Электр энергиясының тұтынатын қуаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

7

8

9

10

Аңдатпа

Берілген жобада алыстағы тұтынушыны жел электр энергиясымен

жабдықтау, атап айтқанда «Жасыл жайлау» астық шарушылығын жел

энергиясымен үздіксіз түрде қамтасыз етіп отыру. Жүктеме және

электрэнергияны өндіру есебі жүргізілді, вертикальді өстік желі қондырғысы

пайдаланудың негіздемесі келтірілген. Электрстансалардың ауаға шығаратын

зиянды заттарының, шу қорғанысының, токпен жарақат алудан қорғау

есептері қарастырылды және өміртіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

туралы мәліметтер көрсетілді. Экономикалық мәселелер және сұрақтар

қаралды, жел энергиясының пайдасы мен шығындары есептелінді.

Аннотация

Данный дипломный проект затрагивает тему электроснабжения

зернового хозяйства «Жасыл жайлау», относящегося к потребителям третьей

категории. Производился расчёт электроэнергетических нагрузок, графики

нагрузок. Были рассмотрены вопросы касающегося использования

нетрадиционных источников энергии и их эффективности. Сделаны расчеты

экономических эффективностей от вложения инвестиций. А так же были

рассмотрены вопросы касающегося безопасности жизнедеятельности.

Abstract

This thesis project touches upon supply of grain farming "Zhasyl zhailau"

belonging to the third category of consumers. Used for calculating the electric

power load, load charts. The issues relating to the use of alternative energy sources

and their effectiveness. Made calculations of economic efficiency of investments.

And also addressed issues relating to safety.

11

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1. Қазақстандағы балама электр энергетика

1. 1. Қазақстанның энергия жүйесінің сипаттамасы . . . 8

1. 2. Желдің энергиясы . . . 10

1. 3. Қазақстандағы жел энергетикасының сипаттамасы . . . 12

1. 4. Қазақстандағы жел энергетикасының даму келешегі . . . 17

2. Ауданның және электрмен жабдықтау жүйесінің қысқа сипаттамасы . . . 22

2. 1 Электр энергиясының тұтынатын қуаты . . . 24

2. 2. Нысанның электрмен қамтамасыз етілуін есептеу . . . 21

2. 3 Жүктеме графиктері . . . 25

2. 4. Жарықтандырушы жүктемені есептеу . . . 27

2. 5. Зауыт бойынша күштік электр жүктемелерін есептеу . . . 28

2. 6. Құрал-жабдықты таңдау . . . 30

3. «Жасыл жайлау» астық шаруашылығын жел электр энергиясымен

қамтамасыз ету . . . 33

3. 1 Жел агрегатын таңдау . . . 38

3. Инвертор таңдау . . . 41

3. 3. Нысан үшін аккумулятор батареяларының (АБ) түрін таңдау . . . 42

3. 4. Аккумуляторлық батареялардың санын есептеу және оның типінің электр

жабдықтауға тәуелділігі . . . 45

4 Өмір тіршілік қауіпсіздігі

4. 1 Акустикалық есептеу және шудаң қорғанудың шаралары . . . 49

4. 1. 1 Аккустикалық есептеу және қорғанудың шаралары . . . 51

4. 2 Бөлме ішіндегі электр қауіпсіздік шаралары . . . 53

4. 3 Аккумуляторлық батареяларды зарядтаған кезде қолданылатын қауіпсіздік

шаралары . . . 55

5 Экономикалық бөлім . . . 58

5. 1 Жұмысты ұйымдастырудың жалпы сұрақтары . . . 58

5. 2 Өнімдер нарығының сипаттамасы . . . 59

5. 3 Жобаның экономикалық негізделуі . . . 60

5. 4 Ұйымдастырылған және заңдық жоспар . . . 60

5. 5 Қаржылық жоспар . . . 61

5. 6 Инвестициялық жоспар . . . 61

5. 7 Финансты-экономикалық тиімділіктің инвестициялық көрсеткіштері . . . 64

Қорытынды . . . 66

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қысқартулар мен белгіленулердің тізімі . . . 69

12

Кіріспе

Қазақстанның

мәнді территориясы және ауылдық жерлерде халық

санының төмендігі 360 мың километрді құрайтын ауылдық электр берілісін

және жүктеменің төмен тығыздығын анықтайды. Ұзындығы үлкен ауылдық

электр желілерін төменгі деңгейде тұтынғанда, ол мәнді шығындар сияқты

(25-50%) тұтынушыларда мәнді дәрежеде электр энергиясының өзіндік құнын

арттырады. Сарапшылардың бағалауы бойынша алыстағы аз қуатты

тұтынушылар үшін электр энергиясын транспорттаудың нақты құны

5 цент/кВт. сағ-қа жетуі мүмкін, бұл бұндай тұтынушалардың энергиямен

қамтамасыз етілуін экономикалық жағынан тиімді етпейді. ҚР МСХ

мәліметтері бойынша 255 ауылдық жерлер электрмен жабдықталмаған.

Қазақстанда 180 000-ға жуық ауыл шаруашылықтар бар, олардың біраз бөлігі

де электр жабдықтарына қол жетімсіз. Электр жабдықтарының, телефон

байланысының және сумен жабдықтаудың болмауы тұрғындардың өмір сүру

жағдайларын нашарлатады және ауылдық жердің әлеуметтік-экономикалық

дамуын тежейді.

Электроэнергетика нысандарының қоршаған ортаны ластау мәселелері

қатаң түрде қойылып отыр.

Қазақстандағы көмір электр стансаларының

түтініндегі улы заттардың концентрациясы халықаралық стандарттардан

бірнеше рет асып түседі. Электр стансалардың атмосфераға шығаратын

зиянды заттары жылына 1 млн. тоннадан асып түседі, ал қоршаған ортаны

ластайтын заттардың жалпы көлемі 11 млн. тоннадан асады.

Қазақстанда жылу электр стансалары Парниковый Газ-ның таралуының

негізгі көздері болып табылады. Бұл сектордың үлесі елдегі ПГ-ның жалпы

бөлінуінің 43 %-н құрайды. Мәселен, 2010 жылда электр энергияны өндіру

артқанда ПГ-ның лақтырылуы 1990 жылдағы энергосектордың деңгейінен

өсіп кетті.

Сарапшылардың жуықтап бағалауы бойынша Қазақстандағы көмір

энергетикасынан қоршаған ортаға тигізетін сыртқы зиянының құны электр

энергиясының әрбір кВтсағ үшін 7, 7 теңгені құрайды.

Көмір ЖЭС-терде өнідірілетін электр энергиясының көлемін ескере

отырып сыртқы зиян келтірудің құны жылына 4, 3 млрд. АҚШ долларымен

бағалана алады.

Осы байланыста

үшінші категориялы тұтынушыны жел

агрегаттарының көмегімен электрмен жабдықтау

тақырыбын ерекше өзекті етеді.

13

аталған жұмыстың

1. Қазақстандағы балама электр энергетика

1. 1. Қазақстанның энергия жүйесінің сипаттамасы

Отын энергетикалық кешенінің негізгі элементтерінің бірі электр

энергетикасы болып табылады, республиканың өнеркәсіп өндірістерінің бүкіл

көлемінің 7 %-нан аса тұтындырады. Шартты түрде отандық энергокешенді

үлкен үш өңірге бөлуге болады: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс.

Солтүстік және Орталық өңірлерге Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан,

Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары кіреді. Бұл облыстарда

энергетикалық шаруашылықтар бірегей желіге біріктірілген және де Ресей

Федерациясының жетілдірілген энергожүйесімен тығыз байланыста. Электр

энергиясын өндіруде бірінші орынды Екібастұз электр стансасы алады ( 4000

МВт-қа дейін) . Бұл жерде көмір көздері өндірілетін болғандықтан ауданда

көмір электр энергиясы басым қолданылады.

Оңтүстік өңірі. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан

облыстары ортақ желіге біріктірілген, бұл өңірлер Қырғызстан мен Өзбекстан

энергия жүйелерімен тығыз байланыста. Өзінің отын көздерінің жоқ болуы

және үлкен стансалардың жоқ болуына байланысты, көрші елдердің

электрэнеригясының импортына тәуелді болып келеді. Осы мәселені шешу

үшін 1998 жылы транзитті электр желі салынды. Ол Екібастұз, Нұра, Ағадыр

және Алматы транзитті электр желісі деп аталады. Оның қуаты 500 кВ. Бұл

жағдай көрші елдерден электр энергиясының импортына тәуелді болуды

жойды және де Орталық және Солтүстік облыстардың энергожүйесіне

қосылды.

Батыс өңіріне Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары кіреді. Бұл

облыстар Ресей Федерациясының энергожүйесімен біріктірілген. Тек бір

облыс энерго жүйесі біріктірілмеген, жеке дара болып істейтін Ақтөбе

облысы. Керекті қуаттарды толығымен жабу үшін және сыртқа электр

энергияны

жобалануда.

экспорттау

үшін осы өңірлерде жаңа стансалар салыну

Қазақстанда

табиғи көздердің дұрыс бөлінбеуі өзінің әсерін тигізіп

жатыр. Бір өңірлерде артығымен болса, басқа өңірлерде табиғи көздердің аз

болуы не болмаса мүлдем жоқ болуы. Сондықтан көрші елдерден электр

энергияның импортауына тәуелді болып отыр.

Қазіргі уақытта әр түрлі жобалар қарастырылуда. Үлкен жарыстар

жүргізілмекші: өндірістік және өнімдік. Бұл жобалардың және жарыстардың

ұйымдастырылуының себебі Қазақстанның энергетика жүйесін жетілдіру

және оны экспортқа шығару болып табылады.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, энергетиканы жетілдіру үшін және

оны дүниежүзілік стандартқа сай болу үшін де балама энергокөздерін қолдану

болып табылады. Қазақстанда қайта қалпына келу энергияларының

потенциалдары (су, жел, күн, биогаз, органикалық қалдықтар) үлкен. Олар

14

шығындардың азаюына және экологиялық мәселелерді шешілуіне алып

келеді.

Қазақстанда жаңартылған көздер энергиясының потенциалы жоғары,

елімізде суды да, желді де, күнді де және биогазды да қолдану өте тиімді.

Болашақта 2020 жылға дейін балама энергия көздері жалпы электр энергияны

тұтынудан 5 %-ды құрауы тиіс деген болжамдар жасалып отыр. Осы

айтылған бағыттардың, басқа да энергожүйелер секілді жақсы жақтары және

де минустары болады.

Оларды қолдану тиімді және де оларды зерттеген

ғалымдар өте көп және де басқа елдерде кеңінен қолданыста болғандықтан

тиімділігіне көзіміз жетеді. Мысалға, бұл балама энергия көздерін қолдануда

шет елдерінде 19-ғасырлардан бастап қолданылады. Әсіресе, Дания, АҚШ,

Қытай, Швейцария, Жапония, Корея және т. б. елдерде кеңінен қолданыста.

Экологияға деген зияндары жоқ, экономикалық жағынан да жақсы, өйткені

жаңа жұмыс орындары пайда болады, отандық машина жинау бөлімдерінің

жетілдіруіне алып келеді, зиянды улы газдардың бөлінуінен аурулардың

азаюы. Алайда, біздің елімізде осы энергия көздерінің жетілуін тежейтін

мәселелер көп. Олар:

- нормативті түрде жеткіліксіз қамтамасыз ету;

- осы бағыттағы инженерлердің жоқ болуы және осы бағыттағы

ғалымдардың аз болуы;

- еліміздің политикалық толық стимуляциясының жоқ болуы;

- ең басты мәселе, энергожүйеде ЖЭС-тің басым болуы.

Арнайы мамандардың бағасы бойынша елімізде жаңартылған энергия

көздерінің потенциалы жоғары және оны өндіріп тұтынуға мүмкін, егерде осы

көздерді игере бастаса, электр энергия өндірілуі тұтынудан асып түсуі мүмкін.

Алайда, мамандардың айтуы бойынша еліміздің территориясы үлкен

болғандықтан оны жабдықтау және жаңартылған энергия көздерінің көлемін

нақты анықтап білу өте қиынға соғады.

Қазіргі уақытта елімізде жел электр энергиясын дамытуға және

қолдануға бізде жақсы мүмкіндіктер бар, мысалға Жоңғар ауданында және

Шелек аймақтарында желдің жылдамдығы 7-9 м/с және 5-9 м/с.

Маңайындағы электр берілістердің болуы да тиімді боллып келеді.

Егерде елімізге қайта жаңартылған энергия көздерін өндіріске кіргізсек,

Қазақстан мыңдаған тонна табиғи ресурстарды үнемдейді және еліміздің

табиғаты, ауасы тазарады.

Осы бағытты елімізге игеруге басты мәселелердің бірі:

- жаңартылған энергия көздерін толығымен жақсы игерген мемлекет

біріншілікке ие болады және отынға деген бағаны беріп отырады;

- жоғарыда айтылғандай, ол табиғи көздерді сақтап қалуға және оны

химиялық өімдерге және өнеркәсіптің басқа бағыттарына жұмсалуына

мүмкіндік береді, өзінің бағасын ақтау уақыты қысқа және балама

энергетикаға бағалар төмендейді, ал дәстүрлі энергетикада керісінше

қымбаттайды;

15

- табиғатқа зияны тимейді, көптеген экологтардың зерттеулері бойынша

отындарды энергетикада қолдану климаттың бұзылуына алып келеді;

- адамдардың санының өсуіне байланысты, СЭС және АЭС-тің зияны

адамға тимейтін жерге салуынуы тиіс, АЭС салынған жерлерде адамдардың

онкологиялық аурулардың санының өсуі жәнеде басқа аурулардың пайда

болуына алып келетіні белгілі;

эволюциялық-тарихи: Жердегі отын ресурстарының шектелгеніне

байланысты, сонымен қатар атмосферадағы және биосферадағы

катастрофалық өзгерістердің экспоненциальді өсуіне қарай дәстүрлі

энергетика дағдарысқа әкелуші болып көрінеді; қоғам эволюциялық дамуы

үшін альтернативті энергия көздеріне көшуді бастау қажет.

Қайта жаңарту энргия көздеріне көшудің тағы бір себебі, олардың

негізінде көптеген жоғары технологиялық бағыттардың дамуы, ғалымдарға

келетін көмектердің көбеюі. Өзіміздің елімізде 5 МВт-қа дейінгі жел

қондырғыларын шығаратын болды, биогазды да ауыл шаруашылығында

қолдана бастады, Балқашта елімізде бірінші күн-жел біріктірілген жүйесі

салынды.

Дәстүрлі емес энергия жүйесі бізде жаңадан және барлығы басынан

бастап салынатын болғандықтан ауқымды түрдегі капиталдық инвистициялар

қажет, дәстүрлі энергия жүйесіне қарағанда. Бірақ, дәстүрлі энергия

жүйесінде қолданылатын органикалық отынның құнының өсуі, қоршаған

ортаны қорғау мақсатында бөлінетін қаржылардың өсуі дәстүрлі емес энергия

көздеріне салынатын ақшадан асып түседі. Ал бұл бағыт әлі де дамыйды және

де еліміздегі энергияны сақтаудың ең маңызды бөлігі болып саналатын

болады.

1. 2. Желдің энергиясы

Жел - дәстүрлі емес энергия көздерінің бірі. Мамандардың айтуынша,

жел тиімді энергия көздерінің бірі және ол тек дәстүрлі энергия көздерін ғана

емес, ядролық энергия көздерін ешқандай жаман залалдарсыз оларды

ауыстыруы мүмкін.

Жел электр энергиясының өңдірген кездегі пайдалы жағдайлар:

- Зиянды қалдықтарсыз өңдіріледі;

- Табиғи отынның қажеті болмауы;

- Алыста орналасқан жеке нысандарға тиімді болуы;

- Табиғи көздерге қарағанда қолдану уақытының шексіздігі.

Ғалымдардың айтуынша, жел электр энергиясы болашақта қосымша

электр энергия болып саналатын болады. Шет елдегі мамандардың

зерттеулері бойынша, егер де жел агрегаттарының бағасын 2 есе азайтса және

оның сенімділігін бірнешеге арттырған кезде, болашақта жел электр

стансалары дәстүрлі электр энергиясына ең күшті бәсекелес бола алады.

Дүниежүзіндегі елдердің көпшілігінде (АҚШ, Франция, Дания, Италия,

Великобритания, Германия, Жапония және т. б. ) осы бағыттың дамуына

16

қаражаттар бөліп отырады. Көбінесе зерттеулер жүргізген кезде,

қондырғының сенімділігіне, шудың азаюына, телефон және радио

стансаларына кесірін тигізбейтін мәселелерге көңіл қатты бөлінеді.

1994 жылы Данияда 3500-3600 жуық жел электр қондырғылары

қолданыста болған, соңын өзінде жалпы тұтынудың 3 % ғана құраған.

Калифорнияда (АҚШ) 14 000 жуық жел агрегаттары жұмыс істеп тұрған. 1997

жылда жел агрегаттарының саны 21 000 жуық болған, олар 3000 МВт/сағ

электр энергияны өндіріп отырған. Сол кездерде жел агрегатының құны 3000-

3500 дол/кВт, ал өндірілген электр энергияның бағасы 20-25 цент/(кВт/сағ) -

ты құраған. Уақыт өте келе жел агрегаттарын жақсарта отырып оның құны да

төмендей бастады, соған байланысты электр энергияның да құны азайды.

Басқа елдерде, яғни өздерінің табиғи көздері аз немесе мүлдем жоқ, жел

электр энергиясын дамыта бастады. Мысалы, АҚШ-та және Еуропа

елдерінде жел элетр энергиясына көңіл қатты бөлінді, қазіргі уақытта да

бөлініп және дамып келе жатыр. Егер де оның пайыз үлесі жалпы алғанда 12

болса, 3 жылдан кейін 24 %-ға өсіп отырды.

Жел агрегаттары қазіргі уақытта қуатты 300-700 кВт өндіретін болды,

бұрынғы кездері жел агрегаттары тек максималды түрде 100 кВт өндіретін.

Жел агрегаттарының жаңа құрылыстарында аэродинамикалық профилдер

қолданылатын болды, олар синтетикалық материалдардан жасалады. Көп

элементтері электрондалған, желдің жылдамдығының өзгеруін қадағалап

отыратын электрллік құрылғылар қосылған. Мұндай құрылғылар желдің

жылдамдығын эффективті түрде және нақты пайдалануға мүмкіндік береді.

Солтүстік Германияда ЖЭҚ өндіретін электр энергиясының құны 14

цент/(кВт·сағ) -ты құрайды. 1996 жылға дейін жалпы қуаты 500 МВт ЖЭҚ-н

енгізу ойластырылған және 1995 ж. бірінші жартысында ЖЭҚ-тің

тағайындалған қуаты 90 МВт-ты құрады.

Индияда өкімет қолдаған желге қатысты шу 1995 ж. басталды. 1995 ж.

ортасында-ақ 121 МВт эксплуатацияға енгізілді және келесі 12 айда 950 МВт

енгізілуі тиіс болды. Осы бағдарламаның орындалуы нәтижесінде Индияның

кейбір аймақтарында өндіруші қуат ондаған рет өсті.

Қытайда, Жаңа Зеландияда, Швейцарияда, Канадада және Кубада ЖЭҚ-

ның құрылысы жүзеге асырыла бастады.

Жел энергетикасын дамыту мүмкіндігіне ие елдерге Аргентинаны,

канаданы, Қытайды, Ресейді, Қазақстанды, Мескиканы, Оңтүстік Американы

және Тунисті көрсетуге болады, оларда электроэнергияның қажеттілігін 20%-

ға дейін желдің энергиясы есебінен жабуға болады.

Сонымен қоса 20 кіші субтропикті елдер, олар электроэнергия

қажеттіліктерін қымбат дизель-генераторлық қондырғылардың есебінен

қанағаттандырады, оларда желді қолдануды дамыту мүмкіндіктері бар.

Кейбір елдерде жел энергетикасын энергия көзі ретінде дамыту қарсы әсерге

тап болуда. Бір жағынан, жел фермалары үлкен аудандарды алады. Екінші

жағынан, ЖЭҚ-ның құрылысы кезінде ландшафтың өзгеруіне байланысты

проблемалар туындайды. ЖЭҚ алып тұрған аудандарды ауыл шаруашылық

17

қажеттіліктеріне қолдануға болады. 1 га жердің құны аймаққа қарай 100-ден

2500 дейін дол. құрауы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, эстетиканың сақталу

талаптарын көптеген жағдайда шешуге болады.

ЖЭҚ-ның құрылысына байланысты 1994 ж. пайда болған тағы бір

проблема құстардың миграция барысында өліп қалу қаупі. Орнитологтар

құстардың миграция жолдарының ЖЭҚ аудандары арқылы өтетінін нұсқайды.

Осыған байланысты табиғатты және оның проблемаларының масштабтарын

түсінуге тиісті ғылыми зерттеулер жүргізудің қажеттіліктері туып отыр.

Сарапшылар оның жемісті түрде шешілетініне сенімді.

Тағы бір маңызды пробеламлардың біріне қондырғы туғызатын шудың

деңгейінің әсері және ЖЭҚ жұмыстарының радиобайланыс жүйелеріне әсері.

Жел энергетикасының тағы бір проблемасына, желдің энергиясын қолдануға

тиімді аймақтардың ірі индустриялық орталықтардан шалғай орналасуы, ал

жаңа электр берілісі желілерінің құрылысы уақыт пен шығындарды қажет

етеді. Сөйтіп, мамандардың есебі бойынша 2000 МВт-ты 2000 км-ге берілуге

арналған электроберіліс желілері 1, 5 биллион дол. Тұруы мүмкін.

КСРО-да, сонан соң Ресейде, жел энергетикасы жетекші капиталистік

елдерден артта қалып отыр, алайда бұл елдің географиялық жағдайы

энергияның осы түрін қолдануға жақсы әсерін тигізеді.

Жердегі желдің қосынды кинетикалық энергиясы 0, 7⋅1021 Дж

шамасымен бағаланады /16/. Алайда бұл энергияның көп бөлігі мұхиттардың

үстінен бөлінеді. Осыған қарамастан орманға оралмаған жазықтарда да

желдің энергиясы жоғары. Сонымен қоса бұндай жерлерде желдің

тұрақтылығы жоғары, ол әсіресе желэнергетикалық қондырғылардың жұмысы

үшін аса маңызды.

1. 3. Қазақстандағы жел энергетикасының сипаттамасы

Жел энергиясы. Заманауи кезеңде қозғалыстағы ауа массаларының

энергиясы қалпына келетін энергия көздерінің келешегі мол көздерінің бірі

болып табылады. Қазақстан жел энергиясының үлкен потенциалына ие

аздаған елдердің қатарына жатады.

Кейбір мәліметтер бойынша Қазақстандағы теориялық жел потенциалы

1830 млрд. кВт/сағ/ж. құрайды. Келешегі бар жерлердегі жел потенциалының

нақты бағалауын беру үшін биіктігі 30-80 м метеочаттарды қолдана отырып

арнайы метеозерттеулерді кем дегенде бір жыл бойы жүргізу қажет. А лынған

метеомәліметтер жел қондырғыларының өндіретін жылдық өнімін есептеуге

қолданыла алады.

Отандық сарапшылардың бағалауы бойынша республикадағы жел

энергиясының техникалық потенциалы4 млрд. кВт/сағ/ж-ға жуық.

Жекелеген назарды Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - батыс аймақтары

талап етеді, онда электр энергиясын ауа ағындарымен генерациялау

мүмкіндіктерінің аналогтары жоқ. 10-нан немесе одан да көп аудандарда

18

орташа жылдамдығы 8-10 м/с үлкен жел потенциалы бар, ал еуропалық жел

стансалары орташа жылдамдығы 4 - 5 м/с-те жұмыс істейді. Әсіресе

Қытаймен шекаралас Алматы облысындағы «Жоңғар қақпалары» және

«Шелек дәлізі» аса белгілі.

«Жоңғар қақпаларындағы» қуаты 5 МВт бірінші жел электр

стансасының құрылысы үшін бас экологиялық фонд 2, 5 млн. $ және Қазақстан

өкіметі 4 млн. $ бөлді. Әдетте жел электр стансалары мұнарадан, қалақшары

бар қанатшалардан және электр генераторынан тұрады. Олар қоршаған

ортаны ластамайды. Жел энергиясы көптеген жерде қол жетерлік

болғандықтан оны өндіріп және траспорттаудың қажеттігі жоқ. Жел оның

таралу жолында тұрған жел қозғалтқышына өзі келіп түседі. Оның көмегімен

көп энергия өндіру үшін алуан жер кеңістіктері қажет.

Бір ауданда 1100 дана қуаты 100-250 кВт ( жел дөңгелегінің диаметрі 25

м болғанда ) ЖЭҚ орналастырыла алады. Мұндай бір қондырғының өнімі

шамамен 60 мың кВт/сағ. Басқа келешегі бар аудандардың бірі Ерментау

(Алматы облысы) - м2 -та 3700 кВт/сағ, Форт-Шевченко (Каспий теңізінің

жағалауы) - м2 -та 4300 кВт/сағ, Қордай (Жамбыл облысы) - м2 -та 4000

кВт/сағ және т. б. атауға болады. Жамбыл облысындағы Бурный ауылындағы

Шақпақ жел дәлізіндегі желдің орташа жылдамдығы 24 м/с, ол 5 МВт-қа

есептелген жел стансаларын тағайындауға мүмкіндік береді. Алматыда

«Алма-Арасан» санаторийінің электр энергиясына қажеттілігін толық

қамтамасыз ету ұсынылады (2-4 МВт) .

Желді қолдану жаңа ЖЭО-дың, атом стансаларының құрылысынан бас

тартуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда - Шарын арнасындағы гидро

станса құрылысынан. Дәстүрлі энергия көздерін демеу тек қана электр

стансаның газды тиімді тазалайтын ауаға лақтырушы технологияларын

жақсартуға 5, 6 млрд. $-ды талап етеді.

Электр энергия беріліс желілерінің жақындығы, электр энергиясын

қажет ететін жел маусымының жақсы корреляциясы, сондай-ақ электр

энергияға деген жергілікті сұраныс бұл ресурстерді тиімді қолдануға жағдай

жасайды. Белгілі метеорологиялық мәліметтердің негізінде жел электр

стансаларын (ЖЭС) орналастыруға арналған аудандар нұсқалды :

- Жоңғар ЖЭС-і - 40 МВт;

- Шелек ЖЭС-і - 140 МВт;

- Сарыиек ЖЭС-і - 140 МВт;

- Алакөл ЖЭС-і - 140 МВт;

- Қарой ЖЭС-і - 20 МВт;

- Шенгелді ЖЭС-і - 20 МВт;

- Қордай ЖЭС-і - 20 МВт.

Жалпы қуаты - 520 МВт, өнімі - 1, 8 - 2 млрд. кВт/сағ/ж,

инвестицияның қажетті деңгейі - 500 млн. $ төңірегінде.

Электр энергияға деген сұраныстың өсуінің болжалуы және электр

стансаларының тозуы

негізінде, алыс орналасқан аудандарда электр

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жел-энергетикалық станциясы
Құрастырма электр жабдықтыру (ҚЭЖ) жүйенің автоматтандырылған басқару жүйесі
Жатақхананы электрмен жабдықтау
Жылуэнергетика және қоршаған орта
Энергияның индукциялық қабылдағыштары немесе реактивті қуатты тұтынушылар
Метрология пәнінен
Трансформаторлар
Жел электр станциялары
Жиілікті электр жетекті сорғы станциялары
Отын - энергетика кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz