Есіл өзені сужинау алабының табиғи сипатамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
НУРБАЕВА Ж. Н.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ АЛАБЫНЫҢ СУ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орындаған
(аты-жөні)
20___ ж. «___» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
3. 4 Есептік кезеңді таңдау . . . 48
3. 5 Ықтималдық үлестірім қисығының өлшемдік көрсеткіштері . . . 55
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесі стандартқа сәйкес сілтемелер қолданылған:
ҚР МЖБС 5. 04. 019-2011«Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі
ережелерге».
МемСТ 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі. Мәтіндік құжаттарға ортақ талаптар.
МемСТ 2. 11-68 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі. Норма бақылау.
МемСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеудің құрылымы мен ережелері.
МемСТ 7. 1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері.
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Су қоры - су нысандарындағы пайдалануға болатын жер беті және жер асты суларының қоры;
Су нысаны - жер бетінде жинақталған табиғи су;
Сумен қамтамасыз етілу дәрежесі - бірлік көлем немесе пайызбен өрнектелген тұтынушыларды суға деген сұранысын қамтамасыз ету дәрежесі;
Су жинау - жер бетінің бөлігіндегі су ағатын жеке өзен немесе өзендер жүйесі;
Су жинау ауданы - су нысаны қалыптасатын аймақ;
Су ағыны - табиғи немесе қолдан тұрғызылған әртүрлі шығындағы су ағыны;
Сушаруашылық нысаны - су пайдалану, қалпына келтіру және қорғау нысандарының құрылымы;
Aғын-өзeндeгi нeмece өзгe дe cy apнaлapындaғы cy мaccacының көлдeнeң кeңicтiктi түгeл қaмтитын қoзғaлыcы;
Өзeн жeлici-кeз кeлгeн ayмaқтaғы бapлық өзeндepдiң жиынтығы;
Cy өтiмi-өзeн apнacының көлдeнeң қимacы apқылы yaқыт бipлiгiндe aғып өтeтiн cy мөлшepi;
Cy pecypcтapы-шapyшылықтa пaйдaлaнyғa жapaмды өзeн, көл, бөгeн, тeңiз, мұxит, жep acты, тoпыpaқ, мұздық, бaтпaқ жәнe aтмocфepaдaғы cyлap;
Гидpoлoгиялық eceптeyлep-гидpoлoгиялық peжiмнiң түpлi cипaттaмaлapының мөлшepiн eceптeyгe мүмкiндiк бepeтiн әдicтepдi жacayмeн aйнaлыcaтын инжeнepлiк гидpoлoгияның тapayы;
Гидpoлoгиялық peжiм-cy ныcaндapы жaғдaйының мepзiмдiк, нeгiзiнeн aлaптың климaттық epeкшeлiктepiмeн aйқындaлaтын зaңдылықпeн өзгepyi;
Гидpoлoгиялық бoлжaм-өзeн, көл, бөгeндepдeгi түpлi құбылыcтapдың мepзiмдiк әpi кeңicтiктe дaмyын aлдын aлa eceптeyдiң ғылыми дәлeлдeнгeн әдicтepiн зepттey мeн қoлдaнy;
- орташа көпжылдық су ағынының мөлшері, м
3
/с;
-
- кезеңіндегі жылдық су ағынының мөлшері, м
3
/с.
және
- арнайы кестелер арқылы анықталатын көрсеткіштер;
және
- белгілі моменттік әдіспен анықтайтын вариация және асимметрия көрсеткіштеріне сай ауытқыун бағалау;
-орташа жылдық су ағынының мөлшерінің ауытқуының орташа квадраттық ауытқуы, м
3
/с;
- су ағынының көпжылдық орташа шамасы, м
3
/с;
- модулдік көрсеткіш;
- су ағынының қатарының саны.
КІРІСПЕ
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы(ТМД) елдерінің арасында сумен камтамасыз етілу бойынша ең соңғы орында, аумақтың меншікті сумен қамтамасыз етілуі 1км : -ге 37 мың м³ немесе жылына бір адам басына 6, 0 мың м³ тең. Өзендердің көпжылдық, жылдық орташа ағындары (жалпы жер үсті су қорлары) І00. 5м³ көлемінде, олардың 56, 5км³ республика аумағында пайда болатын су көздері болса, шекаралас өзендер арқылы іргелес мемлекеттерден келетін су ағынының көлемі 44, 0 км З , ал оның ішінен Қытай аумағынан - 18, 9км З , Өзбекстаннан -14, 6км З , Ресейден - 7, 5км З , Қырғызстаннан - 3, 0км³. Ірі өзендердің басым көпшілігінін ағындары республика аумағынан тыс жерлерден бастау алатындықтан, олардың су қорларының қалыптасуы іргелес мемлекеттерге біршама тәуелді етеді. Мәселен, Іле немесе Ертіс өзендерінің бастаулары Қытай Халық Республикасынан, Шу, Талас өзендерін - Қырғызстан Республикасынан, Орал өзенінің бастауы - Ресей Федерациясында, Сырдария өзенінің су жинаудағы негізгі ағын құраушы бөлігі Өзбекстан мен Қырғызстан Республикасының таулы аймақтарына орналасқан.
Қазақстан Республикасының орталық аймағынан бастау алатын Есіл өзені - Ертістің сол жақ саласы болып табылады. Есіл өзенінің Қазақстанның аймағындағы ұзындығы 1400 км. Есіл Сарыарқаның солтүстігіндегі Нияз тауынан басталып, Ертіске құяды. Жағасында бас қаламыз Астана орналасқан.
Жалпы Есіл өзенінің сужинау алабының ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км) . Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын өзеннің бірі болып саналады. Су жинау алабы 177 мың км 2 . Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) қоректенеді. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденіңортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгенінің беткі жағындағы нөлдік сызбасының деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.
Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді және суы кермек татиды.
Жалпы Қазақстан Республикасының орталық аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін Есіл өзенінің сужинау алабының гидрологиялық жағдайын жан-жақты зеттреудің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда да маңызды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының орталық аймағынан бастау алатын Есіл өзеннің су қорын халық шаруашылығына ұтымды және тиімді пайдалану және оның гидроэкологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету, табиғаты пайдалану саласының көкейтесті мәселесінің бірі болып табылады.
- ЕСІЛ ӨЗЕНІ СУЖИНАУ АЛАБЫНЫҢ ТАБИҒИ
СИПАТАМАСЫ
1. 1 Есіл өзені сужинау алабының географиялық орналасу жағдайы
Есіл өзені Қазақстан Республикасының Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен және Омбы облыстарының жерімен ағады (сурет1. 1) [1; 2] .
Сурет 1. 1 Есіл өзенінің гидрографикалық желісі
Есіл өзені сужинау алабы Қазақ Ұсақ шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Аймақтың жер бетінің құрылысына байланысты негізінен абсолюттік биіктігі 300-400 м болып келетін, жалпы еңістігі батыс және солтүстік-батыс, тек аймақтың солтүстік-шығыс бөлігінде ғана солтүстік-шығыс болатын жоталы жазықтық болып табылады. Жазықтықтан оңашаланған шоқылар мен бөктерлер көтеріліп тұрады. Олар кей жерлерде биіктігі теңіз деңгейінен 700-800 м жететін кішкене таулы адырлардан тұрады. Жоталардың шоқылары мен бөктерлері ежелгі қатты жыныстардың жер бетіне шығар жерінде жинақталған. Жоталардың салыстырмалы биіктігі негізінен 20-40 м аспайды, тек аймақтың ең биік жерлерінде 100-20 м жетеді. Ұсақ шоқының шыңдары негізінен жұмсақ бірқалыпты көрініске ие [1; 2; 3; 4; 5] .
Беткейлердің тіктілігі 5-10 о С. Тек мүжілуге төзімді жыныстар (кварцит және басқалар) өткір шыңды және шыңдарды тудырады. Жекеленген жоталардың шыңдары жалаңаштанған. Жоталардың көп бөлігі қиыршақтас және жарықшақталған тас шөгінділерімен жамылған. Жоталар арасындағы төмендеулерде кең жазық немесе жабық терең емес қазаншұқырлар орналасқан. Жер бедерінің аралас шөгетін жыныстар- құмдақ, саздан тұрады. Өзен аңғарларында алювиалды шөгінділер таралған, олардың қуатты 20-30 м-ге жететін құм, қиыршақ, саз қабаттарынан тұрады [1; 2; 3; 4; 5] .
Ең жазық жер бедері Есіл өзені бойымен және одан оңтүстікке қарай 50 о С дейін орналасқан. Аймақтың орталық бөлігі басқа аймақтармен салыстырылғанда ерекше, себебі бұл жерлерде шың аз және өлшенген болып келеді: жер бедері мөлшерлі, әдетте көлдерорналасқан жабық төмендеулермен сипатталады. Аумақтың бұл бөлігінің және оның ең үлкен ор-шұқыры-Теңіз-Қорғалжан қазаншұқыры, оның орталық бөлігін Теңіз және Қорғалжан көлдері алып жатыр [1; 2; 3; 4; 5] .
Аймақтың солтүстік шекрасы бойымен орташа биіктігі 400-450 м Көкшетау таулары орналасқан. Көкшетау шыңдары жазық бойымен таралған көптеген жекеленген тізбек топтары немесе жеке шыңдар болып табылады. Аймақтың оңтүстік бөлігінде Ұлытау тау сілімі мен кішкентай алаңдар қатары (Сарыжал, Теректі және басқалар) созылған. Аймақтың бұл өңірінде жер бедері негізінен орта жоталы, кей жерлерде үлкен жоталы (Қон, Керей, Қыпшақ өзендері су айырықтарының жоғарғы бөліктері) болып келеді. Шыңдармен жекеленген шың топтары әдетте айқын бағытқа ие емес. Олардың арасында аңғар тәрізді төмендеулер негізгі өзенаңғарына шыға алмайды. Шыңдардың салыстырмалы биіктігі 20-50 м, кейбір өзендердің жоғарғы бөлігінде ( Жақсы Қон, Жамагн Қон және тағы басқалар) 100-125 м жетеді [1; 2; 3; 4; 5] .
Аймақтың шығыс бөлігінің ең биік төбесі Селті өзенінің оң тармақтарында орналасқан Ерементау болып табылады. Аймақ шекарасында Ерементау беткейінің орташа биіктігі 500-600 м, ал кей жерлерде 800-850 м жетеді. Ерементау аймақтың басқа бөліктері секілді, салыстырмалы орташа биіктігі 20-50 м, кей жерлерде ғана 100-200 м жететін, жеке жоталар мен шың топтарынан тұрады [1; 2; 3; 4; 5] .
Аймақтың кейбір жерлерінде жоталардың биіктігі 600 м жуық. Бұл тек жеке биіктердің бар болуымен ғана емес, сонымен қатар бұл аймақтың шекарасында Батыс Сібір Ойпатының орналасумен де түсіндіріледі. Есіл және Селті өзендерінің аңғарларының Батыс Сібір ойпатына шығар жерінде абсолюттік биіктігі 200 м жуық. Бұдан Есіл өзенінің сужинау алабының жер бедерінің негізгі бөлшектері шектелген шыңдар немесе биіктіктер топтары орналасқан толқынды жазық. Аумақтың эрозиялық бөлшектенгіштігі әсіресе, жазық аудандарда үлкен емес. Аймақтың жер бетінің ерекшелігі: диаметрі 100-200-1000 м-ге дейін көп мөлшерлі жазық ағынсыз төмендеулер тереңдігі 1-2 метрден 4-5 метрге дейінгі дала тостағы тәрізді құрылымдар. Көктемеде бұл төмендеулердің көп бөлігі уақытша көлдерге айналады [1; 2; 3; 4; 5] .
1. 2 Есіл өзені сужинау алабының топырақ және өсімдік жамылғысы
Есіл өзенінің сужинау алабының топырақ және өсімдік жамылғысы бойынша орталық аумағы дала ландшафты аймаққа, ал оңтүстік бөлігі шөлейт аймаққа жатады. Аумақтың үлкен бөлігі механикалық құрамы жағынан негізінен саз бен құмнан тұратын күлгінді топырақты болып келеді, ал онда ақ селеу, жусан, бетеге өседі. Топырақ және өсімдік жамылғысының өзгешелігі топырақ түзуші жыныстарының біртекті есестігімен және аумақтың жекеленген бөліктеріндегі ылғалдылықтың бірдей емес дәрежесінде болмауына байланысты. Солтүстік аудандарда ақ селеу-бетеге құнарлылығы төмен қара топырақтарда көп тараған. Бұл далалық аймақтың кей жерлерінде қайыңдар, ал тасты шыңдарда қарағай ормандары кездеседі. Оңтүстікте қара-күлгін топырақ, әдетте ашық күлгін топырақтармен бірге кездеседі және оларға ақ селеу-бетеге аймақтары тән [7; 8; 9; 10; 11] .
Теңіз-Қорғалжан ор-шұқыры ауданы мен аймақтың оңтүстік бөлігіндегі бетеге, селеу-жусан ашық күлгін топырақта өседі. Дала өсімдігі түрінде шөлейт аймақтарда өсетін өсімдіктер кездеседі. Өзен аңғарларының ығалды бөліктерінде жақсы шалғындар бар және өзен бойында бұтақты өсімдіктер дамыған [7; 8; 9; 10; 11] .
Есіл өзені сужинау алабының оңтүстік бөлігі жарықшақталған тас араласқан топырақ жамылғысы болып келеді. Оның аймағында өсімдік жамылғысы жоқ деседе болады, себебі тасты дала болып келеді. Аймақтың алқабында ағаш өсімдігі біртұтас емес, жеке алқап түрінде қайың және қарағай ағаштары аймақтың солтүстік бөлігінде ғана кездеседі. Жалпы алғанда Есіл өзені сужинау алабының ормандылығы оның жалпы ауданының 1, 0-1, 5 пайызын ғана құрайды [7; 8; 9; 10; 11] .
Есіл өзені сужинау алабының аймақтарында батпақты топырақтар аз кездеседі және олар батпақты түрлерге жатады. Олар шөп басып қалған көлдердің немесе далалы құмдақтардың орнында пайда болады.
Батпақтанған жерлер өзен аңғарларында кездеседі, яғни Нұра және Қолытон өзендерінің бойында.
Есіл өзенінің сужинау алабының аймақтарын ауылшаруашылық мақсатқа қарқынды пайдалануға бойланысты, көп жерлері егістік жерлерге өңделген [7; 8; 9; 10; 11] .
1. 3 Есіл өзені сужинау алабының климаттық жағдайы
Есіл өзені сужинау алабының басты бөлігінің климаттық жағдайы ауа температурасы, ауаның құрғақтығының шарықтауының ауытқуымен, аз мөлшерлі жауын-шашын арқылы сипаталатын өте континенталды болып келеді (кесте 1. 1) [3; 4; 5; 12] .
Кесте 1. 1
Есіл өзенінің сужинау алабының климаттық сипаттамасы












1. 1 кестесінің жалғасы
Есіл өзені сужинау алабының аймағының орташа жылдық ауа температурасы солтүстікте 0, 5-1, 0 о С, оңтүстікте 2, 0-2, 5 о С дейін ауытқиды. Ауа температурасының жыл ішіндегі жүруі қысқы уақыттағы тұрақты қатты аязбен, көктемгі жылудың қарқынды өсуімен және созылыңқы жазғы уақыттағы ыстықпен сипатталады [3; 4; 5; 12] .
Ең суық қаңтар айы, ал ондағы орташа ауа температурасы Есіл өзені сужинау алабының солтүстігінде «минус» 18-19 о С, оңтүстік бөлігінде «минус» 16-17 о С. Жеке жылдары абсолюттік минимум «минус» 50-51 о С қа жетеді.
Ең жылы ай шілде, ал ондағы орташа ауа температурасы Есіл өзені сужинау алабының аймағында 19-21 о С дейін тербеледі және температураның абсолюттік максимумдары 40-43 о С қа жетеді. Бұдан байқайтынымыз орташа айлық ауатемператураның тербелісі 10 о С, алабсолюттік тербелісі 90 о С тан асады. Жылы кезеңнің ұзақтығы (орташа тәуліктік ауа температурасы 0оС жоғары) орташа есеппен 190-200 тәулікті құрайды[3; 4; 5; 12] .
Көктемдегі ауатемператураның 0 о С-тан өтуі аймақтың көп бөлігінде әдетте 12-13 сәуір, ал оңтүстік бөлігіндже 10-12 сәуір айларында байқалады. Жылудың өсуі көктемгі кезде тез болады, 0 о С өткеннен кейінгі 10 күннен кейін ауатемпературасы 5 о С болады [3; 4; 5; 12] .
Күзде ауатемпературасы 0 о С өтуі орташа есеппен 22-25 қазан айларында байқалады.
Есіл өзені сужинау алабының ауа ылғалдылығының жетіспеушілігітек қана жауын-шашынның мөлшерінің аз болуымен ғана емес, сонымен қатар ауа ылғалдылығының төмен болуымен сипатталады.
Абсолют ауа ылғалдылығы жыл ішінде орташа есеппен 6 мб, ал ығалдылық тапшылығы 4-5 мб құрайды. Ауа ылғалдылығының минимум мәні қаңтар-ақпан айларында (1, 5-1, 7 мб), максимум мәні -шілде айларында (12-14 мб) байқалады. Ең кіші мәндері жазғы айларда (40-45 %), ал үлкен мәндері қыста байқалады. Қысқы айларға бұлтты күндердің көп бөлігі келеді. Қыста орташа есепен бұлттылық шамамен 60 % құрайды. Жылдың жылы кезеңінде негізнен бұлтсыз ауа райы байқалады[3; 4; 5; 12] .
Есіл өзені сужинау алабының ылғалдылығы жеткіліксіз аудан болып табылады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері аймақтың солтүстік бөлігінде 300-350 мм, оңтүстік бөлігігінде 200 мм құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz