Жүзу спортының тарихы


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
МББС (ГОСТ) 7. 32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Рәсімделуінің құрылымы және тәртібі.
МББС (ГОСТ) 7. 1 - 2003 . Библиографиялық жазба. Құрылымы мен құрылымна қойылатын жалпы талаптар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»27 шілде 2007 жылғы № 319 -ІІІ 3ҚР (01. 01. 2017 ж. һзгерістермен және толықтырулармен) заңы.
АНЫҚТАМАЛАР
Сколиоз- омыртқа бағанасының иіндерінің оң немесе сол жаққа қисаюы;
Остеохондроз- омыртқа сүйекетірінң арасындағы тегеріштер(дисктер) анатаомиялық құрылымының өзгерісіне байланысты туындайтын патология:
Брасс- қол және аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі
Баттерфляй - жүзудің ең қиын стилдерінің бірі
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
АҚ - артериялық қан қысымы ;
СҚ - систолалық артериялық қысым;
ДҚ- диастолалық артериялық қысым;
ПАД- пульстік артериялық қысым;
МҚК- минуттық қан көлемі;
СК- систолалық қан көлемі;
с - секунд
м - метр
КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейкескілігі . Ғылыми техникалық прогресстің қарқынды дамуы барысында күнделікті тіршілік әрекетімізде автоматтандырылған құрылғылардың көп болуы, жұмысымызды айтарлықтай жеңілдеткенімен, әлеуметтік аурулардың белең ала бастағаны да алаңдатушылық тудыруда. Қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде ересек адамдарды айтпағанда мектеп жасындағы балалардың өзінде жиі ұшырасып отырған семіздік дерітінің туындауы өскелең ұрпақтың денсаулығының жақсы болуына күмән тудырады. Күнделікті арнайы спорт түрлерін таңдап, белгілі бір дене жаттығуларын жасауға дағдылану өте жақсы, дегенмен таңертеңілік 15-20 минуттық сергіту жаттығуларының жүйелілігінің маңызы зор екенін білгенмен арнайы уақыт бөлуге асықпаймыз. Ғылыми зертеулер бойынша кез келген аурулардың басты себебі гиподинамия. Гиподинамия, яғни қозғалыс белсенділігінің төмен болуынан ағза жүйелерінің, әсересе қан-тамырлар жүйесінің қызметтік ерекшеліктерінің бұзылуына әкеп соғады [1] . Тек қана қимыл қозғалыстың тапшылығынан ғана емес, ерекше ептілікті, икемділікті және жылдамдық секілді дене сапаларын қажет ететін спорт түрлерінің бірі күреспен айналысатын спортшылардың да тірек қимыл жүйесінің патологиясы омыртқа сколиозы кездесетіні, аталған патологияның туылғаннан емес, жүре пайда болатынын ескерсек, қалыпты отыру мен кеудені тік ұстап жүрудің өзінің омыртқа бағанасының көптеген патологиясының алдын алатыны ғылыми түрде анықталған.
Омыртқа бағанасының адам ағзасының тірек-қимыл жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі бола отырып, бас миынан таралған жұлынның жүйке тармақтарымен ағзаның өзгеде мүшелерін жүйкелендіреді. Омыртқа бағанасының бөлімдерінің қандайда бір патологиясы сүйектердің, бұлшықеттердің және ішкі мүшелердің жұмысына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Дене жаттығуларымен және спорттың белгілі бір түрімен айналысатын спортшыларда да омыртқа ауруларының бірқатары бар екені, оның себептернің уақытында ескерілмеуі барысында патологиялық күйдің асқынған кезінде барып емдік шарала жүзеге асырылып, олардың көпшілігі емшараның ұзақ уақытқа жүрізілуін талап ететіндіктен спорттық жаттығулардан белгілі бір уақытқа дейін қол үзе тұруға әкеп соғады [2] .
Зерттеу нысаны :Жүзу спорт түрімен айналысатын спортшылар
Зерттеу пәні :
Жұмыстың мақсаты: Тірек-қимыл жүйесінің негізгі бөлімдерінің бірі омыртқа бағанасының құрылысы, қызметтері және омыртқаның әртүрлі себептермен қисаюынан туындайтын сколоиоз ауруының алдын ал мақсатында суда жүзу спортының сауықтыру тәсілдерінің маңызының жоғары екенін түсіндіру.
Жұмыстың міндеттері :
- Суда жүзу спортының тарихынан бастап, жекелей ерекшеліктеріне және спорттың жүзу түрімен айналысатын спортшылардың физиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру;
- Омыртқа бағанасының анатомиялық ерекшеліктерімен толық таныстыру;
- Сколиоз ауруының себептері мен олардың алдын алуға қойылатын талаптармен таныстырылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы : Омыртқа бағанасының ауруларының ішіндегі өте жиі кездесетін патологияның бірі омыртқа бағанасының иіндерінен қисаюы немесе сколиоз ауруы туралы дене шынықтыру және спорттың белгілі бір түрлерімен айналысатын спортшылардың білуі өте маңызды. Сонымен қатар омыртқа бағанасының аталған патологиясы кезіндегі қолданылатын емдік жаттығулардың бірқатарын білу және үнемі жасап әдетке айналдыру тек қана омыртқаның қисаюының алдын алып қана қоймайды омыртқа аралық дистктердің созылғыштығын жақсартып, жұлын тармақтарының иннервациясының жақсаруында қамтамсыз етеді. Аталан патологиялардың алдын алу барысында жүзудің мағыздылығын түсіндіру.
1 ЖҮЗУ СПОРТЫНЫҢ АҒЗА ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ
1. 1Жүзу спортының жекелей физиологиялық ерекшеліктері және дене сапаларын дамыту мәселелері
Жүзу циклді дене жаттығуларына жатады, бірақ арасында сырғи бұрылыстар жасаған кезде ациклді күштенулер орындалады. Әртүрлі қашықтықтарға жүзген кезде әртүрлі қуатты жұмыстар: 25-50м-қашықтыққа жүзгенде - максималды, 100, 200 және 400 м қашықтықтарға жүзгенде - субмаксималды; 1500 м қашықтыққа жүзгенде біркелкі қарқынды қуатты; 1500 м-ден ұзақ қашықтықтарға жүзгенде бірқалыпты қуатты болып орындалады. Жүзудің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар, бұл сулы ортаның бірқатар қасиеттерімен байланысты:
1. Судың тығыздығы ауаның тығыздығымен салыстырғанда 600-700 есе жоғары, мұның өзі адамның қимыл-қозғалысына үлкен кедергі келтіреді; Егер ауаның кедергісін тек қана қатты жүгіргенде немесе жел тұрғанда сезілсе, судың кедергісі суға түсе салысымен бірден сезіледі. Бұлшық ет күшінің басым бөлігі денені суда ұстап тұруға емес, осы кедергіні жеңуге жұмсалады. Ал бұл кедергінің мөлшері судың тұтқырлығына, жүзу шапшаңдығына, адамның денсінің көлеміне байланысты болады. Денесінің ауқымы үлкен адамдар судың үлкен кедргісіне ұшырайды. Белсенді жүзу кезінде кері кедергі кролмен жүзу кезінде 1, 5 есе, барсс кезінде екі есе көп болады.
2. Адамның денесі суға түскенде қанша суды ығыстырса, соншаға салмағы жеңілдейді. Мысалы, Архимед заңына орай денесі 80 кг адамның дене салмағы суға түскенде 1, 5 кг шамасында болады.
3. Судың жылу өткізгіштігі ауамен салыстырғанда бес есе жоғары. +25 - +26 о С суда адам ауадағыға қарағанда екі есе көп жылу жоғалтады. Сондықтан жүзуші тоңып қалмау үшін барлық уақытта қозғалыста болуы керек. Денесінің май қабаты қалыңдау адамдар судың төменгі температурасына төзімдірек келеді. Май қорлары көптеу болғандықтан стайерлердің жүзгіштігі спринтерлерге қарағанда жоғары. Мысалы, толықтау адам +22 0 С суда өзін дұрыс сезінсе, арық адамға судың +32 0 С температурасы дұрыс болып есептелінеді. Жүзу кезіндегі ағзадағы жылу өнімінің 95% бос күйіндегі жылу ретінде бөлінеді.
4. Суда адамның денесі көлденең күйде болады, бұл дененің мәжбүрлік күйі, мұндай күйде веноздық қанның қайтымы тездеп, жүректің жұмысы жеңілдейді.
5. Жүзуді үйренгенде жаңа қимыл бағдарлары қалыптасады. Адамның денесіне тығыз тірек емес, сулы ортаның тірегі әсер етеді. Сондықтан қимыл циклінің белгілі бір ретпен орындалуының маңызы үлкен[3] .
Талдағыштар жүйесі. Суда адамның көру және есту талдағыштарының қызметі төмендейді. Суда заттың кескіні буалдырланып көрінеді. Мұның себебі судың жарық сәулесін сындыру коэффициенті адам көзінің қасаң қабығының сәулені сындыру коэффициентіне жақын болады. Арнайы көзілдірік кию арқылы көруді жеңілдетуге болады, бірақ бұл кезде көздің көру аймағы кішірейіп қалады. Дыбыстың шыққан орнын судың астында анықтау мүмкін емес, өйткені дыбыстың таралуы суда 1500 м/сек болса, ауада 330 м/сек. Осыған байланысты суда дыбыс жан-жақтан естілгендей болады. Олай болса суда бағдарлану тек қана көру арқылы жүзеге асады. Тепе-теңдік аппаратының қызметі суда біршама жеңілдейді, өйткені отолит сезім жасушаларының талшықтарына жер гравитациясындағыдай әсер етпейді. Суда жанасу және температуралық тері рецепторлары тітіркендіргіштердің әсеріне көп ұшырайды. Шынығу барысында осы әсерлерге бейімделу жүреді. Тікелей жүзудің орындалуы барысында проприорецепторлардың қызметі басымдау болады.
Тыныс алу жүйесі. Жүзу кезінде тыныс алу терең болады. Жоғары дәрежелі жүзгіш-стайерлерде оттегінің максималды қолданылуы (ОМҚ) 5, 2 л/мин, әйелдерде - 3, 4 л/мин. Салыстырмалы ОМҚ ерлерде орта есеппен - 69 мл/мин/кг, әйелдерде - 55 мл/мин/кг. Жүзгіштерде өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) біршама жоғары болады. Жоғары дәрежелі жүзгіш ерлерде ӨТС - 5-6, 5 л болса, әйелдерде - 4-4, 5 л, бұл көрсеткіш жүзумен шұғылданбайтындарға қарағанда 10-20% жоғары. Жүзгіштерде тыныс алу бұлшық еттерінің күші және өкпесінің сыйымдылығы жоғары келеді, өйткені тыныс алу жолдарындағы ауа ағымына кедергі артады. Суда тыныс алу көлемі негізінен резервті дем алу ауасы (РДАА) көлемі есебінен ұлғаяды, резервті дем шығару (РДША) мөлшері 1 л-ге дейін кемиді. Жүзу кезінде тыныс алу жиілігі, жүгірген кездегімен салыстырғанда төмендейді. Жүзу кезінде тыныс алу бұлшық еттерінің белсенділігі артады, өйткені, тыныс алу жолдарындағы ауа ағымына кедергі артады. Жүзген кезде тыныс алу кезеңінің уақыты қысқарып, тыныс шығару кезеңі ұзарады. Жүзу кезінде оттегінің маскималды қолданылуы, өкпенің желденуі, артериялық қанның оттегімен қанығу деңгейі оттегінің қолданылуына тәуелді болады. Жүзгіштерде максималды өкпе желденуі минутына - 118-159 л/мин.
Қан және қан айналым жүйесі. ЖСЖ жүзу кезінде артады, ал судың температурасы төмендегенде кемиді. ЖСЖ жүзу кезінде орта есеппен ерлерде - 185 соғу/мин-қа (жүгірген кезде 200 соғу/мин), әйелдерде 190 соғу/мин-қа (жүгірген кезде 200 соғу/мин) артады. Қанның минуттық көлемі 25-35 л-ге жетеді. Систолалық қан көлемі жұмыс қарқыны артқан сайын көтеріліп, 120-150 мл-ге артады. Артериялық қан қысымы (АҚҚ) 10-20% жоғарылайды, бұл су қысымының жоғарылығынан және терінің төменгі температурасы әсерінен тамырлар тарылуы есебінен болады. Ал жоғары қан қысымы бұлшық еттердің қан тамырлары арқылы қанның жылжуын күшейтіп, бұлшық ет ұлпаларының қанмен қаматамасыз етілуін жақсартады.
Бұлшық ет жүйесінің ерекшеліктері. Суда адамның денесінің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істейді. Мысалы, еркін жүзуде қол, йық белдеуіне көбірек жүктеме түссе, брасспен жүзгенде аяқ белдеуіне көбірек жүктеме түседі. Жүзу кезінде қол және бел бұлшық еттерінің маңызы зор болса, брасс кезінде аяқ бұлшық еттеріне жүктеме көп түседі. Ұзақ қашықтыққа жүзетін спортшыларда баяу бұлшық ет талшықтары көп болса, жүзгіш-спринтерлерде шапшаң бұлшық ет талшықтары денедегі барлық бұлшық еттердің 60-65% құрайды. Жүзгіштердің бұлшық еттерінде қылтамырлар саны көп болып келеді де, нәтижесінде бұлшық еттердің аэробты жұмыс қабілеттілігі (төзімділігі), ОМҚ артады[4] .
Қуат жұмсалуы. Жүзу кезіндегі шапашңдық пен қуат жұмсалуы бірнеше механикалық факторларға байланысты. Атап айтсақ: денені суда көтеретін күш және суға батыратын күш мөлшерлеріне; судың денеге келтіретін қарсы кедергісіне; жүзу кезінде қалыптасатын, денені қозғалысқа келтіретін күшке тәуелді. Спринтерлік қашықтықта (100 м-ге) жүзгенде қуатпен қамтамасыз етілудің 80% анаэробты қуат көздері есбінен жүреді, олай болса анаэробты алмасу табалдырығы сүт қышқылының деңгейі 80 мг/% болған деңгейде жүзеге асады. Ал 400, 800 м қашықтықтарда - аэробты жолмен қуатпен қамтамасыз етілу басым болады, ол жалпы қуат өнімінің 50% артады. Шыныққан жүзгіштер ағзасы қандағы сүт қышқылының деңгейін аса арттырмай, оттегін максималды қолданудың жоғарылауы есебінен жұмыс істеуге қабілетті болып келеді.
Жылу реттелуі. Тыныштық күйде тері температурасы судың температурасынан 1-2 о С-ке жоғары болады, жүзу кезінде бұл айырмашылық 1 о С-тен төмендейді. Судың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жоғары болғандықтан суда жылу көп жұмсалады. Жүзу кезінде ағзадағы бүкіл қуат өнімінің 95% жылуға айналады, яғни бос күйіндегі қуат түрінде бөлінеді. Жүзу жылудың ұлпалар арқылы өткізгіштігін ұлғайтады, денеден жылу көп бөлінеді, әсіресе салқын суда, сондықтан жылу бөліну жылу өндірілуінен артып кетеді. Салқын суда тері арқылы өтетін қан ағымы күшейіп, бұлшық еттердің қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді. Судың температурасы оптимальді жүзу бассейндерінде және қысқа уақытта жүзгенде ағзаның жылу тепе-теңдігі бұзылмайды, себебі бұл кезде тері қан тамырларына жүректен шыққан қанның біршама аз бөлімі бағытталады.
1. 2. Жүзу спортының тарихы
Жүзу , спорттық жүзу - спорт түрлерінің бірі.
Спорттық жүзу жарыстары еркін кроль, брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен елу метрден мың бес жүз метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды немесе көркемдік жүзу тағы да басқа түрлері кездеседі. Сонымен бірге жүзудің тұрмыстық, емдік немесе сауықтыру және ойын түрлері де бар.
Кез келген спорттағы секілді жүзу федерациясының да атқаратын қызметі мен аталған спортты дамытудағы маңызы зор. Жалпы, Халықаралық жүзу федерациясы 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еуропалық чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын елу де жиырма, жүзде елу, метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. ХVI ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Италияның Венеция қаласында өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті[5] .
Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының өзіміз білім алып жатқан Қазақ спорт және туризм академиясы ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. Ал, 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен жиырма жеті метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю. Кабин, В. Минаев, Б. Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г. Николаев енген кеңес өкіметі кезіндегі жүзгіштері 1956 жылы Мельбрун қаласында өткен XVI -шы Олимпияда ойындарында төртте екі жүз метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылған болатын. Ал Тәуелсіз жылдарығ яғни 1992 жылы Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен XXV-ші Олимпияда ойындарына жеті жүзгіш, ал 2000 жылы Сиднейде өткен XXV ІІ-Олимпиядаға сегіз жүзгіш қосылды. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады[6] .
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңе алады, сонымен бірге жүзумен тұрақты түрде шұғылдану нәтижесінде спорттық жетістіктерге жете алады. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және тағы да басқа мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудіңәмбебап әдістеріне:
- кроль - еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап) ;
- брасс;
- баттерфляй.
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Суда жүзудің пайдасы өте зор. Мысалы, ағзадағы барлық бұлшық етттер жұмыс жасап, жиырылып-созылады. Суда жүзіп үйренудің талаптары өте жоғары. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етіп, қимылдауы тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі. Суда жүзу спортымен тұрақты түрде шұғылдану омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттердің қозғалуын жақсарта отырып, омыртқа аралық дисктерге де әсерн тигізеді. Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді[7, 8] .
Жүрек қан тамырларының жүйесі ретті жұмыс жасап, қан тамырлар қабырғаларының созылғыштығы жақсартады. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.
Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады. Диафрагманың жиырылуы артып, тыныс жилігі қалыпты болады. Өкпе альвеолаларының қызметі жақсарып, өкпенің тіршілік сиымдылығы артады.
Дене температурасы қалыпты жағдайда болып, иммунитеттің тұрақты болы да суда жүзу спортымен жүйелі айналысуға да байланысты екенін арнайы мамандар болмаса көпшілігі біле бермейді[9] .
Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Сонымен қатар мамандар, суда жүзумен үнемі шұғылдану нәтижесінде жүйке жүйесінің тынышталуымен қатар, күйзелістердің де алдын алуға болатынын айтады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойға қуат беріп, сергітеді.
Жүзудің жекелей түрлеріне сипаттама беретін болсақ, мысалы:
Дельфин немесе Баттерфляй ағылшын тілінен аударғанда butterfly - «көбелек» - жүзудің техникалық жағынан ең қиындарының және шаршататын түрлерінің бірі болып табылады.
Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс жасайтындықтан, қолдар жүзушінің денесін судың үстіне көтеретін кең және мықты есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тәріздес қимыл жасап отыратын ішпен жүзу стилі. Баттерфляй - жүзудің ең қиын стилдерінің бірі және жылдамдық жағынан крольден кейін екінші орынды алады. Аталған жүзу түрінің де өзіндік даму тарихы бар.
Алғашында жүзудің тек үш түрін сипаттайтын болған. Олар: еркін стиль немесе түр, брасс және арқамен жүзу. Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде қалыптасқан. Қолдар судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы жылдамдады. Кейін аяқтардың қозғалысын да көбірек қосылып, үйлесімді қимыл көрсетеді.
Жүзу ерекшелігі мен техникасына қарай да бірнеше ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Баттерфляйда жұмыс техника ерекше маңыздыроль атқарады. Ал жүзудің кроль түрі болса, шалқалай жүзу мен брасс секілді түрлеріне қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықта және дене күшін де көп қажет етпей, жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді үйренуде жатыр деп ойлайды. Жүзуді жағадан бастаушылар үшін басты қиындық екі қолын бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы қалыпқа келтіру, сонымен қатар бір уақыттағы деммен ұзақ жүзу болып табылады[10] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz