Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫНОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ

1. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНА СИПАТТАМА
1.1 Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама
1.2 Жеңіл атлетиканың бөлімдері мен ерекшеліктері
1.3 Жеңіл атлетика спорт түрлерінің жалпы физиологиялық сипаттамасы.
1.4 Антропометриялық өлшемдер алу тәртібінің маңыздылығы
1.5 Спорт психологиясына қысқаша сипаттама

2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру

3. ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
3.1 Жеңіл атлеттердің антропометрлік өлшемдері бойынша дене дамуын анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНЛЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:
1. ГОСТ 7.1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар.
2. ГОСТ 7.32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Безендірілу құрылымы мен ережелері.
3. Қазақстан Республикасының 2 желтоқсан 1999 жылғы № 490-I. Дене шынықтыру және спорт туралы заңы.
4. Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарлама. - Астана, 2011.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ДЖҚ - дене жүктемесі қарқыны;
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
АҚ - артериялық қан қысымы ;
СҚ - систолалық артериялық қысым;
ДҚ- диастолалық артериялық қысым;
ПАД- пульстік артериялық қысым;
МҚК- минуттық қан көлемі;
СК- систолалық қан көлемі;
ГССИ- Гарвард степ-сынақтамасы индексі (ГССИ);

АНЫҚТАМАЛАР
Шаршау - қарқынды немесе ұзақ уақыт орындалған жұмыстың нәтижесінде туындайиын және және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталатын ағзаның физиологиялық күйі.
Физиологиялық қызмет - мүшенің немесе ағзаның өзіне тән қызметі. Бүтін ағзаның, сондай-ақ, жүйелердің, мүшелердің, ұлпалардың, жасушалардың тіршілік әрекетін көрсетеді. Сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерлерінен өзгеріп отырады.
Қуат - материяның негізгі бір қасиеті, оның қимыл-қозғалыс өлшемі. Оның бірнеше түрлері бар: механикалық, жылу, электрлік және магнитті, химиялық, атомды (ядролық).
Медиаторлар - жүйке ұлпаларында түзілетін химиялық заттар, олар арқылы шеткі және орталық жүйке жүйелерінің синапстарындағы қозуды тасымалдау жүзеге асады

КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейтестілігі. Жеңіл атлетика спорт түрлерінің ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Кез келген спорт түрінің өзіндік техника-тактикалық ерекшелігі, спортшыға қойылатын талап- мақсаттары болатындықтан жеңіл атлетикалық спорт түрлерінің де спортшының дене спасына, дене дамуына психологиялық ерекшеліктеріне қойылатын арнайы ережелері мен ұстанымдары да бар.
Спорттық психология спорт түрлерінің және спортшының психологиялық дайындығын қамтамсыз етудегі негізгі рол атқаратын маңызды ғылым саласының бірі болып табылады. Спортшының психо-физиологиялық дайындығы спорттық жетістіктерге жетудегі ағза дайындығының сапалы көрсеткіштерін қамтамсыз ететін бірден бір жетістігі [1].
Жеңіл атлеттердің дене сапаларымен қатар психологиялық дайындығы, жеңіл атлетиканың әрбір бөлімдеріндегі теориялық білімі мен қатар практикалық ұстанымдарында қалыптастыруға мүмкіндік береді[2]. Спортшылардың болашақ жаттықтырушы-педагог екенін ескерсек, спорт түрлерімен шынығуға бет алған әрбір өскелең ұрпақтың үлкен спорттан биік жетістіктерге жетуі үшін тек қана спорттық техника-тактика ғана емес психо-физиологиялық дайындықтың салалары мен маңызын білуде өзекті істердің бірі болмақ.
Жұмыстың болжамы: Спорттық жаттығулар ретті орындау, ағза жүйелері мен мүшелерінің жұмысын жақсартып, жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылыс беріп қана қоймай психологиялық саулықтың да қажеттілігін талап ететіні сөзсіз. Сондықтан да кез келген спортшы таңдаған спорт түрінің теория методикалық құрылымын ғана емес спорт пен спортшы психологиясының да тепе-теңдігін бірқалыпты ұстай білсе, білікті маман болуға әбден лайық деп есептеледі.
Зерттеу нысаны: 1 және 2 курстағы жеңіл атлетика мамандығындағы бойынша білім алатын студенттер және сауалнама түрінде еріктілер.
Зерттеу пәні: Жеңіл атлтика, таңдаған спорт түрлері. Зepттeу тaқыpыбы бoйыншa ғылыми жәнe әдicтeмeлiк әдeбиeттepдi тeopиялық зepттeу, мaмaндapдың тәжipибeciн жинaқтaу, caуaлнaмa жүpгiзу, еріктілер жауабына орай caпaлapын тecтeн өткiзу, өңдeу әдicтepi.
Жұмыстың әдістері: Адам ағзасының антропометрлік өлшемдері және психолгиялық сауалнама-тест тапсырмаларының түрлері.
Жұмысытың ұйымдастырылуы: Ағзаның мүшелерін және оларды зерттеу тәсілдері бойынша антропометрлік әдістер алу үшән студенттермен сомотоскопиялық зерттеулер және физиологиялықы шаршаудың алдын алуға негізделген стандартты Роберг сынамаларымен, психологиялық сауалнамалардың азаға әсері жайындағы сауалнамаға жауаптарды талқылау.
Жұмыстың нормалық және тәжірбиелік маңыздылығы, жұмыс көлемі:Адам ағзасы біртұтас жүйе. Ағзаның жүйелері мен мүшелерінің қызметін бір қалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Спортшы ағзасындағы болатын физиологиялық өзгерістермен қатар психологиялық шаршау, стресс мәселелері де спорттық жетістікке жету жолында кедергі болатыынын ескерсек, алдын алу шаралары спортшы азасының физиологиялық та психологиялық та саулығын қамтамасыз етіп алдын алатыны сөзсіз.
Жұмыс 49 беттен, тақыптраға және спорттық жаттығуларды суреттейтін көрнекіліктерден, кесте және диаграммалық көрсеткіштерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Жеңіл атлетикамен айналысатын спортшылардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтай білу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Жеңіл атлетика спорт түрлеріне сипаттама бере білу;
2. Спорттық психологияның мақсаты мен міндеттерін ұғыну;
3. Психологиялық тес тапсырмаларын меңгеру және сынамалар (тест) жүргізе білуді меңгеру.

1. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНА СИПАТТАМА

1.1. Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама
Жеңіл атлетика, спорт түрлерінің ішіндегі ең көп тараған түрлерінің бірі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру,спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстарды жатқызуға болады. Сонымен қатар,жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып та бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған болатын. Оның құрамына қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар бірігіп отыр. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан бастап 1-Олимпиялық ойын, дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келе жатыр. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген болатын[3].
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыстардың бірі -- Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өткен болатын. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды. Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Автралияның Сидней қаласында өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

1 сурет - О.Шишигина Сидней Олипиадасының жеңімпазы

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған[4].
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды[5].
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді[6].
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон -- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем 21 ғасырдың ең биік көрсеткіші деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған[7].
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады[8]. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон -- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем 21 ғасырдың ең биік көрсеткіші деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды[9,10].
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған[11]. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады[12]. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды[13,14].
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон -- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем 21 ғасырдың ең биік көрсеткіші деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика -- бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары -- тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс[15,16].

1.2 Жеңіл атлетиканың бөлімдері мен ерекшеліктері
Жүгіру -- қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа -- 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -- 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру -- 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру -- диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру -- орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру[17].
Жеңіл атлетикалық көпсайыс -- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар -- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту. Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы -- жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана - ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек[18,19].
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші -- жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды[20,21].
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады[22].
Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту[23,24].

2 сурет - Жеңілатлеткалық спорт түрлері

Биіктікке секіру.Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі -- аттап секіру, екіншісі -алдыға қарай аунап секіру, үшіншісі -- шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы аттап секіруден бастайды[24].

Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат -- итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі[25].

3 сурет - Кедергіден секіру

1.3 Жеңіл атлетика спорт түрлерінің жалпы физиологиялық сипаттамасы.

Циклді қимыл-қозғалыстар бір қимылдың бірнеше рет қайталануы арқылы жүзеге асады. Бір циклдің құрамына кіретін қимыл элементтері бірдей реттілікпен барлық циклдерде кездеседі. Қимылдардың әрбір циклі алдыңғы және енді орындалатын циклдермен байланысты болады. Бұл байланыс рефлекторлы сипатты болады, әрбір рефлекс аяқтала отырып, келесі рефлексті туындатады. Қимылдың мүндай тізбекті сипаты тек қана қимылды динамикалық стереотип түрінде бекінетін ырғақты рефлекске тән және осы рефлекс циклді қимылдардың физиологиялық негізі болып табылады.
Жұмыстың уақыты мен қуатының арасында нақты бір тәуелділік бар. Жалпылама қарастырғанда, бұл тәуелділік төмендегідей сипатта болады: жұмыстың қуаты қаншалықты жоғары болса, соншалықты тез шаршаудың нәтижесінде оның орындалу уақыты аз болады. Жұмыстың қуаты дегеніміз белгілі бір уақыт бірлігінде орындалған жұмыстың мөлшері. Ал ол өз кезегінде бұлшық еттің жиырылу күшіне және жиырылу жиілігіне тәуелді[26].
Спорттық жүру. Спорттық жүру ерлер үшін 20-50 км, әйелдер үшін 5-10 км қашықтықтағы жарыстар кезінде жүзеге асады. Бұл кездегі жұмыс бірқалыпты қарқынды, циклді сипатты болады. Спорттық жүру кезінде жекелей және қосарланған тіректер кездеседі, бірақ жүгіру болмауы керек.
Қимыл аппараты спортшылардың бұлшық еттері аэробты жағдайдағы жұмысқа бейімделген. Бұлшық еттерінің жиырылуы жақсы жетілген, босаңсуы - төмен. Қол қимылдары аяқ қимылдарымен қатаң түрде сәйкестірілген. Қимылдар ырғағы - минутына 100-160 қадамнан тұрады.
Тыныс алу және қуат жұмсалуы спорттық жүру кезінде тыныс алу жиілігі - 30-60 ретмин, өкпе желденуі 70-80 лмин, оттегінің қолданылуы - 4 лмин, мәреге жеткенде - одан да көп болуы мүмкін. ОМҚ ерлерде - 71 млминкг жетеді. Қуат жұмсалуы - өте үлкен. Мысалы, 5 км-ге жүргенде - 300-400 ккал қуат жұмсалса, 50 км-ге жүргенде қуат жұмсалуы - 3000 ккал болады.
Қан және қан айналымы. ЖСЖ-тез жүретіндерде мәреге жеткенде минутына 150-180 соғумин-қа жетеді. Жұмыс қуаты ұлғайғанда минутына 200-220 соғумин-қа жетеді. Спорттық жүру кезінде қандағы эритроциттер және гемоглобин мөлшері артады, миогенді лейкоцитоз байқалады, сүт қышқылы шамалы ғана жоғарылайды.
Бөліп шығару қызметі. Спорттық жүру кезіндегі тер бездерінің қызметі - өте жоғары болады. Жоғары тер бөліну несеп түзілуінің азаюына, несепте белоктың пайда болуына әкеп соғады[27].

1.4 Антропометриялық өлшемдер алу тәртібінің маңыздылығы
Антропометрия -- адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі.
Антропометрияның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады. Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ,
Адамның антропометриялық сипаттамалары адам денесінің және жеке бөліктерінің өлшемдерімен анықталады. Ол мәліметтер анағұрлым рациональді еңбек жағдайларын жобалау үшін пайдаланылады. Олар жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуын есептеуге, көру және қол жету аймақтарын орнатуға, жұмыс орнының конструктивтік параметрлерін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді. Адамның антропометриялық сипаттамаларын статикалық және динамикалық деп екі түрге бөледі. Статикалық сипаттамаларына адам денесінің жеке бөліктерінің статикалық өлшемдері жатады, бастың өлшемі, қолдың буыны өлшемі, табан өлшемі. Динамикалық сипаттамаларына буындардағы айналу бұрыштары кіреді, қол жеткізу аймағы (моторлық аймақ), дененің қозғалу әсері. Статикалық сипаттамалар сызықтық және доғалық бола алады, яғни сызықтық бірліктермен де, доғалық бірліктермен де өлшенеді[28].
Дененің дамуы - жекебастың жұмыс қабілеті мен оның жастық биологиялық даму сатысын сипаттайтын арнайы құрылымдық және қызметтік көрсеткіштер жинағы.
Дененің дамуы - кешенді түсінік: дененің өлшемдері, сымбаты, соматотипі, конституциясы, дене салмағының құрамы, даму деңгейі, жыныстық жетілуі т.б. . Бұл көрсеткіштер ағзаның жалпы және арнайы жұмыс қабілеттерінің, өсіп-дамуының, денсаулығының құрылымдық негізін құрад
Дененің дамуын зерттеу тәсілдері: Соматоскопия - сырттай көзбен дененің дамуын сипаттайтын 3 топ көрсеткіштерді бағалау: сымбат (мүсін), дене пішіні, немесе бітімі (соматотип), тірек-қозғалыс жүйесінің күйі.
Антропометрия - дененің әр бөлімдерін арнайы құрал-жабдықтармен өлшеп, соматотип, пропорция, конституция, дененің құрамы мен дененің меншікті салмағын анықтау[29].
Антропометриялық өлшемдер антропометриялық стандарттар, корреляция, индекстер тәсілдерімен бағаланады.
Дененің дамуы антропометрикалық стандарттардың, корреляция мен индекстердің көмегімен бағалануы мүмкін.
Антропометрикалық стандарттар әдісі - бұл адамдардың бір келкі контингенттің өлшеудің орасан үлкен санын статитстикалық өңдеу жолымен алынған дененің даму көрсеткіштерінің орташа шамаларын пайдалану.
Стандарттар әдісі бойынша бағаланатын көрсеткіштердің қатарына соңғы уақыттарда жиі түрді дене құрамының көрсеткіштерінде жатқызады осы қарастырылған әдістің кемшілігі сол дене дауының өзгергіщтігінің көрсеткіші ретінде кәдімігі стандарттың ауытқу пайдаланылады. Сонымен бірге тек еркін яғни бір бірімен байланысы жоқ белгілеу үшін ғана өгерушіліктің берік өлшемі қызметін атқара алады. Ал өзара байланысты белгілер үшін (дене даму көрсеткішбтері болатын) дәл мәліметтерді корреляция әдісі береді.
Дене дамуының белгілері бір бірімен байланысты жәнеде олардың бірі өзгерген кезде екіншісі де өзгереді. Белгілер арасындағы байланыс біркелкі емес, осыдан келәіп егерде, белгілердің бірінің көбейгеніде екіншісі көбейсе ол оң болады, ал егерде бірі көбейіп екіншісі кемісе онда ол теріс болады. Белгілер арасындағы байланыстың бар екендігін "С" - корреляция конфиценттін айқынду арқылы анықтауға болады. Оның шектік мәні + 1,0 ге тең " ĉ " бірлікке қаншалықты жақын болған сайын белгілер арасындағы байланыста соншалықты тығыз бола бермек. Егерде "ĉ" мәні 0,4 тен 0,6 дейін тербеліп тұрса онда белгілер арасындағы байланыстың орташа дәрежесі: 0,6 дан 0,8 дейін - үлкен 0,8 ден 0,9 дейін өте үлкен болмақ.
Индекстер әдісі. Дене дамуын жекелеген антропометрикалық белгілердің қатнасы бойынша және қарапайым математикалық өрнектердің көмегімен бағалауға мүмкіндік береді. Әр түрлі индекстер белгілердің алуан түрлі санынан тұрады (ең қарапайымдылары-екеуі). Анықтамасының қарапайымдылығы мен көрнекілігінің арқасында индекстер кешеге дейін әйгілі болып келді. Бұл әдісті бір қатар кемшіліктеріне қарамастан дене дамуының жекеклеген көрсеткіштерін бағалау үшін казірде пайдаланады. Мәселен адамның бойы (λ) мен жасы есепке ала отырып тиісті салмағын (М) анықтау үшін келесі мына өрнектер пайдаланылады:

М=50+(λ-150)х0,75+ Жасы - 21 (ерлер үшін)
4
М=50+(λ-150)х0,32+ Жасы - 21 (әйелдер үшін)
5
Салмақ (М), бой (λ) арасындағы қатнас Брона ұсынған қарапайым өрнектердің бірнеше индекстерінің көмегімен табылуы мүмкін.
λ=155-165 см болғанда М=λ-100 (кг)
λ=166-175 см болғанда М=λ-105 (кг)
λ=175 см жоғары болғанда М=λ-110 (кг) болады.
Бекерт 100-ді, 105ті және 110 ды емес тиісінше 103 ті, 106 ны және 110 ды алуды ұсына отырып осы индекске түзету енгізді.
Кетле индекісі, немесе салмақ бой индекісі (г) бойға (см ) бөлген кезде шығады да ерлер үшін орташа 370-400 гсм тең болады, ал айелдер үшін 325-375 гсм тең. Мексика олимпиадасына қатысушыларда бұл индекс мәселен жүгірушілерде - 350 ден (морофоншыларда) 401 ге дейін (спринтерлерде), 473 тен (найза лақтырушыларда) 613 ке дейін (ядро лақтырушыларда) болды.
λ3 √М, мұндағы λ-дененің см дегі ұзындығы, М дененің кг салмағы.
Индекстер әдісін көптеген қызметік көресткіштерді бағалаумен айырмашылықтарды жойу үшін пайдаланады. Мәселен көптеген көрсеткіштер дене массасымен салыстырылады (Мысалы О2 - ні лмин дененің 1 кг салмағына барынша тұтыну). Соңғы уақыттарда осы мақсаттар үшін дененің майсыз массасының салмағын қолданады (λВМ). Осыдан сол немесе басқа қызметтік көрсеткіштердің салыстырмалы шамаларын дәлірек сипаттайтын мәліметтер келіп шығады. (1 кесте). Кестеден көрініп тұрғандай λВМ бірлігіне жатқызылған О2 ні барынша тұтынудың шамасы шаңғышыларды жүгірушілермен жүзушілерді штангашылармен салыстырғандағы анағұрлым жоғары аэробты өнімділігін дәл сипаттайды[30,31].
Спорттық тәжірибеде антропологиялық зерттеу нәтижелерін қолдану мүмкіншіліктері:
Жаттығудың сауықтыру, машықтандыру әсерлерін арттыру (спортпен шұғылдануга рұқсат ету, спорттық сұрыптау және спорттық бейімдеу, жекешелендіре жаттықтыру, жаттығу үрдісінің тиімділігін бағалау т.б.).
2. Морфологиялық бақылау - спортшы машықтығының динамикасын (өзгеру бағыты) бағалаудың дербес тәсілі.
3. Ауру-жарақаттардан сақтандыру, дене саулығын ныгайту.
4. Спортшының арнайы жүмыс қабілетін бағалау (биатлонда, шаңғы спортында, бокста - салыстырмалы қол күші, жеңіл атлетикада - дене салмағы - бой индексі т.б.).
5. Бұлшық еттердің күшін дамыту жылдамдықты, секірмелікті арттыру мүмкіншілігін, жоғары қарқынды жүктемелер орындау мүмкіндігін береді, т.б.
Дененің дамуы ретінде индивидумның тексерілу сәтіндегі денесінің жұмыс істеу қаблеті дамуы деңгейін анықтайтын морфо қызметтік көрсеткіштердің кешені түсіндіріледі. Дененің дамуы генотиптің фенотипке ауысуы жүріп жатқан кезде поснатальдық антогенездің жекелеген кезеңдерінде ағзаның өсуімен даму үдерісін бейнелейді.
Генотип - ағзаның ата анасынан қалған жеке дара морфофункционалдық ерекшеліктерін сипаттайды. Сыртқы орта факторларының ықпалын генотип фенотипке айналады.
Фенотип дененің дамуының жас ерекшелік өсінкілігін бейнелей отырып бүкіл өмір бойы өгеріп отырады. Өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен сытқы ортаның өзгеде факторларының ықпалы сенсетивті жас ерекшелік кезеңінде көбірек білінеді. Бұл кезеңде өсу мен даму немесе инволюция (қарт және қартайған жас) үдерісі қарқындап жүріп жатады.
Дене бітімі деп дене бөліктерінің өз ара орналасуының көлемін, формасын, пропорцияларымен ерекшеліктерін сондайақ сүйек, май және бұлшық ет ұлпалары дамуыныңерекшеліктерін айтамыз.
Конститутция - ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауабының өзіндік ерекшелігін анықтайтын тұқым қуалаушылық және жүре пайда болатын қасиеттердің негізінде қалыптасқан ағзаның қызметтік және морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Дене жаттығулармен және спортпен шұғылданушылардың денесінің дамуын зерттеу барысында
- Жүйелі түрде шұғылданушылардың дене дамуының деңгейіне жасап жатқан жаттығулардың әсерін бағалау.
- Балаларды, жеткіншектерді жас өспірімдер мен қыздарды олардың дене дамуын ескере отырып спорттың әртүрлі түрлерімен шұғылдануы үшін іріктеп алу.
Дене дамуын зерттеудің негізгі әдістері сырт көзбен байқау (самотаскопия) және морфологиялық қызметтік көрсеткіштерін өлшеу (антропометрия). Бұлармен қатар зерттеудің сүйретке, түсіру рентгенография, приборлардың көмегімен омыртқа бұғананың физиологилық қисықтарын өлшеу, буындардағы қозғалу бұрыштарын угломердің көмегімен өлшеу (гониометрия) және т.б қолданылады.

3сурет - Адам денесі дамуының түрлері
Эктоморф - арық адамдар. Ерекшелігі: табиғаты арық адамдар ,салмақ қосуы қиын, бұлшықет салмаын белгілі деңгейде ұстап тұруы үшін үнемі жаттығу жасауы керек. қол - аяқ сүйектері ұзындау, кеуде қуысы тар, т.б.
Эктоморф - арық адамдар Ерекшелігі: табиғаты арық адамдар ,салмақ қосуы қиын, бұлшықет салмағын белгілі деңгейде ұстап тұруы үшін үнемі жаттығу жасауы керек. Қол - аяқ сүйектері ұзындау, кеуде қуысы тар, т.б.
Эндоморф - толық дене бітімді адамдар. Кең таралған дене бітімі. Аталған топқа жататын адамдар тез салмақ қосуға бейім болады. Май қатпарларының артықтығымен ерекшеленеді, сүйектері ірілеу келеді, қол және аяқ сүйектері қысқа,мжамбас белдеуәнәі сүйектері ірі және жалпақ болап келеді.
Жеңіл атлетиаклық жүгірудің физиологиялық сипаттамасы.Жеңіл атлетикалық жүгірудің спорттық жүруден айырмашылығы - спорттық жүрудегі қимылдар циклі бір тіректі екі сатыдан және екі тіректі күйден тұратын қосарлы қадамнан тұрады. Ал жеңіл атлетикалық жүгіруде бір тіректі саты ұшу сатысымен кезектеседі[32].
Жүгіру кезінде жекелей тірек сатысы ұшу сатысымен кезектеседі. Жеңіл атлетикадағы орындалу техникасы бойынша ең күрделісі - қысқа қашықтыққа жүгіру, өйткені сөрелік және сөрелік екпін күйін үйрену қиынға соғады. Шынығу кезіндегі ағзада жүретін физиологиялық ығысулар жүгіріп өтетеін жолдың ара қашықтығына байланысты. Қаншалықты жүгіретін ара қашықтық ұзақ болса, соншалықты жұмыстың қуаты аз болады. Сондықтан жүгіру тепсіну күшіне, адымдардың ұзындығына және жиілігіне байланысты бола отырып, әртүрлі қуатты жұмыс күйінде орындалады. Жеңіл атлетикадағы жұмыстың қуатын анықтайтын негізгі көрсеткіш - жүгіру шапшаңдығы. Ол адымдар ұзыныдығының сол адымдар жиілігіне көбейтіндісімен анықталады. Жүгіру орындалатын уақыт жұмыстың қуатына байланысты. Қаншалықты жұмыс қуаты жоғары болса, соншалықты оның орындалу ұзақтығы шаршаудың тез туындауы есебінен аз болады[33].
Жеңіл атлетикалық жүгіру төрт қуат аймағында орындалады. Бірінші қуат аймағы - максималды қуатты аймақтағы жүгіру, оған 100, 200 метрге жүгіру жатады. Орындалу уақыты - 20-30 секунд. Бұл жұмыс анаэробты жағдайда жүзеге асады, олай болса бұл кездегі қуат көзі - АҮФ. Максималды қуат аймағында жұмыстың орындалуы кезінде қандағы сүт қышқылының және басқа зат алмасу өнімдірінің деңгейі өзгермейді, себебі өте қысқа уақыт ішінде бұл заттар жасушалардан бөлініп, қанға түсіп үлгере алмайды, нәтижесінде кардиореспираторлық жүйенің қызметінде де өзгерістер аса үлкен болмайды. Жұмыс қысқа уақытта орындалатындықтан отектік қарыздылық 8 литр шамасында болады. Қуаттың жұмсалуы шамалы, бар-жоғы - 40-80 ккал. Бұл жұмыстың орындалуы кезінде негізгі қорлардың қосылуы жасушалы және ұлпалы деңгейде жүреді, ол дегеніміз АҮФ қайта түзілуі креатинфосфат (КрФ) және гликолиз есебінен жүреді. Жұмыстың орындалуы кезінде жүйкелік және гуморалді механизмдердің жасушалы және ұлпалы қорлардың қосылуындағы маңызы шамалы ғана болады[34].
Екінші қуат аймағы - субмаксималды қуатты аймақта орындалатын жеңіл атлетикалық жұмысқа 800-1500 метр қашықтыққа жүгіру жатады. Орындалу уақыты - 20-30 секундтен 3-5 минутқа созылады. Мұндай аймақта орындалатын жұмыстың соңында ағзада максималды физиологиялық ығысулар жүреді, атап айтқанда сүт қышқылы бұлшық ет жасушасынан қанға өтіп үлгереді де, нәтижесінде қандағы сүт қышқылының концентрациясы 20 ммольл жетеді. Қанның рН реакциясы - 7,6 болады. Сүт қышқылынан басқа қанда зат алмасудың соңғы өнімдері, физиологиялық белсенді заттар - креатин, гистамин пайда болады. Бұл заттар қанға түсе отырып, жұмыс жасап тұрған бұлшық еттердің қан тамырларын кеңейтеді. Нәтижесінде қан ағымы тездейді, бүкіл ағазадағы қанның таралуы артады. Мұның барлығы кардиореспираторлық жүйенің қызметін арттырады, нәтижесінде қан қысымы жоғарылайды, ал бұл ығысулар өз кезегінде оттегінің қолданылуын арттырады. Оттектік қарыздылық 20 литрге дейін жетеді. Жұмсалған қуаттың мөлшері - 450 ккал, бұл 100 грамм глюкозаның жұмсалуын талап етеді. Субмаксималды қуатты аймақта орындалған жұмыс кезінде тек жасушалы және ұлпалы қорлар ғана емес, мүшелер және мүшелер жүйесінң қорлары қосылады, атап айтқанда кардиореспираторлық жүйенің қызметінің өзгеруі есебінен жүреді. Мұның өзі шартты және шартсыз рефлекстердің қатысуымен және гуморалді реттелумен жүзеге асады[35].
Үшінші - үлкен қуат аймағында орындалатын жұмыстың уақыты 5-6 минуттан 20-30 минутқа дейін созылады. Бұған 5000 метрге жүгіру жатады. Бұл жұмыстың орындалуы кезінде көп тер бөлінеді, термен қоса біршама жылу бөлінеді. Сүт қышқылы бүйрек арқылы бөлінуі нәтижесінде несеп қышқылданады, бірақ несеп аз мөлшерде түзіледі, өйткені судың көпшілік мөлшері тер арқылы бөлініп кетеді. 900 ккал қуат жұмсалады. Оттектік қарыздылық - 12 литр. Физиологиялық қорлардың қосылуы жасушалы, ұлпалы, мүшелі, мүшелер жүйесі деңгейінде жүреді. Әсіресе келесі бірқатар жүйелердің маңызы үлкен: 1) кардиореспираторлық жүйе қызметінің артуы (ТМК және ҚМК артады); 2) су қорлары қатысады, себебі қандағы плазманың біршама мөлшері бұлшық еттерге кетеді. Бұл тердің көп бөлінуін, жылудың артық мөлшерінің және сүт қышқылының бөлінуін қаматамасыз етеді; 3) гемоглобиннің өкпеде оттегімен байланысы артады және ұлпадағы қалпына келуі жоғарылайды; 4) ағзадаға қанның таралуы өзгереді, қанның көпшілік мөлшері қызмет етіп тұрған бұлшық еттерге жұмсалады; 5) несеп шығару жүйесінің қызметі артады; 6) мүшелер мен мүшелер жүйесінің қорлары максималды деңгейде жұмсалады, әсіресе ең үлкен жүктеме жүрекке түседі[36].
Төртінші қуат аймағы - біркелкі қарқынды қуатты аймақ, оған марафондық қашықтыққа жүгіру жатады. Орындалу уақыты 30-40 минуттан сағаттарға, тіпті тәуліктерге созылады. Бұл кездегі жұмыс "нағыз" тұрақты күйде орындалады. 10000 ккал мөлшерінде қуат бөлінеді. Қандағы глюкозаның деңгейі 110-120 мг%-дан 40 мг%-ға дейін төмендейді. Бұл кезде жұмыс майлардың тотығуы және глюкозаның сырттан келіп түсуі есебінен орындалады.
Қан жүйесінің ерекшеліктері
Жүгіргеннен кейін қандағы эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің мөлшері артады. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгірген кезде қандағы сүт қышқылының мөлшері артып (200-250 мг%), қанның рН реакциясы қышқылды жаққа ығысады, глюкоза мөлшері төмендейді, нәтижесінде шаршау туындайды. Қысқа және шамадан тыс ұзақ қашықтықтарға жүгіргенде қандағы сүт қышқылының мөлшері өзгермейді. Ұзақ қашықтыққа жүгіргендегі спорттық жетістік ағзаның оттегіні тасымалдау жүйесіне байланысты болады, ал оның негізгі көрсеткіші болып гемоглобиннің мөлшері есептелінеді. Айналымдағы қанның мөлшері стайерлерде басқа спорт түрімен шұғылданатындағыларға қарағанда жоғары болады. Өкпе арқылы өтетін қанның артуы есебінен гемоглобинмен байланысқан оттегінің мөлшері артады. Бұл стайерлерде қанның оттектік сыйымдылығының жоғары деңгейде болуымен түсіндіріледі[37,38].
Қан айналым жүйесі
Төзімділікпен орындалатын жұмыс кезінде жүрек-тамыр жүйесінің қызметіне көп ауыртпалық түседі. Үзбей шынығу кезінде жүрек қарыншаларының қуыстары кеңейеді, оның салдарынан қарыншаның бұлшық еті немесе қабырға қабаты гипертрофияға ұшырайды. Спортшылардың жүректерінің көлемінің ұлғаюын қан айналым жүйесінің қарқынды ұзақ уақытқа созылған бұлшық ет жұмысына бейімделу үрдісі ретінде қарастыруға болады. Көлемі ұлғайған жүрек сүт қышқылын тиімдірек сіңіреді де жұмысқа қабілеттіліктің артуына себепші болады. Ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Жеңіл атлетика мамандануы
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
ЖЕНІЛ АТЛЕТИКАҢЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Балалар спорты
Ұлттық спорт түрлері
Жүгірудің мақсаты
Пәндер