Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы


«Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы»
Беттер саны
Сызбалар мен көрнектi материалдар саны
Орындаған : Дайржанов Мәди Бағдалұлы
2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi.
Кафедра меңгерушiсi: Лукбанов В. М.
Жетекшiсi: Мустафин Е. Г.
Сарапшы: Көбейгенова С. С
Нормаконтроль: Токсабаева Б. С
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»
Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент:
Жұмыс тақырыбы: «Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы»
Университет бойынша 2018 ж "" №бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының физико - географиялық сипаттамасы
2. Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында тіршілік етеін кәсіптік балықтардың таралуы мен биологиялық сипаттамасы
3. Қапшағай суқоймасындағы жыртқыш балықтардың маусымдық миграциясы
4. Қапшағай суқоймасынан жоғары жақтағы Іле өзеніндегі шабақтардың жүріп өту динамикасының нәтижесі (пассивті шабақ)
Ұсынылатын негізгі әдебиет
1. Рыбы казахстана Том 2 Карповые Издательство «Наука» Алматы 1987, с 163.
2. Байымбетов А. А. «Динамика численности и биология жереха Капшагайского водохранилища» Алма-Ата ., КазГУ, 1982 С 67-75.
3. Ланге Н. О., Особенности развития жереха Aspius aspius нижнего течения р. Урал // Особенности развития рыб в различных естественных и эксперементальных условиях. М: Наука, 1975. С. 3-33.
4. Фаломеева А. П. Питание молоди леща, жереха и судака в Капчагайском водохранилище // Изуч. Зоопродуцентов в водоемах бассейна р. Или. Алма-Ата: КазГУ, 1982. С. 133-142.
5. Садвакасова Р. Е., Башунова Н. Н., Воробьева Н. Б Питание молоди сазана и жереха оз. Балхаш //Тезисы докл. На ІІІ съезде ВГБО. Рига, 1976. Т. З. С. 96-98.
6. Малиновская А. С., Тэн В. А., Стуге Т. С. Формирование гидрбиологического режима Капчагайского водохранилища // Вестник АН КазССР. 1977. №7. С. 51-57.
7. Рыбы казахстана Том 2 Карповые Издательство «Наука» Алма-Ата 1987, С 170-171.
8. Рыбы казахстана Том 4 Вьюновые, сомовые, атреиновые, тресковые, колюшковые, игловые, окуневые, бычковые, керчаковые Издательство «Наука» Алма- Ата 1989. с 70.
Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Дайржанов М. Б.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Дайржанов М. Б.
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген.
Гост 7. 54 - 88 - ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми - техникалық құжаттардағы мәліметтердің сипаты жөніндегі сандық мәндерінің көрсеткіші. Жалпы талаптар;
Гост 7. 9 - 95 (ИСО 214 - 76) - ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Реферат және аннотация. Жалпы талаптар;
СТ РК ИСО 9001-2009 - Системы менеджмента качества требования;
СТ РК ИСО 14001-2006 - Системы экологического менеджмента;
СТ РК OHSAS 18001-2008 - Системы менеджмента профессиональной безопасности и здоровья;
ГОСТ 7. 32 - 2001 «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»;
Гост 8. 417 - 2002 - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшемінің шамасы;
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса;
ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар;
ГОСТ 17. 1. 1. 01. -77 - Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар
ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері;
ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері;
ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері;
ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар;
ГОСТ 1368-55 - Лабораторные исследования;
ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар;
ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар;
ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар;
ГОСТ 24896-81 - Рыба живая. Технические условия.
анықтамаЛАР
Жергілікті түрлер - осы өлкеде бұрыннан бар түрлер;
Абсолютты жеке тұқымдылық (АЖТ) - биыл шашатын аналық дарақтарындағы осы жылғы уылдырық генерациясының саны;
Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;
Балық түрлерінің ареалы - нақты балық түрлерінің кездейсоқ енуіне немесе кездейсоқ ену орнысыз оның тұрақты тіршілік етуіне қарамай географиялық таралу аймағы;
Биотоп -абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;
Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;
Балықтың жасы - араб санымен берілетін балық өмірінің толық жасы;
Балықты өндіріп-өсіру - балықты табиғи (реттелетін немесе реттелмейтін) немесе жасанды түрде жаңарту процессі, оның үйір құрамында санын және сапасын қайта қалпына келтіру;
Гидробионттар - суда тіршілік ететіндер;
Табиғи өндіріп-өсіру - су биоқорының санын дәстүрлі жолмен көбейтуді қалыптастыру процессі;
Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;
Ихтиофауна - қандай да бір болмасын суқойма мен оның жеріндегі балық түрлері мен дөңгелекауыздылардың жиынтығы;
Интродукция - жергілікті табиғи кешенге қандай да бір түрді болмасын адамның көмегімен сәтті жерсіндіру;
Макрозообентос - су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;
Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар әлемінің жағдайын бағалау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында балық қорын және су жануарларын аулау;
Уылдырық шашу - балықтардың жыныс өнімдерін, яғни, жетілген уылдырық пен ұрықтандыратын шәуетін шашуы;
Уылдырық шашушы орын - жыныс өнімдерін шашатын нақты орын (уылдырық шашуға) ;
Уылдырық шашушы үйір - көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) бір бөлігі;
Балық үйірі - белгілі бір балықшаруашылықтық суқоймада немесе сол аймақта балықтың бір түрінің жиынтығы;
Толысу - балықтар популяциясының, яғни кіші жастағы топтардың өсуі нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;
Балықтың орташа ұзындығы - ауланымда немесе суқоймада, балықтың жастық тобында балықтың ұзындық өлшемін сипаттайтын көрсеткіш;
Орташа салмақ - ауланымда немесе жастық тобында балықтың салмағын сипаттайтын көрсеткіш;
Фитофилдер - уылдырығын өсіп тұрған немесе ақырын ағып бара жатқан су өсімдіктеріне шашатын балықтар.
қысқартулармен белгілер
АЖТ - абсолютты жеке тұқымдылық
АООШЖДАИ - Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
СЭС - су электр станциясы
Уылд. - уылдырық
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
БШК - Балық Шаруашылығы Комитеті
ҚӨЖС - Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы
Мин - минимальді
Макс - максимальді
АШМ - Ауыл шаруашылық министрлігі
БЖм - Балтық жүйесінің метрі
Мг/м 3 , г/м 2 - жануарлар салмағының көлем және аудан бойынша бірлігі
МРД - максимальді - рұқсат етілетін деңгей
НҚД - нормальді құярлық деңгей
орт. - орташа
СЖТ - салыстырмалы жеке тұқымдылық
ЖАМ -жалпы аулау мүмкіндігі
ШАМ - шектеулі аулау мүмкіндігі
ПТ - популяциялық тұқымдылық
ҚР - Қазақстан Республикасы
а. ж. - ағымдағы жыл (биыл)
M±m - ауытқу
N - саны
рН - судағы сутек иондарының көрсеткіші
Қоңд. - қоңдылық
Ф. - Фультон
Дана/м 3 , дана/м 2 - жануарлар санының көлем және аудан бойынша бірлігі
кіріспе
Балық еті адам ағзасына өте пайдалы. Балық майының құрамында майда еритін А және Д дәрумені бар. Балық өнімінен жасалған тағамдар ас қорыту бездерін жақсартады. Пайдасының зор екенін ескере отырып күнделікті тағамда балық етін көп қолданған жөн. Қазіргі таңда балық шаруашылығына деген қызығушылық артуда. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір адам жылына 14, 6 кг балық тұтынуы тиіс екен. Алайда Қазақстан халқының балықты тағамда тұтынуы одан әлдеқайда төмен - 4, 5 кг шамасында. Елімізде балық шаруашылығымен айналысатын суайдындары, сонымен қатар, жергілікті жерлерде мемлекет меншігіндегі көптеген суқойма, көлдер жетерлік. Солардың қатарына Іле өзені мен Іле өзеніне салынған Қапшағай суқоймасы да жатады.
Балқаш көліне бес өзен құяды (уақытша құятын су ағыстарын қоспағанда) . Олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аякөз. Ең көп ағын Іле өзенінен келіп құяды: жылына ағып келетін судың 80% -на жуық. Ол Қытай аймағында Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан түзіледі.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан суқоймаларының ішінде балық шаруашылығы жағынан ірі айдындардың бірі. Суқойма Іле жазығының батыс бөлігінде орналасқан. Қапшағай суқоймасын толтыру жұмыстары 1970 жылдары басталған. Жобалық сипаттамалары: ауданы 1850 км 2 , көлемі 28, 14 км 3 , ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15, 2 м, ең терең жері - 45 м. Алайда Балқаш көлінің экологиялық жағдайы күрт төмендеп кеткендіктен 1988 ж. Қапшағайдың деңгейін өсіру тоқтатылды да, ондағы су көлемі жобадағының жартысындай-ақ болып қалды. Осындай көлем, аздаған тербеліспен осы кезге дейін сақталуда.
Қапшағай суқоймасының негізгі су көзі Іле өзені болып табылады (жылдық ағынның шамамен 94%), сонымен қатар оны Шелек, Қаскелең, Кіші Алматы, Көтентай, Саз - Талғар, Есік, Қараөзек, Қарасу, Лавар, Терең - Қара, Ақтоған және Шеңгелді секілді кіші өзендер аздап толықтырады.
Қапшағай суқоймасы салынардан ондаған жылдар бұрын Балқаш - Іле суалабының ихтиофаунасы таулы-азия фаунистикасына тән санаулы ғана балық түрлерінен құралды, олар: талма балық, балқаш алабұғасы, қара балық және көкбас [1, 2] . Балықтардың түрлік құрамы өткен ғасырда жүргізілген жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде артты. Сол кезеңнен бастап Балқаш-Іле су алабында сазан, пілмай, қаяз, көксерке, жайын, ақмарқа, ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай және т. б. балық түрлері пайда бола бастады.
Сондай-ақ, аталған бағалы кәсіптік балық түрлерімен қатар кездейсоқ жерсінген - қытай кешеніне тән кәсіптік емес балық түрлері де (амур шабағы, амур бұзаубас балығы, азия-европалық мөңке, қырлықұрсақ, жалған теңге балық, медака, элеотрис) пайда болды [3, 4] .
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы қазіргі таңда 33 түрді құрайды. (Осы тұста айта кететін жәйт, Г. М. Дукравецтің жүргізген зерттеуі бойынша (2016 ж. ) қазіргі таңда елімізде балықтың 155 түрі бар) . Қазіргі кезде соның 10 түрі ғана кәсіптік болып саналады. Олар: сазан, тыран, мөңке, ақмарқа, ақ дөңмаңдай, ақ амур, торта, жайын, көксерке және жыланбас балық.
Таяз сулардағы ихтиоценоздарды зерттеудегі басты мақсат - кәсіптік балық түрлерінің «өнімділігіне» баға беру немесе олардың уылдырық шашуының тиімділігін бағалау болып табылады. Балықтардың қорын, ұдайы өсу барысын біліп отыру үшін олардың әрбір тіршілік кезеңін бақылауда ұстаған абзал. Сол себепті, балықтардың даму циклін уылдырық шашқаннан бастап қадағалау керек. Яғни, дернәсілдік кезең, шабақтық кезең және ересек кезеңі. Бәріне мәлім сүйекті балықтардың ұрықтануы сырттай болғандықтан, даму сатысының барлығы дерлік сыртқы ортада, яғни, суда өтеді. Олардың дамуы барысында көптеген абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың әсері зор.
Іле өзені (Қапшағайдан жоғарғы бөлігі) мен Қапшағай суқоймасындағы балық шабақтарының түрлік құрамын, шоғырлануын, кездесу жиілігін, таралуын зерттеу менің қызығушылығымды тудырды. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдап алдым. Кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, балық қорының сарқылуына жол бермей, керісінше олардың санын арттырып, тұрақты пайдаланып, тұтыну деңгейін әлемдік деңгейге жеткізу керек деп санаймын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуын зерттеу. Мақсатқа сай мынадай міндеттер қойылды:
- Іле өзені (жоғарғы жағы) мен Қапшағай суқоймасының гидрологиялық жағдайына баға беру;
- Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында тіршілік етеін кәсіптік балықтардың таралуы мен биологиялық сипаттама беру;
- Қапшағай суқоймасынан жоғары жақтағы Іле өзеніндегі шабақтардың жүріп өту динамикасын зерттеу (пассивті шабақ)
- Активті шабақ аулауды жүргізу.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Елімізде балықтарды зерттеу жұмыстары ХIХ ғасырда басталған болатын. Алайда оларды кешенді зерттеу өткен ғасырда ғана дұрыс жолға қойылды. Ғалымдар Қазақстанның өзен, көл, суқоймаларында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Олардың түрлік құрамын анықтап, систематикасын енгізді. Отрядқа, туысқа, түрге бөліп қарастырды. Осы тараптан Іле мен Қапшағайда балық шабақтарына зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кетсек. Қапшағай суқоймасы салынғаннан кейінгі зерттеу жұмыстарын Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің қызметкерлері, биология ғылымдарының кандидаттары, елімізге белгілі ихтиолог мамандар Бәйімбетов Ә. А., Дукравец Г. М. және биология ғылымдарының докторы Митрофанов В. П жүргізген болатын [5] . Кейінгі жылдары бұл жұмыспен Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу иснституты тұрақты түрде айналысыпкеледі.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі таңда Қапшағай суқоймасында балықтардың ішінде он түрі ғана кәсіптік маңызы бар болып саналады және олардың арсында абориген түрлері жоқ, яғни, кәсіптік ихтиофауна толықтай интродуцияланған және жерсіндірілген балықтардан тұрады. Соңғы жылдары суқойманың ихтиофаунасының құрамында жоғарыда көрсетілген жерсінген балықтармен қатар трансшекаралық ҚХР-нан Іле өзені арқылы енген жаңа кездейсоқ түрлер де кездеседі.
Балық дернәсілдерінің ылдилауы (пассивті) балықтардың бірегей өрістеу цикліндегі ең алғашқы бөлігі болып табылады. Олар әдетте уылдырық шашу, жайылым (қоректік) және қыстауға өрістеуден тұрады.
Жайылымдық өрістеудің ішінде ылдилау көптеген балықтардың тіршілік цикліндегі ең басты кезеңі болып табылады. Бұл олардың көбею орнынан жайылым орнына ағыс бойынша қозғалуын айтады және онтогенездің ерте кезеңінде көптеп жүреді. Д. С. Павловтың айтуы бойынша (1997 ж. ) шабақтық кезеңге өте бастағанда дамуы бәсеңдейді, одан кейін тоқтайды. Шабақтардың ылдилап өрістеуге бейімделуі, негізі, олардың таралуы мен көлемін ұлғайтуына мүмкіндік береді, соған орай түр санының артуына әкеліп соғады. Балық шабақтарының ылдилап өрістеуі ең қиын экологиялық құбылыс болып табылады. Олар онтогенез процессінде алғашқы өрістеу болып табылады, соған орай, ары қарай тіршілік кезеңіндегі өрістеуінің сипаты мен көлемі байланысты болады. Бұл құбылысты егжей-тегжейлі зерттеу балықтардың өрістеу теориясын ары қарай дамыту үшін, сонымен қатар, балық қорын қорғау мен балық шаруашылығын ұтымды пайдалану қағидаларын жасауға байланысты сұрақтарды шешу барысында өте қажет болып табылады. Өзенде өрістеушілердің таралуының маусымдық, тәуліктік динамикаларын, кеңістіктегі құрылымдық заңдылықтарын білмей қарқындылығы әрқалай сораптық станциялардан су тартқан кезде, гидротехникалық құрылыстардан, су түбін тереңдету жұмыстары барысында және т. б. оларды қорғаудың экологиялық әдістерін жасау, балық шабақтарының санын нақты анықтауды жүргізу мүмкін емес.
Балық шабақтарының өрістеу барысындағы мінез - құлқы мен соларға байланысты таралу механизмін зерттеу көптеген елдерде жүргізілуде. Енді әдеби дереккөздерге аздап шолу жасап көрейік.
Балқаш көлінің акваториясы бойынша балық шабақтарының таралуына жүргізген ғалымдардың («ҚазБШҒЗИ» ЖШС-ң мамандары) зерттеулеріне тоқтала кетсек (2011 ж. ), ауланған балық шабақтарының түрлік құрамының аздығына қарамастан, балық шабақтарының сандық ара-қатынасының өзгеру тенденциясы суқоймадағы абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар кешенінің әсерінен ихтиофаунада болатын өзгеру үдерісіне септігін тигізеді. Балық шабақтарының түрлік құрамының ара-қатынасын салыстыру барысында қаракөз балығының саны жоғары болған. Нақтырақ айтсақ, Іле өзенінің атырауында 2011 ж. шілде айында аулауда алты түрлі балық шабақтары ұсталды. Оның ішінде, қаракөз - 82 %, ақмарқа - 13 %, көксерке - 2 %, қалған түрлер (мөңке, сазан, тыран) жалпы қосқанда 1 % құрады. Суқоймада қаракөз саны жоғары болған жағдайдың өзінде оны игеру төмен болып тұр[6] .
Ақмарқа, көксеркежәне тыран балықтарының шабақтары негізінен көлдің оңтүстік-батыс жағалауындағы уылдырық шашатын орындарға барады. Сазан, жайын, мөңке шабақтары оңтүстік-шығыс жағалаудағы аймақтардан ұсталды. Шабақтар ең көп жайылым жасайтын оңтүстіктегі шығанақтар: ШымпекпенБуырлыбайтал. Балық шабақтары барлық уылдырық шашатын орындарда кездеседі, бірақ, жоғары сатыдағы су өсімдіктері көп өсетін оңтүстік жағалауда көптеп кездеседі. Соңғы жылдары ұсталған шабақтар арасында аз болса да алабұғаның шабағы да кездесе бастады, яғни, суайдынның түрлік алуандығында кейбір абориген балықтар қайта қалпына келе бастады. Сазан шабағы ауланымда аз кездесті.
Кіші Арал теңізінде балық шабақтарының таралуы бойынша зерттеулерге келсек, шабақтар санын зерттеу мақсатында күзгі кезеңде кермешемен аулау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесі теңіз бойынша кәсіптік балықтар шабақтары ішінде торта мен тыран балықтарының басым екенін көрсетті. Жеті кәсіптік түр 3221 дана шабақ арасынан торта - 44, 0%, тыран - 18, 8%, камбала- 9, 8 %, көксерке - 10%, ақмарқа -11, 7, сазан - 3, 9, ал қылышбалық - 1, 8 % болды [7] .
Балық шабақтары барлық уылдырық шашатын орындарда, әсіресе Шағалалы, Тікаша сияқты шөбі қалың учаскелерде жиі кездеседі. Бұл жерлерде негізінен торта, тыран, көксерке, ақмарқа, сазан шабақтары шоғырланған (50, 0 бен 71, 5% аралығында) . Камбала Бутаков шығанағында - 69, 8 %. Қылыш балық шабақтарының көбісі Тастүбекте кездеседі (59, 3 %) . Кәсіптік маңызы жоқ майда балық түрлері шабақтары негізінен Сырдарияның сағасына таман топтасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz