Жамбыл облысына CDMA-450 стандарты негізінде сымсыз қатынау желісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

9

10

11

12

Аңдатпа

Бұл дипломдық жобада Жамбыл облысына CDMA-450 стандарты

негізінде сымсыз қатынау желісін енгіземіз және ZXC10-BSS базалық

станциясы мен ZXC10-BSS ішкі жүйесінің сипаттамалары келтіріліп, оларға

арналған есептеулер және жобалау мәселелері қарастырылады.

Жобада негізгі станцияның радиосигналмен жабу аймағы, ұя радиусы,

абоненттік жүктемелері есептелінеді. Абоненттердің санына байланысты

радиосигналмен жабу аймағының радиусының графигі келтіріледі.

Осыдан басқа соңғы екі бөлімінде өміртіршілік қауіпсіздігіне байланысты

мәселелер қарастырылады, жобаның бизнес-жоспары құрастырылады және

жобаның жасау бағасы есептелінеді.

Аннотация

В данном дипломном проекте рассматриваются вопросы внедрения

беспроводного доступа по стандарту CDMA-450 в Жамбулской области,

приведены технические характеристики

ZXC10-BSS базовой станций и

ZXC10-BSS

внутренней подсистемы, рассчитываются расчеты

и

проектирования системы.

В проекте рассчитываются зоны покрытия базовой станции, радиус соты.

Приведены графики зависимости радиуса зоны покрытия в зависимости от

количества абонентов.

Кроме этого в двух последних главах рассматриваются вопросы

безопасности жизнедеятельности, составляется бизнес-план и рассчитывается

цена разработки проекта.

13

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 CDMA-450 стандартты ұялы байланыс желісін ұйымдастыруды талдау . . .

1. 1 Жамбыл облысының аймақтық телекоммуникация торабы . . .

1. 2 Ауылдық телефон байланысының дамуы . . .

1. 3 CDMA-450 технологиясында сымсыз желіні ұйымдастырудың

негізгі мақсаты . . .

1. 4 CDMA стандартының негізгі қағидалары . . .

1. 5 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы . . .

1. 6 BSC жүйесінің сипаттамалары . . .

1. 7 CDMA - 450 технологиясының қауіпсіздігі . . .

1. 8 СDМА -450 технологиясының Қазақстан Республикасындағы

даму бағыттары . . .

1. 9 Мәселенің қойылымы . . .

2 Құрылғыны таңдау . . .

2. 1 CDMA-450 жүйесінің жабдықтары . . .

2. 2 ZXC10-BSS базалық станцияның ішкі жүйелерінің жалпы

құрылымы . . .

8

9

9

9

10

12

13

17

18

18

20

21

21

22

2. 3

ZXC10-BSS базалық станциясының ішкі жүйесінің

мінездемелері . . .

2. 4 BSS жүйесінің техникалық сипаттамалары . . .

2. 5 ZXC10-BSS ішкі жүйесінің сипаттамасы . . .

3 Техникалық есептеу бөлімі . . .

23

24

24

30

3. 1

CDMA-450 технологиясының көмегімен сымсыз желіні

ұйымдастыруды есептеу . . .

3. 2 Қаратау қаласының қамту аумағын есептеу . . .

3. 3 Жаңатас қаласының қамту аумағын есептеу . . .

3. 4 Радиорелейлі жолдың өткінін анықтау және антеналардың

биіктіктерін анықтау . . .

3. 5 Байланыс тұрақтылығын есептеу . . .

3. 6 ЦРРЖ жұмысына гидрометеорлар мен атмосфераның әсерін

есептеу . . .

4 Еңбекті қорғау . . .

4. 1 Цехта орналасқан қонырғылардағы жерге қосу құрылғысы

(нөлдеу) және оның есептелуі . . .

4. 2 CDMA стандартындағы ұялы байланыс желісін құру кезінде

персоналдың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын талдау . . .

4. 3 Нөлдік қорғаныш өткізгішіне қойылатын талаптар . . .

4. 4 Нөлдеуді есептеу жолы . . .

4. 5 Нөлдеуді есептеу . . .

4. 6 Қоршаған ортаны қорғау . . .

5 Бизнес-жоспар . . .

5. 1 Жобалау қызметі . . .

14

30

31

35

37

41

41

50

50

50

51

52

56

59

61

61

5. 2 Жобалау сипаттамасы . . .

5. 3 Ұйымдастыру - кәсіби жоспар . . .

5. 4 Қаржы жоспары . . .

5. 5 Еңбек ресурсы . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша А . . .

Қосымша Б . . .

Қосымша В . . .

15

61

63

64

64

71

72

73

74

75

Кіріспе

Қазіргі уақытта телекоммуникациялық технологияда маңызды болып

ұялы радиотелефондар табылады. Ол туралы байланыс нарығынан байқауға

болады. Байланыстың бұл түрін пайдаланушылар саны көбейіп, оның өсу

динамикасы соңғы бірнеше жылдар бойы жылына 40% құрайды.

Мұндай қарқынды өсу радиотелефонды байланыс жүйесіне ерекше

талаптарды ұсынады, ұялы байланыс жүйесінің жетілдірілген дамуында

сигналдарды сандық тарату тәсілі қолданылады.

Сандық радиобайланыс жалпы арнада бір құрылғыны көптеген

тұтынушылар арқылы бір уақытта ақпаратты таратуды қарастыратын,

мультиқатынау немесе көп стансалы қатынау мүмкіндіктерімен сипатталады.

Жалпы арналарды бөлу, безендіруге болатын жиілік (FDMA), уақыт (TDMA)

және код (CDMA) бойынша жасауға мүмкін.

Сандық технологияда бұдан басқа екі әдіс қолданылады.

Уақытша бөлінудегі мультиқатынау кезінде көп сандық абоненттер

арналары өз хабарларын сол бір радио жиілікке береді, ал басқа уақытта басқа

да артықшылықтарды алуға және сөздік трафик көлемін арттыруға жол береді.

Бұл әдіске GSM және оның DCS, сондай-ақ AMPS стандартының логикалық

жалғасуы болған D-AMPS сияқты ұялы байланыстың қысқа жолақты сандық

стандарттары негізделген.

Қазіргі ақпараттық кезеңде байланыс жүйелерінің көрсететін қызметі,

сапасы мен иілгіштігі өте үлкен сұраныста. Қазіргі кезде кез-келген жерде, кез-

келген тұтынушышыға, кез-келген уақытта мультимедиялық қызметтерді

көрсету ең тартымды ойлардың бірі болып табылады. CDMA технологиясының

мынадай ерекшеліктері “үлкен сиымдылықты бөгеттерден жоғарғы қорғаныс

және жүйе құрылысының оңайлығы” жер бетіндегі барлық операторлардың

қолданысын жаулап алу үстінде. Басқа жағынан “аз деңгейдегі сәулелену,

берілетін ақпараттың нақтылығы және жоғарғы деңгейдегі қорғанысы” қызмет

көрсетуінің жоғарғы сапалығы оған кең ауқымды мобилді абоненттерді

тартады. Әскери мақсаттарда, таза азаматтық қосымшаларда қолданғандықтан

бұл артықшылықтардың барлығы

CDMA

технологиясының тез арада

жетілдіруін анықтайды. Байланыс саласындағы сарапшы мамандардың жасаған

анализі, келесі бірнеше жылдар бойы CDMA қызметтеріне өте үлкен, 100%

жететін сұранысқа ие болады деп көрсетті. Ақпараттық кезеңнің дамуына

байланысты ақпараттарды жылдам жеткізумен кеңтарамды мультимедиялық

видео (аудио) қызметтері абоненттер арасында белсенді сұраныста. Бұл

байланыс операторларын, үшінші буын жүйесінің (3G) жасалған, қызметтерді

көрсетудің жаңа пункттерін құрып бәсекелестер арасынан озып шығу үшін

CDMA технологиясын меңгеруге итермелейді.

16

1 CDMA-450 стандартты ұялы байланыс желісін ұйымдастыруды

талдау

1. 8 Жамбыл облысының аймақтық телекоммуникация торабы

Тараз қаласында байланыс қызметтерін Жамбыл облыстық

телекоммуникация дирекциясы АҚ «Қазақтелеком» филиалы қамтамасыз етеді.

KCell, Beeline, Dalacom сияқты байланыс операторлары жұмыс істейді.

Байланыс желісі толығымен дерлік цифрлық, ҚТС-да абоненттік линияда

алтысандық нөмірлену жүйесі қабылданған.

Орналасуы:

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік

орталық - Тараз қаласы. Жамбыл облысында 10 аудан бар. Территория ауданы

- 144, 2 мың шаршы км, құрамына төрт қала кіреді - Тараз, Қаратау, Жаңатас,

Шу.

Қаратау

қалалық телекоммуникация торабы Жамбыл облыстық

телекоммуникация дирекциясының бөлімшесі болып табылады.

Қаратау - таудың етегінде орналасқан көркем қала. Қалада облыс

орталығы Тараз қаласымен қосатын темір және тас жол торабы бар.

Қаратау қаласының халық саны 18 мың 440 адам.

Қаратау - дамып келе жатқан инфрақұрылымы, гүлденіп келе жатқан

кәсіпкерлері, негізінен фосфор өнімдерін шығарумен және мәрмәрді бүкіл

Қазақстанға жіберумен, гүлденумен, дайын өнімді шығарумен айналысатын

шаруа қожалықтары бар аудан орталығы.

Соңғы кезде кіші бизнес объектілерінің белсенді дамуы байқалады. Үш

мектеп, аймақтық аурухана, мәдениет үйі, нан өнімдерінің комбинаты жұмыс

істеп тұр. Тұрғындардың әл-ауқаттылығы - орташадан жоғары. Қаратау

қаласының АТСК станциясының жөндеу сыйымдылығы - 2000 нөмір,

әрекеттігі сыйымдылығы - 2000 нөмір. 1975 жылдан пайдаланылып келеді.

2008 жылдың 1-ші наурызына қараған жағдай бойынша телефон орнатуға

берілген өтініштердің саны - 2768 өтініш. Осы дерек негізінде жобаны жүзеге

асыру қажеттілігі жетіледі.

1. 9 Ауылдық телефон байланысының дамуы

Ауылдық телефон байланысындағы инфражүйенің құрылу және даму

проблемасы дамуға кететін үлкен шығындармен, сонымен қатар халықтың

төлеу қабілетінің аласа деңгейімен түсіндіріледі.

17

Қазіргі уақытта ауылдық жердегі телефонизация телекоммуникация

саласының ең күрделі проблемаларының бірі болып келеді. Оның үстіне орта

телефон тығыздығы 100 тұрғынға кемінде 10 қосудан тұрады.

Осы кезеңде маңызды мүмкіндердің бірі - сымсыз сөйлесу пунктерді құру

бағыты болып табылады. (СП-сөйлесу пункті) . Бұл пунктерге сенімділік

артады, алайда үлкен ауылдардың телефонизациясы үшін жарамайды деуге

болады. Ауылды аймақтарда пайдалы сөйлесу пунктерін құру үшін келесі

шарттардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:

- эксплуатациялық шығындар көлемі табыс көлемінің 2% құруы қажет;

- пунктерді орналастыру бөлмелерін жалға алмау және операторлар

жұмысқа жалданбауы қажет;

- дебиторлық қарыздың болмауы және аудан орталығына трафик

тұйықталуын қамсыздандыру;

- жобаның қаржыландырылуы.

Қоныстанған пунктерде шағын - 6 нөмірлі АТС орналастырылды, NMT-

450 стандартты ұялы радио телефон жүйесі қосу желісінің ролін атқарды.

Алайда бұндай шешімнің кешілігі-есеп тәсілінің және көрсетілген қызметке

арналған ақы жинауының болмауы болып табылды.

Кейіннен биллинг бағдарламасы өңделген болатын. Соңында ауылдық

сөйлесу пункті ұялы радиотелефон жүйесінен құралды. Радиотелефоннан

қоңырау шалу үшін, абонент алдымен керек нөмірді теріп алады. Қоңырау

сервисті телефондық карталар жүйесіне маршрутталады да (СТК), кейіннен пин

- код арқылы абонент аутентификацияланады. Егер жүйеде сондай пин - коды

бар карта бар болса, онда жүйе абонентті керекті нөмірге қосады. 5 мың

абоненттерге арналған СТК жүйесі NMT - 450, GSM- 900, CDMA - 450

стандарттарының кез келген коммутатор үлгісімен бірлесіп әрекет ете алады.

Ауылдық радиотелефонға (ұйымдық - техникалық шаралар көмегімен)

жалпы нөмірден өзге екінші нөмір меншіктеледі (бес таңбалы - жергілікті аудан

орталығының) .

1. 10 CDMA-450 технологиясында сымсыз желіні ұйымдастырудың

негізгі мақсаты

Ұялы

байланыс желісі Жамбыл облысы

Қаратау

қаласы

үшін

ұйымдастырылады. Қаланың және жақын қоныстанған шағын аудандардың

географиялық және халық қонысының тығыздығының ерекшеліктерін ескеріп

тиімді және үнемді технология мен құрылғыларды таңдадық.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - аз қоныстанған Қаратау қаласында

қызмет ету аймағын үлкейтуге мүмкіндік беру. Ұялы байланыс қызметі

қаланың 95%-на қамтамасыз етілуі тиіс.

Дипломдық жұмыста жылжымалы байланыс жұйесінде (СПС) CDMA

технологиясының басқа жиілік диапозонында (900 МГц) жұмыс істейтін

18

стандартына қарағанда тығыздығы аз аймақтарда бір уақыт аралығында

стационарлық байланыс қызметін қамтамасыз ететін CDMA - 450 стандарт

технологиясын пайдаланудың маңызы жоғары. Бұндай қасиеттердің ішінде,

әсіресе, шек қойылған жиілік қорларда маңызы бар спектр қолданылуының

жоғары деңгейде болуы. Тариф мөлшерінің аз болуы тығыздығы аз және күн

көріс жағдайы нашар аймақтарда маңызы жоғары болып табылады. Сонымен

қатар, CDMA 450 басқа диапазондарға қарағанда ұяның үлкен аумағымен

қамтамасыз етеді, бұл үлкен аудандарды радиоқамтумен қамтамасыз ету

кезінде базалық станциялар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы CDMA 450 жүйесі базалық қабылдау/тарату станциясынан (BTS),

базалық станция контроллерінен (BSC), мобилді коммутация орталығынан/

мекен орнын тіркегішінен (MSC/VLR), мекен орнының негізгі тіркегіші/

аутентификация орталығынан (HLR/AC) құралады. Бұларға басқа да қосымша

элементтер енуі мүмкін, ол жүйенің ерекшеліктеріне байланысты.

CDMA 450 жүйесі жиілікті пайдаланудың халықаралық стандарттарының

талаптарына жауап береді, яғни ол:

- BTS қабылдауы / MS таратуы: 452, 975 - 454, 975 (МГц) ;

- BTS таратушы / MS қабылдауы: 462, 975 - 464. 975(МГц) .

Енді берілген облыста желі құру үшін керек құрылғылар тізімін

келтірейік.

Мобилді коммутация орталығы (MSC) Қаратау қаласында орналасады.

Базалық станциялар (BTS) бір-бірімен және радиобайланысты басқаратын

базалық станция контроллерімен (BSC) радиорелейлі күре жолдар арқылы

байланысады.

CDMA 450 стандартына арналған бір BTS-тің жабу радиусы 40 км

шамасында, яғни Қаратау қаласына бір базалық станция (BTS) жеткілікті болуы

тиіс. Алайда базалық станцияның саны абоненттер санына байланысты алған

жөн. Ұйымдастырылатын жүйе қалалар

мен ауылдарды қамтитын

болғандықтан, әр аймаққа базалық станцияның саны бөлек есептелінеді

Елімізде ұялы байланыс қызметін пайдаланушылар санының өсуі

операторлардан желіні құру және сапалы қызмет көрсету үшін қосымша

шығындарды қажет етеді. Абоненттердің талаптары өсуде, олар мәліметтерді

тарату және жоғары жылдамдықты Интернет сияқты қосымша қызметтерді

күтеді. Бұл талаптарға CDMA стандарты жеткілікті жауап береді.

CDMA 450 шешімдерін және коммерциялық қолайлы өнімдерді көптеген

әлемдегі озық компаниялар ұсынады. Солардың ішінде Airvana, Ericsson,

Huawei, Lucent Technologies, Nortel Networks, QUALCOMM және ZTE. Оларда

450-470 МГц жиілік диапазондарында IMT-2000 шешімдері бар. Әрбір

компанияның желі құру және оны ары қарай дамыту мәселелерінің өзіндік

шешімдері бар. Соның ішінде бізге қолайлы болатыны қытайлық ZTE

компаниясының ұсынылған шешімі.

Қазақстан аймағы географиялық және демографиялық жағынан ерекше

болып келеді: территориядағы халықтың төмен тығыздығы. Бұл ұялы

байланыстың дамуын тежейтін фактор болып отыр. Сол себептен халқы аз

19

қоныстанған

және қашық жатқан көптеген елді мекендер байланыс

мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілмеген. Осы сипаттарды ескере отырып

Жамбыл облысын Қаратау қаласында сымсыз байланыстың CDMA

технологиясын қолданып 450 МГц жиілігінде желі құру тиімді деп есептеймін.

1. 4 CDMA стандартының негізгі қағидалары

CDMA (ағл. Code Division Multiple Access) - шу тәрізді сигнал

технологиясына кеңейтілген спектрде қолданылуына және әр қолданушыға

кеңейтілген спектрде таралатын жекелеген код ұсынуға негізделген. Сол

себептен, TDMA мен FDMA технологияларының кемшіліктерін болдырмау

үшін цифрлық жүйені өндірушілер арналары кодпен бөлінген көпстанциялы

қатынау технологиясына, басқаша айтқанда, CDMA - ге ауыстыруға көңіл

аударды.

CDMA - ұялы байланыс стандарттарының ең танымал түрі. CDMA ұялы

байланысының технологиясы қазіргі кезде өзінің ерекшелігіне және көптеген

қасиеттеріне байланысты басқа технологиялармен салыстырғанда пайдалану

ауқымы үлкен.

CDMA принципі бастапқы ақпараттық сигналдың (яғни сөз сигналының)

спектрін кеңейтуге ынталанады. Олар екі әртүрлі әдіспен жүзеге асады,

біріншісі «жиілік бойынша секіру», екіншісі «тура тізбек». «Жиілік бойынша

секіру» (немесе FH - Frequency Hopping) . яғни кездейсоқ заң бойынша берілген

аралықта таратқыштағы тасымалдаушы жиілік тұрақты түрде өзінің мәнін әрбір

сөйлесу арнасына салыстырмалы түрде үлкен емес уақыт интервалында

өзгертіп отырады. Жүйенің қабылдағышы да таратқыш сияқты гетеродин

жиілігін тура сол алгоритммен өзгертіп, тек керекті арнаны болашақта өңдеу

мен бөлінуді қамтамасыз етеді. FH көмегімен цифрлық ұялы байланыс

жүйесінде техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін GSM-де қолданады.

Екінші әдіс «тура тізбекті» (немесе DS - Direct Sequence) жұмыс істейтін

және перспективті CDMA желілерінде қолданатын шусияқты сигналдарды

қолдануға негізделген әдіс. Әрбір абоненттің ақпараттық сигналын жалғыз

және қайталанбайтындай шусияқты сигналға модуляциялайды, осыны бастапқы

ақпараттық сигналды кеңейту деп атайды. Осы жерде осындай кодтардың нұсқа

сандары миллиардқа жетеді, бұл біздің ғаламшарда әрбір адамға жеке байланыс

құруға болатынын айта кету керек. Әрбір абоненттің жіңішке жолақты

ақпараттық сигналы желідегі тұтынушыларға бөлінген жиіліктік спектрдің

барлық еніне кеңейтіледі. Қабылдағышта сигнал теңестіруші кодтың көмегімен

қалпына келудің орнына, нәтижесінде бастапқы ақпараттық код қалпына

келеді. Осы уақытта айтылған қабылдағышта басқа тұтынушылардың

сигналдары «ақ шу» сияқты болып табылады да кеңейтілген күйінде қалып,

қабылдағыштың қалыпты жұмыс істеуіне кішкене ғана кедергі келтіреді.

20

CDMA әскери байланыс жүйелерінде жайдан-жай қолданылған жоқ. Ол

сигналдардың спектрін кеңейту алдын -ала дайындалған жасанды бөгеуілдерге

қарсы тұра алатын қасиеті де бар. Егер радиосигналдың базасын өте үлкен

шамаға кеңейтсек, онда оны шу деңгейінен төмендетуге болады, мұны

потенциалды қарсылас та байқайды. Қабылдау жағында бастапқы сигнал

қалпына келеді. Сонымен, осыған ұқсас жүйелерді осы жиілік диапазонын

қолданатын

радиоқұрылғылардың жұмысына кедергі келтірместей етіп

қолдануға болады.

1. 5 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы

CDMA-450 450 МГц жиілік диапозонында жұмыс атқаратын маңызды

шешім болып табылады. CDMA-450 - үшінші ұрпаққа өтетін алғашқы қадам.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 320 000-ден аса абоненттерге қызмет атқаратын 5

CDMA-450 коммерциалық желісі қызмет атқарады. 10-ға жуық мемлекет бұл

жүйені жүзеге асыруға өз ұсыныстарын білдіруде.

CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу принципін түсіндіретін

құрылымдық сұлба 1. 1-ші суретте көрсетілген. Тасымалдаушысының спектрі

алдын-ала кездейсоқ шу көзінің сигналымен көбейтіліп, кеңейген ақпаратты

сигнал Уолш бойынша кодталып, осы тасымалдаушымен араластырылады.

Әрбір ақпараттық сигналға өзінің Уолш коды арналады, кейіннен олар

таратқышта бірігіп, сүзгі арқылы өткізіледі және жалпы шусияқты сигнал

таратушы антеннамен сәулелендіріледі.

Сурет 1. 1 - CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу

қағидасы

Қабылдағыштың кірісіне пайдалы сигнал, фондық шу, көрші ұяшықтағы

базалық станциядан келетін бөгеуілдер және басқа абоненттердің кездейсоқ

сигналдары түседі. ВЧ-сүзгілеуден кейін сигнал корреляторға түсіп, осында

спектрді қысу мен берілген Уолш кодының көмегімен цифрлық сүзгіде

21

пайдалы сигналдың бөлініп алуы жүреді. Бөгеуілдің спектрі кеңейтіледі, және

коррелятордың шығысында шу түрінде пайда болады.

Берілген суретте CDMA әдісін қолданатын жүйелерде, кездейсоқ шу

көзінің синхронизациясын өзгерте отырып, жиілік жолағының бір бөлігін

желінің барлық ұяшықтарында қолдануға болады. Бұл 100%-тік жиіліктік

ресурсқа қол жеткізуді пайдалануы - бұл CDMA стандартты желінің абоненттік

сыйымдылығының жоғары екендігінің және ұйымдастыруды оңайлататын бір

фактор көрсетілген. Уолш коды 64 болғанындықтан, бұл теориядағыдай шын

мәнінде жүзеге аспайды, жүйенің абоненттік сыйымдылығы ішкі жүйенің

интерференциясымен шектеледі, ол интерференция көрші ұяшықтағы базалық

станциялардың және қозғалмалы станциялардың бір мезеттегі жұмысынан

туындайды.

CDMA жүйесінде абоненттердің саны ішкі бөгеуілдердің деңгейіне

тәуелді. Базалық станцияның келісілген станциялары «жақын-алыс»

эффектісіне өте сезімтал, базалық станцияға жақын орналасқан мобильді

станция үлкен қуатта жұмыс істейді де, басқа «алыс» сигналдарды қабылдаған

кезде бөгеуілдердің жоғары деңгейін құрып, жүйенің өткізгіштік қабілетін

төмендетеді. Бұл жағдай барлық мобильді станцияларда болады, бірақ

ортогоналды шусияқты сигналды қолданатын жалпы жиілік жолағында жұмыс

істейтін CDMA-жүйесінде сигналдардың бұзылуы ең жоғары дәрежеде болады.

Егер осы жүйеде қуатты реттеу болмағанда бұл жүйе сөзсіз TDMA базасындағы

ұялы желілердің сипаттамаларына орын беретін еді. Сондықтан СDMA

жүйесінің басты проблемасы әрбір станцияда индивидуалды қуатты басқару.

Кодпен қатынайтын жүйенің тиімді жұмысы тек базалық станцияның

кірісінде әртүрлі абоненттердің сигналдары түзетілген жағдайда ғана жүзеге

асады. Түзету дәлдігі жоғары болған сайын, жүйенің қамту аумағы да көп

болады.

Қуатты басқарудың дәлдігі жоғарылаған сайын, ішкі бөгеуілдердің

деңгейі төмендейді. IS-95 стандартында мобилді станциялардағы қуатты реттеу

динамикалық диапазон 84 дБ-де 1 дБ қадамымен, яғни ±0, 5 дБ дәлдігімен

жүзеге асады. Көрші өлшемдер арасындағы интервал 1, 25 мс-қа тең. Қуатты

басқаратын биттер 800 бит/с жылдамдықпен трафик арнасы бойынша

таратылады. Тізбектеп қосылулы көпсәулелі сигналдарды бөліктеп өңдеу талап

етілетін сигнал/шу қатынасын 6-7 дБ қамтамасыз етеді. Кезінде параллельді

жұмыс істейтін бірнеше арналарда сәулелерді әртүрлі өңдеу мобилді

станцияның қайтақосылуының «жеңіл» режимін қамтамасыз етеді.

CDMA жүйе ұяшығының абоненттік сыйымдылығы реттеуші алгоритмді

пайдалану арқылы оптимизацияланады. Бұл алгоритм әрбір абоненттік

терминалдың сәулелендіруші қуатын жіберілетін қатенің болу ықтималдығы

деңгейін алуға болатындай етіп шектейді. Жүйеде қуатты реттеудің үш

механизмі қарастырылған: тура арнада- тұйықталмаған иілім, кері арнада -

тұйықталған иілім, кері арнада - сыртқы реттеу иілімі.

CDMA стандартты қозғалмалы байланыста сандық желілер келесі

элементтерден тұрады (сурет 1. 2) :

22

− қозғалмалы байланыстың коммутациялық орталығы MSC (Mobile

Switching Center) - СПС желісіндегі қозғалмалы абонентердің арасындағы

қосылу мен СПС пен СТОП желісіндегі абоненттердің қосылуын қамтамасыз

етеді;

− базалық станция BS (Base Station) - қозғалмалы абоненттермен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
CDMA-450 технологиясының негізінде Жамбыл облысы Қаратау қаласында сымсыз желіні ұйымдастыру
Алматы облысы үшін CDMA 450 технологиясының негізінде радиорұқсатты қолданумен көпарналы телекоммуникациялық жүйені жобалау (Телекоммуникация.Радиоэлеклектроника)
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
CDMA стандартты ұялы байланыс желісін талдау
CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу қағидасы
Сымсыз байланыс технологиясы - дәрістер конспектісі
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz