Деректер базасын құру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Жайлаубаева А.
Есептеу техникасына сервистік қызмет көрсету қызметінің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық кешенін құру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В070200 - Автоматтаныру және басқару
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті
Ақпараттық технологиялар, математика және физика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Есептеу техникасына сервистік қызмет көрсету қызметінің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық кешенін құру
Беттер саны ____
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны ___
Қосымшалар ___
Орындаған Жайлаубаева Айгерім
2018 ж. ____ _______________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
ф.-м.ғ.д., профессор
_______________
Серикбаев А.У.
Жетекші
аға оқытушы
_______________
Дильмагамбетова Б.М.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Экономикалық бөлім
аға оқытушы
_______________
Карымсакова Ж.К.
Еңбек қорғау бөлімі
т.ғ.к., қауымдастырылған
профессор
_______________
Жанашев И.Ж.
Норма бақылау
ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған
профессор
_______________
Киргизбаева Б.Ж.
Сарапшы
_______________
_______________
Алматы 2018 ж.
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы қарсаңында жұмыс жасап отырған кәсіпорындарға қатаң стратегия мен саясатты ұстануы қажет, ол - өмірдің талабы. Кәсіпорынның іс-әрекетінің жүзеге асырылуын, жалғасуының негізгі ол - өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорын толық маркетингтік зерттеулерге сүйене отырып жасауы қажет, яғни тұтынушылардың талғамын, сұраныс деңгейін, ұсынысты, бәсекелестерді, алмастырушы тауарларды, салық саясатын, ақша несие саясатын, тағы басқа мемлекет тарапынан әсер ететін факторларды ескерген жөн. Сонымен бірге тек қана осы факторларды ескеріп қана қоймай, кәсіпорын өзінің қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс, олар: өндірісті кеңейту, жаңа нарыққа шығу, жаңа тауар шығару, ал ең бастысы - ең аз шығын жасай отырып, ең көп көлемде табыс табу.
Қазіргі жағдайда тауарлық саясатқа сәйкес кәсіпорын неғұрлым көп тауар шығарса, оған кететін шығын азырақ болады. Яғни бұл шығындардың азаюы өнім көлемінің масштабы заңдылығы бойынша жүзеге асады. Қазір тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын әр уақытта бәсекелестерін бақылап, одан қалыспауға тырысуы қажет. Ол үшін өндірістік стратегиясы мықты, әрі тұрақты тиімді болуы шарт.
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып, не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады - ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда және т.б. мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тиімді қолдану процестері кейіннен адам қызметінің барлық бағыттарында табысқа жетудің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта бірде-бір ірі технологиялық мәселені үлкен ақпарат көлемі мен коммуникациялық процестерді өңдеусіз шешу мүмкін емес, сол себепті өндіріске прогрессивті технологияларды қолдану деңгейін анықтайтын ақпараттық жарақталуы қажет.
Дипломдық жобаның мақсаты есептеу техникасына сервистік қызмет көрсету қызметінің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық кешенін құру болып табылады.
Зерттеу объектісі - Мекеме аты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Дипломдық жоба мақсатымен сәйкес келесі есептер қойылады:
oo пәндік аймақты сипаттау;
oo есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету бойынша деректерді өңдеудің әрекет етуші жүйелерінің ресурстарын меңгеру, баламаларға шолу жасау, олардың кемшіліктерін табу және олардың алдын-алу бойынша шараларды ұйымдастыру;
oo болашақ жүйені құруға техникалық тапсырма құрастыру;
oo жаңа ақпараттық жүйені құру үшін жобаның функционалды тағайындалуын сипаттау;
oo деректер базасын құру;
oo аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
oo есептеу техникасына сервистік қызмет көрсету қызметінің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық кешенін құру;
oo келіп түсіп жатқан ақпараттың толықтығына бақылау жасау;
oo жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.
Құрастырылатын ақпараттық жүйе кәсіпорынның есептеу техникасына сервистік қызмет көрсету қызметін оңтайландыруға, мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді жүзеге асыруға, әр түрлі есеп берулерді дайындауға, сонымен қатар сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1 Талдау бөлімі
1.1 Пәндік облысты сипаттау
Дипломдық жобаның зерттеу объектісі - Мекеме аты ЖШС.
Мекеме аты ЖШС компьютерлік құралдардың өңделуімен байланысты, жергілікті желілерді әкімшілендірудің қандай да болса мәселелерін шешуге, сондай-ақ бақылау жүйесіне, бейнебайқау, өрт сигнализациясына жетімділікті жасайды. Өзінің жұмысында көрсетілетін жұмыстың жоғары сапасына және қойылған тапсырыстарды оперативтік шешуге ставка жасайды. Компанияда ұсыныстар беретін, лицензиялаудың ең пайдалы схемаларын таңдайтын және қандай да болса техникалық мәселелерді шешуге көмектесетін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Компьютерлердің саны күннен-күнге өте үлкен қадаммен өсе түсуде. Егер он жыл бұрын компьютерлердің түрлерін саусақпен санауға болатын болса, қазіргі уақытта қайсысы жаңа, қайсысы мықты екенін айыруға қиынға соғады. Себебі, кем дегенде ай сайын компьютерлердің жаңа түрлері пайда болып, қолданысқа шығуда.
Есептеуіш техникасының қолданушысы өзінің жұмыс барысында туындаған ақауды болдырмау үшін үнемі сервистік орталықтардың көмегін қажетсінуі ықтимал. Бүкіл компьютерлік ақауларды екі түрге: аппараттық және бағдарламалық деп бөлуге болады. Біріншісі, компьютердің аппараттық бөлігінің жұмысына, екіншісі, операциялық жүйемен және орнатылған қолданбалы бағдарламаларға байланысты болатындығын және олардың бұзылыстарын ажырата біліп, тиісті техниқалық қызмет көрсетуі мен ақауларды іздеу жолдарының өзектілігі.
Сондай-ақ, бұрын компьютерлердің жылдамдығын қолданушы өзі үдетуге тырысса, қазір көптеген өндіруші-зауыттардан үдетіліп шығады, басқа да жұмыс өнімділігін күшейтуге септігін тигізетін техникалық құрылғылар мен жағдаяттар алдын-ала өндіріс орындарында ескеріледі. Қолданушы жұмыс барысында туындаған ақауды болдырмау үшін үнемі сервистік орталықтардың көмегін қажетсінуі ықтимал.
Сервис - жеке тұлғалардың немесе ұғымдардың тұтынушыларға қызмет көрсету арқылы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адам кәсібінің бір түрі. ХХ ғасыр өзінде сервис адам белсенділігінің саласына айналды. Қазіргі таңда дамыған елдерде халықтың 70%-ы қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Сервис саласы - адамның қалыпты өмір сүруін, бос уақыт үлесінің көбеюін, үй шаруашылығы шығындарын оңтайландыруын, жұмыс бастылық мәселерін шешу сияқты материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қызмет көрсету немесе сервис - бір жақ екінші жаққа ұсына алатын кезектік қызмет. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету материалдық өнімдермен байланысты, ол басқа жағдайда оларға еш қатысы жоқ.
Көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі мыналар:
oo техникалық тексерулер жүргізу, аналитиканы құру және ұсыныстар тапсыру;
oo құрылымдық кабельдік жүйелерді құрастыру;
oo кез келген бағыттағы сайттардың әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыздандыруды іске асыру және қызмет көрсету;
oo бағдарламалық қамтуды лицензиялауға көмек көрсету;
oo компьютерлерді және оргтехниканы жөндеу және сервистік қызмет көрсету, қоректендіру блогтарын, мониторингтерді, жүйелік блоктарды ауыстыруымен, қатардан шыққан бөлшектерді түгелдей жөңдеу немесе қалпына келтіру;
oo картридждерді толтыру;
oo лицензияланған бағдарламалық қамтуды құру және баптау;
oo қатты дискілерден жоғалған деректерді қалпына келтіру;
oo IP-телефонияны құру;
oo мини-АТС орнату, баптау, бағдарламалау;
oo бағдарламалық өнімдердің базасында ашық шығыс кодпен қауіпсіз интернет шлюздерді және прокси-серверлерді құру;

oo кіруді бақылау жүйелері, өрт дабылы және бейнебақылау жүйелерін орнату (қатынаудың бақылау жүйесінің монтажы, бейнебайқау және бейне-фото фиксациясы жүйелерін монтаждау, өрт сигнализациясын монтаждау);
oo компьютерлер мен оргтехникаларды сату.
Сервистік қызмет көрсетуден басқа Мекеме аты ЖШС басқа да ақпараттық қамтамасыздандыру бойынша ұсынатын қызмет түрлері бар, оның толық тізбесін кесте 1-ден көруге болады.
Кесте 1
Мекеме аты ЖШС ұсынатын қызмет түрлерінің толық тізбесі
Серверлерді әкімшілендіру
oo Vmware виртуализациялау жүйесі, Unix, Windows операциялық жүйелерінің бақылауымен Hewlett Packard, Dell, Fujitsi Siemens, IBM жетекші әлемдік брендтердің серверлік құралдарын орнату, қалпына келтіру және оларға қызмет көрсету;
oo MS Active Directory, Novell eDirectory пайдаланушылар каталогтарын әкімшілендіру;
oo MS Exchange, Exim, Sendmail мекен-жай серверлерін әкімшілендіру;
oo MS ISA, MS TMG, Squid прокси-серверлерді әкімшілендіру;
oo операциялық жүйелерге және деректер базасын басқару жүйелерге қызмет көрсету;
oo ақпараттық ресурстардан ақпараттарды сақтаулы көшіру;
oo қашықтықтан әкімшілендіру;
oo виртуалдық серверлерді орнату, қалпына келтіру және т.б.
Жедел қызмет көрсету
oo компьютерлік және қашықтықтағы техникаға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
oo компьютерлік техниканы жедел есепке алу;
Кесте 1-дің жалғасы
oo қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және қалпына келтіру;
oo техникалық сұрақтар бойынша пайдаланушыларға кеңестік қызмет көрсету;
oo компьютерлік және қашықтықтағы техникамен, шығын және толымдайтын материалдармен қамтамасыз ету және т.б.
Ақпараттық жүйелер
oo ақпараттық жүйелерді (ішкі веб-порталдар, веб-сайттар, құжат айналымы, мониторингті өткізуге арналған жүйелер және т.б.) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
oo құрылған ақпараттық жүйелерді тестілік полигонда тестілеу
Ақпараттық қауіпсіздік
oo мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo қалпына келтіру, әкімшілендіру.
Қол жетімділікті бақылау және басқару жүйесі және күзет сигнализациясы
oo қолжетімділікті бақылау жәнен басқару жүйелерін енгізу және сүйемелдеу;
oo күзет сигнализациясын енгізу және қызмет көрсету.
Байланыс
oo телекоммуникациялық құралдарды әлемдік жетекші өндірушілердің бірден бірі AASTRA фирмасының құралы негізінде аналогты және сандық телефон байланысын ұсыну.
Интернет және деректерді жеткізу желісін әкімшілендіру
oo деректерді жеткізу және жергілікті есептеуіш желілердің жұмыс істеу тұрақтылығын және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
oo желілік және коммуникациялық жабдықтарды әкімшілендіру;
oo интернетке кең жолақты қолжетімділік беру.
Мекеме аты ЖШС-нің ұйымдастырылу құрылымы
Қазіргі уақытта кәсіпорынның қызметкерлер штатында 30-дан аса адам жұмыс істейді. Мекеме аты ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы сурет 1-де көрсетілген.
Кәсіпорын басшысының атқаратын қызметтері мыналар:
oo фирманың барлық қызметкерлерін ұйымдастыру және бақылау;
oo стратегиялық жоспарлау мәселелерін шешу;
oo фирманыңның қаржылық басқаруы;
oo фирманың қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау;
oo бәсекелестердің іс-шаралар талдау;
oo кадр мәселелері;
oo клиенттермен күрделі және даулы жағдайларды шешу.
Бас бухгалтердің атқаратын қызметтері мыналар:
oo кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есептілігін ұйымдастыру;
oo активтер мен міндеттемелерді, негізгі құралдар және ХКБ есепке алу;
oo қызметкерлердің жалақыларын есептеу;
oo техникалық және экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
oo ақшалай амалдар есебі (касса, есеп айырысу шоты), жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар;
oo салықтар мен алымдарды төлеу;
oo салық және бухгалтерлік есепті дайындау.
Сурет 1. Мекеме аты ЖШС-нің ұйымдастырылу құрылымы
Техникалық директордың атқаратын қызметтері мыналар:
oo аппараттық жеткізушілермен жұмыс;
oo жабдықты жұмыс істеуін бақылау;
oo техникалық қызмет көрсетудің әдістерін зерттеу және енгізу;
oo өнімділігі шеберлерінің оңтайландыру;
oo тапсырыстардың сапасы мен мерзіміне бақылау жасау;
oo кепілдік жағдайларды бақылау.
Ол сонымен қатар кең ауқымды мынадай міндеттерді шешеді, соның ішінде:
oo техникалық процесінің сапасы мен қызмет жабдықтарының өндірісін талдау;
oo жөндеу сапасын басқару бойынша ұсыныстар енгізу;
oo қызмет көрсету өкілі өндірушілермен жұмыс жасау;
oo клиенттерге жеке кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
oo өндірістік процессіне қажетті техникалық құжаттаманы, нұсқауларды, конструкциялары қамтамасыз ету.
Клиенттермен жұмыс істеу және кәсіпорынды даму менеджерінің атқаратын қызметтері мыналар:
oo клиенттермен жұмыс істеу кезінде туындайтын даулы жағдайларды шешу;
oo аппараттық жаңа жеткізушілер іздеу;
oo клиенттердің міндеттемелерін және қанағаттануларын есепке алу;
oo шағымдар мен ұсыныстар жинау;
oo бәсекелестердің қызмет көрсету сапасын зерттеу;
oo нарық жағдаятын зерттеу;
oo клиенттердің төмендеу себептерінің талдауы;
oo компанияның имиджін қалыптастыру және қолдау;
oo жарнама қызметін, сапа менеджменті стратегиясын дамыту және оны іске асыру.
Тапсырыс бөлімінің менеджерлері:
oo дербес компьютерді жөндеу және компьютерлік қызметтер үшін тапсырыстарды қабылдау;
oo жұмыстар (қызметтер) актілерін жасау;
oo клиенттерге кеңес беру;
oo клиенттермен жұмыс істеу кезінде туындайтын келіспеушіліктерді шешу;
oo клиентке берілуі мүмкін қызмет сапасы туралы клиенттің ойын қалыптастыру.
Бағдарламалаушылардың атқаратын міндеттері мыналар:
oo өз компаниясында және клиенттер компаниясының дербес компьютерлеріне техникалық қызмет көрсету;
oo клиенттерге кеңес.
Жөндеу бөлімі шеберлерінің атқаратын функциялары мыналар:
oo компьютерлік жабдықтарды диагностикалау және жөңдеу, жөңдеуден кейінгі сынақ жасау;
oo жөңдеуге қажетті материалдар мен бөлшектерді сатып алу мақсатында техникалық директорына тапсырыс жасау.
Қызмет көрсету орталығының табысының маңызды факторы тұрақты клиенттерінің болуы болып табылады. Демек, осы мақсатта клиенттер үшін ыңғайлы бөлме қарастырып, тапсырыс берушімен араласу мәдениеті маңызды рөл атқаратыны анық. Тапсырыс берушімен менеджердің араласу мәдениеті, қабілетілігі, оның клиент үшін осы қызмет түрі қажеттілігін сендіре білуінен көрінеді. Мұндай сыпайылық сияқты жеке қызметкердің моральдық жағы, жоғары бағалады. Сондай-ақ, сыпайылық - тапсырыс бөлімі менеджерлерінің маңызды факторы болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыздандыру
Кейінгі уақытта мекеменің тапсырыс бөлімінде ДК кең көлемде қолданылуда. Кәсіпорын тауар айналымын басқару жүйесінің функционалдау тиімділігі жеткілікті түрде дербес компьютерлер ұйымдастырылған ақпараттық базаға байланысты болып келеді.
Шынында, кез келген басқарушылық шешім факторлар әсер ететін жағдайлар біліміне және олардың өзара байланыстылығына негізделуі керек. Ақпаратты басқарудың барлық функцияларының жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады: жоспарлық, ұйымдастырушылық, бақылаушылық, реттеушілік және үлестірушілік.
Кәсіпорындағы тапсырыс бөлімінің кез келген есебі кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады, олар жұмыс қызметі қозғалысын бақылау үшін қажет. айналымды басқаруда қолданылатын ақпарат өзінің сипаты бойынша нормативтік, анықтамалық, әдістемелік, бастапқы есеп материалдарына негізделетін есептік, сонымен қатар жалпы түрде көрсетілген есептік және т.б. болып бөлінеді.
Кәсіпорынның қызмет айналымы жағдайын анықтайтын көптеген процестер қарқынды болып келеді: ағымдылықпен байланысты қызметкерлердің сандық құрамы мен барлық белгі жиынтықтары бойынша оның құрылымы өзгеріп отырады, құрылымдық бөлімшелер арасындағы қаражаттардың ішкі қозғалыс процесі тұрақты жүріп отырады, мамандық пен квалификация деңгейі өзгеріп отырады. Ақпарат бұл жағдайда жұмыс орындарын уақытылы кешендендіру үшін қажетті жұмыс күшінің тағайындалған құрылымға сәйкестілігін қадағалайтын құралы ретінде қызмет етеді. Сондықтан да, тапсырыс бөлімінің пайдаланатын ақпараттарына қойылатын негізгі талаптар оперативті және сенімді болуы шарт.
Жалпы айтқанда, бөлімдегі ақпарат сапасын бағалаудың келесідей критерийлері айта кеткен жөн:
oo объективті (толық, қарама-қайшылықсыз, сенімді);
oo өзекті (кәсіпорын басшылары мен тапсырыс бөлімі мамандарының объективті ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру);
oo мақсатқа бағытталған;
oo коммуникативті (басшылар мен мамандар үшін түсінікті, әрі жарамды);
oo ықшам (сығылған, бірақ қажетті толықтылықты жоғалту себептерінсіз).
Ақпараттық қамтамасыздандырудың міндеттері оның құрылымдары орындайтын негізгі функцияларына байланысты болып келеді. Ақпараттық қамтамасыздандыру АЕЖ қолданушыларын арнайы өздерінің кәсіптік міндетін орындау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.
Жүйе төмендегідей мүмкіндіктерге ие болуы қажет:
oo ақпараттың өңделуі және бөліктендіріліп сақталуы;
oo ақпараттың кәсіпорындағы деректер банктерінде жинақталуы;
oo қолданушыларға ақпаратқа деген автоматтандырылған, бекітілген рұқсаттың берілуі;
oo оның бір рет енгізілуі және көп рет, әрі көп мақсатта қолданылуы.
Ақпараттық байланыс тек әрбір функционалды ішкі жүйелерімен шешілетін есептер арасында ғана емес, сонымен қатар сыртқы деңгейлер арасында қамтамасыз етілуі тиіс.
Техникалық қамтамасыздандыру
Мекеме аты ЖШС-нің тапсырыс бөлімінде Intel(R) Core(TM) 2 CPU 2.00 GHz процессоры базасындағы дербес компьютерлер қолданылады. Дербес компьютерлерде функционалдау жылдамдығы негізінен келесі параметрлермен анықталады:
oo жедел жады көлемі;
oo қатты дискінің және оның жоғары әрекеттілігінің сыйымдылығы;
oo процессордың жоғары әрекеттілігі;
oo видеожад көлемі.
Тапсырыс бөлімінде қолданылатын есептеуіш техникасы мен оған қатысты перифериялық құралдарының сипаттамалары төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 2).
Кесте 2
Бөлімшеде қолданылатын есептеуіш техникасы мен перифериялық құралдарының сипаттамалары
Атаулары
Acer - F1B48B073B
Процессор
Mobile DualCore Intel Core 2 Duo T7200, 2000 MHz
(12 x 167)
BIOS типі
Phoenix v1.3515
Жүйелік плата
Acer TravelMate 8210
Жүйелік жад
DRAM 2 Гб (DDR2-667 DDR2 SDRAM)
Винчестер
Hitachi HTS541616J9SA00 (SB2401SJGD42AB) 180 Гб
Видеоадаптер
PCI EXPRESS 1.0 X16: ATI MOBILITY RADEON X1600
Дыбыстық плата
Onboard AC SB
Жүйелік плата
Albatron PX945P v2.0
Корпус
479 Ball uFCBGA 478 Pin uFCPGA
Жүйелік плата чипсеті
Intel Lakeport i945P
Желілік адаптер
Intel(R) PRO1000 PM Network Connection
Intel(R) PROWireless 3945ABG Network Connection
Тышқан
Optical Mouse PS2
Пернетақта
PS2 (ENGRUSKZ)
Монитор
Samsung LTN154P1-L02
Қорек көздері, желілік сүзгі
TRIPP LITE желілік сүзгісі
Принтер
TLaserGetHp 1500
Компьютерлердің сипаттамалары қазіргі нарық жағдайына байланысты таңдалынған және олар жұмыстың ыңғайлы шарттарын бейнелейді.
Мекеменің желі топологиясы - шина тәрізді, шина типті топологиясы - бұл барлық жұмыс станциялары жалғанған жалпы кабель (бұл кабель шина немесе магистраль деп аталады). Кабельдің соңында терминаторлар орналасқан, олар жіберілген сигналдың шағылуын тоқтату үшін арналған.
Жұмыс станциясымен жіберілген хабарлама желінің барлық компьютерлеріне таралады. Әрбір машина жіберілген хабарламаны кімге адрестелгенін тексереді, егер хабарлама оған адрестелетін болса, онда бұл хабарламаны өңдейді. Деректердің бір уақытта жіберілуін болдырмау үшін тарататын сигнал қолданылады немесе компьютерлердің бірі басты компьютер бола отырып, басқа жұмыс станцияларына сөз береді.
Үлкен желілерді құрастырған кезде түйіндер арасында байланыс ұзындығына қойылатын шектеу мәселесі туындайды, бұл жағдайда желіні сегменттерге бөледі. Сегменттер әр түрлі құрылғылармен - қайталағыштармен, концентраторлармен немесе хабтармен байланысады.
Thin Ethernet желі архитектурасындағы қайталағыштар кабель ұзындығының шектелуін, сондай-ақ қосылған түйіндер санын (электрлік сипаттамалар бойынша) жоюға арналған құралы ретінде қолданылады. Ішкі терминаторлары бар классикалық қайталағыш көрші сегменттердің соңы арасында қосылады. Thin Ethernet желі архитектурасындағы хабтар бұрмалы жұпта желінің міндетті байланыстырғыш элементтері, сонымен қатар кез келген жіберу құралдары үшін топологиялық, функционалдық және шапшаңдық мүмкіндіктерін кеңейтетін құралы болып табылады. Хабтардың порттарында RJ-45 ажыратқышы бар, бұл жіберу ортасын таңдауды қамтамасыз етеді. Хабтың портына жеке түйінді, басқа хабты немесе коаксиаль сегментін қосуға болады. Әр түрлі порттар жиыны бар хабтар әр түрлі кабельдік жүйелері бар желі сегменттерін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Thin Ethernet желі архитектурасының артықшылықтары:
oo қатынау үздіксіз, әрі тұрақты;
oo құралдың өзіндік құны басқа желі құралдармен салыстырғанда арзан болып келеді;
oo монтаж бен қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;
oo телефон желісіне толығымен байланыссыз болып келеді;
oo деректерді жіберу жылдамдығы ондаған, тіпті жүздеген Мбитс-қа дейін жетеді.
Кәсіпорынның тапсырыс бөлімінің техникалық қамтамасыздандырылуына сонымен қатар мекеменің техникалық құралдар кешенінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін мекеменің есептеуіш орталығының ғимараттары мен құрал-жабдықтары, энергия жабдықтау жүйелері, желдетпе мен кондиционер жүйелері, су жабдықтары мен канализация жүйелері және т.б. қосымша техникалық құралдар кіреді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру
Бұл күнде қазіргі кәсіпорындарды компьютерлерсіз елестете алмайсын, ал компьютерлердің тиімді қолданылуы бағдарламалық қамтамасыздандырусыз мүмкін емес. Сол себепті, кәсіпорындағы белгілі бір есептерді шығару үшін арнаулы бағдарламалық қамтамасыздандыру өте қажет. Бірегей ерекшелігі мен нақты тапсырушының қажеттілігін есепке алатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасау бағдарламалаушылардың негізгі міндеті болып табылады.
Мекеменің тапсырыс бөлімінде Windows 7 Professional амалдық жүйесі қолданылады.
Windows 7 Professional Windows-тың бастапқы нұсқаларына қарағанда өзіне үздік қасиеттерін (сенімділік, тұрақтылық, меңгерушілік, қарапайым және түсінікті интерфейс және т.б.) біріктіреді. Windows 7 Professional амалдық жүйесінде топтастыру мен құжаттарды іздестірудің жаңа мүмкіндіктері бар қолданушының тиімдірек интерфейсі пайда болды. Windows-тың жаңа жүйесі танымал Windows Vista амалдық жүйесі негізінде құрылған. Бұл - Microsoft өндіріп шығарған амалдық жүйелердің ішіндегі уақытша тестіленген амалдық жүйесі. Windows Vista амалдық жүйесінде процестердегі адрестік кеңістігінің жақсартылған қорғанысы, сондай-ақ NTFS жылжымалы файлдық жүйесі бар, жалпы, ол әуел бастан серверлер мен жұмыс станцияларға арналған амалдық жүйе ретінде жасалынған. Windows 7 Professional жұмысының тұрақтылығы мен үздіксіздігі көптеген жағдайларды қамтамасыз етеді. Олардың бірі - жүйенің кілттік құрамдарын автоматты түрде резервті көшіру.
Windows амалдық жүйесінің алдыңғы нұсқаларындағы амалдық жүйелер құрамында қолданылған Windows Restore арнайы функциясы Windows 7 Professional амалдық жүйесінде де сақталған болатын. Күнтізбе мен жүйелік өзгерістер тізімі бар арнайы терезеде Windows орнатқан сәттен бастап қолданушы өз еркінше датаны таңдай алады, бұдан кейін жүйе бұл датаға сәйкес автоматты түрде қайта қалпына келетін болады. Сөйтіп, Windows 7 Professional жұмысы кезінде ақаулар болған жағдайда қолданушы жүйені тұрақты жұмыс істеген конфигурациясына қайтару мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, Windows 7 Professional құрылғылар драйверлерінің ескі нұсқаларын қайта қалпына келтіруге арналған арнайы механизмдерімен (Driver Rollback) жабдықталған. Бұл механизмдер кез келген құрылғылардың драйвердің жаңа нұсқасы қалыпты жұмыс істемеген жағдайында, сонымен қатар қолданушының зақымданған қосымшаларын қалпына келтірудің арнайы алгоритмдерімен қолданылады.
Windows 7 Professional амалдық жүйеге кіргізілген қауіпсіз құралының тобына модульдер жатады, олар компьютердің антивирустық қорғанысы үшін, сондай-ақ дискілерде сақтаулы тұрған ақпараттың рұқсатсыз кіруден қорғану үшін арналған.
Жүйе ақпаратты өңдеудің үздік технологияларына бағытталған. Кәсіпорынның базалық бағдарламалық қамтамасыздандыруы ретінде Microsoft фирмасының өнімдері таңдалынған, себебі аталған бағдарламалық өнімдер басқа өндірушілердің бағдарламаларымен оңай интеграцияланады және ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты олар ұлғая, әрі кеңейе алады.
Сауда бөліміндегі қолданбалы бағдарламаларға тауарлар айналымын жүргізуге арналған арнайы бағдарламалар жатады, олар: Microsoft Word және Microsoft Excel.
Microsoft Word қазіргі уақытта қарапайым және кешендік мәтіндік құжаттарды даярлауға, редакциялауға және пішімдеуге арналған мәтіндік редакторының бірі болып табылады. Бұл редактордың көптеген мүмкіндіктері бар: шрифтік рәсімдеу, колонтитулдарды, мазмұндарды, сілтемелерді жасау. Бұл бағдарламада сонымен қатар күрделі құжаттарды дайындауға болады. Microsoft Word-тың мәтіндері мәтіндік файлдарды өңдейтін барлық бағдарламаларға импортталады, сондай-ақ бұл редакторда дайындалған мәтіннің құрамында кәсіпорындағы басқа бағдарламалардың деректері болады.
Microsoft Word мәтіндік редакторы арқылы көптеген типтік құжаттарды атап айтқанда, хаттарды, келісім-шарттарды, анықтамаларды, визиткаларды, хабарландыруларды, кестелерді, схемаларды және т.б. құруға болады.
Microsoft Excel - өте үлкен функция спектрлері бар, өте қарапайым және қолданған кезде сенімді болып келетін бағдарлама. Калькуляциялық (есептеуіш) модуль бағдарлама негізі болып табылады, оның көмегімен кестелерде деректерді (мәтіндік, сандық, т.б.) өңдеуге болады. Microsoft Excel-де презентациялық график пен калькуляциялық модуль арқылы диаграмманың әр түрлі типтерін алуға болады. Бағдарламадағы диаграмма модулінің функционалдық мүмкіндіктері іс графиктерін құруға арналған арнаулы бағдарламалардан басым болып келеді.
Microsoft Excel-де деректер базасының модулі көмегімен деректердің ішкі базаларына рұқсатты жүзеге асыруға болады. Электрондық кестелерді өңдейтін бағдарламалардың кең таралған түрлерінің қолдануы Microsoft Excel әмбебап мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. MS Excel-ді тек есептіліктің қарапайым есептерін шешу үшін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі бланктерді, іс графиктерін, сондай-ақ кәсіпорынның толық балансын құру үшін қолдануға болады.
1.2 Баламаларға шолу
Қазіргі уақытта интернет желісінде есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету бойынша көптеген бағдарламалар бар, солардың ішінде орыс тілінде жазылған төмендегі бағдарламалар тізіміне осы бөлімде баламаларға шолу ретінде сипаттама беріліп кетті.
Сервисный центр 3.10 бағдарламасы
Бұл бағдарлама компьютерлік техникамен айналысатын сервистік орталығының жұмысын автоматтандыруға арналған желілік бағдарламасы болып табылады. Деректер базасының сервері ретінде InterBase сервері қолданылады. Жұмыс орнының саны - шектеусіз.
Бағдарламаның келесідей функционалдық мүмкіндіктері бар:
oo сервистік орталықта қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың есебі;
oo кәсіпорындардың құрал-жабдықтарының есебі;
oo қызмет көрсетуге қоңырау шалулар есебі;
oo ремонтқа қабылданған құралдардың және оларды жөңдеу үшін қажетті материалдардың есебі;
oo клиенттер құрал-жабдықтарына берілетін кепілдік құжаттарының (кепілдемелер, келісім-шарттар) есебі;
Бағдарламаға аппараттар моделінің анықтамалығы кіргізілген, ол құрал-жабдықтардың, аналогтардың, бөлшектердің және олардың сипаттамаларын сақтауға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама автоматты түрде төменде келтірілгендерді бақылап отырады:
oo дайын аппараттар, яғни сервистік орталықта жөңделген, бірақ әлі клиенттерге берілмеген аппараттар;
oo орындалмаған қоңыраулар мен жөңдеулер (барлық сервистік орталық бойынша және әрбір инженер бойынша);
oo мерзімі бітейін деп жатқан кепілдемелер мен келісім-шарттарды бақылау;
oo инженер тапсырыс берген аппаратураны жөңдеуге қажетті материалдардың қалып-күйі (тапсырыс берілді, қоймада, орнатылды, тапсырыстан есептен шығарылды);
oo кепілдеме және келісім-шарт бойынша қызмет көрсетуді талап ететін аппараттар тізімін есепке алу;
oo төленбеген ақылы жөңдеулер мен қызметкерлерді шақырулар;
oo бір ай ішінде немесе белгілі бір уақыт аралығында сервистік орталық бойынша және әрбір инженер бойынша тапсырыстардың орындалуы жайлы статистиканың жүргізілуі және т.б.
Сервисный центр 3.10 бағдарламасының скриншоты сурет 2-де көрсетілген.
Сурет 2. Сервисный центр 3.10 бағдарламасы
ServiceCenter бағдарламасы
Аталған бағдарлама телефон, компьютер, фото және видео техника, тұрмыстық техника жөңдеулер қызметімен айналысатын кәсіпорындар үшін арналған. Өзінің қарапайымдылығымен, бағдарламаның түсінікті, әрі ыңғайлы интерфейсімен қолдануының уақытын үнемдеуге және көп күш-жігерін кетірмеуге мүмкіндік береді. ServiceCenter бағдарламасы - бұл көп қолданушылық желілік бағдарлама, интернет арқылы қашықтықтан қатынау мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаны қолдану кезінде, мысалы, деректер базасының сервері немесе кеңсе бағдарламалар пакеті сияқты қосымша бағдарламалық қамтамасыздандыру түрлерін сатып алудың қажеті жоқ, себебі ол Microsoft SQL Server Express тегін нұсқасымен жұмыс істейді. Бағдарлама өзінің құрамына веб-сервисті қосады, оның арқасында клиенттер өзінің тапсырыстарының қалып-күйін интернет арқылы біліп отырады. Қолданушылар құқықтарын шектеудің икемді жүйесі қызметкерлердің жұмысына қадағалау жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сонымен қатар клиенттердің бірыңғай базасы (жеке және заңды тұлғалар) бар. Бұл бағдарламаның скриншотын сурет 3-те көруге болады.
Сурет 3. ServiceCenter бағдарламасы
Бағдарлама келесідей облыстардың есебін автоматтандыруға мүмкіндік береді:
oo тапсырыс беру тізімдерін есепке алудың ыңғайлы жүйесі, барлық тапсырыстар автоматты түрде аппаратураның қалып-күйі (жаңа түскен, жөңдеуде, құрал-жабдықты күтуде, басшылықтың келісуінде, дайын, бас тартқандар, берілгендер) бойынша үлестірілген;
oo тапсырыс берушілер ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады;
oo қолданушы клиент және құрылғы бойынша барлық тапсырыс берулер тізімін жылдам арада көре алады, егер бұл құрылғы алдыңда жөңдеуде болса;
oo ұялы телефондар үшін модельдерді IMEI нөмірі бойынша автоматты түрде анықтау жүйесінің бар болуы;
oo нақты қызметкерлерді көрсете отырып, тапсырыс берілгендер бойынша барлық операциялардың қатаң жүргізілуі;
oo ауыстыру бойынша құрылғылардың есебі;
oo құрылғыларды жөңдеуге қажетті құрао-жабдықтарға тапсырыс беру, егер олар қоймада жоқ болса;
oo әрбір тапсырыс үшін файлдарды (мысалы, аппаратура қалып-күйінің суреті, құжаттардың көшірмесі және т.б.) тіркеу мүмкіндігі;
oo қосалқы бөлшектерге және көрсетілген жұмыстарға жеңілдіктерді көрсету мүмкіндігі;
oo құжаттарда қосалқы бөлшектердің бағасын жұмыс құнына қосу мүмкіндігі және т.б.
Корс Сервис-Центр бағдарламасы
Аталған бағдарлама сервис орталықтар мен кепілдеме беретін шеберханалардың жұмысын автоматтандыруға арналған кәсіби бағдарлама болып табылады. Тапсырыс-нарядтарды құру, жұмыстар мен қосалқы бөлшектердің есебі, тапсырыстар актілері, төлемдер, сериялық нөмірлерді есепке алу, жұмыс орындаушыларын есепке алу сияқты фунционалдық мүмкіндіктері бар. Корс Сервис-Центр бағдарламасының скриншотын
сурет 4-те көруге болады.
Бағдарламаның келесідей мүмкіндіктері бар:
oo сервистік орталықтардағы, кепілдеме беретін шеберханалардағы, сонымен қатар теле, радио, аудио, видео, тұрмыстық техника, компьютерлер, принтерлер және басқа да кез келген құрылғыларды сатумен, жөңдеумен және қызмет көрсетумен айналысатын өзге де фирмалардағы қызметті автоматтандыру;
oo құрылғылар мен қосалқы бөлшектердің сериялық нөмірлерін толығымен есепке алу (қосалқы бөлшектердің қоймаға түсуінен бастап, клиент жабдығына қосалқы бөлшектерді орнатумен аяқталу);
oo қызметкерлердің еңбегін есепке алу (орындаушылардың тапсырыс-нарядтардағы жұмысын және олардың тарифін қадағалау, еңбекақыларын есептеу және оларды беру);
oo сервис-орталықта жұмысты толық автоматтандыру: тапсырыс-нарядтарды рәсімдеу, жұмыстар мен төлемдердің орындалу кезеңдерін бақылау;
oo бір жұмыстың әр түрлі орындаушылармен орындалғанын есепке алу;
oo қосалқы бөлшектердің қалдығын олардың сериялық нөмірлері бойынша қадағалау;
Сурет 4. Корс Сервис-Центр бағдарламасы
oo қоймалардың есебін жүргізу: олардың қалып-күйлері, кірістері, шығыстары және орын ауыстырулары;
oo ақша амалдарын есепке алу: шығыстар, кірістер және орын ауыстырулар;
oo тапсырыс-наряд деректерінің клиент тарихы негізінде автоматты түрде толтырылуы;
oo жабдықтаушыларға төлемдерді жүргізу, жабдықтаушылармен өзара есептесулерді енгізу;
oo қолданушылар анықтамалығы (режимдердің әрқайсысына олардың парольдері мен құқықтарымен бірге);
oo құжаттардың 15-тен аса баспалық формасы (тапсырыс-наряд, өтініш, кепілдеме талоны, шот, акт және т.б.);
oo құжаттарды сериялық нөмірлермен баспаға шығару;
oo қызметтің барлық аспектілері бойынша 30-дан аса есеп беру түрлері;
oo бір құжат ішінде жұмыс пен қосалқы бөлшектер бойынша жеке жеңілдіктер тізімі;
oo деректер базасының архивациясы және тексерілуі;
oo бағдарламаның желілік нұсқасының бар болуы және т.б.
Аталған бағдарламалардың өзіне тән функционалдық мүмкіндіктері бар. Әрқайсысы қазіргі уақытта интернет желісінде есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету облысын автоматтандыру үшін қолданылады. Аталған бағдарламаларды қолдану мыналарға мүмкіндік береді: тапсырыс беру тізімдерін есепке алудың ыңғайлы жүйесі, барлық тапсырыстар автоматты түрде аппаратураның қалып-күйі (жаңа түскен, жөңдеуде, құрал-жабдықты күтуде, басшылықтың келісуінде, дайын, бас тартқандар, берілгендер) бойынша үлестірілген, тапсырыс берушілер ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады, қолданушы клиент және құрылғы бойынша барлық тапсырыс берулер тізімін жылдам арада көре алады, егер бұл құрылғы алдыңда жөңдеуде болса, нақты қызметкерлерді көрсете отырып, тапсырыс берілгендер бойынша барлық операциялардың қатаң жүргізіледі, қосалқы бөлшектерге және көрсетілген жұмыстарға жеңілдіктерді көрсету мүмкіндігі, қажетті ақпараттың ұзақ, әрі сенімді сақталуын қамтамасыз етіледі, үлкен көлемді ақпараттар ішінде қажетті деректерді жылдам іздестіріледі, көп жұмысты қажет ететін операцияларға кететін уақыт шығындарын қысқарту және күн сайынғы еңбекті жеңілдетеді және т.б. Әдетте қазақ тілінде жазылған бағдарламалар қазіргі уақытта интернет желісінде жоқ, сондықтан да бұл дипломдық жобада қазақ тілінде жазылған интерфейсі жағынан қарапайым, әрі түсінікті, қолдану жағынан ешқандай қиындықтары тумайтын бағдарлама құру қажеттілігі туындайды. Сол себепті төмендегі бөлімде болашақ бағдарламалық кешеннің техникалық тапсырмасы құрастырылды.
1.3 Техникалық тапсырма
Жүйеге тұтасымен қойылатын талаптар
Жүйенің құрылымына және оның функционалдануын қойылатын талаптар
Жүйе бірыңғай ақпараттық кеңістікте функционалдау қажет, деректерді өңдеу мен ұсынудың бірыңғай технологиясын қолдауы керек, деректерді бір рет енгізу принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет, жүйені қолдану процесі аспаптық құралдардың бірыңғай жиынтық жүйелері шеңберінде болуы керек, жүйе ақпаратты сақтау құрылымының ашықтылығын қолдауы қажет.
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесі келесідей ішкі жүйелерден тұрады:
oo ақпараттық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo бағдарламалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo лингвистикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo математикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo әдістемелік қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo техникалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
oo технологиялық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасуға арналған байланыс құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптар.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасу үшін клиент-сервер архитектурасы бар жергілікті желісі ұйымдастырылуы қажет. Бұл қажеттілік келесідей маңызды факторлармен түсіндіріледі:
oo ақпаратты параллельді өңдеу мүмкіндігі;
oo деректер мен құрылғыларды бірге қолдану мүмкіндігі;
oo ақпаратқа оперативті қатынау;
oo ақпаратпен алмасу мен қызметкерлер арасындағы өзара әрекеттілік процестерінің жақсаруы.
Құрылатын жүйенің өзара байланыс сипаттамаларына қойылатын талаптар, оның үйлесімділігіне қойылатын талаптар
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің деректері мекеменің сервистік бөлімі қызметкерлерімен қолданылуы қажет.
Жүйенің функционалдау режиміне қойылатын талаптар
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесін қолдану мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытысы кезінде жүзеге асырылуы қажет.
Жүйенің диагностикасына қойылатын талаптар
Техникалық құралдардың диагностикасы мен профилактикасы айына бір бір жүргізілуі керек. Деректер базасының диагностикасы бірқатар жазбаларды таңдау жолымен аптасына бір рет жүргізілуі керек. Деректердің тұтастығын тексеру қажет жағдайда жүргізіледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды тексеру қажет жағдайда жүргізіледі.
Жүйенің перспективасы, жүйенің модернизациясы
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің модернизациясы екі бағытта жүргізілуі мүмкін: Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизациясы және оның техникалық қамтама-сыздандыруының модернизациясы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизациясы кезінде автоматтандырылған жұмыс орнымен жұмыс істеу үшін құрылған бағдарламаларда өзгертулер енгізілуі мүмкін немесе толықтырулар жүргізілуі мүмкін (мысалы, жаңа есептерді енгізу кезінде), сонымен қатар сатып алынатын бағдарламалық құралдар алмастырылуы мүмкін. АЖО-ның техникалық қамтамасыздандыруы-ның модернизациясы жаңа техникалық құралдарды сатып алу жолымен немесе ескі техникалық құралдарды модернизациялау жолымен жүргізілуі керек.
Ақпараттық жүйе қолданушылар санына қойылатын талаптар
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің қолданушылар саны жүйелік администратордың шешімі бойынша анықталады.
Қызметкерлер квалификациясына, оларды дайындау процесіне және олардың білімдері мен дағдыларын қадағалауына қойылатын талаптар
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесі қолданушыларының білімі, атап айтқанда, мекеме қызметкері үшін білім жоғарғы мамандандырылған болуы қажет, ал қалған қолданушылар үшін - орташа мамандандырылған, егер қолданушы деңгейінде дербес компьютерді білу шарттары кезінде, яғни олар сәйкес бағдарламалық пакеттермен жұмыс істеуді білу қажет, сондай-ақ жаңа бағдарламалық өнімдерге оңай үйрену керек.
Жүйе сенімділігіне қойылатын талаптар
Аталған жүйе құралдардың істен шығу процесіне, сондай-ақ электр көздеріне тұрақтылыққа ие болуы қажет. Жүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін жоғарғы сенімді техникалық құралдар қажет. Сондай-ақ аса маңызды блоктарды автоматты резертеу құралдары қажет.
Сенімділікке қойылатын талаптар келесідей апатты жағдайлар үшін тағайындалуы қажет:
oo Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің техникалық құралдарының істен шығуы;
oo электр көзінің жоқ болуы;
oo Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің бағдарламалық құралдарының істен шығуы;
oo Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесі қолданушыларының қате әрекеттері;
oo өрт, жарылыс және т.с.с.
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыруларының сенімділігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келуі керек.
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесін құрастырудың әр түрлі кезеңдерінде сенімділік көрсеткіштерін бағалау және қадағалау әдістері келесідей ерекшеліктерге жауап беруі қажет:
oo көп функционалдылық;
oo автоматтандырылған жұмыс орны компоненттерінің өзара байланысының күрделі формалары;
oo автоматтандырылған жұмыс орны жеке компоненттерінің істен шығуының уақытша арақатынас рөлі;
oo бас тартуынсыз және қалпына келу жұмысының орташа уақытты үлестіру заңдары.
Жүйе компоненттерін эксплуатациялауға, техникалық қызмет көрсетуге, ремонтқа және сақтауға қойылатын талаптар
Жүйенің техникалық құралдарына қызмет көрсетуге уақыт бөлу қажет (айына бір күн).
Ақпараттық жүйенің қызметкерлері мен техникалық құралдарын орналастыру үшін жұмыс орындарын төле бөлмелерінде орналастыру рұқсат етілмейді. Дербес ЭЕМ бар бір жұмыс орнына бөлінген аудан мөлшері 6,0м2-ден, ал көлемі 20,0м3-ден кем болмауы қажет.
Энергия жабдықтау желісі келесідей параметрлерге ие болу қажет:
кернеу - 220 В, жиілік - 50 Гц.
Ақпараттық жүйенің техникалық құралдарына қызмет көрсету үшін инженер немесе жүйелік администратор керек. Оның білімі орташа мамандырылғаннан төмен болмауы тиіс (мүмкіндігінше жоғары). Инженер немесе жүйелік администратор жоспар бойынша техникалық құралдарға қызмет көрсету үшін айына 1 күн немесе ақпараттық жүйе қолданушыларының өтініші бойынша техникалық құралдар істен шыққан жағдайда бөлу керек.
Жоғары білімі бар инженер немесе жүйелік администратор Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруына қызмет көрсетуді бағдарламалық құралдардың істен шығуы кезінде, бағдарламалық құралдарды дұрыс қолданбаған жағдайда немесе жоспар бойынша бағдарламалық құралдардың тестілеуін жүргізу үшін айына 1 күн жүргізу керек.
Ақпараттық жүйенің ремонтқа жарамдылығын қамтамасыздандыру үшін техникалық құралдардың қосымша жабдықтарын сақтау қажет.
Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар
Ақпаратты қорғау мынадай болуы қажет:
oo бағдарламалық (құжаттарды тек оқу үшін ғана ашу және т.с.с.);
oo техникалық (электрондық кілттер);
oo ұйымдастырушылық (парольдер, құлыптар, мекемелердегі сигнализациялар).
Ақпаратты сақтауға қойылатын талаптар
Ақпаратты сақтау процесі келесідей жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:
oo АЖО техникалық құралдарының істен шығуы;
oo табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жарылыс, жер сілкінісі және т.б.);
oo ақпарат тасымалдаушыларын, жүйенің басқа да құралдарын ұрлау;
oo бағдарламалық құралдардағы қателер;
oo қолданушылардың қате әрекеттері.
Ақпаратты сақтау үшін электр көзінің өшуі кезінде деректерді бұзылудан қорғау үшін үзіліссіз электр көздерінің блоктарын қолдануды қарастыру қажет, деректерді сенімді сақтау үшін бірнеше дисктерде деректер базасының күнделікті резервті көшірілуін жүргізу қажет.
Сыртқы ықпалдардан қорғайтын қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар.
Есептеуіш техникасына сервистік қызмет көрсету ақпараттық жүйесінде радиоэлектрондық қорғаныс құралдары болуы қажет. Жұмыс кезінде техникалық құралдармен құрылатын, сондай-ақ қосу және сөндіру кезінде пайда болатын радиокедергілер деңгейі радиожиілік бойынша Мемлекеттік комиссиясымен мақұлданған мәннен аспауы тиіс. Сонымен қатар ақпараттық жүйенің сыртқы ықпалдардан (найзағайдан, жарылыстан және т.б.) қорғайтын арнайы қорғаныс құралдары қажет. Мекемені өндірістік бөгеттер мен электромагниттік өрістерден экрандау құралдарын пайдалану керек.
Қамтамасыздандыру түрлеріне қойылатын талаптар
Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талапатар
oo деректерді сақтау, өшіру, іздеу мүмкіндіктері, сонымен қатар деректер базасына қатынауды шектеу;
oo барлық функционалдық міндеттердің құрылымдық-бірыңғай ақпараттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz