PON желінің трафигін есептеу


10
![]()
11
![]()
12
![]()
13
![]()
Аңдатпа
Дипломдық жоба «Жаңаөзен қаласының «Өркен» шағын ауданында
GPON қатынау желісінің жобасын дайындау» тақырыбындағы желі құруға
арналған тапсырмаларды, оларды жүзеге асыруға арналған технологиясын
және қажетті жабдықтарды таңдауы ұсынылады.
GPON (Gigabit Passive Optical Network) негізінде желі құру арқылы
мәліметтердің үлкен ағынын (IPTV, Internet, NVOD, VoIP т. б. ) тұтынушыларға
Ethernet негізінде тікелей жеткізуді айқындау және оның практикалық
мәселелерін шешу болып табылады.
Аннотация
Дипломный проект посвещается Разработке проекта сети доступа GPON
в микрорайоне «Оркен» г. Жанаозен, он представляет собой анализ задач для
построения сети, выбор технологии для дальнейшей реализации, а также
выбор необходимого оборудования.
Освещение и решение практических проблем построения сети GPON
(Gigabit
Passive Optical Network) для передачи большого потока данных
(IPTV, Internet, NVOD, VoIP и т. д. ) с дальнейшей постройкой сети на основе
Ethernet непосредственно до клиентов.
14
Мазмұны
Кіріспе . . . 9
1 Жаңаөзен қаласындағы орнатылған желіге шолу . . . 10
1. 1 Жаңаөзен қаласындағы желінің сипаттамасы . . . 11
1. 2 Жаңаөзен қаласының телекоммуникациялық рыногіне анализ . . . 11
1. 3 Ethternet желісінің типтік құрылымы . . . 13
1. 4 Телекоммуникациялық инфроқұрылымның дамуы . . . 14
1. 5 PON технологиясына шолу . . . 17
1. 6 PON дамуының болашақтары . . . 18
1. 7 PON технологиясының артықшылықтары . . . 28
1. 8 Дипломдық жобаның мақсаты . . . 33
2 Жаңаөзен қаласындағы «Өркен» шағын ауданына GPON желісін орнату . . . 34
2. 1 Орнатылған желі құрылымы және байланыс мүмкіндіктері . . . 34
2. 2 Желіні жобалау құрылғыларын таңдау . . . 38
2. 3 Коммутаторды таңдау . . . 49
2. 4 Серверді таңдау . . . 50
2. 5 GBIC модульдерін таңдау . . . 52
3 PON желісін есептеу . . . 55
3. 1 Желі жүктемесі мен өткізу қабілетін есептеу . . . 55
3. 2 PON желінің жүктемесін және трафигін есептеу . . . 59
3. 3 PON желінің трафигін есептеу . . . 69
3. 4 Оптикалық талшықтың негізгі сипаттамаларын есептеу . . . 69
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 73
4. 1 Аппараттық және операторлық залдардың еңбек жағдайын талдау . . . 73
4. 2 Қондырғылардың бөлетін айқын жылу мөлшерін анықтау . . . 75
4. 3 Ауа алмасуды есептеу және кондиционерді таңдау . . . 79
4. 4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 81
4. 5 Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын жалпы талаптар . . . 83
5 Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері . . . 85
5. 1 Жобаның мақсаты . . . 85
5. 2 Маркетингті жоспар . . . 86
5. 3 Қаржы жоспары . . . 88
Қорытынды . . . 94
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 95
Ақосымшасы . . . 96
Бқосымшасы . . . 101
15
Кіріспе
ХХI ғасырдың басында телекоммуникация желілерінің даму үрдісі
уақытқа жауап беру керек, яғни интелектуалды, жоғары деңгейде,
автоматталған, жоғары дамыған елдердің техникалық деңгейіне тең болу
керек және пайдаланушыларға жоғары сапамен және сенімділігімен қызметтің
кең спектрін ұсыну.
Желінің техникалық ажары модульдікті, майысқақтығын, үнемділігін
және жоғарғы потенциалды мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін озық
технологияны енгізуін анықтайды.
Соңғы кезде танымал «үштік қызмет» (Triple Play) тұжырымдамасы
қолданушыларға телефонияны, мәліметтерді жіберу және видеомәліметті бір
желі арқылы беруді қарастырып отыр.
Жоғары жылдамдықты Интернет
және видео желі ресурстарының кең жолақтылығын сұрайды. Бұдан басқа
кеңжолақты желіге сұраныстың көп болуы жаңа технологиялардың дамуымен
анықталады: сұраныс бойынша видео (VoD), ағындық видео, интерактивті
ойындар, видеоконференциялар, компьютерлік желілерде дауысты жіберу
(VoIP), жоғары айқынды телекөрсетілім (HDTV) және басқалары.
Кеңжолақты желі технологиясын таңдау кезінде қолданушылардың
қажеттіліктері, олардың орналасуы, негізгі сұралып отырған қызметі, әр түрлі
экономикалық аспекттері қарастырылуы керек.
PON құрылымы өсірудің қажетті эффективтілігіне және желі түйініне ие,
және абоненттердің қазіргі және болашақтағы сұраныстарына байланысты
өткізу жолағына ие. Оларды қолданатын болса яғни,
- ұйым
немесе жеке қолданушыларға оптикалық талшықты орната отырып, оператор
қаражатты шығындарының өтелуіне сенімді бола алады. Осылайша, PON
технологиясы цифрлық кеңжолақты желілерді қолдану сферасында ерекше
мүддеге ие.
Берілген жобада Жаңаөзен қаласының тұрғындарына мәліметтерді
жіберу қызметінің жылдамдығы 100 Мб/с дейін берілетін GPON желісінің
кеңеюі қарастырылады. Жоба «Өркен» шағын ауданының тұрғын үйлерін
қамтиды. Тұрғын үйлердің оптикалық желісі «талшық үйге дейін»
принципімен құрылады.
Бұл жобаның негізгі мақсаты Жаңаөзен қаласының «Өркен» шағын
ауданына заманауй және бәсекеге қабілетті қызмет түрін ұсыну. Жаңа
технологияларды енгізу арқылы телекоммуникация қызметтері рыногінде
Қоғам деңгейін жеңілдету және бөлігін көбейту, ұсынылып отырған қызмет
түрін кеңейту.
16
1 Жаңаөзен қаласындағы орнатылған желіге шолу
1. 1 Жаңаөзен қаласындағы желінің сипаттамасы
Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік
орталығы. Облыс орталығы - Ақтау қалысынан оңтүстік -шығысқа қарай 150
км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік -батыс етегіндегі жазық шөлді
белдеуде орналасқан. Тұрғыны 103 598 мың адам (2013) . Қаланың іргесі 1968
жылы осы өңірдегі ірі Өзен мұнай кенінің игерілуімен қаланған. 1973 жылы 20
наурызда Жаңаөзен облыстағы дәрежелі қалаға айналды. Жаңаөзен
Қазақстандағы ірі мұнай - газ өңдеу орталығы болып саналады. Мұнда мұнай
мен газ өндіретін және оларды өңдейтін “Өзенмұнайгаз” АҚ - на біріккен 17
дербес кәсіпорын бар (2010) . Олардың ең ірісі “Қазақгазмұнайөңдеу” зауыты.
Қалада 21 орта және орталау мектептер, 3 кәсіптік оқу орны, медици налық
колледж, 20 балабақша, 2 кітапхана, облыстық балалар үйі, 2 спорт мектебі,
мешіт, 9 емдеу- сауықтыру мекемесі бар.
Батыс өңірде телекоммуникациялық инфраструктураны дамыту
бизнестері оперативті дамып және жаңа рыноктерді ұғынып, өзіне кез-келген
компанияға жол ашады. Берілген жобаны іске асыру мұнайгаз саласындағы
телекоммуникациялық жүйенің түбегейлі модернизациясына зәру
компанияларға өте маңызды. Батыс өңірде байланыстың өзіндік
инфраструктурасын құру кешенді қызмет түрелерін ұсына алатын болады (бір
арнада екі дәстүрлі қызмет - телефон байланысы, Интернет, видео және т. б. ) .
Телефония, Интернет желісі және мәліметтерді жіберу трафигі қызметтерін
ұсыну үшін, «салынған» желіні орнату және өзінің интегралды түйінін ашуы
телекоммуникация кызметтер рыногінде талап етілген қызмет түрелерін
оперативті түрде ұсына алады.
17
1. 1 - сурет. Жаңаөзен қаласының орналасқан мәліметтерді беру желісінің
сұлбасы
1. 2 Жаңаөзен қаласының телекоммуникациялық рыногіне анализ
Жаңаөзен қаласында Интернет желісіне қосылу қызметін екі провайдер
атқарады: АҚ «KazTransCom» - 500 абонент, AҚ «Қазақтелеком» - 2000.
Шамамен желіге қосылмаған тағы 3000 абонент бар. «KazTransCom» және
«Қазақтелеком» - бұлар Жаңаөзен қаласындағы бірнеше шағын аудандарды
біріктіретін дамушы компьютерлік желілер. Бұл провайдерлердің желілері
жеке тұлғаларға, қоғамдық және білім беру ұйымдарына қызметтерін
ұсынады. «KazTransCom» және «Қазақтелеком» желілерінің техникалық
шешімі Ethernet технологиясы бойынша құрылған.
«KazTransCom»
-
Маңғыстаулық филиал құрылымдық бөлімшесі
телекоммуникациялық қызметтерді Қазақстан Республикасының Батыс өңіріне
ұсынады. 2001 жылы құрылған Маңғыстаулық филиал қайта
ұйымдастырылып, 2005 жылы жаңадан құрылды. Қазіргі уақытта
Маңғыстаулық филиал Қазақстанның - оперативті және сапалы байланысқа
18
![]()
зәру мұнайгаз компаниялары жұмыс жасайтын стратегиялық маңызды
аумағындағы уникалды телекоммуникациялық жобаны дамытуға қатысады.
Қазіргі уақытта Маңғыстау филиалы келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысын;
- мәліметтерді және дауысты жіберудің корпортивтік желісін
ұйымдастыру;
- ТМД шекарасына және шетелге байланыс арнасын ұйымдастыру;
- Спутникті DAMA технологисы негізінде байланысты ұйымдастыру;
- Интернет желісіне қосылу;
- Транкингті байланыс;
- Компьютерлік желілерге кешенді қызмет көрсету;
- Әр түрлі сыйымдылықта мөлдір арналар ұйымдастыру.
«Қазақтелеком» желісінің байланыс ұйымы. 1973 жылы 1 сәуірде
Маңғышлақ обылысы құрылды және сол уақыттан бері өндірістік-техникалық
байланысты басқару жұмысын атқарып келеді. Жаңаөзен қаласының
телекоммуникациялар желісі өзінің даму үрдісін 1987 жылы 9000 нөмірлі
АТС-3 ті Қазақ ССР министрлігі (қазіргі АҚ «Қазақтелеком») қолданысқа
бергенде бастады. 1994 жылдан бастап байланыс өнімдерін дамытудың жаңа
бағыттары басталды, яғни: Ақтау қаласындағы облыс орталығының жергілікті
желісінің цифрленуі, цифрлі АМТС және 8 цифрлі АТС орнатылды, цифрлі
АТС-тер Маңғыстау поселкінде, Баянды, Өмірзақ және де Жаңаөзен
қаласында орнатылды. 1994 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша
цифрлі «Алкатель»S - 12 стансасының эрасы басталды: цифрлі стансаның 49
272 нөмірі қолданысқа беріліп және орнатылды. Қазір Маңғыстауда 70
универсиалды таксафон қызмет етеді. Таксафон карточкасына ие бола, Сіз кез -
келген таксафоннан Қазақстанның кез-келген қаласынан әлемнің кез -келген
нүктесіне соға аласыз.
Маңғыстау ОДТ - нің 2013 жылғы экономикалық және техникалық
көрсеткіштері. Маңғыстау ОДТ 2013 жыл жоспары бойынша есептелген
табысы 101% -ға орындалды. 2012 жылмен салыстырғанда бұл филиалдың
табысы 2, 4 %-ға өсті. 2010 жыл 1 қаңтар бойынша филиал 63 931 тіркелген
нөмірге қызмет көрсетеді. Алдыңғы периодқа өсу 8%-ды құрады. 2013 жылға
қайта құрылған телефондар 6 565-ті құрады бұл жоспар бойынша 4 704 немесе
139% болатын. 01. 01. 2013 жылға Интернет желісін қолданушылар саны
алдыңғы жылмен салыстырғанда (12 326) - 33, 2 %-ға өсті, яғни 16 419 бірлікке
жетті. Жалпы Интернет желісін қолданушылар санынан 14 345 қолданушы
немесе 87, 3 % ШПД-ға (ADSL және SHDSL технологиялары) қосылған.
Кеңжолақты Интернет желісін қолданушылар алдыңғы жылмен
салыстырғанда 69, 7 % - дан 87, 3 % - ға өсті. Филиалмен телефон орнатылған
және Интернет желісіне қосылған мектептердің жалпы саны 84. 01. 01. 2010 ж
санақ бойынша Маңғыстау ОДТ телекоммуникациялық желісінде 60 АТС
және 4 CDMA базалық станса қызмет етеді. Цифрленген АТС деңгейі 100 % -
ды құрайды.
19
Қызмет көлемінің көрсеткіштері. 2013 жылы шығыс қалааралық,
халықаралық трафик 44048 мың минутты немесе 96% - ға тең болды. Жоспар
бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12% - ға төмендеді.
Сонымен қатар, әр түрлі бағыт бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда
трафиктердің өзгеруі келесідей болды:
-
-
-
-
Қазақстан Республикасы ішіне - 10, 8% -ға төмендеді;
ТМД елдеріне - 2, 3% -ға төмендеді;
Шетелге - 10, 8% -ға төмендеді;
Ұялы байланыс операторларына - 0, 7% -ға төмендеді.
1. 3 Ethernet желісінің типтік құрылымы
Классикалық Ethernet-желісі келесілерден тұрады:
1) Орталық стансалық құрылғыдан OLT (Optical Line Terminal) ;
2) Бөлгіш оптикалық желі ODN (Optical Distribution Network) :
- Магистралды оптикалық фидер (талшық) ;
- Оптикалық ағаш бұтақтарына оптикалық белгі беретін сплиттерлер;
- PON-желісі оптикалық бөлгіш талшықтарының;
- (Drop-ұштары) кабельдерінінің, абоненттік құрылғылардың қатардың
типіне және сплиттерлердің каскадттарының санына қарай оптикалық
талшықты, Ethernet, xDSL, E1 кабельдері болуы мүмкін;
3)
ONU (Optical Network Unit) абоненттік құрылғылары немесе ONT
(Optical Network Terminal), түрлеріне қарай бөлгіш шкафта, ғимаратта, абонент
отырған жерде орналастырыла береді және соңғы абоненттерге
құрылғылардың моделі мен типіне қарай әртүрлі қосылу мүмкіндіктерін
береді: Ethernet, кейде VDSL-порттың негізгі түрі, қосымша - кабельді
телеарна, телефонды құрайды;
4) Желіні басқарудың жүйелері AMS (Access Management System), ол
құрылғыны басқаруға және маниторингтеуге арналған.
Ethernet-тің FTTH базасы технологиясының қасиеттері. Қазіргі таңдағы
қолданыстағы оптоталшықты қосылу желілері әртүрлі технологиялар мен
архитектураларда базаланады. Осы технологияларға арналған мұқият
ойластырылған стандарттар мен керек құралдарға қолжетімділік правайдер
желілерін ешқандай қатерсіз қолдануға мүмкіндік береді. Интернет
провайдерлердің табысты қызметі осы саланың қарқынды дамуының стимулы
болып табылады. Осы типтегі желілердің конкурентті қысымы ірі байланыс
операторларын өз қаржыларын оптоталшықты қосылу желісіне жұмсауға
итермелейді.
Қазіргі таңда трансиверлердің мағлұматтарды сорттамайтынын ескеру
қажет, олар барлық пакетті интерфейс ЭВМ-ға жібереді, сол жерде ол ЭВМ-
нен керектілерін алып қалғандарын басқа пакеттерге лақтырады. Ethernet
кепілдік берілмейтін тарату механизімі болып табылады, себебі ол алушыға
20
жеткізілу туралы ақпарат бермейді. Мысалға, егер қабылдаушының машинасы
өшірулі болса, пакет жоғалады, бірақ жіберушінің бұдан хабары болмайды. Біз
кейінірек ТРС/ІР протоколы кепілдік берілмеген құрылғымен келісілгенін
көреміз.
Ethernet қолжетімділігін басқару бөлінген, себебі басқа желі
құрылғыларына қарағанда бұл жерде қолжетімділікке жеткізетін
орталықтандырылған кесте жоқ. Ethernet қосылу кестесі көпше түрдегі
коллизия (GSMA/CD) анықтайтын және жүктеуші қосылу деп аталады. Ол
GSMA болып табылады, себебі бірнеше машина біруақытта Ethernet-ке
қосылуы мүмкін және әр машина Е кабельдің өзіне жүктелгенін біле
анықтайды. Компьютер интерфейсі таратуға қажетті пакетке ие болғанда, ол
біреулердің хабарламалары беріліп жатқандығын білу үшін Е кабельді
тандайды. Жеткізу анықталмаған жағдайда, компьютер интерфейсі жеткізуді
бастайды. Әрбір жеткізу ұзақтығы жағынан шектеулі (себебі пакеттің
максималды өлшемі бар) . Оның үстіне, құрылғы пакеттерді тарату аралығында
кішігірім үзіліс жасауы керек, себебі желі бір ғана машинамен пайдаланылып
қана қоймай, қалған машиналар да желіге қосылу мүмкіндігіне ие болуы
қажет. Мәлімет беру жағдайы мүмкін емес болған жағдайда, компьютердiң
интерфейсi берудi бастайды.
1. 2-сурет. Ethernet кабелі мен компьютердің
арасындағы байланыс
1. 4 Телекоммуникациялық инфроқұрылымның дамуы
Бүгінгі таңда заманауи телекоммуникациялық қызметтерді ұсынудың
шешімі талшықты оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) болып отыр. Егер
бұрынғы кезде телефония мен ШПД қызметтерін ұсыну үшін мыс сымдары
арқылы және радиотехнологияларды пайдалана отырып, мәліметтерді
жіберуге аз ғана жылдамдық жеткілікті болса, ал қазіргі кезде заманның
талабына сай телекоммуникациялық компаниялармен бәсекелестік заманауи
21
![]()
талаптарды жеңу үшін міндетті түрде IP-TV сияқты жаңа қызмет түрлерін
енгізіп, интернет жылдамдығын жоғарылату керек. Мысалға, біздің
Қазақстанда, бүгінгі таңда «Қазақтелеком» компаниясынан интернет желісіне
кіру жылдамдығы 100 Мб/с болатын ID-net тарифі, сондай-ақ 10Мб/с қажет
ететін IP-телекөрсетілім талап етіледі. Алайда, алдағы уақытта FullHD сапа
мен стереобейне, сонымен қатар SSD қатты дискіге ауысу және 1Гбит/с
жылдамдықты арнасы өзекті болатындығын ұмытпау қажет. Словенияда
(ИСКРАТЕЛ компаниясының шыққан жері) мұндай жылдамдықтар абонентке
дейін белсенді қолданылуда, ал жаңа абоненттерді іске қосу Р2Р технологиясы
бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әлемнің көптеген ірі
компанияларында бұдан әрі қарай сымды желі байланыс құрылысына
материалдық құралдардарды шығармау туралы шешім қабылданғанын атап
өткен жөн. Біздің заманымызда жоғары жылдамдықтағы жоғары
технологияларды ауыл тұрғындарымен қоса, барлығы қажет етеді, бірақ,
өкінішке орай, қазірге ТМД елдері аумағында, көбінесе ауылдық жерлерде
интернет жылдамдығы мен қосымша қызмет көрсетулер бойынша заманауи
талаптарды қанағаттандырмайтын ADSL, EVDO, тіпті dial-up технологиялары
қолданылады. Мұның себебі, қаламен салыстырғанда ауылдарды заманауи
байланыс желісімен қамтамасыз ету әлдеқайда қиын, өйткені халықтың аз
шоғырлануы қызмет көрсетулерге деген сұраныстың аз болуына әкеліп
соқтырады, сондықтан да көбінесе жобалар ақталмай қалады.
Оптикаға көшу, бірінші кезекте, корпоративтік секторда орын алды,
ізінше виртуалды кеңселер, құрылымы үлестірілген компаниялар, жалпы
корпоративтік деректер базасы, қашықталған жұмыс орындары,
жамылдырылған сервистер және т. б. пайда болды. Осының барлығы ақырғы
милядағы оптикалық кәбіл бойынша ұйымдастырылған, мәлімет бер удің
шапшаң (кеңжолақты) арнасы арқылы мүмкін болып отыр. Талшықты -
оптикалық желілерінің өткізгіштік шектеуі болмағанмен тұрғын секторына
белсенді енгізуді қиындататын бір кедергісі бар - бұл әрбір абоненті жалғау
бағасының қымбаттылығы. «Нүкте - нүкте» типтес қосудың көбі, талшығы бар,
талшықты -оптикалық кәбілдердің белсенді және пассивті компоненттерін көп
қажет етеді. Осындай желілерді салу және пайдалану құны жөнсіз жоғары
көрінеді. Дегенмен, жеке тұлғалардың пәтерлері мен үйлеріне жаппай
кеңжолақты қызмет ұсыну үшін оптикаға қазіргі таңда балама жоқ (сымсыз
радиотехнологиялар қандай да бір шынайы бәсекелес бола алмайды) .
Абонентке оптикалық кабельмен қол жетімділік үнемі жетілдірілуде, желі
компоненттері арзандауда. Үй жайларда төсеу барысында пайда болат ын
микро- бүгелістерден болатын сөнуге қатысы біршама болатын арнайы
оптикалық талшықтар, соның негізінде оптикалық кәбілдер ойлап
шығарылған. Құрылыс, пайдалану және қайтымдылық құндарының қарама
қайшылық факторларын ескеру үшін, оптикалық желіге қол жетімділікті қалай
жобалау керектігі жөнінде түсінік туындауда. Дегенмен, әлемде DSL -
технологияларының аса көп таралуы, және телефон сымдармен өткізгіштік
қабілетін көбейтетін жаңа әдістерді ойлап табу себебінен мыс кәбілдерін
22
оптоталшықпен толық ауыстыру едәуі р көп уақыт алуы мүмкін. Талшықты -
оптикалық технология негізіндегі кеңжолақты қолжетімділік желісін ҒТТх
жалпы терминімен атайды (Fiber To The X - Х нүктесіне дейінгі оптика) .
ҒТТх желісі архитектурасы өзгерімінің бірнешеуі бар, олардың
негізгілері мыналар:
-
-
-
-
FTTN - Fiber To The Node, талшық абоненттен торапқа дейін 1км;
FTTC - Fiber To The Curb, талшық абоненттен шкафқа дейін 500м;
FTTB - Fiber To The Building, талшық абоненттен ғимаратқа дейін 100м;
FTTH - Fiber To The Home, талшық үйдің ішіне (жеке/ дара ) немесе
пәтер / абонент кеңсесіне дейін .
Кең тарағаны: FTTB - ғимаратқа дейінгі талшық ( көп пәтерлі үй )
абонентке дейін 100 м, одан әрі абенентке мыс кәбіл тартылады . FTTH -
пәтерге/ жеке үйге дейінгі талшық ( мыс пайдаланбайды ) . ҒТТх желісіндегі
арнаның кең жолағы, абоненттерге онлайн ойындарын ойнауға, музыка, НD
сапасындағы фильмдерді көшіруге, IPTV, HD көруге мүмкіндік береді .
Бұл жобада мен байланыс желісін құрастыру үшін GPON технологиясын
қолдану туралы мәселені қарастырамын. Жобада мен көптеген
телекоммуникациялық компаниялар үшін экономикалық жағынан тиімді
болатын GPON технологиясы бойынша заманауи жоғарыжылдамдықты
оптикалық желіні ауылдық жерлерде орнату бойынша техникалық шешімді
қолданудың тиімді жағын қарастыруды жөн көрдім. Техникалық шешім
Жаңаөзенде заманауи жоғары жылдамдықты оптикалық желі байланыс
құрылысын сипаттайды. Осы технологиялық шешімнің пайдаланылуын іске
асыру нәтижесінде барлық абоненттер Triple Play қызметіне қосылады, соның
арқасында телекөрсетілім, кеңжолақты қолжетімділік пен телефония
қызметіне деген сұраныс, сондай-ақ қолданыстағы абоненттерді оптикалық
байланыс желісіне ауыстыру арқылы телекоммуникациялық компаниялардың
экплуатациялық шығындарын оңтайландыру толығымен қанағаттандырылады
деп жорамалданады. Шағын ауданның келеңсіз жағдайларына, яғни
абоненттердің аздығына, электр тогының тұрақсыздығына, өзіндік құнның
төмен болуына қарамастан, қазір заманның талабына сай оптикалық желілерді
құрудың оптималды технологиясы - GPON таңдалған. GPON технологиясы
негізіндегі желілер (талшық үйге дейін) әзірге тек ірі қалаларда ғана
енгізілуде, ал ТМД елдерінде сапалы жоғары жылдамдықты байланысты қажет
ететін тұрғындардың көп бөлігі ауылда тұрады. Қазіргі кезде ауылдарда
интернеттің жылдамдығы мен сапасы ең маңызды мәселелердің біріне
айналып отыр, өйткені ауыл тұрғындары үшін интернет өте қажет. GPON -
экономикалық жағынан үнемді, ақпараттың кең жолақты берілуін қамтамасыз
ететін түйіндерде енжар оптикалық таратушыларымен бұтақтәрізді
архитектураға негізделген қолжетімділіктің тарату желісі. Сонымен қоса, PON
архитектурасы өткізу қабілеті және желі түйіндері мен ұзартудың қажетті
тиімділіктерін иеленеді.
23
1. 5 PON технологиясына шолу
PON (пассивті оптикалық желілер) - талшық бойымен, тез дамудағы ең
перспективті кеңжолақты мультисервистік қатынау технологиялар жанұясы.
PON технологиясының мәні, оның атауына сай келеді, таратылған желі активті
компоненттерсіз құрылады: оптикалық сигналдың таралуы бірталшықты
оптикалық байланыс желісінде оптикалық қуаттың пассивті бөлгіштері -
сплиттерлер арқылы жүзеге асады.
Құрылымы жағынан пассивті оптикалық желісі үш басты элементтерден
- стансалық терминал OLT-дан, пассивті оптикалық сплиттерлерден және
абоненттік терминал ONT-дан тұрады. OLT терминалы PON желісінің сыртқы
желілермен қарым-қатынасын қамтамасыздандырса, сплиттерлер оптикалық
сигналды PON трактісінде таратса, ал ONT абоненттік жағындағы керекті
интерфейстермен иемденеді. Қатынау желілерінің үш негізгі топологиялары
1. 3-суретінде көрсетілген.
Орталық түйін
Тұтынушылар
Орталық түйін
Тұтынушылар
«Нүкте - нүкте» сәулеті
Орталық түйін
Сплиттер
Сақиналы сәулет
Тұтынушылар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz