Деректер қорын құру құралдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Дипломдық жобада жеке кәсіпкерлікті басқару жүйесі талданған. Бұл

бағдарламада кәсіпорындағы басқару аппаратын қажетті ақпаратпен

қамтамасыз ететін өзара байланысқан функционалды жүйелерден тұратын

автоматтандырылған ақпараттық жүйе құрылады.

Ақпараттық жүйенің дерек қоры клиент-сервер технологиясына

негізделіп, MS SQL ДҚБЖ-де және клиенттік қосымшасы Visual Studio 2010

бағдарламалық құралының ASP. NET қосымшасында жасалған.

«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде жұмыс орнындағы жарықтандырудың

табиғи және жасанды әдістері

бойынша есептеулер жүргізілді.

Экономикалық бөлімде енгізілген жүйеге кеткен шығынды және одан

алынған экономикалық пайданы есептеу жүргізілген.

Аннотация

В данном дипломном проекте анализирована система управления

индивидуального предпринимателя.

В этой программе

создается

автоматизированная информационная система предприятия, которая состоит

из взаимосвязанных функциональных подсистем, обеспечивающих

управленческий аппарат необходимой информацией.

База данных информационной системы разрабатывалась в СУБД MS

SQL и клиентское приложение на приложении ASP. NET программного

средства Visual Studio 2010.

В разделе «Безопасность жизнедеятельности» сделаны расчеты

освещения в помещении естественным и искусственным методам. В разделе

«Технико-экономического обоснования разработки» произведен расчет

полученной экономической выгоды от внедряемой системы.

Annotation

In this degree project the control system of the individual entrepreneur is

analyzed. In this program the automated information system the enterprise which

consists of the interconnected functional subsystems providing administrative

personnel with necessary information is created.

The database of information system was developed in MS SQL DBMS and

the client application on the ASP. NET appendix of a software of Visual Studio

2010.

In the section "Health and safety" lighting calculations indoors to natural and

artificial methods are made. In the section "Feasibility study on development"

calculation of the received economic benefit from introduced system is made.

Мазмұны

Кіріспе . . . Ошибка! Закладка не определена.

1 Деректер қорын құрудың негізгі принциптері . . . 9

1. 1 Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі . . . 9

1. 1. 1 Басқарушы қызметкердің автоматтандырылған жұмыс орындары . . . 10

1. 1. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары Ошибка! Закладка не

1. 1. 3 Автоматтандырылған жұмыс орнының жіктелуі . . . 14

1. 2 Деректер қорын ұйымдастырудың қанағаттандыратын талаптары . . . 16

1. 2. 1 Көпжақты байланыс орнату . . . 17

1. 2. 2 Өнімділігі . . . 17

1. 2. 3 Минималды шығындары . . . 17

1. 2. 4 Мининалды артықтығы . . . 17

1. 2. 5 Іздеу мүмкіндігі . . . 18

1. 2. 6 Бүтіндігі . . . 18

1. 2. 4 Қауіпсіздігі және құпиялығы . . . 18

1. 2. 4 Өткенмен байланыс . . . 18

1. 2. 4 Болашақпен байланыс . . . 19

1. 2. 4 Пайдалану қарапайымдылығы . . . 19

2 Деректер қорын құру құралдары . . . 20

2. 1 SQL тілі деректер қорының стандартты тілі ретінде . . . 20

2. 1. 1 SQL тілі . . . 20

2. 1. 2 SQL-дің артықшылықтары . . . 21

2. 1. 3 SQL операторлары . . . 25

2. 2 Деректер қорының архитектурасы . . . 27

2. 2. 1 Локальды деректер қоры және «файл-сервер» архитектурасы . . . 28

2. 2. 2 Жойылған деректер қоры және «клиент-сервер» архитектурасы . . . 30

2. 3 Delphi бағдарламалық өнімі . . . 33

2. 3. 1 Жоғары өнімді компилятор . . . 35

3 Дерекқорды жобалау және оны іске асыру . . . 37

3. 1 ДҚ құрудың бастапқы кезеңі . . . 37

3. 1. 1 Қолдану облысы және тағайындалуы . . . 37

3. 1. 2 Дерекқордағы шешілетін мәселелер . . . 37

3. 2 Концептуалды жобалау . . . Ошибка! Закладка не определена.

3. 2. 1 Қажетті ақпарат: пайдаланушылардың талабы . . . 37

3. 2. 2 Дерекқор және қосымшаны жобалау құралдарын таңдаудың негіздемесі 37

3. 2. 3 ER моделін құру . . . 39

3. 3 Логикалық жобалау . . . 39

3. 4 Физикалық жобалау . . . 40

3. 5 Бағдарламаны сипаттау . . . 41

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 46

4. 1 Өндірістік ғимараттағы еңбек шартын талдау . . . 46

4. 2 Есептеу техникасы бөлмесіндегі өндірістік ортаның микроклиматы . . . 46

4. 3 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесі . . . 47

4. 4 Электр тоғының адам ағзасына әсері . . . 48

4. 5 Жұмыс орнына шудың әсері . . . 48

4. 6 Табиғи жарықтандыру әдісімен есептеу . . . 50

4. 7 Пайдалану коэффициенті әдісімен жасанды жарықтануды есептеу . . . 52

4. 8 Жасанды жарықтануды нүктелік әдіспен есептеу Ошибка! Закладка не определе

4. 9 «Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімі бойынша қорытынды Ошибка! Закладка не опреде

5 Бизнес жоспар . . . 57

5. 1 Жоба сипаттамасы . . . 57

5. 2 Маркетингтік стратегия . . . 57

5. 3 Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу . . . 58

5. 4 Бағдарламалық қамсыздандыру шығынының есебі Ошибка! Закладка не определ

5. 5 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 64

5. 6 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі . . . 65

5. 7 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі . . . 66

5. 8 Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу . . . 67

5. 9 Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде экономикалық

тиімділігін бағалау . . . 68

Қорытынды . . . 72

Әдебиеттер тізімі . . . Ошибка! Закладка не определена.

А қосымшасы . . . Ошибка! Закладка не определена.

Ә қосымшасы . . . Ошибка! Закладка не определена.

Б қосымшасы . . . 82

В қосымшасы . . . 93

Кіріспе

Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологияларға негізделген

тиімділігі жоғары басқару жүйесі болмаса өндірістің дамуы мүмкін емес.

Үнемі өзгеріп отыратын нарық талаптары,

ғылыми-техникалық,

технологиялық және маркетингтік сипаттамалары, үлкен ақпарат ағындары

кәсіпорынның жоғары дәрежелі технологиялармен даму әдісіне және

стратегиясына жауапты кәсіпорын қызметшісінен аз шығын шығара отырып,

көп табыс табуға бағытталған шешімді тез және нақты қабылдауын талап

етеді. Шығындарды оңтайландыруды, тұтынушылардың барлық талаптарына

сәйкес өндірістің реактивтілігін жоғарылатуды қатал нарықтық бәсекелестік

шартында ойша жасалған қорытындыларға негіздеп жасауға болмайды.

Кәсіпорындағы шығын орталықтарының барлығына жан-жақты бақылау

жасау, талдаудың күрделі математикалық әдістері қолдану, болжам жасау,

параметрлер мен белгілердің есебіне және жинақтардың үйлесімді жүйесіне

негізделген жоспарлау, қор жинау және ақпараттарды өңдеу қажет. Бұл

мәселенің басқару аппаратының шамадан тыс артуымен байланысты

экстенсивті шешу жолдары, тіпті оның жұмысы өте жақсы ұйымдастырылса

да оң нәтиже бере алмайды. Және мұнда тек бір ғана жол бар - басқарудың

компьютерлік ақпараттық жүйесін құру және барлық жерге орнату.

Берілген дипломдық жобаның негізгі мақсаты кәсіпорын жұмысын

басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін бұл жұмыста келесідей тапсырмалар

қойылады:

− ақпараттық жүйелерді жобалаудың жалпы сұрақтарын зерттеу;

− кәсіпорын шешетін типтік тапсырмалардың талдауын орындау;

− кәсіпорынды басқару жүйесінің жобасын өңдеу.

Ақпараттың көп мөлшерін сақтау және өңдеу, жинақтаудың тез және

тиімді жүзеге асуы қазіргі заманғы ұйымдардың, мекемелердің және

кәсіпорындардың табысты қызмет көрсетуінің басты шарты болды.

Қоғамның ақпараттануының өсу қарқыны басқару процесіндегі есептеу

техникасының мәнін арттырады. Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру

үшін қазіргі есептеу техникаларының мүмкіндіктерін пайдалану, еңбек

өнімділігін арттыруға, құжаттармен жұмыс жасаудың тиімділігін көтеруге

және басқаруға арналған ақпараттармен алмасуды жылдамдатуға мүмкіндік

береді.

Соңғы бірнеше жылда мәліметтер қорымен басқару жүйесінің

тұтынушылық сапасының деңгейі, яғни функциялардың әр түрлілігі,

пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс, бағдарламалық өніммен, кей

жағдайларда басқа ДҚБЖ-мен біріктірілуі желіде жұмыс жасауға арналған

мүмкіндіктер артты. ДҚБЖ әр түрлі ақпараттарды (электрондық кестелер,

басқа дерек қорлары) біріктіруге мүмкіндік береді және қажетті ақпараты

жылдам тауып, оны айналадағыларға есептеулер, графиктер және кестелер

көмегімен жеткізуге көмектеседі.

1 Деректер қорын құрудың негізгі принциптері

1. 1 Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің

материалды-техникалық базасын көрсететін есептеу техникасының және

байланыс құралдарының негізінде кәсіпорынды басқарудың формалары мен

әдістерінің жетілдірілуі прогрестің маңызды факторы болып табылады. Ол

басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы байланыстырушы

бөлімше қызметін атқарады және келесі функцияларды орындайды:

пайдаланушы енгізген негізгі мәліметтер мен сұраныстарды қабылдайды,

жүйеге енгізілген және сақталған мәліметтерді анықталған алгоритмдерге

сәйкес өңдейді және қажетті шығатын ақпаратты құрады.

Кәсіпорында басқару аппаратын қажетті ақпаратпен қамтамасыз

ететін өзара байланысқан функционалды жүйелерден тұратын

автоматтандырылған ақпараттық жүйе құрылады. Негізгі функционалды

жүйелер өндірістің техникалық дайындығының, перспективті

жоспарлауының және өндіріс дамуының болжамының, маркетингтік

зерттеудің, материалды, еңбектік және қаржылық ресурстарды оперативті

басқарудың, дайын өнімнің сатылуының және іске асуының,

кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің және

шаруашылық қызметтер

талдауының шешімін қамтамасыз етеді. Шешілетін тапсырмалар

жиынтығы бойынша кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық

жүйесі 80-ші жылдардағы кәсіпорынды басқарудың автоматты жүйесіне

ұқсайды, бірақ басқа сапалы идеологиялық және тезникалық базада.

Автоматтандырылған ақпараттық базада әрбірі өңделетін мәліметтің аса

спецификалық құрылымдық ерекшеліктеріне ие жүйелер немесе «бизнес-

процестер» қарастырылады. Бизнес-процесс негізінде кәсіпорынның өзара

әрекет ететін бөлімдері арқылы өтетін және тұтынушы тапсырысын

(тауарды дайындау немесе қызмет көрсету) орындауға бағытталған

материалды ақпараттық, қаржылық ағындардың немесе жұмыстық

ағындардың өзара байланысқан жиынтығы түсіндіріледі.

Автоаттандырылған ақпараттық жүйе бизнес-процеске өзгеріс енгізу

жөнінде уақытында шешім қабылдау мақсатында экономикалық

объектілердің жағдайын тікелей көрсетуге, бизнес-процестердің

тиімділігін болжауға және олардың ұйымдастырылуы бойынша сипаттама

беруге міндетті.

Қазіргі заманғы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің

сипаттамалық ерекшелігі - кәсіпорынның өзара байланысқан мәліметтер

қорын және бірыңғай ақпараттық жүйенің білімін пайдалану.

Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі техникалық

жағынан байланысқан локальды есептеу желілерінің (ЛЕЖ) жиынтығын

көрсетеді. Ірі корпорацияларға, бірлестіктерге, холдингтерге арнап

мыңдаған ЭЕМ-ді санайтын және күрделі құрылымы бар үлкен

корпоративті желілер құрылады. Корпоративті желілер локальды есептеу

желілерін және глобальді есептеу желілерін (ГЕЖ) қо сады. Соңғылары әр

түрлі қалаларда, елдерде және тіпті әр түрлі континеттерде болуы мүмкін

территориялық бөлінген ЭЕМ-дерді біріктіреді. Масштабына байланысты

бөлімдердің желілері мен жұмыстық топтардың желілері ажыратылады.

Жұмыстық топтардың желілері әдетте 10-нан 20-ға дейінгі ПЭЕМ қосады.

Мұндай желілердің қарапайыымдылық және біртектілік қасиеттері бар.

Бөлімшелердің желісі 100-150 ПЭЕМ-ді қамтиды. ПЭЕМ басқарушы

қызметкердің жұмыс орнына орнатылады және олардың қазметтерін

автоматтандыру үшін, кәсіпорынның кеңейтілген ақпараттық базасына

оперативті рұқсатты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Мұндай жұмыс

орны автоматтандырылған деп аталады және кәсіпорынның

автоматтандырылған ақпараттық басқаруының элементі болып табылады.

1. 1. 1 Басқарушы қызметкердің автоматтандырылған жұмыс

орындары

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) ретінде есептеу

желілерінің құрамындағы секілді тәуелсіз жұмыс жасайтын, соңғы

пайдаланушының жұмыс орнында орнатылған ЭЕМ негізіндегі оның

кәсіби қызметінің тапсырмасын шешудің техникалық және

ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуін қосқанда, соңғы

пайдаланушының аспаптық құралдарының жиынтығы түсіндіріледі.

Орындалатын функцияларына байланысты автоматтандырылған жұмыс

орнының үш түрі қарастырылады:

-

-

-

басқарушының АЖО;

маманның АЖО;

техникалық және қосалқы қызметкердің АЖО.

Басқарушының автоматтандырылған жұмыс орнына келесі талаптар

ұсынылады:

-

үнемі оперативті және ең анық ақпараттармен толтырылып

отыратын бөлінген мәліметтер қоры мен ақпараттың болуы;

-

жеке мәліметтер қорына және ақпаратқа немесе олардың

фрагменттеріне тек шектелген ортаның тұлғаларының, ал жеке

элементтерге тек басқарушының ғана рұқсаты болуы мүмкін;

-

ақпарат басқаруышының психологиялық сипаттамасына

бағытталған формадағы көрнекілігі;

-

-

ақпаратты оперативті іздеуді қамтамасыз ету;

басқарушылық шешім қабылдаудың қамтамасының бағдарламалық

құралдарының болуы;

-

-

жұмыстың қарапайымдылығы;

басқарушылық шешім негізінде тәжірибе жинау мүмкіндігін

қамтамасыз ету;

-

кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің ұйымдастырушылық

құрылымы шеңберінде формацияның басқа көздерімен оперативті

байланысын қамтамасыз ету.

Бұл типтің автоматтандырылған жұмыс орындарында ақпаратты

енгізудің тілдік және сезімталдық мүмкіндіктері жиі пайдаланылады.

Маманның (жоспарлаушының, қаржыгердің,

нормалаушының,

технологтың, маркетологтың, есепшінің және т. б. ) автоматтандырылған

жұмыс орны локальды мәліметтер қоры мен ақпараттар сияқты мәліметтер

қоры мен қолданбалы бағдарламалық қамтаманың бөлінуі негізіндегі кәсіби

қызмет тапсырмаларын шешуді қамтамасыз етеді.

Техникалық қызметкердің автоматтандырылған жұмыс орны мына

функцияларды жүүзеге асырады:

− ақпарат енгізу;

− мәліметтер қорын басқару;

− кіріс және шығыс құжаттарын өңдеу;

− атқарушылық қызметтерді басқару.

Жеке автоматтандырылған жұмыс орындарының арасындағы ақпарат

алмасу есептеу желілерінің байланыс каналы бойынша жүзеге асады.

Локальді есептеу желілерінде қысқа ара қашықтық үшін мәліметтер

жіберудің қарапайым әдісін пайдалануға, мәліметтер алмасудың жоғары

жылдамдығына (100 Мбит/с-қа дейін) мүмкіндік беретін қымбат жоғары

сапалы байланыс желілері пайдаланылуы мүмкін. Осы қызметтерге

байланысты жіберілетін локальды есептеу желілері кең алуан түрлілігімен

ерекшеленеді және әдетте, on-line режимінде қосымшаның іске асырылуын

қарастырады.

Егер кәсіпорында (бірлестік, корпорация) қаланың әр жерлерінде,

аймақтарды, елдерде және континенттерде территориялық оңашаланған

бөлімшелер болса, онда жеке автоматтандырылған жұмыс орнының

арасында ақпарат алмасу корпоративті есептеу желілерінің байланыс каналы

арқылы жүзеге асырылады (КЕЖ) .

Жойылған локальды есептеу желілері мен корпоративті есептеу

желілеріндегі жеке компьютерлерді жалғау үшін әр түрлі

телекомммуникациялық құралдар, оның ішінде телефон каналдары,

радиоканалдар, спутникті байланыс пайдаланылады.

Мұндай күрделі және үлкен көлемдегі желілердің құрамында

компьтерлердің әр түрлі типтерінің - үлкен ЭЕМ-нен бастап (оларды

мейнфреймдар деп атау қабылданған) персоналды ЭЕМ-ге дейін, көптеген

операциялық жүйелер және қосымшалар болуы оның өзіндік ерекшелігі

болып табылады. Корпоративті желінің біртекті емес бөліктері

пайдаланушыға барлық қажетті ресурстарға мүмкіндігінше деректер алуға

айқын рұқсат бере отырып, бүтін желі ретінде жұмыс жасауы керек.

Корпоративті желілерде және локальды есептеу желілерінде есептеу

желілеріндегі ақпарат - видеосурет, суреттер, дауыстар өңделе бастады.

Мұндай мультимедиялық ақпараттарды желі арқылы жіберу оның мәліметтер

дестесін жіберу кезіндегі кідіріске сезімталдығымен байланысты. Кідірістер,

әдетте, желінің соңғы түйінінде мұндай ақпараттың бұрмалануына - «эха»

эффектісінің туындауына, кейбір сөздердің талдануыны мүмкіндігінің

болмауыны, суреттердің дірілдеуіне және т. б. алып келеді. Сондықтан

корпоративті желілерде жаңа желілік технологиялар және жаңа құрал-

жабдықтар есебінен мәліметтерді жіберу жылдамдығы локальды есептеу

желілерінің дәстүрлі желілеріндегі жылдамдығына жақындайды (frame relay

желілерінде - 2 М бит/с, ATM - 622 М бит/с) .

1. 1. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары

Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары, ең алдымен,

пайдаланушы әрекеті мен ПЭЕМ реакциясының мағыналық жағынан сәйкес

келуі үшін қажет. Оларсыз оқу процесі, диалог ұйымдастыру, қатені табу

және жою мүмкін емес. Мұндай тілдерді өңдеудің қиындығы олардың әсіресе

процедуралық емес болуы керектігінде болып табылады. Егер процедуралық

тіл берілген жағдай қалай орындалатын көрсетсе, онда процедуралық емес -

нақтылаусыз орындау керектігін, ол үшін қандай әрекеттер қажет екендігін

көрсетеді. Соңғы пайдаланушылар ақпараттық қажеттілікті жүзеге асыру

процесін нақты білмейді және білуге болмайтындықтан, АЖО-ның

интеллектуалдығы неғұрлым жоғары болса, оның тілдерінде соншалықты

процедуралық емес мүмкіндіктер болмауы керек.

АЖО тілдері пайдаланушыға бағытталған, сонымен қатар кәсіби

бағытталған болуы керек. Бұл тек кәсіби құрал-жабдықтар емес, қызметтік

жағдайдың иерархиясы, оқыту деңгейі, қолданылатын мәліметтер деңгейі

және т. б. бойынша бөлінетін пайдаланушы классификациясындағы

өзгешеліктермен байланысты. Табиғи тілді пайдалану, мұндай тәсілдің

қарапайымдылығына қарамастан, кейде қиын емес нәтиже алу үшін

пернетақта арқылы үлкен конструкция енгізудің қажеттілігінен біршама

белгілі артықшылықтарды бере алмайтындығын ескерген жөн.

Барлық тілдердегі сияқты, АЖО тілдерінің негізін алдын ала

анықталған терминдер, сонымен қатар жаңа терминдер орнату көмегімен бар

нәрселерді алмастырып немее толықтыра отырып әдістерді сипаттау арқылы

құру керек. Бұл АЖО жоспарлау кезінде АЖО-ның терминологиялық негізін

анықталған түрде жіктеу қажеттілігіне алып келеді, яғни тілдің барлық

негізгі синтаксистік құрылымын және терминдер мен олардың жиынтығы

арасындағы семантикалық қарым-қатынасты анықтайды. Осыған

байланысты АЖО-ның қарапайым жіктелуінде қажеттілік туындауы мүмкін,

мысалы, мәліметтердің өңдеудің пайдаланушылық режимінде көріністерінің

мүмкіндіктері бойынша: сандық, мәтіндік, аралас. Күрделі жағдайларда

АЖО-ның жіктелуі деректер қорының ұйымдастырылуымен анықталуы

мүмкін. Көбіне тілдің мүмкіндіктері, пайдаланушы ақпараттық қажеттіліктің

іске асуымен сәйкес келетін формальды конструкциялар тұрғызуы мүмкін

болатын ережелер тізімін анықтайды. Мысалы, кейбір АЖО-да барлық

мәліметтер және конструкциялар кестелік түрде (кестелік АЖО) немесе

арнайы түрдің операторлары (функционалды АЖО) түрінде бекітіледі.

Пайдаланушы тілдерін АЖО диалог түрі бойынша бөледі. Соңғы

есепте диалогты қолдау құралдары пайдаланушыға қажетті тілдік

конструкцияларды анықтайды.

АЖО-ны өңдеу кезінде болатын диалогтардың арасында көбірек

пайдаланылатыны: ПЭЕМ әсер ететін диалог, жаттықпаған пайдаланушы

диалогы және ақпараттың бекітілген кадрларының көмегімен диалог. ПЭЕМ

әсер ететін диалог кезінде АЖО пайдаланушысы мнемониканы және тіл

конструкциясын зерттеуден толық босайды. бұл әдістің модификациясының

бірі - ұсынылған ПЭЕМ нұсқаларының бірі немесе бірнешеуі таңдалатын

мәзір әдісі болып табылады.

ПЭЕМ әсер ететін формаларды толтыру диалогы кезінде пайдаланушы

олардың келесі талдауымен және өңделуімен дисплейде арнайы таңдалған

формаларды толтырады. Гибридті диалог пайдаланушыға да, ПЭЕМ-ға жа

әсер етуі мүмкін.

Жаттықпаған пайдаланушымен диалог кезінде оған не істеу керектігіне

байланысты пайдаланушыда күмән қалдырмауы мүмкін ПЭЕМ

жауаптарының толық анықтығы қамтамасыз етілуі керек.

Ақпараттың бекітілген кадрларының көмегімен диалог кезінде ПЭЕМ

бар болған тізімнен жауап таңдайды. Бұл жағдайда пайдаланушы тек өте

қысқа жауаптарды ғана енгізеді, ал негізгі ақпарат автоматты түрде беріледі.

Сонымен қатар, диалог типі АЖО-ның жіктелуін анықтауы мүмкін,

мысалы жаттықпаған пайдаланушының

диалогтық құралдары АЖО.

Осындай белгілері бойынша АЖО-ның жіктелуі пайдаланушының кәсібм

бағыты бойынша жіктелуімен байланысты. Егер автоматтандырылған жұмыс

орнын оларды іске асыратын бағдарламалық құралдар тұрғысынан

қарастырса, онда АЖО-ның түрленуі өте кең тараған болуы мүмкін. Олар

бағдарламалау тілі бойынша, пайдаланушыға бағдарламалаудың

процедуралық құралдарын көрсету мүмкіндігі бойынша, эксплуатация

процесі кезінде бағдарламалық жүйенің құрылуын аяқтау мүмкіндігі

бойынша, деректер қорын басқару жүйесінің, пайдаланушы тілі бар

интерпретатордың немесе транслятордың, қателерді табу және түзету

құралдарының болуы бойынша және т. б. жіктелуі мүмкін. АЖО-да

қолданылатын қолданбалы бағдарламалардың дестесі жүйенің нақты

қосымшаға қосылуын қамтамасыз ету үшін параметрленуі мүмкін.

Қолданбалы бағдарламалар дестесінің генераторлары пайдаланылуы мүмкін.

АЖО құрамына міндетті түрде негізгі есептік функцияларды және

диалогтың ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін әр түрлі бағдарламалық

компоненттер, сонымен қатар деректер қорын басқару жүйесі,

трансляторлар, анықтамалық жүйелер, негізгі мәліметтерден тұратын

деректер қоры, диалог сценарийі, параметрді басқаратын нұсқаулықтар,

қателер тізімі және т. б. АЖО-ның негізгі компоненттері оның құрамын

анықтайды және әр түрлі белгілері бойынша АЖО-ның жіктелу мүмкіндігін

қамтамасыз етеді.

АЖО шеңберінде пайдаланылуына байланысты АЖО-ның соңғы

пайдаланушы арқылы дамуын қамтамасыз ететін АЖО құралдардың

шеңберінде пайдалануға байланысты АЖО-ны екі үлкен класқа бөлеміз:

қызмет ететін және интеллектуалды. Бұл екі класс та әр түрлі

пайдаланушыларға арналуы мүмкін. Бірақ сонымен қатар, екі АЖО-ның да

пайдаланушысы бола алмайтындығын алдын ала айтуға болатын

пайдаланушылар да болады. Мысалы, қызмет көрсетуші тұлға (іс

жүргізушілер, хатшылар) олар арқылы орындалатын функциялардың

ерекшеліктеріне байланысты интеллектуалды АЖО-ны (өзінің тікелей

қызметтерінде) қажет етпейді.

Қызмет көрсететін АЖО ұйымдастырушылық басқаруда былай бөлінуі

мүмкін:

-

-

-

ақпараттық-анықтамалық;

есептік;

мәтін құратын.

Интеллектуалды АЖО-ны ең алдымен мәліметтерге бағытталған және

білімге бағытталған (даталогиялық және фактологиялық) деп бөлуге болады.

Ақпаратттық-анықтамалық АЖО қандай да бір басқару процесіне қызмет

етеді. Есептік АЖО өзінің мазмұны бойынша әр түрлі және пайдаланушының

бірнеше категорияларымен қабылдануы мүмкін. Олардың көмегімен бір-

бірімен байланысты және байланысты емес ұйымдастырушылық-

экономикалық тапсырмалар, АЖО құру процесі кезінде анықталатын немес

алдын ала анықталған мәліметтерді іздеу және өңдеу тапсырмалары қойылуы

және шешілуі мүмкін. Мәтін құратын АЖО әр түрлі құрылымдағы мәтіндік

ақпараттың құрылуына және өңделуіне арналған.

1. 1. 3 Автоматтандырылған жұмыс орнының жіктелуі

АЖО жеке, топтық, ұжымдық болуы мүмкін. ЭЕМ жүйесін тиімді құру

мақсатында топтық және ұжымдық АЖО-ға байланысты - мамандарға

(ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыру талаптарын күшейту мұндай

жүйедегі әкімшілік жүргізу фунцияларын нақты анықтау керек. «Адам-

машына» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, үнемі пайдалануға

және жетілдіруге бейімделген болуа керек. Мұндай жүйеде келесі аталғандар

қамтамасыз етілуге тиіс:

-

ақпаратты өңдеудің машыналық құралдарына мамандардың

максималды жақындауы;

-

-

-

-

-

диалогтық режимдегі жұмыс;

АЖО-ның эргономика талаптарына сәкес жабдықталуы;

компьютердің жоғары өнімділігі;

бір типті процестердің максималды автоматтандырылуы;

мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диспетчердің теміржолдық вокзалдардағы жолдық билеттерді шапшаң дайындауға арналған АЖ жетілдіру
SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Ақпараттық жүйе мүмкіндіктері
Деректор қорының негізгі түсініктері
Деректер базасына сұраныс құру
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің топтастырылуы
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
CASE - құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары
Деректер базасының концептуалдық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz