Жеделсатыны басқару жүйелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

4

5

6

7

Аннотация

В работе осуществлен выбор оптимального варианта с точки зрения

экономичности, надежности, комфортности и бозопасности электропривода

пассажирского лифта по схеме ПЧ-АД, который соответствует всем выше

перечисленным требованиям.

Предложен частотно-регулируемый электропривод с векторным

управлением с большим диапазоном регулирования скорости, что расширяет

его возможности по обеспечению необходимых режимов работы. При этом

выбран односкоростной асинхронный двигатель с короткозамкнутым ротором

типа АИРМ132S6 мощностью 5, 5 кВт и соответствующий ему ПЧ типа

ATV58HU90N4S309 мощносьтю 13кВт. Разработана математическая модель и

соотвествующая ей виртуальная модель предлагаемого электропривода по

схеме ПЧ-АД, исследование которой в среде визуального программирования

Simulink математического пакета Matlab7. 0 показали ее работоспособность и

соответствие тербованиям технологического процесса.

Рассмотрены вопросы по обеспечению безопасности и

жизнедеятельности, приведено технико - экономическое обоснование проекта.

8

Аңдатпа

Жұмыста қауіпсіздікті, сенімділікті, жайлылықты және үнемдеуді

қамтамасыз ете алатын, барлық осы талаптарға сәйкес келетін ЖТ-АҚ

сызбасы бойынша жолаушылар жеделсатысының электржетегінің ең тиімді

нұсқасы таңдалынып алынған.

Жиілігі реттелмелі векторлы басқару электр жетегі ұсынылған, бұл

жетек жылдамдықты кең ауқымды басқарады, сондықтан оның қажетті

жұмыс тәртібін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен бірге қуаты

5, 5 кВт болатын АИРМ132S6 типті қысқа тұйықталған роторлы бір

жылдамдықты асинхронды қоғалтқыш пен соған сәйкес ATV58HU90N4S309

типті 13 кВт-ті ЖӨ таңдалынып алынған. Математикалық модельді

зерттемелер жүргізілген, оған сәйкес ЖТ-АҚ сызбасы бойынша ұсынылған

электр жетегінің виртуалды үлгісі берілген, бұл зерттемелер Simulink

математикалық пакеті Matlab7. 0 визуалды бағдарламалау аясында

жүргізіліп, оның жұмысқа қабілеттілігін көрсетті және технологиялық

талаптарға сәйкестігін көрсетті. Қауіпсіздік мен тіршілік іс-әрекетінің

мәселелері қарастырылып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі

келтірілген.

9

Annotation

In this work was made choice of the optimal variant in terms of economy,

reliability, comfort and safety of electric drive passenger elevator by scheme fc-fM

which correspond all the above requirements.

Was offered frequency-regulated electric drive with vector control with a

large speed range, that extends its ability to provide the necessary operating

conditions.

Was selected single-speed asynchronous motor with closed rotor

“АИРМ132S6” with power 5, 5 kW and fc “ATV58HU90N4S309” with power

13kW. Was developed a mathematical, and virtual model of electric drive by

scheme fc-fM. The research in Simulink visual programming of Matlab 7. 0

mathematical package have showed operability and compliance of model with the

requirements of technological process.

Were reviewed questions of safety and vital activities, was adduced

technical-economical justification of the project.

10

Мазмұны

Кіріспе

Технологиялық бөлім

7

1

Жеделсатының жетегіне қойылатын негізгі талаптар және жобалау

бойынша міндет қою

10

1. 1

1. 2

1. 3

2

2. 1

2. 2

2. 3

2. 4

2. 5

2. 6

2. 7

4

4. 1

4. 2

4. 3

4. 4

4. 5

4. 6

5

5. 1

5. 2

5. 3

Жеделсаты құрылысының және әрекет ету қағидатының сипаттамасы

Жеделсатының электр жетегін басқару жүйесі

Электр жетегіне қойылатын талаптар және оны жаңарту бойынша

міндеттер

Жеделсатының басты жетегін жаңарту

Жеделсаты қозғалтқышының жүктеме диаграммасын құру

Қозғалтқыштың жүктеме диаграммасын құру

Қозғалтқышты таңдау

ЖӨ-ін таңдау және жеделсатыны басқару жүйесі

ЖӨ-ін қолданғандағы жеделсаты жұмысының сипаттамасы

Тежеу резисторын таңдау және оның қуаттылығын есептеу

Басқару жүйесінің әрекет ету қағидатының сипаттамасы

3 ЖӨ-АҚ жүйелі асинхронды электр жетегінің іске қосылу және

тежелу тәртібінде оңтайлы басқарылуы

Жобаның экономикалық бөлімі

Күрделі шығынды есептеу және салыстыру

Электр жетегін жаңартқаннан кейінгі күрделі шығынды есептеу.

Электр жетегін жаңартуға дейінгі пайдалану шығынын есептеу.

Электр энергиясы ысырабының құнын есептеу

Электр жетегін жаңартудан кейінгі пайдалану шығынын есептеу

Қосымша күрделі қаржы жұмсалымының өтімділік мерзімін есептеу

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

Еңбек жағдайларын талдау

Қорғаушы сөндіргіш құрылғысын есептеу

Жеделсаты аппаратурасының электр қуат беруші қондырғысының

ерекшеліктері

Әдебиет тізімі

11

10

16

23

25

25

32

35

45

47

53

55

60

66

66

68

68

68

70

73

74

74

81

84

87

Кіріспе

Қазіргі уақытта қуатты үнемдеу аса маңызды міндеттердің бірі болып

табылады. Ауыспалы токты электр жетегінің өзіне тән үрдісі өнеркәсіптің

алуан түрлі салаларында асинхронды қозғалтқыштардың (АҚ) барынша кең

қолданылуы болып табылады. Бұл қозғалтқыштар техникалық тұрғыдан,

бұрынғыларымен салыстырғанда, қарапайым және қолдануда сенімдірек,

жоғары жылдамдық пен температураларда жұмыс істей алады, олардың

массасы, габариттері және құны төмен. Басқарылатын жиілік пен кернеу

өңдегіштерін әзірлеу арқылы асинхронды электр жетектерін реттеу

жүйелерінің де мүмкіндіктері кеңеюде. АҚ статорында кернеудің өзгеруі

оның электр магниттік моментінің де, және, ақырында, қозғалтқыштың

бұрыштық жылдамдығының да өзгеруіне әкеледі. Асинхронды электр

жетегінің ажыратылған жүйесінде жылдамдықты осындай реттеудің тиімділігі

қозғалтқыш жұмысының тұрақты тәртіптерінің айтарлықтай тар ауқымымен

шектелген. Осыған байланысты АҚ жылдамдығын реттеудің жоғары емес

дәлдігі мен шектеулі ауқымы жағдайында оның жиілік арқылы басқарылуы

және техникалық талаптарға қарай, кері байланыстардың, мысалға, АҚ

статорының жылдамдығы, кернеуі және тогы бойынша алуан түрлерінің

қолданылуы бәрінен оңтайлы болып табылады. АҚ жылдамдығы бойынша

реттеу ауқымының кеңеюіне жылдамдық бойынша теріс кері байланысты

енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

Қалалардың жылдам өсуі, жер құнының артуы қалалық аймақта да,

ауылдық аймақта да ғимараттар қабаттылығының тұрақты өсуіне әкелуде.

Ғимараттардың қабаттылығы өскен сайын жеделсатыларға қойылатын

талаптар да жоғарылайды. Жеделсаты қондырғыларының сапасына 3 фактор

әсер етеді; бұл жеделсатылардың дайындалуы, монтажы және қолданылуы.

Өнеркәсіптік, сауда, шипажай-емдік және басқа ғимараттардың кеңеюіне

байланысты адам қызметінде жеделсатылардың маңызы күрт арта түседі.

Жеделсатылар қазандық бункерлеріне көмірді, құймаларға шойынды

үлестіріп береді, баспаханаларда қағаз орамдарын тасымалдайды, саудада

азық-түлік пен тауарларды тасымалдау үшін қолданылады, көпқабатты

гараждарда автокөлікті көтереді, өзен және теңіз флотының кемелерінде

жолаушылар мен жүкті тасымалдайды, туристерді мұнараларға көтереді.

Сонымен, жеделсаты - бұл адамдарды немесе жүкті бір деңгейден басқа

деңгейге көтеру немесе түсіру үшін тағайындалған тасымалдау құрылғысы.

Жеделсатылардың жайлылығы өскен сайын, олардың сенімділігі мен

қауіпсіздігі артқан сайын, олардың номенклатуралары кеңейді, механикалық

және электр тораптарының құрылымдық шешімдерінің күрделілігі артты

және, ақырында, жеделсатыларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын

қызметкерлер құрамы меңгеруі тиіс білім көлемі де кеңейді.

Қуатты үнемдеуге жаңа технологиялар есебінен электр қуатын да

үнемдеу жатады. Осындай технологиялардың бірі электр жетегіне жиілікті

өңдегіштердің енгізілуі болып табылады.

12

Берілген дипломдық жобада басқару жүйесіне жиілік өңдегішті енгізу,

сондай-ақ қос жылдамдықты ескі қозғалтқышты

бір жылдамдықты

қозғалтқышқа ауыстыру арқылы жеделсатының басты жетегінің жаңартылуы

сипатталған.

ЖӨ қолдану жетектің келесі параметрлерін жақсартуға мүмкіндік

береді:

1. Электр қуатын үнемдеу;

2. Шу деңгейін төмендету;

3. Жеделсатының жайлы қозғалысы (жұлқысыз) ;

4. Жеделсатыға қызмет көрсету шығындарын азайту.

Жалпыөнеркәсіптік сериялы бір жылдамдықты АҚ-ын қолдану:

1. Өтімділік мерзімі қысқартуға;

2. Серпін моментін азайтуға;

3. Қозғалтқышқа қызмет көрсету шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Барлық есептемелер дипломның түсініктеме хатында келтіріледі.

13

1 Жеделсатының электр жетегіне қойылатын негізгі талаптар және

жобалау бойынша міндет қою

1. 1 Жеделсаты құрылысының және әрекет ету қағидатының

сипаттамасы

1. 1-суретте жеделсатының кинематикалық сызбасы келтірілген.

АТТ-ң D

АТТ

Бәсеңдеткіш

МҚ

Тежеу

Қозғалтқыш

ауырлық

АТТ-ң D

Тартпа шоғырсым

Т

е

ң

е

с

ті

р

у

ш

і

ш

о

ғ

Gатау

ы

р

с

ы

м

1. 1 сурет - Жеделсатының кинематикалық сызбасы

Негізгі тораптар:

- қозғалтқыш, АТТ білігінде момент жасау үшін қызмет етеді;

- эл. м. тежеу, тежеу моментін жасау үшін қызмет етеді;

14

- бұрамдықты бәсеңдеткіш, қозғалтқыштың жылдам жүретін білігіндегі

моменттерді АТТ баяу жүретін білігіне әкелу үшін қызмет етеді;

- АТТ, арқан тартушы тегершік, момент жасау үшін қызмет етеді;

- ауырлық;

- тартпа арқан;

- кабина;

- теңестіруші арқан.

Кинематикалық сызба (1. 1 сурет) өзара әрекеттестік күштерін

көрсететін жеделсатының негізгі тораптарының өзара әрекеттестігінің

сызбасы болып табылады. Жеделсаты кабинасы АТТ арқылы өтетін және

ауырлыққа келіп бекітілетін тартпа арқанға бекітілген. Жүкарба қозғалтқышы

кернеу берілген кезде айнала бастайды, айналмалы қозғалысы бәсеңдеткіш

арқылы АТТ-ке келеді. Арқан тартушы тегершік және тартпа арқан

айналмалы қозғалысты ілгерілемелі қозғалысқа айналдырады. Жеделсаты

кабинасы көтеріле бастайды. Теңестіруші арқан тартпа арқан салмағының

компенсациясы үшін қажет. Бұрамдықты бәсеңдеткіш өте қарапайым,

сондықтан оның ПӘК = 75%, бұл сонымен бірге кабинаның қимылсыз күйінде

болуына мүмкіндік береді. Тежеу кабинаның қабат деңгейінде дәл тоқтап (± 3

см), сондай-ақ оны орнында ұстап тұратындай, қозғалтқыштың айналысын

тоқтату үшін қажет.

Жеделсаты шахтада және машиналық бөлмеде орналасқан құрамдас

бөліктерден тұрады. Жеделсатының машиналық бөлмесі мен шахтасын

ғимараттың құрылыс құрылымдары түзеді (қаланған кірпіш, бетон блоктар

және АҚ) .

Жеделсатының негізгі құрамдас бөліктері: жүкарба, кабина, кабина мен

ауырлықтың қарсы бағыттауыштары, шахта есіктері, жылдамдықты

шектеуіш, жамдардың тораптары мен бөлшектері, электр жабдық және электр

сымы.

Тік бағыттауыштар бойымен жылжитын кабинада жолаушылар мен жүк

тасымалданады.

Кабина мен ауырлық қозғалысы машиналық бөлмеде орнатылған

жүкарбамен тарпа арқандар көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен бірге

жылдамдықты шектеуіш, басқару құрылғысы және іске қосу құрылғысы

орнатылған.

Шахтаның төменгі

бөлігінде жылдамдықты шектеуішпен арқан

ауырлығы арқылы байланысқан жылдамдықты шектеуіш арқанының кергі

құрылғысы, сондай-ақ кабина мен ауырлықтың буферлік құрылғылары

орнатылған.

Кабинаға кіру және одан шығу үшін шахтаның есікпен жабылған

бірқатар ойықтары бар. Есіктің ашылуы мен жабылуы кабинада орнатылған

жетек көмегімен жүзеге асырылады. Шахта есіктері кабина берілген қабатта

орналасқан кезде ғана ашылады. Кабина қабатта жоқ болған кезде, шахта есігі

сырттан арнайы кілттің көмегімен ғана ашылуы мүмкін.

15

Жеделсаты жұмысының жалпы қағидаты келесідей:

Шақыру аппаратының батырмасын басқан кезде, жеделсатыны

басқарудың электр аппаратурасына электр импульс (шақыру) беріледі. Егер

кабина шақыру келіп түскен аялдамада тұратын болса, кабина мен шахта есігі

осы аялдамада ашылады, кабина жоқ болатын болса, оның қозғалысына

пәрмен беріледі. Жүкарбаның электр қозғалтқышының орамына тежеу электр

магнитінің шарғысына кернеу беріледі, тежеу қалыбы жазылады да, электр

қозғалтқышының роторы айнала бастап, бұрамдықты бәсеңдеткіш көмегімен

арқан тартушы тегершіктің айналуын қамтамасыз етеді, ол болса, үйкеліс

күшінің арқасында кабина мен ауырлықты қозғайды.

Кабина қажетті қабатқа келіп жеткенде, жеделсатыны басқару жүйесі

жүкарбаның электр қозғалтқышын ротордың төмендетілген

айналым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеделсаты есігімен жолаушыны қысу
Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары
Жеделсаты электр қозғалтқышының қуатын таңдау
Өртті сөндіруді басқару
Өрт қауіпсіздігі туралы
Автоматты түрде шикізаттардың сапасы мен құрамын анықтау
Автоматтандырылған жүйелердің жіктелуі
Механикалық механизм
«Toyota» автосалон деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Көпірлік крандардың электр жетегінің механикалық бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz