NGN желісіне техникалық есептеулер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
АҢДАТПА

Дипломдық жобада Екібастұз қаласындағы NGN желілерін жобалау мәселесі
қарастырылған. Жобада NGN желісі үшін Huawei Technologies компаниясының
жабдығын орнату қарастырылған. Есеп бөлімінде жүктеме, керекті құрал-жабдықтар
саны есептелген. SoftX3000 бағдарламалық коммутатордың құрылымдылық сенімділігін
талдауға ерекше көңіл бөлінген.
Өмірқауіпсіздік бөлімінде операторлардың еңбек шарттарының талдауы
жүргізілген, электрқауіпсіздік есептері жүргізілген. Экономикалық бөлімінде абсолютті
экономикалық тиімділіктің қайтару мерзімі анықталған және капиталдық салымдар
есептеулері жүргізілген.

АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте рассмотрены вопросы проектирования сетей следующего
поколения NGN в городе Екибастуз. В проекте предусмотрена установка нового
оборудования для сети NGN, в частности решение компании Huawei Technologies. В
расчетной части выполнены расчет нагрузки, необходимого оборудования. Особое
внимание было уделено анализу структурной надежности программного коммутатора
SoftX3000.
В разделе безопасность жизнедеятельности проведен анализ условий труда
операторов, расчет электробезопасности. В экономической части проведен расчет
абсолютной экономической эффективности капитальных вложений и определен срок
окупаемости проекта.

ABSTRACT

In the thesis project addressed issues of designing next-generation networks in in
Ekibastuz. The project provides for the installation of new equipment network NGN, in
particular the decision of Huawei Technologies. As part of the settlement payment made loads
of necessary equipment. Particular attention was paid to the analysis of structural reliability
softswitch SoftX3000.
In the life safety analysis of working conditions of operators, electrical calculation. In the
economic part of a calculation of absolute economic efficiency of capital investments and
defined payback period

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Қолданыстағы желіні және NGN желілерін қарастыру,
жабдықты таңдау
1.1 Екібастұз қаласының қолданыстағы желіні талдау

7
9

9

1.2
Next Generation Network, міндеттері және

анықтамасы
1.3 NGN сәулеті
1.4 NGN қызметтеріне қатынаудың ұйымдастырылуы
1.5 SoftX3000 жүйесі
1.6 Жоба мақсаты
2 NGN желісіне техникалық есептеулер
2.1 Таралған абоненттік концентраторды есептеу
2.2 Дестелі желінің транспортты құрылғысының есебі
2.3 Таратылған транзитті коммутаторды есептеу
2.4 Таратылған SSP-ны есептеу
3 Жобаның экономикалық негіздері
3.1 Бизнес - жоспар
3.2 Бизнес жоспар мақсаты
3.3 Нарық
3.4 Қаражат жоспары
4 Өмір қауіпсіздігі
4.1 Еңбек шартын талдау
10
12
16
17
22
25
25
31
34
40
48
48
48
50
51
60
60

4.2
Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық

шешімдер
Қорытынды
Қысқартылған сөздер тізімі
Әдебиеттер тізімі
А Қосымшасы
Ә Қосымшасы
Б Қосымшасы
63
67
68
70
72
73
74

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде инженер мамандар техникалық талаптарды орындай отыра, жаңа
байланыс жобаларын іске асыруды жоғары деңгейде білуі шарт.
Сандық байланыс жүйелерінде цифрлы жалғау жүйелерін пайдалана отыра келесі
байланыс әдістерін қолданады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіc телефон әдісінде пайдаланады.Бұл жалғау әдісі
сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу нақты уақыт
өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.
Хабарларды жалғау. Деректің көлемі және жеткізу уақыты шектелмейді,
сондықтан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уақытша сақталады. Жолданатын
хабардың басында қабылдаушы құрылғысының мекен жайы және желімен тарату бағыты
көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтамасыз етіледі. Қабылданған
хабарда қателер болса, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен
байланыс жолы тиімді пайдаланылады.
Дестелерді жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтқа
дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар
жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен жайы және реттік саны
(номері) көрсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен маршрутизация кестесін
пайдалана отырып тиімді торапқа бағытталады, қабылдаушы нүктеде дестелер реттік
санымен пайдаланушының құрылғысына беріледі.
NGN концепцияларының осы уақытқа дейінгі қолданылған желілік
инфраструктуралардан басты ерекшелігі басқа функционалдік модельге өту болып
табылады. Классикалық ЖҚТф (ТфОП) - та негізгі функционалдық элементтері болып
қол жеткізу түйіндері және әртүрлі деңгейдегі коммутация түйіндері болып табылады.
Сонымен қатар коммутация түйінінің құрылғысы бір уақытта бірнеше операцияларды
орындауға тура келді, олар: қолданыстағы ақпарат ағынын коммутациялау, қызмет
көрсету және шақыруды өңдеу.
NGN концепциясы ең алдымен нақты үш деңгейлі жалғаумен сипатталады, бұлар:
коммутация және ақпаратты таратуға қолданылытын транспортты функционалдық
деңгей, синхрондау ақпаратын таратуға арналған - синхрондау деңгейі, ал қызмет
көрсету қызмет деңгейінде орындалады. Сонымен қатар деңгейлер аралығында
стандарттауға арналған интерфейстермен анықталады. Деңгейлер бір - бірінен тәуелсіз
болғандықтан әр деңгей өз алдына дамуына болады.
Екіншіден NGN инфрақұрлымының ерекшелігі дестені коммутациялау
технологиясына негізделген транспортты желінің әмбебеп технологиясын қолдану болып
табылады. Классикалық желілерде ЖҚТф қызмет көрсету арнаны коммутациялау
технологиясына негізделген, ал мәліметтерді тарату желісіне және мәләметтерді таратуға
қол жеткізу қызметін көрсету жаңа транспортты құрлымға жүктелді немесе арнаны
коммутациялаудағы транспорттық желіні тиімсіз қолдану болды. Сонда NGN секілді
желілерде мәліметтерді таратуға арналан дестелі технология көмегімен барлық
көрсетілеген қызметің түрімен қамтамасыз етуге болады.
NGN желісінің транспортты деңгейі ақпаратты таратудағы дестелі технология
негізінде құрылады. Негізгі қолданылатын технологияларына АТМ және IP
технологиялары жатады.
Ереже бойынша транспортты деңгейдің мультисервисті желісі негізінде
қолданыстағы АТМ және IP желілері жатады, яғни, NGN желісі қолданыстағы дестелі
транспортты желінің үстіне қосып жасауға болады. АТМ технологиясының негізделген

және ендірілген қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін құрылғысы бар желілерді
NGN желілерін орнату кезінде ешбір өзгертусіз практикалық жүзеге қолдануға болады.
NGN технологиясының транспортты деңгейі негізінде қолданыстағы IP желісін қолдану
қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету функциясын енгізуді талап етеді.
Коммутацияны басқару және тарату деңгейінің міндеті NGN фрагментінде
байланысты орнатуды басқару болып табылады. Байланысты орнату функциясы
транспортты желі элементерінің деңгейінде иілгіш коммутатор құрылғысын сырттан
басқару арқылы жүзеге асады.
Қызмет және қызметтерді басқару деңгейінің басты қызметі болып байланыстың
классикалық желілерін сонымен қатар мультисервисті желілер секілді желілер арқылы
қолданушылардың арасында ақпаратты тарату болып табылады. Транспорттық желі
деңгейінде дестелік технологияны қолдану әртүрлі байланыстар үшін ақпаратты
жеткізудің бірегей алгоритімін қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобада Екібастұз қаласына NGN желісін жобалау қарастырылып отыр.

1 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕЛІНІ ЖӘНЕ NGN ЖЕЛІЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ,
ЖАБДЫҚТЫ ТАҢДАУ

1.1 Екібастұз қаласының қолданыстағы желіні талдау

Халық саны:
- 149 141 мың адам.
Орналасуы:
- Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының солтүстік - шығысында
Павлодар облысының аумағында орналасқан, өзі аттас ауданның орталығы болып
табылады. Территория ауданы - 19 мың шаршы км, құрамына 2 қалашық және 11
ауылдық округ кіреді.
Екібастұз қаласындағы ҚТО Қазақтелеком желісінің жалпы жағдайы:
- Жалпы лайықталған сыйымдылық - 102 923 нөмір;
- Жалпы пайдаланыстағы сыйымдылық - 72 797 нөмір, сыйымдылықты қолдану
пайызы - 71 пайыз;
- Бос сыйымдылық - 30 126 мың нөмір.
Тұрғындар сегментациясы:
- тұрғындар - нөмірлер (87 пайыз);
- басқа заңды тұлғалар - нөмірлер (5 пайыз);
- мемлекеттік мекемелер - нөмірлер (7 пайыз);
- жеке тұтынушылар - нөмір (1 пайыз).
Қосымша Б, кесте 1.1 - де Екібастұз қаласындағы Қазақтелеком АҚ - ның негізгі
техникалық сипаттамалары келтірілген.
Қазіргі кезде Қазақтелеком келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- дауыс телефониясының барлық негізгі қызметтерін (жергілікті, қалааралық,
мемелекетаралық);
- мәліметтерді тарату желінің қызметтері,
- Internet-ке кіру;
- Tarlan Card - алдын ала төленген телефондық карталардың қызметі;
- ҚҚТ қызметтері (қосымша қызмет көрсету түрі).
Транспортты желі ECI Telecom (Израиль) компаниясының SDH (Synchronous
Digital Hierarchy Синхронды Цифрлік Иерархия) жабдығының негізінде құрылған.
Желі түйіндерінде бір-бірімен магистральды оптоталшықтық кабелімен байланысқан
синхронды цифрлік мультиплексорлар (Synchronous Digital Multiplexer SDM)
орналасқан.
Қаланың транспортты желісі қазіргі талаптарға сай, оның көбісі талшықты
кабельдер арқылы құрылған, олар есептік тарату жүйелері арқылы тығыздалады.
Транспорттық желінің құрылымы STM-16, STM-1 деңгейлі екі сақинадан тұратын,
сақиналық топологияда негізделген, ол А қосымшадағы А.1. суретте көрсетілген.
Қаланың барлық АТС-ры есептік ағынға қосылу мүмкіндігін алды, 6 станция бір
транспорттық сақинаға бірікті.

S-12

S-12
АТС-32

ZXJ10

АТС-21

ZXJ10

АТС-36
АТС-33

S-12

АТС-37

МАР
желісі
S-12
АТС-35

АТС-38

ZXJ10
S-12

АТС-39

АҚТС

S-12
RSU-3
ZXJ10
RSU-1
ZXJ10
S-12
S-12

S-12

АТС-22

RSU-8

RSU-9
RSU-5
ZXJ10

1.1 Сурет - Екібастұз қаласының телекоммуникация желісі

Абонент автоматтық қалааралық телефон станциясына шығу үшін 8-ді, ал АҚТ
0 -ді тереді. Екібастұз қаласының абоненттері қалааралық және халықаралық
байланыспен Alсatel фирмасының S-12 типтегі АҚТС қамтамасыз етеді.
Қорытынды: қолданыстағы желі дәстүрлі қызметтерді де, қосымша қызметтерді де
қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Бірақ республикалық IPMPLS супермагистралінің
құрастырылуы нәтижесінде, сапалы деңгейде жаңа қызметтер түрі көрсетілуі үшін,
дестелі коммутация желілерін TDM желілерімен интеграциялау мәселесі туындайды.

1.2 Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы

NGN желісін құру мынадай міндеттер шешуді қамтамасыз етеді.
- Дестелік тарату ортасы бар телекоммуникациялар желісін конвергенциялауды,
деректер берудің дестелік желісі бойынша қалааралық және халықаралық телефон
трафигін өткізу мен бағыттауды, телефондық және пакеттік желілер арасындағы
сигналдау хаттамаларын тарату мен өңдеуді;
- VPN корпоративтік желілерін ұйымдастыруды;
- Қызмет көрсету сапасының әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етуді;
- Желінің сенімділігін қамтамасыз етуді.
2005-2007 жылдар - дестелік жалғанатын келесі ұрпақ (NGN) желісін құрудың
бастапқы кезеңі. Барлық облыс орталықтарында Metro Ethernet желілері құрылысын салу
жобаларын және IPMPLS технологиясы бойынша деректер берудің магистралдық
тасымалдау желісі құрылысын салу жобасын іске асыру. Қоғам филиалдарында
мультисервистік шешімдерге негізделген қатынау желісін дамыту жобаларын жүзеге
асыру, бұл жеке тұлғалар үшін баршаға ADSL-дан бастап корпоративтік VPN-ға дейін
жаңа қызметтер көрсетуді республика көлемінде өсіре беруге мүмкіндік туғызады.

Бірінші кезең IP желісі бойынша дауыс таратудың қажетті сапасын, NGN желісі

жұмыс істеуінің ақпараттық қауіпсіздігін,
биллингтік шағын жүйелердің

сертификатталуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ NGN барлық
элементтерін әкімшілік басқару мәселелерін шешуге бағытталған.
Екінші кезең (2008-2010 жж.) - PARLAYOSA архитектурасына негізделген
шлюзді, сондай-ақ парасаттық желі қызметін көрсетудің бірқатарын сервистердің бір
бөлігін жаңа сәулетке ауыстыру үшін енгізу. Бұл шлюзде байланыс желісінің барлық
түрлерімен, яғни тіркелген, ұтымды, VoIP желілермен қосу үшін барлық қажетті
интерфейстер және хаттамалар болуы тиіс. Осы тұғырды енгізу барлық ақпарат түрлерін
беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
NGN желісі ашық және реттелген сәулетпен сипатталады, онда қызметтер
шақырумен басқару фунцияларынан бөлінген, ал шақырумен басқару фунциялары
тасымалдау функцияларынан бөлінген. Ашық хаттамалардың және интерфейстердің
арқасында көптген қызметтерді оперативті және иілгішті көрсету, ал абоненттерге
жүйелік жабдығының құрылымынан және тасымалдау қызметтерінің терминалдарының
түрлерінен тәуелсіз, өздерінің қалауынша қызметті ықтималдау мүмкіндігі беріледі.
Дестелі коммутациялы тіректі желі телефондық желінің интеграциясын, деректерді
тарату желісін және кабелдік теледидар (КТД) желісін жылдамдатуды рұқсат етеді.
Желімен басқару деңгейінде, яғни SoftSwitch деңгейінде, медиашлюздерден шақырумен
басқару функцияларын бөлу үшін ашық және тәуелсіз желілік басқару платформасы
қолданылады. Тәуелсіз желілік басқару деңгейінде шақырумен басқарудың негізгі
функциялары бағдарламалы түрде жүзеге асады, шақыруды маршруттауды, басқаруды
бақылауды және сигнализацияның әсерлесуін қоса, осылай қолданушылардың керекті
қажеттіліктеріне тасымалдау қызметтерін және басқару хаттамаларын ықтималдауға
рұқсат беріледі. NGN жүйесі PSTN жүйесімен, PLMN ортақ қолданыстағы жер үстіндегі
ұялы байланысымен, 3G 3-ші ұрпақты ұялы байланыстың желісімен, IN интелектуалды
желімен, Internet желісімен және тағы басқа желілермен жүйеаралық медиашлюздер,
медиашлюздер жалғау жолдары және сигнализация медиашлюздер арқылы өзара
қатынасады. Кәдімгі қолданушылар NGN желісіне рұқсатты терминалды жабдықтар, ол
дестелі коммутациялы жүйелері бойынша дауыстық ақпаратты таратуды қамтамасыз
етеді және мультимедиялық терминалдар арқылы қол жеткізеді. Корпоративті
қолданушылардың желіге қосылуы (MG) медиашлюздері және интегралды рұқсат
құрылғылары (IAD) арқылы іске асырылады, олар дауыстық байланыс, деректерді тарату
және бейнеақпарат қызметтерін әртүрлі қолданушыларының талаптарына толық
сәйкесті.
NGN желілеріне қойылатын талаптар:
"мультисервистік", қызмет технологияларының транспортты
технологияларынан тәуелсіздігі;
"кең жолақтылық", тұтынушының сұраныстары бойынша, кең диапазонда
ақпаратты тарату жылдамдығының иілімді және динамикалық өзгерту мүмкіндігі;

"мультимедиялылық",
қосылыстардың күрделі конфигурацияларын

пайдаланып, ақпараттарды (сөз, деректер, бейне, аудио) желіде тарату мүмкіндігі;
"интеллектуалдылық", тұтынушы немесе қызметті жеткізушінің қосылыспен,
телефон шақыртулармен және қызметтермен басқару мүмкіндігі;
"қатынау нұсқаулылығы", қолданылатын технологияға байланыссыз,
қызметтерге қатынау ұйымдастыруының мүмкіндігі;
"көп операторлылық", қызметтер көрсету және қолданылатын салаға олардың
сәйкес келуін қамтамасыздандыру үрдістерінде көп операторлардың қатысу мүмкіндігі.

1.3 NGN сәулеті

Huawei ұжымының U-SYS тұжырымдамасы бойынша NGN желілерінде төрт
деңгей қолданылады, олар: шектік қатынау, коммутация, желімен басқару және
қызметтермен басқару деңгейлері [3].
Шектік қатынау деңгейінде, әртүрлі құралдардың қолданылуы және шығыс
мәлімет форматының желіде қолданылатын форматқа түрлендіру нәтижесінде,
абоненттер мен терминалдардың желіге қосылуы жүзеге асады.
Интегралды қатынау құрылғысы (IAD): NGN сәулетінде қолданылатын
абоненттік қатынау құрылғысы. Осы құрылғының көмегімен дестелі желіде деректерді
тарату, дауысты байланыс, бейнеақпарат және басқа да қызметтерінің ұйымдастырылуы
орындалады. Әрбір құрылғыда (IAD) максималды 48 абоненттік порт бар.
Қатынау медиашлюзі (AMG): Оның көмегімен абонентке аналогтік қатынау,
ISDN қызметтерінің интеграциясы бар цифрлік желіге қатынау, V5 қатынауы және
цифрлік абоненттік жолға (xDSL) қатынау сияқты түрлі қызметтер ұсынылады.
Сигнализация медиашлюзі (SG): Интернет - хаттама (IP) және сигнализация
жүйесі ОКС7 желілерінің интерфейс деңгейінде оналасады; IP мен коммутацияланатын
жалпы пайдаланыстағы телефон PSTN желілерінің арасындағы сигнализацияның
түрледірілуін қамтамасыз етеді.
Қосылыс жолдарының медиашлюзі (TMG): IP тарату ортасындағы ақпараттық
ағындары мен ИКМ - ағындарының арасындағы форматтың түрленуін қамтамасыз етіп,
дестелі коммутациялы IP желісі мен арналы коммутациялы желісінің арасында
орналасады.
Әмбебап медиашлюзі (UMG): SG немесе AMG - ге енгізілген, TMG
режимдерінде сигнализация түрлендіруін және тарату ортасындағы ағындар
форматының түрлендіруін орындайды. Базалық станцияның бақылаушысы, қатынау
желісінің сервері (NAS), қатынау желісі, кеңселік телефон станциясы (PBX) және PSTN
телефон станциясы сияқты алуан түрлі құрылғылардың қосылуын қамтамасыз етеді.
Тіректік коммутация деңгейінде дестелердің коммутациясы орындалады, және де
бұл деңгейде транспортты (MAN) және магистралды желілерінде таратылған, үшінші
деңгейдегі IP-коммутаторлары мен маршрутизаторлары қолданылады. Осы деңгейде
жоғары сенімділікті, жоғары сапалы (QoS) және жоғары өткізу жолақты бір түрлі және
интегралды платформа таралуы қамтамасыз етіледі.
Өтпелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін, MPLS технологиясы
құрастырылған. Технология Қазақстанның транспортты желісінде қолданылады.
MPLS (Multi Protocol Label Switching) - бұл дестелерді тез коммутациялау
технологиясы. MPLS құрамына арналық (Data Link Layer 2) деңгейге тән тарфикпен
басқару мүмкіндігі, ал желілік (Netwоrk Link Layer 3) деңгейге тән хаттамалардың
иілімділігі мен масштабталануы жатады. Технология атауындағы көпхаттамалық,
MPLS технологиясының инкапсуляцияланатын хаттама екендігін және басқа да көптеген
хаттамаларды транспорттай алатындығын дәлелдейді. Аралықтық LSR - де қарапайым
емес маршрутизация болғандықтан, ал жоғары жылдамдықтық коммутация белгідегі
ақпарат негізінде орындалатындықтан, MPLS хаттамасы магистральда дестелердің өту
үрдісін жеңілдетеді.
Белгі - желінің локальді бөлігінде FEC - ті анықтау үшін қолданылатын, тұрақты
ұзындықты қысқа идентификатор. Бүгінгі күнге екінші (Layer 2) және үшінші (Layer 3)
деңгейлер тақырыпшаларының аралығында орналасқан. Биттік белгінің стандарты болып
- формат 32 анықталған.

Сондықтан MPLS технологиясы тұтынушыға қызмет көрсетудің сапалылығын
қамтамасыз етіп, қажетті QoS - ты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сигнализация
үрдісін деректерді тарату жолағынан шығару - басқарудың иілімділігін және трафиктің
бақылауын мүмкін етеді. Басқару жағынан қарастырғанда, технология көптеген
маршрутизацияланатын түйіндерді біріктіріп, толық желімен басқару жүйесінің
біртұтастығын қамтамасыз етеді. Маршрутизация ұстанымындағы сигналды трафик
өңдеуі - желілік: жол, сапа, сенімділік және т.с.с. параметрлердің кең спектрін бақылауға
мүмкіндік береді. Кез - келген деректер түрінің (MPLS технологиясы IP үстінде де,
АТМ үстінде де жұмыс істей алады) іске асырылуы, АТМ және IP жабдықтарына
орнатылған инвестициялардың сақталуын камтамасыздандырады.
Желілік басқару деңгейінде телефон шақыртулардың басқарылуы орындалады. Бұл
деңгейдің негізгі технологиясы - нақты уақыт режимінде қосылыстың орнатылуымен
басқару және телефон шақыртулармен басқару үшін қоланылатын, иілгіш коммутация.
Иілгіш коммутатор (SoftSwitch): Негізінде телефон шақыртулармен басқару,

медиашлюздерге қатынауды басқару, қорларды тарату,
хаттамаларды өңдеу,

маршрутизация, аутентификация бағалау қызметтерін орындап, сонымен бірге
абоненттерге дауысты байланыс, ұялы байланыс, мультимедиа, қосымшалардың
интерфейстерін (API) бағдарламалау қызметтерін көрсететін, NGN желісінің негізгі
компоненті болып табылады. Softswitch мақсаты - кез - келген қосылыс орнатылу
үрдісінің толық бақылауы. Softswitch - тің жұмысы тұтынушылардың қайсысы үрдістің
бастамашысы болып, ал қайсысы тек шақырылатын тұтынушы екедігін ескермеуі керек.
Сондықтан Softswitch қолданылатын барлық сигнализация жүйелерімен жұмыс істеп, әр

түрлі
хаттамаларда қолданылатын құрылғылар арасындағы өзара әрекеттесуін

қамтамасыз ету керек.
Қызметтермен басқару деңгейінде орнатылған қосылыстағы функционалдаудың
қалаушылығы мен қосымша қызметтердің көрсетілуі жүзеге асады. Қызметтермен
басқару деңгейі таратылған есептік орта болып, қосымшалар мен қызметтердің
логикасымен басқару функцияларынан құрылады. Деңгей мына қызметтерді қамтамасыз

етеді:

инфокоммуникациялық қызметтер көрсету;

қызметтермен басқару;
жаңа қызметтерді құрастыру мен енгізу;
әртүрлі қызметтердің әрекеттесуі.
Берілген деңгей транспорты желінің (IP, ATM, FR және т с.с.) типін және рұқсат
әдісін ескермей тұрып, тек бір бағдарламаны қолдануға және қызметтердің ерекшеленуін
іске асыруға мүмкіндік береді. Деңгей басқа деңгейлердің функционалдауының
араласуынсыз, желіге жаңа қызметтер енгізілуін қамтамасыз етеді. Қызметтермен
басқару деңгейі адрестелудің ішкі, өзіндік жүйесін қолданатын, өзінің жеке абоненттері
бар технологияларына негізделген, көптеген тәуелсіз төменгі жүйелерінен (қызметтер
желілері) тұруы мүмкін.
Ашық интерфейстердің қолданылуы бағдарламалық коммутаторлардың
құрастырылуындағы негіз деп санауға болады, бірақ бұл жағдайда бұл ITU, IETF және
т.с.с. стандарттары емес, ал түрлі жұмыс топтарымен құрастырылған қолданбалы
бағдарламалаудың API интерфейстері болып келеді.
Parlay - қосымшалар жағынан сыртқы провайдерлердің басқаруын және желіге
қауіпсіз қатынауын кепілдейтін, ашық желі стандарты. Ол жаңа қосымшалар құрастыруы
үшін қолданылады, желілік қорлардың реттелуін жеңілдетеді және қосымша
қызметтердің бизнесінің дамуына қатысады. Яғни

Parlay сәулеті, OSA (Open Service Access) қызметтеріне ашық рұқсат тұжырымдамасы
сияқты, қызметтер үшін бағдарламалық қаматамасыздандыру қандай да бір
технологияның немесе желінің түріне тәуелді болмауы үшін қажет.
Осы желілік элементтердің әрқайсысы өзінің хаттамасы бойынша шлюзге шығады,
ал шлюз мақсаты - OSAParlay тұжырымдамасы бойынша, барлық хаттамаларды біртұтас
API (Applied Programming Interface) интерфейстеріне кіргізу [2]. Онда қосымшаларды
желінің ерекшеліктерін ескермей, тек қана API интерфейстерінің қатаң ұстанымымен
бағдарламалауға болады.
Parlay сәулетінің негізін 3 блог құрайды. Бұл блогтар интерфейстер арқылы
қатынасады. Интерфейстердің үш тобы бар:
Parlay-ядросы мен қосымшалар арасындағы интерфейс. Интерфейс (немесе SCF)
эксплуатацияға енгізу және қолдану кезінде, қызметтер интерфейсі ашық, қауіпсіз,
басқарылатын және иілгіш болуы үшін, қажет мүмкіндіктерді қамтамасыздандырады.

Parlay API
бөлігі
-
Framework
көрсетілетін қызметтер түріне тәуелсіз

функционалдылықты қамтамасыз етеді. Осы интерфейстердің негізгі функциясы -
қосымшалардың аутентификациясы (осы қосымшаға рұқсат туралы алдын - ала
қойылған келісімге сәйкес);
Parlay - қызметтері мен қосымшалар арасындағы интерфейстер (одан кейін
байланыс желісіне шығады);
Parlay - ядросы мен қосымшалар арасындағы интерфейстер. Олардың басты
мақсаты - желілік компоненттерімен көрсетілетін жаңа қызмет - қорларын тіркеу.
Сонымен, ашық API интерфейстерінің басты артықшылықтары:
жаңа қызметтердің жіберілуінің аз уақыты;
тапсырушы үшін оңтайландырылған қызметтер;
қызметтердің нарыққа ендірілуінің төмен қауіпі;
операциялық ұстанымдар мен инвестициялардың қысқаруы;
қосымшаларды жасау үшін, ақпараттық технологиялардың стандарты
құралдары;
өндірушілер желі құрылымының күрделілігіне назар аудармайды.
Эксплуатация Қалауының Интегралды Жүйесі iOSS (integrated Operation Support

System) екі жүйеден құрылады: желілік
NGN элементтерімен орталықтандырылған

басқару үшін қолданылатын, желімен басқару жүйесі (NMS) және тарификация
қызметтерінің интеграцияланған жүйесі.
Poliсy Server: абоненттік байланыс құралдарының басқару сервері, рұқсатты
бақылаудың спектрі (ACL), өткізу жолағы, трафик, сапа және тағы да басқа байланыс
құралдарымен басқару үшін қолданылады.
Application Server: қосымшалар сервері, интеллектуалды желі қызметтерінің және
бағасы қосылған түрлі қызметтерінің логикасымен басқаруы және құрастыруы үшін
қолданылады, сонымен бірге бағдарламаланатын қосымшалардың (API) ашық
интерфейстері көмегімен сыртқы провайдерлердің қызмет көрсетуі мен өндіруінің
инновациялы платформасы берілуін қамтамасыз етеді. Қосымшалалар сервері
физикалық бөлінген құрылғы болып келетіндіктен, желілік басқару деңгейінде
орналасқан SoftSwitch жабдығынан тәуелсіз. Бұл жаңа қызметтердің енгізілуін және
телефон шақырту функциясынан қызметтерді көрсету функциясының бөлінуін
қамтамасыздандырады.
Location Server: Орналасу сервері, NGN желілеріндегі SoftSwitch иілгіш
коммутаторларының арасындағы маршруттардың динамикалық таратылуы үшін
қолданылады, тағайындау пунктімен қосылыстарды орнату мүмкіндіктерін анықтайды,

қолдану мүмкіндіктерін жоғарлату және оңайлату нәтижесінде, ауысу бағыттарының
кестесін тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді, машруттардың күрделілігін кемітеді.
RADIUS (Remote Authentication Dial-In User Service) сервері, алыстатылған
шақырушы абоненттердің аутентификация қызметінің сервері:
тұтынушылардың орталықтандырылған аутентификациясы, қызметтердің таңдауы және
фильтрациясы, және де қызметтердің орталықтандырылған тарификациясы үшін
қолданылады.
Media Resource Server (MRS): медиақорлар сервері, негізгі және жетілдірілген
қызметтердің ұйымдастырылуы кезіндегі тарату ортасының өңдеу функцияларын іске
асыру үшін қолданылады. Осы функцияларға келісілер жатады: тоналды сигналдар
қызметтерін қамтамасыздандыру, конференц - байланыс қызметтері, интерактивтік
дауыстық жауап IVR (Interactive Voice Response), хабарлардың және дауыстық меню
хабарларының жазылу қызметтерін қамтамасыз етеді.
Service Control Point (SCP): Қызметтермен басқару түйіні, интеллектуалды желінің
(IN) негізгі түйіні болып, қызметтер логикасы мен абоненттік деректердің сақталуы үшін
қолданады. Қызметтер коммутациясы түйіні (SSP) хабарлайтын, түсетін телефон
шақыртуларға сәйкес, қызметтермен басқару түйіні сәйкес қызметтер логикасын
әрекеттестіреді, әрекеттестірілген қызметтер логикасының негізінде тұтынушылар
деректер базасының және қызметтер деректер базасының іздестіруін орындайды, одан
кейін SSP түйіні кейінгі әрекеттерді орындағанын хабарлау үшін, SSP қызметтер
коммутациясының сәйкес түйініне шақыртулармен басқарудың тиісті бұйрық жіберілімі
жібереді, осылай түрлі интеллектуалды телефон шақыртулардың орнатылуы жүзеге
асады. Бұл SCCP қызметтермен басқару түйінінің негізгі функциясы.

1.4 NGN қызметтеріне қатынаудың ұйымдастырылуы

Абоненттердің NGN қызметтеріне қатынауы үшін NGN желісінде келесі
қолданылады:
Тұтынушылардың мультисервисті желіге де, дәстүрлі желіге (ЖПТф) де
қосылуын қамтамасыздандыратын, мультисервисті желінің ақырғы түйіндеріне
қосылған, интеграцияланған рұқсат желілері;
Дәстүрлі желілер (ЖПТф, ЖБЖ), олардың абоненттерінің мультисервисті желіге
қатынауы шлюздарға (Media Gateway) қосылған түйіндер арқылы орындалады.
Келесі ұрпақ желісінің басты артықшылықтары:
жоғары масштабталануы;
модульдік кеңеюі;
түрлі өндірушілердің жабдықтарын қалауы;
жаңа қызметтер түрлерінің тез енгізілуі мен жетілдіруі;
транспорты желінің типі мен қатынау әдісіне байланыссыз, жаңа қызметтер мен
желі элементтерінің қосылуы;
желілік қорларды тиімді пайдалануының нәтижесіндегі эксплуатацияның төмен
бағасы;
толық байланыстырылуы.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден, бүгінгі күнге барлық байланыс операторлары
үшін NGN желісін енгізу өзекті мәселе екендігі көрініп тұр. Бұның басты себебі - бүгінгі
күнде қолданыстағы дестелі коммутация (ДК) желілеріндегі кідірістер, ал арналы
коммутация (АК) желілеріндегі трафиктің тиімді емес қолданылуы болып саналады.
NGN желісі АК желісінің технологиясының сапалы қызмет көрсетуін, ал ДК желісінің

тиімділігін қамтамасыз етеді. 1.2 суретте дестелік желіде жұмыс істеу үшін рұқсат
жүйелерінің бейімделуі.

SoftSwitch

SoftSwitch

IP Phone
Soft-phone

Residential
Gateway

H.323
SIP

MGCP

H.248
H.323
SIP

IP
(MPLS
)

Sigtran

TD
M
MGCP
H.248

Access-Gateway
MGCP
H.248

E1

TDM
Switch

SS7

H.323
SIP
G.SHDSL
ADSL

TD
M
Trunk
Gateway
PSTN

IP Phone
Soft-phone

1.2 Сурет - Дестелік желіде жұмыс істеу үшін рұқсат жүйелерінің бейімделуі

1.5 SoftX3000 жүйесі

SoftX3000 үлкен сыйымдылықты, өнімділікті және жоғарғы сипаттамалы иілгіш
коммутатор болып табылады, NGN желісінің басқару деңгейінде қолданылады және
дауыстық байланыс сеанстары, деректерді тарату және IP-желі арқылы мультимедия
қызметтері үшін шақырулармен және жалғаулармен басқару іске асырылады. SoftX3000
жабдығы әртүрлі қызметтерді қамтамасыздандыру мүмкіндіктерімен айырықша және
желілік қарым-қатынастың үлкен мүмкіндіктері. NGN желілі дәстүрлі желісінің даму
және интеграциялау үрдісінде SoftX3000 жабдығы әртүрлі мақсаттарда қолданылады:
- Жабдық PSTN желісінің әртүрлі қызмет мүмкіндіктерімен толық сәйкесті және
әртүрлі хаттамаларды үйлестіреді, медиашлюзбен басқару хаттамасы (MGСP), Н.248
хаттамасы, байланыс сеансының иницияция хаттамасы (SIP) және Н.323 хаттамасы.
PSTN дәстүрлі телефондық терминалдар, MGСP, Н.248, SIP жәненемесе H.323 үйлесімді
дестелі терминалдар SoftX3000-ке қосыла алады, олар әртүрлі қызметтерді қамтамасыз
ете алады, дауыстық байланысты, деректерді таратуды және мультимедиа қызметтерін
қоса. Сондықтан, SoftX3000 жабдығын мультимедиа қызметінің соңғы станциясы
ретінде қолдануға болады.
- SoftX3000 жабдығы дәстүрлі PSTN желісінің сигнализациясын үйлестіреді,
мысалы ортаарналық сигнализация жүйесі ОАС7 (SS7), R2 сигнализация жүйесін,
сандық абоненттік сигнализациясының жүйесін No.1 (DSS1) және V5 хаттамасын. SG,
TMG, UMG шлюздарының координациясы арқылы және басқа шлюздар арқылы,
SoftX3000 жабдыққа әртүрлі рұқсат әдістерін және транспорттың әртүрлі
технологияларын қамтамасыздандырады, олармен желідегі қолданыстағы PSTN
стнациялары қолданады. SoftX3000 жабдығы дауыстық байланыстың соңғы станциясы,
транзиттік станциясы және қалааралық станциясы ретінде жұмыс істей алады;

- SoftX3000 жабдығы қараақ тізімі, шақыруды аутентификациялау, шақыруларды
тартып алу және тағы басқа функцияларды үйлестіреді. SoftX3000 жабдығы шлюздық
станция ретінде қолданылады;
- SoftX3000 жабдығы жүйе астындағы хабарламаны таратуды (MTP) және 3 жүйе
астындағы хабарламаны таратуды - қолданушының бейімделу деңгейі (M3UA)
үйлестіреді, SoftX3000 жабдығын сигнализацияның интегрирленген шлюзы ретінде
қолданады;

SoftX3000 жабдығының сипаттамалары:

Сыйымдылығы
- CPCI платформасы;
- 180 мың абоненттер 30 мың ЖЖ бір сөреден басқарылады;
- 2 млн. абоненттер немесе 360 мың ЖЖ барлық жүйелермен үйлестіріледі;
- 16M BHCA 260KErl;
- стативтің өлшемдері: 600х800х2200 мм(ШхГхВ).
Интерфейстер:
- E1, FE
Артықшылықтары:
- SG, SSP, SIP-proxy функцияларын үйлестіру;
- C4C5 классты қосымшаларын үйлестіру;
- ашық интерфейстреді үйлестіру (Parlay, SIP);
- алдынала төлеу қызметінің ендірілгені;
- бірнеше кодтық аймақтарын үйлестіру.
Soft Switch-тің негізгі есептері 1.6 - суретте көрсетілген

Басқару
жүйесі

Қосымша
қызм-р

Billing

H.248
MGCP

SIP
SoftSwitch

MGC

SG

H.248
MGCP

IP - желісінде қосылыстарды
басқару;
3 - классты хаттамаларды қолдауы:
телефондық сигналды (SS7,
DSS1);
дестелі телефония

сигнализациясын (H.323, SIP);

MG

IP
Packet

IP

MG
TDM
медиа-шлюздерді басқару
(MGCP, H.248).

1.3 Сурет - Soft Switch-тің негізгі есептері

Құрылғылық қамтамасыздандырудың сәулеті

CN16IP платформасында бірлескен қорлардың құры және Ethernet құры бар, ол
SoftX3000 жүйесінің әмбебақтығын және жоғарғы сенімділігін қатамасыз етеді.
SoftSwitch жабдығындағы ауыспалы ұзындықтың дестелермен ауысу және тарату
талаптарына қанағаттандырады.

1.4 Сурет - CN16IP сөресінің құрылымы

CN16IP панелінің алдыңғы жағында қызмет көрсету палаталары, жүйемен
басқару платалары және авариялық сигнализацияның платалары орнатылады, ал артқы
жағында интерфейстер платалары және Ethernet желісімен айырбасты платалары
орнатылады. Электркөзі платалары артында да, алдында да орнатылады. Осындай
конструктивті шешімдер артқы және алдындғы платалардың функцияларын бөледі,
платалардың функцияларын унифициялайды және конфигурацияларын
қарапайымдайды. SoftX3000-те барлық сөрелер әмбебап болып келеді. Әрбір сөре плата
үшін 21 стандартты слоты бар. Жүйелік әкімшілдік, Ethernet желісімен айырбасты,
авариялық сигнализацияны және электркөзі (әрбіреуі ені бойынша 2 стандартты слотты
қамту керек) платалары сөренің анықталған слоттарында орнатылған болуы қажет, 9
стандартты слоттарды қамтуы қажет. Ал қалған 12 слоттар қызмет көрсету және
интерфейстер платаларына арналған.

SoftX3000 жүйесінің физикалық құрылымы

SoftX3000 физикалық

CN16IP сөрелерінен тұрады, базалық әкімшілдік

модульден(BAM) және биллинг медиашлюзінен (iGWB). CN16IP сөресі SoftX3000 негізі
болып табылады, және қызметтерді өңдеу және қорларды реттеу функцияларын
орындайды. BAM және iGWB модульдері SoftX3000 басқару негізі болып табылады,
техникалық қызмет көрсетуді және іске асыруды, және де биллингпен басқаруды
қамтамасыз етеді.
Жүйенің өткізу қабілеттілігі - шынайы қосымшаларда жүйенің сыйымдылығы
CN16IP сөрелерінің іске қосылған санына байланысты, олардың саны 1-ден 18-ге дейін
болуы қажет, осылай жүйенің иілгіш кеңеюін қамтамасыз етеді.

1.5 Сурет - SoftX3000 құрылымдық сұлбасы

Логикалық құрылым

Функционалдық көз қарастан, SoftX3000 құрылғы қамтамасыздандыруының
құрылымы логикалық түрде 5 модульден тұрады: жол интерфейсының модулінен,
жүйені үйлестіру модулінен, сигнализацияның сигналдарын өңдеу модулінен, қызмет
көрсетуді өңдеу модулінен және әкімшілік көмекші модульден тұрады. SoftX3000
логикалық құрылымы қосымша Л-де көрсетілген.

1.6 Сурет - SoftX3000 логикалық құрылымы

Жолдық интерфейстердің модульдері желілік әсерлесу талаптарына сәйкес әртүрлі
физикалық интерфейстерді қамтамасыздандырады: жоғарғы жылдамдықты интерфейс
Ethernet (FE), тактілік синхронизациясының интегрирленген жүйесінің интерфейсы

(BITS).
Жүйені үйлестіру модулі бағдарламалық қамтамасыздандыруды енізу,

жабдықпен басқару, жабдықтың техникалық қызмет көрсету, платалар арасындағы
байланысты қамтамсыздандыруды және сөрелердің арасындағы айырбасты орнату
функцияларын орындайды. Синализацияны өңдеу модулі, сигнализацияға және
хаттамаға жататын, төменгі деңгейдегі өңдеу функцияларын қамтамасыздандырады:
MTP, SIGTRAN, TCPUDP, H.248MGCP хаттамаларын өңдеу.
Қызметтерді өңдеу модульдерінің функциялары келесідей болып келеді:
қызметтердің ерекшелігіне сәйкесті 3 деңгейдегі және одан да жоғары деңгейдегі
хаттамалардың өңдеуін іске асыру, келесі хаттамаларды қоса: MTP3, MTP3B, M3UA,
ISUP, SCCP және TCAP;
қосымша деңгейінде шақырумен басқару функциясын қамтамасыз етеді және
қызмет көрсету логикасын орныдайды;
орталық деректер базасының функцияларын қамтамасыз етеді.
Орталықтандырылған қорлар деректерінің негізінде, станция аралық жалғау
жолдарының қорлары, контекстік кестелері және динамикалық деректердің жалғауды
бітіру кестелері, және де MGW қорларын сипаттау кестлері қызмет көрсетуді өңдеу
кезінде шақыру қорларының сауал қызметтері қамтамасыз етеді.
Көмекші әкімшілік модуль ВАМ, iGWB блоктарынан және жұмыс станцияларынан
тұрады. Ол техникалық қызмет көрсету және басқару интерфейстерін
қамтамасыздандырады: MML интерфесы, желімен басқару интерфейсі және биллинг
интерфейсі.

1.6 Жоба мақсаты

Жобаның негізгі мақсаты: Екібастұз қаласында, SDH шеңбері негізінде, сөз және
басқа да мәліметтерді беру қызметін ұсыну, қаладағы бар цифрлық арналарды тиімді
пайдаланып желілердің өнімділігін арттыру арқылы, және дестелік коммутациялар
технологиясы бойынша қызметтер көрсету негізінде мультисервистік желілер құру.

АТС-33

RAIU-2

RAIU-3

АТС-32

Мультисервистік

АҚТС
RAIU-1

RSU-9

АТС-39

АТС-21

RSU-1
абоненттік
рұқсат желісі

АТС-3536

RSU- 2

RSU-3

RSU-5
АТС-37

RSU-8

RSU-7

1.7 Сурет - Екібастұз қаласындағы ҚТС - ларының байланысының ұйымдастырылу
сұлбасы

Осы жобаның мақсаттарын анықтау үшін NGN желілеріне өту стратегияларын атап
өту керек. NGN желілеріне өту стратегияларын үш негізгі топтарға бөлген дұрыс:
революциялы, эволюциялы және аралдық.
Революциялық стратегияның қолданылуы практикада өте сирек кездеседі.
Екінші стратегия - операторлардың желіні түрлендіру үшін нақты жоспар құруын
мақұлдайды. Жалпы пайдалыныстағы телефон (ЖПТф) желісінің цифрленуі кезеңінде
қабылданған, үстіне қойылған желі тұжырымдамасы осы келтірудің аналогі болып
саналады.
Үшінші стратегия - оператор қажеттілік барысында, ескірген коммутациялық
станцияларын көрсетіп, арал тәрізді өзінің NGN желісін құрастыруын мақұлдайды.
Негізгі желіде кейбір уақыт ішінде ақпараттарды таратудың екі технологиясының
(арналар коммутациясы және дестелер коммутациясы) бірігіп қолдануын
мақұлдайтын, NGN - ге өтуінің эволюциялық стратегиясының жөндігі анықталды. Екі
технологияның бірге қолдану уақыты бірнеше ондаған жылдарды құрайды. Сандық
коммутациялық станциялардың қондырылуымен байланысты инвестициялардың
сақталуы үшін, ақпараттарды тарататын екі технологияларымен де тиімді жұмыс істей
алатын техникалық құралдар қажет.
Арналы коммутациялы тар жолақты TDM желісі осы жобаның қолданыстағы
ЖПТф желісі болып саналады. Huawei Technologies ұжымы келесі ұрпақ желілеріне өту
кезеңінің NGN - бағдарланған коммутатор шешімін ұсынады. Қолданыстағы желінің
қайта құру талаптарын ескере отырып, NGN желілеріне өтуінің болашақ эволюциясы
үшін, U-SYS (SoftX3000) шешімі NGN технологиясының негізінде дәстүрлі коммутация
функцияларын орындайды [4]. SoftX3000 сигналды коммутатор функцияларын атқарады.
Сөйтіп, қолданыстағы TDM желісімен бірігіп қолданылуы нәтижесінде, қадамдап ЖПТф
желісін қайта құруға және NGN желілеріне өтуінің баяу эволюциясын іске асыруға
мүмкіндік туады.
Осы жобаның басты мақсаты - абоненттерге қазіргі сапа мен сенімділікті
қамтамасыз етіп, телекоммуникация қызметтерінің қосымша түрлеріне сұранысын
қанағаттандыру арқасында, Қазақтелеком АҚ - ның телекоммуникация нарығында
орнықтыру және қосымша табыс табу.
Технологиялық мақсаттар:
дауысты трафикті дестелі тарату технологясының тегіс сәулетінің қолданылуы
нәтижесінде, телефон желісінің әмбебап, тиімді, біріккен мультисервисті құрылымын

құру;

жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желісін IPMPLS деректерді тарату

желісімен конвергенциялау;
ашық хаттамалар негізінде кез - келген қызметтер түрін енгізу үшін
технологиялық негіз құру;
мониторинг және желі қорларымен басқарудың біртұтас жүйесін құру;
желі жұмысының сенімділігін арттыру.
Дипломдық жобада мына сұрақтар қарастырылған:
желі құрастырудың ең тиімді нұсқауын анықтау;
жабдықты сипаттау;
жабдықтың құнын есептеу;
бизнес - жоспар (экономикалық тиімділікті есептеу);
өмір тіршілік қауіпсіздігі.

2 NGN ЖЕЛІСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР

Бөлімде NGN желілерін жобалау кезіндегі есептеулер қарастырылған:
- жобаланатын желіден түсірілетін жалпы жүктемені есептеу;
- таралған абоненттік концентраторларды есептеу;
- таралған транзитті комутаторларды есептеу;

-
таралған SSP есептеу;

2.1 Таралған абоненттік концентраторды есептеу

Жобаның берілген мәліметтері:

2.1К е с т е - Резидентті шлюздердегі абоненттер саны.

Шлюз құрылғыларын есептеу

Келесі айнымалаларды кіргіземіз:
NPSTN - аналогты абоненттік сыммен қосылған абоненттер саны;
NISDN - ISDN-мен қосылған абоненттер саны;
NSHM - қол жеткізу маршрутизаторының деңгейінде Ethernet интерфейсін
қолданатын, SIPH.323MGCP терминалды абоненттер саны;
NLAN - қол жеткізу шлюзі деңгейінде Ethernet маршрутизаторын қолданатын LAN
сандары;

саны;
Ni_LAN - L AN_i-ге қосылған абоненттер саны, мұндағы i - LAN нөмірі;
NV5 - қол жеткізу шлюзіне қосылған V5 интерфейсті қол жеткізу желілерінің

Nj_V5 - V 5_ j интерфейсіндегі қолданатын арналар саны; мұндағы j - қол жеткізу
желісінің нөмірі; Қатынау
Шлюзі
ЖҚТф
абоненттері-
нің саны
ISDN - BRA
абоненттерінің
саны
Қатынау
желісінің
саны
Қосылған
МӨАТС
саны
Қосылған
LAN
саны
RAGW
1
13500
315
AN11:5E1
AN12:2E1
AN13:2E1
PBX11:
2E1
PBX12:
2E1
PBX13:
2E1
PBX14:
2E1
LAN11:600
LAN12:200
LAN13:200
LAN14:200
RAGW
2
2000
200
AN21:10E1
AN22:2E1
PBX21:
4E1
PBX22:
2E1
LAN21:200
LAN22:100
RAGW
3
10000
150
AN31:3E1
AN32: 2E1
AN33:5E1
PBX31:
2E1
PBX32:
2E1
PBX33:
2E1
LAN31:50
LAN32:
100

NPBX - шлюзге қосылған МӨАТС саны;
Nk_PBX - МӨАТС_k қосылу интерфейсіндегі қолданатын арналар саны, мұндағы k -
МӨАТС нөмірі.

Келесі:
1. YPSTN - PSTN абоненттерінен қол жеткізу шлюзына түсетін жалпы
жүктеме;
yPSTN - ҮЖC (ЧНН) кезінде ЖҚТф абоненттерінің меншікті жүктемесі. Мұндағы
yPSTN = 0,1 Эрл деп аламыз.

YPSTN = NPSTN · yPSTN , Эрл

(2.1)

YPSTN 1 = NPSTN 1 · yPSTN = 13500 . 0,1 = 1350 Эрл

YPSTN 2 = NPSTN 2 · yPSTN = 2000 . 0,1 = 200 Эрл

YPSTN 3 = NPSTN 3 · yPSTN = 10000 . 0,1 = 1000 Эрл

2. YISDN - ISDN абоненттерінен қол жеткізу шлюзіне түсетін жалпы
жүктеме;
yISDN - ҮЖС (ЧНН) кезінде ISDN абоненттерінің меншікті жүктемесі,
мұндағы yISDN = 0,2 Эрл деп аламыз.

YISDN1 = NISDN · yISDN , Эрл.

(2.2)

YISDN 1 = NISDN 1 · yISDN = 315 . 0,2 = 63 Эрл

YISDN 2 = NISDN 2 · yISDN = 200 . 0,2 = 40 Эрл

YISDN 3 = NISDN 3 · yISDN = 150 . 0,2 = 30 Эрл

3. Yj_V5 - Қатынау шлюзына қосылған V5 интерфейсті j қатынау желісінің
жүктемесі;
yV5 - V5 интерфейсінің бір қолданыстағы арнасының меншікті жүктемесі.
Мұндағы yV5 = 0,8 Эрл деп аламыз [1].

Y1_V5 = N1_V5 . yV5 , Эрл

(2.3)

Y1_V5 = N1_V5 . yV5 = 115 . 0,8 = 92 Эрл

Y2_V5 = N2_V5 . yV5 = 15 . 0,8 = 12 Эрл

Y3_V5 = N3_V5 . yV5 = 50 . 0,8 = 40 Эрл

3. Yk_PBX - Шлюзге қосылған МӨАТС_k жүктемесі;
уk_PBX - ISDN-нің бір қолданушы арнасының меншікті жүктемесі, мұндағы
уk_PBX = 0,8 Эрл деп аламыз [1].

Yk_PBX = Nk_PBX уk_PBX ,Эрл.

(2.4)

Y1_PBX = N1_PBX . уk_PBX = 16 0,8 = 12,8 Эрл

Y2_PBX = N2_PBX . уk_PBX = 8 0,8 = 6,4 Эрл

Y3_PBX = N3_PBX . уk_PBX = 25 0,8 = 20 Эрл

Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге байланысты келесідей есептеулерді
енгіземіз:
1. ЖҚТф және ISDN абоненттерінен резидентті қол жеткізу шлюзіне келіп түсетін
жалпы жүктеме:

YRAGW 1 = YPSTN 1 + YISDN 1 = 0,1 . NPSTN 1 + 0,2 . NISDN 1 = 0,1. 13500 + 0,2.315 = 1413
Эрл,

YRAGW 2 = YPSTN 2 + YISDN 2 = 0,1 . NPSTN 2 + 0,2 . NISDN 2 = 0,1. 2000 + 0,2.200 = 240 Эрл

YRAGW 3 = YPSTN 3 + YISDN 3 = 0,1 . NPSTN 3 + 0,2 . NISDN 3 = 0,1. 10000 + 0,2.150 = 1030
Эрл.

2. V5 интерфейсті қол жеткізу желісі құрылғыларының қосылуын қамтамасыз
ететін қатынау шлюзына келіп түсетін жалпы жүктеме келесіге тең:

J J

j 1 j 1

Эр л

3. МӨАТС құрылғыларын қосуды қамтамасыз ететін транкингті шлюзге түсетін
жалпы жүктеме келесіге тең:

K K

k 1 k 1

Эр л.

Шлюз резидентті шлюз қызметін атқаратын болса, онда шлюзге түсетін жалпы
жүктеме келесіге тең:

j_V5

N

k _ PBX

0,1 N

PSTN

0,2 N

ISDN , Эрл

(2.5)

YGW _ 1 0,8 N1_V5 N1 _ PBX 0,1 N PSTN _ 1 0,2 N ISDN _ 1 0,8 115 16

0,1 13500 0,2 315 3452
Эр л.

Иілгіш коммутатор құрылғыларының есебі

Келесі айнымалыларды енгіземіз:
PPSTN - ҮЖС кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маршруттау алгоритмдері
Қолданыстағы желіні талдау
Сыртқы маршруттау хаттамалары
Байланыс операторлары ұсынған қызметтер
Ленгер қаласында жобаланған IMS байланыс желісі
NGN желісінде IPTV құрылымын талдау
NGN қызметтеріне қосылуды ұйымдастыру
ATM over ADSL технологиясының дамуы мен қолданылуы
Желіні басқару деңгейі
Қосылу деңгейі
Пәндер