Бокстың әдіс тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР3

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР4

АНЫҚТАМАЛАР5

КІРІСПЕ6

1ЖАЛПЫ БОКСТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ9

1. 1Бокстың даму тарихы9

1. 2Қазақстандағы бокстың дамуы. Қазақ боксшыларының әлемдік арнадағы жетістіктері 15

1. 3Әлемдік аренадағы Қазақстан боксшыларының жеткен жетістіктері 19

2 БОКСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ БОКСҚА ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ 22

2. 1 Бокстың әдіс тәсілдері 22

2. 2 Жасөспірім боксшылардың әдістік әректінің ерекшелігі . . . 49

2. 3 Бокс әдісін меңгерудегі негізгі тәлімдік тәсілдер . . . 53

3 РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ58

3. 1Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жалпы сипаттама 58

3. 2Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жеткен жетістіктер . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ68

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-ІІІ 3ҚР заңы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 18 наурыз 2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың оқу үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялауын жүргізу ережелері. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер. 2009. 09. 01.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТЖ - тыныс алу жиілігі

ЖДД - жалпы дене дайындығы

ӘТД - әдістемелік техникалық дайындық

БЖСМ - балалар мен жасөспірімдер спорт мектебеі

ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі

ОЖЖ - оқу жаттығу жиыны

БДД - боксшының дене дайындығы

ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы

АНЫҚТАМАЛАР

Жұмысқақабілеттілік - адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара білу қабілеті.

Дене жаттығулары - дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.

Тыныс алу жиілігі - бір минут ішіндегі дем алып, шығару саны.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - терең дем алып, дем шығарған кезде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі.

Штанга сынамасы - дем алу кідірісінің сынамасы.

Генча сынамасы - дем шығару кідірісінің сынамасы.

Күш - адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тура алу қабілеті.

Шапшаңдылық - адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.

Ептілік - адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік - адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппараттарының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.

Иілгіштік - қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

КІРІСПЕ

Еліміздегi дене тәрбие жүйесі халықтың денсаулығын нығайтуға, жеке қабілетін, рухани қайратын арттыруға, жан-жақты дайындығын жақсартуға, қозғалыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Осы қалыптасқан дағдылар еңбекте, Отан қорғауда және еліміздiң азаматтарының патриоттық тұрғыда қалыптасуына тәрбиелік әсерін тигізеді.

Белгілі жүйеде ұйымдастырылған дене тәрбиесі және спорт сабақтары тәртіптілік, саналылық, ұйымшылдық, ұйымдастырушылық, ынталылық қасиеттерді тәрбиелеумен қатар, өзі еңбек ететін ұйымы, қоғамы, қаласы, елі, Отаны үшін сүйіспеншілікке, мақтаныш сезiмдерге баулиды[1] .

Боксты елімізде басқа да дене-шынықтыру және спорт түрлері сияқты адамға өмірде қажеті жан-жақты дайындықты, мінез- құлықты тәрбиелеу үшін қажетті құрал есебінде пайдаланады.

Бокстың бұқаралық дамуы біздегi боксшылардың спорттық шеберліктерінің өсуімен байланысты.

Боксшының қалыптасқан дағдылы қимылдарын меңгеру үлкен назар аударуды, дәлдікті, жылдам ойлауды қажет етеді. Қатаң ережелермен шектелген жарыс орны боксшыдан қимыл әдістерін жетік меңгеруді талап етеді. Ережелер боксшыға жаттығу және жарыс кезінде де белгілі бір талаптарға сай әсер етуге мәжбүр етеді. Бұл тәртіптілікке және ең басты мақсатқа көңіл бөлуге тәрбиелейді[2] .

Боксшы өзінің алғашқы үйрену қадамдарынан бастап кездесу кезінде ынтаны өз қолынан шығармауға, қарсыласының жігеріне тойтарыс беруге, жылдам қимылдап, ұрыс кезінде сенімділікпен өзімен тең немесе басым қарсыласымен өтетін кездесуде қиыншылықтарды жеңуге, жеңiлудiң өкініштеріне төзуге дағдыланып, өзінің шеберлігін ары қарай шыңдауға деген талап- жігерін ұдайы сақтауға тәрбиелеуі қажет. Осы талаптар боксшыны саналылыққа, шыдамдылыққа, белсенділікке, жүйке жүйесінің тұрақтылығына, айлакерлікке, көздеген мақсатына жетуге тәрбиелейді. Оқу-жаттығу жұмыстары кезінде өзара көмек, нұсқаушылық, білім, ұжымдылықты тәрбиелеу бірге жүргізіледі.

Бокстың емдік мәні де бар. Бокспен ұдайы шұғылданғанда сүйек-буын жүйелері мықты болады, күш-қуаты ұлғаяды, бұлшық еттері шыдамдылыққа және оралымдылыққа тәрбиеленеді, денеде зат алмасу ұлғаяды, тіршілік қуаты артады.

Бокстағы алған қасиеттер күнделікті өмірде де пайдаланылады. Арнайы дайындалмаса да бокс мінез-құлықты, еңбекте және Отанды қорғау ісінде пайдалануға септігін тигізеді. Бұлшық еттердің жақсы сезімталдығы, жақсы қимыл үйлестiгі, лезде шешім қабылдап, оны асыру, жылдам және жеңіл қозғалу, қысылшаң ортада әрекет ету, боксты өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыратын, әр түрлі әрекеттер жасауға қабілеттілікке баулитын спорт түрі деп санауға мүмкіндік береді[3] .

Сонымен қатар, бокстың спорт түрі ретінде де маңызы зор. Боксшыларымыз Азия, Әлем бiрiншiлiктерiндегi және Олимпиада ойындарындағы жетiстiктердiң арқасында Қазақстанды бүкiл дүние жүзiне танытты. Бокс барған сайын еліміздің ауылдары мен қалаларында кеңінен тарауда.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жасөспірімдердің ерекшекліктеріне қарай жаттығу жиындарын дұрыс жоспарлау білім мен тәжірибені талап етеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты физикалық жүктеме дұрыс берілмеген жағдайда спортшы ағзасына кері әсерін тигізуі, жарақат алуы тағы да басқа келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жаттықтырушылардың жас өспірім боксшыларға жас ерекшеліктеріне байланысты дұрыс бағдарда жаттығулар жүктеу, әдіс тәсілдер мен жаттығудың басты ережелерінғ, өзін-өзі бақылауды, режимді түсіндіру өтте маңызды.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: жасөспірім боксшылардың әдістік әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу нысаны - Райымбек аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің спортшылары.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы проблеманың қазіргі уақыттағы деңгейін жүйелендіру және меңгеру.

Зерттеу әдістері - баяндау, сараптау және таңдау.

Қолдану аймағы - физикалық тәрбиелеу сабағы, физикалық тәрбиелеуді оқыту әдісі, спорт мектептеріндегі жасөспірімдердің жаттығу жүйесі.

Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданған әдебиет тізімінен тұрады.

1 . Жалпы бокстың даму тарихы

  1. Бокстың даму тарихы және тәжірибесі

Ежелгі дүниедегі жұдырық . Жұдырықтасу ежелден жекпе - жектің бір түрі болып табылады. Оның түрлері мен әдістері уақыт өткен сайын өзгеріп, дамып келеді.

Жұдырық сайыстары жөніндегі алғашқы деректермен тасқа қашалған суреттерді біздің заманымыздан 3мың жылдай бұрынғы ежелгі Мысыр ( Египет ) мен Бабыл (Вавилион ) жазбаларынан кездестіреміз.

Ежелгі Египеттегі перғауындар табытында да жұдырықтасып жатқан адамдардың бейнелері бар. Бұл жекпе жек түрлерінен жарыстардың осы елдерде өте ерте заманда - ақ өткізіліп тұрғанын көрсетеді. Грек мемлекетінің бастауы болып есептеліп жүрген Крит - Микен дәуірінен қалған бірнеше суреттер мен бедерлерде де жұдырықпен ұрысып жатқан адамдар бейнеленген[4] .

Ежелгі Грецияда жұдырықтасу сайысы басты спорт өнерінің бірі болғанын тарихтан білеміз. Гомердің «Илиадасында» (біздің заманымыздан бұрынғы X-XII ғасырлар) жұдырықтасу жарысының өткізілу тәртіптері жайлы мағлұматтар бар. Ол кезде сайысқа шыққан адамдар қолдарын өгіздің терісінен жасалған қайыспен орап алатын болған. Жарыс арнаулы орындарда өткізілген. Оны қызықтауға қазіргі бокс жанкүйерлері сияқты жұрт көп жиналған және жеңімпаздарға арнаулы жүлделер тапсырылған[4] .

Спарта мемлекетінде жұдырықтасу сайысы жастарды жауынгер қатарына дайындап жаттықтыруда кеңінен қолданылған. Бертінде жұдырықтасу үлкен жиындардағы ең басты спорттық бәсекелерінің бірі болып, ірі жарыстардың бағдарламасына енді. Ал біздің заманымыздан бұрынғы 688 жылы өткен XXIII олимпиядалық ойындар бағдарламасына спорттың жеке түрі ретінде тұңғыш рет енгізілді.

Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда жұдырықтасуды үйрену мен оған жаттығу арнаулы мектептерде жүргізілген[5] .

Онда шапшаңдық пен ептілік басты қасиет болып есептелінді. Жекпе - жекке түсетіндер жарақаттанудан сақтану үшін қолдарын май сіңген терімен таңып алатын болған. Қарсыластар салмақ дәрежесіне бөлінбеген және жекпе - жектің уақытына да шек қойылмаған. Бәсекелестердің біреуі жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда ғана жекпе - жек тоқтатылған.

Байырғы Элладада жұдырықтасу сайыстары көрермендер тамашалайтын қызық ретінде өткізіле бастады. Жекпе - жекті өткізу тәртібі де өзгерді. Жұдырықшылар бір қолмен басын қорғап, екінші қолмен шабуыл жасайтын болған. Сол кезден бастап ол кәсіби спортқа айналып оған арнайы қолғаптар жасалды. Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырда ішіне қорғасын қаңылтыр салынған қолғаптар пайда бола бастады[6] .

Ежелгі Римде де жұдырықтасу сайысы кеңінен дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдың басында Рим республикасында жұдырықтасудан жекпе - жектер амфитеатрларында өткізіле бастады. Ал І ғасырда император Октовиан Августтің құрметіне Рим қаласының маңында арнайы жарыс өткізілді.

Қазақстан жеріндегі жұдырықтасу сайыстары. Жұдырықтасу жекпе - жегі ежелгі түркі халықтары арасында да кең тарады. Сол кезде - ақ мұндай сайыстар оған қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген. Бәсекеге қатысушылар иін тіресіп қатар тұрып немесе жеке - дара шығып жұдырықтасқан. Бірінші топта - балалар, екінші топта - жасөспірімдер, ал үшінші топта - үйленгендер сынға түскен. Байырғы үйсін, керей, найман, мемлекеттері тұсында түркілер жұдырықтасуды табандылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшаңдық пен күштілікке баулитын тәрбие құралы ретінде пайдаланған[7] .

Иін тіресіп қатар тұрып жұдырықтасудың да өзіндік ережелері болады. Бәсекеге қатысушылар бірнеше қатар тізіліп тұрады екен. Олардың негізгі міндеті - жұптарын жазбастан қарсыластарының осындай бекінісінен өту. Жеңілгендер сайыс алаңынан шығып, жаңа күш жинап келетін болған. Сондықтан мұндай сайыстар біраз үзілістен кейін қайта жалғасып, екі жақтың бірі жеңілгенін мойындаганнан кейін ғана тоқтатылған.

Жұдырықтасу бәсекелері кезінде жалаңаш жұдырықпен де, қолғап киіп те сынға түсуге рұқсат етіліп, жұдырықтың қатты тиюіне себеп болатын заттарды пайдалануға тыйым салынды.

Қарсыластар бір - біріне бетпе - бет қарсы келіп шабуылдайтын болған. Қарсыласты шалуға немесе баспен соғуға, жығылған кезде ұруға, тебуге рұқсат етілмейді. Мұндай ережені бұзғандарды қатысушылардың өздері - ақ жазалап отырды. Ж ұдырықтасу бәсекесі ХХ ғасырдың басында мүлде жаңа бір түрі ретінде жедел дами бастаған бокс келген еді[8] .

Ағылшын боксы. Орта ғасырда жалаңаш жұдырық боксы жұдырықтасу мен күрестің жинақталған түрі Ұлыбританияда кеңінен тарады. Мұндай бокс жарыстары арнаулы жерлерде өткізілді. Оған көрермендерде көптеп жиналатын болған. Бастапқы кезде спортшының қимылына шек қойылған жоқ. Қарсыластарға бірін - бірі шалуға, жығылып жатқанда ұруға немесе жекпе - жек үстінде күрес әдістерін қолдануға да рұқсат етілді. Сондықтан мұндай жекпе - жектердің көбі үлкен даумен аяқталатын.

1743 жылы цирк иесі Джемс Браутон осындай дауларды болдырмау мақсатымен ағылшын боксының алғашқы ережесін шығарды. Жаңа ереже бойынша жекпе - жек ринг ортасындағы ұзындығы мен ені 91 сантимертлік шағын шаршы алаңда басталатын болды. Егер боксшы соққыдан немесе тепе - теңдігін ұстай алмай құлап қалса, онда оның көмекшісіне жарты минут ішінде көмектесуге рұқсат етілді. Боксшы сол жарты минут өтпей тұрып жекпе - жекті жалғастыру үшін, ортадаіы шаршы алаңға қайта шығуы керек болатын. Егер боксшы сол уақыт ішінде ортаға шыға алмаса, немесе көмекшісі жарысты жалғастыруға рұқсат етпесе, жеңіс қарсыласына берілетін болған[9] .

Браутонның ережесі шамамен жүз жылдай қолданылып оған бұл кезде ешқандай өзгеріс енген жоқ. Ол кезде бокстың әдістері де басқа еді. Күрес әдістерін қолдану боксшының рингте тез қозғалуына, шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олар соққыдан ғана қорғанып қоймай қарсыласының аяғынан шалып немесе күрес әдістерін қолдануға жол бермеу үшін де қарсы амал қолдануға мәжбүр болды. Сондықтан олардың рингтегі қозғалысы да боксшылардан гөрі балуандардың қимылдарына көбірек ұқсайтын. Ағылшын боксында да негізгі құрал - соққы болып есептелінгендіктен, боксшылар шегініп, жалтарып қорғанатын. Ал ара қашықтық тым жақындағанда боксшылар бірін - бірі құшақтап алып, нағыз балуандарша алысатын.

Кәсіби бокс. Боксшылар жекпе - жегіне көрермендер көп жиналады. Сондықтан осындай бәсекелерден көп пайда түсіруге тырысушылар жарыстарды жиі ұйымдастырып отырды. Пайданы мол түсіретін жекпе - жектерді ескі ереже бойынша өткізу мүмкін емес еді. Жалаңаш жұдырық боксындағы кейбір қатыгездіктер көрермендерге онша ұнамайтын. Сондықтан 1867 жылы бокстың жаңа ережесі қабылданып, ағылшын боксының орнына кәсіби бокс пайда болды[10] .

Квинсберри ережсі деп аталатын жаңа ереже бокста бет бұрыс жасап, боксшылар енді соққының күшін азайтатын жұмсақ қолғап киетін болды. Қорғану айла - тәсілдеріне де, әдістерге де, елеулі өзгерістер енгізілді.

Күрес әдістерін пайдалануға, аяқтан шалуға біржола тиым салынды. Сөйтіп, бәсекелестер рингтегі жекпе - жек кезінде еркін қозғалуға мүмкіндік алды. Мұның бәрі бокстың спорт түрі ретінде дамуына жақсы жағдай жасады.

Квинсберри ережесі кәсіби бокс пен әуесқойлар боксының жаңа ережелерінің негізі болып есептеледі[11] .

Жаңа ереже рингтегі жекпе - жектерді өткізуді жоспарлы түрде ұйымдастыруға жол ашты. Жекпе - жек раундтарға бөлініп, бұл бокстың дамуына елеулі үлес қосты. Бәсеке қарқынды тартысты өткізілді. Егер бұрын екі боксшы да жекпе - жектің аяғына таман шаршап, баяу қимылдайтын болса, енді белгілі уақыттан кейін үзіліс алып, жарысты қызу қарқынмен қайтадан жалғастыруға мүмкіндік туды. Алдын - ала жасалған келісім бойынша раундтың ұзақтығы мен саны белгіленіп мұндай жағдай боксшылардың өз күшін есеппен, тиімді пайдалнуына мүмкіндік берді.

Бокста қолғапты пайдалану боксшылардың соққысына да өзгеріс енгізді. Олар бұрын қолын жарақаттап алудан жасқанып, сақтықпен қимылдайтын. Егер қатты соққы көзге тисе, онда жарысты жалғастыруға мүмкіндік болмайтын.

Боксшылар қорғаныстың жаңа әдістерін қолдана отырып, қарсыластарының соққысына алақанды, иықты, білекті тосып қорғануға мүмкіндік алды. Сол себепті де жекпе - жек кезінде жарақаттанудан қорықпайтын болды.

Боксшылардың қолғап киіп сынға түсуі, кездесуді ұпай санымен ұтуға да мүмкіндік берді. Егер бұрын күшті және шыдамды боксшы ғана жеңіске жететін болса, енді епті және айлалы боксшының ұтуына да жағдай туды.

Олар өз шеберліктерін толық көрсетуге мүмкіндік алып, ауыр соққыдан кейін он секунд ішінде жарысты қайтадан жалғастыра алмаса, онда ол жеңілді деп есептелінді. Бұл да бокста ауыр жарақаттың азаюына жағдай жасады. Ал олардың салмақ дәрежесіне сәйкес топтарға бөлінуі, бұрынғыдай ауыр салмақтылардың ғана басымдылығына жол беретін артықшылықты жойды[12] .

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде кәсіби бокстың халықаралық ассоциациясы құрылды. Халықаралық ассоциация жеке елдердегі ережелерді жинақтап, бір жүйеге түсірді. Кәсіби бокстағы кездесулер 10-15 раундтан тұрып, әр раунд үш минутқа созылды. Раундтардың көбін ұтқан боксшы кездесудің жеңімпазы аталатын болды. Кәсіби бокс ережесінің әуесқой бокс ережесінен айырмашылығы шамалы. Бірақ қолғаптардың кішкене болуы мен жекпе - жектің ұзаққа созылуы боксшының үнемі сақ жүруін талап етті. Ал шабуыл мен қорғаныс кезінде ережеден тыс кейбір әдістерге де рұқсат берілетін. Мұндай жайлар кәсіби бокста тәртіпсіздік пен қатыгездіктің көбеюіне жол ашты.

Боксты мол пайда табудың құралына айналдырушылар оның көрермендерге көбірек ұнайтын алдамшы жағына баса назар аударды. Оларға керегі негізгі ауыр соққылар. Боксшы қарсыласын қалайда ұрып жығуы керек. Сондықтан да олар денесі мығым, күші мол, ұзақ жекпе - жекке шыдайтын боксшыларды іздеді[12] .

Әуесқойлар боксы. Әуесқойлар боксының алғашқы даму кезінен - ақ кәсіби боксқа тән дөрекілік пен қатігездікке жол бермеу көзделді.

Әуесқойлар боксының кәсіби бокстан ең басты өзгешелігі мынада: әуесқойлардың жарыс ережесі жекпе - жекке қатысушылардың денсаулығын сақтауды көздеп, қауіпті әдістерді қолдануға тиым салды. Соққылардың күшін бәсеңдету мақсатымен қолғаптың салмағы 250граммға дейін көбейтілді. Егер боксшылардың біреуі қарсыласынан айқын басымдылық көрсетсе, жекпе - жек аяғына жетпей тоқтатылды. Бұл әлсіздеу босшыны босқа жарақат алудан құтқарды.

Әуесқой боксшылар ассоциациясы тұңғыш рет 1881 жылы Ұлыбританияда құрылды. 1889 жылдан бастап Солтүстік Америкада да әуесқойлар жарысы өткізіліп, 1903 жылы Францияда, ал кейінірек мұндай жарыстар басқа елдерде ұйымдастырыла бастады[13] .

Дүние жүзінің боксшылары төрт жылда бір рет бас қосып, олимпиядалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін анықтады.

Әуесқойлар жарысының ауқымын кеңейту мақсатымен 1904 жылы Сент - Луис қаласында өткен олимпиядалық ойындардың бағдарламасына бокс енгізілді. Бірақ басқа елдердің алыстығына байланысты бұл олимпиядалық ойындарға Америка Құрама Штаттарының боксшылары ғана қатысты. 1908 жылы Лондонда IV олимпиадалық ойындар өтті. Бұл жолы рингке ағылшын боксшылары ғана шықты. Мұндай ірі жарысқа қатысушылардың аз болуының басты себебі - бокстың әлі де кеңінен тарап жете дами қоймағандығы еді. Тек 1920 жылы олимпиядалық ойындарға ғана көптеген елдердің өкілдері қатысты.

1946 жылы қазанда Лондонда өткен конгресте бұрынғы Халықаралық бокс қауымдастығының (ФИБА) орнына жаңа ұйым - әуесқойлар боксының Халықаралық ассоциациясы (АИБА) құрылды. Оның негізгі міндеті - әуесқойлар боксын кеңінен дамыту және түрлі елдер боксшыларының жолдастық кездесулерін өткізу еді. АИБА - ның жарғысында халықаралық жарыстар ережесі бекітіліп, олар сол ережені басшылыққа алады[14] .

1946 жылы әуесқойлар боксының Халықаралық ассоциациясына 24 ұлттық ассоциация мүше болды. Ал қазір оның құрамында жүзден астам елдің ұлттық ассоциациялары мен қауымдастықтары еніп отыр.

Дүние жүзінің және Европаның біріншіліктерін, олимпиядалық ойындар турнирін және әлем кубогі үшін жарысты өткізудің тәртіптері бекітілді. Бұл жарыстарда боксшы алғашқы жеңілістен кейін ақ турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды. Кездесулері үш минуттық үш раундтан тұрды. Мұндай уақыт боксшылардың күшін жоғалтпай, өз шеберліктерін толық көрсетуіне мүмкіндік берді.

Осы жағдайлар және әуесқойлар боксын өнер ретінде дамытуға арналған басқа да шаралар әуесқойлар боксына халықаралық сипат берді.

  1. Қазақстандағы бокстың дамуы. Қазақ боксшыларының әлемдік арнадағы жетістіктері

Отызыншы жылдардың бас кезінде республикамызда алғашқы бокс үйірмелері ұйымдастырылды. Алматыдағы « Темп» спорт қоғамында бокс өнерін үйренуге құштар бір топ жас бас қосты. Бокс әліппесін үйренгеннен кейін үйірме мүшелері арасында бірнеше байқау жарыстарын өткізді. Спорттың осы жаңа түрін алғаш үйренген әуесқойлар әсіресе жас балаларға бокс жайлы мағлұмат беруді алдыларына мақсат еткен еді. Көп кешікпей-ақ былғары қолғап киюге құштарлар саны да көбейді. «Темп» спорт қоғамының жанынан республикадағы бірінші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

Қазақстан боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлы республикада спорттың осы түрінің дамып, елімізде алдыңғылардың қатарына қосылуына көп еңбек сіңірді. 1933 жылы Ш. Бөлтекұлының басшылығымен Алматыда «Динамо», «Спортак» және «Медик» спорт қоғамдарында бокс үйірмелері жұмыс істей бастады.

Қазақстанда бокспен айналысушылар көбейді. 1938 жылы Алматының өзінде ғана төрт команда болды. Ал бір жылдан кейін Астанада тұңғыш рет ресми жарыс өткізілді. Елуге жуық боксшы рингке шығып, күштілері анықталды.

1940 жылы Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қосымша топтар құрылып, оған 14-16 жастағы мектеп оқушылары қабылданды. Сол жылы астанада оқу - жаттығу жиыны өткізілді. Оған республиканың барлық облыстарының өкілдері қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Боксердің техникалық және физикалық дайындығы
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Бокстың жалпы ержелері
Малды союға дайындау
Өсімдіктерді сауықтыру
Боксшы соққысының маңызы
Қазақстандағы бокстың дамуы
БОКСШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА АЙНАЛМА ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері
Малды есеңгірету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz