Көксеркенің өсуі және көбеюі


«Іле өзенінде мекендейтін көксерке балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Іле өзенінде мекендейтін көксерке балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы»
Беттер саны
Сызбалар мен көрнектi материалдар саны
Орындаған : Слейменов Асуан Аскарович
2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.
Жетекшiсi: Кайруллаев К. К.
Сарапшы Мамилов Н. Ш.
Нормаконтроль Токсабаева Б. С.
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Слейменов Асуан Аскарович
Жұмыс тақырыбы: «Іле өзенінде мекендейтін көксерке балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы»
Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Іле өзенінің физико-географиялық сипаттамасы
2. Іле өзеніндегі көксерке балығының биологиялық сипаттамасы
3. Көксерке балығының биологиялық өлшеу нәтижелері
4. Көксерке балығының жасын анықтау
5. Іле өзеніндегі көксеркенің көпжылдық аулау динамикасы
Ұсынылатын негізгі әдебиет
- Вишнякова Р. И., Брудастова М. А. Кормление рыбы и удобрение прудов. - М. : Росагропромиздат, 1986. 34 с.
- Никольский Г. В. Теория динамики стада рыб. М. ; легкая и пищевая промышленность, 1974. - 445с.
- Танасийчук В. С. Закономерности формирования численности некотырых каспийских рыб. -«Труды КаспНИРО», 1975, 13с.
- Иванов А. П. Рыбоводство в естественных водоемах. М. : Агропромиздат, 1988. 36-38с.
- Исаев А. И., Карпова Е. И. Рыбное хозяйство водохранилищ. - М. : Агропромиздат, 1989. 125 с.
- Дорохов С. М., Поляков Г. Д. Озерное товарное рыбоводство. М. : Высшая школа, 1975. 31-32с.
- Поляков Г. Д. Экологические закономерности популяционной изменчивости рыб. - М. : Пищевая промшыленность, 1975. -157с.
- Керашев М. А. Повышение эффективности прудового рыбоводства. - М. : Пищевая промышленность, 1978. 138 с.
- Крючкова Н. М. Трофические взаимоотношения зоо- и фитопланктона, - М. : Наука, 1994. 39 с.
- Иванов А. П. Рыбоводство в естественных водоемах. М. : Агропромиздат, 1988. 36-38с.
Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Кайруллаев К. К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Слейменов А. А.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Кайруллаев К. К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Слейменов А. А.
МАЗМҰНЫ
Іле өзеніндегі көксерке балығының биологиялық
сипаттамасы
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».
ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»
ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.
ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории
АНЫҚТАМАЛАР
Акклиматизация- организмдердің өзіндік тіршілік ету мекенінен басқа мекенге үйренуі.
Антеанальдық арақашықтық - тұмсығының басынан анальдық қанатына дейінгі ара қашықтық.
Антепекторальды арақашықтық - тұмсығының соңынан бүйір қанатына дейінгі ара қашықтық.
Ареал- организмнің тіршілік ортасы
Гонада- балықтың жыныс бездері
Өрістеу- уылдырық шашу акты
Өрістеу орны- уылдырық шашатын орын
Популяция- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік ететін, бір түрге жататын особьтар жиынтығы
Полицикльділік- балықтардың тіршілік барысында бір неше рет уылдырық шашуы
Половапя дифференциация- жыныстық белгілері бойынша айырмашылық
Фитофильдер - уылдырықтарын өсімдіктерге шашатын балықтар
Эврифаг- әр түрлі азықтармен қоректенетін балықтар
Экстерьер- сыртқы белгілері
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
Q- балықтың толық салмағы;
q - іш құрлыссыз салмағы;
l- тұмсығынан бастап қабыршақ қабығының соңына дейінгі арақашықтық;
l. l- linea lateralis(бүйір сызығы) ;
F- Фультон бойынша қоңдылық коэфиценті;
Cl- Кларк бойынша қоңдылық коэфиценті;
D- арқа қанаты
A- аналь қанаты;
P- кеуде қанаты;
V- құрсақ қанаты;
C- құйрық қанаты;
aD- антедорсальді арақашықтық;
pD- постдорсальді арақашықтық;
n- мөлшер;
M±m- максимальді және минимальді ауытқу;
♂♀- аталық, аналық;
1+- бір жастан асқан балық және т. б. ;
кВт- киловатт;
ГЭС- гидроэлектростанция;
км2- квадрат километр;
км- километр;
м3- куб метр;
см- сантиметр;
мм- миллиметр;
т- тонна;
г- грамм;
мг- миллиграмм;
мың- мың;
млн. - миллион;
экз. - экземпляр;
т. б. - тағы басқа;
макс. - максимальді;
мин. - минимальді;
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Суэкожүйесінде жыртқыш балықтар басқа түрлердің санын (бәсекелестік) реттейді. Қауымдастықты тұрақтандырады және ( жоғары бәсекелестікті) әлсіретеді.
Көксерке ірі палагикалық жыртқыш, олар майда және кәсіптік маңызы жоқ балықтармен тимді қоректеніп, балықтар бірлестігінде биомелиораторлық қызымет атқарады.
Іріктемелі кәсіпте және эвтрофты суқоймаларда балықтар бірлестігінің құрылымын реттеуде көксеркенің балықның саны артып, бағалы балықтардың орынын кәсіптік маңызы жоқ балықтардың алмастыратыны байқалады. `Қоректік тұжырымдамасына сәйкес бірлестікте қарым қатынасты реттеу бақылау күші ірі балықтармен байланысады.
Көксерке кәсіптік маңызы жоғары балық, құнды диеталық азықтық өнім және суқойманың тимді биомелиораторы.
Осындай ерекшеліктері көксеркені жерсіндіру объектісі ретінде және оны дәрілік республиканың барлық суқоймаларына таратуға қызығушылық туғызады.
Басқа жыртқыш балықтардан жайылу және көбеюі жағынан ерекшеленетін көксеркенің саны әдетте суқоймаларда жоғарғы көрсеткіштерге жетеді, ол жақтан шортанды ығыстырып шығарады(Шардара және Бұқтырма) . Жерсіндірілген барлық суқоймаларға көксерке бейімделіп, шаруашылықтың тиімділігін арттырады. Кей жағдайда бұл кәсіптік аулау кезінде балықтардың санының ұтымды реттеуден де жоғары болуы мүмкін. Суқойманы реттеудың алғашықы жылдары кәсіптік балық аулауда көксерке кездескен. 1975-жылы көксеркенің саны күрт өсіп кеткен кезде ең жоғарғы аулау көлемі (202, 4m) тіркелген.
Осыдан оны аулау көлемі, әсіресе соңғы жылдары біртіндеп төмендеген. 90-жылдары көксеркені аулау көлемінің күрт азаюына табиғатты пайдаланушылар қызығушылығының болмағандығы себепші болған. Бұған дәлел ретінде, 2005-2007жылдарда көксеркеге сұраныстың артуына байланысты экспорттық мақсатта оны аулау көлемі едаруір өскен Көксеркенің еті дәмдік сапсының және ақуыз(20, 6%) мөлшерінің жоғрылығымен, майдың аз мөлшерімен (2%) ерекшеленеді, осындай қасиеттері Еуропалық тұтынушылар үшін қызығушылық тудыртады. Көксеркенің құнды тағамдық бөлігі 55-60%, дене қуысындағы майдың мөлшері 20% дейін құрайды. Сонымен бірге, көксеркенің майында майдың және басқада иістер болмайды, яғни бұл түр тек қана өсімдігі аз ағысы жылдам су қоймаларда мекендейді.
Көксерке кәсіптік балық болып таблады, сонымен байланысты ол қорғауды және тіршілігін бақылауды қажет ететін балықтар тобына жатқызылады.
Менің тақырыбымның өзектілігі ftizoftedion lucioperca алабұғалар тұқымдасының бағалы бөлігі болып табылады. Ft. Luciopeka Табиғатта қоректік тізбекте және адамның шаруашылық әрекетінде маңызды роль атқарады. Етінде холестерин мөлшерінің төмендігі туристер мен түтынушыларды қызықтырады, сондықтанда соңғы жылдары нарықта көксеркеге сұраныс артып отыр, бұл елдің ары қарай дамуын қамтамасыз етеді, бірақ екінші жағында қарастыру қажет. Осы тұрдің мұлдем жайылып кетуін болдыртпау керек.
Дипломдық жмысының мақсаты Іле өзеніндегі көксерке балығының биологиялық көрсеткіштерін зеріттеу.
Мақсатқа жету үшін біз мынадай міндеттер қойдық:
-Көксерке балығна биологиялық талдау жүргізу
-Өлшемдік-салмақтық құрамын анықтау
-Жастық құрамын анықтау
-Алынған мәліметтерді талдау
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы
Іле өзеннде шамамен 1969-жылы көксерке жерсіндірілген. Қазіргі кезде ол бағалы, кәсіптік балқтардың бірі болып табылады. Ft. lucioperca (linnла) кәдімгі көксерке
Таралуы. Көксеркенің табиғи ареасына солтүстікте Одерадан Онегиге дейінгі балтық теңізінің бассейіні, оңтүстікте Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздерінің бассейіндері жатады. 1957-1959 жылдарда Балқаш-Іле бассейіне көксерке балығы жерсіндіріледі.
Іле өзенінің бойына Қапшағай ГЭС-і салынғаннан кейін мұнда Іле өзенінің төменгі ағысынан суқоймада осы балық популяциясын жылдам қалыптастыру мақсатымен 1270 дана көксеркені қоныстандырады.
Іле өзенндегі Қапшағай суқоймасының барлық акваториясында көксерке кездеседі[1] . Мұнда көксеркенің саны жылдам көтерілді. Қоректік ресурстарды жеп біткеннен кейін (балқаш алабұғасы жатылғаннан кейін) көксеркенің саны азая бастайды, содан бері оның саны толқын тәрізді ауытқып отыр. Уылдырық шашқаннан кейін, көксеркелер топтасып шағын үйір құрып өмір сүреді.
Ірі даралары жалғыз жүреді. Жақсы көретін мекен орталары шұңқырлар, ұйықтар, терең ойпаттар, тастардың арасы және су түбінің опырылған жерлері. Ол тек қана таза су қоймаларында кездеседі, ағызсыз су қоймаларда кездеспейді. Әдетте терең жерлерде (шұңқыр, ұйық, тырбиған ағаштар немесе суға батқан ағаш діңгегі бар орындар), бірақ құнды немесе ұсақ малтатасты су түбінде жиі кездеседі[1]
Суқойма құрылған жылдардағы кәсіптік аулауда көксерке кездескен. 1975жылы оның саны күрт өскен кезеңде жоғарғы балық аулау көрсеткіші 202, 4м байқалған.
Сипаттамасы. Ихтиологиялық әдебиеттерде тіршілік етуі бойынша көксеркенің екі биологиялық тобын ажыратады:тұрақты немесе суқоймалармен көлдерде тіршілік ететіндер; жартылай өткінші, біздің оңтүстің теңіздердің тұзды суында мекендейді және уылдырық шашу үшін өзенге шығады[8] .
Осы топтар морфологиялық ерекшеленбейді. Олардың биологиялық ерекшеліктері тұқым қуаламайды:екі топтың өкілдері әдетте қарама қайшы жағдайда қалыпты тіршілік етіп дамиды. [2] Осындай топтар суқойманы (бассейіннің) нақты жағдайында ғана пайда болады.
Тіршілік ету жағдайы өзгерген жағдайда топтардың табиғаты да өзгереді. Қазақстанда көксеркені жерсіндіру жұмыстарының нәтижесі осыған дәлел болады, мұнда жартылай өткізгіш топ өкілдері кеңінен жерсіндіріліп, тұрақты тіршілік ететін топқа өзгереді.
Арал көксеркесінің жартылай өткінші тобы суқойманың гидрологиялық режимі өзгргенде өзінің тіршілік ету түрін өзгертті.
Қазақстан бойынша көксеркенің жалпы сипаттамасы:бұйір сызығындағы қабыршақтар саны 80-111(орташа 86-97, 7) . Іле өзенндегі көксеркенің бүйір сызығының үстіңгі қабыршақтар саны 12-19(жиі 15-16), оның астында 16-28(жиі 20-25), басқа суқоймалар бойынша мәліметтер жоқ.
Желбезек тікенектері (жарғақтары 8-18(орташа 11-14, 83), омыртқалары 40-48(орташа 42, 9-45, 9) басының ұзындығы денесінің биіктігінен үш есе көп және дене ұзындығынан 3-5, жиі 3, 4-4, 5есені құрайды. Тұмсығының ені әдетте көз диаметрінен әдетте аз және оған тең. Жоғарғы жақ көзінің соңғы бөлігіне дейін жетеді. Құйрық жүзбе қанатының бағаны бастың ұзындығынан қысқа[4] . Арқа жүзбе қанаттары аз ғана арақашықтықпен бөлінген (Орал өзенінде 3, 0%, шалқар көлінде орта есеппен 3, 93%, Іле өзеннде 5, 0% дейін) Аналь жүзбе қанаты мен аналь тесігінің арақашықтығы орташа 3, 66%, дене ұзындығынан 4, 7% тең, ол Іле өзеннде [9] . орта есеппен 3, 03% шалқар көлінде дене ұзындығынан3, 66%, арал теңізінде орта есеппен 2, 81-3, 48% (Новокшонов, 1971) тең. Жақтарында және маңдай сүйектерінде тістері жоқ. Құйрық жүзбе қанатының негізінде желбезек қанатына және сирек қақпақалдына дейін қабыршақ жамылғысы кіріп тұрады.
Табиғи ареолдарында пилорикалық өсінділері 4-7, Шалқар көлінде орташа 5, 91% тең; басқа суқоймалар бойынша мәліметтер жоқ. Денесінің бойында 9-14 көлденең жолақтары бар, қара-қоңыр, жасыл дақтардан тұрады. Арқасының түсі қышқыл жасыл, жасыл-сұрғылт, қоңыр-жасыл, кейде түсі өте қара түсті. соңғылары Арал теңізінде және сарысу өзенінде байқалған. Қүрсақ, кеуде және аналь қанаттары ақшыл немесе ақшыл сарғыш түсті. Арқа және құйрық жүзбе қанаттары шұбар, онда көптеген қара дақтар орналасқан.
Кәдімгі көксеркенің меристикалық және пластикалық көрсеткіштерінен жыныстық диморфизм байқалмайды. Осыны көптеген зеріттеушілер дәлелдеген [2] . Байкөл көліндегі көксерке балығының аталығымен аналығының арасындағы айырмашылықтар көрсетілген.
Аналықтардың постодораолды қашықтығы салыстымалы түрде алшақ және басының ұзындығына қатысты тұйық ұзындығында айырмашылық бар, ол сәйкесінше R=2, 7 және 2, 44 тең [2] . аналықтары мен аталықтары тең.
Іле өзенндегі көксеркенің төменгі жақ сүйектерінің ұзындықтары және анель қанатындағы қатты сәулелердің саны бойына ерекшеленеді. Соңғы көрсеткішті тексеру қажет.
Кейбір морфологиялық көрсеткіштері Іле өзеннде көксерке балығынан (n=108) жыныстық диморфизи анықталған, оған жүрек, желбезек, бауыр және бүйректің (дене салмағынан мүшелердің салмағы % көрсеткішпен) индекстерін қолданылады. Аталықтардың жүрек индексі аналықтарға қарағанда жоғры болып шықты. Жас өскен сайын екеуінде де ол 1, 4-1, 7% ден 5-6 жасында 1, 0% дейін азаяды. Желбезектің индексі аналықтарында жоғары, бұл олардың жүрегінің төменгі индексіне байланысты болуы мүмкін. Дегенмен бұл өзгеріс тек төрт жастағы балықтарда байқалды.
Аналықтардың индексіндегі жастық өзгерістер шамасы ғана, үш жастан алты жас арасында шамамен 22% ауытқиды.
Атлықтарында керісінше екі жастық балықтардан индекс 28% дан 5 жастағыларда 21% дейін төмендейді [5] .
1. 2 Өсуі және көбеюі
Көбеюі. Көксерке ұзындығы шамамен 40см ұзындықта, 5-7 жасында көбеюге қабілетті. Уылдырық шашу үшін ұя жасайды. аналықтары тереңде орналасады. Көксерке балығының су темпуратурасы 18-20 болады.
Су түбіндегі өсімдіктердің тамырына уылдырық шашады, ал аталығы уылдрықтарды ұрықтандырғанан кейін уылдырық пен шабақтарды қорғайды.
Көксеркелерде уылдырық шашу кезінде қандағы лейкоциттердің саны артады, ол балықты бактерялардан және бөгде заттардың зянды әсерінен қорғайды [10] . Алғашқы уақытта көксеркенің шабақтары зоопланктонмен қоректенеді, бірақ ұзындықтары 2-3см ұзындыққа жеткен соң оларда жыртқышытық басталды- көлемі жағынан кіші басқа балықтардың шабақтарымен қоректенеді.
Егер толығымен балықпен қоректенуге көшсе оларға корек жетпей, көксеркенің шабақтарының көп бөлігі қырылып қалады[6] . Көксеркенің ересек аналығы бес жүз мың немесе одан да көп уылдырық шашады, сондықтан да осындай жағдайлармен байланысты біздің суқоймалардағы олардың саны шамалы ғана.
Негізінде көксерке барлық жерлерде өмірінің 2-4 жылында жынысқа жетіледі, ал 3-6 жасында[3] . әдетте аталықтар аналықтардан бір жыл ерте жыныстық жетіледі, тіпті кейде олар өмірінің 2 жылында жынысқа жетілген болады.
Алғаш көбеюге қатысатын өндірушілердің дене көлемі өсу жылдамдығына байланысты, негізінен 17-47см дейін ауытқып отырады. Дәл осындай мәліметте Іле өзенінде ауланған көксеркелерден 1979-жылы алынған.
Өндірушілердің 65% дене ұзындығы 30см және 98%- ы 40%ға жеткенде жынысқа жетілген.
Іле өзенінде ары қарай мұнда алғаш жынысқа жетілген көксеркелердің дене ұзындықтарындағы ауытқулар қысқарған:1981-1983 жылдары 18-40cm, 1985-1986жылдары 22-38, 2cm құраған. мұнда көрсетілген төменгі көрсеткіш аталықтарға тән, жынысқа жетілген аталықтардың дене көлемі 34см, олардың көпшілігі (70%) үш жасында дене көлемі 38-40см жеткенде жетіледі.
Аналықтар үшін осы көрсеткіштер өмірінің төрт жасында (60%) сәйкесінше 39см және 41-46см тең. Бұқтырма суқоймасында (аталықтар) өмірінің 3-4 жылында аталықтар дене көлемі 34-42см, ал аналықтары 36-44см жеткенде жыныстық жетіледі (Исмуханов, 1980) 1962 жылы тіпті бір жасында жетілген аталықтары кездесіп отырады. Балқаш көлінде көксерке алғаш дене көлемі 38-46см жеткенде жыныстық жетілген .
Табиғи ареолдарда жынысқа жетілген жартылай өткінші көксеркелердің жаппай күздің және көктемдік орын алмастыруы байқалады, су темпуратурасы 15-16 дейін суығанда қыркүйектің екінші жартысында қазанда жаппай миграция басталды.
Мұз пайда болғанда күзгі миграция аяқталды.
Осы бассейінде көксеркенің көктемдік миграциясы анағұрлым (нағыз уылдырық шашу миграциясы ) әлсіз байқалады.
Науырыздың соңы мен мамырдың басында мұз еріген соң миграция басталып, су темпуратурасы 8 дейін жалғасады және сәуір айының аяғында бітеді. Көктемде көксерке жоғарыға кетпейді, Гурнев өзенінің жоғры бетінде тек аз ғана көксеркелер көтеріледі.
Арал теңізінде жағалауға және оның өзендерінің қою аумағында көксеркелердің күздік орын алмастырулары қыркүйектің соңынан қаршаның ортасына дейін жалғасады.
Ал көктемдік миграция мамыр, сәуір айларында жүреді. 1973-1975 жылдары сәуірде Сырдария өзенінде жүргізілген бақылаулық балық аулауда өндірушілердің жағалау бойлап судың беткі қабатымен орын алмастыратындығы көрсетілген [11] . Табиғи ареалдарындағы популяциялардың жыныстық қатынасы әдетте 1:1(уылдырық шашу кезінде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көлдерде) немесе аналықтардың 1, 5:1 ден 2:1дейінгі қатынаста басымдылығымен ерекшеленеді(шалқар көлінде ) . Кейбір жағдайларда аталықтардың болымдылығы 1:2 қатынасқа дейін байқалады. (Көктемде Орал өзенінен) [3] .
Әртүрлі және бір суқоймсының өзінде бірдей көлемдегі ауытқып отырған, зерттеуге алынған топтардың көлемі 40-45см болған, олардың тұқымдылығы 60-200 мың уылдырыққа дейін ауытқып отырады, яғни үш есеге дейін ауытқушылық байқалады, тіпті қалыптасу кезінде сандарының көбейтіп, азайып және тұрақтанып отырған кезеңдерде қапшағай суқоймасында да жүргізілген. Сөйтіп, уылдырықтың көлемі және көксерке популяциясындағы жыныстық арақатынасы өзара тығыз байланысты, бұл әсіресе жерсіндіру кезінде тіршілік ортасының жағдай бірден өзгергенде анық байқалады. Бұл негізінен митрофгановтың табиғи сұрыптаулардың әсерінен популяциялауда аналықтардың саны кез келген жаққа өседі, олардың көлемі жынысты анықтауда шешуші фактор болып табылады. Барлық зерттеушілердің байқауы бойынша қазақстанда көксерке бір мезгілде уылдырық шашады. Кейбіреулері олардың овоциттерінің синхронды даму ерекшеліктерін анық көрсетеді.
Қазақстанның барлық су қоймаларында жағалаудағы су темпуратурасы 6-8 дейін жылығанға дейін көксеркенің уылдырық шашуы басталады. республиканың солтүстігіндегі осындай су темпуратурасы әдетте сәуірдің ортасында, ал оңтүстүкте науырыздың соңында сәурідің басында жетеді, әртүрлі жылдыры нақты гидромертерологиялық жағдайларға байланысты екі жақтетада уылдырық шашу мерізімі 7-10 күнге жалғасады.
Уылдырық шашуға әдетте барлық даралар қатысады, жесіндірілген су қоймаларда су темпуратурасы 12-15 жарты айға созылады [12] .
Республиканың солтүстігінен басқа барлық жерлерде әдетте мамырда су темпуратурасы 23 градусқа дейін көтерілгенде, ал ертіс бассейінінде су темпуратурасының 16градус мамырдың соңында көксеркенің уылдырық шашуы аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz