Сымсыз сенсорлы желінің ұйымдастырылуы


5
![]()
6
![]()
7
![]()
8
![]()
АҢДАТПА
Берілген жобада ұсынылған тақырыпқа сәйкес жалпы биік ғимараттардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ZigBee сымсыз технологиясын
қолдана отырып сымсыз датчиктерді орнату және оларды басқару мен
мониторинг жүргізу қарастырылды.
Жобада сымсыз желі жұмысының теориясы, құрастыру қағидалары мен
сымсыз желінің жұмыс істеу ерекшеліктері, қолданыстағы технологияның
түрліліктерінің мәселелері қарастырылған, сондай-ақ 802. 15. 4 стандарты
негізінде желінің таңдауы және оны іске асырудың негіздемесі жасалған.
Техника-экономикалық бөлімінде желінің ұйымдастыруына бөлінетін
капиталдық шығындарына есептеу жүргізілген. Одан басқа, өміртіршілік пен
еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В данном проекте,
согласно предложенной теме, рассмотрена
возможность управление и мониторинг сети на основе беспроводной
технологии
ZigBee
для быстрого реагирования в целях обеспечения
безопасности высотных здании.
В проекте рассматривается теория, принцип построения и особенности
работы беспроводной сети, существующих разновидностей технологии, а также
выбор и обоснование реализации сети на основе стандарта 802. 15. 4.
В технико-экономической части был составлен расчет капитальных
затрат на построение сети. Кроме того, были рассмотрены вопросы
безопасности труда и жизнедеятельности.
ANNOTATION
In this project, according to the proposed topic, consider the possibility of
managing and monitoring network based on ZigBee wireless technology for quick
response to ensure the safety of high-rise building.
The project considers the theory, principles and features of a wireless network
technology extant species, as well as selection and justification of implementing
network based on 802. 15. 4 .
The feasibility of the payment was made the capital cost of building the
network. In addition, the issues of safety and life
9
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1
1. 1
Негізгі бөлім . . . 9
Кеңселер мен өндірістік бөлмелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті басқару
мысалында желіні талдау . . . 9
1. 2
1. 3
IEEE 802. 15. 4 стандартының спецификациясы . . . 11
ZigBee технологиясының өзге сымсыз технологиялармен салыстырмалы
сипаттамасы . . . Ошибка! Закладка не определена. 8
1. 4
1. 5
1. 6
ZigBee технологиясын өнеркәсіпте қолдану . . . 21
Сымсыз сенсорлық желінің архитектурасы . . . 25
Сымсыз сенсорлы желінің
ұйымдастырылуы . . . Ошибка!Закладкане
определена. 8
1. 7
2
2. 1
2. 2
2. 3
2. 4
2. 5
2. 6
2. 7
Құрылғыны таңдау . . . 31
Есептеу бөлімі . . . 37
Ғимараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . . 417
ZigBee құрылғысының қуат тұтыну есебі Ошибка! Закладка не определена. 9
Дабылдың әрекет ету аймағын есептеу . . . 41
Шуылды есептеу . . . 45
Cызықты жоғалтуларды есептеуi . . . 47
Дабылдың таралу моделі . . . 50
ZigBee жүйесінде мәлімет таратудағы дабыл - шуыл қатынасы мен өшу
деңгейін анықтау . . . 54
3
3. 1
3. 2
3. 4
4
4. 1
4. 2
4. 3
4. 4
Өмір тіршілік қауіпсіздігі . . . Ошибка! Закладка не определена. 8
Қауіпті және зиянды факторларды талдау . . . 628
Кондиционерлеуді есептеу . . . 64
Кондиционерді таңдау . . . 728
Экономикалық бөлім . . . 70
Жоба өзектілігі . . . 70
Еңбек сыйымдылығы жұмысын есептеу . . . 71
Қызметкерлердің жалақысын есептеу . . . 75
Интеллектуалды еңбек бағасы . . . 80
Қорытынды . . . 82
Әдебиеттер тізімі . . . 83
Қысқартылған сөздер . . . 84
А Қосымшасы . . . 85
Ә Қосымшасы . . . 85
Б Қосымшасы . . . 86
В Қосымшасы . . . 86
10
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта үлестірілген жүйелер біздің өмірімізге кеңінен кіру
үстінде. Қазiргi үлестiрiлген жүйелердiң негiзгi бағыттарының бiрi - сымсыз
сенсор желiлер болып саналады.
Сымсыз сенсорлы желі - радиоарналар арқылы өзара біріккен, сонымен
бірге атқарушы құрылғылардан және көптеген датчиктерден (сенсорлардан)
тұратын, бөлінген, өздігінен ұйымдасатын желі. Осындай желіде бір элементтің
екінші элементтің хабарлама ретрансляциясының арқасында қамту аймағы
бірнеше метрден бірнеше километрді құрайды.
Соңғы кезде сымсыз сенсорлы желілер (ССЖ) қарқынды даму үстінде.
Мұндай желілер аз қуатты қабылдау- таратқыштан, сенсорлар мен
микропроцессорлардан, көптеген кішігірім тұйіндерден тұрып, физикалық әлем
мен жаһандық желілерін бірге байланыстыра алады. Осы тақырыпта үлкен
ғылыми жұмыс ағындарын қамтамасыз ететін сымсыз сенсорлы желілер
көптеген ғалымдардың, зерттеу институттары мен коммерциялық ұйымдардың
назарын аударуда. Мұндай сенсорлы желілердің қолдануы, жүйелердің кең
мүмкіндігі мен зерттеуінде үлкен қызығушылықпен шартталған. Әртүрлі
қолданбалы аймақта бұрын байланыс линиясы ретінде өткізгішті қолданса,
сымсыз арнаны қолдану маңызды, бұл барлық мүмкін бола алатын жүйелерді
құрудың негізгі есебі болып саналады. Мәліметтерді жинау, басқару және
автоматтардырудағы өте маңызды сұрағы, берілген жүйелердегі сымсыз
байланысқа өтудегі, желідегі құрылғылардың санының жүзден мыңға дейін
жетуінде.
Кейбір жағдайларда технологиялық немесе ұйымдастыру себептерінен
сымды желілерді өткізу мүлдем мүмкін емес. Осындай жағдайларда сымсыз
байланыс көптеген қиындықтарды шешеді. Қозғалыстағы және айналмалы
нысаннан (конвейерлерден, құлтемірлерден), сонымен қатар жоғарғы
қуаттылықта болатын және гальваникалық шешімдерді талап ететін
нысандардан мәліметтерді беруге қабілетті. Жарылыс пен қауіпті өрт кезіндегі
шарттар ажырамалы қосылыстарды жоюда жұмыстың қауіпсіздігін
жоғарылатады. Сондықтан сымсыз жүйелерде мәлімет тарату үлкен шеңбер
шешімі үшін аса тартымды көрінеді.
Сымды байланыспен салыстырғанда радиоарнаның сенімділігінің
төменділігінен, жоғары баға мен базалық элементтің жоғарғы энергия тұтынуы,
сонымен қоса орнату мен орнату нысанының жүйесін өзгертулерінде
қиындықтар тудыруы көп уақыт бойы сымсыз жүйені тәжірибеде қолдануға
қиындатты. Қазір сымсыз жүйеде стандартты хаттамалар басқаруын және
мәліметтердің таратуын қолдайтын бағдарламалық қамсыздандырулардың
өркендеуі, сонымен қатар радиомодульдер мен модемдердің және
микросұлбалар жиынтығының нарықта пайда болуының арқасында кішігірім
11
радиуста желінің әрекет етуі сымсыз технологияның нәтижесінде мәліметтерді
жинау, басқару және автоматтандыру шынайы жүзеге асты.
Жеке алғанда сымсыз сенсорлы желілер әуеғарыш жүйесіндегі
құрылғылардың істен шығуын және ғимараттарды автоматтандыру жүйесі үшін
қолданылады. Өзінің өз бетінше ұйымдаса алу қабілеті мен дербес және бұзылу
төзімділігінің жоғарылығының арқасында, бұндай желілер қауіпсіздік жүйелері
мен әскери қолданбаларында белсенді қолданыста. Сенсорлы түйіндердің
интегралды сұлбалармен үйлесімділігінен биологиялық сенсорлардың өмірге
келуінің арқасында медицинада денсаулықты бақылауда сымсыз сенсорлы
желілер қолданыс тапты. Сымсыз сенсорлы желінің кең тараған аймағы
қоршаған орта мониторингі мен тірі жәндіктер үшін. Осыған орай, дипломдық
жобада тақырыбы ретінде сенсорлы желі негізіндегі жүйелерді дистанционды
мониторингтеу және бақылауды талдау алынды.
12
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Кеңселер мен өндірістік бөлмелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті
басқару мысалында желіні талдау.
Бүгінгі таңда өрт миллион теңгеге жуық мүлікті жояды. Осымен қоса өрт
адам өлімінің себепкері. Мәселенің бәрі ұсынылған қауіпсіздік жүйелерінің
ескіруінен болады, осы кезде нысанды бақылаудың бар жауапкершілігі
күзетшіге жүктеледі. Төтенше жағдай департаментінің ақпараты бойынша
былтыр Алматының өзінде 900-ге жуық өрт тіркелген. Биылғы жыл бітпей-ақ
Оңтүстік астанамыздағы ірі өрттердің саны елуден асты. Осы кезеңді 2012
жылмен салыстырғанда зардап шеккендердің саны екі есе өскен. Негізінен өрт
сауда кәсіпорындары мен кеңселерде, қойма мен өндірістік бөлмелерде болады,
оның арты үлкен шығынға ұшыратады. Санақ бойынша елімізде жыл сайын
өрттен төрт-бес миллиард соммасында материалдық құндылықтар жойылады
екен. Осы жылы екі жарым миллиард теңгені құрайтын мүлікті зақымданудан
сақтап қалды. Егер сол мүліктер жойылған сәтте шығындар бизнес
компаниясына жүктелер еді. Бірақ жалпы бұзылулардан өрт сөндірушілер бір
нәрсені сақтап қалған күннің өзінде кәсіпкерлер бұрынғы деңгейіне келе
алмайды. Өрттің салдарынан көптеген компаниялар жұмысын тоқтатты.
Алайда төтенше жағдай департаментінің пультына дабыл түскен сәттен бастап
оқыс оқиғасы болған жерге дереу бет алады. Бірақ осы жерде бірнеше
қиындықтармен қақтығысады. Біріншіден, үлкен заманауи қаланың қиындығы
- жол кептелісі, автотұрақта орын болмауы, кіру жолдарының бос болмауы.
Екіншіден, «адам факторлары», жол мен кептеліс қиындығы орын алмаса,
бизнесмендер компьютердің орнына күзетшілеріне сеніп тапсырады. Көбісі
осындай тәсілге жүгінбейді, себебі оның арты үлкен шығынға айналады.
Бұл мәселенің мәні әдетте ғимараттар автономды өрттің дабыл
құралдарымен жабдықталған, алайда осындай тәсіл өркениетті елдерде ескірген
болып саналады. ҚНжЕ сәйкес дабыл ғимараттарда орнатылып, жалын мен
бөлменің түтінделуін белгілесе, осы жерде дыбыстық дабыл естіледі.
Қызметшілер дабылды ести салуымен дереу өрт қызметіне хабарлау керек.
Бірақ осындай жағдайда адамдар сасқалақтап, дұрыс шешімдер жасай алмайды.
Мысал келтіретін болсақ, дереу өрт қызметіне хабарлаудың орнына өмірлеріне
қауіп келтіріп, өз бетінше өрт ошағын тауып және өртті сөндірмекші болады.
Кейбір жағдайларда өртенген ғимаратта ешкім болмауы да мүмкін, мысалы,
«күзетші» кейбір себептермен жұмыс орнын тастап немесе ұйықтап қалуы
мүмкін. Басшылығының келісуінсіз ұйым қызметкерлері өз бетінше шешім
қабылдап «101» қоңырау шала алмайды. Осының салдарынан уақытты
шығындап, өрт сөндірушілер өртеніп болған нысандарға бірақ жетеді.
13
Заманауи техникалық-ұйымдасушылық шешімдер «адам факторларын»
жоюға ат салысады. Бұл өртті бақылау жүйесі, ол өртті анықтайтын сымсыз
жүйе болып табылады. Ең басты ерекшелігі - өртеніп жатқан ғимарат жайлы
дабыл жауапты қызметшіге барып қана қоймай сонымен бірге өрт қызметіне
барады. Осындай тәсілмен адамдардың қателіктерін алдын алады. Жұмыс істеу
тәсілін анығырақ айтсақ, дабыл автоматтандырылған датчиктерден ұйымның
бақылау пультіне беріледі. Құрылғы дабылды өңдеп, қай нысаннан түскенін
анықтап, жақын маңдағы өрт бөліміне таратады. Өртену және ғимарат жайлы
(кіре беріс жолдары, қабаттар саны, қызметкерлер саны және т. с. с. )
мәліметтерді қайта жібереді. Айтылған кезеңдерді талдау бірнеше секундтарда
жүзеге асады. Мониторинг жүйесінің өзінде қиындықтар болады. Мысалы,
кәсіпорын және электр энергетика ұйымы, тұрмыстық коммуналдық
шаруашылық қызметкерлері, инженерлік коммуналдық ғимараттарға қызмет
ететін арнайы төтенше жағдайлары өрт және қорғау саласында ақпараттың
жедел жетпейі мен өңделмеу мәселерімен соқтығысуы мүмкін. Телеметриялық
ақпарат әртүрлі датчиктерден келіп түседі (қысым, температура, ылғалдылық
және т. б) нақты уақытта жиналып, өңделуі керек және ұялы байланыс
құралдарына таратылу керек. Берілген жағдайда жүйені өндіруде мақсатса сай
сымсыз телекоммуникациялық құралдар пайдаланылады. Бұл үрдіс ақпаратты
қабылдау мен өңдеуді жылдамдатады. Әртүрлi ақпарат жинау жүйесінде
деректердi тарату үшiн сымсыз технологияларды пайдаланудың ерекшелігі
басқару құрылғылар құнның төменділігі мен жоғары сенiмдiлiк қасиетімен
тартымды. Бұл шешім индустриалды жүйелерде RS-232, RS-485 стандартты
интерфейстерді қолдануда байланыстың өткізгішті түрін алмастыра алады.
Сымсыз технологияны қолдануда кәбелді қосылуларды өткізуден бас тарта
алады, иілгіштігін жоғарылатып қана қоймай мобильді жүйені басқару
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қолданбалы индустрия үшін сымсыз технологияны таңдауы,
телеметриялық ақпарат жинау негізінің талаптары - желілік стандарттың
ашықтылығы, желілік құрылғыларды өндірушілердің толық масштабты
қолдауы, әртүрлі өндірушілердің құрылғыларының үйлесімділігі, ұзақ
болашағының қолжетімділігі, үнемділігі, жүйеде әртүрлі желілік архитектура
құру мүмкіндігі, қарапайым қосылуы және қолданылуында.
Осыдан келе, жоғарыда айтылған мәселелерді шешу немесе жетілдіру
үшін дипломдық жұмысымда ZigBee сымсыз технологиясын енгізуді
ұсынамын. Кейін жұмысымда заманауи WPAN технологиясы жайлы айтылады,
ол жоғарыда айтылған ZigBee технологиясы мониторинг жүйесінде сымды
байланысты алмастырады, анығырақ айтсақ кеңсенің немесе өндірістік
бөлменің күзеті сымсыз жүйесінің негізінде қолданылады.
14
1. 2 IEEE 802. 15. 4 стандартының спецификациясы
Стандарттың кез-келгені сымсыз мәліметтермен алмасу интерфейсі
болсын я болмаса сымсыз байланыс болсын, өз ортасында тапсырмаларын
шешуге арналады. Мысалыға WiFi, орта қашықтықта жоғары жылдамдықпен
ақпаратты, видео және аудио тарата алады, WiFi сымсыз құрылғылардың
қолжетімділігі корпаративті және Интернет желісіне арналған. Сонымен бірге
Bluetooth стандарты аз қашықтықта ақпарат таратуға көзделген. Жылдамдығы
жағынан WiFi жетпейді, ол ағынды аудио және видео таратуға арналған,
мысалы, үй кинотеатрының компонеттері арасы үшін. ZigBee көмегімен
шешілетін негізгі тапсырмасы
-
орта қашықтықта шағын көлемдегі
ақпараттарды тарату. ZigBee спецификациясы осы стандарттың қабылдау және
таратқыш құрылғысы аз энерго тұтыну қажет. IEEE 802. 15. 4 және ZigBee
сапалы ағынды аудио және өте анық видеоларды беруге болмайды, бірақ
күрделі сұлбалы мониторинг пен әр саладағы тәжірибелік баруға болады. IEEE
802. 15. 4 құжаты желідегі жиіліктерді, аппараттық ерекшеліктерді және басқа да
ерекшеліктерді бейнелейді, осы уақытта ZigBee құжаты желілік басқару
прцесін, қауіпсіздік параметрлерін, үйлесімділікті, құрылғы профильдерін
қамтиды . IEEE 802. 15. 4-2 желісінің ерекшелігі ұялы және тәжірибелік кез
келген топологияны жүзеге асыра алады.
ZigBee хаттамасының стегі ақпараттарды таратуда ашық жүйелердегі OSI
(Open System Interconnection) жеті деңгейлі иерархиялық хаттама моделімен
құралған. Стек IEEE 802. 15. 4 деңгей хаттамасын құрайды, ол байланыс
арнасын, желілік бағдарламалық деңгейін және қосымшаларды қолдайтын
деңгейлер, Альянса ZigBee арнайы спецификасын анықтайды . Өз кезегінде,
ZigBee одағы ұсынған, ZigBee сымсыз ақпарат тарату технологиясы өзге
модельдердің өзара әрекеттесу деңгейін анықтайды. Оларға жататындар:
желілік деңгей, қауіпсіздік деңгейі, қосымшаның құрылымының деңгейi және
қосымшаның профилiнiң деңгейi. ZigBee сымсыз ақпарат тарату
технологиясының желілік деңгейі құрылғылардың табылуы мен желінің
кескініне жауап береді және үш желі топологияларын қолдайды [1] .
IEEE 802. 15. 4 архитектурасы стандартты жеңілдетуге арналған деңгей
қатарларын анықтайды. Әр деңгей стандарттың бір бөлігіне жауапты және
жоғарыда көрсетілген деңгей қызметтерін атқарады. Деңгейлер арасындағы
интерфейс берілген стандарттағы логикалық байланысты анықтайды (1. 1 сурет,
1. 1 кесте) .
15
1. 1 Cурет - ZigBee хаттамасының құрылымы
Стандарт ақпарат таратудың келесі жылдамдықтарын анықтайды: 250
Кбит/с, 100 Кбит/с, 40 Кбит/с және 20 Кбит/с. Радиоарна арқылы ақпараттың
таратылуы және қабылдануы PHY физикалық деңгейде жүзеге асады. Ол
жұмыстық жиіліктік ауқымды, модуляция түрін, максималды жылдамдықты,
арна санын анықтайды: O-QPSK - 2, 4 ГГц (16 арна, 250 Кбит/с) ауқымына
арналған ығысуы бар квадраттық фазалық манипуляция, BPSK - 915 МГц (10
арна, 40 Кбит/с) және 868 МГц (1 арна, 20 Кбит/с) жиілігіне арналған екілік
фазалық манипуляция. PHY деңгейі қабылдағыш - таратқыштың белсендіруін /
өшіруін, жұмыстық арнадағы қабылданған дабыл энергиясын детектрлеуді,
ақпарат дестесін қабылдау кезінде байланыс сапасын белгілеуді және CSMA-
CA (тасымалдаушыны бақылайтын және коллизияның алдын алатын ортаға
көптік рұқсат хаттамасы) хаттамасын іске асыруды қамтамасыз етеді [2] .
802. 15. 4 стандарты бұл - физикалық радио (радиотаратқыш-қабылдағыштың
микросызбасы) ; ал ZigBee - қауіпсіздік және маршруттау қызметтерін
қамтамасыз ететін логикалық желі және бағдарламалық стек екенін түсіну
маңызды.
802. 15. 4 стандарты сымсыз сенсорлы желідегі OSI эталондық моделінің
екі төменгі
-
физикалық (PHY) және арналық (MAC) деңгейлерін
ұйымдастыруға арналған. Бұл қабаттар жоғарғы қабаттарға қызметтерін
16
![]()
ұсынады (1. 2 сурет) . Қабаттар логикалық байланысты интерфейс арасында
анықтау қызметін атқарады. Физикалық деңгей екі қызмет ұсынады: ақпаратқа
физикалық қызмет көрсету және физикалық басқару. Деңгейдің есебі -
радиотаратқыш - қабылдағыштың активация мен дезактивациясы, арнаны
таңдау, энергия деңгейін (energy detection) анықтау және физикалық ортадан
пакеттердіі қабылдау. MAC деңгейі келесі қызметтерді ұсынады: арналық
деңгейдің ақпаратқа қызмет көрсету және басқаруын. Деңгейдің есебі -
дабылдық басқару, арнаға рұқсат алу, GTS басқару, дестелерді бекіту,
дестелердің жеткізілуін мақұлдау, құрылғылармен қосу (ассоциация) және
өшіру (дизассоциация), сонымен қоса механизмнің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету.
1. 2 Cурет - 802. 15. 4 стандарты сымсыз сенсорлы желідегі OSI эталондық
моделінің деңгей архитектурасы
Архитектураны айта кетсек, бүгінгі таңда сенсорлардың аппараттық
бөлігіне деген талаптар төмендегіше жинақталған: орталық процессордың
жиілігі 20 МГц тен төмен емес, оперативті жадының көлемі 4 КБ төмен
болмауы керек, жіберу жылдамдығы 20 Кбит/с төмен емес. Аппаратты
жабдықтандыруды оңтайландыру сенсордың көлемін кішірейткенімен, оның
бағасын арттырады.
17
![]()
1. 1 К е с т е - 802. 15. 4 стандартының спецификациясы
ZigBee технологиясы Wi-Fi немесе Bluetooth сияқты мәлiметтiң үлкен
көлемдерiн таратуға арналмаған. Мысалы, энергиятұтынуы, бағасы және
сенiмдiлiгі бойынша биiк көрсеткiштер керек жағдайда, датчиктер
көрсетулерiнің көлемi он байттан сирек асатын мәліметтерге жоғарғы
жылдамдықтың қажеті жоқ. ZigBee құрылымдарының көпшiлiгi келесi
алгоритм бойынша жұмыс iстейдi : құрылым уақыт түгелдей дерлiктi ұйықтап
жатқан күйде қуат жинағының ұтымды тәртiбi қамтамасыз етеді. Жаңа
мәлiметтер немесе құрылымның кезектi байланыс сеансының уақытында iске
қосылады, мәлiметтер жылдам беріледі және төмендетiлген энергиятұтыну
тәртiбіне қайтадан өтедi. Сонымен бiрге бiр үлгiдегi уақытша тоқтаулар арнаға
рұқсат алуға 15 мс, ұйықтап жатқан күйден белсендi өткелге өту 15 мс, желiге
жаңа құрылымның қосуға кеткен уақыт 30 мс-тi құрайды. Осылайша
батареялардың қызмет мерзiмiн 10 жылға дейiн созуға болады және ол
қосымшаның түрiне жұмыс циклының ұзақтығына байланысты, берілетін ток
мөлшері 15 . . . 30 мА құрауы мүмкін, ал ұйықтап жатқан күйде - 2 мА кем
болады. Нәтижеде, үн қосу бойынша тоқтаулар соншама аз, адам бөлмеге кiрiп
және ZigBee сымсыз байланысының қосқышын қосқан кезде жарық лезде пайда
болғанын тiптi байқамай калады. Бұл кезде Bluetooth желісіне қосылу уақыты 3
с құрайды [3] .
Желіде бірегей қасиеттері мен датчиктер жайлы ойлар Smart Dust
компаниясының қызығушылығын шақырды, Ember, Freescale Semiconductor,
18
Honeywell, Invensys, Mitsubishi Electric, Motorola, Philips Electronics және
Samsung фирмалар консорциумы ZigBee альянсына кіреді, аз қуат тұтынумен
сымсыз желі мониторингі және басқару ашық стандарт негізінде орын алды.
Бүгінгі таңда консорциум құрамына Analog Devices, Atmel, Cisco Systems,
Crossbow Technologies, Dust Networks, LG, Microchip, Nanotron Technologies,
NEC, Oki, Omron, Texas Instruments 100- ден аса жүйелер, датчиктер, микросұлб
жасалап шығаруда. Альянска кіретін компаниялар ISM, (2, 4 ГГц) жиілік
диапазонында істейтін, 15-20 м қашықтықта секундына бірнеше ондық бит
жылдамдығымен тарататын, сымсыз сенсорлы жүйенің бұйымы болатын IEEE
802. 15. 4 стандарты 2003 жылы қыркүйек айында шығарылды. Көптеген қызмет
көрсету салалары ( өнеркәсіп, көлік, коммуналдық шаруашылық, күзет)
сенсорлық желіні енгізуіне қызығушылық танытуда, тұтынушылар саны
үздіксіз өсуде. Үдеріс технологиялық қызметтердің күрделенуімен, өндірістің
өсуімен, жеке тұлғалардың сұранысының өсуімен, қорларды бақылаумен және
тауарлық - материалдық құндылықтарды қолданумен түсіндіріледі. Өнеркәсіпте
қолданылатын сенсорлы желідегі тұрғын -коммуналдық кешенде, үй
шаруашылығында, микроэлектрондық технологияның өркендеуімен жаңа
тәжірибелік тапсырмалар мен теориялық қиындықтар туды. Арзан сымсыз
сенсорлы құрылғыларды қолдануда параметрлерді басқара отырып, телеметрия
жүйесінде қолданатын және басқаратын жаңа аймақтар ашылды, солардың
қатарына:
− атқарушы механизмнің дер кезінде істен шығуын анықтау, мынандау
параметрлерді басқаруда: діріл, температура, қысым және т. б. ;
− нақты уақыт режіміндегі мониторинг нысанындағы жойылған жүйеге
рұқсат алуды бақылау:
− мұражай құндылықтарын күзетуді қамтамасыз ету;
− экспонат есебін қамтамасыз ету ;
− автоматты түрде экспонатты тексеру;
− инспекцияны автоматизация және өнеркәсіптегі активтерге техникалық
қызмет көрсету;
− коммерциялық активтерді басқару;
− энергетикалық және қор сақтайтын технологиялар кешенін қолдану;
− қоршаған ортаның экологиялық параметрлерін басқару.
19
1. 3 Сурет - ZigBee / 802. 15. 4 технологиясының қолдану аймағы
802. 15. 4/ ZigBee стандартының негізгі артықшылығы
-
оңай
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz