ТҚҚ тобының жылулық есебі


Аңдатпа
Дипломдық жобада жылулық сорғылы жылу электр орталығы қаралған.
Мұнда жылулық сүлбе есептеліп, негізгі және көмекші жабдықтар мен
берілген мәліметтерге сәйкес жылулық сорғы таңдалды, оның есебі
қарастырылды.
Үнемиеттік бөлімінде таңдалған жылулық сорғының техникалық-
үнемиеттік көрсеткіштері және өміртіршілік бөлімінде жалпы стансаның
санитарлы-қорғаныс аймағы анықталып, зиянды қоспалардың әуеде сейілуі
есептелді.
Аннотация
В дипломной работе рассмотрены проектирование теплоэлектро-
централи (ТЭЦ) с тепловым насосом, тепловая схема и расчет, выбор
основного и вспомогательного оборудования, по данным материалам - выбор
и расчет теплового насоса.
В экономической части рассчитаны технико-экономические показатели
выбранного теплового насоса, а в разделе безопасность жизнедеятельности -
количество выбросов вредных веществ в атмосферу и санитарно-защитная
зона станции.
Annotation
In this thesis are considered combined heat and power plant design with the
thermal pump, heat scheme and it’s calculation, choice of the capital and accessory
equipment, on these materials choice and calculation of a thermal pump.
In economic part are calculated technical and economic indexes of the
chosen thermal pump, and in the section health and safety number of missions of
harmful substances in the atmosphere and the sanitary protection zone of station.
Мазмұны
Кіріспе
І Жылутехникалық бөлім
1. 1 Алмты 2-ЖЭО-ның сипаттамасы және жылулық жүктемесі
1. 1. 1 2-ЖЭО-ның қысқаша сипаттамасы
1. 1. 2 АлЭС 2-ЖЭО-ның бас жоспары
1. 1. 3 2-ЖЭО-ның жылулық жүктемесі
1. 2 Негізгі және қосалқы қондырғыларды таңдау
1. 2. 1 2-ЖЭО-да орнатылған негізгі қондырғылардың сипаттамалары
1. 2. 2 Шығырдың техникалық сипаттамасы мен мінездемесі
1. 2. 3 Т-110/120-130 бу шығырының жылулық есебі
1. 2. 4 Энергетикалық қазандарды таңдау
1. 2. 5 Шындық су қыздыру қазандарын таңдау
1. 2. 6 Қосалқы қондырғы сипаттамасы
1. 3 ЖЭО-ның отын шаруашылығы
1. 3. 1 Отын қоймасының сипаттамасы
1. 4 Техникалық сумен қамтамасыздандыру
1. 5 2-ЖЭО-дағы желдеткішті градирня
1. 5. 1 Градирня сипаттамасы
1. 5. 2 Жұмыс істеу тәртібі
1. 5. 3 Градирняны жұмысқа қосу және өшіру
1. 5. 4 Градирняны пайдалану
1. 6 Алматы ЖЭО-2-ны жылулық сорғымен жобалау
1. 6. 1 Жылулық сорғы туралы жалпы түсініктеме
1. 6. 2 Жылулық сорғы технологияларының ең төменгі тиімді жылуының
энергиялық қайнар көздерін ірі көлемде пайдалана отырып, жылыту
мәселелерін шешу жолдары
1. 6. 3 Атом-жылу насосты жылумен қамтамасыз ету энергетиканы
дамытудағы жаңа бағыт ретінде
1. 6. 4 Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесі үшін үлкен қуатты
жылулық сорғыларын қолдану өзектілігі
1. 7 Жылулық сорғыны таңдау және есебі
1. 7. 1 Буілестіргіш тоңазытқыш қондырғысын таңдау және есептеу
1. 7. 2 Жылусорғылық технология негізінде Киев ЖЭО-6 тасталынған
жылуды пайдаланудың мақсатына сәйкес технологиялық, энергетикалық
және экономикалық бағасы
1. 7. 3 Ағын суларына арналған жылулық сорғы есебі
1. 7. 4 Озон қабаты мен жаһандық жылуына әсер етпейтін, жылулық
сорғылары үшін хладагенттерді шығару мәселелері
1. 7. 5 R744 көміртегі оксидіндегі жылулық сорғылардың жаңа түрлері
1. 7. 6 R744 жылу сорғыларын қолданудың масштабы және келешектегі
қолданылуы
ІІ ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК бөлім
2. 1 Жылутехникалық сипаттама
2. 2 Жалпы станцияның санитарлы-қорғаныс аймағын анықтап және зиянды
қоспалардың әуеде сейілуін есептеу
2. 3 Ауадағы шаңның зияны мен одан қорғану
ІІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ бөлім
3. 1 Бизнес-жоспар
3. 2 Маркетингтік жоспар
3. 3 Қаржылық жоспар
3. 3. 1 Жылулық сорғының жылдық энергия жіберуі
3. 3. 2 Отынға жұмсалатын шығынды анықтау
3. 3. 3 Отынды қолданудың ПӘЕ-ін есептеу
3. 3. 4 Суға жұмсалатын шығындарды есептеу
3. 3. 5 Еңбекақы шығындарын есептеу
3. 3. 6 Амортизациялық аударылымдарды есептеу
3. 3. 7 Ағымдағы жөңдеу шығындарын есептеу
3. 3. 8 Шығарындыларға төлемдерді есептеу
3. 3. 9 Жалпы шығындарды есептеу
3. 3. 10 Энергияны жіберудің өзіндік құнын есептеу
3. 3. 11 Жобаны іске асыруды және пайдалануды экономикалық бағалау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жылуландыру - орталықтандырылған жылумен қамдау мақсатында
электрстансаның жылу қозғалтқышында жұмыс істеп шыққан буды
пайдалану арқылы электр және жылу қайратын бірге өндіру. Осы дипломдық
жобада орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінде жылу сорғылары
технологиясын қолдану жобаланды. Бұл технологияны Алматы 2-ші жылу
электр
орталығына қатысты қарастырамын.
Жылулық сорғыларды
орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінде қолданудың тиімділігі
тұтынушының және жылу көзінің ыстықтығына, қолданатын қайрат пен
жылу тарифтерінің қатынасына, сығымдағыш жетегін қолданудың түріне
тәуелді. ОЖҚЖ-сін жетілдіруде келесі себептерді ескеру қажет:
- ЖЭС-да суыту жүйесінің техникалық суының төменгі тиімділікті
жылудың үлкен шығыны;
- Жылулық жүктемені төмендетуде электр қайратын өндіру кезінде
отынның жануының тез көтерілуі;
- Желілік суды қыздыруға кететін жылудың көп мөлшері;
Жылулық сорғы қондырғысы арқылы органикалық отынды үнемдеу ЖЭО-да
төменгі тиімділікті жылудың шығынын тиімді пайдаланудан болады. Оның
әдістері:
- Жылулық сорғы үшін төменгі тиімділікті жылу көзі ретінде ЖЭО-да
шықтағышты суыту үшін қолданатын техникалық судың жылуын
қолдану;
- ЖЭО-на қайтып келетін кері желілік суды төменгі тиімділікті жылу
көзі ретінде қолдану, оның ыстықтығы 20 . . . 25 ºС-ға дейін төмендейді.
Жылулық сорғы арқылы осы тасталатын жылудың көп бөлігін (50-
60%) жылу желісіне беруге болады.
Осы жобаның тиімділігі: бұл жылуды өндіруге отынның қосымша
жылуын шығындау қажет емес және де экологиялық жағдайға тиімді әсер
етеді, айналымдық судың шығыны төмендейді де, оны айдауға қажет
шығындар азаяды.
І Жылутехникалық бөлім
1. 1Алматы ЖЭО-2-ның сипаттамасы және жылулық жүктемесі
1. 1. 1 ЖЭО-2-ның қысқаша сипаттамасы
Алматы ЖЭО-2 Алматы қаласының батысында, Қарасай ауданы Алғабас
ауылында орналасқан.
Алматы ЖЭО-2 екі кезекте құрылған:
Бірінші құрылыс 1978-1983 жылдар аралығында жүргізілді. ЖЭО-ға
БКЗ-420-140-7с типті үш бу қазан мен ПТ-80/100-130/13 типті үш бу шығыры
пайдалануға ұсынылды.
Екінші кезектегі құрылыс 1985-1989 жылдар аралығында жүргізілді.
Жылу орталығына БКЗ-420-140-7с бу қазанының тағы да төртеуі және Р-50-
130/13 типті бір бу шығыры мен Т-110/120-130 типті бу шығырының екеуі
іске қосылды. 1995 жылдан бері үшінші құрылыс осы уақытқа дейін
жалғасуда. Бұл құрылыста іске тағыда БКЗ-420-140-7с типті бу қазанын іске
қосылуын, скруббер мен Вентури құбырларын қайта құру, жаңа күлұстағыш
құру және БКЗ-420-140-7с типті бу қазанының конвективті шахтасын қайта
құру күтілуде.
АЖЭО-2-ден жылу ыстық сумен беріледі. ЖЭО базалық тәртіпте,
шыңдық тәртіпте жұмыс жасайтын батыс жылу комплексімен бірігіп жұмыс
жасайды. ЖЭО-дан электр қайраты 110кВт кернеуде өндіріледі және
таратылады.
ЖЭО-2 орнатылған қуаты :
- электрлік - 510МВт
- жылу - 1176Гкал/сағ
Сәйкестірілген қуат мәні:
- электрлік - 357МВт;
- жылу - 721 Гкал/сағ.
Максималды жылулық жүктеме - 613 Гкал/сағ құрайды.
1. 1. 2 АлЭС ЖЭО-2-ның бас жоспары
ЖЭО құрылыстық ауданшасы Алматы қаласынан батысқа қарай 15
км, қаланың болашақта оңтүстік-батысқа қарай дамитынын ескерген.
Топырақ суларының деңгейі жер бетінен 15, 9-22, 1м тереңдікте
жатыр. Тербеліс амплитудасы 1, 0 м. Байланыс жолдарынан ағып кету есебінен
топырақ суларының деңгейінің өсіп кетуінің мүмкіндігі өте аз.
Топырақтардың қатуларының қалыпты тереңдігі 100 см.
Топырақтар өңдеу қиындығы бойынша СНиП 4-2-82 бойынша
алынады. Инженерлі-геологиялық шарттары бойынша ауданшасы 3-ші
санатты қиындыққа жатады.
Сонымен қатар:
а) электр стансасының ауданшасы (қоршау шектерінде)
б) күлтөгіндісі (3 жылға арналған сыйымдылық)
в) уақытша құрылыстар
38га
12га
20га
Бас жоспарды өңдеу кезінде технологиялық байланыстар, ЖЭО ЛЭП
және Жылутрасс, көлік жэне құрылыс кезегінің қорытынды талабын ескере
отырып аймақты функционалды талаптары ескерілген.
Тұрғын аймақтарынан құрылыс ауданшасы 3 км ауылшаруашылық
өрістерінің тау жоталарымен және көгалдандырулармен бөлініп тұр.
Электр стансасының ауданшасында ЖЭО-ның бас тұрқысы орналасқан,
қосымша тұрқылар жағулық мазут шаруашылығы, қатты отын қоймасы,
ұсақтағыш тұрқы, градирнялар, өзгерткіштер, ашық таратқыш қондырғылар,
әкімшілік-тұрмыстық тұрқылармен біріктірілген.
Шектеу шегінен тыс батыс жағында стансалық темір жол және станса
(бір қатар кәсіпорындар үшін) орналасқан, ОКСа көлемдік қоймасы, еріткіш
қондырғы.
Ары қарай қажетті өртке қарсы үзікпен-мазут шаруашылығы және мазут
сақтаушы РКТ (жылулық желілердің Алматылық кәсіпорындары) . Электр
стансасына солтүстік жағынан бетон -ерігіш түйінмен, автобазамен және бас
тұрқысының металл құрылыстық қаңқасын құрастыру үшін арналған екі
үлкейткіш - құрастырғыш және қазандар құрамаларының ауданшаларымен
жанасады. Электр стансасы ауданшасының өлшемі технологиялық, тазалық
ж ә н е өр тк е қ а р сы та ла п та р ы бо йы н ша ғ и м ар а тта р м е н қ ұ ры лы с тар
арасындағы минималды үзіктерді талап етулеріне сәйкес қабылданған.
Темір жол бағыты ЖЭО аймағының солтүстік жағынан бұзылған
в а го н д ар д ы тү сі р у э с т а к а д а сы н а ж ә н е ар ы қ ар а й ж ан ул ы қ ма з ут
шаруашылығымен ОВК-2 келеді. Темір жолда үлкейткіш -құрастырғыш
ауданшаларында орындалған. Құрастыру аймағына үлкейтілген құрамаларды
әкелуі пневможүрісте трейлермен ісек асады.
Құрылыс ауданшасын ішкі автокөлік жолымен байланыстыратын негізгі
автокөлік жолы ауданшаның оңтүстігі жағынан әкелінген.
Электр стансасына кіретін бас жол және бас тұрқы айналасындағы
сақиналық жолдың ені 6м, қалған жолдар (қатты қаптаумен) қозғалыстың бір
жолағымен 4, 5 м енімен орындалады.
Электр стансасы аумақтарының тік жоспарлануы жергілікті
жұмыстардың минималды көлемі кезінде табиғи жер бедерінің мүмкіндігі
бойынша сақтанумен орындалған. Сонымен қатар сол уақытта ғимараттардан
және құрылыстардан қысқа жол бойынша ашық су өткізгіштер жүйелерімен
қ а й ы қ т ар ғ а ж э н е к ю в е т т е р г е ж ә н е ж а уы н қ а б ы л д ағ ы ш а р н а л уы н а н
(майланған және мазутталған ақаба суларды тазалауға тура келеді) жер беті
суларын әкетуді толық қамтамасыздандырады. Жоспарланған ауданшалардың
минималды еңісі 0, 005-0, 008 шектерінде қабылданады.
Ғимараттар қабырғасының сыртқы жағының бойымен 200 м карниз
шығаруынан асып кететін отмост ені бар, бірақ 500 мм - ден аз емес, ғимарат
қабырғасынан 0, 03-0, 10 еңіске қарай бағытталған.
Ғимараттың бірінші қабатының таза еденінің белгілеуі ғимараттың
жоспарланған белгілеуінен 0, 15 м жоғары орналасқан. Машина залының
шықтық бөлмесінің ОВК-1 және қазан цехының күлділік бөлімінің бас
тұрқысының таза еден деңгейі минус 12 м белгілеуде орналасқан (бас
тұрқының тереңдетілген нұсқасы) .
Төтенше жағдайларда паводковты және басқа да суларды бас тұрқының
күлділік бөлімінен әкету үшін үңгір тесілген.
Жыл ішінде Алматы қаласында жылдамдығы 3 м/с-қа дейін желдер
болды (80% жағдайлар) . Қатты желдер (15м/с және одан да көп) Алматы
қаласында сирек бақыланады, орташа жылына 15 күн. Қыста қатты жел 10
жылда 1-3 күн болады, жазда әр жылда 2-3 күн, көбінесе күннің екінші
жартысында.
Электр стансаның аймағына ағаштарды, олармен бірге шөпті
газондарды отырғызу арқылы көгалдандыру орындалған. Жасыл сілемдерде
жоспар бойынша демалуға арналған ауданшалар қарастырылған.
Бас жоспарды болашақта ЖЭО-ны кеңейту мүмкіндігін ескеріп жасаған.
Б а с ж ос п ард ы о рн а л а с тыр уд ы ң н е гі з гі т ех ни к а - э кон ом и ка лық
көрсеткіштері:
- Электр стансасының шектеуіндегі аудан Ғ=38 га;
- Ғимараттар қамтыған аудан Ғғим=10 га;
- Ғимараттар және құрылыстар қамтыған аудан Ғқос=16 га;
- Өндірістік ауданның меншікті ауданы
Ғменш=Ғ/N=38/620=0, 061га/МВт;
- Аумақшаның пайдалану еселеуіші Каум=(Ғқос/Ғ) * 100=42. 1%;
- Құрылыс еселеуіші Кқұрылыс=(Ғғим/Ғ) * 100=26. 3%;
1. 1. 3 2-ЖЭО-ның жылулық жүктемесі
АҚ «Теплокоммунэнерго» және АлЭС «Распределительные тепловые
сети» мәліметтері бойынша АлЭС ЖЭО-2-ның максималды жылулық
жүктемесі Qmax=1065 Гкал/сағ құрайды, олардың ішінде ыстық сумен
қамдаудың жүктемесі Qысқ=195 Гкал/сағ, жылыту және желдету жүктемелері
Qот=870 Гкал/сағ болады.
Алматы қаласы үшін ықылымдық мәліметтер
Сыртқы ауа ыстықтығы:
- Есептік жылыту tрн=-250С;
- Суық айдың орташа ыстықтығы tсан=-7, 40С;
- Жылытулық кезеңнің орташа ыстықтығы tсрн=-2, 10С;
- Жаздық кезеңнің орташа ыстықтығы t=+200С;
Тәртіптер бойынша жылулық жүктемелерді есептеу:
І-тәртіп, максималды-қыстық:
Qі = Q max = Qжылыту + Qыск = 870 + 195 = 1065 Гкал/сағ;
ІІ-тәртіп, есептік-бақылаулық:
ІІ
tвн − tнкм
tвн − tнр
+ Qыск = 870(18 + 7. 4) /(18 + 25) + 195 = 708 Гкал/сағ;
ІІІ-тәртіп, орташа жылытулық:
ІІІ
tвн − tнорт
tвн − tнр
+ Qысқ = 870(18 + 2. 1) /(18 + 25) + 195 = 600 Гкал/сағ;
ІV-тәртіп, жазғы:
Q = Q ысқ = 195 Гкал/сағ;
Негізгі қондырғылардың жылулық қуаты
Шығырлардың жылуландырулық алуы:
ПТ
Т
Алулардың қосынды қуаты:
П Т
Шыңдық жылытқыштар қуаты:
пт
пт
р
Шыңдық жылытқыштардың қосынды қуаты:
п р
Алматы қаласы үшін қалып бойынша жылуландыру еселеуіші ұсынылады:
α = 0, 5 ÷ 0, 55
Жылуландыру еселеуішін есептеу
α ЖЭО = Qалу / Q І = 0, 52
Шығыр алуының жүктемесі:
Q алу = α ЖЭО ⋅ Q І = 0, 52 ⋅ 1065 = 554 Гкал/сағ;
АлЭС ЖЭО-2-ның шыңдық жүктемесі:
Qшың = Q І − Qалу = 1065 − 554 = 551 Гкал/сағ;
Жылулық жүктемелер бойынша мәліметтерді 1-кестеге енгіземіз.
1-Кесте. Жылулық жүктемелердің жинақ кестесі
5
Шындық
511
154
46
-
тораптық
Qшж
Гкал/сағ
қыздырғыштар
1. 2 Негізгі және қосалқы қондырғыларды таңдау
1. 2. 1 ЖЭО-2-да орнатылған негізгі қондырғылардың сипаттамалары
а) ЖЭО-2-де алты бу шығыры
ПТ-80/100-130/13 типті үш шығыр;
Р-50-130 типті бір шығыр;
Т-100/120-130 типті екі шығыр.
б) жеті БКЗ-420-140-7с типті қазандар орналасқан, олар жалпы 140 ата
жинағышқа жұмыс істейді.
Жинағыштан алты шығырлар қоректенеді:
Жылуландырулық жүктемені қамтамасыздандыратын тораптық
қыздырғыштары бар ЗХпт -80/100- 130/13, 2Хт -110/120- 130 және 1хР -50-
130/13. Осы ПТ және Т шығыр ларының жаңғырту жүйесі төрт ТҚҚ,
деаэратордан және үш ЖҚҚ - дан, ал Р -50-130 /13 шығыры үш ЖҚҚ және
деаэратордан тұрады. Стансалық жинағышқа 13 ата бу Р -50-130/13
шығырынан және ПТ -80/100-130/13 шығырының алуынан жіберіледі. 13 ата
жинағыштан шындық жылулық жүктемелерді жабатын шындық бойлерлер
қоректенеді, ЖЭО-ның өзіндік мүқтаждығына бу жіберіледі, яғни 2 -
АЖЭО-дан өндіріске бу берілмейді.
Бір шығыр бұзылып қалған жағдайда 13 ата жинағышты жөндеуге
қойған кезде екі 150т/сағ жэне бір 250т/сағ РО У - 140/13 жүйесін
пайдалануға
болады. ПТ-80/100-130/13 және Т-110/120-130 типті
ш ығы р лард а шықтағыштары бар. Шық шықтағыштан ТҚҚ тобы арқылы
деаэраторға жіберіледі, деаэратордан қоректік су ЖҚҚ арқылы қазанға
беріледі және айналымда тұйықталады.
Р-50-130/13 типті шығырда шықтағыш жоқ, ал шығырдан шыққан бу 13
ата жинағышқа беріледі. Шығыр деаэраторына
құрғатылуы беріледі.
шындық бойлерлер
1. 2. 2 Шығырдың техникалық сипаттамасы мен мінездемесі
ПТ-80/100-130/13 типті бу шығыры, шықтағыш номиналды 80 МВт
қуаттылықпен таңдаулы реттегіш өндірістік бумен жылытады. 120 МВт
қуаттылықпен ТВФ-120-2 типті өндіргішті арнайы келтіру және бірбілікті
екіцилиндрлі күйді көрсетеді.
ПТ-80/100-130/130 типті шығыр саптамалық буды таратады, ол ЖҚЦ - ға
кірердегі төрт реттегіш қақпақтардан тұрады.
ЖҚЦ құрылымы-ыстыққа төзімді болаттан тұрады. Ағындық бөлігі,
бірвенцті реттелетін саты мен 16 қысымдық сатыдан тұрады.
ЖҚЦ-дан кейін бу өндірістік таңдауға кетеді, сондай-ақ ТҚЦ -нан ары
қарай шығыр шықтағышына барады.
ТҚЦ үш бөліктен тұрады:
- біріншісі, жоғарғы жылыту таңдамасына дейін реттегіш саты мен сатылық
қысым жүйесінен;
- екіншісі, жоғарғы және төменгі жылыту таңдамасы аралығында, яғни
аралық ағыс, екі сатылы қысымнан;
- үшінші бөлік, екі сатылы қысымнан және реттегіш сатыдан.
Жылуландыру таңдамасының қысымы бір бұрылмалы тарылтқышпен
реттеледі.
Жоғары қысымды айналғы (ЖҚА) - бір тұтасты, ал төменгі қысымды
айналғы (ТҚА) - қиыстырылған, яғни он толық табақшадан, үш
саптамалықтан құрастырылған. Екі айналғы да ЖҚА мен ТҚА - иілгіш.
Шығыр айналғылары өздері арасында және айналғы өндіргішінің қатты
жалғастырғышымен байланысқан, ортақ нығайту айналматірекпен
байланысқан.
Егер айналғының айналуын айналматіректің алдыңғы жағынан қарасақ
сағат бағытымен бірдей. Шығырдың белгі-қосыны ТҚЦ-ның артқы іргетас
жиектігінде орналасқан.
ПТ-80\100-130\13 типті шығырдың негізгі көрсеткіштері:
1) Электрлік қуаты:
максималды, N max, 100 МВт
номиналды, N nom, 80 МВт
2) Стопорлы қақпақшаның алдындағы бу көрсеткіштері:
қысымы, Po, 12, 75 МПа
температурасы, t0, 555° С
3) Шықтағыштағы қысым, Рш, 0, 0035 МПа
4) Реттелетін таңдамадағы бу көрсеткіштері:
өндірістік
жоғарғы жылыту
Pn,
tn,
Р вот,
1. 3 МПа
265°С
0, 25-0, 05 МПа
төменгі жылыту Р нот,
0, 10-0, 05 МПа
5) Реттелмейтін таңдамалардың бу көрсеткіштері, яғни бу қысымы, Рі:
I, ЖҚҚ - 7 4, 5 МПа
II, ЖҚҚ - 6
III, ЖҚҚ - 5 (газдан тазартқыш)
IV, ТҚҚ - 4
V, ТҚҚ - 3
VI, ТҚҚ - 2
VII, ТҚҚ - 1
2, 6 МПа
1, 3 (0, 6) МПа
0, 4 МПа
0, 17 МПа
0, 085 МПа
0, 033 МПа
6) Шығырға кеткен будың максималды шығыны:
Dmax,
470 т/сағ
7) Шығырға кеткен будың номиналды шығыны:
Dmin, 420 т/сағ
Р-50-130/13 бу шығыры, қарсықысымды, бірбілікті және бірцилиндрлі
күйді көрсетіп, 63 МВт қуаттылықпен ТВФ -63-2 типті өндіргішті міндетті
түрде әкелуге арналған.
Шығыр бір реттелетін саты мен 16 сатылық қысымнан тұрады.
Шығыр алдындағы бу көрсеткіштері:
қысымы, Ро, 12, 75 МПа
температурасы, to, 555° С
Қарсы қысымды шығырдан кейінгі қысым:
Рn,
1, 3 МПа
Реттелетін таңдама саны, қысым Р :
I, ЖҚҚ-3,
II, ЖҚҚ-2,
III, ЖҚҚ-1,
3, 63 МПа
2, 16 МПа
1, 3 МПа
Шығырға кеткен будың максималды шығыны:
D ma, 470 т/сағ
Шығырға кеткен будың номиналды шығыны:
D nоm, 385 т/сағ
Т-110/120-130 типті бу шығыры екі реттелетін жылуландыру
таңдамасымен, 110 МВт номиналды қуаттылығымен, үшцилиндрлі күйді
көрсетіп, ТВФ-120-12 типті өндіргішті арнайы әкелуге арналған және 175
Гкал/сағ өлшемді жылуландыруға қажетті жылуды жіберу [1] .
Жылуландыру таңдамасының номиналды қуаты 175 Гкал/сағ, жаңа
шыққан будың номиналды көрсеткіштерінде қамтылады:
қысымы, Ро 12, 75 МПа
ОҚЦ бір ағынды, әр ағыны екі сатыдан тұрады, яғни, бір реттейтін және
бір қысым сатысынан тұрады.
Шығырдың жеті реттелмейтін таңдамасы бар. Таңдама көрсеткіштері
кесте түрінде 2-кестеде келтірілген.
2-Кесте. Т-110/120-130 типті шығырдың
реттелмейтін таңдамасының
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz