Балқаш ЖЭС құрылысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

8

9

10

11

АҢДАТПА

Берілген дипломдық жобаның тақырыбы Балхаш ЖЭС бас сұлбасын

жобалау болып табылады. Жобада кіріспе, осы жобаның орындалуына

негізгі алғышарттар берілген, жылу бөліктерінің және жылу сұлбасының

қосалқы

жабдықтауларының

есебі

жасалынған.

Электртехникалық

бөлімінде, жобаланатын станцияның электрлік негізгі сұлбаларын таңдау

және электртехникалық жабдықтарды таңдау, релелік қорғанысты сипаттау

қарастырылады. Экология мәселелері және техника қауіпсіздігі бөлімі,

қарастырылған

инвестициялардың экономикалық тиімділігі есеп-қисабы

келтірілген.

АННОТАЦИЯ

Темой данной выпускной работы является

проектирование главной

схемы Балхашской ТЭС. Выпускная работа содержит введение, в котором

кратко формируется основные предпосылки к выполнению данного проекта,

расчет тепловой части и выбор основного и вспомогательного оборудования

тепловой схемы. Электротехническая часть содержит выбор основных

электрических схем проектируемой станции и выбор электротехнического

оборудования, выбор и описание релейной защиты: рассмотрен раздел,

затрагивающий вопросы экологии и техники безопасности, произведен

расчет экономической эффективности инвестиций в проект.

12

Мазмұны

1

1. 1

1. 2

1. 3

1. 4

2

2. 1

2. 2

3

4

4. 1

5

5. 1

6

6. 1

6. 2

6. 3

Электрлік бөлім

Жобаның мақсаты және мәні

Балқаш ЖЭО аумағының қысқаша сипаттамасы

Негізгі техникалық шешімдер

ЖЭС негізгі жүйелері

Басқару жүйесі

Тұтынушыларға жылу беру схемасы

Су дайындығы және тазалағыш ғимараттар

Құрылыстың кезектілігі және іске қосу кешендері

Қысқа тұйықталу тоғын есептеу

Коммутациялық аппараттарды таңдау (жоғары кернеулі

ажыратқыш және айырғыш) .

Экономикалық бөлім

110/220 кВ «Балқаш ЖЭС» салуды технико-экономикалық

негіздеу. Жалпы мәліметтер

Өмір тіршілік қауіпсіздігі

Қоршаған ортаның жағдайы және жобаға әсерін бағалау

Жобаны және оны қарымталау бойынша іс-шараларды іске

асырудың экологиялық зияндарын бағалау

Атмосфераға зиянды заттардың таралуын азайту шаралары.

Күл аулау (золооулавливания) жүйесіне есеп.

13

8

8

9

13

22

25

29

31

40

45

49

59

59

66

66

70

71

КІРІСПЕ

Соңғы

жылдары

Қазақстанда

басқада

ТМД

елдеріндегідей

электроэнергияны тұтыну төмендегідей байқалады, бұл СССР елдерінің

экономикасының өзгеруіне де байланысты. Және де электроэнергияны

тұтыну мен өнеркәсіптің қолданылуының қысқарылуында.

Тұтыну

деңгейінің

төмендеуіне

қарамастан

Қазақстанның

электроэнергиясын

өндірушілер

өзінің

тұтынушыларын

қанағаттандырмайды. Оның себебі құрылымдық және тарихи мінездемесіне

байланысты, яғни энергиямен жабдықтаумен жүйесінің бұзылуы. Бірақ,

оның электроэнергиясының шектелуі финанстық факторларында әсер етеді.

Энергия кедерінің қоры мен отынның толық қамтамасыз ете алмауы. Бұл

электроэнергияны өндіруді төмендетумен қатар генератор қуатының толық

қолданылуына әкеліп соқты. Еліміздің экономикасы басқа елдермен келісім

шарт жасауына байланысты тұрақтандырған. Өндірістік өнеркәсіптер қайта

қалпына келе бастады. Яғни, электроэнергияны тұтыну өсе бастады. Сондай

- ақ, кез - келген елдің экономикасы үлкен электр сиымдылықпен

сипатталады.

Бұл дипломдық жобада Қазақстанның оңтүстігінде салынған, негізгі

отын ретінде көмір қолданылатын Балхаш ЖЭС - ның орнатылған қуатын

есептеу жобаланады. Бұл ЖЭС - ғы есептеуде

электрлік қондырғыларды

таңдау көрсетілген және құрылымдық сұлбалар, электрлік қосылудың

мақсатқа сай нұсқаға сай таңдау, қарастырылған электростанцияның өзіндік

мұқтаждық қоректену жүйесін таңдау, қысқа тұйықталу тоғын есептеу

көрсетілген. Кернеуіне сәйкес элегазды ажыратқыштар мен айырғыштар

таңдалды.

14

1 Электрлік бөлім

1. 1 Жобаның мақсаты және мәні

Балқаш ТЭС құрылысын SAMSUNG ENGINEERING CO. LTD «кілт

астында» өткізу шарты бойынша орындайды. Электр станцияны толық

аяқталған және жұмыс жағдайында беру үшін қажет жұмыстар мен

қызметтерді ұсынады, кез-келген факторлардың есебімен барлық жағдайда

коммерциялық ыңғайлы және сенімді пайдалануға қолайлы шарттарды

жасайды және барлық жабдықтарды іске қосады. SAMSUNG ENGINEERING

CO. LTD компаниясымен келісім шартқа кірмеген сыртқы нысандар бойынша

жеке жұмыстар «Балқаш ЖЭС АҚ» тапсырыс берушілермен орындалады.

Қазақстан Республикасы Балқаш жылу электр станциясын (ЖЭС)

дамыту, қаржыландыру, жобалау, техникалық қызмет көрсету және пайдалану

саласында Корея Республикасының үкіметі мен Қазақстан Республикасы

үкіметі арасындағы Келісімді бекітті. Келісім Қазақстан Республикасы мен

Корея Республикасының энергетика саласында өзара тиімді ынтымақтастығын

тереңдетуге бағытталған. Сонымен қатар, жаңа технологияларды енгізуді және

жобаның экономикалық тиімділігі үшін қолайлы шарттарды жасау бойынша

екі жақты міндетті қарастырады. Бұл Қазақстанның энергия тәуелсіздігін және

елдің Оңтүстік аумағында электрлік қуат резервтерін құру есебімен

тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін жоғарлатады деп

жорамалданады.

Балқаш ЖЭС салу, келесі жағдайларды жасайды:

- Арзан Екібастұз көмірін қолдану арқылы, ҚР Оңтүстік аумақтардағы

тұрғындарды және коммуналды-тұрмыстық секторларды,

өнеркәсіптерді электр энергияға мұқтаждығын қамтамассыз ету;

- Оңтүстік және Орталық Қазақстан тұтынушыларын электрмен

жабдықтау деңгейін жоғарылату;

- Оңтүстік және Солтүстік бағыттағы «Агадырь-ЮКГРЭС қимасында

Қазақстанның «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің электр беріліс желісі

бойынша электр энергияның рұқсат етілген ағымын ұлғайту және

тұрақтылығын жоғарлату;

- Жылына 10, 0016млрд. кВт∙сағ электр энергиясын өндіру.

Электр станцияны Балқаш өзенінің ауданына орналастыру келесі

факторлармен негізделеді:

• аудан Қазақстанның «Солтүстік-Оңтүстік» 500 кВ ӘЖ аймақ аралық

жоғары вольті электр беріліс желісінің орталық бөлігінде орналасқан.

Бұл ауданда электрмен жабдықтау көзін салу жоғары вольтты желінің

рұқсат етілген жүктемесін арттырады;

• Балқаш ЖЭС салудың нәтижесінде, Қазақстанның энергия тапшы

оңтүстігін энергиямен жабдықтау көлемі ұлғайту;

• Электр энергияны газды-мазутты отында өндіруге негізделген, жаңа

15

электр станцияда арзан көмірді қолдану арқылы Қазақстанның әр

аумағында электр энергияның бағасының өуін төмендету;

• Сумен жабдықтаудың ірі көзінің болуы (Балқаш көлі) ЖЭС

айналымды техникалық жабдықтауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

Ауданнан 1 км жерде 1600-ге жуық тұрғыны бар, «Үлкен» ауылы

орналасқан.

Бұл жерде Оңтүстік-Қазақстанның ГРЭС өндірістік

қызметкерлерін орналастыру қарастырылған.

1. 2. Балқаш ЖЭО аумағының қысқаша сипаттамасы

Сыртқы нысандар электр станцияны ұзақ мерзімде тиімді пайдалану

үшін қажет, электр станцияның негізгі аумағының жанында орнатылған.

Сыртқы нысандардың орналасқан жерлері: салқындатқыш - су

қоймалары, су қоймаларын үрлеп тазарту үшін буландырғыш - су қоймалары,

тұрмыстық-шаруашылық ағындарының буландырғыш-тоғаны, құрылыс

қалдықарын сақтау үшін полигон және т. б. 1. 1 суретте және 1. 2 көріністе

көрсетілген.

Күл үйіндісі электр станцияның оңтүстік-батыс аумағына 13 км жақын

Каратула шұңқырына орнастырылады.

Сонымен қатар, Балқаш көлінің ластануын болдырмау мақсатымен

салқындату суының айналуы үшін қолайлы шарттарды құру және электр

станцияның өнімділігін жоғарлату үшін - аумақтың солтүстік жағында

салқындатқыш - бөгет (тоған) жасалған. Дамба (бөгет) шығанақтың аз сулы

бөлімін бөледі және салқындатқыш - тоғанның су деңгейі сорғылардың

көмегімен көтеріледі және 344, 0 м деңгейінде сақталады. Демек,

салқыдатқыш су қоймасының орта тереңдігі шамамен 4, 5 м, бұл суытқыш

суының шартына сәйкес келеді.

1. 1 сурет - Балқаш ЖЭС аумақты жоспарының сұлбасы

16

1. 2 сурет - Балқаш ЖЭС аумақты жоспарының сұлбасы (Көрініс)

Салқындату әсерін жоғарлату үшін суалғы салқындатқыш су

қоймасының шығыс жағынан, су ағызғыш салқындатқыш су қоймасының

батыс жағынан қарастырылады. Бұл мақсат үшін ашық су қабылдағыштың

құрылысы қарастырылады, ашық бағыттаушы каналдарының ұзындығы 3, 500

км.

Суытқыш суының буландырғыш тоғаны электр станцияның негізгі

аумағының 30 км солтүстік-батысында орнатылған. Ағынды сулардың

буландырғыш тоғаны Алматы-Караганды автомагистарлынан 1 км оңтүстік-

батысында орнатылған.

Технологиялық процестің қажеттілігіне салқындатқыш тоғандардың

сорғысынан техникалық суды беру үшін су іркуіш құрылысы салынады. Ол

Балқаш

көліндегі

электр

станцияның

аумағынан

1

км

қашықтықта

орналасады.

Балқаш ЖЭО энергетикалық блоктары Оңтүстік-Қазақстан ГРЭС 500

17

кВ қосалқы станциясының АТҚ электр энергия береді.

Құрылыс қорасы ЖЭС дуалдарынан батысқа қарай, пайдаланушы

қызметкерлердің ауылы - ЖЭС аумағынан шығысқа қарай, ЖЭС дуалынан 2

км қашықтықта орналасқан. ЖЭС ауласында өндірістік ғимараттар және

негізгі өндірістің құрылысы орналастырылады. Олардың құрамына келесілер

кіреді:

- Газ тазартқыш қондырғылармен негізгі жабдықтар орнатылған негізгі

корпус;

- Қатты және сұйық отынның отын шаруашылығы;

- Қазанды және қосалқы жүйелерді подпидка суды дайындау;

- Электротехникалық құрылғылар және электрлік қуатты беру сұлбасы;

- Технологиялық процесті автоматты басқару жүйесі;

- Айналмалы техникалық сумен жабдықтау жүйесі, қосымша

жабдықтардың салқындату жүйесі;

- Күл-қоқысты жою жүйесі, тұтынушыларға құрғақ күлді беру және

жинау жүйесі;

- Көлік жүйесі, газ тазартқыш қондырғылар үшін әктас дайындау;

- ЖЭС аумағындағы эстакадалар және инженерлі тораптар;

- ЖЭС темір жол станциясы және аумақ ішіндегі темір жолдар, аумақ

ішіндегі көлік жолдары;

- Әкімшілік және қосымша қызмет ғимаратары, өрт сөндіру депосы;

- Әр түрлі мақсаттарға арналағн қоймалар, гараждар және көлік

тұрақтары.

Аумаққа кірмейтін

өндірістік

ғимараттар және Балқаш ЖЭС

құрылысына келесілер кіреді:

- Бөгеттермен (дамба) салқындатқыш - су қоймасы;

- Күл-қоқысты жою жүйесі үшін техникалық суды беру және ЖЭС

басқа да өзіндік мұқтаждықтары;

- Үрлемелі суды жоятын су қоймасы;

- “Строительная“ қосалқы станциясы (қайта өңдеу) ;

- ОҚГРЭС АТҚ-нан БЖЭС дейін 220 кВ ӘЖ;

- Қорек суын дайындайтын қондырғы (қайта өңдеу) ;

- Балқаш көлінен қорек суымен жабдықтау үшін су бөгеті;

- Тұрмыстық ағындар үшін булағыш тоғандар;

- Құрылыс қалдықтарын сақтау үшін полигон;

- «Қайраткөл» темір жол станциясы (кеңейту) ;

- «Қайраткөл» темір жол станциясына кірме жолдар (қайта өңдеу) ;

- ЖЭО аумағына кірме жолдар;

- Күл үйіндісіне көлік жолы;

- Бөгеттерге батыс, солтүстік және шығыс бойынша көлік жолдары;

- Құрылыс қалдықтарын сақтау үшін полигонға көлік жолдары.

Азаматтық-тұрғын нысандары және басқа да өндістік емес нысандарға

төмендегілер кіреді:

- Пайдаланушы қызметкерлердің ауылы;

18

-

-

-

-

БТЭС аумағынан жылу пунктерімен, жылу жолы;

Жылулық сорғыларымен жылыжай шаруашылығы;

Балық көшеттігі құрылысы;

Дуалдардан ЖЭС пайдаланушы қызметкерлердің ауылына дейін

құрылыс және инженерлі тораптар;

- Үлкен ауылы үшін тұрмысты-шаруашылық канализациясы;

- Пайдаланушы қызметкерлердің ауылына дейін көлік жолдары;

- Үлкен ауылына көлік жолы.

Жобаны дайындау кезінде олардың жағдайын бағалау және қалпына

келтіру үшін Оңтүстік - Қазақстан ГРЭС нысандары тексерілді.

Оңтүстік - Қазақстан ГРЭС құрылымы мен ғимаратының бөлігі 1986-

1990 жылдары пайдалануға берілді, олардың кейбірінің құрылысы

аяқталмаған.

Қазіргі уақытта, толық және жартылай пайдалану үшін АТҚ-500 кВ,

АТҚ-220 кВ қондырғыларын, 220/35/6 кВ қосалқы станция ғимаратын,

Балқаш көлі жағасындағы суқабылдағышты, Үлкен ауылының канализация

және су өткізгіш желісін, құрылыс аумағында көлік қызметін қолдануға

болады. Бұл нысандар Балқаш ЖЭС жобасында қолдану үшін қайта құруды

талап етеді. Қалған нысандар пайдаланылмайды, күтімсіз қалған жабдықтар

және құбырлар пайдаға жарамайды немесе толық жабдықталмаған. Ерте

тұрғызылған ғимараттар және құрылымдар толық жабдықталмаған және

олардың біразы істен шыққан.

Балқаш ЖЭС құрылысы ауданының жағдайы келесідей сипатталады.

Балқаш жылу электр станциясы Балқаш көлінің оңүстік батыс жағасында

орналасқан. Аумақтың шығыс жағында қазандық (іске қосылмаған) және

500/220 "ОҚГРЭС" ҚС орналасқан. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде

Үлкен ауылының тұрмыстық-шаруашылық ағындарын тазалау құрылысы (іске

қосылмаған) бар. Батыс жағында Оңтүстік-Қазақстан

ГРЭС

тұрғызу

мерзімінде мердігерлік ұйымдар үшін арналған ғимараттар мен құрылыстар

(көп бөлігі бұзылған немесе жартылай бұзылған) орнатылған.

Қорек және тұрмыстық суды жеткізу үшін су іркуіш құрылысы Балқаш

көліндегі су іріткіш құрылысына жақын өндірістік аумақтан 16 км

қашықтықта орналасқан.

Су іркуіш құрылысы су қоймасының сорғысынан техникалық суды

жеткізу

үшін

арналған,

себебі

қондырғы

Балқаш

көліндегі

электр

станцияның аумағынан 1 км қашықтықта орнатылған.

Балқаш

электр

станциясының

энергетикалық

қондырғылары

«Оңтүстік-Қазақстан ГРЭС» 500/220 кВ қосалқы станцияның ашық тарату

құрылғыларын электр энергиясымен қамтамассыз етеді. АТҚ кеңейту және

қайта құру қажет.

Оңтүстік - Қазақстан "Агадыр" ЖЭС мен Оңтүстік - Қазақстан

"Алматы" ЖЭС арасындағы 500 кВ беріліс желілері, сонымен қатар басқа

жобаларда қарастырылған ӘЖ (Агадырь - ОҚ ЖЭС 500 кВ екінші ӘЖ, ШУ -

19

ОҚ ЖЭС 500 кВ әуе желісі, Алма және Шу ЖЭС 500 кВ әуе желісі) 500 кВ ҚС

және Оңтүстік-Қазақстан ЖЭС 500/220 кВ АТҚ электр энергиясын беру үшін

қолданылады.

Балқаш электр станциясының қызметкерлері тұратын және құрылыс

жүретін ауылды- Үлкен ауылының солтүстік бөлігінде және электр станция

аумағының батысында орналастыру қарастырылған.

Үлкен ауылындағы тұрғын ғимараттары ЖЭС қызметкерлері үшін қайта

жасалады. Сонымен қатар, Үлкен ауылына жақын жерде қызметкерлер үшін

жаңа ауылдың құрылысы қарастырылады.

1. 3 Негізгі техникалық шешімдер

Балқаш ЖЭС құрылысын 1980-90 жылдары электрлік қуаты 4000 МВт

Оңтүстік Қазақстан ЖЭС басталған құрылыс аумағында жүрігізу

қарастырылады.

Балқаш ЖЭС құрылысы әрқайсысының электрлік қуаты 1320 МВт

бойынша кезекпен қуатты 4000 МВт дейін арттыру қаралады. Балқаш ЖЭС

қуаты ТЭО-2007ж бекітімімен сәйкес, құрамында энергетикалық блокты екі

модул 2х660МВт 2640 МВт құрайды.

Бірінші кезектегі электрлік қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС - қатты

отында, құрамында 660 МВт бойынша екі энергетикалық блок бар бір

модулден тұрады.

Балқаш ЖЭС өндірістік пайдалануға енгізудің жоспары мерзімі:

- №1 ст. 660 МВт энергетикалық блок - 2018 жылдың маусым айы;

- №2 ст. 660 МВт энергетикалық блок - 018 жылдың желтоқсан айы.

«Балқаш ЖЭС құрылысы. 1 кезек»

жобасын жобаның бас

ұйымдастырушысы және Балқаш ЖЭС құрылысының бас Мердігері ретінде

SAMSUNG ENGINEERING CO., LTD (г. Сеул, Оңтүстік Корея) жасаған.

Жобаны Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарына бейімдейтін

ұйым "Институт “КазНИПИЭнергопром” АҚ болып табылады.

ЖЭС жұмыс режімі бір жылдың ішінде үздіксіз, электр станция

жұмысының тиімділік коэффициенті 86, 5%.

Электр энергияны жылдық

өндірімі

10, 0016 млрд. кВт. ч, электр

энергиясын жүйеге жіберу - 9, 3045 млрд. кВтч.

Балқаш ЖЭС энергетикалық блоктарының қуаттын 500 кВ кернеуде ОҚ

ГРЭС 500/220 ҚС 550 кВ АТҚ беру қарастырылады.

Жобаның бірінші кезектегі құрылысы төмендегілерді ескерген:

- Балқаш ЖЭС өндірістік аумағына жер дайындау, оның ішінде

қажетке жарамсыз ғимараттарды қайта жөндеу және істен шығару,

құрылыс жүретін аумақтан инженерлік желілерді шығару;

- Бірінші кезек үшін Балқаш ЖЭС барлық инфрақұрылымын жасау (2

кезектегі құрылысты есепке ала отырып), оның ішінде темір жол

станциялары, сыртқы нысандар және инженерлік желілер, жылу беру

нысандары, суды дайындау ғимараттары, қосымша ғимараттар және

20

құрылыстар,

әкімшік ғимараттары, аумақтаңы инженерлік

коммуникациялар, сонымен қатар жылуды іске қосу қазандықтары;

- Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қайта құру, оның ішінде

жылу және сумен жабдықтау, канализациялық ағындарды тазалау

және жою сияқты энергетикалық инфрақұрылым нысандары;

- Балқаш ЖЭС құрылысты жүргізетін қызметкерлер және

пайдаланушылар үшін тұрғын үйлер тұрғызу;

- Экологиялық таза жабдықтармен электр энергияны тиімді өндіру

технолгогияларын қолдану арқылы заманға сай жаңа энергия

көздерін құруды бастау.

Балқаш ЖЭС жобасының құрамында нысандардың құрылысын

өндірістік аумақта жүргізу мен аумақта жоқ құрылыстар қарастырылады.

ЖЭС өнеркәсіп аумағында негізгі және қосымша өндіріс нысандары

орналасады.

Жобада құрылыстың 1-ші кезегінде аумаққа кірмейтін келесі нысандар

қаратырылады:

- Келтіретін және кері қайыратын каналдары бар салқындатқыш су

қоймасы, су қоймасындағы бөгеттерді қайта жасау және Балқаш

көліндегі деңгейден 2 м жоғары жобалық деңгейге дейін толтыру;

- Ауданы 969 гА буландырғыш су қоймасы, салқындатқыш су қоймасы

үрлеу үшін;

- Ауданы 450га гидравликалық қатталған күл үйіндісі, электр

станцияның аумағынан 13 км қашықтықта орналасқан;

- “Строительная“ қосалқы станциясы. (Қайта құру) ;

- Балқаш көліндегі су таратқыштары бар су бөгеті (қаута құру) ;

- ЖЭС, Үлкен ауылы және ЖЭС пайдаланушы қызметкерлерінің

ауылы үшін қорек суын дайындайтын қондырғысы;

- Тұрмыстық-шаруашылық қалдықтарын жоятын бөгет;

- Құрылыс-өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды сақтау үшін

полигон;

- “Кайратколь“ темір жол станциясы, (кеңейту және қайта құру) ;

- Кірме теміржол жолдары (қайта жасау) ;

- Өнеркәсіп аумағына және аумақтан тыс нысандарға кіретін көлік

жолдары, (қайта құру және жаңадан тұрғызу) ;

Балқаш ЖЭС құрылысы инженерлік желілерді шығарудан, бұрыннан

келе жатқан ғимараттарды ауыстыру және істен шығарудан, ЖЭС аумағына

сыртқы коммуникацияларды, оның ішінде темір жолдары мен көлік жолдарын

құрудан басталады.

Дайындық жұмыстарының көлеміне Балқаш ЖЭС аумағында 80-90

жылдары ОҚ ГРЭС жобасы бойынша орындалған, бұрыннан келе жатқан

ғимараттарды істен шығару мен ауыстыру кіреді және 80-90 жылдардағы

ғимараттарды қайта жасау және жаңа нысандарды тұрғызу жұмыстары

анықталады.

ТЭО бекітіліміне және жобаны жасасауға техникалық тапсырмаларға

21

сәйкес жобаның құрамына азаматтық-тұрғын нысандары және басқа да

бейөндірістік нысандар кіреді:

- Пайдаланушы қызметкерлердің инженерлік тораптары бар ауылы;

- Үлкен ауылындағы су дайындайтын, жылу желілерін қыздыру

қондырғылары орнатылған жылу пункті,

Үлкен

ауылына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласы
Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы
Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласының дамуы және өндіру түрлері
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Электр энергетикасы
Петроградтағы Қазан төңкерісі
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Өлкені индустрияландыру саясаты
Қонаев және оның кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz