Желілік камералармен желілік бейнежүйелер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

8

9

10

Аннотация

В данной дипломной работе проводилось

разработка

системы

видеонаблюдения для частного дома. Основные преимущества, при разработке

камеры, экономичность аналоговой камеры, легкость процесса установки.

Камера была выбрана соответственно объекту и местности. Согласно проекту

были разработаны точка обзора и фокусные расстояния объектива, и выбран

выгодный вариант. А так же, были рассмотрены техника безопасности и

экономическая эффективность.

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыста жеке меншік үйге бейнебақылау жүйесін құруға

қарастырылды. Бейне камера құруда негізгі артықшылықтар, аналогтық

камераның үнемділігі, орнату үдерісі өте жеңіл. Камера, орнатылатын орны мен

нысанға сәйкесінше таңдалды. Камераның объективінің көру аймағына, фокус

аралығына байланысты жобаға сәйкес құрылды, оларды байланыстырудың

тиімді жолы таңдалды. Сонымен қоса, қауіпсіздік техникасы мен

экономикалық тиімділігі де қарастырылған.

11

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

1. Бейнебақылау жүйесі . . . 10

1. 1 Бейнебақылау жүйесінің даму тарихы . . . 10

1. 2 Бейнебақылау туралы негізгі түсініктеме . . . 15

1. 3 Негізгі бейнебақылау жүйелері . . . 16

1. 4 Сандық және аналогтық бейнебақылау . . . 17

2. Бейнебақылау жүйелерін қолдану аймақтары . . . 20

2. 1 Бейнебақылау жүйесін қолдану аймақтары мен міндеттемелері . . . 20

2. 2 Бейнебақылау жүйесінің негізгі мүмкіндіктері . . . 22

2. 3 Интернет арқылы желілік ІР-бейнебақылау . . . 24

2. 4 Жеке меншік үйге ІР-бейнебақылау жүйесін орнату . . . 27

2. 5 TL-SC3171G камерасының сипаттамасы . . . 30

3. Есептеу техникалық бөлім . . . 33

3. 1 Техникалық спецификация . . . 33

3. 2 Техникалық тапсырма . . . 33

3. 3 Бейнекамераны қондыру . . . 35

3. 4 Қашықтықты есептеу . . . 38

3. 5 TP-Link фирмасының бейнебақылау жүйесін негіздеу . . . 40

3. 6 Объективтің көру аймағы . . . 49

3. 7 Бейне камераның сезгіштігі . . . 52

3. 8 Байланыс сапасын негіздеу . . . 55

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 59

4. 1 Еңбекті қорғау туралы негізгі түсінік . . . 59

4. 2 Жобаның қоршаған ортаға әсері . . . 63

4. 3 Өрт қауіпсіздігі . . . 64

4. 4 Электр қауіпсіздігі . . . 68

4. 5 Қауіпсіздік ережесінің жалпы талаптары . . . 72

4. 6 Өндірістік шуыл мен дірілден қорғаныс . . . 74

4. 7 Ақпаратты бейнелеу жүйесіне қойылатын талаптар . . . 76

5. Бизнес жоспар . . . 77

5. 1 Түйін . . . 77

5. 2 Компания және сала . . . 77

5. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу . . . 78

5. 4 Маркетингті стратегия (бағдарлама) . . . 78

5. 5 Қаражат жоспары . . . 78

5. 6 Пайдалану шығындарын есептеу . . . 80

5. 7 Табысты есептеу . . . 85

5. 8 Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу . . . 87

Қортынды . . . 88

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 89

А Қосымшасы . . . 90

Б Қосымшасы . . . 91

12

Кіріспе

Жалпы көпшілікке аян, иерархиялық жүйе талаптары бойынша сырттан

келетін қауіп- қатерлерді бақылау басты мәселелердің бірі. Бұл түсінік тек қана

жеке бастың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар тұрақтылықты және

материалдық байлықты да ескереді. Қылмыскерлер тарабынан болатын, іс-

қимылдарға қарсы үш сатылы құрал- жабдық қолданылады: бақылау құралы,

кедергілер, күзетшілер.

Қазіргі заманғы дыбыс беру (дабыл қағу) және радиолокация

құралдарына қарағанда, көру

-

бақылау қондырғысының өзіндік

артықшылықтары басым.

Бейнебақылау жүйесі - белгілі бір объектінің қимыл- әрекетін бақылауға

қажетті бірден- бір маңызды кезеңнің бірі. Бейнебақылау жүйесі қаншалықты

жоғары сапалы болғанымен, егер оның негізгі орнатылуы дұрыс жүзеге аспаған

болса, онда шешім шығуы мүмкін емес. Сондықтан да, монтаж

қондырғыларының, қызмет көрсетілуінің, бейнебақылау жүйесінің

орнатылуының дұрыстығы - бейнебақылауды орнатудың алғашқы қадамында

міндетті түрде іске асырылуы тиіс.

Дипломдық жобаның тақырыбы - «Жеке меншік үйлерге бейне бақылау

жүйесін құру». Жұмыстың негізгі мақсаты - бейнебақылау жүйесінің қазіргі

таңдағы технологиялық қажеттілігін ерекшелеп, заманауи даму тоғысындағы

ағыннан қалыспайтындай, жеке меншік үйлерге бейнебақылау жүйесін орнату.

Дипломдық жобаның жалпы бөлімінде бейнебақылау жүйесінің қазіргі

уақытқа дейінгі даму тарихы мен негізгі түсініктемелер туралы анықтама

берілді. Негізгі бейнебақылау жүйелері, яғни сандық және аналогтық

бейнебақылау, ІР-бейнебақылау жүйелері туралы сараптамалық негіз

түйінделді. Оған қоса, бейнебақылау жүйелерінің қолдану аймақтары мен

міндеттемелері жайында жалпылама шолу жасалды. Бейнебақылау жүйесінің

мүмкіндіктері секілді ерекшелік белгілеріне сілтеме жасалып, жалпы бөлімді

аша түсті.

Дипломдық жобаның арнайы бөлімінде мақсаттың орындалуын іске

асыратын жүйе жөнінде сөз қозғалды.

Арнайы бөлімде жеке меншік үйлердегі белгіленген белгілі бір

орындарға, сыртқы аумақты бақылау үшін орнатылатын бейнекамералар

жөнінде толықтай анықтама беріліп, сараптама жүргізілді. Сонымен қатар,

бейнебақылау жүйесінің бағдарламалық жабдықтамасы қарастырылды.

Экономикалық бөлімде жобаны іске асыруға кететін материалдар

шығыны есептелді, әлеуметтік және еңбекақы мөлшерлері де назардан тыс

қалған жоқ. Жалпы жобаны жүзеге асыратын жалпы шығындар есептеліп

қарастырылды.

13

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде еңбекті қорғау туралы

жалпы түсінік пен жоба кезіндегі сақталынатын қауіпсіздік ережелері, оған

сәйкес электрқауіпсіздігі жайында түсінік берілді.

Негізі, бейнебақылау жүйесі - кең мағынаға ие жалпылама атау. Әр түрлі

объект үшін бейнебақылау жүйесіне де әртүрлі талаптар қойылатыны белгілі.

Қандай объект болмасын, бірінші кезекте, оның өзіндік спецификациясы

мен осыдан шығатын құрастыруды сақтаудағы жалпы концепциясына деген

индивидуалды қолжетімділік керек екендігін назарға алған жөн.

Бейнебақылау жүйесін орнату үшін барлық компоненттерін сауатты

қарастыру керек. Камера қандай жүйе болмасын ең негізгі түпнұсқа болып

табылады, ал бірақ та әртүрлі орында орнатылатын басқа да қосымша

қондырғылардың да орны ерекше. Мысал ретінде, ақпаратты көрсету, өңдеу

және сақтау, тіркеу қондырғылары мен шығару құрылғыларын айтуға болады.

Заманауи бейнебақылау жүйелері даму сатысында бәсекелестіктің алдын

алып келеді, қазіргі таңда бейнебақылау жүйесін портативті компьютер, ұялы

телефон және басқа да портативті құрылғылар арқылы басқара алуға жағдай

жасалған.

14

1 Бейнебақылау жүйесі

1. 1 Бейнебақылау жүйесінің даму тарихы

Бейнебақылау жүйесі нақтылай қарқын алған беті 25 жыл бұрын бастау

алған. Олар толығымен аналогтық жүйеден құралып, уақыт өте келе сандыққа

ұласты.

Ал, қорғау телебақылау жүйесі (немесе қарапайым

түрде

«бейнебақылау») өткен ғасырдың 40-шы жылдардың басында пайда болған.

Бейнебақылау жүйесінің алғашқы монтажы 1942 жылы Siemens AG

компаниясы Германиядағы Фау-2 ракетасын ұшыру кезінде бақылау

мақсатында жасаған болатын. Жобаның іске асып, бейнебақылау монтажына

жауапты - инженер Вальтер Брукх болатын.

Екінші дүнижүзілік соғыстан кейін бейнебақылау жүйесі АҚШ пен

Ұлыбританияда пайда болды, әскери базалар мен стратегиялық объектілерде,

арнайы қызметтерде қолданылды.

Ал АҚШ та алғашқы коммерциялық бейнебақылау жүйесі 1949 жылы

жүзеге асты, ол Верикон деп аталатын.

Бейнебақылау монтажы принципке сай болған-ды: әр камераның өзіндік

мониторы болатын. Ал қосымша қосылыс мүлдем ақталмайтын. 60-шы

жылдары орнатылған бейнебақылау жүйелері ақ-қара түсті және төменгі

кеңейтілімді камералардан тұрды, біздің заманымыздың тілімен айтқанда, 0, 3

Мегапиксельден аз, коаксиальды кабель арқылы байланысқан рұқсаттылық

болатын-ды. Әр камера өзіне тиесілі ақ-қара түсті монитормен байланысты. 16

каналдық бейнебақылау жүйесі 16 мониторды талап ететін, ал бейнежазылым

туралы мүлдем ой да болмаған. Ол кездегі бейнебақылау жүйелері

қымбаттылығына сай, тек коммерциялық және маңызды мемлекеттік

стратегиялық объектілерде ғана қолданылғаны бізге мәлім. Ал бірақ та 60- шы

жылдары да бейнебақылаудың техникалық дамуы қарқынды серпінмен іске

асып жатты. Ең бастысы, бөлшектеуші жәшіктер пайда болды.

Бөлшектеуші жәшіктер операторға камера аралығында бақылауға

мүмкіндік беретін. Операторлар бір камера көрсетілімін ғана емес, қатарынан

басқа камералар көрсетілімін де көре алатын мүмкіндігіне ие болды.

1968 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк штатындағы Олиэн қаласы-

әлемде құқықбұзушылықпен күрес мақсатында басты көшесіне бейнекамера

орнатқан алғашқы қала болып саналды. Өз кезегінде, бейнебақылау

камерасынан алынған мәлімет тікелей милиция басқармасына жол тартып

отырды. Бұл іс Олиэн қаласын құқықбұзушылыққа қарсы күресте көшбасшы

етті.

70-ші жылдары мультиплексорлар, бейнемагнитофондар мен

антивандалды корпустік камералар пайда болды. Мультиплексорлар бір

15

мониторда бірнеше камера көрсетілімін көрсететін жағдай туғызды.

Бейнемагнитофондар барлық камералардың жазылымын бір мезетке басылуын

қамтамасыз етіп, бір мониторда отырып бір уақытта көрсетіліп тұрған

суреттемелер санын ауыстыру мүмкіндігіне жол ашты.

Бейнебақылаудың «Алғашқы ұрпағы» кемшіліктерге толы болды. Бұл

әрине 80-ші жылдардағы бейнемагнитофондар ақауларынан туындайды.

Бейнмагнитофондар өте қырсық болатын. Ал жазылым сапасы өте нашар.

Бейнебақылау камераларының суреттемелері өте сапасыз, бейнелента

нашар болды, ал тағы бір кемшілігі - жақсы түсіріліп алған техникалық

шешімнің өзі жарамсыз болатын, себебі қыбыры көп суреттемені

идентификациялау яғни нақтылау мүмкін емес болатын. Сондықтан да,

бейнебақылауға артылған үміт ақталмады

деуге әбден болады.

Бейнемагнитофонның жұмыс істеу технологиясы операторға жағдайды көруге

мүмкіндік бермей, оған қоса жазылым басуға да жағдай туғызбайтын-ды. Соған

орай, іздеу үрдісі архивте болсын болмасын, қиындыққа кенелтетін.

Қозғалысты қадағалайтын арнайы қондырғының көмегімен не іс- әрекетті не

қашықтықтағы көрсетелімді басқару мүмкін болмайтын жұмыс болатын.

Эксплуатациядағы қымбат қондырғылар негізгі түйіндемеге сәйкес

жоғарғы функционалдылық пен сенімді жұмысты қамтамасыз ете алады

делінеді, бірақ та бейнебақылау монтажы ұйымдастыру кезінде қомақты

қондырғылардың қажеті де қанағаттандырмай шықты. Яғни, жай ғана

қаражаттың көзі болып, нәтижесіз мәмілеге алып келіп отырды.

90 шы жылдардың ортасына қарай, бейнебақылау «екінші ұрпағына» аяқ

басты, бұл кезде сандық бейнерегистраторлар пайда бола бастады, Digital

Video Recorders(DVR) - бұл жоғары сапалы бейнесуреттемелерді жазуға

мүмкіндік берді. DVR өз кезегінде алғашқы ұрпақтың кемшілігін кемелте түсті,

яғни бейнелента жөнін шешті десек болады. Сандық регистратордың қатқыл

дискісі бейнекассетаға қарағанда, ұзақ жасайтын және сыйымдылығы мол

болып келді.

Сандық бейнерегистраторлар автоматты түрде жұмыс атқарады және

ешқашан да жазылу үрдісінде пайдаланушыны қажет етпейді. Жазылған

бейнесуреттемелерді көрген кезде, регистратор жазылымды тоқтатпай, әрі

қарай жалғастырып жаза береді. Бейнесуреттемелердің міндетті атрибуттары

ретінде күні мен уақытының қойылуы болатын. Бір сөзбен айтқанда,

бейнекөрсетілімді көру және іздеу оңтайлы шешімін тапты. Регистратор TCP/IP

(интернет-Протокол) хаттамасын қолданғаннан бері, жеке қолданушылар

авторизациялық қолжетімділік арқылы бақылауда болып жатқан жазылымды

онлайн ретінде көре отырып, бөлмедегі дыбысы естуге, Локальды желі немесе

Интернет арқылы камераларды және жүйені толықтай басқара алады.

Осылайша, интернет желісі жүргізілген қайсыбір жерде болмасын, үлкен

көлемді ақпаратты ұстай алатын орталықты ұйымдастыруға болады.

Қаншалықты қашықтықта болса да бір- бірімен байланыса алатын операторлар

посттарын құруға болады.

16

Заманауи камераларды былай басқаруға да болады: камера жағдайын

көлденең және тігінен жазықтықта орналастыруға болады, объективтердің

әралуандылықтары мен (кейбіреуіне жұлдыздар

жарығы да жеткілікті) . Аудио- бейнебақылаудың бөлінбес бір бөлшегі іспеттес

болды. Бұл арине, операторға барлық оқиғаларды баяндап та суретеп те береді.

Бейнебақылау жазылымының екінші ұрпағы бір ғимаратты басқарып қана

қоймай, сонымен қатар қашықтықтан бақылауға да қол жетімді болды.

Осы жақында ғана бенебақылау жүйесінің үшінші ұрпағының заманы

орнады: бұл - ІР-бейнебақылау жүйесі- толығымен сандық.

Қазіргі таңдағы жүйелер сонау кассеталы бейнерекордермен байланысқан

аналогтық камералардан алдеқайда алшақта. Ендігі кезде, сандық жүйелер

желілік камералар мен жазылымға қажетті компьютерлік серверлермен

жабдықталған. Негізі, толықтай аналогтық және толықтай сандық жүйелердің

аралығында бөлшектенген сандық шешімдер болған-ды. Бұл шешімдер

бірнеше сандық компоненттерден тұрады, бірақ толықтай сандық болмады. Ал

осы таңдағы желілік бейнежүйелерде бейнеақпарат тұрақты түрде ІР-желі

арқылы жүргізіліп тұрады; олар толығымен иілгіш әрі масштабты болып

табылады.

Толықтай аналогты жүйелер:

1) Кассеталы рекордермен аналогты CCTV-жүйелері;

2) Бөлшектенген сандық жүйелер;

3) Сандық бейнерекордермен аналогты CCTV-жүйелері;

4) Желілік сандық бейнерегистратормен аналогты CCTV-жүйелері;

5) Толығымен сандық жүйелер;

6) Бейнесерверлермен желілік бейнежүйелер;

7) Желілік камералармен желілік бейнежүйелер.

Кассеталы бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV- жүйелері-

бұл коаксиальды кабель арқылы жүргізілген толығымен аналогты жүйе,

жазылым кассеталы бейнерекордерде жүзеге асты.

1. 1-сурет. Кассеталы бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV-

жүйесі

Кассеталы бейнерекордерлер үйдегі бейнемагнитофон қолданатын VHS

кассета түрін қолданады. Бейнеақпарат сығылмайды, сондықтан да бір

кассетаға 8 сағаттық жазылымды ғана жаза алатын еді. Үлкен көлемді

17

жүйелерде камералар аралығында және кассеталық бейнерекордерді

байланыстыратын коммутатор пайдаланылуы мүмкін. Ал көрсетілімді аналогты

монитор арқылы көре аламыз.

Сандық байланысқан аналогты CCTV-жүйелері-

бұл сандық жазылыммен қолданылатын аналогты жүйе. Сандық

бейнерегистраторда бейнелік жазуды үйымдастыру үшін бейнекассеталар

қатқыл дисктермен алмасқан. Бейнеақпарат сандықталып, сығылып және

сапасы кетпей бірталай уақыт сақталынады.

1. 2-сурет. Сандық бейнерекордермен байланысқан аналогты CCTV-

жүйесі

Бұдан алғашқы бейнерегистраторларда қатқыл дисктердің көлемі

шектеулі болатын, сондықтан да жазылу да соншалықты қысқа түрде

жүргізілетін, ал соған бола секундтық кадрлар санын азайту керек болды. Ал

заманауи даму деңгейінде қатқыл дисктердің көлемін ұлғайту мәселе емес

болып қалды. Сандық бейрегистраторлардың көпшілігі бірнеше

бейнекірістерден тұрады: - қарапайым 4, 9 және 16, - бұл өз кезегінде

коммутаторлар ретінде де қолданыла алады.

Сандық бейрегистраторлармен байланысқан жүйелер келесідей

мүмкіндіктерге ие болып табылады:

1. Кассеталарды ауыстырып әуре болмайды;

2. Тұрақты сапалы суреттемелер;

Желілік байланысқан аналогты CCTV-

жүйелері- бұл бөлшектелген сандық жүйелер, оның ішіне кіретіндері - желіге

қосылатын Ethernet-порты бар желілік бейнерегистратор болады. Осылайша,

бейнеақпарат сандықталып, бейнерегистраторда сығылады, өз кезегінде бұл

ақпарат компьютерлік желі арқылы қашықтықтан басқарыла алады.

1. 3-сурет. Желілік бейнерегистратормен байланысқан аналогты

CCTV-жүйесі

18

Кей жүйелер болып жатқан және «сақталған» бейнеағындарды көруге

мүмкіндік береді, ал басқалары - тек жазылған жазылымдарды ғана көрсетеді.

Кейбір жүйелер бейнеағынды көрсететін арнайы программалармен

жабдықталған; ал қалғандарында стандартты веб браузерлерді қолдануға

болады. Веб браузермен көрсетілім арқылы қашықтықтағы көру иілгіш және

тиімді болып келеді.

Желілік бейнерегистраторлар келесідей мүмкіндіктерге ие болды:

1. Компьютер арқылы қашықтықтағы көрсетілім;

2. Қашықтағы жүйені қолдану.

Бейнесерверлермен байланысқан желілік бейнежүйелер бейнесервер,

желілік свич және бейнебасқарушы бағдарламалық жабдықтамадан тұрады.

Аналогтық камералар бейнеақпаратты сығатын және сандықтайтын

бейнесерверге қосылады. Содан кейін бейнесервер желіге қосылып,

бейнеақпаратты желілік свич арқылы компьютерге жібереді. Ал ақпарат

компьютердің қатқыл дискісінде сақталынады. Бұл нағыз желілік бейнежүйе.

1. 4-сурет. Желілік бейнежүйе

Бейнесерверлермен байланысқан желілік бейнежүйелердің мынадай

мүмкіндіктері бар:

1) Бейнежазылым мен басқаруға арналған стандартты серверлер мен

стандартты желілерді қолдану;

2) in steps of one camera at a time жүйесін масштабтау;

3) қашықтықтағы бейнежазылымды жүзеге асыру;

4) желілік камераларды қосу арқылы жүйені қиындықсыз кеңейту.

1. 4-суретте желілік бейнежүйе көрсетілген, онда бейнеақпарат тұрақты

түрде ІР-желі арқылы беріліп тұрады. Бейнесервер - аналогтық жүйеден

бейнекеңейтілімге келетін ІР-негізді кілттік элемент.

Желілік камералармен байланысқан желілік бейнежүйелер. Жеоіок

камералар камералар мен компьбтерді бір құрылғыға бріктіреді, ал олар өз

кезегінде желімен қосылып, бейнеақпараттың сығылуы мен сандықталуын

жүзге асырады. Бейнеақпарат желлік свич пен желілік ІР-арқылы беріліп,

бейнебасқарушы бағдарламалық жабдықтамалы компьютерге берілп

отырылады. Бұл да нақты және нағыз желілік бейнежүйе оған қоса толығымен

сандық: онда аналогтық жүйе мүлдем қолданылмайды.

19

1. 5-сурет. Желілік камералар арқылы жүргізілетін желілік жүйе

Желілік бейнежүйе мынадай мүмкіндіктерге ие:

1. жоғарғы мегапиксельдік рұқсаттылық;

2. тұрақты сапалы суреттеме;

3. сымсыз жұмыс мүмкіндігі;

4. Power over Ethernet функциясы;

5. PTZ-, аудио-, және сандық кірістер мен шығыстар;

6. Толық иілгіштік пен масштабтылық.

1. 5-сурет нағыз желілік бейнежүйені суреттеп береді, онда яғни ең

бастысы желілік камералар арқылы ІР-желі көмегімен бейнеақпараттық берілуі

жақсы бейнеленген. Бұл жүйе толығымен сандық мүмкіндіктерді ашып,

көрсетілім болып жатқан жеріне қарамастан, суреттеменің сапалы екендігін

айқындайды.

Бейнебақылау жүйесі, сонау 40-шы жылдан бастап қаншама қиын да

қисынды кезеңдерден өтті. Қазірдің өзінде, бақылау нарығында төселу үшін

жаңадан жаңаша ойлар қосып, одан сайын қарқынды дамуда, қосымша

қосынды ретінде қаншама функциялар қосып, бейнебақылау жүйесінің эрасына

келіп беріп жатыр.

1. 2 Бейнебақылау туралы негізгі түсініктеме

Бейнебақылау жүйесі - белгілі бір объектінің қимыл- әрекетін бақылауға

қажетті бірден- бір маңызды этаптың бірі. Бейнебақылау жүйесі қаншалықты

жоғары спалаы болғанымен, егер оның негізгі орнатылуы дұрыс жүзеге аспаған

болса, онда шешім шығуы мүмкін емес. Сондықтан да, монтаж

қондырғылларының,

қызмет

көрсетілуінің, бейнебақылау жүйесінің

орнатылуының дұрыстығы - бейнебақылауды орнатудың алғашқы қадамында

міндетті түрде іске асырылуы тиіс.

Бейнебақылау жүйесін орнату үшін барлық компоненттер мен

бөлшектерін сауатты таңдай білу қажет. Камералар - қандай жүйе болмасын,

ең негізгісі болып табылады, бірақ соған қарамастан, қосымша

қондырғылардың жұмысы мен ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады.

Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы-

бұл тек қана бақылау

камераларының монтажы ғана емес, сонымен қатар қондырғылар мен

бағдарламалық жабдықтаманың орнатылуы. ІР- бейнебақылауын орнату

20

дегеніміз өз алдына камерадан алынған барлық мәліметтерді өзі өңдеп, өзі

сақтайтын сервер дайындығы. Монтаждау жұмысында дұрыс орнатылған

қабаттамалар да маңызды рөл атқарады.

Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптар мен міндеттер, яғни кіші

және үлкен объектілерде

-

шекарасына кіретін аумағының күзеті,

автотранспорттың кіріп-шығуы мен адам өтетін жерлердің бейнебақылауы,

оның ішінде объектілердің маңыды аймағын, дәліздер мен бөлмелерді

бақылау.

Белгілі бір бейнебақылау жүйесін таңдауда қондырғыларға әсер ететін

параметрлерге көңіл аударған дұрыс, олар өте көлемді әрі қилы-қилы. Олар

оған қоса бір-біріне әсер етіп, жүйе ресурстары үшін таласулары мүмкін.

Мысалға, бейнекадр сапасы(рұқсаттылық) басқа қондырғының

рұқсаттылығына, байланыс линияларының өткізгіштік қабілетіне, өңдеуші

құралдың қуатына, сақтау жүйесінің көлеміне әсер етуі әбден мүмкін.

Бейнебақылау жүйесінің камералараны таңдауда қандай негігі параметрді

білу қажет? (жобалау мен техникалық тапсырманы тағайындау)

Бейнеақпараттың көрсетілімі мен жазылуына, оның сақталып өңделуіне

өте ерекше әсер ететін негізгі параметрлер болып мыналар табылады:

1) Оперативті бақылау режимі - барлық болып жатқан жағдайға

оперативті реакциямен қадағалайтын күзет қызметі бейнемониторына

ақпаратты шығару;

2) «Полетті бөлу» режимі

-

барлық камералардан алынған

бейнекөрсетілім ақпарат тасымалдауыштарда жазылады, және ол тек бір

жағдайларға жушар болғанда не керек кезде ғана көрсетіледі.

3) Аралас режим - камералардың бір бөлігі оперативті баылаумен, ал

екінші бөлігі «полетті бөлу» режимдерінде жұмыс жасайды.

Барлық бейнебақылау жүйелері екі түрге - қарапайым(біркамералы) және

күрделі(көпкамералы) деп бөлінеді.

1. 3 Негізгі бейнебақылау жүйелері

Бейнебақылау жүйесін іске асырудың бірнеше негізгі тәсілдері болады:

1) Бейнерегистратор базасында. Бұл жағдайда өзіндік аудио- және

бейнефиксацияланатын құрылғы орнатылады. Негізгі сипаттамалары-

функциялардың жеткіліктілігі мен тепе- т0еңдіктері.

2) Бейнесервер базасында. Көрсетілімді іске қосады оны бақылайды және

аудио мен бейнефиксациялауды жүзеге асырады. Бұл жағдайға тұрақтылық пен

құрылымдарының иілгіштігі тән.

3) Сымсыз бейнебақылау жүйесі. Сымдық тәсіл болмаған жағдайда, ең

тиімді тәсіл болып келеді. Негізгі қондығырысы болып сымсыз желілік

бейнекамералар (wi-fi) саналады.

21

4) ІР-бейнебақылау жүйесі. Классикалық бейнебақылаудың дәстүрлі

функциялары мен ІР-жүйесінің шегі жоқ шексіздігіне ие мүмкіндіктерін

байланыстырған, қазіргі таңдағы ең ерекше жүйе.

1. 4 Сандық және аналогтық бейнебақылау

Бейнебақылау жүйесі (CCTV ағылшын аббреватурасы - Closed Circuit

TeleVision-

жабық бейнебақылау жүйесі)

-

жауапты объектілерде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнебақылау жүйесінің қазіргі таңдағы технологиялық қажеттілігін ерекшелеп, заманауи даму тоғысындағы 3 ағыннан қалыспайтындай, күзетшінің жұмысын жеңілдетдей бейнебақылау жүйесіне бағдарлама жасау
Сандық және аналогтық бейнебақылау
Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы мен жаңартылуы
Желілік камераларға қосылған желілік бейне жүйелер
Кейде оны компания Intel көтерді арналған күлкі
«PHOTOMOD» Сандық фотограмметриялық жүйе
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
Ақпаратты кодтың өмірде қолданылуы
Бейнебақылау жүйелерінің жіктелуі, қызметтері
Бейнебақылау жүйесіне орнатылатын бағдарламалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz