Жүктілік кезінде туындайтын өзгерістер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар құжаттар негізге алынды.
МББС (ГОСТ) 7.32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есеп.
Рәсімдеу құрылымы мен ережелері
МББС (ГОСТ) 7.32 - 2001.Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырылуға қойылаты жалпы талаптар мен ережелер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР (01.01.2017ж. өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

АНЫҚТАМАЛАР

Адаптация - ағзаның белгілі бір орта жағдайларына бейімделу үдерісі
Гомеостаз - ағзаның ішкі ортасының динамикалық тұрақты ортасы
Жүктілік - ұрықтанған аналық жыныс жасушаларынан ана құрсағындағы нәрестенің дамуы жүретін физиологиялық үдеріс
Иммунитет - ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті, ауруға қарсыласу
Овуляция - ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп құрсақ қуысына түсуі
Патологиялық жағдай - аурушандық
Плацента - ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше, плацента немесе бала жолдасы арқылы құрсақтағы нәрестенің қоректік заттарды қабылдауы жүзеге асады
Ұрықтану - аталық және жыныс жасушаларының ядролары қосылу арқылы жұмыртқаның дамып жетңлуіне жағдай туу

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚ - артериялық қан қысымы ;
Б.Қ - бастапқы қалып;
ДЖҚ - дене жүктемесі қарқыны;
ЕДЖ - емдік дене шынықтыру;
ЖДЖ - жалпы дамытушы жаттығулар;
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
мм с.б. - миллиметр сынап бағанасымен
ӨТШ - өкпенің тіршілік сыйымдылығы;
лмин - литр минутына
ТАЖ - тыныс алу жиілігі.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтескілігі. Жүктілік әйел заты үшін ең керемет әрі қуанышты сәттерінің бірі. Әрбір әйел азматшаларының арманы ана атану. Әйел адам үшін дүниеге сәби әкелуден артық бақыт жоқ. Дегенменде кейбір жандардың арманы ұзаққа бармай үзіліп. жатады. Сонымен қатар қазіргі таңда ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен кез келген құрылғылардың автоматтандырылуы адамзаттың жұмысын жеңілдеткенімен қимыл қозғалыстың төмендеуі немесе гипокенезия жағдайы алаңдатарлық мәселелердің бірі болып отырғаны бәрімізге аян [ 1].
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өкінішке қарай, барлық жүктіліктің 15-20% түрлі себептердің болуынан түсік тастаумен аяқталады екен. Сондықтан дені сау сәбиді дүниеге алып келу кез-келген адамның арманы. Кейінгі кезде жүктіліктің соңғы аптасына дейін жалғаспауы елімізде көптеп орын алып жатыр. Ол ең алдымен адамдардың өздеріне байланысты. Қаншалықты салауатты өмір салтын ұстануына, өзін күтуіне байланысты . Ал егерде денсаулығына қарамаса, залалды әдеттерге жақын болса, темекі тарту, алкагольді ішімдіктер, есірткілер пайдаланатын болса, әрине түсік тастау айтпасада түсінікті. Сондай- ақ жүктілік кезінде ауруға жол беруге болмайды. Алайда, тоғыз ай ішінде ауырмаған әйелді сирек кездестіреміз. Сондықтан жүктілік кезінде жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері байқалғаннан дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет [2].
Жүктілік кезіндегі жұқпалы аурулар ағымы өте ауыр болады. Барлық жұқпалы аурулар, әсіресе жіті жұқпалы аурулар болашақ нәрестеге қауіп төндіреді. Даму ауытқуларына, нәрестенің шетінеуіне, ана мен нәресте ағзаларының улануына, жұқпалылығына, жүкті әйелдің маңызды мүше қызметтерінің бұзылуына байланысты жүктілік жиі мерзімінен бұрын үзілуі мүмкін.
Жүктілікті үзудің себептеріне плацентаға қан кетуді және жұқпалы аурудың пайда болуына байланысты ондағы дистрофиялық өзгерістерді жатқызуға болады. Плацентадағы аталған өзгерістер кезінде жұқпалы аурулар қоздырғыштары ана қанынан нәресте қанына жеңіл өтіп, зақымдаулар тудырады. Аборт және мерзімінен бұрын босану өз кезегінде жұқпалы аурулар ағымын төмендетеді. Оның төмендеуіне қан кетулер, зат алмасудың өзгеруі, босанудан кейінгі (аборттан кейінгі) сепсистік аурулар себеп бола алады. Акушерлер жүкті әйелдерде экстрагенитальді аурулар белгілерін ерте кезде айқындап, дәрігер тағайындауы бойынша емдік шараларды орындайды, жұқпалыаурулардың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Қазіргі кезеңдегі ғылыми техникалық прогресстің қарқынды дамуы мен кез келген құрылғылардың автоматтандырылуы адамзаттың жеңілдеткенімен қимыл қозғалыстың төмендеуі немесе гипокинезия жағдайы алаңдатарлық мәселелердің бірі болып отырғаны бәрімізге мәлім [3,4].
Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жүкті аналардың 70 %-ы әртүрлі патологиялық диагнозбен есепте тұрғанын көреміз. Атап айтар болсақ, анемия, гестоз, бүйрек аурулары, ішкі мүшердің төмен түсіп кетуі, жүрек - қан тамырлар жүйелері т.б. Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, туу үдерісінің патологиялық үдеріссіз түрлі кедергілерге кезікпей өтуі 31 % -ы ғана құрайды екен [5].
Жалпы дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде айналысу ағзаның жүйелерімен мүшелерінің қызметінің ретті жұмысымен қатар физиологиялық дамуының жақсы болатынын да білеміз [6,7].
Зерттеу нысаны. Әйелдің жүктілік кезіндегі ағзаның кешенді емдік дене үдерісі.
Зерттеу пәні. Емдік дене шынықтыру, соның ішінде жүктіліктің кезеңдерінде қолданылатын дене жаттығуларының кешені. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, жаттығулар кешенін топтастыру.
Жұмыстың мақсаты. Жүкті әйелдердің жекелей физикалық мүкіншіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жүктіліктің белгілі кезеңдеріне арналған ЕДШ жаттығуларының тиімділігін арттыру. Жүктілік кезіндегі ЕДШ жаттығуларының тиімділігін дәлелдеу .
Жұмыстың міндеттері:
1 Тақырып бойынша әдебиет көздерін талдау.
2 Қажетті жаттығулар топтамасын анықтап, жүктіліктің әр кезеңіне тағайындау.
3 Қолданған ЕДШ жаттығуларының тиімділігін эксперименталды түрде дәлелдеу.
Зерттеу әдістері. Жүктілік кезеңдеріндегі ЕДШ жаттығуларында қолданылатын құралдар, дене жаттығулары.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Жүкті әйелдерге емдік дене шынықтыру тағайындамас бұрын оның физиологиялық ерекшеліктеріне сипаттама тоқталу қажет. Дене белсенділігін жақсартып қана қоймай көңіл-күйін, психо-эмоционалдық күйін жақсартады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жүктілік әйел ағзасындағы күрделі физилогиялық процесс. Әр бір әйел азматшаларының араманы ана атану. Әйел адам үшін дүниеге сәби әкелуден артық бақыт жоқ. Дегенменде кейбір жандардың арманы ұзаққа бармай үзіліп жатады. Осы дипломдық жұмыста қаралып отырған және қазіргі таңда өзекті болып отырған жүктілік кезіндегі емдік дене шынықтырудың маңызы зор. Сол себепті, жүкті әйел денсаулығын жақсарту мақсатында емдік дене шынықтыру туралы кең ауқымды ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуі керек.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс көлемі 48 бет, кесте саны 1, сурет саны 12, әдебиеттер саны 50.

1 ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЖҮКТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жүктілік кезіндегі ұрықтың дамуы мен алғашқы белгілері

Жүктілік (лат. gravіdіtas) - физиологиялық құбылыс болып табылады; - ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамиды. Жүктілік кезеңдері ұрықтанудан бастау алады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа жасушасы бөлінген кезде түзілетін жасуша бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы ұрық - морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжитын болатын болса. Бұл процесс 4 - 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуысқа) айналалады.
Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр жасушаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырып тұрады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтап тұрады . Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.
Мұны - имплантация деп атайды. Имплантация тез әрі жылдам өтетін прцесс. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді.
Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқа клетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып тұрады [ 9].
Мұны - жатырдан тыс жүктілік деп атайды. Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады.

1сурет - Ұрықтың даму сатысы

Ұрықтық кезең - ұрықтану мезгілінен бастап, жүктіліктің 2-айының соңына дейін жалғасады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді (Сурет 1). Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал болып табылады. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболитер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Нәрестелік кезең - Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін кезеңді айтамыз. Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы қалыптасады (Сурет 2 ). Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанатын болады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүретін болады. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа түсіп, биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысатын болады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалатыны анық.

2 сурет - Нәрестенің жетілу көрінісі

Әйел организмі өте күрделі прцесс. Дегенмен де екі қабат әйелдің бойында қанша өзегіс болатынын, оның ерекшеліктерін біреуі білсе, біреуі біле бермейді.
Әйелдің өрбі немесе жыныс мүшесіне аналық без, жатыр түтігі, яғни ұрық жолы, жатырдың өзі және қынап жататын болады. Аналық без жамбас қуысының екі бүйір қабырғасына жақын орналасқан, ұзындығы 3-5см, салмағы 5-6г. Әйел 40-50 жасқа келіп, етекірі тоқтаған кезде аналық без нығыздалады.
Жатырдың пішіні алмұрт тәрізді, оның ұзындығы шамамен 7-8см. Түбі жоғары қарап, жіңішке жағы, яғни жатырдың мойны төмен қарайды. Жатыр қуысы жылға тәрісзді болады. Қабырғалары мейлінше қалың, негізінен жатық ет тканьдерінен құралған. Әйел бала көтергенде, ол барынша созылатын болады.
Жатыр денесінің түп жағынан екі жаққа аналық түтіктер шығады, оны аналық түтіктер шығады, оны аналық ауыз деп аталады. Қынап - өте созылмалы түтік, ұзындағы 8-10 см. Міне, осы аталған анатомиялық құрылыста туғаннан бастап қартайғанша әйел организмінде әжептәуір өзерістер болып тұрады. Әсіресе әйел жүкті болғанда, тек жатырда емес барлық денеде болатын құбылыстар көпшілікке танымал екені мәлім.Ондай нерв жүйесі, зат алмасу, ішкі реакция бездерінің жұмысы өзгеріп, қанның жалпы көлемі ұлғайып, жүрек-қан тамырларына түсетін күші артатын болады.
Жүктіліктің соңғы айларында өсе бастаған жатырдың әсерінен құрсақ ішіндегі ағзалар қысылып, өкпе мен жоғары ығсатын көрінеді. Соның салдарынан екі қабат әйелде ентігулер кездеседі. Бүректің қызметі де едәуір күшейе түсетін болады.
Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі,тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейе бастайды (Сурет 3).

3 сурет - 22 апта толған жүктілікте көрінетін сызық

Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз - сұйық зат бөлініп шығады. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері арта түседі. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу сияқтыдан пайда болады. Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтыратын болады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 - 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішуі қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы керек. Дене шынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босануына тігізер әсері мол. Жүктіліктің ұзақтығы - 280 күн (40 апта) тұрады. Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы міндетті [10]. Жүктіліктің алғашқы белгілері. Жүкті болған кезде әйел адамның ағзасында өзгеге көрінбейтін процесс болатыны анық. Жүктіліктің бастапқы апталары кейде мүлде белгісіз өтетін кездеріде болады. Ал жатырдағы баланың дамуын дұрыс қадағалау үшін жүктіліктің мерзімін тура анықтау. Сол себептен, әйел адам қашан жүкті болғанын нақты білгені абзал. Ол үшін келесі белгілерді жіберіп алмаңыз.
Сүт бездерінің қалыптан тыс өсуі. Жүктілік кезінде әйелдің емшектері баланы емізуге дайындала бастайды. Қан айналымы күшейе түскендіктен, алғашқы апталарда-ақ емшегіңіз сыздап, аздап шаншуы мүмкін. Жүктіліктің соңына қарай емшегіңіз одан әрі ұлғайып, кернеп ауыруы ықтимал. Мұндай жағдайда оларды жақсы көтеріп тұратын көкірекше (бюстгальтер) киіп жүру пайдалы болып табылады. Дене салмағының өсуі, әдетте, алғашқы 20 аптаның ішінде дененің салмағы 2 кг-ға, одан кейін әр апта сайын 0,5 кг-ға артып,
өсіп отырады. Сонда жалпы салмақ өсімі 12 кг шамасын құрайтын болуы керек.Бірақ айта кететін жайт, әрбір жүктілік өзінше өтеді, сондықтан салмақтың өсуі осы келтірілген өлшемнен ауытқуы әбден мүмкін. Әйтеуір салмақ тұрақты өсіп, ол не тым аз, не тым артық болмаса болғаны.
Жүктілік кезінде туындайтын өзгерістер. Жүктілік кезінде әйелдің бойында арнайы гормондардың әсерінен көптеген өзгерістер болады. Осы өзгерістердің арқасында оның денесінде құрсақтағы баланы тамақтандыра алатын қабілет пайда болады. Сонымен қатар денесі алдағы толғаққа дайындала бастайды.
Өзіңізге ең алдымен байқалатын өзгерістер - емшектің ұлғайып, салмағыңыздың өсуі. Соңғы өзгеріс бойыңыздағы қан мөлшерінің көбеюі мен баланың салмағының артуынан болуы мүмкін. Нақты белгілеріне келер болсақ.
1 Етеккірдің кешігуі. Әрине, ең алғаш жүктілік жайлы ай сайын келіп тұратын етеккірдің кешігуінен білуге, анықтауға болады. Қазіргі кездегі жүктілік тестілерін етеккір кешігуінің алғашқы күнінен бастап-ақ қолдануға болады. Дәлдігі жоғары тест жүктіліктің басталғанан бірден көрсетіп береді. Алайда, тест тек бір жолақшаны көрсетіп тұрғанның өзінде, оған 100% cенуге болмайды. Бұл тестті дұрыс қолданбағандықтан да болуы мүмкін. Еттеккірдің басқа да кешігетін себептерінің бар екенін де ұмытпаңыз (ағзаның аурулары, стресс, жақында қабылдаған анитибиотик курсы, аклиматизация және т.б.) әсерінен.
2 Базальды температураның көтерілуі. Егер сіз дененің базальды температурасын тексеріп жүретін болсаңыз, онда оның овуляциядан кейін бірнеше күн бойы шамадан жоғары болып тұратынын байқайтын боласыз. Егер жүктілік орын алмаса, температура төмендей бастайды.
3 Жүректің айнуы. Тағы бір кеңінен тараған белгілердің бірі - жүрек айнуы. Көп жағдайда бұл әйел адамды таңертең ояна салысымен мазалайтын болады. Бірақ, күні бойы да жүрек айнуын сезініп жүрген болашақ аналар аз
емес те. Әрине, сіз ұйықыға кетер алдында майлы тамақ жеп қойған болсаңыз, таңертең жүрек айнуынан ояну үшін жүкті болудың керегі де жоқ.
4 Омырауыдың өзгеруі. Жүкті болған әйелдер көп жағдайда омыраудың ауыратынын байқап жатады. Ол етеккір келетін кезде де ауыруы мүмкін. Сондықтан, омыраудың басқа да өзгерістеріне назар аударған жөн : емшек ореолы түсін өзгертеді, омырау тамырлары анығырық көріне түседі, т.б. өзгерістер (Сурет 4)

4сурет - Омыраудың ісінуі

5 Қынаптан шыққан бөлінулердің өзгеруі. Прогестерон гормонының өсуі қынаптың бөлінулерінің өзгеруінің себебінен болуы мүмкін болады. Кейбір әйелдердің бөлінулері азайса, басқаларының бөлінулері күшейе түседі.
6 Кіші дәреттің жиіленуі. Жүкті болған жағдайда, жатырдағы эмбрион ХГЧ гормонын бөлінетін болады. Ол гормон әйелдің жамбас бөлігінің қан жүйесін көбейтеді. Сол себептен, болашақ аналар кіші дәрет алу қажеттілігін жиі қайталанылатынын байқапта жатамыз. Бұндай жағдайда табанды жылы ұстау.
7 Иіс сезудің өзгеруі. Жүктілік мүлдем бір де бір белгісіз басталмайтыны анық. Егер болашақ анада жоғарыда айтылған белігілердің бірі де болмаса, иіс сезу қабілеті өзгеруі ықтимал. Бұған дейін ұнаған иістерден жүрек айнып, ұнамаған иістерге құмарлықтың артуы - жиі кездесетін жайт екені бәрімізге мәлім екенін біліміз. Сондықтан қандай тағамды ұнатасыз сол тағамды жеу керек. Алайда тек денсаулыққа зиянын келтіретін тағамдардан аулақ болуыңыз жөн. Бұл болашақ сәби денсаулығына да қатысты.
8 Эмоциялардың күрт өзгеруі . Ағзадағы өзгерулер гормондарға тікелей байланысты болады. Ал жүктілік кезінде "гормондардың әткеншегі" сияқты өзгерістер басталады. Сол себептен, әйел адам өзін бірде қуанышты, бірде мұңлы сезінуі байқаймыз.
9 Безеулердің пайда болуы. Аталмыш гормондар болашақ ананың гормоналды фонын өзгерте бастағанда, ең алдымен бұл бет терісіне әсер ететін болады. Үнемі таза бетте түрлі безеулер пайда болуы мүмкін. Ал кей жағдайда, керісінше, маза бермей жүрген безеулер кенеттен өзінен өзі жоқ болытын жағдайларға кездесіп жатады.
10 Мұрының бітелуі. Жүктілік кезінде әйел адамның имундық жүйесі төмен деңгейде болады. Бұл табиғи процесстің өзіндік мәні бар: болашақ ананың ағзасы жатырдағы баланы жат дене ретінде қабылдап қалмау үшін. Төмендеген иммунитеттің кесірінен болашақ ана аурушаң болып кетуі де мүмкін. Сол кезде суық тигеннен мұрын жиі бітелуі мүмкін.
Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай-ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біле алады. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі - етеккірдің тоқталуы. Бірақ, етеккірдің көрінбей кетуі тек бала көтерудің белгісі бола бермейді. Жүктіліксіз-ақ оның тоқтап қала беретін кездері болады. Мұндай жағдай жыныс мүшелерінің немесе ішкі органдардың бірінің ауруының салдарынан орын алуы мүмкін. Кейбір екіқабат әйелдерде алғашқы екі-үш айдың ішінде етеккір сол бұрынғы мерзімді уақытында келіп тұратын кездерде болып тұрады. Әйел бала емізіп жүріп те жүкті бола береді, ал бұл уақытта әдетте әйелдердің көпшілігінде етеккір көрінбей қалады.
Етеккір тоқтауынан басқа, әйелдің дәм талғамының өзгеріп, ащы, қышқыл тағамдарға құмар болуы, кейбір тамақтан мүлдем шығып кетуі, дүркін-дүркін жүрегі айнып (көбінесе таңертеңгісін), кейде құсып та жіберетіні - жүктіліктің тағы бір белгісі екнені анық. Болашақ баланы емізу әзірлігіне байланысты, екіқабат кезінде әйелдің омырауында ерекше өзгерістер болады. Ол толысып, үлкейіп, дөңестенеді және төңірегі дөңгелене қара қошқылданып өзгеріп кетеді. Емшек бездерінің ішіне уыз жиналады. Кейде әйел өзінен уыз шығып кеткенін сезіп қалады. Баланың өсуіне қарай жатыр да өсіп, іш пен көк еттерді май басқандықтан, әйелдің қарын аумағы үлкейіп кетеді. Сондықтан оның дене сымбаты өзгеріп бұрынғыдан үлкенірек көрініп тұратын болады. Өзгеріс теріде де, әсіресе іш терісінде болады. Іштің ақ сызығын бойлай қоңыр түсті жүктілік сызаты түседі. Әдетте бұл дақ босанғаннан кейін өзі-ақ кетіп қалады. Екі қабат кезінде әйелдің ішкі секреция органдарында болатын өзгерістер оның бетіне де белгі беріледі екен. Жүкті келіншектің мұрнының үстінде, бетінде көлемді қара қошқыл пигментті дақтар пайда болуы мүмкін. Дегенмен, бұл айтылған белгілер әйелдің жүкті болған-болмағанын дәл білу үшін әлі де болса жеткіліксіз. Мысалы, жүрек айну мен құсу, сондай-ақ теріде дақтардың пайда болуы өт жолдары мен бауыр ауруының нышаны болуы мүмкін. Себепсіз дөңгеленіп семіру, омыраудан уыз шығуы ағзадағы гормондардың тепе-теңдігі бұзылғанда да орын алады. Бұл жүктіліктің нақты белгілері айқын емес. Жоғарыда айтылып өткендер қарапайым адамдар арасынада кездестіре аламыз. Сол себептен нақтылы тексерістен өткен жөн.
Қазіргі уақытта жүктілікті тексеретін тест жолақшалары дәріханалардан сатып алып пайданауызға болады. Дегенмен де, олардың да кейде дұрыс, кейде бұрыс көрсететіні тәжірибе жүзінде дәлелденген . Қорыта келгенде, әйел өзінің жүкті болғанын сезсе, дәрігер немесе акушерге қаралып, арнайы зерттеулер арқылы нақты көз жеткізгені абзал [11].

1.2 Жүкті әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер мен жалпы ерекшеліктері

Жүктілік кезіндегі көптеген өзгерістер барлық жүйелер мен ағзаларды қамтитын күрделі процесс. Әйел ағзасындағы кейбір өзгерістер әйелді алғаш тексере бастағанда-ақ, ал кейбірі арнайы және күрделі тексеруден өткеннен кейін барып байқала бастайды. Мысалы, ішкі секреция бездерінің жұмысы арқылы. Жүктілікке байланысты, барлық физиологиялық құбылыстар тіріліп, жалпы ағза түсіп түлейді. Жүйелер мен ағзалардың қызметі өз қорларын пайдалану мүмкіншілігі арқылы жүзеге асады, кейде қалыптан тыс жағдайлар да өтуі мүмкін.
Жүкті әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістерді шартты түрде екі үлкен топқа бөліп қарастырсақ:
1 Жалпы өзгерістер.
2 Жыныс аймағындағы өзгерістер.
Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді. Көп әйелде бет бейнесі жүктіліктің жартысында қатты өзгереді. Көп әйелде бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет сүйегі, жақтары біршама үлкейіп кетеді. Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқая түседі. Осының бәрі олардың жүріс-тұрысын өзгертетін болады. Шекспир айтқандай, "жүктілердің тәкаппар жүрісі" пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қашанда қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан-жаққа ажырауы байқала түседі. Тері қабаттары да өзгеріске ұшырайды. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейе түседі. Іштің төменгі жағында, шат аймағында, жамбаста және сүт бездерінде шамадан тыс май жиналады. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, терісіне тән қоңыр түсті дақтар түсіп пайда болады. Дақ, әсіресе, бетте айқын көрінеді, сонымен бірге іштің ақ жолақтарында, емшек ұшында, айналасында, қынап қабырғаларында, емшек бездерінде, көктамырдың кеңеюі де мүмкін. Әдетте, ол босанғаннан кейін қайта қалпына келетін болады.
Жүктілік кезінде әйел салмағы артады, ол жатырдың, іштегі ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, сүт бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тканьде судың жиналуына байланысты (Сурет 5). Жүкті кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 10-11 кг артады, ұрықтық салмағы, плацента, су - 5 кг; жатыр, сүт бездері 1,4-1,8 кг ұлғаяды, таза қоспа 3,6 - 4,4 кг болады. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш-төрт күн бұрын салмағы орта есеппен 1 кг шамасында кемиді. Сонымен қатар әйелдің дене қызуы әдетте 37п37,20С-ге көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі барған сайын ұлғая түседі. Жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады [10, 14, 24 б].

5 сурет - Жатырдың өзгеруі

Жүкті әйел ағзасының тіршілік етуі ұрықтың дамуы үшін оңтайлы жағдайлар туғызуға және қамтамасыз етуге бағытталған. Ұрықтанған аналық жұмыртқаның имплантациясынан бастап баланың тууына дейін ұрықтың талаптары үнемі өсіп отырады. Ол ана ағзасынан өзінің дұрыс дамуын қамтамасыз ететін бейімделуші-компенсаторлы механизмдерді жетілдіруді талап етеді. Ұрық оттегінің, ақуыздардың, майлардың, көмірсутегінің, дәрумендердің, минералды және басқа өмірге қажетті маңызды заттардың қажетті мөлшерін анасынан алатын болады. Ал ұрықтың тіршілік әрекетінің өнімдері ана ағзасына келіп түсіп, оның бөлу жүйесімен шоғырланады. Үнемі алмасып отыратын осы процестер жүктіліктің түрлі мерзімдеріне тән гомеостаздың және гомеостазы анықталмайтын дені сау жүкті емес әйелдің жаңа деңгейін белгілеп отырады.
Жүктілік мерзімі бойында әйел ағзасы әрекетінің қайта құрылуы орталық жүйке жүйесінен бастап, тірек-қозғалыс аппаратына дейін барлық мүшелер мен жүйелерді қамтиды.Зат алмасудың барлық түрі өзгереді.
Жүктілік физиологиясы. Жүйелер бойынша өзгерістерге келетін болсақ. Босану және босанудан кейінгі кезең табиғи физиологиялық процесс болып табылады. Кейінгі жылдары акушерлік патологияға көп көңіл бөлінеді, әсіресе жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең асқыныстарына, бірақ та әлі де гестационды кезеңнің шешілмеген сұрақтары да бар екнін айта кету керек. Сондықтан қосымша зерттеу әдістерді қолдануды қажет ететін болады. Кез келген патологияның клиникалық көріністерін ажырата білу үшін гестационды кезеңдегі әйел организміндегі функционалды жүйелердің қалыпты көрсеткіштерін білу қажет [13].
Жүрек-тамыр жүйесі. Жүрек-тамыр жүйесіне жүктілік кезінде күш түсе бастайды. Жүктілік кезіндегі гемодинамикалық өзгерістер ұрық пен анаға бейімделу үшін қажет, сондықан қан айналым көлемі, жүрек айдау қызметі, көлемі, веналық қысым жоғарылайды. Сонымен қатар бұл байланысты әйел дене салмағының жоғарылауымен, жатыр, ұрық өсуімен, метаболикалық процестердің жоғарылауымен, жатыр-плацента қан айналымының қосылуымен де байланысты болып отыр. Жүктілікте физиологиялық гиперволемия да тән, микроциркуляция мен қан жоғалту кезінде өте қажет. Жүкті емес әйелде қан көлемі 5,32%, жүктілікте 8,64%. Босанудан кейін үш ай өткеннен соң бұл көрсеткіштер біртіндеп төмендеп қалыпты көрсеткіштерге келеді. Қан көлемі алты апталық жүктіліктен бастап гестационды кезең соңында қалыптыдан 140-150% құрайтын болады. Қан көлемі 1000-1500мл ұлғаяды, әсіресе плазма құрамынан өседі. Қан көлемі ұлғаюы 10 аптадан 34 аптаға тез ұлғаяды да кейін баяулай түседі. Қан көлемі ұлғаюы жүкті емес әйелдермен салыстырғанда жүкті әйелдерде 40-50% яғни 2600-4000мл аралықта болады. Эритроцит көлемі шамалы ғана ұлғаяды, 10 аптадан бастап босанғанға дейін 18% жоғарылайды, яғни 1650мл жетеді. Қосымша темір препараттарын қабылдаса 32% жоғарылай түседі. Қан көлемі мен эритроцит көлемі әртүрлі деңгейде жоғарылайтындықтан перифериялық қан құрамында эритроцит, гемоглобин, гематокрит көлемі салыстырмалы түрде төмендей түседі [14,15].
Жүктілік кезінде гематокрит 0,32-0,34%(32-34%) болады. Эритроциттегі гемоглобиннің орташа көлемі өзгерісіз қалады. Жүктілерде тромбоцит көлемі үштен бір бөлікке жоғарылай түседі, лейкоцит те көбейеді. Қан көлемі 36 аптаға қарай жоғарылап 25-48% жетеді. Әсіресе жүктіліктің 1-2 триместрінде плацентаның тез өсуі кезінде. Жүктіліктің 2 триместрде артериалды қысым (АҚ) 5-15мм.сын.бағ.төмендейді, ең төмен диастолалық қысым жүктіліктің 28 аптасында байқалады. АҚ деңгейі келесі факторлармен көрінеді: жалпы перифериялық қан көлемінің төмендеуімен,қан тұтқырлғының төмендеуімен, жалпы қан көлемі мен жүректің минуттық көлемінің жоғарлауы мүмкін. Жүкті әйелдерге физиологиялық тахикардия тән. Жүрек жиырылу жылдамдығы 3 триместрде максимальдіге жетеді және 15-20 соққыға жоғарылайды, жүкті емес әйелдерге қарағанда, минутына 80-95 соққы блады. Орталық веналық қысым (ОВҚ) 4-12см.су.деңг.(жүкті емес әйелдерде 2-5см.су.деңг.). Аяқтағы вена қысымы 7-10мм.сын.бағ. жоғарылайды, жүкті жатырдың төменгі қуыс венасының басылып қалуы себебінен болады. Бұл кезде қан келу және жүректің минуттық көлемі төмендейді, кей жағдайларда дене қалпың өзгерткенде естен тану болып тұруы мүмкін.
Жүректің минуттық көлемі алғашқы 10 аптада 1-1,5лмин. жоғарылап 20 алтада 6-7лмин. жетеді де, босанғанға шейін осы деңгейде сақталатын болады. Босануға жақын кезде жүректің минуттық көлемі төмендеп қалыпты деңгейден шамалы ғана жоғары болады. 26-32 аптада жүрек айдау қызметі 32% жоғарылайды, қан айналымның 2А деңгейінде 23%,2Б-12% төмендейді. Жүректің минуттық көлемі жатқан кезде төмендей түседі. Босану кезінде соққы көлемі 300-500мл, пульстық қысым 25% жоғарылайды, қажетті оттегіні жеткізу үшін. Жатыр биік тұрғандықтан, диафрагма қозғалысы шектеулігінен жүрек орналасуы өзгереді және дені сау әйелдердің 50%-ы жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ал 10%-өкпе артериясы болады. Жүкті емес әйелдерде жүректің минуттық көлемінен жатыр қан айналымы 2%-ды құрайды, босану кезінде 20-30%-ға жетеді, ол жүректің минуттық көлемінің, жалпы қан көлемінің жоғарылауы мен перифериялық қан көлемінің төмендеуімен түсіндірілетін болады.
Зәр шығару жүйесі. Бүйрек қан айналымы жүктіліктің І триместрінде ұлғаяды, содан жүктілік ағымында біртіндеп төмендейді бұл бүйректің бейімделу реакциясы, жүктіліктің соңында басқа мүшелерді қосымша қанмен қамтамасыз етіледі. Жүктілік кезінде бүйректің фильтрациялық қызметі өседі. Бүйрек қызметінің өзгеруі бірден тұз-су зат алмасуына әсер етеді; организмде жалпы сұйықтық көлемі өседі, жүктіліктің суында сұйықтық мөлшері 7л-ге дейін көбейеді. Кейде ортостатикалық протеинурия байқалады (бүйрек венасын жатырдың басып қалуына байланысты болуы мүмкін.)
Шумақтық фильтрация жылдамдығы 30-50%-ға жоғарылайды, бүйрек қан айналымы жоғарылай түседі. Күніне 100л сұйықтық фильтрацияланатын болады. Жүктілік кезінде бүйректе натрий ұсталып қалады, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенді болғанынан. Ренин ангиотензин бөлінуіне әсер ететін болады, ал ол бүйрек үстіндегі альдостерон бөлінуіне әкеледі де альдостерон бүйректе натридің қайта сіңірілуіне әсері мол. Жүктіліктің соңында зәрде альдостерон 80-100мкгтәулікті құрады, жүкті емес әйелдерде 5-10 мкгтәулікті құрайды. Жатырдың басып қалу себебінен несепағар кеңейеді және прогестес-терон әсерінен болады. Бүйрек функциясы белсенденуінен қан құрамында мочевина 3,6-4,5ммольл (10мг%) және креатинин 61,8ммольл (0,7мг%) дейін төмендеп кетеді. Жүкті емес әйелдерге қарағанда жүкті әйелдерде бүйрек қан айналымы 10% жоғарылай түседі. Ортостатикалық протеинурия болуы мүмкін, оның себебі бауырдың төменгі қуыс венасын және бүйрек веналарының басылып қалуына сәйкес. Кейде глюкозурия 140мгс болуы әбден мүмкін. Зәр шығарушы жолдардың кеңеюінен инфекция ошағының дамуына қолайлы орын болып табылады. Бірақ дені сау әйелдерде қуық-несепағарлық рефлекс болмайды. Қуық көлемі және қысымы өзгермейді. Зәрдің тәуліктік көлемі 32-34 аптада 2250мл, босану алдында 1200-1500мл азайя түседі.
Тыныс алу жүйесі. Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері едәуір өзгерістерге ұшырайды, олар ұрықты өттегімен қамтамасыз ететін болады. Жатыр көлемі үлкейген сайын, іш перде қуысының мүшелері ауытқымайды (диафрагма экскурсиясы ұлғаяды), бұл өкпенің вентиляциясын қиындататын болады. Әйелдің тыныс алуы терең, жиі болады (10%) құрайды.
Жүктіліктің соңында өкпенің минуттық айдауы 30-50% көтеріліп жоғарылайды. Тыныс алу және минуттық көлемі, рH және оттегіні қажет етуі ұлғаяды, ал дем алу және дем шығару көлемі, қалдық көлем, өкпе көлемі және рСО2 плазмада төмендейді. Өкпенің өмірлік сыйымдылығы және қанның рО2 өзгерісіз қалады. Кеуде клеткасының көлемі 10см дейін өседі. Кейде мұрынмен тыныс алу қиындай түседі,дауыс дыбысы өзгеріске ұшырайды. КОС Анасының қаны сілтілі болғанда ұрық плацента арқылы Н+ ионын шығара алатын болады, сондықтан ана мен ұрық рН айырмашылығы 0,11құрайды. Ұрықтың рН 22-23 аптада 7,34+-0,04 (артериялы), 7,33+-0,017 (венозды), 39-40 аптада 7,28+0,97 (артериялы), яғни ұрықта метаболикалық ацидозы бар.
Асқорыту жүйесі.Жүктілік кезінде әйелдің дәм сезімдері өзгеріп, тамақ талғайды (қышқыл тағамдарға) әуестенеді. Жүктіліктің соңғы айларында асқазан жоғары көтеріліп, оың қызметі төмендейтін болады. Сонымен қатар, ішектің де қызметі төмендейдеп, үлкен дәретке отыру сирейді, бұл жағдай вегетативті жүйкенің өзгерістеріне де байланысты болады.
Асқазан-ішек трактысы. Жатыр тоқ ішектің төменгі бөлігіне және тік ішекке, сонымен қатар ішек перистальтикасын тежейтін прогестеронның көп бөлінуінен іш қатуына әкелуі мүмкін. Кекіру мен қыжылдау асқазанның тез босамауы мен өңештің төменгі сфинктерінің босауынан болады және тұз қышқылы шамалы азаяды. Жүктілік қалыпты өтсе бауырда өзгерістер болмайды, қан ақуызында, ұю жүйесінде, гематологиялық көрсеткіште өзгерістер болады. Алақанында эритемасы бар жүкті әйелдерде бауырында өзгерістер жоқ, бұл эстрогендердің көп болуына байланысты, өз бетімен 5-6 аптадан соң қалпына келеді.
Гематологиялық көрсеткіште жүкті және жүкті емес әйелдерде айырмашылық болады. Аутодилюция әсерінен гематокрит, гемоглобин мөлшерлері азаяды. Жүктілерде қалыпта лейкоцит және СОЭ жоғары болады. Биохимиялық анализде қан сары суында темір 13-32 мкмольл- ден жүкті емес әйелдерде 21,2-14.6-10,6мкмольл дейін жүктілерде триместр бойынша қысқарады. Бұл гиперплазмия, эритроцит салмағының жоғарлауына, ұрық пен плацентаның дамуына байланысты болады.
Жүктілік кезінде темірдің тәуліктік қажеттілігі 2 триместрде 3-4мгс,3 триместрде 3-6,6мг жетеді. Жүктілік кезінде глюкоза деңгейі 3,8ммольл дейін төмендейді, инсулин көтеріледі. Жүкті емес әйелдерде фолат 10мгл,жүктілік кезінде 1 триместрде 7,7 дейін,3 триместрде 6,2 дейін азаяды. Сондықтан күнделікті фолий қышқылын қабылдау керек 200- 800мкгс В12 витаминімен қоса, фолат метаболизміне қатысы бар. Гемостаз көрсеткіштері, физиологиялық жүктілік кезінде коагуляциялық белсенділік азаяды, 7,8,10 факторлар коагуляциясы жоғарылайды, плазмада фибриноген жоғарылайды, сондықтан СОЭ жоғары болады. Бұл өзгерістер негізінде жүктіліктің 3 айында болады (Кесте 1). Коллоидты-осмосты жағдай деп, бұл су-электрлік, белок алмасушы және осмос реттеуші бүйрек қызметінің функциясы деп аталады.
Криоскопиялық әдіспен анықталатын осмолярлық қалыпта жүкті емес әйелдерде 291моемкг,жүкті әйелдере 285-279моемкг жүктілік соңына қарай азаяды. Сонымен қатар бірге натрий, калий, хлор, магний, кальций, фосфор біршама азаяды. Альбумин құрамына байланысты жалпы белок 62гл дейін төмендейді, сондықтан АГ коэфиценті 0,84 дейін тазаяды (қалыпта жүкті емес
кезінде 1,32), коллоидты-осмосты қысым төмендейді жүкті еместерде 29,8- 24,1 дейін 3 триместрде қалыпқа келеді. Коллоидты-осмостық қысым өзгерісі,тамыр өткізгіштігі, веналар басылып қалуынан аяқта сұйықтықтың 900-1300мл дейін көбеюіне соқтырады. Көрсетілген нормативтер жүктілік кезінде қалыпты болып саналады, сондықтан ретсіз инфузионды-осмолярлы сұйықтықтарды қолдану ятрогенді асқыныстарға дұшар еткізеді.
Жүйке жүйесі. Жүктілік пайда болуымен, ананың ОЖЖ көп толқындар ағымы түсе бастайды, бұл ми қыртысында жергілікті жоғары қозу ошағының пайда болуына әсерін тигізеді - гестациялық доминанта болып табылады.

1-кесте (Жүктілік кезіндегі әйел ағсасында қан құрамының өзгеруі)
Нәтижелер
Қалыпты жағдай
Жүктілік кезіндегі көресткіштері

І тиместр
ІІ триместр
ІІІ триместр
Hb, гл
139(115-152)
131(112-165)
120(108-144)
112(110 -140)
Артериялық қан
35
33
36
34
Веналық қан
40(33-44)
36
33
32
ЭритроцитС1012л
4,2-5,4(3,5-5)
4,2-5,4
3,5-4,8
3,7-5,0
Түстік көрсеткіш
0,85-1,05
0,85-1,05
0,85-1,05
0,85-1,05
Тромбоцит С109л
180-320
180-320
180-320
180-320
Лейкоцит С109л
7,4(4-8,8)
10,2
10,5
10,4
Нейтрофил %
55(45-70)
66
69
69.6
Талшық қатары
1-5
1-5
1-5
1-5
Сегментік қатар
40-70
40-70
40-70
40-70
Базофил %
0,5(0-1)
0,2
0,2
0,1
Эзонофил %
2,0(1-5)
1,7
1,5
1,5
Лимфоцит %
38,0(20-45)
27,9
25,2
25,3
Моноцит %
4,0(3-8)
3,9
4,0
4,5
СОЭ, смм
22(20 дейін)
24
45
52

Жүктіліктің физиологиялық ағымында вегетативті жүйке жүйесінің тонусы өзгереді, осыған орай жүкті әйкл ұйқышыл, ашуланшақ, шаршағыш келеді, кейде басы айналатын кездерде кездеседі. Бұл көбінде жүктіліктің тұнғыш айларында болатын қалыпты жағдай.
Эндокрин жүйесі.Жүктіліктің қалыпты дамуы жаңа ішкі секреция безінің - жүктілік сары денесі қызметіне байланысты болады. Сары денеде жыныс гормогдары (прогестерон және эстрогендер) өндіріледі, оның имплнатацияға және жүктіліктің дамуына әсері зор. ІІІ - ІV айлдан бастап сары дене кері дамып, оның қызметін түгел плацента алады, ол ана қанына гормондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарылатын болады. Гипофиздің алдынғы бөлігі жүктілік кезінде 2-3 есе ұлғая түседі және ФСГ және ЛГ гормондарының түзілуін басады, ал пролактиннің түзілуі артады. Сонымен қатар ТТГ қанда жүктілік барысында және босанар алдында көбейеді. Көп әйелдерде қалқанша безі көлемі өседі, қалқанша маңы безі қызметі төмендеп, кальцийдің зат алмасуы бұзылыстарына әкеледі. Жүктілік дамуында бүйрек үсті бездері глюкокортикоид гормондарының түзілуін арттырып, зат алмасу мен босану барысына үлкен септігін тигізеді.
Жүктілік күнтізбесі. Сіздің нәрестеніз 40 апта, яғни 9 айлық мерзім немесе 280 күннен кейін дүниеге келеді. Сіздің ағзанызда қандай өзгерістер болатындығы, баланыз қалай өсетіндігі туралы Жүктілік күнтізбесі айтып береді (Сурет 6). Жүктілік мерзімінде ағзадағы бір қатар жүйелерде нәрестенің өсіуне қарай өзгерістер орын алып, отырады. Бір жағынан осы үдерістер бірте-бірте әйел ағзасын жүктіліктің соңғы кезеңі туу процесіне дайындап отырады. Осы бір ағзаның табиғи жағдайында, ана мен құрсағындағы бала өзара иммунологиялық реакциялар байланысты түзіледі екен [9, 24,31 б].
1-2 апта. Жүктілік ұрықтандыру сәтінен басталатыны бәрімізге аян. Ұрықтандыру - еркек пен әйелдің жыныстық торшаларының күрделі биологиялық бірігуінен басталатын күрделі пройесс. Осының нәтижесінде жаңа ағза келіп түседі. Пісіп-жетілген жұмыртқа етекккір циклінің 11-14 күні жатыр түтігіне түседі, мұнда ол 24 сағатка дейін өмір сүреді. Еркек ұрығы жатырда ұрыктандыру қабілеттілігін 48 сағат сақтай алады. Ұрықтанған жұмыртқа көп торшалы ағза түзіп бөліне бастайтын болады. Эмбрионның жатыр қабатына бекітілуі ұрыктанудан кейінгі 7 тәулікте пайда болады. Осы күннен бастап ана ағзасы жүктілі болғандығы жайлы ақпарат ала алады.
3-4 апта. Таңертенгілік жүрек айниды, кіші дәрет жиілей түседі. Көңіл-күй өзгеріп отырады. Қазір болашақ сәби түрі адам құлағы бейнесіне ұксайды, көлемі 4мм шамасында. Жүктіліктің 21 күні жұлын мен ми қалыптаса бастайды. Айдын аяғында кіндік пайда болып, эмбрионның қан айналымы пайда болады. Баланың барлық мүшелері мен ішкі жүйесі осы кезден дами бастайтын болады .
5-6 апта. Осы мерзімде жүкті әйел міндетті түрде дәрігерге көріну қажет етеді. Себебі 5 аптада түсік тастау қаупі тууы мүмкін, онын белгілері: бел аймағының ауырсынуы, іштің төмен тартып ауруы сияқты себебінен болып жатады. Осындай симптомдар болса дәрігерге бару қажет, 6 аптада эмбрионның бет әлпеті түзіледі: көзі, мұрны, жак сүйектері, қолы, аяғы пайда болады.
7-8 апта. 7 аптадан бастап жүктіліктін сары денесі кері дамиды, плацента гормондарды бөле бастайды. Сәбидін жүрегі 4 камералы болады, ірі қан тамырлары қалыптаса түседі. Бауырда өт жолдары пайда болады. Ішкі бездер мен ми дами бастайды. Құлақ қалқанының формасы, қол-аяғында саусақтар пайда болады, эмбрион қозғала бастайды. 8 аптада У-хромосома әсерінен еркек гонадалары қалыптасады, олар тестостерон бөліп, ұл баланың белгілерінің қалыптасуына алып келеді.
9-10 апта. Ағзада зат алмасуыңыз өсіп келе жатқан ағзаны құрылыс материалдарымен - амин қышкылдарымен қамтамасыз ету үшін өзгерістер болып тұрады. Осы өзгерістерге бейімделгенде токсикоз білінуі ықтимал. 10 аптада ауыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатырішілік инфекция. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері
Фармакология бойынша
Нәпсілік қатынас және денсаулық
Кетоз
«босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Суррогат ана шарты
Кісі өлтіру қылмысын тергеу, жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысы
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Цестодтардың жіктелуі
Пәндер