Кеңжолақты рұқсат қондырғысын таңдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

АҢДАТПА

Берілген жобаның мақсаты тұрғындардың тығыздығы мен жер

рельефіне тәуелсіз кабельдік қосылыстарды алмастыру ретінде көптеген

тұрғындарды сапалы және арзан қызметпен қамтамасыз ету үшін Жаңаөзен

қаласында WIMAX технологиясы негізінде сымсыз рұқсат желісін жобалау

болып табылады.

Бұл

жобада WiMAX платформасына негізделген

BreezeMAX

қондырғысы арқылы мәліметтер тарату жүйесін тұрғыза отырып интернет

жүйесін одан әрі жаңарту.

Жобада

базалық станциясын жобалай келе

техникалық және

экономикалық есептеулер жүргізілген. Сондай-ақ, экология және қоршаған

ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

Целью данного проекта является проектирование линии беспроводного

доступа на основе WIMAX технологии в городе Жанаозен для обеспечения

многочисленного населения качественным и дешевым обслуживанием в

качестве замены кабельного соединения вне зависимости от плотности

населения и рельефа местности.

В этом проекте предусматривается дальнейшее обновление сети

Интернет посредством построения системы распределения данных через

основанное на платформе WiMAX устройство BreezeMAX.

В

проекте проведены технические и экономические расчеты при

проектировании базовой станции. Также рассмотрены вопросы экологии и

охраны окружающей среды.

ABSTRACT

The purpose of this project is design of the line of wireless access on the

basis of technology WIMAX in the city of Zhanaozen for providing the numerous

population with high-quality and cheap service as replacement of cable connection

regardless of population density and a land relief.

In this project further updating of the Internet by means of creation of

system of distribution of data through based on the WiMAX device BreezeMAX

platform is provided.

In the project technical and economic calculations at design of a base station

are carried out. Environmental issues and environmental protections are also

considered.

9

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТОРАПТЫ ТАЛДАУ

101

10

1. 1 Жаңаөзен қаласының желі жағдайын талдау

1. 2 Есептің қойылуы

1. 3 WiMAX стандартының сипаттамасы

1. 4 Кеңжолақты рұқсат қондырғысын таңдау

1. 5 Alvarion компаниясының сымсыз BreezeMAX қондырғысы

1. 6 Сымсыз ZyXEL

1. 7 BreezeMAX қондырғысының ерекшеліктерімен негізгіқағидалары

1. 8 BreezeMAX базалықстансасы

1. 9 WiMAX артықшылықтары

10

11

11

16

16

19

20

23

25

2 WIMAX

НЕГІЗІНДЕГІ

СЫМСЫЗ

КЕҢЖОЛАҚТЫ

РҰҚСАТ

ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ

2. 1 Желідегі абоненттік жүктемені есептеу

2. 2 Мүмкін болатын ОС(BS) -АБ(SS) қосылуларын есептеу

2. 3 Мүмкін болатын БС-АБ қосылуларын есептеу

2. 4 Wimax негізіндегі КСР желісі үшін ұяшықрадиусын есептеу

2. 5 Тікелей қосылудың сипаттамалары (ForwardLink)

2. 6 Ұяшық радиусын зерттеу

2. 7 БС тиімді орналасуын есептеу

2. 8 Мәліметтерді таратудың мобилді желілерінде құрылымдық

сенімділікті моделдеубойынша есептің берілуі

2. 9 Негізгі анықтамалар

27

27

29

34

36

37

38

43

46

48

3

БИЗНЕС-ЖОСПАР

53

3. 1 Жобаның маңызы

3. 2 Жобаның сипаттамасы

3. 3 Ұйымдастыру жоспары

3. 4 Маркетинг стратегиясы

3. 5 Өндіріс жоспары

3. 6 Қаржылық жоспар

3. 7 Капитал шығындарын есептеу

3. 8 Жылдық эксплуатациялық шығындарды анықтау

3. 9 Табыстар

4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

4. 1 Еңбек шартының анализі

4. 2 Өндірістік жарықтандыру

4. 3 Микроклимат

4. 4 Найзағайдан қорғану

4. 5 Жерлендіру

4. 6Жасанды жарықтандыруды есептеу

10

53

53

54

55

56

59

59

60

63

68

68

69

70

71

72

72

4. 7 Желіні басқару орталығында желдетудің механикалық алмасуын

жобалау

4. 9 Жерлендіруді есептеу

Қорытынды

Қысқартылған сөздер тізімі

Әдебиеттертізімі

А Қосымшасы

Ә Қосымшасы

11

74

81

86

87

88

89

90

КІРІСПЕ

Кез келген уақытта телекоммуникациялық жүйенің одан әрі дамуы мен

бәсекеге төзімділігі рұқсат желілерін таңдау бойынша операторлардың

қабылдаған шешіміне тәуелді анықталады. Қазіргі кездегі қолданысқа енетін

және аса жоғары құнымен, төмен сенімділігімен белгілі болған рұқсат

желілерінің көбісі ақпараттық коммуникациялық қызметтердің жаңа түрін

қамтамасыз ете алмайды.

Біздің әлем тек қана ұялы байланыс желісі үшін ғана емес, басқа да

қолданыста сымдарды азайтуда. Бұл өте тиімді және ыңғайлы, себебі

ыңғайлы терминал - комммуникатордың көмегімен кез-келген уақытта, кез-

келген жерде қажетті іскери немесе жеке ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Бұл әлі де тез қозғалатын автокөлікте орындалмағанымен, бұл мәселе

шешімін табуда. Алайда бұл әлі де аз. Атап айтқанда Intel корпорациясының

шешімі бойынша ТМД елдері үшін сымсыз технологиялар, яғни қазіргі кезде

қолданылатын WLAN (сымсыз локальді желі), Wi-Fi желілері жаңа

экономикаға бір уақытта жол ашады және жол бастаушы болуы мүмкін.

Барлық аналитикалық және консалтингтік агенттіктердің жалпы шешімі

бойынша, мобильді сымсыз құрылғылардың нарығы жақын арадағы уақытта

күрт дамиды. Және бұл даму қазіргі уақытта дамуда.

Операторлар, қондырғыларды жеткізушілер мен қаржылаушылар үшін

желіні дәл құрудың болашақтағы мүмкіндіктері жайлы мәселе маңызды

болып отыр.

3G желілерінен басқа Wi-Fi желілеріне бәсекені тағы да оның негізінде

құрылатын WiMax (Worldwide Interoperability for Microwave Access) деп

аталатын желілер құруы мүмкін, оны алға ұсынушы Intel компаниясы болып

табылады. Wi-Fi жетістігі - өтілген қадам, ал операторлар оны дамыту

жолында қызмет етуі тиіс.

Жоғарыда аталғандай, мәліметтерді сымсыз таратудың жылдам дамуы

WWAN (кең қолданыстағы сымсыз желі) аймақтық деңгейдегі сымсыз

желілерді

енгізуге

жол

ашады.

Және

кеңжолақты

сымсыз

рұқсат

технологиялары Интернет желісіне тағы да 5 млрд. тұтынушыны қосуға

мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған компания нарыққа жаңа сымсыз

байланыс жүйелерін шығаруда.

Wi-MAX (IЕEE 802. 16 стандарттарының жиыны) - бұл 75 Мбит/с

жылдамдықпен алыс қашықтықтарға Интернетке екі жақты рұқсатты

қамтамасыз ететін және QoS шартын қанағаттандыратын желі болып

табылады. Технологияны қолдайтындар бұл стандарт 30 миль қашықтыққа

ретронсляторлар арасында мәліметтерді таратуға және қазіргі заманғы DSL

құрылғылардың және кабельді модемдердің мүмкіндіктерінен арта отырып,

жоғары өткізу жолағының арқасында аймақты қамту радиусы кең болады.

12

Альтернативті экономикалық тиімді рұқсат желісінің құны жоғары болады.

Сондықтан экономикалық тұрғыдан да бұл желі өте тиімді.

WiMax қатысты жағымсыз факторлары да болады, мысалы олардың

маңыздысы, қажетті мөлшердегі бос кеңістіктің болмауы. Жоспар бойынша,

әр елде WiMax 2, 5; 3, 5 және 5 ГГц лицензияланған және лицензияланбаған

диапазондар комбинациясын пайдалану арқылы әртүрлі жиіліктерде жұмыс

істейді. Алайда одан бері бес жыл уақыт өтіп, нарық өзгеріске ұшырады. Intel

мамандарының қорытындысы бойынша, WiMax вирус секілді уақыт өткен

сайын қазіргі кезде жердегі теледидар қолданып жүрген жиіліктер жолағына

қарағанда әлдеқайда көп жиілікті пайдаланады.

Бүгінгі және болашақтағы операторлардың назарына WiMax үш

бизнес-модельдері ұсынылады: кабель мен DSL құрылғыларын ауыстыратын

орнатылған рұқсат, ірі хот-споттар секілді қалалық аудандарды қамтитын

портативті рұқсат, ұялы құрылымды толық мобильді жүйе (болашақтағы

IEEE 802. 16е стандарты) . WiMax дауыстық байланыстың мүмкіндіктерін

қамтитынына қарамастан, бұл берілген стандарттың негізгі мақсаты емес.

Берілген жобаның мақсаты тұрғындардың тығыздығы мен жер

рельефіне тәуелсіз кабельдік қосылыстарды алмастыру ретінде көптеген

тұрғындарды сапалы және арзан қызметпен қамтамасыз ету үшін Жаңаөзен

қаласында WIMAX технологиясы негізінде сымсыз рұқсат желісін жобалау

болып табылады.

13

1 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТОРАПТЫ ТАЛДАУ

1. 1 Жаңаөзен қаласының желі жағдайын талдау

Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік

орталығы. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан оңтүстік -шығысқа қарай 150

км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік -батыс етегіндегі жазық шөлді

белдеуде орналасқан. Тұрғыны 50 мың адам (1999) . Қаланың іргесі 1968

жылы осы өңірдегі ірі Өзен мұнай кенінің игерілуімен қаланған. 1973 жылы

20 наурызда Жаңаөзен облыстағы дәрежелі қалаға айналды. Жаңаөзен

Қазақстандағы ірі мұнай - газ өңдеу орталығы болып саналады. Мұнда мұнай

мен газ өндіретін және оларды өңдейтін “Өзенмұнайгаз” АҚ- на біріккен 17

дербес кәсіпорын бар (2000) . Олардың ең ірісі “Қазақгазмұнайөңдеу” зауыты.

Оның бірінші кезегі 1973 жылы, ал қалған технологиялық қондырғылары

1979 жылы пайдалануға берілді. Бұлардан басқа Жаңаөзенде “Шапағат”,

“Теміртас”,

“Өзенкөлік”,

“Жарқын”,

“Бірлік”,

“Өзенкәсіпгеофизика”,

“Өзенастық”, “Жігер”, “Өзенмұнайөнімдері” және т. б. акционерлік қоғамдар

мен серіктестіктер жұмыс істейді. Қалада 11 орта және орталау мектептер, 3

кәсіптік оқу орны, медициналық колледж, 18 балабақша, 20 кітапхана,

облыстық балалар үйі, “Балдырған” балалар қалашығы, музыка мектебі,

тарихи - өлкетану музейі, 2 кинотеатр, “Нефтяник” стадионы, “Энергетик”

спорткешені, 2 спорт мектебі, мешіт, 9 емдеу- сауықтыру мекемесі, қалалық

аурухана, балалар ауруханасы кешені, әйелдер босанатын үй, емхана,

“Нефтяник”

санаторий-профилакторийі

бар.

Тұрғындары

облыс

орталығымен, басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен қатынасады.

Жаңаөзеннен Өзен - Атырау - Самара мұнай құбыры, Өзен - Сайөтеш -

Бейнеу газ құбыры басталады. ҚалаҚиғаш - Атырау - Құлсары - Бейнеу

- Сайөтеш - Өзен магистралдық су құбыры арқылы ауызсумен қамтамасыз

етіледі. Қаланың байланыс желісінің жалпы сыйымдылығы 7500 нөмір.

Желідегі

нумерация

бесмәнді.

Жаңаөзен

қаласы

аудан

орталығы

болғандықтан, желі сыйымдылығының толық қолданылуы қамтамасыз

етіледі. Қаланың инфрақұрылымының өсуіне байланысты басқа аймақтардан

халықтың көптеп келуі кеңжолақты сымсыз рұқсат сияқты жаңа қызметтерді

қолданудың қажеттілігін арттырады.

Операторлар периферияда қызмет істейтін және тікелей құрылыс

немесе басқа өндіріс саласымен айналысатын өздерінің бөлімшелерін сапалы

байланыспен қамтамасыз етуді қажет ететін корпоративті клиенттерге өз

қызметтерін ұсынады.

Қалалық байланыс желісінің тораптық бөлігінде негізінен ТПП және

ТГ типті талшық диаметрі 0, 5; 0, 32 мм болатын, «ИКМ-30, ИКМ-120» типті

сандық тарату жүйелерімен тығыздалатын мыс кабельдері қолданылған.

14

Кабельдік линиялар, сондай-ақ «КАМА», «КРР» түріндегі аналогты тарату

жүйелерімен тығыздалады.

1. 1 К е с т е - Қаладағы АТС-ның сипаттамалары

1. 2 Есептің қойылуы

Жаңаөзен қаласындағы абоненттерге қазіргі заманғы WiMax негізіндегі

мультисервистік қызметтерді ұсынуды ұйымдастыру үшін, жобаланатын

сымсыз рұқсат сұлбасын құру үшін және түйін аумағында мәліметтерді

таратуда жоғары жылдамдыққа (10 Мбит/с дейін) қол жеткізуді ұсыну үшін

келесідей негізгі мәселелерді қарастыру керек:

- WiMAX кеңжолақты сымсыз рұқсатты ұйымдастыру сұлбасын құру

- сымсыз рұқсат құрылғысын таңдау;

- Metro Ethernet технологиясы бойынша қалалық телефон желісінің

телекоммуникациясы арқылы мәліметтерді тарату желісіне қосу

арқылы базалық стансаны қосу;

- жүйені пайдалануға енгізу;

- радиорұқсат

қондырғысын

және

қажетті

коммутациялық

қондырғының есептеуін орындау;

- бизнес-жоспар құру;

- өміртіршілік қауіпсіздігі бойынша мәселелерді қарастыру.

1. 3 WiMAX стандартының сипаттамасы

Төртінші

ұрпақ жүйелерінің

көмегімен

мәліметтерді таратудың

кеңжолақты қызметтерін, Интернет желісіне қосылу, телефония, видео және

телебейнелерді нақты уақыт масштабында тарату, әртүрлі ұйымдастыру

жолдарымен құрылған мультимедиялық ақпаратты тарату секілді қызметтерді

көрсету орындалады. Ең алдымен жоспар бойынша локалді аймақтарды

біріктіру, одан кейін бүкіл қалаларды кез келген тұтынушының жұмыс

істеуіне ыңғайлы болатындай бір ірі «локалді аймаққа» біріктіру көзделуде.

Атап айтқанда, Wi-Fi немесе HotSpot байланыс қызметтеріне еркін рұқсат

локалді аймақтарының және кеңсе сыртында қала масштабында WiMAX

15

байланыс қызметтеріне еркін рұқсат локалді аймақтарының концепциялары

дамиды. Тұтынушы өзінің локалді желісінде де, қала ішіндегі желіде де

байланыс қызметтерін пайдалана алады.

Мұндай мүмкіндіктерді ең алдымен 802. 11a, 802. 11g, 802. 16, 802. 16a

стандарттарымен

байланыстырады.

802. 11

и

802. 16

топтарындағы

стандарттардың одан әрі дамуы (сурет 1. 1) 6 ГГц диапазондарында 150

км/сағ жылдамдықпен қозғалыс кезінде байланыс қызметтерін көрсетуді

көздейді.

Бұл

орнатылған

байланыс

қызметтеріне

сымсыз

рұқсат

көрсеткіштерінен асады және үшінші және одан кейінгі ұрпақтардың ұялы

байланыс жүйелерінің мүмкіндіктерімен қосылады.

ІЕЕЕ 802. 16j мақсатты тобы 2006 жылдың наурызында, ІЕЕЕ 802. 16

стандарты аясындағы жедел әрекетті көп сатылы ретрансляциялық жүйені

жасау үшін құрылған. Шын мәнісінде бұл жұмыс - ІЕЕЕ 802. 16 -2004

суреттелген, мesh -желі бағытының дамуы. Алайда сол құжатта шартты

қатынаудың мesh -желісі суреттелген. ІЕЕЕ 802. 16j стандарты көп сатылы

таратудағы желінің жұмыс өнімділігін жақсартуы қажет, және

ретрансляторлар да, сондай -ақ абоненттік станциялар да жедел әрекетті бола

алады. мesh -желіден айырмашылығы, РС тарату режимінде де жұмыс істей

береді (нүкте-көп нүкте) .

Ең алдымен, ІЕЕЕ 802. 16j стандарты жаңа түсінікті енгізді - бұл,

релейлік станция (ретранслятор, РС) . РС жұмысының ашық және ашық

болмайтын жұмыс режимін атап көрсетеді. Ашық режимде РС деректерді

ғана таратады және преамбулалар мен DL-MAP6

UL-MAP сияқты

басқарушы өрісті таратпайды. Бұл ақпаратты АС тікелей БС алады. Және

сол кезде АС логикалық тұрғыдан РС өзара әрекетке түспейді (оның бар

екендігін білмейді) .

Ашық болмайтын режимде РС деректерді және преамбуланы ғана беріп

қоймай, сонымен қатар, басқарушы барлық хабарламаларды таратады. АС

қатысты ол БС түрінде көрінеді, абоненттік станция физикалық және

логикалық тұрғыдан дәл сонымен байланысқан.

Сонымен қатар, РС диспетчерлеуге және берілетін трафикті (таратылған

басқаруды) қорғауға болады немесе ондай қасиеттерінің болмауы мүмкін

(орталықтандырылған басқару) . Бірқатар зерттеушілердің мәліметтеріне

сәйкес, РС ашық болмайтын режимде қолдану, ұяшықтың жалпы

өткізгіштік қабілетін 40% арттырады (жұмыс деректері бойынша 6, 2 -ден 8, 8

Мбит/с дейін) .

ІЕЕЕ 802. 16j стандарты ІЕЕЕ 802. 16е стандартымен толықтай кері

сәйкестігін қамтамасыз етеді (біз қосымша «е» салыстырамыз, өйткені ІЕЕЕ

802. 16j дәл сол жедел әрекетті желілерге бағдарланған) . Алайда, оның

физикалық деңгейде де, МАС -деңгейінде де, бірқатар айырмашылықтары

бар. Атап айтқанда, физикалық деңгейде кадрлардың құрылымы біршама

өзгеріске ұшырайды. OFDMA режиміндегі кадрлардың жалпы құрылымы

сақталған. Алайда, төмен түсетін және жоғары өрлейтін субкадрлар қатынау

16

интервалына және ретрансляция интервалына бөлінеді (1. - 8сурет) . Қатынау

интервалында МС пен оның қатынау станциялары - базалық немесе ашық

болмайтын режимдегі ретрансляция - арасындағы тарату жүріп жатады. Оның

құрылымы OFDMA кадрының режиміне толығымен сәйкес келеді.

Ретрансляция интервалында БС пен РС арасында немесе тек қана РС

арасында радиоалмасу жүріп жатады. Яғни, осы сәтте таралатын барша

трафик - бұл ретрансляцияланатын трафик. Ретрансляция интервалы R -FCH

пакетінен

басталады (ретрансляциялық фреймнің басқарушы тақырыбы),

оның артынан басқарушы ақпарат жүреді ( әрбір қабылдаушы/жіберуші

құрылғыға арналған слоттардың бағыты атап көрсетілген, DL/UL -MAP

картасының баламасы) . РС арасында синхрондау үшін қосымша

ретрансляциялайтын преамбула қарастырылған. Ол төмен түсетін

ретрансляциялық интервалдың соңында, жіберіледі, және әрбір кадрда

емес, 40 мс бір мәртеден кем болмайтындай (ұзақтығы 5мс болатын8 кадр)

етіп, жіберіледі.

МАС деңгейде ІЕЕЕ 802. 16j стандартына өзгеруі негізінен желідегі

бастапқы тіркеу процедурасына, авторлауға, шифрлау кілтін беруге қатысты

болды.

Айта кетейік, РС шартты түрде, номадтық (жылжымалы ретранслятор)

және жедел әрекетті болады. Жедел әрекетті РС үшін тән сипат - жүрдек

поездағы (автобустағы) ретрансляциялық станция. Топология тұрғысынан

алғанда РС желілерінде әр алуан нұсқалар болуы мүмкін. Мысалы, бірнеше

РС бір ғана МС үшін деректер тарата алады (МІМО көпантенналы жүйенің

нұсқалары) .

ІЕЕЕ 802. 16m мақсатты тобы да маңызды істермен айналысуда. Ол

ІЕЕЕ 802. 16 стандартының мүмкіндіктерін ІТU тұжырымдаған, ІМТ -

Advansed байланыс желісінің тараптарына дейін жеткізіп, кеңейтетін

спецификациясын - яғни, төртінші ұрпақтағы кең жолақты байланыс

желілерін жасайды. Оларға Advansed LTE жасаған стандартарды ғана

жатқызады.

Жаңа стандарт «жақсартылған сымсыз интерфейс» деп аталады, бұдан

көретініміз, ІЕЕЕ 802. 16е толығымен кері сәйкестігі кезіндегі өзгерістердің

негізінен физикалық деңгейге қатыстылығы.

Жасаушылардың мақсаты - 4G байланыс жүйесінің стандартын жасау

болғандықтан, оның басты талаптарының бірі - ІМТ- Advansed және ІМТ-

2000 басқа технологияларымен толықтай сәйкестігінің болуы . Ол аздай, бұл

стандарт анау- бастан WiМах желілерінің сәулеті мен профилінің

ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған. Ол жиілігі 6 ГГц төмен болмайтын

диапазонда, соның ішінде кең жолақты жедел әрекетті және шартты

желілерге арналған, диапазонда жұмыс істеуге арналған. Атап айтқанда, ІМТ

және ІМТ-2000 жүйесі үшін,

WARC-92,

WRC-2000,

WRC-07

конференциясының шешіміне сәйкес келесі диапазондар бөліп

шығарылған:450 -470, 698-960, 1710-2025, 2110-2200, 2300-2400, 2500-2690

17

және 3400 -3600 МГц. Жиіліктегі, сондай - ақ уақытша дуплекстелген

режимдерге қолдау көрсетілуі тиіс, және бірнеше жиілік жолақтарымен

түзілген, арнамен жұмыс атқарудың мүмкіндігі де бар.

ІЕЕЕ 802. 16е сәйкес келетін жабдықтың,

төмен түсетін арнадағы

150 Мбит/ с жоғары болатын сектордағы өткізгіштік қабілеті жолақта 20 МГц

дейін жетеді . Ең үлкен өткізгіштік қабілеті төмен түсетін және жоғары

өрлейтін арналарда сәйкесінше, 8, 0 және 2, 8 бит/с/Гц кем көрсеткішті

құрайды (1. 2 - кесте) . ІР - деңгейдегі деректерді берудің тежелуі 10мс

артпайды.

1. 1 Сурет- Сымсыз рұқсат стандарттарының дамуы

Үшінші

ұрпақ

радиорұқсаттарын

жүйелерінің

өзінде

радиоинтерфейстерді

жетілдіру,

олардың

спектралді

тиімділігі

мен

өнімділігін арттыру қажеттілігі туындай бастаған еді.

Бұл жетілдіру спектралді - тиімді модуляция және кодтау әдістерін

қолдану есебінен орындалды. Мұндай жүйелерде бір тасушыға 100 Мбит/с

жылдамдыққа дейін қол жеткен болатын. Нақты классификация -

радиорұқсат жүйелерінің құрылымы орындалды. Енді ғана соңғы тұтынушы

желісін құру үшін қандай, ал абонентке рұқсат үшін қандай мәселелерді

қарастыру керектігі анық бола бастады. 802. 11a стандарты үшін байланыс

арнасындағы мәліметтерді тарату жылдамдығы 54 Мбит/с және ортогоналді

18

жиіліктік модуляциямен бірге 30 Мбит/с жылдамдығының арқасында

абонеттің қалалық немесе локалді желінің кез келген нүктесінде жұмыс істеуі

оңай болды. Бұл OFDM-модуляция көмегімен сигналдың тоқтап қалуларға

жоғары тұрақтылығы, яғни базалық стансаны тікелей көрусіз (NLOS) және

рұқсат нүктесін көрусіз (АР) сигналмен жұмыс істеу мүмкіндігі орындалады.

Төртінші

ұрпақ

жүйелерінде

ортақ

арнаның

қорына

рұқсат

технологиясы ретінде барлық мүмкін болатын арналарды бөлу түрлері

қолданылады: жиіліктік бөлу (FDMA) және оның жетілдірілген түрі -

ортогоналді жиіліктік бөлу (OFDMA), уақыттық бөлу (TDMA), кеңістіктік

бөлу (SDMA), арналарды код бойынша бөлу (CDMA) .

Кеңістік бойынша бөлу пайдалы ақпараттың көп көлемін тарату үшін

де (активті абоненттер санын арттыру мақсатында), сонымен қатар

«абоненттік құрылғы - АС - БС» қосылыстарының өткізу қабілетін арттыру

үшін де қолданылады. Зерттеу топтары, мысалы BLAST, METRA ұсынған

және орындаған белгілі алгоритмдер көп шығыстары (таратқыштары) және

кірістері (қабылдағыштары) бар сигналдарды өңдеудің MIMO алгоритмі

негізіндегі технологияларды ұсынады. Технология кеңістікті - уақытты

адаптивті өңдеу әдістерін, дәл айтсақ кеңістікті өңдеу әдістерін пайдаланады.

Кесте 1. 2 - де 802. 16 стандартының және оның 802. 16а кеңейтілуінің негізгі

техникалық мәліметтері келтірілген.

Стандартта тұтынушы мәліметтер ағынының жоспарлануына (Service

Flow) ерекше көңіл бөлінеді, себебі олардың негізінде базалық станса мен

абоненттік қондырғылар арасындағы байланыс, сонымен бірге тұтынушы

мәліметтерін қорғау құралдары (Privacy Sub Layer) және байланыс

қауіпсіздігі құрылады.

1. 2 К е с т е - Техникалық сипаттамалар

19

Абоненттік құрылғылардан базалық стансаларға трафикті тарату

(жоғары қарай бағыт деп аталады, uplink) көптік рұқсаттың екі әдістерінің

жиынына негізделген: DAMA (сұраныс бойынша рұқсат) және ТОМА (уақыт

бойынша бөліну арқылы рұқсат) . Физикалық деңгей пакетінің құрылымы

МАС-деңгей

пакетінің

айнымалы

ұзындығына

ие.

Таратқыш

рандомизацияны, QPSK, 16 QAM и 64QAM алгоритмдері бойынша бөгеуілге

тұрақты кодтауды және модуляциялауды орындайды. Соңғы екі модуляция

әдістері опция ретінде қарастырылады.

Трафикті базалық стансадан абоненттік құрылғыларға тарату (төмен

жаққа бағыт деп аталады, downlink) бір сектор ішіндегі барлық абоненттік

құрылғылар үшін бір ағында

уақыттық

дуплекс режимінде (TDD)

орындалады. Таратқыш рандомизацияны, QPSK, 16 QAM и 64QAM

алгоритмдері бойынша бөгеуілге тұрақты кодтауды және модуляциялауды

орындайды. Соңғы екі модуляция әдістері опция ретінде қарастырылады.

1. 4 Кеңжолақты рұқсат қондырғысын таңдау

WLL жүйелері үшін қондырғыны өндірумен қазіргі кезде әлем

бойынша көптеген компаниялар айналысады. Сымсыз рұқсат қондырғысына

деген

сұраныстың

артуы

және

қазіргі

заманы

технологиялардың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базалық стансалар саны
Желіге қатынаудың шектелуі
PON желілер сәулеті
GPON желісінің құрылысы
PON - пассивті оптикалық тармақтартаушылар технологиясы
TRIPLE PLAY ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ
CDMA стандартындағы байланыс арнасының құрылымы
CDMA желіcін құрудағы техникaлық еcептеу
Сандық коммутациялық жүйе neax61∑
Жылуөнімділігі 400 гдж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz