барлығының негізі шуылдың адамға және қоршаған

ортаға тигізер әсерінің нәтижесін дұрыс бағалай білу болып табылады.

Бағалаудың нәтижесіне сәйкес экологиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру

мен шуыл деңгейін нормалау мақсатында шуылдан туындайтын қауіп пен

шуылдың теріс әсерінің қауіптілік жағдайының шегі мен деңгейін анықтауға

болады.

Бүгінгі күні шуылмен мазалау, қарқындылық деңгейіне, әсер ету

уақытына, сонымен қатар дыбыстық дабылдың спектралдық құрамына

байланысты биологиялық объектілерде де, сонымен қатар қоршаған ортаның

8

көптеген элементтерінде де елеулі өзгерістерді туындататыны анықталып отыр

[4, 74] .

Организмдердің қалыпты қызметінде де 30-55 дБ А -дан бастап

ауытқушылықтар анықталған және шуылдың деңгейі жоғары болған кезде 94

дБ А -дан бастап және одан да жоғары елеулі өзгерістер болатыны анықталған

[3, 90, 93] .

Зерттеу барысында адамның есту органы дыбыстық қысымдардың

абсолютті мәнінің түрлілігін емес, қайталанушылығын айыра алатыны белгілі

болды, ал жинақталғантәжірибе шуылдың физикалық өлшемі мен оны

субъективті бағалаудың ең жақсы сәйкестігі жиілікті түзету «А» деп

аталатынды пайдаланып қамтамасыз етілетінін көрсетті, оны пайдалану

мүмкіндігі отандық [16-21] және халықаралық [103-105] стандарттардың

талаптарымен қарастырылады және адамның құлағы қабылдайтын шуыл

көлеміне сай келеді. Бұл ретте әртүрлі деңгейдегі, жиілік диапазонындағы

және спектралдық құрамдағы тербеліс жүктелімін зерттеу нәтижелеріне

жүргізілген статистикалық талдау ағзада қайтымсыз өзгерістер болмайтын

шектеулі мәндерді белгілейтін гигиеналық нормативтерді қалыптастыруға

мүмкіндік берді [87, 100] .

Адамның биологиялық өзгерістері мен әлеуметтік реакцияларын зерттеу

үшін жүргізілген көптеген тексерулердің нәтижелері негізінде шуылдың

тікелей және жанама әсерлері туралы сөз қозғауға болады.

Тікелей әсер етудыбыстық дабылдың деңгейіне байланысты есту

қабылетінің

бұзылуын туындатады.

Мысалы

130 дБ А

деңгейімен

сипатталатын (16 -дан 20 мыңГц жиілік диапазонына дейінгі) күшті дыбыстық

дабыл құлақтың ішіндегі дабыл жарғақшасының жарылып кетуіне алып келуі

мүмкін (мұндай шуылдар авиациялық процесстерге және күшті қуат ағынын

туындататын бірқатар өндірістік операцияларға байланысты болуы мүмкін) .

Тірі табиғатта ғасырлар бойғы тұрақты функционалдық жүйелердің

бұзылуы орын алады. Көбінесе аңдар мен құстар жоғары деңгейдегі ( 75-80 дбА

-дан асатын) шуылдың әсерінен қырылып қалады [43, 74] .

Жанама әсер ету (тікелей әсер етумен қатар) ашуланшақтықтың,

мазасыздықтың, күнделікті жұмысымен айналыса алмаудың, ұйқысы

бұзылуының себебі болып табылады.

Жоғарыда сипатталған әсер ету түрлері ұзақ уақытқа созылған кезде

кумулятивтік әсердің есебінен едәуір күшее түседі. Бұл тұста онша жоғары

емес деңгейдегі шуылды жүктелімнің жинақталуы ағзада қайтымсыз

деструктивті процесстерді туындатады: жүйке жүйесіне жүктелім түссе -

жүрек-қан тамырлары қызметін өзгертеді - қысым көтереледі - жылпы

функционалдық қызмет бұзылады - ішкі ағзалар аурулары асқынады немесе

жаңа аурулар пайда болады .

Шуылдық жүктелім агрессивті күйзеліс факторларына жатады, әрі

көбінесе ағзадағы теңгерімділіктің толық бұзылуына алып келеді [3, 4, 12] .

9

Қаладағы шуылға тән дыбыстар деңгейіне қатысты шуылмен мазалаудың

келесі факторалрын атап өтуге болады:

·Ұйқыға әсер етуі. Ұйқы фазалары қызметінің бұзылуын туындатады,

ұйқыға кетуді қиындатады әрі ұйықтап жатқандардың оянуын қиындатады.

Біздің еліміздегі және шетелдердегі қалалардың бірқатарын тексерумен қатар

жүргізілген шуыл деңгейін зерттеу барысында алынған көптеген әлеуметтік

сауалнамалардың деректері бойынша [8, 37, 38] 50 дБА деңгейінің өзінде елеулі

бұзылыстар байқалған (ұйқыға кету кезеңінің 1 сағатқа дейін созылуы) .

·Есту қабылетінің нашарлау қаупі. Көп жылдар бойы ұдайы шуылмен

мазалаудың салдарынан жеке естілу шегінің шуылға ең жоғары сезімталдық

жиілігінде (400 - 500 Гц) 5 дБ асатын мөлшерге ұдайы ығысу ықтималдығы

ретінде анықталады [73] .

·Тілдесу қатынасына әсер етуі. Шуылдың тілдесу қатынасына жасырын

кедергі келтіретін әсерінен туындайды [73, 106, 111] .

·Ашулану. Белгілі бір деңгейде немесе жиілікте шуыл туындаған кезде

мазасыздану мен наразылық сезімі ретінде сипатталады [117] . Субъективті

және аспаптық тәсілдер [4, 117, 128] арқылы гигиеналық зерттеулер мынаны

көрсетті: жоғары деңгейдегі шуылдық жүктелімдер психоэмоционалдық

күйзеліске душар тететін ашулануды туындатады, ол адамның ағзасын

патологиялық өзгерістерге ұшыратады.

1. 1.

1. 1-кесте . - Адамға әсер ету деңгейі бойынша шуыл деңгейін градациялау

Бұл ретте тербеліс диапазонының, уақыт бойынша таралуының, дыбыстың

ұлғаю жылдамдығының, шуылдың спектралдық құрамының, тәулік уақыты

мен әсер ету ұзақтығының маңызы өте зор.

Адамның субъективтік реакциясы шуылмен мазалауға қатысты ағзаның

функционалдық жағдайының интегралдық көрсеткіші ретінде ақыл-ойы мен

физикалық қиналыс деңгейіне, жасына, жынысына, денсаулық жағдайына

10

байланысты болады. Алайда шуылдың өзгеруі мен адам ағзасының

функционалдық өзгерістері арасында коррелияциялық тәуелділіктің бол атыны

анықталып отыр, бұл шартты шектеулерді - шуылдың рұқсат етілетін

санитарлық нормаларын белгілеуге себеп болды.

36 табиғи және антропогендік факторлардың халықтың

сырқаттанушылығына әсер етуін зерттеу олардың ішіндегі ең күштілері

атмосфералық ластану мен шуыл болып табылатынын көрсетіп отыр [29] .

1. 2. Қаладағы шу көздері

1. 2. 1. Шу көздерін жіктеу

Қалалық ортадағы шуылды зерттеу бойынша қазіргі материалдарға шолу

жасау [1, 6, 8, 9, 29, 31, 32, 48, 53, 59] қаладағы шудың негізгі көздерін келесі

принциптер бойынша жүйелендіруге мүмкіндік береді:

·Әрекет ету принципі бойынша - қаладағы шу көздері стационарлық

(жылжымайтын) немесе кеңістікте орын ауыстырып жүретін мобилді болуы

мүмкін.

·Түрлері бойынша - көліктік (автомобилдік, рельстік, авиациялық, су),

өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық болып бөлінеді.

·Салыстырмалы (қала ауқымында) шамалары бойынша - нүктелік

(жекелеген автокөлік құралдары - автомобиль, локомотив, ұшақ, жекелеген

коммуналдық және өнеркәсіп

агрегаттары, техникалық құралдар мен

механизмдер және т. б. ), желілік (тығыз көлік ағыны, теміржол қозғалысы) және

кеңістіктік (өнеркәсіп аумақтары, автовокзалдар, автокәсіпорындар, көлік жол

айрықтары және т. б. ) .

·шуды туындату көздерінің физикалық қасиеттері бойынша -шуыл

көзінің әрқайсысының акустикалық сипаттамасы дыбыстың қарқындылығы мен

жиілігін қоса алғандағы оның сарынының құрамына байланысты болады және

дискретті, үзіліссіз (толастамайтын) әрі аралас болуы ықтимал спектр түрінде

беріледі. Мысалы бірнеше жиілікте ерекшеленетін дискретті спектрмен кейбір

электр механизмдерден - генераторлардан, сиреналардан шығатын шуыл

сипатталады.

Қалалық шу көздеріне есту диапазонының жиілік белдеуінің бәрі дерлік

кіреді, бірақ дыбыс қысымы деңгейінің жиіліктер бойынша әртүрлі таралуымен

және олардың уақыт бойынша әрқилы таралуымен ерекшеленеді, сондықтан

бұл шуылды жіктемелеу спектралдық(төмен жиілікті - 300 Гц төмен, орташа

жиілікті - 300-800 Гц, 1000Гц асатын жоғары жиілікті) және уақытша (тұрақты

және тұрақсыз) сипаттары бойынша жүргізіледі.

· Шуылдың тұрақты көздері -

өнеркәсіптік және коммуналдық

кәсіпорындардың инженерлік және технологиялық жабдықтары (тоқтаусыз

жұмыс істеп тұратын желдеткіш агрегаттардың, сорғы мен градирлер,

11

компрессор қондырғылары, желдету жүйелері, сынақ қабырғалары, ауа

үрлегіштер, трансформаторлық қосалқы станциялар және т. б. ) .

· Шуылдың тұрақсыз көздері - авомобиль көліктерінің қозғалысы, темір

жол көліктері, авиациялық көліктер, сонымен қатар қалалық ортада ара-тұра

қолданылатын әртүрлі стационарлық техника жүйелері.

Спектрінің сипаты бойынша шуылды былай бөлуге болады:

ені бір

октавадан асатын толассыз спектрлі кең жолақты; тоналдық, оның спектрінде

айқын дискреттік сарындар бар. Шуылдың тоналдық сипатын іс жүзінде

қолдану мақсатында бір жолақтағы дыбыс қысымының деңгейі көршінікіне

қарағанда 10 дБ кем болмайтындай үш октавалы жиілік өлшемі бойынша (оның

параметрлерін бақылай отырып жұмыс орындарында) орнатады. Уақытша

сипаттамалары бойынша шуылды былай бөлуге болады: тұрақты, оның дыбыс

деңгейінің өзгеруі 8 сағаттық жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде МСТ

17187-81 шу өлшеуішінің «баяу» уақытша сипаттамасымен өлшеген кезде

уақыт бойынша 5 дБ А - дан аспайды; тұрақсыз, оның дыбыс деңгейінің өзгеруі

8 сағаттық жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде МСТ 17187-81 шу

өлшеуішінің «баяу» уақытша сипаттамасымен өлшеген кезде уақыт бойынша

5 дБ А - дан асады. Тұрақсыз шуылды былай бөлу керек: уақыт ішінде ауысып

тұратын, оның дыбыс деңгейі уақыт ішінде үнемі өзгеріп тұрады; үзік-үзік,

оның дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгереді ( 5 дБ А -ға және одан жоғары), әрі

деңгейі тұрақты болып тұратын үзілістің ұзақтығы 1 с және одан жоғары

болады; импульсты, бір немесе бірнеше дыбыс дабылдарынан тұрады,

әрқайсысының ұзақтығы 1 с аспайды, бұл ретте МСТ 17187-81 шу

өлшеуішінің «импульс» және «баяу» уақытша сипаттамасымен тиісінше дБ

AI және дБ А өлшенген дыбыс деңгейлерінің айырмашылығы 7 дБ -дан кем

болмайды.

1. 2. 2 . Стационарлық көздерден болатын шуыл

Өнеркәсіптік шуыл

Қалалық ортадағы шуылдың өте ірі стационарлық көздері өнеркәсіпік

кәсіпорындар болып табылады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шуыл туындататын көздер механикалық,

аэро-, газ - және гидромеханикалық болып табылады, сонымен қатар

жылдамдық пен дірілдің пульсациясымен сипатталатын электр магниттік

бейстационарлық процесстер. Өнеркәсіп кәсіпорындары шуылының аясы

өнеркәсіп алаңдары мен кірме жолдар шегінде көлікке тиеу-түсіру жұмыстарын

іске асыру барысында туындайтын шуылмен толығады.

Қазіргі

уақытта өнеркәсіп объектілерінің негізгі технологиялық

жабдықтары мен коммунткацияларының акустикалық сипаттамаларын есептеу

әдістері мұқият әзірленді, жабдықтардың жекелеген түрлері бойынша арнайы

12

кадастрлар мен олардың шуылын шектеуді реттейтін құжаттаржасалды

[45, 48, 51, 55] .

Қала аумағына қатысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары кеңістіктік

көзі ретінде қарастырылады да оның сыртқы әсері ғана бағаланады. Өнеркәсіп

кәсіпорындарының акустикалық режимін натуралық (заттай) зерттеу олардың

көбісіндегі шуыл деңгейінің шегі туралы түсінік береді, сала бойынша жіктеуге

және бос аумақтар үшін акустикалық жайсыздық аймағының мөлшерлі көлемін

анықтауға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік шуылдың ерекшелігі ол тек күндіз ғана емес, сонымен қатар

түнде де ұдайы немесе импульсты дыбыстар шығарумен сипатталады.

Көлік кәсіпорындары мен құрылғылары .

Қазіргі қалаларда автомобильдер санының көбеюі, жүк тасымалдау

көлемінің артуы, қоғамдық көліктер мен көлік құралдарын қоятын және оларға

қызмет көрсететін орындарауқымының дамуы әрқилы көлік түрлерінің қала

құрылымының ірі нүктелерінде шоғырлану процесін туындатты, соның

салдарынан акустикалық жайсыздық деңгейі күрт жоғарылап кетті. Бұл шуыл

көздері де кеңістіктік ретінде қарастырылады [1, 8,, 11, 53] және бұл көлемдерге

арналған ақпараттық модель құрылымы өнеркәсіп объектілерінің принциптерін

қайталайды. Оған көлік құралдарының жұмыс істеу уақыты мен саны

ескерілген көлік түрлерінің сипаттамалары мен көлікке қызмет көрсететін

стационарлық құрылғылар мен механизмдердің сипаттамалары кіреді.

Коммуналдық - тұрмыстық шуыл .

Тұрғын үйлер аумағындағы акустикалық жайсыздықты туындататын

шуыл көздері коммуналдық техникаларды сақтауға және оларға қызмет

көрсетуге арналған техникалық және көліктік нысандар, мәдени-тұрмыстық

қызмет көрсету мекемелері, демалыс пен спортқа арналған алаңқайлар,

сонымен қатар тұрғын үйлі аумақтардағы қала шаруашылығы мен сауда

орындарына қызмет көрсету операциялары болып табылады [ 8, 38, 53 ] .

Коммуналдық объектілер туындататын шуыл іске асырылу ерекшелігіне

байланысты дыбыс шығарудың кезеңділігімен сипатталады (үзік-үзік

шуылдау) .

Қаладағы акустикалық режимді бағалаған кезде жалпы коммуналдық-

тұрмыстық шуылды фондық деп есептеуге болады.

1. 2. 3. Мобильді көздердің шуылы

Автокөлік

Экологиялық жақсы ахуалды бұзатындардың негізгілерінің арасынан

автокөлік шуылы бірінші орынды берік иеленіп алған [1, 11, 33, 36, 54] .

13

Үлкен икемділігі, жеделдігі, жоғары жылдамдықпен жүкті тез жеткізу

және жолаушыларды әртүрлі қашықтықтарға жеткізу, жүктерді жоғары

жылдамдықпен тасымалдау, сапардың жайлылығы, жалпыға бірлей қол

жетімділік пен өзге де жақсы сапалары көліктің өзге түрлерімен салыстырғанда

оған өткен жылдар ішнде де және келер уақытта да зор басымдықтар беріп

отыр. Бұл қалаларда автомобилдер санының көбею қарқынының жоғары

болуынқамтамасыз етті [11, 33] .

Қаладағы автокөліктерден туындайтын шуыл төмен әрі жиілігі орташа,

дыбыстық қысымының ең жоғары деңгейі орта есеппен

4-5 дБ октаваға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің,ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстардың адам организіміне әсері. Статикалық электр тогы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу 3. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Қазіргі қаланың экологиялық проблемалары және халықтың денсаулығына әсер ететін факторлар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz