Жүйке жүйесінің анатомиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.

МББС (ГОСТ) 7. 32 - 2001ж. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Рәсімделуінің құрылымы және тәртібі.

МББС (ГОСТ) 7. 1 - 2003ж. . Библиографиялық жазба. Құрылымы мен құрылымна қойылатын жалпы талаптар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы № 319 -ІІІ 3ҚР (01. 01. 2017 ж. . өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

АНЫҚТАМАЛАР

Патология- ауру, сырқат.

Патологиялық жағдай -аурушандық

Иммунитет - ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті, ауруға қарсыласу.

Ананез -аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру .

Трофика - қоректендіру

Коррекция -орнын толтыру, бірыңғайлау немесе қалпына келтіру.

Ишемия- шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері.

Атрофия - тіндегі зат алмасуының бұзылуы.

Қабыну - тіндегі алмасуының бұзылуы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БЦС -Балалардағы церебральды салдану

ДЖҚ - дене жүктемесі қарқыны;

ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;

АҚ - артериялық қан қысымы ;

СҚ - систолалық артериялық қысым;

ДҚ - диастолалық артериялық қысым;

ПАД - пульстік артериялық қысым;

МҚК - минуттық қан көлемі;

СК - систолалық қан көлемі;

с - секунд

м - метр

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкескілігі . «Дені сау нәресте -ұлт болашағы» десекте қоршаған ортаның экологиялық әсері, табиғи құндылығы азайған тағамдық заттар, тағы да бсқа көптеген факторлар балаларымыздың денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп жатқаны жасырын емес. Ал балалаардың церебральды салдануы патологиялық тұрғыдан емделуі күрделі күйге жататын жай. Анасының құрсағында өсіп жетілу кезеңінде туындайтын бұл сырқаттың шығу тарихы мен бөлімдері сан түрлі мәліметтерді алға тартады. Дәрілік препараттармен емдей отырып сауықтыру жаттығуларымен массаж түрлерін қолдана отырып ем алудың нәтижесін тиімді ету нұр үстіне нұр болар еді. Дегенмен де сауықтыру жаттығуларын жүйкелік ауытқушылықтарға ұшырып, өз денесін өзі игере алмайтын сәбилерге жасау, ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді.

Балалардың церебральды салдануы (БЦС) құрсақ ішілік дамитын патологиялардың бірі болағандықтан, ағзаның әр жүйелерінде өзгерістер тудыратыны сөзсіз. Жекейлей жүйелердегі өзгерістерге тоқталатын болсақ, тыныс алу жүйесінің дамуы мен жас ерекшеліктеріне қарай мәліметтерге де шолу жасай отрсақ, төмендегідей мәліметтер алады екенбіз.

Жалпы балалар мен жасөспірімдер ағзасы сыртқы ортаның әртүрлі факторларына өте сезімтал болып келеді. Ресей ғалымдары мәліметтері бойынша 3 жаспен 7 жас аралығында балаларда өкпенің дифференциясы және өсуі қарқынды жүреді. Ал, ауа тамырларының бұлшықетті бөлігі мен ацилярлы паренхимасының қалыптасуы 7-8 жаста аяқталады. Осы уақыттарда ересек адам үшінде балалар үшінде маңызды өкпенің негізгі құрылымдық бірлігі болып табылатын ацинус қалыптасады.

Балалардың церебральды салдануы (БЦС) - сәбилердегі бірнеше патологиялық кешенді бұзылыстармен сипатталатын, екіншілік зақымданулар немесе перинатальды даму кезеңінде қалыптасатын созылмалы бұзылыстарынан сипаттама беретін термин болып табылады.

Жалпы сипаттамасы бойынша 30-50 % адамдарда ақыл-ой дамуының тежелуі байқалады екен.

Сырқаттың зерттелу тарихына келер болсақ, 1830-шы жылдары британдық хирург Дж. Литтл туа біткен сырқаттар жайында дәрістер оқып, аталған сырқатқа сипаттама бергені жазылады. 1853 жылы осы ғалым «Адам қаңқа сүйектерінің деформациясының пайда болуы мен емдеу жолдары» деген тақырыптағы еңбегін жарыққа шығарады.

1861 жылы Лондондағы Акушерлер бірлестігінідегі жасаған баяндамасында туу кезіндегі асфикция туындауының нәтижесінде жүйке жүйесінің зақымдалуы, нақытырақ айтар болсақ жұлынның зақымдалуы болады деп атап көрсетті. Осының салдарынан аяқ бөлімдерінде құрысулар пайда болады деді. Сонымен бірге ол қазіргі кездегі «спастикалық диплегия» деп толық сипаттамалық атуы бар түрін анықтап айтып берді. Бұл патологияның түрін көпке дейін Литтл ауруы деп атап келді. Осыған орай жұмысты орындау барысында аталған патологияның сырқаттық күйлерін, емдік жолдарын, тарихын білу маңызды болмақ.

Зерттеу нысаны . Балалардың церебральды салдануының әртүрлі деңгейімен зардап шегетін нәрестелер.

Зерттеу пәні . Балалардың церебральды салдануы науқастарының түрлі кезеңдері мен ауырлық дәрежесіне байланысты емдік сауықтыру жаттығулары түрлері массаж сипаттамалары берілді.

Жұмыстың мақсаты . Балалардың церебральды салдануы патологиясында емдік дене жаттығулары мен массаж түрлерінің әдістемесін ұсына отырып ем алудың, тиімділігін арттыру

Жұмыстың міндеттері :

  1. Жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық құрылым қызметтерін толық білу;
  2. Балалардың церебральды салдануы барысындағы қолданылатын емдік дене шынықтару жаттығуларының маңызыдығын меңгеру.
  3. Балалардың церебральды салдануы сырқатының даму тарихы мен алдын алу және түрлерінің ерекшеліктеріне орай жүргізілетін сауықтыру жаттығуларының ерекшеліктеріне тоқталу;

Зерттеу әдістері . Психология- педагогикалық бақылау, анатомиялық бақылау, статистикалық әдістер

Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Балалардың церебральды салдануының ағза жүйелерінің ішіндегі маңызды жүйесінің бірі орталық жүйке жүйесінің құрылымдық ерекшлеіктері мен патологиясның әртүрлілігі барысындағы сипаттамаларының ерекшеліктерін білу.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Студенттерге орталық жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық қызметі мен құрылымды ерекшеліктеріне сипаттама бере отырып, маңыздылығын түсіндіру. Балалардың церебральды салдануының әртүрлі деңгейлеріндегі емдік дене жаттығуларының әсері мен массаж әдістеін дұрыс ұсына білу және дұрыс жасау маңыздылығын арттыру.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 50 беттен, 17 суреттен және 5 кестеден тұрады.

1 БАЛАЛАРДЫҢ ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛДАНУЫ ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПАТОЛОГИЯСЫ САЛДАРЫ

1. 1 Жүйке жүйесінің анатомиясы

Жүйке жүйесінің қызметі ағзадағы әрбір мүше немесе мүшелер жүйесінің қызметін, ес ойлау, ақыл, ынта т. б психологиялық құбылысын ретке келтіріп, басқарып тұрады.

Жүйке жүйесінің бөлімдері:

  1. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) ;
  2. Қиян (перифериялық) жүйке жүйесі (ҚЖЖ) ;
  3. Ерекшеленген (вегетативті) (ЕЖЖ) .

Жүйке жүйесі жүйке ұлпаларынан түзіледі. Жүйке ұлпасын нейрон деп атайды.

Жүйке ұлапасының құрылысы. Әрбір нейрон өсінділерден тұрады. Қысқа өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсінділерін аксон деп атаймыз. Аксонның тармақталған ұшы мүшелерге жалғасады. Аксон өсінділерін жүйке талшығы деп атайды.

Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлынды жатқызамыз. Олардың сыртын үш қабатты қабықша қаптайды. Олар: жұмсақ немесе қан тамырлы, торлы және қатты қабықшалар.

Жұмсақ қабықша - ең ішкі, қан тамырлары өте мол жұлын мен мидың үстіңгі бетін бетімен бірігіп жатады.

Торлы қабықша -жұмсақ қабықшаны қаптайтын өте жұқа және қан тамырсыз қабықша. Онда ми-жұлын сұйықтығы толады. Бұл- сарысу немесе лимфа сұйықтығы

Қатты қабықша -сыртқысы. Ол омыртқа жотасындағы қуыста орналсқан жұлынды орап, шүйде ұңғылының жиегіне қатты бекиді. Төменгі ұшы құймышақ сүйектің үстіндегі қабықшаға бірігіп кетеді.

Жұлын - омыртқа жотасындағы ұңғылда орналасады, ұзындығы 45 см, ені 15 см, салмағы -36г. Жұлын ақ және сұр заттан түзіледі. Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады. Сұр зат- тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Ақ-зат- жұлынның сұр затын қоршап жатады, жүйке талшықтары мен невриттерден түзіледі. Жұлынды қабырға аралық және бел артериялары, бұғана асты тамырының омыртқа артериясы қанмен қамтамсыз етеді [1] .

Жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы-мойын, 12 жұбы- кеуде, 5 жұбы-бел, 5 жұбы -сегізкөз және 1 жұбы- құймышақ жүйкесі деп аталады.

Ми- ми сауытында орналасады, салмағы 1280-1380г. Дамуы, құрылысы және қызметтеріне байланысты бес бөлімге бөлінеді.

Алдыңғы ми - Аралық ми және үлкен ми деп бөлінеді.

Үлкен ми - ми сауытының көп бөлігін алып жататын көлемді бөлігі. Маңдай, төбе, самай, шүйде, жиек және аралшық деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Ал құрыысы, қызметі және шығу тегіне байланысты үлкен мидың орталық түйіндері немесе базальды ганглийлер, үлкен мидың бүйір қарыншалары, үлкен мидың қыртысы деген бөліктерге бөлінеді.

Аралық ми- ортаңғы мидың және және мидың ақ затының үстінде орналасады. Оған таламус, таламус асты бөлігі және оның ішкі қуысы ІІІ қарынша жатады. Таламустың өзі нағыз талмус, артқы таламус, және үстіңгі таламус деп бөлінеді. Қызметі өткізгіштік және өткізгіш жолдармен келген хабарларға жауап беру.

Ортаңғы ми - төменгі жағынан ми көпірімен жоғарғы жағынан мимен, ал артқы жағынан мишықпен шектеледі. Қызметі: рефлекстік және өткізгіштік.

Артқы ми- алдыңғы бөлігін ми көпірі артқы бөліні мишық деп атайды. Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан, үстіңгі жағынан адамның кеңістікте тепе-теңдік сақтауына, бұлшықет тонусының қызметін реттейді[2] .

Сопақша ми- жұлынның жалғасы. Оны тірішілік қызметі өте күшті. Онда тыныс алу, ас қортыу, қан айналым секілді жүйелер орталықтары орналасқан. Өткізгіш жолдары арқыл сопақш мидан жүйкелер таралады. Негізгі қызметі өткізгіштік және рефлекстік.

Қиян (перифериялық) жүйке жүйесі (ҚЖЖ) . Қиян жүйке жүйесінің құрамына орталық жүйке жүйесінен шыққан он екі жұп ми жүйкелері және отыз бір жұп жұлын жүйкелері жатады. Қиян жүйке жүйесін дене (соматикалық) жүйке жүйесі деп те атайды.

Қызметі: Дене жүйкелері адам денесіндегі алшақ жатқан мүшелер бұлшықет, буын, терілерді жүйкелермен жабдықтайды.

Адамдарда жұлын жүйкелері 31 жұп болады.

  1. Мойын жүйкелері -8жұп;
  2. Бел жүйкелері -12 жұп;
  3. Сегізкөз жүйкелері -5 жұп;
  4. Құймышақ жүйкелері -1 жұп.

Құрылысы: Жұлын жүйкелері жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерінің қосылуынан пайда болады. Олар қысқа, тек омыртқааралық тесікте ғана жатады. Жұлын жүйкелерін аралас жүйкелер деп те атайды. Себебі: олардың құрамында сезімтел (афферентті) және қозғалтқыш (эфферентті) жүйке талшықтары болады.

Жүйке жүйесінің вегетативті (ерекше) бөлігі. Жүйке жүйесінің ерекшеленген бөлігі - мүшенің бұлшықеттеріне әсер еткенде, оның жиырылуын тікелей күшейтпейді, бұлшықеттердің зат алмасуын арттырып, қызметін күшейтеді. Сонымен қатар ол мүшелерге торфикалық яғни, қоректік әсер етеді.

Ерекше жүйке жүйесі де басқа жүйке жүйесі сияқты орталық және қиян бөліктерден тұрады. Орталық бөліктері ми және жұлында орналасып, шеткі бөлігі бірнеше жүйке түйіннен және жүйке талшықтарынан түзіледі.

Құрылысы мен қызметіне қарай ерекше жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлінеді.

Симпатикалық бөлігі тек жұлыннан, оның кеуде және бел бөлімінен ғана шығады. Олардың аралықтарын түйін аралық тармақтар жалғастырып тұрады. Симпатикалық түйін тізбегі мойын, кеуде, бел және сегізкөз, құймышақ бөліктерінен тұрады [3, 4] .

Қызметі: симпатикалық жүйке жүйесінің бойымен келген қозулар өздері жалғасқан мүшелердің қызметін тікелей қоздырып және сол мүшелердегі зат алмасуды арттыру арқылы да күшейтіп тұру.

Парасимпатикалық бөлімі ми және жұлыннан екі бөлек болып таралады. Олардың бір бөлігі мидан, екінші бөлігі жұлынның сегізкөз бөлімінен басталады.

Қызметі: парасимпатикалық жүйкелерден келген қозулар симпатикалық жүйкелердегі қозуларға қарама қарсы әсер етеді. Ерекше жүйке жүйесінің қызметі зор. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері арқылы ағзадағы ішкі мүшелердің, бездердің гормон бөлуінің біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуының т. б. қызметтерді реттеп отырады [5, 6] .

1 сурет - Бас миының бөліктері

Мұндағы:

1 - төбе бөлігі
2 - бас миның жүлгелері
3 - маңдай бөлігі
4 - шүйде бөлігі
5 - самай бөлігі
6 - жұлын

1. 2 Жүйке жүйесінің физиологиясы мен жасерекшеліктеріне қарай қалыптасуы

Қарапайым ағзаның бір жасушасында әртүрлі қызмет атқарылатын болса, оның күрделенуі салдарынан бірнеше түрлі жасушалар пайда болады. Мысалы, біреулері жиырылуға (ет жасушасы), екіншісі сөл бөлуге (бездер), үшіншілері сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қабылдап, өткізіп, оған жауап беруге (жүйке жасушалары) бейімделген. Жүйке жүйесінің ең қарапайымы - қарапайым омыртқасыз жануарларда (губкалар, медузалар) диффузды жүйке торы. Жоғарғы сатыдағы омыртқасыз жануарларда (құрттар, бунақтылар, насекомдар т. б. ) жүйке жүйесінің сегментті құрылымды, ал омыртқалы жануарларда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі - ми пайда болды. Ми сыңарлары қыртысының түзілуі, оның төменгі бөлімдерінің қызметін өзіне бағындырып, ерекше қызметтер - ойлау, дүниетану, пікір тудыру т. б. пайда болды [7] .

Адамның орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) құрылысы мен қызметі жоғарыда атап өткен эволюциялық құбылыстарды қайталайды. Мысалы: ОЖЖ-нің құрылысы қарапайым көне бөлімдері-сегментті: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми дененің белгілі бір бөлімдерін жүйкелендірсе, сегмент үсті бөлімдері: аралық, мишық, ми сыңарлары қыртысы дене мүшелерінің қызметін ОЖЖ-нің сегментті бөлімдеріндегі орталықтар арқылы басқарады.

Жүйке жүйесі шеткі (жүйке талшықтары мен түйіндері) және орталық бөлімдерден тұрады. Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жұлын мен ми жатады. ОЖЖ-і ағзадағы барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеп, бір бағытта өтіуін қамтамасыз етеді, яғни ОЖЖ-і ағзадағы барлық ұлпаларды, мүшелерді бір тұтас ағзаның мүддесіне бағындырып, оның сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық элементі - нейрон (жүйке жасушасы) . Нейрон денесі - сома деп аталады. Оның пішіні: сопақша, дөңгелек, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдызды т. б. әртүрлі болады. Нейрон денесінен әртүрлі өсінділер: қысқа-дентриттер-сыртқы және ішкі рецептордан келген импульстерді қабылдаушы (кірер есігі) ; ұзын өсінді - аксон нейронда қабылданып, талданып өңделген импульстерді басқа нейрондарға немесе шеттегі мүшелерге, ұлпаларға (бұлшық ет, қан тамырлары, вегетативті мүшелерге, т. б. ) тарату қызметін атқарады. Аксон миелин қабығымен қапталған [8, 9] .

Нейрондардың ең басты үш түрін айырады: афферентік (сезімтал немесе орталыққа тепкіш) - пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне (миға, жұлынға), эфферентік нейрондар (орталықтан тепкіш, қозғағыш) -импульстерді ОЖЖ-нен түрлі шеткі мүшелерге, ұлпаларға (мысалы: қанқа еттерін жабдық тайтын-мотонейрон) ; қондырма (аралық) нейрондар-афференттік нейрондарды эфферентік нейрондармен байланстырады, саны жағынан ең көбі.

Нейрондардың өзіне тән ең негізгі қызметтері: 1) сыртқы әсерлерді қабылдау, яғни рецепторлық қызмет (оны рецепторлық нейрондар, қозуды рецепторлардан жұлын мен миға қарай өткізеді) ; 2) ақпаратты өндеу, сақтау-бірлестікті қызмет; 3) қозуды орталықтан (ми, жұлын) шеткі ағзалар мен ұлпаларға жеткізу - эфффекторлық қызмет.

Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталады. Олардын саны әрбір нейрон денесінде 100-ден - бірнеше мыңға дейін. Жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар: қоздырушы және тежеуші бар. Қозу кезінде импульс ерекше медиатор - ацетилхолин арқылы; тежелу кезінде γ-аминмайқышқылы әсер етеді деп есептеледі.

Бала туылғаннан кейін бірінші кезекте оның жұлын ми жүйкелерінің миелинденуі, одан соң жұлынның өткізгіш жүйесі мен ми бағаны 1, 5-2 жаста ми жүйкелерінің көпшілігі миелинденеді, 6 жаста аяқталады.

Жаңа туған бала жүйкесі секундына тек 4 импульс өткізсе; ересек адамда 300 ден 1000 импульс/секундына өткізе алады екен [10] .

Жаңа туған бала жұлынының ұзындығы 14см; 2 жаста - 20см; 10 жаста - алғашқыдан екі есе өседі - 28 см. Салмағы: жаңа туған сәбидің жұлыны - 5, 5 гр; 1 жаста - 10 гр; 3 жаста -13 гр; 7 жаста - 19 гр. Жұлынның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Жұлын ақ және сұр зат құрылымдарынан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан құралған - негізгі қызметі қозуды өткізу; оның бойымен дененің барлық мүшелері, ұлпа, жасушаларынан келген импульс миға және мидан керісінше бүкіл дененің мүшелеріне, ұлпаларына, жасушаларына жеткізіледі. Сұр зат рефлекторлық қызмет атқарады: мысалы, қозғалтқыш жұлын рефлекстеріне; аяқ-қол рефлекстері; жазылу, бүгілу; бұлшық-ет тонусын сақтау; дененің күйін сақтау; қасыну, сүртіну, адымдау т. б. жатады. Сонымен қатар, вегетативтік қызмет рефлекстері: ЖСЖ, қан тамырларын тарылтатын, кеңітетін; ас қорыту бездерінің сөл бөлуі; несеп, нәжіс; жыныс жүйелерінің қызметін реттейтін орталықтар бар [11] .

Бас миға - сопақша ми ( артқы), аралық ми, мишық және үлкен ми сыңарлар қыртысы жатады.

Жаңа туған сәбидің миының салмағы орташа 400 гр. (ер балалар - 340-430 гр., қыз балалар - 330-370 гр. ), дене салмағының 12-13% құрайды. Алғашқы жылы ми салмағы екі есе ұлғаяды; 7 жаста ми салмағының өсуі баяуланады (4/5 бөлігін ересек адам миының) . Мидың толық жетілуі 17-20 жас аралығында аяқталады, ер адам миының салмағы - 1360 гр; әйел адам миының салмағы - 1260 гр. Бірақ адамның ақыл - ойы оның миының салмағымен тікелей баланысты емес.

Сопақша ми рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша мида негізгі тыныс алу; жүрек қан тамырлар орталығы; ас қорыту (шайнау, сілекей бөлу, жуту) ; қорғаныс (түшкіру, жөтелу, кірпік қағу т. б. ) орталықтары бар. Сопақша ми мен варолий көпірінің салмағы жаңа туған нәрестеде - 8гр., 7 жасқа келгенде олардың дамуы аяқталуға жақындайды.

Мишық. Жаңа туған нәресте мишығының салмағы - 20гр. (ми салмағының 54%) ; 5 айлық нәрестеде 3 есе; 9 айда (бала тұрып жүре бастағанда өседі) 4 есе; 1 жасқа толған балада мишық салмағы 90гр., 7 жаста - 130гр. Әсіресе мишық құрылысының дамуы жыныстық жетілу кезінде өте қарқынды болады. Мишықтың негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылу жылдамдығын үйлестіру; қозғалысты реттеу; бұлшық ет тонусын сақтау; адамның өз еркінен не оған бағынбайтын күрделі қимыл - әрекеттерін үйлестіру және вегетативті қызметтерді реттеу.

Ортаңғы ми - бұлшық еттер тонусын реттеп, шайнау, жұту рефлекстерін үйлестіру; есту және көру рефлекстерінің алғашқы орталығы.

Аралық ми (таламус) (гипоталамус) жаңа туған нәрестеде салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Соның арқасынды барлық сезім жүйесінің түрі жетілген. Толық жетілуі - 13 жаста, ал қызметінің толық жетілуі 15-16 жаста аяқталады.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы - ОЖЖ-ң ең жоғарғы бөлігі, оның аумағы 1700-2000см 2 көптеген (сайлар мен қыртыстардың арқасында) ; жаңа туған баланың ми сыңарлар қыртысында 14-16 млрд. жүйке жасушалары бар, ересек адаммен бірдей, бірақ нейрондары жіп тәрізді, дендриттері аз. Сондықтан алғашқы 3 жылда нейрондар өсінділері көбейіп, миелинденуі, айқындалуы болады. Үлкен ми сыңарларының дамуы алғашқы 2 жылда; сайлар мен қыртыстардың дамуы 7 жаста; маңдай бөлімі - 12 жаста аяқталады. Бірақ қызметтік дамуы 20-22 жаста ғана аяқталады. Ми қыртыстарының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дейін байқалған.

Ми сыңарлары екі жарты шардан тұрады. Әрбір шар 5 бөлімнен тұрады, олар: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай. Ми жарты шар қыртысы 6 қабат нейрондардан құралған, бірнеше аймаққа бөлінеді .

  1. І - ші қыртыс аймағы немесе талдағыштардың (сенсорлық) орталық аймағы пирамидті нейрондан тұрады. Олар көбінесе шеткі рецепторлардың мидағы проекциялық алаңы.
  2. ІІ - ші қыртыс аймақтары біріншінің қасында 1-5 см ішкері орналасқан. Олар қабылданған (информацияны) мәліметтерді жинақтап, танып, түйсінуді, ұғым туғызады.

ІІІ - ші қыртыс аймағы тек адамда ғана дамыған. Бұл жерде ең жоғарғы талдау мен жинақтау жүріп зат, құбылыс туралы біртұтас мағлұмат пайда болады.

И. П. Павлов жануарлардың мінез-құлқын, темпераментін анықтайтын жүйке жүйесінің негізгі 3 қасиеттерін алған, олар; 1) қозу мен тежелудің күші; 2 ) қозу мен тежелу үдерісінің теңдігі; 3) қозу мен тежелу үдерісінің жылжығыштығы. Осы қасиеттерді ескере отырып, И. П. Павлов жоғары жүйке жүйесін 4 типке бөлген , олар біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырда атап көрсетілген Гиппократ төрт темпераментімен сәйкес келеді:

1) күшті, ұстамсыз, (холерик) - өте күшті ұстамсыздық, қозу тежелуден басым, тез қозады, өз реакциясын тежеуі қиын.

2) Күшті ширақ, ұстамды (сангвиник), қозу мен тежелу үдерістері тең, шамалас, бір-біріне оңай ауысады, сондықтан бір түрлі іс-әрекеттен екіншісіне оңай ауысып, жаңа жағдайға тез бейімделеді.

3) Күшті инертті (салмақты) тип (флегматик) - қозу мен тежелу үдерістері күшті, бірақ бір-біріне ауысуы баяу, яғни жылжығыштығы нашар. Бір түрлі іс- әрекеттен екіншіге ауысуы қиын жүреді, бірақ ұзақ жұмысқа төзімді.

4) Әлсіз тип (меланхолик) - қозу мен тежелу үдерістері нашар, көбіне тежелу үдерісі басым, бейімделуі жоқтың қасы, үнемі үрейде болады, көрінгеннің жетегінде кетеді.

Н. Н. Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозу мен тежелуді зерттеп, балалардың жоғары жүйке әрекетінің 4 топтарын ұсынды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия ғылымының салалары
Физиология дамуының қысқа тарихы
Жүйке жүйесінің дамуы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Патологиялық анатомиясы
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Ликвор өндірілу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz