Антропогенді әсерлердің негізгі көзі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

«Балхаш су алыбы ихтиофаунасының қазіргі жағдайын бағалау»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Балхаш су алыбы ихтиофаунасының қазіргі жағдайын бағалау»

Беттер саны

Сызбалар мен көрнектi материалдар саны

Орындаған : Майемгенов Талгат Келсимович

2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.

Жетекшiсi: Мустафин Е. Г.

Сарапшы Есжанов Б. Е.

Нормаконтроль Токсабаева Б. С.

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Майемгенов Талгат Келсимович

Жұмыс тақырыбы: «Балхаш су алыбы ихтиофаунасының қазіргі жағдайын бағалау»

Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Антропогенді әсерлерге жалпы баға беру

2. Балқаш су алабындағы балықтар тобының құрылымы

және зерттеу жүргізетін балық түрлерінің таралуы

3. Қабыршақсыз көкбас балығы

4. Қабыршақсыз көкбас балығының биологиялық көрсеткіштері

5. Балқаш су алабындағы қабыршақсыз көкбас балығының морфологиялық өзгергіштігі

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1 Кирпичников В. С. Генетика и селекция рыб. Л. : Наука. -1987. - 520 с.

2 Захаров В. М., Кларк Д. М. Биотест : интегральная оценка здоровья экосистем и отдельных видов. М. : Моск. отд. междунар. фонда «Биотест». - 1993. - 68 с.

3 Савваитова К. А., Чеботарева Ю. В., Пичугин М. Ю., Максимов С. В. Аномалии в строении рыб как показатели состояния природной среды. //Вопросы ихтиологии. - 1995. Т. 35. №2. С. 182-188.

4 Мелехова О. П., Егорова Е. И., Евсеева Т. И. и др. Биологический контроль окружающей среды; биоиндикация и биотестирование : учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений. М. : Издательский центр ‹‹Академия››, - 2007. - С. 288.

5 Израель О. А., Филлипова Л. М., Семевский Ф. Н. и др. Проблемы экологического мониторинга и моделирования экосистем. Л., - 1979. - Т 2, - С. 7-27.

6 Камшилов М. М. Теоретические проблемы водной токсикологии. Норма и патология, М., - 1983. - С. 22-25.

7 Федоров В. Д. Изучение загрязнения окружающей природной среды и его влияния на биосферу. - Л., - 1979. - С. 8-13.

8 Абакумов В. А., Сущеня Л. М. Экологические модификации и критерии экологического нормирования. - Л., - 1991. - С. 41-51.

9 Брагинский Л. П. Принципы классификации и некоторые механизмы структурны - функциональных перестроек пресноводных экосистем в условиях антропогенного пресса// Гидробиологический журнал. - 1998. - Т. 34. - №6. - С. 72-94.

10 Строганов Н. С., //Гидробиологический журнал. - М., - 1967. - №5.

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Әдебиетке шолу
Кеңесші: Мустафин Е. Г.
Мерзімі: Қазан, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Материалды зерттеу әдістері
Кеңесші: Мустафин Е. Г.
Мерзімі: Қараша, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Мустафин Е. Г.
Мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Қолы:

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Майемгенов Т. К.

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу әдістері мен материалдары
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Антропогенді әсерлерге жалпы баға беру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:

Балқаш су алабындағы балықтар тобының құрылымы

және зерттеу жүргізетін балық түрлерінің таралуы

Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қабыршақсыз көкбас балығы
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қабыршақсыз көкбас балығының биологиялық көрсеткіштері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 8
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Балқаш су алабындағы қабыршақсыз көкбас балығының морфологиялық өзгергіштігі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қаңтар, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 9
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Ақпан, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 10
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Пайдаланған әдебиеттер
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Майемгенов Т. К.

МАЗМҰНЫ

бет
:
: АНЫҚТАМАЛАР
бет: 7
:
: ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
бет: 8
:
: КІРІСПЕ
бет: 9
: 1. 1
: Гидробионттардың (балықтардың) антропогенді жүктемелерге әсері
бет: 11
: 1. 2
: Балқаш су алабының физико-географиялық сипаттамасы
бет: 18
: 2
: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
бет: 23
: 2. 1
: ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
бет: 23
: 2. 2 Зерттеу жүргізетін аудандардың физико-химиялық сипаттамасы
: Зерттеу жүргізетін аудандардың физико-химиялық сипаттамасы
бет: 23
: 2. 3
: Балықтарды аулау жолдары, жиналған нысандардың жалпы саны
бет: 24
: 2. 4 Зерттеу әдістері
: Зерттеу әдістері
бет: 26
: 3
: Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
бет: 31
: 3. 1
: Антропогенді әсерлерге жалпы баға беру
бет: 31
: 3. 2
:

Балқаш су алабындағы балықтар тобының құрылымы

және зерттеу жүргізетін балық түрлерінің таралуы

бет: 34
: 3. 3
: Қабыршақсыз көкбас балығы
бет: 45
: 3. 3. 1
: Қабыршақсыз көкбас балығының биологиялық көрсеткіштері
бет: 45
: 3. 3. 2
: Популяцияның жастық құрамы
бет: 49
: 3. 3. 3
: Балқаш су алабындағы қабыршақсыз көкбас балығының морфологиялық өзгергіштігі
бет: 50
: 3. 3. 4
: Қолайсыз жағдай индексі және морфопатология
бет: 68
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
бет: 70
:
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бет: 71
:
: ҚОСЫМША А
бет: 74


АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылады:

Адаптация - бассейіндегі балықтардың өмір тіршілігін бақылау.

Биоиндикация - тірі организмдердің тіршілік ортасында олардың реациясы арқылы экологиялық жағынан маңызды табиғи және антропогенді жүктемелерді анықтау мен табу.

Ихтиомониторинг - қандай да бір аумаққа, су бассейніне, су қоймаға, белгілі бір балық түріне мониторинг жүргізу.

Мониторинг - үздіксіз бақылау шараларын жүргізу мен қоршаған орта жағдайына баға беру.

Су токсикологиясы ­ гидробионттар үшін су ортасының токсикалық қаситетін зерттейтін ғылым саласы. Ол ластанған су қойма жағдайында биоценотикалық қарым­қатынасты, ластаушы заттардың су қоймалардың өзін­өзі тазарту процессіне әсерін, улы заттардың су қоймаға түсуін, токсикоздардың диагностикалық әдістерін және т. б. сұрақтарды зерттейді.

Фенон - фенетикалық компоненттердің қатынасының тез арада өзгеріске ұшырауы.

Фенодевианттар - гомеостаздық даму кезінде, популяция генофондына поллютанттардың әсерінен пайда болған морфологиялық ауытқулар мен кемтарлықтар.


ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер қолданылды:

ҚЖИ - қолайсыз жағдай индексі.

As - асимметрия.

A - аналь қанатындағы сәулелердің саны.

aD - антедорсальді ара қашықтық.

aA - тұмсығынан аналь қанатына дейінгі ара­қашықтық.

aV -тұмсығынан бастап құрсақ қанатының негізіне дейінгі ара­қашықтық.

ao - тұмсығының ұзындығы.

a және P - тұмсығынан бастап кеуде қанатының негізіне дейнгі ара­ қашықтық.

D - арқа қанатындағы сәулелердің саны.

Dl - арқа қанатының негізінің ұзындығы.

hc - басының биіктігі.

Hc - денесінің ең жуан бөлімі.

hc - денесінің ең жіңішке бөлімі.

Hl - денесінің ең биік жері.

hl - денесінің ең төменгі бөлімі.

hD - арқа қанатының биіктігі.

hA - аналь қанатының биіктігі.

io - көздерінің аралығы.

L - балықтың толық ұзындығы.

l - балықтың құйрық қанатынсыз ұзындығы.

lA- аналь қанатының ұзындығы.

lc - басының ұзындығы бүйір жағынан тұмсығының жоғарғы бөлігінен соңына дейін.

lP -lV кеуде және құрсақ қанаттарының ұзындығы.

lCi - құйрық қанатының төменгі қалақшасының ұзындығы.

lCs - құйрық қанатының жоғарғы қалақшасының ұзындығы.

lmx - жоғарғы жағының ұзындығы.

lmd - төменгі жағының ұзындығы.

o - көзінің диаметрі.

op - көз айналасы бөлімі

P- кеуде қанатындағы сәулелердің саны.

pD - постдорсальді ара қашықтық.

P және V - кеуде және құрсақ қанаттарының ара­қашықтығы.

Q - дене салмағы.

q - ішкі мүшелерінсіз дене салмағы.

V- құрсақ қанатындағы сәулелердің саны.

Vert - омыртқалардың саны.

V және A - құрақ және аналь қанаттарының ара­қашықтығы.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Суды тұрмыстық, өндірістік және ауыл шаруашылық қажеттіліктер үшін пайдалану, су қоймалардың ластануы, су жинайтын бассейндерде гидрологиялық режимнің бұзылуы әсерінен қазіргі уақытта Дүние жүзі бойынша тұщы су экожүйелері антропогендік әсерлердің алдында тұр. Популяциялардың кішкене оқшауланған экожүйеде тіршілік етуі қоршаған ортаның кездейсоқ факторларына тікелей байланысты. Антропогенді әсерлердің жоғарылауына байланысты көптеген су қоймалардың экожүйелері тасымалдануда. Қазіргі кезде поллютанттардың саны көбейіп, өсуде. Әртүрлі түрлердің тіршілік ортасына және олардың құрамына кумулятивті тиімділік жағдайын қиындатады. Су табиғи ортасына балықтарды тест нысаны ретінде пайдалану бақылаудың қарапайым және қол жетімді жүйесін қалыпқа келтіреді.

Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері бойынша, поллютанттардың өте аз дережесінің әсері балықтардың әртүрлі физиологиялық жүйесінің компенсаторлық өзгерудің дамуына алып келеді, ол дегеніміз ­ метаболизм дәрежесінің жоғарылауымен байланысқан қанының қоюлануы, маңызды мүшелерінің салмағының жоғарылауымен сипатталады. Поллютанттардың популяция генофондына әсеріне куә болатын, дамудың гомеостазы кезінде пайда болған, сонымен қатар тұқым қуалаушылық бұзылулардан пайда болған морфологиялық ауытқулар мен кемтарлықтар ­ фенодевианттарды зерттеу қызығушылық тудыруда [1, 2, 3] .

Балқаш су алабы жағдайында изоляттарды сақтап қалу халықтың тығыз орналасуы мен ауылшаруашылығына белсенді кірісу жұмыстары қиындатуда. Ол суды көп пайдалану, су жинайтын су алаптарының өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы, агрокультулардың ықпалы арқылы түскен химикаттар, гидроқұрылымдар, жерсіндіру жұмыстары ихтиофаунаға кері әсерін тигізуде. Бұл қиын жағдай балықтардың орнытолмас алуантүрлілігін сақтап қалу мақсатында аборигенді ихтиофауна жағдайына үнемі мониторинг жүргізіуді талап етеді. Балықтар су экожүйесінде қоректік тізбектің жоғарғы жағында болғандықтан, биомониторингтің маңызды нысаны болып табылады.

Жаңалығы. Зерттеу жүргізу процессі кезінде автор келесідей жаңа жаңалықтарды тапты:

1) Зерттелген Балқаш су алабының кіші су қоймалары әртүрлі антропогенді әсерлерді бастан кешуде. Жүктеме көбіне Алматы қаласы арқылы ағатын өзендерге түседі.

2) Қазіргі кезде Балқаш су алабының кіші су қоймаларының ихтиофаунасында 10 аборигендік және 13 бөгде балық түрлері кездеседі.

3) Қабыршақсыз көкбас және теңбіл талма балығы кең таралған аборигенді балық түрі болып табылады, сондықтан оларды Балқаш су алабының кіші су қоймаларының экожүйе жағдайына ұзақ уақыттар бойы мониторинг жүргізу нысаны ретінде қолдануға болады.

Диплом жұмыстың мақсаты. Балқаш су алабындағы әртүрлі антропогенді жүктемелер жағдайында әртүрлі балықтардың популяциялар жағдайын бағалау мен әртүрлі балық түрлерін биоиндикатор ретінде пайдалану.

Зерттеудің міндеттері:

1) Балқаш су алабының кіші су қоймаларындағы антропогенді әсерлердің дәрежесі бойынша ерекшеленетін балықтар тобының алуантүрлілігін зерттеу;

2) Билатеральді көрсеткіштердің флуктуируялық асимметриясын, фенодевианттарды зерттеу мен балықтарға морфопатологиялық, морфологиялық талдау жүргізу;

3) Балқаш су алабының кіші су қоймаларындағы әртүрлі антропогенді жүктемелерді бастан кешкен балықтардың биологиялық, пластикалық және санау көрсеткіштерінің өзгергіштігін зерттеу.

  1. Гидробионттардың (балықтардың) антропогенді жүктемелерге әсері

Табиғи экожүйелер ұзақ эволюция нәтижесі болып табылады және ол адамдарды тұрақты, қолайлы биосферамен қамтамасыз етеді. Экожүйенің тіршілігі мен қызметі көбінесе оның қауымдастығын құрайтын құрылымдық және түрлердің алуан түрлілігіне байланысты. Биосферадағы барлық компоненттердің өзара байланысты болуына орай аймақтық өзгерістер ғаламдық масштабта көрінеді. Сондықтан биологиялық алуантүрлілікті зерттеу қазіргі кезде ғылыми зерттеудің басты бағыты болып отыр. 1994 жылғы биологиялық алуан түрлілік Конвенциясын талдап Қазақстан Республикасы оның орындауға міндеттеме алды. Ғылыми инвентаризация, түрлер мен қауымдастықтардың жағдайын бағалау, олардың динамикасын бақылау оларды сақтау мен табиғи биологиялық қорларды тиімді пайдалану үшін негіз болып табылады.

Балқаш су алабының су қорын тұрақты пайдалану мен сақтап қалу Іле өзенінің Қытай Халық Республикасындағы бөлігінде жобаланған қоршауларға байланысты күшеюде. Сондықтан Балқаш көлінің су алабында болашақта экожүйенің және ауылшаруашылығының тұрақты қалыптасуы Республика территориясында кіші өзендерді, су жинайтын бассейндерді рационалды қолдануға байланысты анықталады. Кіші өзендер аймақтың барлық экожүйесін қалыптастыратын негізгі түйіні болып табылады. Бірақ, Балқаш көлінің кіші өзендерінің биологиялық құрамының жағдайы, оның антропогенді жағдайда қалыптасу мүмкіншіліктері өте аз зерттелген.

Адамдардың алуан түрлі заттарды пайдалану әсерінен ХХ ғасырдың соңғы жартысында су қоймалардың ластануы техникалық жағынан өте қиынға соғуда - ол үшін ондаған әртүрлі химиялық және физикалық көрсеткіштердің талдауы қажет. Сондықтан негізінен экожүйенің нағыз биологиялық құрамы жағдайына мониторинг жүргізіуге көп көңіл бөлініп отыр.

Қоршаған ортаға биологиялық бақылау жүргізудің екі негізгі әдістер топтары бар олар: биоиндикация және биологиялық тест жүргізу [4] .

Биоиндикация (bioindiocation) - тірі организмдерге жанама әсер ететін реакцияларды және олардың тіршілік ортасына әсер ететін экологиялық маңызы бар табиғи және антропогенді жүктемелерді анықтау мен табу.

Биологиялық индикаторлар жүйеге немесе процеске тән, өзгерістерге сандық және сапалық бағалау жүргізуге болатын, экологиялық жүйе жағдайын бағалау классификациясын ұйымдастыру мен бағалау. Соның ішінде балықтарды да қолдануда, балықтар ортаның жағдайын анықтауда келесідей ерекшеліктеріне байланысты маңызды объект болып табылады: 1) олар консумент ретінде экожүйеде әртүрлі трофикалық деңгейде болып қоректік тізбек арқылы ластаушы заттарды бойына сіңіреді; 2) балықтарда зат алмасу процесі белсенді түрде жүреді, ол организмге ортаның негативті факторлардың әсерінің тез көрінуіне себеп болады; 3) балықтардың ұлпалары мен мүшелері жақсы дифференсацияланған, ол ұлпа, мүше деңгейінде зерттеу жүргізуге қолайлы.

Биологиялық тест жүргізу (bioassay) - ортаның токсикологиялық жағдайын тест объектері арқылы бағалау, яғни тест объектілерінің тіршілігі үшін маңызды мүшелеріне қауіпті заттардың әсері.

Биоиндикаторлар - тіршілік ету ортасының антропогенді өзгерістерінде сандық немесе даму ерекшеліктері табиғи процесстер көрсеткіштері болып табылатын организмдер. Олардың индикаторлық маңызы биологиялық жүйенің экологиялық тұрақтылығы болып табылады.

Ортаның сапасына баға беру қандай да болмасын экология мен рационалды табиғатты пайдаланушылардың маңызды міндеті болып табылады. «Мониторинг» терминінің өзі қоршаған орта жағдайына баға беру мен өлшеу, үздіксіз бақылау шараларын жүргізу дегенді білдіреді.

Биологиялық мониторингтің негізгі міндеті экожүйе жағдайын бағалау, бақылау, антропогенді әсерлерге реакциясы, қызметтерін анықтау және оның табиғи жағдайдан әртүрлі дәрежеде ауытқуы, сонымен қатар антропогенді ластанудың экологиялық салдарына болжау.

Адамдардың қоршаған ортаға әсері (АҚОӘ) тұрпаты, күші бойынша әртүрлі және кем дегенде үш салдардың себебі болыр табылады: 1) деградацияға дейін өзгеру; 2) мониторингті жүзеге асыру мен ұйымдастыру; 3) табиғат заңына сүйене отырып жүйенің құрылысы мен қалыптасуын реттеу. АҚОӘ мониторингі дегеніміз таңдап алынған бағдарламаға сай бақылаудың ұзақ уақыт жүйелі түрде немесе кезең бойынша бақылануы. Мониторингтің соңғы нәтижесі - қоршаған орта жағдайының өте аз уақытта және ұзақ уақытта өзгеруін болжау [5, 6] .

АҚОӘ мониторингі түсінігі қолданбалы түрде хорологиялық бірлікте (аймақтық, бассейндік, ландшафттық мониторинг), сонымен қатар АҚОӘ әртүрлі дәрежесінде - қандай да бір түрдің популяциясынан, биосферадағы организмге дейін пайдаланылады. Су мониторингі гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық және су жүйесінің мониторингі болып бөлінеді. Балықтарға байланысты мониторингтің бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады: балық толығымен (ихтиомониторинг), қандай да бір аймақ мониторингі, су бассейні мен су қойма мониторингі, нақты бір балық түріне, ихтиоценозға, бір түрдің бір су қоймадағы популяциясына мониторинг жүргізу [7, 8] .

Су экожүйесіне әсер ететін антропогенді факторларды антропогенді өзгеріске ұшыраған экожүйенің дәрежесіне байланысты алты негізгі топқа бөлуге болады (кесте 1) .

Кесте 1 - Антропогенді өзгеріске ұшыраған экожүйенің және антропогенді әсерлердің жіктелуі

Факторлар
Алғашқы әсерлер мен өлшем бірліктері
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі
Факторлар әсерінің негізгі салдары
Экожүйе статусы және оның белгілері
Факторлар: Ацидификация
Алғашқы әсерлер мен өлшем бірліктері: pH
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі:

1. Қышқыл жаңбырлар

2. қышқыл тұрақты сулар

Факторлар әсерінің негізгі салдары:

а) pH 6, 0 ­ 2, 0

б) планктонда десмидиялық балдырлардың басым болып кетуі

в) зоопланктонның аз болуы

г) балықтардың жоқ болып кетуі

Экожүйе статусы және оның белгілері: Ацидті (А)
Факторлар: Ефтрофикация
Алғашқы әсерлер мен өлшем бірліктері: Азот, фосфор (мг/дм³ N, P)
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі:

1) қаланың тұрып қалған сулары

(урбогенді Е)

2) мал өсіретін фермалар мен дәрілер сепкен полялардан ағып келген қалдық сулар

(агрогенді Е)

3) атмосфералық жаңбырлар

4) өзен қалдықтарын реттеу кезінде су қойма ішілік процесстер

Факторлар әсерінің негізгі салдары:

а) судың «гүлдеуі»

б) макрофиттер мне жіпшелі балдырладың көптеп дамуы

Экожүйе статусы және оның белгілері: Ефтрофты(Е)
Факторлар: Нуклидизация
Алғашқы әсерлер мен өлшем бірліктері: Радионуклидтер, иондаушы радиация (беккерели, кюри, Греи және т. б. )
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі:

1) Ядролық бұзылыстар

2) АЭС қалдық сулары

3) ғаламдық жауын шашын

Факторлар әсерінің негізгі салдары:

а) су флорасының белсенді фотосинтезі

б) судағы бос радикалдар

в) гидробионттардағы КН жоғары болуы

Экожүйе статусы және оның белгілері: Радионуклидті (R)
Факторлар: Сапробизация
Алғашқы әсерлер мен өлшем бірліктері: Органикалық ластаушы заттар (мгO/ дм³, БПК, мгO/ дм³)
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі:

1) қаланың қалдық сулары

2) мал өсіретін фермалардың қалдық сулары

Факторлар әсерінің негізгі салдары:

а) БПК жоғары тотығуы, О жетіспеушілігі

б) сапробты биоценоздардың дамуы

Экожүйе статусы және оның белгілері: Сапробты(S)

Кесте 1 жалғасы

Термофикация
Су температурасы (тоннокалория)

1) ТЭС, АЭС, ТЭЦ, ГРЭС қалдық сулары

2) өндірістердің жылы сулары

а) су температурасының 28-32ºC жіне одан да жоғары болуы

б) фито және зоопланктондардың өте көп мөлшерде дамуы, судың «гүлденуі», балықтардың өсу темпінің жоғарылауы

Термальды(t)
Термофикация: Токсификация
Су температурасы (тоннокалория): Әртүрлі химиялық табиғаты бойынша (мг/ дм³, мкг/ дм³, нг/ дм³, интегралды улы заттар балы)
1) ТЭС, АЭС, ТЭЦ, ГРЭС қалдық сулары2) өндірістердің жылы сулары:

1) қалдық сулар

2) ауылшаруашылық қалдықтар

3) авиациялық қалдықтар

4) тасымалданушы заттар

5) су қоймаға белгілі бағыт бойынша келген заттар

6) балдырлар токсиндері

а) су температурасының 28-32ºC жіне одан да жоғары болуыб) фито және зоопланктондардың өте көп мөлшерде дамуы, судың «гүлденуі», балықтардың өсу темпінің жоғарылауы:

а) гидробионттар саны, биомассасы мен алуантүрлілігінің төмендеуі

б) биоценоздар құрылысының құрылымы

в) балықтарда токсиканттардың жиналуы

г) жануарлар өндірісі

д) балықтардың массалап

қырылуы

е) экожүйенің деградациясы

и) сулардың ішуге жарамсыз болып қалуы

Термальды(t): Улы(У)

Әрбір фактордың әсері кеңістікте, сонымен қатар уақыт бойынша да өзгеруі мүмкін, оларды салыстырмалы түрде бағалау үшін тұтас түрде шкала енгізу қажет. Бұл үшін гидробиологияда кеңінен қолданылатын схеманы қодануға болады: «олиго» (балл 1), «бета-мезо» (балл 2), «альфа-мезо» (балл 3), «поли» (балл 4) и «гипер» (балл 5) . Таза суды «0» деп белгілейміз [9] .

Су экожүйесіндегі тізбек реакциясы. Тізбек реакциясы экожүйеде әртүрлі абиотикалық, сонымен қатар биотикалық, гидрохимиялық блоктардың түйінді қозғайды. Бұл реакцяның негізгі бөлігі зақымдалған агентті бейтараптандыру немесе оларды жүйеден жоғалтуға негізделген. Тізбектік реакция әртүрлі жылдамдықпен экожүйе масштабына байланысты бірнеше сағат, бірнеше ай, жылдап та созылуы да мүмкін [9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы
Биосфераның ластануы жайлы
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы туралы
Ластану проблемасы
Антропоген
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz