Студенттердің академиялық үлгеріміне сараптама


НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 7. 1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық анықтама. Жалпы талап және ережеге сәйкес жасалуы.
ГОСТ 7. 32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі. Құрылымы мен безендіру ережесі.
ҚазСТА білім алушылардың дипломдық жұмысы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-IIIЗРК Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына» сәйкес жазалып,
№ 125 18 наурыз 2008 жылдан қазіргі жағдайға дейін ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекітілген бұйрығымен білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясы үлгі ережелеріне сәйкес болуы керек.
ГОСО РК 7. 09. 131-2010.
АНЫҚТАМАЛАР
Қимыл-іс әрекеттері - адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқада мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимыл қозғалыстарының жиынтығы [1] .
Қимыл дағдысы - құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы [1, б. 5] .
Дзюдо тарихи дамуы барысында қалыптасқан ережелеріне сай спортшы қарсыласын жеңу жүзеге асырылатын жекпе-жек түрі [2] .
Дене тәрбиесі - адамға тән қимыл әрекеттерімен тәрбиелеуді үйрету үдерісі [1, б. 5] .
Дене шынықтыру - адамның денелік дамуын жетілдіру ден саулығын нығайту, қимыл әректеттерін жетілдіру мақсатында жасалатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар [1, б. 5] .
Дене жаттығулары - дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері [1, б. 5] .
Дзюдо техникасы жеңіске жетуде қолданылатын күрес ережелеріне сай тиімді амалдар.
БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАРЫ
- арифметикалық орташа
G - квадраттық айнудың орташасы
V % - вариация коэффиценті
m - ассиметрия
АДД - арнайы дене дайындығы
ЖДД - жалпы дене дайындығы
ӨМЖ - өкпенің максималды жаңаруы
ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ЭКГ- электрокардиограмма
ДМИ - дене мәдениеті институттары
ҚНР - күрделі реакция көрсеткіш
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкескілігі . Дене шынықтыру мен спортпен байланысты оқу орындарындағы болашақ оқытушылар мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындығын арттыру қажеттілігі және олардың өз пәндерін жетік біліп, жақсы біліммен қамтамасыз етілуімен қатар, педагогикалық жұмыстың әдіс, тәсілдерінде меңгеру керектігі зерттеудің көкейкестілігін анықтады. Жақсы білім алуын қамтамасыз ету үшін студенттерден талап етілетін: теориялық білім мен қатар тәжірибелік дағдыларды да спорттық шеберлігімен бірге үйлесімді алып жүрсе, кәсіби дайындығының артуына міндетті түрде әсер етеді. Сондықтан, ҚазСТА студенттері қажетті қимыл әркеттерінің көлемін үйреніп, соны өздерінің болашақ оқушыларына үйрете алатын дәрежеде болуы керек. ҚазСТА болашақ мамандар дайындаудың тиімділігі студенттердің физикалық және ойлау қызметтерін оңтайландыра отырып, кезектестіре қолданудан тұрады, өйткені оқу орынының ерекшелігі: біріншіден теориялық, кәсіби-педагогикалық білімді, екіншіден арнайы қимыл әркеттерінің дағдыларынан тұрады. Ал, бұл өз кезегінде белгілі бір дәрежедегі ойлау қызметтерінен және физикалық жүктемелерінен тұрады, кей жағдайда спортшы ағзасының асыра шаршауына әкеп соғуы мүмкін [3. 4. 5] .
ҚазСТА-ғы мамандарды дайындаудың объективті құрылған жүйесі, соның ішінде қойылған талаптарға сәйкес, оның лайықты шешімін табу яғни спортшы-студенттердің спорттық-педагогикалық шеберліктерімен бірге, оқу барысындағы теориялық білімдерінде жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі, ол үшін оқу поцесін төмендегідей етіп ұйымдастыру керек, болашақ педагог-мамандар ретінде біріншіден спорттық жетістіктеріне нұсқан келтірмей барлық теориялық білімдерін меңгере алулары керек.
Зерттеу нысаны - КазСТА-дағы дзюдошы-студенттердің оқу-жаттығу барысы.
Зерттеу пәні - КазСТА-дағы дзюдошы-студенттердің физикалық және ойлау қабілеттері.
Жұмыстың мақсаты - ҚазСТА-да оқитын дзюдошы-студенттердің физикалық және ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу міндеттері:
- Физикалық және ойлау қабілеттерінің арасындағы өзара байланысты зерттейтін жолдарды анықтау.
- Оқу жылындағы студенттердің физикалық және ойлау қабілеттерінің өзгерістерін анықтау.
- Оқу жылы барысындағы Дзюдошы-студенттердің физикалық және ойлау қабілеттерін оңтайлы ететін жаттығудың жүктеме көлемін анықтау.
Зерттеудің әдістері. тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық теориялар, заңдылықтар, тәрбие теориясы, жүйе теориясы; тұлғалық бағдар теориясы; жеке тұлғаны дамыту ілімдері, психологиялық тұжырымдар мен қазіргі жетекші философиялық қағидалар: салауаттылық, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік, сол сияқты қазіргі білім беру парадигмалары, мектептегі оқу үдерісін басқару, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды [6] .
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: Жоғарғы оқу орындарында зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруге, күрес үйірмелерінің оқу-жаттығу үдерісін жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу [7] .
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми негізі мен міндеттеріне сай келеді. Ол үш тарау, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі 50 бет, 8 кестеден тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 56.
- ДЗЮДО КҮРЕСІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ КҮШ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІФизикалық сапаның, спорттық мамандық пен біліктіліктің дамуы, физикалық жаттығулардың студенттің ойлау қабілетіне әсері
Адамның оймен жұмыс істеу қабілеттеріне түрлі физикалық жаттығулардың әсері жайлы сұрақты көптеген зерттеушілер мен тәжірибешілердің жұмыстарында қарастырылды. Олардың көбісі Виленскийдің [11, 29] өз жұмыстарында айнымас факт келтіреді, физикалық жаттығу ой процессінің ырғағы мен сапасына оң әсерін береді.
М. Я. Виленскийдің [11, с. 75] зерттеулерінде жақсы физикалық дайындығы бар адамдар күрделі және түрлі қозғалыстағы қабілеттер мен әдеттерге қатысты мамандықты тез игеріп алады.
Сонымен қатар физикалық жаттығу егер мына қажетті жағдайлар ғана орындалатын болса оймен жұмыс істеу қабілетінің жоғарғы оң жетістікке жетуге болады:
физикалық шыдамдылықтың басым дамуы;
ұсынылған физикалық жүктеменің ағза жағдайына сәйкестілігі;
жаттығу кезінде физикалық жүктеменің қалыптылығы мен көлемнің жоғарғы маңызы мен мінезді басқару;
оймен жұмыс істеудің жоғарғы қауырттылығы кезінде ағзаға қажетті жүктеме үшін төменгі, әдеттегі жаттығуларды қолдану;
жаттығу кезінде көңіл-күйді тепе-теңдікте ұстау;
физикалық жаттығу үшін жағымды гигеналық жағдай қалыптастыру;
Зерттеушілер оймен жұмыс істеу қабілетіне физикалық жүктеменің әсерін бағалауда сыналушылардың жеке ерекшеліктерімен де санасу керектігін айтады [8, 9] .
Ой еңбегімен айналысатындар осы аталған авторлардың жасаған және қолданылған физикалық жаттығулардың түрлі кешендеріне үлкен қызығушылық тудырады. Бұл кешендер бір біріне ұқсамайды. Біреуінде жаттығу бұлшықеттерді босаңсытса, келесіде толық амплитудада динамикалық жаттығу қысымсыз және демді ұстаусыз, үшіншісінде кешенді жаттығуды статистикалық екпінмен және баяу темптегі бұлшықетті ұзақ созумен жасалынады.
Статистикалық жаттығулардың кешені студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үшін әсерлі құрал болып табылады. Осы мақсатта сондай-ақ 2-4 қысқа дем элементтері ұсынылады. Оймен жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін жылдам және күшті-жылдам жаттығу жасалуы тиіс, ал тек қана студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетін тиімді қалыпқа келтіру үшін динамикалық жаттығуы кешеніне статикалық режим - босаңсу жаттығуларын үйлестіре отырып қосу қажет /210/.
В. П. Русанов [9, с. 36] жаттығудың ерекшелігі мен қиындығы оймен жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді, қарапайым жаттығуларды орындау оны кеңейтеді, ал күрделісі - төмендетеді.
Ал Е. Н. Кораблеваның [10] пікірі тіптен бөлек, ол өзінің эксперименталды деректерін келтіре отырып қаныға құрамдасқан, күрделі құрылыммен үйлескен жаттығуларды қолдану ойлы еңбектің жұмысшыларына арналған гимнастика бойынша сабақ кешені қарапайым жаттығулармен салыстырғанда әсерлірек.
Сонымен қатар зерттеушілер өз жұмыстарында циклдік құрылымы бар физикалық жаттығулар оймен жұмыс істеу қабілетіне циклдік емес түріне қарағанда ұтымды әсер береді. Сондай-ақ ойындық негізі бар жаттығулардың да үлкен пайдасы бар деген деректер бар [11] .
Э. Г. Буличтің жүргізген лабораториялық зерттеулерінің нәтижесінен қызықты фактілер алынды. Автор қозғалу актісінің динамикалық құрылымымен салыстырылған физикалық жаттығудың оймен жұмыс істеу қабілетін қанаттандыру тарапынан ұтымды анықтады. Тәжірибе түрлі физикалық жаттығуларды қанаттандыратын әсердің әртүрлілігін көрсетті, ұзақтығы - 30 с, ал сәйкестілігі 6.
Э. Г. Буличтің [24, с 86] айтуынша көбінесе тартылу әсерлі, отырып-тұру көбінесе кері әсер етеді. Автор қанаттандыратын әсердің өсу механизмінде белсенді демалудың ішкі әсеріне алып келетін жаттығулардың әртүрлі құрылымдарының ара қатынасына аса көп мән береді.
1 кесте - Түрлі физикалық жаттығулардың әсері және олардың интелектуалды қызметтің (3 сағ) созылмалы жағдайында студенттердің оймен жұмыс істеу қабілеті көрсеткіштерінің сәйкестілігі
Тәсіл
Жаттығу
Ақпарат-
тық
іздеу,
м∕сек
Логикалық және
арифме-тикалық
әрекет
қателер саны,
1 мин
Жұмыстарды оқығандағы көрсеткендей төрт негізгі физикалық қабілеттердің оймен жұмыс істеу қабілетінің орнықтылығына нақты оң тәуелділік ол шыдамдылық, икемділік және күштің төзімділігі, ал шапшаңдық бұл қатарға кірмейді. С. М. Оплавин, Б. А. Наумов [12] жасалған тәжірибе негізінде мынандай қорытынды жасайды: шыдамдылыққа жаттығу қысылтаяң оқу кезінде оймен жұмыс жасау қабілетіне оң қозғау тек алғашында қажетті жоғарғы физикалық дайындығы бар студенттерге ғана әсер етуі мүмкін.
Оймен жұмыс істеу қабілетінің өзгеруі көп жағдайда 500, 800 және 1000 м және 1500 м аз аралық жүгіруде пайда болатын шыдамдылықтың даму дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар 500-1000 м шыдамдылықтың дамуы көбінесе орталық жүйке жүйесінің ойдан шаршауына қарсы тұруға мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Б. К. Замаренов, түрлі бағыттағы жаттығулардың әсерін зерттей келе (шыдамдылыққа, жылдамдық, қүш, икемділік) нейродинамика көрсеткіштерінің түрлі әсерін көрсетті. Шыдамдылыққа жаттығу реакция уақытын ұзартуға, ал икемділік оның қысқаруына алып келеді.
Н. Б. Стамбулов, А. В. Стамбулов [13] кішкентай мектеп оқушыларының психикалық процестері мен қозғалыс қасиеттерінің дамуы қатынасын зерттей келе, балалардың психикалық дамуына көбірек әсер ететін нәрсе «ой дамуының факторына» оң байланысатын күрделі құрылымдастырылған әрекеттер мен олардың орындалу жылдамдығы екенін атап өтті.
Мамандардың айтып өткеніндей ойдың логикалылығы көп жағдайда спорттық гимнастикамен айналысу кезінде дамиды, ал жадының шапшаңдығы жеңіл атлетика мен самбомен айналысу кезінде дамиды. Мұндайды психофизиология функцияларымен дамытады және тайбокстың жүйелік сабағында оймен жұмыс істеу қабілетіне оң әсерін береді [14] .
Жүзу жаттығулары зерттеуінде көрсеткендей кейбір психикалық процестерге жобаланады. Сонда, жүзу сабағынан кейін психикалық функция төмендейді. Мұндай қызық нәрсе бар: кең көлемдегі бағдарлама жіңішкесіне қарағанда аз зиянын тигізеді. В. Поповтың эксперименталды дәлелдеріне қарағанда таңғы уақыттағы жүргізілген 30 мин. көлеміндегі (100-400 м) жүзумен айналысу оймен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Бұндай жаттығудан кейін күндізгі уақытта оймен жұмыс істеу қабілеті аздап өзгереді, бірақ жады функциялары нашарлайды.
Зерттеушілер жүгірудің орта және қартаң жастағы адамдардың оймен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттей келе жүгіру (1-5 мин ұзақтық) ми қабықшасының функционалды жағдайына жағымды әсер етеді. 10 минуттық зерттеліп жатқан функцияға әсер етпейді. 15 минут бойы жүгіру ми қабықшасының функционалды жағдайына, яғни оймен жұмыс істеу қабілетінің жұмыстарына теріс әсер етеді.
Баскетбол ойыншыларының физикалық жаттығу кешенін орындауындағы әсерлер жайлы Б. К. Замаренов [15] көрсетіп кеткен. Оның зерттеуінше 10-13 минуттағы баскетбол айтарлықтай уақыт бойы (2-ден 4 сағатқа дейін) оймен жұмыс істеу қабілетіне жақсы әсер ететіні дәлеледенген, сондай-ақ ойын жуандықпен күресте әсерлі және қол жетімді, әрі ой жұмысы кезінде шыдамдылықтың деңгейін көтереді.
Г. А. Федосеев [16] жаттығу кезінде тапқаны: мінез күшінің салмағы салыстырмалы түрде басым келетін спорттық гимнастика мен ауыр атлетикада оймен жұмыс істеу қабілеті жағынан оң алға жылжулар бірден емес, жаттығу біткен соң 15-20 минуттан кейін байқалады. Басқа тәуелділік шаңғы мен жеңіл атлеттік кросста байқалады. Деректер көрсеткендей әдеттегідей биік, бірақ 20-30 минуттық кросста олар айтарлықтай төмендейді және оқу күнінің қалған бөліктерінде де төменгі қалпын сақтайды.
Футбол, баскетбол және су полосында қарқындылық пен зейінді іске қосу жаттығуларының әсері, сондай-ақ ұйымдасқан ойлау жайлы А. А. Крауклис, В. Н. Янсон [17] зерттеді.
Жеңіл атлеттер және күресшілередің интеллектуалдық қабілеттерін салыстыра отыры А. И Емец [18] түрлі спорт түрімен айналысатын студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетіне жаттығудың әсерін зерттеп, қызықты деректер тапты. Оның көрсеткеніндей спорттық ойынмен айналысатындар оймен жұмыс істеу қабілетіне жеткілікті ие болады екен. Бұл дәлелді автор спорттық ойын түрлері басқаларға қарағанда көп жағдайда ойлау процестерінің дамуына жағдай жасайтынымен дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері спорттық ойын секциясын пайдаланатын жаттығу сабақтарында студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетінің көрсеткішіне оң әсер ететінін көрсетеді. Автор атап өткендей спорттық ойын бойынша жаттығу сабақтары эмоционалды жағдайдың көтерілуіне себеп болады, оймен жұмыс істеу қабілетінің көрсеткішінің көтерілуіне көмектесетін жарысушы топтардың жеңістің нәтижесіне үлкен қызығушылығын, қарқынды жүктеменің жалғаспалы және үзілісті динамикасына әсер етеді. Білікті атқыштар мен футболшылардың оймен жұмыс істеу қабілеті жаңадан келгендерге қарағанда жоғары болатыны белгілі, айтқандай, атқыштарда динамикалық және статистикалық көрсеткіштер азайғаны байқалған, ал білікті футболшылардың ойлау процесінің жылдамдығы жаңадан келгендерге қарағанда айтарлықтай жоғары [19] .
Оймен жұмыс істеу қабілетіне жаттығулардың белсенді әсер ету аймағын анықтау мақсатында мамандар түрлі дозадағы бірқалыпты жүгіруді қолданған. Зерттеудің нәтижесінде спорттық шеберлер үшін оптимальді аймақтардағы жаттығу болып 5 пен 10 км. орындалатын жүгіру болып табылады, күш көбейту үшін 1 және 5 км, жаңадан кіріскенде 1 км.
А. Ф. Дмитриев [20] кешке оқитын студенттер мен спортшы студенттердің сабақтан бұрынғы және сабақтан кейінгі физикалық жүктеменің оймен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеді. Мұндай тәуелділікті көрсету үшін студенттерге 5 минут аралығында шешуі тиіс көбейту мен бөлу тестін ұсынды. Сонда дене тәрбиесі жүргізілмейтін кешкі факультеттің тобы спортшы студенттер тобымен салыстырғанда (30-45%) тапсырма шешімінің пайызы төмен (3%) болып шықты. Автор бұл құбылысты кешкі студенттердің шаршауын баспайтынымен түсіндіреді.
Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі әйелдер мен ер адамдардың жады функциясын салыстыра отырып мынадай қорытындыға келді, ер адамдарға қарағанда әйелдер тітіркену сөзін толығырақ іске асырады. Басқа зерттеушілер үлкен физикалық жүктемелер жаңадан келгендердің де, жоғары білікті мамандардың да психикалық процестерінің ағысын нашарлататынын көрсетті. Жоғары білікті спортшы қыздар мен спортшы емес қыздардың интеллектуалды қызметінің өнімінде статистикалық сенімді ерекшеліктер бар, сыналушылардан оқу күнінің соңында зейін функциясының шектеулі қадағалануы талап етіледі. Спортшы қыздарда бұл көрсеткіштегі еңбек қабілеті жоғарырақ және олар шаршаған жағдайда тез жинала алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып динамикалық құрылымына байланысты түрлі физикалық жаттығулар студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетіне әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Физикалық жаттығулардың динамикалық құрылымының түрлі қолдануымен байланысты студенттердің оймен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуы мен көтеру мақсаты жайлы зерттеушілердің де пікірі де әртүрлі.
Көптеген авторлар деректерді кезеңдік және ойын тәріздес физикалық жаттығулардың үлкен әсерлілігімен байланыстырады. Оймен жұмыс істеудің тұрақтылығына тікелей оң тәуелді болатын негізгі физикалық қасиеттер - шыдамдылық, сосын икемділік, күш шыдамдылығы, ал шапшаңдық мұндай байланысқа ие емес [21] .
Оймен жұмыс істеу көрсеткіші 500, 800 және 1000 м аралық жүгіруде пайда болатын шадамдылықтың даму дәрежесімен көп байланысты.
Психикалық қасиеттің дамуына әртүрлі спорт түрлерімен айналысу әсерлері де әртүрлі. Бұл қасиеттердің дамуына біріншісі - ойлау процестерін дамуына көмектесетін, келесісі - құрамдастыру қабілетін, үшіншісі - қосалқы жадының дамуына бағытталған әсерін тудыруға мүмкіндік береді. Ойдың логикалылығы көп көлемде спорттық гимнастика сабағында, қосалқы жады - жеңіл атлетика мен күресте, ойлау процесінің жылдамдығы - спорттық ойын сабағында дамиды.
Спортшының біліктілігінің өсуімен оймен жұмыс істеу қабілеті мен ойлау процесінің жылдамдығының өнімділігі де артады.
1. 2 Сынақ-емтихан кезеңіндегі студенттің қозғалғыш белсенділігі
Жоғарғы оқу орнында оқитындар үшін көбінесе күрделі және жауапты болып сессия кезеңі болып есептеледі, бұл кезде оймен жұмыс істеу және физикалық жұмыс істеу қабілеттеріне айтарлықтай функционалды өзгерістер алып келеді. Ойдың жүктемелілігі және сына-емтихан сессиясының ұзақтығы жүйке-эмоционалды шаршауға алып келеді, бұндай еңбек және демалыс режимінің белсенділігіне байланысты профилактикалық мерекені сақтамаған жағдайда, денсаулықтың бұзылуына әкеліп, бас миының қабықшасындағы қоздыру мен тоқтату процестерінің теңдігінің сақталмауына әкеліп соғады [22] .
Студенттерде сессия кезеңіндегі уақытта оймен жұмыс істеу қабілеттері айтарлықтай төмендейді, сондай-ақ терең жылжулар көктемгі сессияда байқалады, бұл оқу жылы соңындағы шаршаумен түсіндіріледі. Бұндай жағдайларда дене мәдениет және спортпен айналысу жүйке қысымынан арылуға және психикалық саулықты сақтауға септігін тигізеді. Жоғарғы жүйке белсенділігінен арылу бұл жағдайда күзеттегі қозу рөлін атқарады
Жоғарғы әскери оқу орнындағы студенттердің емтихан кезіндегі күн тәртібіне күнделікті бір сағаттық физикалық жаттығуды қосу олардың өзіндік көңіл-күйлері мен үлгеріміне оң әсерін тигізежі. Емтихан кезіндегі дене тәрбиесі сабағын таза ауада өткізу қажет.
Мамандар физикалық жаттығулардың емтихандық сессия жағдайында, семестр бойы мен демалыс кезінде оймен жұмыс істеу қабілетіне оң әсер беретінін аса басып көрсетеді. Бірақ В. Г. Крыжановский [23] тәжірибелерінде сессия кезінде қозу процесін айқын көрінетін студенттерде физикалық жаттығу түріндегі белсенді демалыс мақсатына жетпейтінін дәлелдеген, емтихандық сессияда физикалық жүктеме ЧСС-да 150-150 соғ/мин аспауы тиіс деп келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz