Қожа Ахмед Яссауи



Қазақстан - көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол өнерін, мәдениетін де қалыптастырды.Біздің заманымызға дейін сақталған обалар мен қала орындары, қорғаныстық бекіністер, мавзолейлер мен тұтас кенттер кеңінен дамыған көне мәдениеттің тамаша ескерткіштері болып табылады. Бұлардың арасынан Орта ғасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ туындысы- Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі айрықша көзге түседі. Ол ХІҮ ғасырдың аяғында қазірг Түркістан қаласында салынған. Бұл құрылыстың бойынан бүкіл өткен ғасырлардың сәулет өнері жетістіктері айқын аңғарылады. Ғимараттардың кей түрлерін салудың композициялық тәсілдері мен әр қилы құрылыс бұйымдарын пайдалану әдістері жайлы Қазақстан территориясында сонау неолит және қола дәуірлерінде - ақ белгілі бір түсінік қалыптасқан еді.
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған осындай ғимараттардың бірі - Түркістан қаласындағы біздің заманымызға дейін жақсы сақталып келген Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі.
Яссы шаһарында Ахмед өзінің уағыздаушылық қызметін жүргізді. Ол өмірінің көбін, осында өткізеді, осында жерленді.
Бізге келіп жеткен жазба мәліметтерден көне Яссыда , қазіргі мавзолей тұрған орында, мұсылманның атақты эулиелерінің бірі деп есептелген дәруіштер шайқысы-Қожа Ахмедтің қабіріне XII ғасырдың өзінде - ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Қожа Ахмед біздер үшін (кейіннен оның есіміне «Яссы» қаласының аты қосылып, Яссауи деп аталып кетті) аса ірі түркі ақындарының бірі ретінде қымбат. Ол өз заманында кеңінен әйгілі болған, бүгінгі зерттеушілерге жақсы таныс «Хикмат» («Даналық») атты шығарма жазған еді. Бұл шығармасын Қожа Ахмед қалыптасып қалған ақындар дәстүрі бойынша араб тілінде де, парсы тілінде де жазбай, шағатай тілінде, көшпелі түркілердің оғыз-қыпшақ сөздерін пайдалана отырып жазған-ды.
Кожа Ахмед Яссауи Сайрам шаһарында біздің дәуіріміздің 1103 жылында дүниеге келеді. Әкесі — Ифтихар баласы Махмұдтың ұлы Ибраһим сол Сайрам шаһарында жсрленеді. Ахмедтің шешесі—Қарашаш ананың да бейіті осы қалада. Ахмедтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмед Яссауи
(1103 – 1166-67жж)
Қазақстан - көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан ақ оны мекен
етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол
өнерін, мәдениетін де қалыптастырды.Біздің заманымызға дейін сақталған
обалар мен қала орындары, қорғаныстық бекіністер, мавзолейлер мен тұтас
кенттер кеңінен дамыған көне мәдениеттің тамаша ескерткіштері болып
табылады. Бұлардың арасынан Орта ғасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ
туындысы- Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі айрықша көзге түседі. Ол ХІҮ ғасырдың
аяғында қазірг Түркістан қаласында салынған. Бұл құрылыстың бойынан бүкіл
өткен ғасырлардың сәулет өнері жетістіктері айқын аңғарылады. Ғимараттардың
кей түрлерін салудың композициялық тәсілдері мен әр қилы құрылыс бұйымдарын
пайдалану әдістері жайлы Қазақстан территориясында сонау неолит және қола
дәуірлерінде - ақ белгілі бір түсінік қалыптасқан еді.
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз
бойына жинақтаған осындай ғимараттардың бірі - Түркістан қаласындағы біздің
заманымызға дейін жақсы сақталып келген Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі.
Яссы шаһарында Ахмед өзінің уағыздаушылық қызметін жүргізді. Ол
өмірінің көбін, осында өткізеді, осында жерленді.
Бізге келіп жеткен жазба мәліметтерден көне Яссыда , қазіргі мавзолей
тұрған орында, мұсылманның атақты эулиелерінің бірі деп есептелген
дәруіштер шайқысы-Қожа Ахмедтің қабіріне XII ғасырдың өзінде - ақ шағын
мавзолей орнатылғаны белгілі. Қожа Ахмед біздер үшін (кейіннен оның есіміне
Яссы қаласының аты қосылып, Яссауи деп аталып кетті) аса ірі түркі
ақындарының бірі ретінде қымбат. Ол өз заманында кеңінен әйгілі болған,
бүгінгі зерттеушілерге жақсы таныс Хикмат (Даналық) атты шығарма жазған
еді. Бұл шығармасын Қожа Ахмед қалыптасып қалған ақындар дәстүрі бойынша
араб тілінде де, парсы тілінде де жазбай, шағатай тілінде, көшпелі
түркілердің оғыз-қыпшақ сөздерін пайдалана отырып жазған-ды.
Кожа Ахмед Яссауи Сайрам шаһарында біздің дәуіріміздің 1103 жылында
дүниеге келеді. Әкесі — Ифтихар баласы Махмұдтың ұлы Ибраһим сол Сайрам
шаһарында жсрленеді. Ахмедтің шешесі—Қарашаш ананың да бейіті осы қалада.
Ахмедтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайқы Арыстан баб
болған, ол дүние салғаннан кейін Қожа Ахмед Бұхараға келіп, атақты шайқы
Қожа Юсуф Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады. Сөйтіп, ақиқатты
тану жолдарын түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы
софылар қоғамын бас-қарып жүреді, бірак көп ұзамай өз көңілін
қанағаттандырмаған осынау хұзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына
кайта оралады. Бұл жерде Қожа Ахмед өзінің уағыздаушылық қызметін кеңінен
өрістетеді.
Өз уағыздарында Қожа Ахмед Яссауи адамдарды ізгілікті болуға, ақылгөй
ұстаздың сөзін аяқ асты етпеуге шақырады, пайдакүнемдік пен нысапсыздықтан
жиіркенуге баулиды.
Қожа Ахмед өзінің Хикмат атты өлеңдер диуанында софылық ілім
негіздерін баяндайды, тұрмыс-тіршілікке татымды кеңестер береді, байлыкқа
құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Қарапайым халық арасында Қожа Ахмедтің өлеңдері зор бедел-құрметке ие
болды. Тіпті Дешті Қыпшақ жерінен тыс өңірлерде де жатқа айтылып жүретін.
Ақын даңқы жыл өткен сайын арта түсті.
Аңызға қарағанда Қожа Ахмед Яссауи Мухаммед пайғамбар жасына келген соң
Мұхаммедті аза тұту белгісі ретінде қалған өмірін өзі уағыз айтатын мешіт
іргесінен қазылған жер асты мекенінде өткізіпті. Мұнда тек оның үй іші ғана
емес, шайқының өзінен ілім алып жүрген көптеген шәкірттері де болады.
Ол 1166—(67) жылдардың бірінде дүние салды, халықтың аса көп жиылуымен
өзіне арнап соғылған кішкене мавзолейге, жерленді. Кейін бұл мавзолей
мұхылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналады.
Қожа Ахмед Яссауи мавзолейінің қасиетті орын ретінде атағы жайылуына
XIV ғасырдын отызыншы жылдарында-ақ монғол шапқыншылығы қатты күйретіп
кеткен, байтақ Сыр өңірінің мәдени орталықтары болған Сыр бойы қалаларының,
әсіресе Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ықпал етті. Сірә, аты
аңызға айналған, тұрғындары монғолдардың жер қайысқан қолына жеті ай бойы
табан тіресе қарсыласып, асқан ерлік таныткан Отырармен (аралары 50
шақырым) көршілес болуы да Түркістан қаласының қайта гүлденуіне белгілі
дәрежеде әсерін тигізген болуы керек. Түркістан қаласында Қожа Ахмед
Яссауидың кызы — Гәуһар мен күйеу баласы — Әли Қожаның қабірлері, Баба-
Арабтың мешіті және басқа да көптеген ескерткіштер бар.
Бұл кезде Темір Монғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тәукел
ханымды әйелдікке алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы
алу үшін Темірдің әмірімен Самарқандта Дилкуш (Гүл атқан жүрек) бағын
салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Темір жолшыбай Шынас
елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Сентябрь
айында ол осы арадан Яссы шаһарына соғып, Қожа Ахмед Яссауи зиратының
басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни
қызметшілерге қымбат бағалы сыйлықтар береді'.
Белгілі деректерде айтылғандай, XII ғасырда салынған мавзолейді аралап
көрген Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір етеді. Темірдің ұсақ-
түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында мавзолейдің негіздері алдын
ала анықталып көрсетілген-ді. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы
130 кезге тең болуға тиісті. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен
кемкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені— 60 кезге; пештак
арқасының биіктігі — 30 кезге жетуі қажет болатын. Бұдан әрі қабырғаларының
ұзындығы — 30 кезге тең, бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан
орнатылатын төрт бұрышты, күмбезді бөлме — жамағатхана орналаспақ еді. Аңыз
бойынша, үлкен қазандықты, алты шырағыдан мен екі есік шығырын құюға
пайдаланылған қоспа мынадай жеті металдан тұрады: темір, мырыш, қорғасын,
қызыл мыс, күміс, қола, алтын. Әдеби мәліметтерде бұл қоспа қола деп аталып
жүр.
Құрылысты жүргізуді Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын
Мәулен Убайдулла Садырға жүктеді. Мавзолейді салу жедел қолға алынып, сол
заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы
бөлмелерді салу кезінде де құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық
сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніл отырды.
Осы әдіс Қожа Ахмед Яссауи мавзолейін салу кезінде де кеңінен
қолданылды. Жобаны өлшеу нәтижесі мавзолейдің 60,6 сантиметрлік тең
қабырғалы модульдік-көлемдік тор-ға дәл келіп тұрғанын көрсетті. Ал 60,6
сантиметр — орта ғасырлық бір кезге тең.
Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Темір 1405 жылғы февральда
Отырар шаһарында дүние салды. Ол қайтыс болған соң мавзолей құрылысы да
тоқтап қалды. Қожа Ахмед Яссауи комплексі — аса үлкен порталды-күмбезді
құрылыс. Оның ені — 46,5 метр, ұзындығы — 65 метр. Ғимараттың орасан зор
порталы (ені — 50 метрге жуык, порталдық аркасының ұзындығы— 18,2 метр)
және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа
арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қола қазан түруы себепті
қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың
биіктігі — 37,5 метр. Қазандық бөлмесіне тікелей қомакты пештақ-портал
арқасы арқылы өтуге болады. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы—1,8—2 метр,
қазандық қабырғаларының қалыңдығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке
бөлшектері — ассиметриялы боп келетін бұл зәулім мазар сегіз турлі бөлмелер
тобынан тұрады. Ол порталы оңтүстік шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше
оңтүстік батыс пен солтүстік шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам
орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Туған жерім - Түркістан
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Орталық Азиядағы ғалымдар
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Түркі пәлсапасы
Ахмет Яссауи халқымыздың рухани жебеушісі кейінгі үрпақ тәуіп етер қасиетті әулие
Қожа Ахмет Иасауи Даналық кітабы, Ахмед Иүгінекидің Ақиқиат сыйы, Сүлеймен Бақырғанидың Ақырзаман кітабы
Пәндер