Ипотека жүйесін автоматтандыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

10

11

12

Аңдатпа

13

Бұл дипломдық жобада ипотека жүйесін автоматтандыру мәселелері

қарастырылды. Ипотека процессінің жылдамдығының артуы, ипотека алу

кезіндегі құжаттарды рәсімдеудің оңтайлығы жүзеге асырылды.

Бітіру жұмысында ипотека жүйесін автоматтандырудың тиімділігі мен

ипотека жүйесін жетілдіру туралы нақты есептеулер келтірілген. Деректер

қорына қойылатын талаптар, пайдалану шарттары мен оны жүзеге асыру

қарастырылған.

Ақпараттық жүйенің интерфейсі Microsoft Visual Studio 2012 құрылған, ал

деректер қоры Microsoft SQL Server 2008 R2 негізінде жүргізілген

Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс орнындағы бөлменің жасанды

жарықтандыру сипаттамалары мен есептеулері жүргізілген. Экономикалық

бөлімде жұмсалған күрделі шығындар мен пайдалану шығындары есептелген.

Аннотация

В данной дипломной работе рассматривается вопросы автоматизации

ипотечной системы. Осуществляется увеличение скорости ипотечного процесса

и удобство оформления документов при получении ипотеки.

Выпускной работе приведены точные расчеты эффективности

автоматизации и совершенствования ипотечной системы. Рассмотрены

требования к базе данных, условия использования и осуществление.

Интерфейс информационной системы разработана в среде Microsoft

Visual Studio 2012, а база данных разрабатывается на Microsoft SQL Server 2008

R2.

В разделе безопасность жизнедеятельности произведены расчеты

искусственного освещения комнаты. В экономической части произведены

расчеты капитальных затрат и эксплуатационных расходов.

Annotation

14

In this thesis work is considered the problems of automation of the mortgage system.

carried out increase of the mortgage process speed and convenience of clearance

paperwork when obtaining a mortgage.

Exhaust work presents accurate calculations the efficiency of automate and improve

of the mortgage system. Considered the requirements to the database, terms of use

and implementation.

Interface of information system is developed in Microsoft Visual Studio 2012, and

the database is developed on Microsoft SQL Server 2008 R2.

In the safety life section produced calculations are of artificial lighting of the room.

In the economic part produced calculations of capital costs and operating

expenditure

Кіріспе

Бұл дипломдық жобада ипотека жүйесін автоматтандыру атты жұмысы

жобаланды.

Бұл бағдарлама ипотека жүйесін дамытып, ипотека алу мүмкіндігін

жеңілдетуге арналған. Ипотека алу негізінен тұрғын үй мен ипотека алушылар,

құрлысшылар,

бөлінетін жүктемелер туралы ақпаратты жүйелеумен

байланысты болады. Сондықтан, ипотека жүйесін автоматтандыру жүктемесін

бөлу жұмысы ыңғайлы, әрі тез болу үшін, барлық деректерді жүйелі түрде

сақтау, қажетті ақпаратқа тез қатынас алу, сонымен қатар жаңа деректерді

ыңғайлы түрде енгізу мүмкіндіктері қарастырылған болу керек.

Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облысының талдауы жасалады.

Келесі кезеңде тұрғын үй мен ипотека алу туралы қажетті деректерді сақтайтын

логикалық байланысқан кестелер құрылып, олардың негізінде жүйенің

инфологиялық моделі алынады. Инфологиялық модель MS SQL Server -

жүйесінде жасалады. Ипотека жүйесін автоматтандыру бағдарламасының

дерекқоры MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан

кейін, пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын клиенттік

қосымша жобаланады. Клиенттік бағдарлама Microsoft Visual Studio 2012

Ultimate программалық ортасында іске асырылады.

Бұл бағдарлама ыңғайлы әрі уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік

береді, сонымен қатар, аз уақыт ішінде бағдарламаны игеріп, оңай пайдалануға

мүмкіндік береді.

15

Мазмұны

Кіріспе . . . 9

1 Техникалық тапсырма . . . 10

1. 1 Тағайындалуы және қолдану аймағы . . . 10

1. 1. 1 Сенімділікке қойылатын талаптар . . . 10

1. 1. 2 Техникалық құрылғыларға қойылатын талаптар . . . 10

1. 1. 3 Бағдарламалық құжатқа қойылатын талаптар . . . 10

1. 2 Құру кезеңдері мен сатылары . . . 11

1. 2. 1 Кезең бойынша жұмыстардың мазмұны . . . 11

1. 2. 2 Тестілеу . . . 11

1. 3 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) арналуы мен құрылымы . . . 13

1. 3. 1 АЖО құрылымы . . . 14

1. 3. 2 АЖО- ға қойылатын жалпы талаптар . . . 15

1. 3. 3 Дереқордағы шешілетін мәселелер . . . 16

2 Ақпараттық жүйелер. Деректер қорын жобалау . . . 17

2. 1 Ақпараттық жүйелер туралы қысқаша мағлұматтар . . . 17

2. 1. 1 Ақпараттық жүйе жобалау сатылары . . . 17

2. 1. 2 Ақпараттық жүйенің тіршілік циклі . . . 19

2. 1. 3 АЖ-ның басты сенімділік түсінігі . . . 21

2. 2 Деректер қорын жобалау . . . 24

2. 2. 1Деректер моделі . . . 24

2. 2. 2 Реляционды деректер қорына қойылатын талаптар . . . 26

2. 2. 3 SQL тілі туралы негізгі деректер . . . 27

2. 2. 4 Кесте құру және өшіру . . . 28

3 Дерекқорды жобалау және оны іске асыру . . . 31

3. 1 ДҚ құрудың бастапқы кезеңі . . . 31

3. 1. 1 Дерекқордың функционалдығын сипаттау . . . 31

3. 2 Концептуалды жобалау . . . 31

3. 2. 1 Қажетті ақпарат: пайдаланушылардың талабы . . . 31

3. 2. 2 Дереқор және қосымшаны жобалау құралдарын таңдаудың негіздемесі . . 31

3. 3 ER моделін құру . . . 33

3. 3. 1 Бизнес ережелер . . . 33

3. 3. 2 Реляционды қатынастарды құрастыру . . . 36

3. 3. 3 Логикалық жобалау . . . 38

3. 4 Физикалық жобалау . . . 40

3. 4. 1 Дерек қорына қосымша құру . . . 40

3. 4. 2 Бағдарламаны сипаттау . . . 40

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 46

4. 1 Жұмыс орнындағы еңбек жағдайын талдау . . . 46

4. 2 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . . 52

4. 3 Меншікті қуат әдісі . . . 56

5 Техника-экономикалық негізделуі . . . 57

16

5. 1 Жобаның мақсаты мен міндеттері . . . 57

5. 2 Маркетингтік стратегия . . . 57

5. 3 Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу . . . 57

5. 4 Бағдарламалық қамсыздандыру шығынының есебі . . . 59

5. 5 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 64

5. 6 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі . . . 64

5. 7 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі . . . 66

5. 8 Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу . . . 67

5. 9 Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде экономикалық

тиімділігін бағалау . . . 68

Қорытынды . . . 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

А қосымшасы . . . 73

Б қосымшасы . . . 88

1 Техникалық тапсырма

1. 1 Тағайындалуы және қолдану аймағы

Бұл жүйе автоматтандырылған қызмет көрсету орны болып табылады.

Яғни ипотека алу мүмкіндіктері, тұрғын үйлерді таңдау, ипотека мөлшері

туралы ақпарат алу, оңтайлысын таңдау. Программа керекті есептеулерді

автоматты түрде жүргізеді, есептеу барысында кететін қателерді азайтады. Бұл

жүйе келесідей мәліметтерді жүйелеп, қолданушының сұрақтарына жауап беруі

қажет:

− тұрғын үйлер;

− ипотека мөлшері;

− құжаттарды толтыру;

− анықтама.

1. 1. 1 Сенімділікке қойылатын талаптар

Бағдарлама толық сенімді функционалды жұмыс жасауы үшін тапсырыс

беруші ұйымдық - техникалық шаралардың жиынтығын қамтамасыз ету керек.

Олар төмендегідей болады:

− техникалық құралдарға үзіліссіз қоректену көзін ұйымдастыру;

− лиценциялық бағдарламалық қамтуды пайдалану;

− ГОСТ 51188-98 талаптарының уақыттылы орындалуы. Ақпаратты

қорғау;

− компьютерлік вирусқа бағдарламалық құралдарды тексеру.

17

1. 1. 2 Техникалық құрылғыларға қойылатын талаптар

Сервер қызметін атқаратын дербес компьютер болуы керек. Оның

сипаттамалары төмендегідей:

− процессор Pentium-4 кем емес;

− жедел жады 2 Гигабайт көлемінен кем емес;

− HDD, 250 Гбайт аз емес;

− операционды жүйе Windows 2000 Server, Windows 2003, XP, 7 және

Windows 8;

− Microsoft SQL Server 2008.

1. 1. 3 Бағдарламалық құжатқа қойылатын талаптар

Бағдарламалық құжаттың құрамы келесідей болу керек:

− техникалық тапсырма;

− бағдарлама және байқаулардың әдістері;

− пайдаланушыға көмек.

1. 2 Құру кезеңдері мен сатылары

Құру сатылары.

Құру келесі үш сатыны қамту керек:

− техникалық тапсырманы құру;

− жобалау жұмысы;

− енгізу.

Құру кезеңдері.

Техникалық тапсырмаға сай құру жұмыстары кезеңмен орындалу керек.

Құру кезеңдері келесідей болады:

− ақпарат жүйесін құру;

− бағдарламалық құжатты құру;

− мысалмен бағдарламаның тексерілуі.

Бағдарламаны енгізу кезінде құру кезеңдері орындалып және

бағдарламаны беру болып табылады.

1. 2. 1 Кезең бойынша жұмыстардың мазмұны

Құру кезеңінде келесі жұмыстар орындалу керек:

− тапсырманың мақсатын анықтау;

− техникалық құрылғыларға қойылатын талаптарды анықтау;

− бағдарламаға қойылатын талаптарды анықтау;

1. 2. 2 Тестілеу

18

Тестілеу - бұл ақпараттық жүйеде қателерді іздеу болып табылады.

Қате - бұл бар нәрсенің бір-біріне сәйкес келмеуі.

Сенімділік - бұл әрбір қабылдалмаудың құнын есепке ала отырып

есептелінген, белгілі бір уақыт ішіндегі қарсылық жасалмаған жұмыс

ықтималдығы.

Тестілеу принциптері.

Тестілеу жақсы жобаланған жүйеде қалған қателерді табу үшін, сонымен

қатар жүйенің сенімділігін арттыру үшін және құндылығын арттыру үшін

жүргізіледі. Тестілеу арқылы нашар жобаланған жүйенің жоғарғы дәрежедегі

сенімділігіне жетуге болмайды.

Егер біз бағдарламаны тестілейтін болсақ, онда қандай да бір

жағдайлармен бағдарламаның бағасын көтеру арқылы тестілеуге кеткен

шығынды қайтарып алуымыз қажет. Мұны тек бағдарламаның сенімділігін

жоғарлату арқылы ғана жасауға болады. Сенімділікті тек үрдіске енгізілген

қателерді түзету арқылы жоғарлатуға болады.

Сәтті тест деп, қатені тапқан тестті айтамыз. Егер бірде бір қате

табылмаса, онда ол сәтсіз тест деген сөз.

− қателер топтасу қасиетіне ие;

− тестілеуді жеңілдету үшін еш уақытта бағдарламаны өзгертпеңіз;

− бағдарламаны тестілеудің авторымен кездесуден қашу керек. Егер

программист бағдарламаны жазуда қате жіберсе, онда оны тестілеуде де дәл

сол қатені жіберуі ықтимал;

− тестіні құру - бұл шығармашылық үрдіс, яғни кей жағдайда мидың

жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс;

− қатені жақсы табатын тест жақсы тест болып табылады;

− бағдарлама неге арналған, яғни тек өзіне ғана тиесілі істі істейді ме,

әлде басқа жұмыстарды да істейді ме соны тексеру керек;

− комментариилердің жеткіліксіздігі қателерді іздеуді қиындатады;

− комментариилердің аздығы қатені іздеуді қиындатумен қатар,

түсініктеме сөздігінсіз күрделі бағдарламаны талқылау да қиын.

Тестілеуден кейін қатенің жоқ екендігіне кепілдік беруге болмайды, тек

белгілі бір деңгейде жүйе жұмысының дұрыстығының сенімділігі жайлы айтуға

болады.

Тест - бұл кіріс деректерінің жиынтығы және (немесе нәтижені күтуші

қолданушының қызметі) жауап бағдарламалардың іс-әрекеті. Қарапайым

бағдарламамен толық, жан-жақты тестілеу жүргізу мүмкін емес, себебі оған

уақытта, қажетті ресурстарда жетпейді. Сондықтан тестілеудің қатені табу

ықтималдылығына байланысты, тестті құру әдісіне байланысты бірнеше түрі

бар [1] .

Тестілеу түрлері:

− құрылымдық тестілеу (ақ жәшік) ;

− функционалдық (қызметтік) тестілеу (қара жәшік) .

Құрылымдық тестілеу.

19

Берілген тестілеуде бағдарламаның тексті көрініп тұрады. Шешімдердің

блоктары, циклдері тестіленеді.

Құрылымдық тестілеудің бірнеше типі бар:

− операторларды жабу;

− шешімдерді жабу;

− шарттарды жабу;

− шарттардың аралас жабулары;

− циклдердің тестіленуі.

Толық түсініктер үшін құрылымдық тестілеудің мысалдарын қарастыруға

болады.

Функционалдық (қызметтік) тестілеу .

Берілген тестілеуде бағдарламаның тексті көрінбейді және бағдарлама

қара жәшік түрінде, яғни кіріс және шығыс шарттары белгілі, сонымен қоса

жұмыстың жалпы схемасы қарастырылады. Бағдарлама оның спецификациясы

бойынша тексеріледі.

Функционалдық тестілеудің бірнеше түрі бар:

− эквивалентті кластар;

− шекті мәндерінің анализі;

− белгілі бір мөлшердегі тестілеу;

− белгілі бір көлемдегі тестілеу;

− қорғанысты тестілеу;

− жүйе эксплуатациясы;

− тәжірибелі эксплуатация.

Үлкен

түсініктер үшін функционалдық тестілеудің мысалдарын

қарастыруға болады.

1. 3 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) арналуы мен

құрылымы

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел терминологияда

«жұмыс станса» (work-station) бұл анықталған функцияларды автоматтандыру

үшін қажетті құралдармен жабдықталған белгілі бір мамандықтағы қолданушы

маманның орны. Мұндай құралдар, керек жағдайда баска қосалқы электронды

құрылғылармен,

атап айтқанда, дискілік жинақтауыштармен, басу

құрылғылармен, оптикалық оқитын құрылғылармен немесе штрих кодасын

оқитын, графика құрылғыларымен, басқа АЖО-мен және басқа жергілікті

есептеу желілерімен т. б. түйіндесетін құрылғылармен толықтырылатын әдетте

дербес компьютер болып табылады.

Таралған ИС концепциясына сәйкес олардың ішінде ақпарат көлемінің

төменнен жоғары қарай берілуі ИС дың ұйымдық иерархияда жоғарыдағы

деңгейлердегі оның қаншалықты кажеттілігіне байланысты болады. Бұл жерде

ақпаратты өңдеу нәтижелерінің басым бөлігі және бастапқы деректер

деңгейлердің жергілікті дерекқорларда (ДБ) сақталған жөн. Осы таралған

20

басқару идеясын жүзеге асыруда әрбір ИС деңгейі үшін мамандардың

автоматтандырылған жұмыс орындарын құруды талап етті.

АЖО-ның негізгі арналуы деп жұмыс орындарындағы ақпараттың

орталықтандырылмаған өңдеуді, «өзінің» сәйкес келетін дерекқорларын

қолданумен қатар жергілікті АЖО-мен ДК желілеріне, ал кейде қуатты ЭЕМ-

лар бар ауқымды есептеу тораптарына ену мүмкіндігімен қолдануды атауға

болады.

АЖО-да шешілетін мәселелерді шартты түрде ақпараттық және

есептеуіш деп бөлуге болады.

Ақпараттық мәселелерге ақпаратты кодалау, классификациялау (жіктеу),

жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау жатады. Ақпараттық

мәселелер жиі түрде

арифметикалық пен мәтіндік сипаттағы және

байланыстағы қарапайым есептеу мен логикалық процедуралардан тұрады.

Ақпараттық мәселелер әдетте күрделі болып табылады және мамандардың

жұмыс уақытының көп бөлігін алады.

Есептеу мәселелер формальдандырылатын және жартылай

формальдандырылатын болады. Формальдандырылатын мәселелер формальды

алгоритм негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тура есептеу мәселелер

мен математикалық модельдер негізіндегі мәселелер. Тура есептеу мәселелер

қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Одан күрделі мәселелерді шешу

үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану талап етіледі. Соңғы кезде

жартылай формальданатын мәселелерді шешуге арналған сематикалық деп

аталатын амалдарды жетілдіруге аса назар аударылады. Мұндай мәселелер жиі

түрде экономикалық объектілерді оперативті басқару барысында, әсіресе толық

емес ақпарат жағдайында шешімді қабылдау кезінде туады [2] .

1. 3. 1 АЖО құрылымы

АЖО бұл ұйымдастыру, функционалды және қамтамасыз ету

бөліктерінен тұратын кешенді жүйе.

Ұйымдастыру бөлігі АЖО қолданушылардың функцияларын бөліп

таратуға арналған ұйымдастыру құрлымынан, сонымен қатар мамандарды

даярлау, дамыту мен әкімшілдеу тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.

Әкімшілдеуге жұмысты жоспарлау, тіркеу, бақылау, сараптау, реттеу, АЖО

қолданушыларының құқықтарын мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеуді

жатқызады.

АЖО-дың функционалды бөлігі бұл оперативті және перспективалық

жоспарлау мәселелердің шешімін, техника-экономикалық көрсеткіштердің

тіркеуін мен сараптауын камтамасыз ететін экономика-математикалық тәсілдер

кешені. Кешен құрылымы АЖО ның анықталған функцияларын жүзеге

асыратын жүйенің біршама дербес ішжүйеден тұратыны болжамдалады.

Ішжүйелердің ерекшеленуі жұмыс орынның

функционалды

специализациясы мен ұйымдық құрылымдық есеппен функцоналды ұйымдық

белгісі бойынша жүргізіледі.

21

АЖО-ның қамтамасыз ету бөлігі:

-

-

-

функционалды ішжүйелердің ақпараттық қамтамасыз етуі (АҚЕ) ;

техникалық құралдар кешені (ТҚК) ;

ішжүйелер функцияларын жүзеге асырудың программалық

құралдары.

АҚЕ АЖО бұл құжаттардың, ақпарат массивтерінің (ДҚ) және

кодалаудың стандартталған және бәрыңғай формалар жиынтығы.

АЖО-да қолданылатын ақпарат тиянақтылық, оның арналуы және

қозғалу бағыты бойынша жіктеледі. Тұрақтылық бойынша ақпарат шартты

тұрақты және айнымалы тұрақты, арналуы бойынша нормативті-анықтамалық,

жоспарлау, есептемелік, сараптамалық және оперативті-өндірістік (директивті-

оперативті және оперативті) деп бөлінеді. Қозғалу бағыты бойынша ақпарат

кіріс, шығыс және аралық деп бөлінеді [2] .

АЖО-ның техникалық құралдар кешеніне (ТҚК) ақпратты жинау,

жеткізу, өңдеу және сақтау процестердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін

құрылғылар жиынтығы кіреді.

Біртекті операцияларды орындайтын құрылғылар техникалық

құралдардың функционалды топтарын құрайды. Ішжүйелердің функцияларды

жүзеге асырудың программалық құралдарына біріншіден адам-машина АЖО

жүйесінде қатынасудың программалық тір құралдарына арнап, «жұмыс

ортасын» қалыптастыратын операциялық жүйелерді жатқызуға болады. АЖО

прогораммалық тіл құралдары келесімен қамтамасыз етеді:

-

-

АЖО-ның функционалды мәселелерін шешу;

АЖО қолданушылар жағынан мәселелердің шешімін ыңғайлы және

түсінікті басқару - мәселелер интерфейстері.

1. 3. 2 АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар

АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар келесідей:

-

-

-

-

жүйелілік;

икемділік;

тұрақтылық;

эффективтілік (тиімділік) .

Жүйелілік. АЖО жұмыс орынның функционалды арналуымен

анықталатын құрылымы бар жүйе деп қарастырғаны жөн.

Икемділік. Элементттердің стандартталуы мен құрылудың модульдігінің

арқасында жүйе мүмкін болатын қайта құруларға икемді болу керек.

Тұрақтылық. Ішкі мен сыртқы қоздыратын факторлардың әсеріне

қарамастан жүйе негізгі функцияларды орындауы керек.

Эффективтілік. АЖО-ды жүйенің құрылуы мен қолдануына кеткен

шығындарына апаратын жоғарыда келтірілген қағидалардың жүзеге асырылу

деңшейінің интегралды көрсеткіші де қарастырғаны жөн.

АЖО бұл әрдайым арнаулы сипатты жүйе. Нақты бір маманға әкімші,

экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, сәулетші, дизайнер, дәрігер,

22

ұйымдастырушы,

зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т. б.

арналған техникалық құралдар мен программалық қамтамасыз етудің

жиынтығы.

АЖО-ды ендіру компьютер ұйытқы болатын ақпаратты өңдеудің

машиналық құралдар мен адам арасындағы функциялар мен жүктеменің дұрыс

бөліп тарату жағдайында қалаған эффектті беруі мүмкін.

АЖО бұл тек еңбектің өнімділігін мен басқарудың эффективтілігін

жоғарлатуының құралы ғана емес, сонымен қатар мамандардың қоғамдық

қолайшылығының құралы.

АЖО жеке (дербес) , топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық пен

коллективті АЖО-ға қатысты олардың ДК-дің жүйе ретінде эфефективті

функционалдау мақсатында мамандарға (коллективке) әкімшілдеудің нақты

функцияларын анықтау қажет. АЖО адам машиналық жүйе ретінде ашық,

икемді, үнемі даму мен жетілдірілуіне бейімдіболу қажет [3] .

Мұндай жүйеде келесі қамтамасыз етілу керек:

-

мамандардың ақпаратты өңдеу машина құралдарына максималды

жақындығы;

-

-

-

-

-

диалогты тәртіпте жұмыс жасау;

эргономика талаптарына сәйкестілік;

компьютердің жоғары икемділігі;

ескілік процестердің максималды автоматтандырылуы;

жекелік жағдайда мамандардың творчестволық белсенділігін

арттыратын, ал кейін жүйенің дамуына әкелетін мамандардың еңбек

жағдайларына моральды түрде қанағат болуы;

-

мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.

1. 3. 3 АЖО-ды жобалау сатылары

АЖО-ды дұрыс ұйымдастыру, құрастыру және енгізу мақсатында оның

жобалау процесін келесі сатыларға жіктейді:

-

-

-

-

бар басқару жүйесін зерттеу мен сараптама жасау;

АЖО құруының техникалық тапсырманы құрстыру;

АЖО-ды техникалық жобалау;

АЖО-ды жұмыстық жобалау.

23

2 Ақпараттық жүйелер. Деректер қорын жобалау

2. 1 Ақпараттық жүйелер туралы қысқаша мағлұматтар

Ақпараттық жүйе - қандай да бір адам қызметіне арналған ақпараттық

моделі болып табылады. Ол жүйе төмендегідей ақпараттық үдерістерді қамтуы

керек:

− сақтау;

− ақпарат ауысу;

− ақпаратты түрлендіру.

Қазіргі заманда күннен күнге ақпараттық жүйелер, қызметтердің әр

саласына маңыздылығы артуда.

Ақпарат жүйесінің көмегімен шешілетін тапсырмалардың әр түрлі болып

келуіне арқасында құрылу жағынан бір-бірінен

айырмашылығы бар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Несиелерді рәсімдеу ақпараттық басқару жүйесін құру
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
Қазақстандағы ипотеканы заңнамалық реттеу
Мерзімнен бұрын өтеу
«Пәкістан Ұлттық Банкі» АҚ
Ипотекалық несие жайлы
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау
Жылжымайтын мүліктің азаматтық – құқықтық режимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz