Мәліметтерді жіберу желісінің классификациясы


7
![]()
8
![]()
9
![]()
10
![]()
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада жүрек зерттеулерін жүргізетін медециналық
жүйелерде телекоммуникациялық құралдардың пайдалану мүмкіндігі
қарастырылды.
Жобада еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігінің мәселелері
қарастырылды, еңбек ету үшін жасалған жағдайларды бағалау есебі, өрттен
қорғану шаралары жасалып көрсетілді.
Сондaй-ақ, қаржы экономикалық тұрғы мәселелері қаралды, осы жүйе
қаншалықты тиімді және өз-өзін қанша уақыттa aқтайды деген сұрақтар жауабы
анықталды.
Аннотация
В дипломном проекте были рассмотрены возможности применения
средств телекоммуникации в медицинских сестемах исследования сердца.
В проекте рассматривались вопросы охраны труда и безопасности
жизнедеятельности, приведен рaсчет оценки условий труда, разработка мер
защиты от пожара.
Также рассмотрены вопросы финaнсово-экономического
плaна,
насколько внедрение этой системы выгодно и в какие сроки онa окупиться.
11
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Теле-ЭКГ . . . 8
1. 1 Жалпы статистика . . . 8
1. 2 Жүйенің техникалық іске асыру тұрғысынан талдау . . .
9
1. 3 Бағалау белгілері . . . 11
1. 4 Медициналық жүйені жобалау . . . 12
1. 5 Қолданылытын жабдықтар . . . 14
1. 6 Internet желісінде мәліметтерді тарату жүйесі . . . 17
2 Медицинадағы . . . 25
2. 1 Қолдану аймағы . . .
25
2. 2 Қазақстандағы медециналық бейнеконференция жүйелерінің
даму тұжырымдамасы . . . 26
2. 3 Бейнеконференция классификациясы . . . 27
2. 4 жүйесінің стандарттары . . . 31
3 Есептік бөлім . . . 33
3. 1 Желі арнасының өткізу қабілеттілігін есептеу . . .
33
3. 2 Кабельдің максималды шектік өшуін есептеу . . . 41
3. 3 Өтпелі өшуді есептеу . . . 42
3. 4 H. 264 стандарты бойынша өткізу жолағының енін есептеу . . . 43
3. 5 Тиімді сәулелену қуатын есептеу . . . 44
3. 6 Сигналдың әсер ету аймағын
есептеу . . .
45
4 Өміртіршілік қауіпсіздігі . . . 48
4. 1 Еңбек шартын талдау . . .
12
48
4. 2 Еңбек пен демалыс режимі . . . 49
4. 3 Бөлме микроклиматы . . . 50
4. 4 Табиғи жарықтандыруды есептеу . . . 51
4. 5 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . . 53
4. 6 Желдету жүйесін есептеу . . . 55
4. 7 Өрт қауіпсіздігі . . . 55
5 Бизнес-жоспар . . . 60
5. 1 Қаражат шығынын есептеу . . . 60
5. 2 Айлық фондты есептеу . . . 61
5. 3 Жоба пайдасы . . . 64
Қорытынды . . . 65
Әдебиеттер тізімі . . .
66
Қосымша А . . . 68
Қосымша Ә . . . 69
Қосымша Б . . . 70
13
Кіріспе
Жүрек-қан тамыры ауруы - ағымы мен нәтижесі дәрігерге уақытында
баруына, диагноздың уақытылы қойылуы мен тиесілі ем қабылдауына тікелей
тәуелді болатын патологияның айқын мысалы.
Әрине,
теория бойынша әрбір адамды мектеп
жасынан бастап
кардиологқа уақытылы қаралуын міндеттеуге болады (мысалы, жарты жылда
бір рет), бірақ мұндай адамдар ағынымен
бірде-бір кардиологиялық
орталықтың шамасы жетпес еді, яғни медициналық жұмыскерлер мен
жабдықтар саны жетіспес еді. Бірақ та, жүрек жағдайын,
өзгеру динамикасын уақытылы бақылау өте
маңызды. [1]
Осының бәрі қазіргі уақытта ЭКГ-аппараттарын жетілдірумен шектеліп
қана қоймай, сонымен қатар үй жағдайында жеке қолданылатын ЭКГ-
аппаратын кең қолданысқа ендіру керектігін дәлелдейді.
Бұл дипломдық жобада жүйе телекоммуникация құралдарын пайдалана
отырып үй жағдайында отырған емделушіге қашықтықтан медициналық көмек
көрсету (яғни, арнайы телемедициналық жабдықтар емделушінің медициналық
мәліметтерін қашықтықта орналасқан медицина орталығындағы мамандарға
өңдеуге жібереді) және Қазақстан Республикасы мен шетелдің білікті
мамандарының қарауында болу мүмкіндігін беретін
ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Әлемнің
барлық
жерінде
медициналық
орталыққа
медициналық
бейнеконференцияны
енгізу
қазіргі
замандық
телекоммуникациялық
технологияларды, соның ішінде жоғарғы жылдамдықты цифрлық арналарды
ұғынумен қатар келе жатыр. Өркендеп келе жатқан елдерде, соның ішінде
квалификациясы жоғары дәрігерлері жетіспейтін 90 еуропалық елдерде бұл
бағытқа үлкен көңіл бөлінеді. Әлемде 200 телемидециналық жоба бар, соның
ішінде 90-ы еуропалық елдерде. Бейнеконференцияға арналған жабдықтардың
әжептәуір
қымбат
құнына
қарамастан
медицина
аумағынд
а
қолдану тәжірибесі көптеп жиналған. [6]
Қазақстанда медициналық бейнеконференцияны жүргізу - денсаулық
сақтаудың стратегиялық маңызды тапсырмасы. Оның шешімі: жоғарғы сапалы
медициналық диагностиканы шеттегі өңірлерге жақындату, орталық ғылыми-
зерттеу диагностикалық орталықтарының және денсаулық сақтау саласындағы
жұмысшылардың өзара әрекеттесулерінің жаңа деңгейін қамтамасыз ету және
қымбат бағалы дәрігерлік аппаратураларын қолдану тиімділігін жоғарылату.
Сонымен қатар, бұл дәрігерлердің квалификацияларының деңгейін көтереді
және өңірлерде ғылыми мектептердің құрастырылуын тездетеді.
14
1. Теле-ЭКГ
1. 1 Жалпы статистика
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл
сайын жүрек-қан тамыры ауруынан 17 миллионнан астам адам дүниеден өтеді,
ал 20 миллион адам инсультке шалдығады. Шамамен тірі қалғандардың ¼
бөлігі мүгедек болып қалады немесе уақытша екбек қабілеттілігін жоғалтады.
Қазақстанда жүрек-қан тамыры аурулары бүкіл ауру көлемінің 56, 9%-ын
құрайды.
Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры ауруы жағдайларының саны тұрақты
үлкейіп, және де ауру жасының ұдайы төмендеп жатқаны үрей тудырады.
Қазіргі уақытта жүрек ауруымен ауыратын адам саны көбейіп келеді, және де
23-25 жасар адамнын өзі миокард инфарктімен ауырады. Әсіресе, ер
адамдардың еңбекке жарамды жасында жүрек ауруына шалдығуы жиі
кездеседі.
1. 1-сурет. Барлық ауру үлесінің диаграммасы
Жүрек-қан тамыры ауруы - ағымы мен нәтижесі дәрігерге уақытында
баруына, диагноздың уақытылы қойылуы мен тиесілі ем қабылдауына тікелей
тәуелді болатын патологияның айқын мысалы.
Әрине,
теория бойынша әрбір адамды мектеп жасынан бастап
кардиологқа уақытылы қаралуын міндеттеуге болады (мысалы, жарты жылда
бір рет), бірақ мұндай адамдар ағынымен
бірде-бір кардиологиялық
орталықтың шамасы жетпес еді, яғни медициналық жұмыскерлер мен
жабдықтар саны жетіспес еді. Бірақ та, жүрек жағдайын,
15
![]()
өзгеру динамикасын уақытылы бақылау өте
маңызды.
Осының бәрі қазіргі уақытта ЭКГ-аппараттарын жетілдірумен шектеліп
қана қоймай, сонымен қатар үй жағдайында жеке қолданылатын ЭКГ-
аппаратын кең қолданысқа ендіру керектігін дәлелдейді.
Байланыс құралдары мен Интернет-сервистің барлық жерде қолданылуы
«үй телемедицинасын» жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл
жүйе
телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып үй жағдайында отырған
емделушіге қашықтықтан медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырады,
яғни арнайы телемедициналық жабдықтар емделушінің медициналық
мәліметтерін қашықтықта орналасқан медицина орталығындағы мамандарға
өңдеуге жібереді.
1. 2 Жүйенің техникалық іске асыру тұрғысынан талдау
Техникалық көзқарас бойынша, бұл ЭКГ жазбалары мен қолданушы
туралы бақылау тарихын және диагностика жүргізуге қажетті қосымша ақпарат
нәтижесін жинайтын, сақтайтын және өңдейтін қолданушы жазбаларын
тіркейтін жүйе.
Теле-ЭКГ жетілуінің бірнеше онжылдығының ішінде көптеген құралдар
шығарылды. Сондықтан, шолу өткізгеннен кейін модельдердің барлығы емес,
тек қазіргі заманғылары қарастырылды. Анализ үшін таңдалған барлық
құралдар 1. 1-кестеде көрсетіліп тұр.
Барлық қаралатын құралдардың ортақ белгісі - (10-12) бит төменгі
разрядты АЦТ-ті қолдану, демек, сигналдың сапасының төмендігі ЭКГ
анализінің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға маңызды шектеу қояды, және де
деңгей бойынша ауытқуды анықтау дәлдігіне әсер етеді. Басқа жағынан, бұл
Теле-ЭКГ үшін жөнді, себебі, берілген жылдамдық әрдайым сапалы сигналды
жіберуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, бұл жылжымалы құралдарда
энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жазбаларды жіберу үшін көбінесе
GPRS стандартының жылжымалы желілері қолданылады. Ал шетелдік
құрастырушылар жеберу құралдарының үлкен жинағын ұсынады:
3G,
Bluetooth, Wi-Fi, Ethernet . Бұл сымсыз технологиялардың батыс Еуропада көп
таралуына байланысты.
Теле-ЭКГ жүйелерін құрастырудың тиімді шешімі - жылжымалы
Интернеттің қолданылуы мен жылжымалы телефондармен байланыс жасау
үшін Bluetooth контроллердің ендірілуі. Бүгінгі күннің өзінде 3 G байланысы
үлкен сұраныста, ал мегаполистерде төртінші ұрпақты 4 G сымсыз қатынасы
ендірілуде. 4 G дәл сол уақытта немесе аз ғана кешігумен жоғарғы сапалы
сигналды жіберуге мүмкіндік береді (дискретизация жиілігі 2000 Гц шамасында
және рұқсат ету 24 бит-ке шейін) .
16
1 - к е с т е . ЭКГ-жүйелерінде қолданылатын мәліметтерді жіберудің
сымсыз технологиярының салыстырмалы сипаты
17
1. 3 Бағалау белгілері
Телекоммуникациялық арна құрамында қолдануға болатын мәліметтерді
жіберу технологияларын таңдау мақсатымен бар коммуникациялық
технологиялар көрсетілді және де олар келесі параметр қатарымен бағаланды:
- ақпаратты жіберудің шектік жылдамдығы - электрокардиографпен тір-
келетін мәлімет көлемін жіберудің немесе жіберілмеудің принциптік
мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді;
- ақпаратты жіберудің қашықтығы - тіркелу мәліметтерін ең болмаса жа-
қын жердегі диагностикалық тармаққа жіберуге мүмкіндік беру керек;
- технологияның таралуы - жасалынып жатқан технологияны көпшілік
жерге енгізілуін қамтамасыз етеді;
- ақпаратты жіберудің сенімділігі - ақпарат қаншалықты дәл және қандай
шығынмен баратынын анықтайды;
- енгізу бағасы - құрылғының соңғы бағасына әсер етеді;
Одан басқа, технология үздіксіз қадағалау үшін жеке құрылғыларды
жасау үшін абоненттің жылжымалығын қамтамасыз ету керек.
Интернетке қатынауда берілген стандарттарды салыстыру үшін 1. 2-кесте
құрастырылды. Бұл кесте таңдалған параметрдің мөлшерлік және сапалық
өлшемдерін көрсетеді. Жақшаның ішінде ақпарат жіберудің шынайы
жылдамдығы көрсетілген. Теориялық жылдамдық пен шынайы жылдамдықтың
айырмашылығы бір технологияда әр түрлі стандарттардың болуымен
түсіндіріледі. Көбінесе, бұл стандарттың бәрі қолданыла бермейді. Сонымен
қатар, жылдамдыққа желінің бос болмауы, кедергілер деңгейі, жіберу және
қабылдау құрылғыларынан қашықтықта орналасуы және т. б. әсер етеді.
1. 2 - к е с т е . Сымсыз байланыс технологияларының параметрлерін
салыстыру
18
Кестені талдаудан кейін сенімділігі мен таралғандығы аз нұсқалар
таңдалынбады, себебі, бұл көрсеткіштер практикалық іске асыруға үлкен әсерін
тигізеді. Осыдан «лидерлер» қатарында ADSL , Ethernet технологиялары және
жылжымалы Интернет қалды. ADSL мен Ethernet жылжымалы Интернетке
қарағанда барлық көрсеткіштері бойынша басым болса да, жылжымалы
Интернетті қолдану бізге қолайлы. Себебі, жеке ЭКГ-құралы емделуші еркін
қозғалып, үйреншікті өмір жағдайында болуын талап етеді және шұғыл жағдай
кезінде мәліметтерді диагностикалық орталыққа уақытында жеткізу мүмкіндігі
болу керек. Және де соңғы жылдары жоғарғы жылдамдықты 4G жылжымалы
қатынау мәліметтерді сымды қатынаумен тең болатын жылдамдықпен жіберуге
мүмкіндік береді.
Бірақ, қазіргі уақытта жылжымалы Интернеттің шынайы
өткізу қабілеттілігі (100-200) кбит/с құрайды. Теория бойынша бұл жылдамдық
бір бөлімшенің сигнал тіркеуі қандай жылдамдықпен жіберілсе, дәл сондай
жылдамдықпен жіберуге болады (яғни, ағындық жіберу), ал оптимисттік
нұсқада емделушінің жағдайын үздіксіз бақылануы үшін үш бөлімшенің
ағындық жіберілуін қамтамасыз ете алады.
Жылжымалы Интернетті қолдану туралы айтқанда бір атпен
біріктірілетін барлық стандарттар емес, тек қол жетімділері - GPRS, EDGE, 3G
қолданылатынын нақтылау керек. Бұл стандарттар барлық жылжымалы
байланыс операторларымен қамтылады.
Төменде байланыс технологиялыры туралы толық мәліметтер келтірілген.
1. 4 Медициналық жүйені жобалау
Нақты уақытта жоғарғы сапалы сигналды жіберуге арналған өткізу
қабілеттілігі w былай есептеледі:
w = p · r · n
(1. 1)
мұндағы р - АЦТ разрядтылығы;
r - дискретизация жиілігі;
n - бір уақытта жұмыс істейтін арналар саны.
Осы формулаға сәйкес, 2000-ға тең жиілікпен цифрлау жасайтын және 3-
арналы жабдық құрамында жасайтын 24-битті АЦТ үшін 144 кбит/с немесе 18
кб/с өткізу қабілеттілігі керек болады. Бұл GPRS желілерінде қол жетімді
мөлшер. Бірақ, бұл желілер әрқашан тұрақты емес. Бізге мәліметтерді жіберу
кезінде бұзылудан сақтайтын механизм керек. Соған байланысты жазбалардың
SD карта жадында сақталуы және одан әрі диагностикалық центрге жіберілуі
орындалады.
Жүйенің жалпыланған функционалдық сызбасы жасалды (1. 2-сурет) .
19
1. 2-сурет. Жүйенің жалпы функционалдық сызбасы
Оның құрамына негізгі 3 компонент кіреді:
- регистрация құрылғыларының желісі;
- мәліметтерді жіберудің жүйесі;
- орталық станция.
Интерфейс жинағы
USB -интерфейс және жылжымалы байланыс
желілерінен GSM/GPRS/3G тұрады. 1 с ұзындықты сигнал бөлігі өзі сақталу
үшін 32000 битті талап етеді. Мұндай мәліметтер көлемі қазіргі заманғы
арналар бойынша жіберіле алады, бірақ байланыстың әрдайым болмауы
проблема болуы мүмкін.
Бұл жағдайда жазбалардың құрылғының ішкі жадында сақталуы және
одан әрі серверге жіберілуі талап етіледі. 1 сағаттық жазбаның сақталуы үшін
бізге шамамен 13, 73 Мб жады қажет; бір тәулікте 329, 6 Мб жиналады.
Жобаланған электрокардиографта ДК-ге файлдарды көшіретін
SD -картаға
жазбаларды сақтау қарастырылады.
Құрылғы құрамына сымсыз байланысты енгізу мекемеден тыс жерде
емделуші жағдайын үздіксіз қадағалауға және де қауіпті жағдайларда тез көмек
көрсетуге мүмкіндік береді.
20
![]()
1. 5 Қолданылытын жабдықтар
1. 3-сурет. «Телекард» транстелефондық цифрлық 12-арналық ЭКГ кешені
Бұл жабдық ЭКГ-ны түсіруге және барлық байланыс арналары, соның
ішінде стандартты телефон желілері, жылжымалы байланыс арналары, барлық
диапазондағы радиобайланыс арналары және DECT стандартының телефон
арналары арқылы жіберуге арналған. Ол шеттегі құрылғыдан ұзақтығы 15
секунд болатын цифрлық сапасы бар 12-арналық электрокардиограмманы бір
қоңырау шалу режимінде қашықтықта орналасқан диагностикалық орталыққа
жіберуді қамтамасыз етеді.
Кешен кез келген кардиологиялық аурудың кәсіби диагностикасын
жүргізуге және сигналды ЭКГ-нің жоғары сапасын қамтамасыз ететін
акустикалық арна арқылы цифрлық жіберуді қолданады.
Кешеннің ерекшелігі:
- телефон арқылы жіберілетін сапасы өте
жоғары, себебі, оның көмегімен емделушіге өмірлік маңызы бар диагноз
қойылады. Транстелефондық ЭКГ кешеннің көп бөлігі дәстүр бойынша
сигналдың аналогтық жіберілуін қолданады, бұл желідегі әр түрлі
кедергілердің
алдында осалдығын көрсетеді. «Телекард» стационарлы
21
![]()
салыстырғанда ЭКГ сапалылығын қамтамасыз
ететін кешен болып табылады:
- электрокардиограмма 12-арналы болып табылады, оған қоса стандартты
және синхронды;
- кешен өлшеуіш техникасының құралы болып табылады және телефон
арқылы ЭКГ жіберетін басқа жүйелермен салыстырғанда метрологиялық
сертефикатқа ие;
- «Телекард» кешені «бір қоңырау шалу» режимінде консультация алуға
мүмкіндік береді. Яғни шақыру, мед қызметшілерінің сөйлесуі, ЭКГ-ны жіберу
мен одан кейінгі консультация бір телефондық сөйлесу кезінде орындалады;
- құрылғы жұмысқа дайындықтың минималды уақытын қамтамасыз етеді.
Медқызметшілердің жұмысы тек электродтарды тағу мен диагностикалық
орталыққа қоңырау шалу және бір батырманы басумен шектеледі;
- құрылғы ықшамды, жеңіл және соққыға шыдамды. Құрылғы салмағы
шамамен 130 гр. Бір немесе бірнеше қолданыстағы электродтар қолданылады.
1. 4-сурет. «Телекард» транстелефондық ЭКГ кешенінің жұмыс жасау
сұлбасы
Кешен құрамы:
Телефондық компьютерлік электрокардиограф жүйесі орталық станция
мен қашықтықтық бөліктен тұрады.
Орталық станция қабылдау блогы бар және телефондық желіге қосылған
дәрігер-оператордың дербес компьютері болып табылады. ЭКГ-ны қабылдау
арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі. Орталық станция
100 қашықтықтық құрылғылардың жұмыс жасауына есептелген.
22
![]()
Орталық станцияның базалық комплекттің стандартты комплектісі:
- базалық қабылдау блогы;
- телефондық кабель;
- телефондық адаптер;
- қорек блок;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- қолданушының басқару әдістемесі.
Орталық станцияның қосымша комплектісі:
- компьютер;
- монитор;
- принтер (тапсырысшы талабымен) .
Жүйенің қашықтықтық бөлігі GSM-900 және GSM-1800 стандартты
стационарлық телефондармен немесе радиостанциямен бірге қолданылатын
шағын транстелефондық цифрлық 12-арналық
тұрады.
Қашықтықтық бөліктің стандарттық комплектациясы:
- акустикалық сәуле таратқышы (динамик) бар цифрлық транстелефон-
дық 12-арналық ЭКГ күшейткіш-таратқышы;
- жинақтау сөмкесі;
- бір немесе бірнеше ЭКГ электродтарының комплектісі;
- ААА типті 1, 5 В батарейка - 2 дана;
- абонент нұсқаулығы.
Талдау мүмкіндігі:
- кенеттен болған жағдайларды автоматты түрде анықтау;
- қисық трендін автоматты түрде алып тастау;
- тіркелген ЭКГ қисығының масштабтау жылдамдығын өзгерту;
- ЭКГ-нің амплитудалық-уақыттық параметрлерін өлшеу;
- қабылданатын ЭКГ сигналдың цифрлық фильтрациясы.
Қорытындысы:
- мәліметтер базасында сақталып, мәтіндік кез келген формада болады.
Мәліметтерді сақтау:
- мәліметтер базасында электрокардиограмма мен емделуші туралы мәлі-
меттерді сақтау;
- емделушінің алдыңғы жазбаларын мәліметтер базасынан іздеу және
ЭКГ-ні талдау;
- емделуші ЭКГ-сін жазған файлды электрондық пошта немесе жергілікті
желі арқылы жіберу.
Қолдану кезіндегі ерекшеліктер:
- электрокардиографта ЭКГ сигналын одан ары жіберу мақсатымен жазу
және сақтау мүмкіндігі;
- қашықтықтық құрылғысының иесін электродтардың тимей қалу жағ-
дайы туралы автоматты түрде ескерту;
- консультация кезінде абонент пен оператордың сөйлесу мүмкіндігі;
23
- GSM-900, GSM-1800 стандартындағы жылжымалы телефондар мен
радиотелефондар моделі мен маркаларының таңдау кеңдігі;
- қауіпсіздік: IEC классификациясының BF тип қорекгінің ішкі көз
құрылғыларының класына сәйкес келеді;
- кешен шыдамдылық пен механикалық әсер етуі ГОСТ 20790 бойынша
2-топқаға сәйкес келеді;
- кешен ГОСТ 15150 бойынша дайындалады;
- кепілдік қызмет ету - 24 ай.
1. 6 Internet желісінде мәліметтерді тарату жүйесі
Мәліметтерді тарату жүйесі - мекеменің ішінде немесе мекемелер
арасында ақпараттарды таратуға арналған жүйе.
Мәліметтерді таратудың ең үлкен жүйесі - Интернет желісі. Интернет -
кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен,
яғни,
телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам
байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды
(ғаламдық) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын
компьютерлер бір-бірімен TCP/IP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады,
оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады.
Дүниежүзілік Халықаралық Телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол
ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық
пошта арқылы хабар алмасып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп,
қашықтықтан конференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік
бар.
TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компьютер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.
Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары.
Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер
«телефонды» жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон
сымы едәуір көп ақпарат жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу жолының
ені - өткізу арнасы жиіліктерінің диапазонындағы ең жоғары жиілік пен ең
төменгі жиіліктің арасындағы айырымы. Телефон желісі арқылы сигналды
жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3, 4 кГц-ке дейінгі диапазонды алады.
Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді. Жіберу жылдамдығы өскен
24
сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек. Сондықтан, «өткізу жолы»
терминімен компьютер желісімен мәліметтерді жіберу жылдамдығының
жоғары шекарасы белгіленеді. « Кеңжолды қатынас» термині арна ақпарат
жіберу үшін кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты
жіберудің жоғары жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал
бір арнаның бойымен, бірақ әр түрлі жиіліктерде параллельді жіберілу
мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт бірлігінде ақпараттың мол көлемі
жіберіледі.
Арнаны бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды жіберу мультиплексорлау
деп аталады.
«Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна
түсіндіріледі. Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен
мәліметтерді жіберу жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін
қолдануға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы
- «Digital Subscriber Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі
жасамай, мәліметтерді жіберуге жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік
жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу және
телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL-қосылу
жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес,
өйткені, телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL)
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны желіден
пайдаланушыға өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы,
сіз Web-беттерді қараған кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мәтін
ғана емес, сонымен қатар суреттерді де қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу
ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу үшін ассиметриялы арна
керек.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы DSL
пайдаланушыға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік
береді, сондай-ақ,
пайдаланушыдан желіге келген сигнал желіден
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz