Оқушылардың дене тәрбиесі белсенділігі мен қимыл - қозғалысты қалыптастырудың бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері


НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев " Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығы [1996 ж. ], 1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады.
2. 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы" заңы қабылданды.
3. 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы.
АНЫҚТАМАЛАР
Дене тәрбиесі- (phisis, cultura) мәдениеттің ортақ бөлімі адамның денсаулығын жақсарту мен олардың дене биімділігін дамыту саласындағы жетістіктердің жиынтығы.
Дене шынықтыру- адам баласының күнделікті тіршіліктегі қозғалысының пайдасын анықтайды.
Дене шынықтыру жүйесі- қоршаған ортаны, табиғи денені дұрыс пайдалана білу.
Спорт - қоғамның мәдени өмірінен тысқары алынап қаралмайтын жан-жақты мәдени қоғамдық құбылыс.
Белсенділік - алдына мақсат қойып, оны орындауды өз ынтасымен ұйымдастыру және оған жетуге бағытталған адамның ерік күшінің сапасы.
Белсенді қимыл - (лат. Асti vus-әрекет) : -1. дене қозғалысын қамтамасыз ететін немесе соған жағдай туғызатын адамның белсенділігі. 2. қимыл-қозғалыс жасау сәтіндегі адамның жағдайы.
Белсенді спортшы - жекпе-жек түрлерінде немесе командалық ойындар кезінде ширақ, қимылдап, белсенділік көрсететін спортшы.
Саяси белсенділік - жеке тұлғаның не әлеуметтік топтың саяси процеске араласу деңгейін білдіретін ұғым. Бұл белсенділік әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына сай саяси жүйеге ықпал етіп, оны өзгертуге ұмтылуынан байқалады.
Әлеуметтік белсенділік - белгілі бір тарихи кезеңде әлеуметтік топтың, қауымның қоғам алдына қойылған міндетті саналы түрде шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы. Әлеуметтік белсенділік қоғам өмірін әртүрлі аясында (саяси-қоғамдық істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) көрініс береді.
Психикалық белсенділік - субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысыңдағы іс-әрекетінің жігерленіп. Ол жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты.
Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-қатынастағы тегеуріңділігі.
Төзімділік деп ағзаның белгілі бір уақыт ішінде қандайда бір іс-әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады.
Ептілікті дененің белсенділігі ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады
Иілгіштік - қозғалысты үлкен амплитудада орындай алу қабілеті, иілгіштік өлшеуіші қозғалыстың үлкен амплитудасы болып табылады.
Жылдамдық деп - дене қасиеттерінің аз уақыт арасында қозғалыс әрекетін жасай алу қабілетін айтады.
Қозғалыс дағдысы дегеніміз - әдіс қозғалысын игеруде қозғалысты көп қайталаудың нәтежесінде санның қатнасуынсыз автоматты түрде басқарылып, әдістің жоғары сапада орындалуы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
БЖСМ - балалар мен жас өспірімдер мектебі
ГТО -Еңбекпен Отанды қорғауға дайынмын
АҚШ -Америка Құрама Штаттары
КТУ - Кәсіптік техникалық учелише
ҚҰО - Қазақтың ұлттық ойындары
ФТ - фактілерді талдау
ҰО - Ұлттық ойындар
Ғ - күш
Латынша
m - Сауалнама барысындағы эксперименттер саны;
n - спортшылар мен салыстырмалы нысандар саны;
p - маңыздылық дәрежесі, яғни қателік мүмкіндігі;
r - Пирсон корреляциясының коэффиценті;
S - таңдаулы жиынтықтардың стандартты ауытқуы;
t - Стьюдент критериі;
x- таңдаулы жиынтықтың орташа арифметикалылығы;
x 2 - хи - шаршы критериі;
v-нұсқалық коэффиценті;
w - сұралған эксперименттердің келісімін анықтауға арналған конкордация коэффиценті.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Білім адам өмірінде маңызды мәселенің бірі болып табылады, ол кәсіби дағдылар мен білім алу саласында адам мүмкіндіктеріне жол ашады, өмір сүру жағдайын түбегейлі өзгертіп, экономикалық өсудің көзіне айналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім беру жүйесінің жаңаруы мен қалыптасуы жүріп жатыр. Оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық теориясы мен практикасында бұл үдеріс едәуір өзгерістермен жүргізіледі. Білім беру парадигмасының ауысуы жүріп жатыр: басқа жағынан келу, қарым-қатынас, мазмұн, мінез-құлық, педагогикалық менталитет ұсынылуда [1] .
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулердің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену және жүйелеу, орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыру үдерісіне оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай ақ дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді обьективті тұрғыдан талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалады [2] .
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев " Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығына қол қойса, 1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы" заңы қабылданса, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы шықты. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған статегиялық жоспарында» Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесісаласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене мәдениетінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет [3] .
Жоғарыда айтылып өтілген осындай қажеттіліктерді айқындап талдай түсу және түсіну үшін диссертациялық жұмысты орындауда алдымызға мынандай мақсат қойылды.
Зерттеудің мақсаты: Дене тәрбиесі үдерісіндегі жаөспірімдердің белсенділігі мен қимыл-қозғалысын қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеті:
1. Дене тәрбиесі үдерісіндегі жасөспірімдердің белсенділігі мен қимыл-қозғалысын қалыптастырудың заңдылығы негіздерін айқындау.
2. Жасөспірімдік кезеңнің биологиялық-әлеуметтік нышандарының теориялық және практикалық табиғи шамасын негіздеу және белсенділік ұғымының мәнін анықтау.
3. Дене тәрбиесі үдерісіндегі жасөспірімдердің белсенділігін қалыптастырудың сынамалық жолдарын ашып көрсету.
4. Жасөспірімдердің дене тәрбиесі құралын, бақылау жаттығуларын, олардың ақпарат беру, сенімділігі мен дұрыстығын таңдап алуды сынамалық тұрғыдан негіздеу, сауықтыру тиімділігінің ретімен дайындау.
Зерттеудің нысаны - оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің пәні - жалпы орта мектептерде жасөспірімдердің дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу базасы: Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін метептің 5-7 сынып оқушылары.
Зерттеудің жаңалығы:
-дене тәрбиесі үдерісідегі жасөспірімдердің белсенділігін қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері айқындалды.
-жасөспірімдік кезеңнің биологиялық-әлеуметтік нышандарының теориялық және практикалық табиғи шамасын негіздеу және белсенділік ұғымының мәні анықталады.
-дене тәрбиесі үдерісіндегі жасөспірімдердің белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік жолдарын ашып көрсетіледі.
-жасөспірімдердің дене тәрбиесінің құралын, бақылау жаттығуларын, олардың ақпарат беру, сенімділігі мен дұрыстығын таңдап алуды сараптамалық тұрғыдан негіздеу, сауықтыру тиімділігінің ретімен дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрлымы. Дипломдық жұмыс анықтамалардан, қысқартулардан, үш бөлімнен және әр бөлімнің жеке тарауларынан тұрады. Қортынды және қарастырылған әдебиеттер саны 60. Дипломдық жұмыс қолданылған әдебиеттер тізімінсіз 74 баспа бет.
- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 . 1 Оқушылардың дене тәрбие үдерісіндегі белсенділігі, қимыл-қозғалысының қалыптасуы мен даму тарихының педагогикалық мәселелері
Заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктері болатыны белгілі. Сол сияқты бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесінде деген қажеттілік, өз ерекшелігі бар. Оқушылардың дене белсенділігін жетілдіру мен эстетикалық тәрбие беруді дамыту. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, дене шынықтыру мен спортты [4] жетілдіру міндеті қойылып отыр. Мұндай жан-жақты үйлесімді жетілген жасөспірімдерді тәрбиелеу, мектеп үлесіне тиеді және онда дене тәрбиесі ерекше орын алады. Олай болу себебі - әрбір бағыт жүргізілген дене қимылы, жаттығуы тәрбие жұмысының нақты көрінісі. Дене тәрбиесі барысында қимыл-қозғалыс пен жаттығулар жасөспірімдерді батылдыққа баптап, сымбатты етіп, ептілікке баулу сонымен қатар тазалақ, бой жазу, ой еңбегі барысында шаршағанын басу, сарпы еткен күш-қайратын қайта толтыра білу.
Еліміздің жасөспірімдері ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді дене тәрбиесі саласының аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Жан-жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің негізі мектеп қабырғасында дене тәрбиесі ісін бір жүйеге келтіруден, маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады.
Бүгінгі күнге дейін біз балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінде олардың жеке қасиеттерін бөліп қарадық және де оның бір ғана қырын дамытуға күш салып келдік. Тәрбие барысында ақыл ой немесе дене күшін дамытуға бет бұрдық. Баланың дене тәрбиесінде бұл қасиеттердің бірінсіз-бірін дамытуға болмайтынын, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста екені ескерілмеді. Соның нәтежесінде қазіргі қоғамда ақылынан қара күші басым азаматтар мен жасөспірімдер, ақылмен ойлағанын іс жүзінде іске асыра алмайтын толық емес адам тәрбиелеп келдік.
Жасөспірімдердің дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы, болашақ өрекниетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, ұрпақ тәрбиелеу болу керек. Денені жетілдіруді Әл-Фараби мінез-құлықты жетілдірумен байланыстырады. Ол денені жетілдіру - денсаулыққы тіреледі егер денің сау болса, оны сақта және нығайтуға жағдай жаса, оны табуға көмектесу керектігін көрсетті[5] .
Дене тәрбиесіне үлкен үлес қосқан, Ресейде дене тәрбиесінің ірге тасын қалаушы Л. Ф. Лесгафт өз еңбегінде дене жаттығуларын орындау процесін және дене жетілуімен тұтас бір уақытта жүретін процес деп қарады[6] . Дененің әлсіздігіне қарамастан, ақыл-ой қабілетінің жетілгенін жақсы көруге болады.
Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, қозғалыс белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу, салмақты көтере алу т. б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл-әрскеттерінен тұрады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіру адам ағзасына әртүрлі салалық талаптар қояды және олар әртүрлі дене қабілеттерінен көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп - адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз.
Әдебиеттерді талдау барысында балалық және жасөспірім кезеңдерде қозғалыс мүмкіндігін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар бар екендігіне көз жеткіздік. Қозғалыс мүмкіндіктерінің күшеюі мектеп жасындағы бала ағзасының жас ерекшелігіне сай келуі қозғалыс мөлшерлерінің іс-әрекетін реттеп отыратын иннервациялық механизмдердің жоғары қозғыштығына және зат алмасу процестерінің едәуір жеделдігіне байланысты болады. Бұл жастағы оқушыларға тән жүйке процестерінің өте қозғалмалылығы, қимылдың ең жоғары қарқыны, бұлшық ет босауының және жиырылуының тез ауысып өзгеріп отыруына байланысты. Біз талдаған зерттеулердің бірқатары спортпен жүйелі түрде айналыспайтын оқушылардағы жылдамдықтың жасқа байланысты даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік береді. Еңбектерінде олардағы жылдамдықтың даму динамикасы көрінеді [7, 8] .
Күшті адамның дене қасиеті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты анықталуы керек:
Күш, қозғалыстың механикалық сипаттамасы ретінде, денеге көлем салмағы - күш әсер етеді (Ғ) .
Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, "күштің жаспен қатар дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп" және т. б.
Егербірінші мағынасында күшті қозғалыстың басқа да сипаттамаларымен бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пәні ретінде сипатталады [9] .
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп, әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал, (Ғ=ш-а) деген заңына сүйенеді. Қуат күші деп, дененің жылдамдығы жағынан жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін бөлу, қарсы әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимыл күші дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды, тек салмақпен ғана анықталады (қозғалмай тұрып жүкті ұстау) . Резеңкені немесе эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды, ең бастысы сәл зат тартылған ұзындықпен анықталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне қарсы әрекет туған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына тәуелді болады. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация, күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан да күштің, қозғалыстың басқа сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық, шапшаңдату жолы) әдетте қиын. Түрдік үлгінің тәуелділігін (Ғ=ш-а), таза түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.
Қандайда бір ұғымды анықтаудың ең жақсы тәсілі - адамның күш мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.
Бұл фактор күштің (қозғалыс қабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы арқылы белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады (механикалық әсер өлшемдері) . Мағынасы жағынан дұрыс болса да бұл фаза стилистикалық жағынан "күш" деген сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.
Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы тұра алу қабілеті немесе бұлшық ет күші арқылы қарсы тұруы деп анықтауға болады [10, 11] . Қарсы қимыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп - қимылға қарсы бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде - қозғалыс үстіндегі қимылды айтады.
Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі:
- өз ұзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп) ;
- ұзартылған жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі) .
Бұл кезеңдегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда келтірілген бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға болады.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін - адамның бұлшық ет қысымы арқылы сыртқы қимылға қарсы тұра алу қабілетін тәрбиелеуге көп орын бөліну керек. Бұлшық ет күшінің көрінуі - бұлшық ет аппараттарының іс - әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде, көлденең жолақты бұлшық еттердің физиологиялық жиырылу қабілеттері маңызды қызмет атқарады. Бұлшық еттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ақ (статистикалық немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу нсмесе плиометрикалық тәртіп) күшті көрсете алады.
Зациорскийдің [12] жіктеулері бойынша күш қабілеттері келесі түрлерге бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалық тәртіп), жылдамдықтың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалық күш) . Адамның жылдамдық күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялық күш), сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен "жарылу күші" бөлінеді.
Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы - өсіп келе жатқан ағзаның жан-жақты дамуында, өндірістік еңбекке дайындауда және спорттық шеберлікті көтеруде маңызы зор.
Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика сұраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы спорттың көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші факторлар болып саналатынын С. П. Летунов дұрыс атап өткен [13] .
Күш адам ағзасының үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін көптеген авторлар атап өтеді [14, 15] . Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша жүйелері мен тұтас ағзаның еңбекке жарамдылығын, тұлғаның дұрыс құрылуын және басқа да дене қасиеттерін қалыптастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс үйлесімділігін жетілдіреді.
Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады. Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күші дамуының ерекшелігін ескеру керек.
Төзімділік деп ағзаның белгілі бір уақыт ішінде қандайда бір іс-әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады. Басқаша айтқанда, шаршауға қарсы тұра алу қабілетін айтады. Кейбір жағдайларда ең төзімді адамдардың өзінде де біраз уақыттан соң шаршаудың бірінші және екінші сатылары басталады. Күшею іс-әрекетті бұрынғы нәтижені жалғастыра алмауынан көрінеді. Бірнеше адам бір тапсырманы орындаған кезде шаршау олардың әрқайсысында әр мезгілде көрінеді. Бұның себебі, ең алдымен төзімділіктің әртүрлі деңгейлілігі. Басқаша айтқанда, төзімділік өлшеуіші уақыт болып табылады, белгілі бір уақыт ішінде адам іс- әрекеттің өнімділігін үзбей берілген жылдамдықта атқара алуға тиіс. Төзімділікті өлшеу үшін тікелей және жанама тәсілдерді қолданады. Тікелей тәсілде сыналушыға қандай да бір тапсырма беріп (мысалы, белгілі немесе басқа да жылдамдықпен жүгіру), осы өнімділік жылдамдығымен жұмыс істеудің уақыт шегін анықтайды (жылдамдықты төмендеткенге дейін) . Төзімділікті өлшеудің тікелей тәсілі әрқашан қолайлы бола бермейді, сондықтан көбіне жанама тәсілі қолданылады. Мысалы, спорттық тәжірибедегі төзімділікті қандай да бір ұзын қашықтықты басып өтуге бөлінген уақыт арқылы анықтауға болады (мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру) . Кейде төзімділікті барлығына бірдей берілген уақытта орындалған, стандарттық жүктемелерді бергеннен кейін (мысалы, шерулік жүгіруден соң (марш-броска) ), қимылдардың дәлдігі және жылдамдығы арқылы қандай да бір тапсырманы орындау барысында нәтиженің төмендігі арқылы өлшейді.
Көптеген зерттеулерде төзімділіктің төрт түрі анықталған:
- Ақыл-ой (мысалы, математикалық тапсырмаларды шешуде) ;
- Сенсорлық (талдағыштық бұлшық еттердің ширығып жұмыс атқару нәтижесінде) ;
- Эмоциялық (толқуға қарқынды тез әсерленудің салдарынан) ;
Физикалық (бұлшық еттердің іс-әрекеттерінен) .
Бұл жұмыста мектеп оқушыларының шыдамдылығы туралы айтылады.
Адамның төзімділігін шартты түрде екі топқа бөлуге болатынын көптеген факторлармен анықтауға болады:
Ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері (аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктер, қозғалыс дағдысының жетілу деңгейі) ;
Тұрақтылық деңгейі, ішкі ортаның қолайсыз өзгерістеріне және жүйкенің жоғарғы импульсациясына байланысты.
Әйтсе де, бұлай болу толық қатаң болмаса да, дұрыс дәлелденген. Себебі, төзімділікті тәрбиелеу барысында осы аталған екі топтың бірінде бағытталған тәсіл қолданылады.
Сабақ кезіндегі тезімділік оқушылар белгілі бір деңгейде шаршай бастағанда ғана дамиды. Бұл кезеңде адам ағзасы осындай жағдайларға бейімделе бастайды, бұл төзімділіктің жоғарылауына байланысты. Бейімделе бастау өзгерістің көлемі мен бағытты жаттығу жүктемелерінің сипаты мен деңгейіне сай болады. Жүктеменің әр түріне байланысты шаршау да әртүрлі болады, мұнда шаршаудың табиғилығы маңызды мәселе болып табылады, сондықтан төзімділікті тәрбиелеуде шаршаудың деңгейін ғана емес, сипатын да ескеру керек.
Осыған орай, төзімділікті тәрбиелейтін жаттығу сабақтарының басты мақсаты, ағзада өзімізге қажетті өзгерістерге қол жеткізу.
Дененің төзімділік қасиетін тәрбиелеуге арналған әртүрлі дене жаттығуларын орындау кезінде берілген жүктемені мынадай бес құрылымдармен сипаттауға болады:
- жаттығудың өнімділігі;
- жаттығудың ұзақтығы;
- демалыс аралығының ұзақтығы;
- демалыс сипаты, үзілістерді әрекеттің басқа да түрлерімен толықтыру;
- қайталаулар саны.
Осы құрылымдардың сәйкес келуіне байланысты ағзаның жауап беру
әсерініңкөлемі ғана емес, сипаты да әртүрлі болады.
Ептіліктідененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz