АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

1 ЖАС АУЫР АТЛЕТШІЛЕРДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
0.1 Қазақстандағы Ауыр атлетикасының даму тарихына қысқаша шолу
0.2 Жас өспірімерді оқу-жаттығу бағдарламасына дайындық
1.3 Ауыр атлетикадағы жас спортшылардың жарысқа дайындығы және қатысуы

2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеудің әдістері
2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы

3 АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдістерін жетілдіру
3.2 Ауыр атлеттерді жастайынан бастап даярлаудың бастапқы кезеңдегі оқу-жаттығу бағдарламасы
3. 3 Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дене сапаларын дамыту

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген жұмыста келесі стандарттар қолданылды:
1. ГОСТ 7.32 - 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Рәсімделуінің құрылымы және тәртібі.
2. ГОСТ 7.1 - 2003 .Библиографиялық жазба. Құрылымы мен құрылымна қойылатын жалпы талаптар. 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Дене шынықтыру және спорт туралыҚазақстан Республикасының заңы ( 29.09.2014 жылғы өзгертулерімен )
3. 2011-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың тармақтарның бағдарламасы. - Астана,2015.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар қолданылды
Жұмысқабілеттілік - адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара алу қабілеті.
Дене жаттығулары - дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.
Күш - адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.
Шапшаңдық - адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.
Ептілік - адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
Төзімділік (жалпы) - адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.
Иілгіштік - қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.
Қимыл іс-әрекеттері - Адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқа да мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимылдардың жиынтығы.
Қимыл дағдысы - Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Жк - жұлқа көтеру
Ск - серпе көтеру
Бқ - бастапқы қалпы
ДЖҚ - дене жүктемесі қарқыны;
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
АҚ - артериялық қан қысымы ;
СҚ - систолалық артериялық қысым;
ДҚ- диастолалық артериялық қысым;
ПАД- пульстік артериялық қысым;
МҚК- минуттық қан көлемі;
СК- систолалық қан көлемі;
с - секунд
м - метр
КІРІСПЕ

Ауыр атлетика - спорттың олимпиадалық түрі. Ол дүниежүзінің көп елдерінде жақсы дамыған және біздің Отанымызда да көпшілікке кеңінен таралған.
Спорттың кеп түрлерінде ауыр атлетикалық жаттығулар көмекші ретінде қолданылып жүр. Ол жаттығулардың дені адам организміне сауықтыру әсерін тигізеді.
Күрделі ғылыми мәліметтер, машыктандырудың тиімді әдіс-тәсілдері, ауыр атлеттерді ерте мамандандыру мәселелерін зерттемелеу, спортшылар организмін қайта қалпына келтірудің жаңа амалдары және т.б. Тек қана клас- сикалық жаттығуларды және машықтандыру тәсілдерін оңтайландыру зерттеме жасауға мүмкіншілік берумен бірге олардың физиологиялық негізін қалайды. Ал мұның спортшы нәтижелерінің ілгері дамуына игі ықпалын тигізері сөзсіз.
Жұмыстың көкейксекілігі. Қазіргі кезде ауыр атлетика түрі жақсы дамып келе жатыр. Дегенменде ауыр атлетика жалпы дене дайындығының ерекшеліктері әлі күнге дейін зерттеліа келе жатқан, практикалық тұрғыдан маңызы зор сауалдардың бірі.Сондықтанда атлетшілердің ағзасының даму ерекшлеіктері, ағзасының мүшелері мен жүйелерінің анатомия - физиологиялық заңдылықтарға сай ретті жұмысы, шаршау, зорығу секілді физиологиялық күрделі үрдістердің алдын алу сияқты жұмыстардың жүргізілуі жасқсы нәтиже жету жолындағы тиімді тәсілдер.
Жан-жақты дайындық - ауыр атлетшілер жоғары дәрежеге жетудiң негiзi болып саналады. Адам денесi неғұрлым мықты, жұмыс iстеу қабiлетi жоғары болса, соғұрлым спорттық жаттықтыруға жылдам бейiмделiп, жоғары көрсеткiш көрсетуге дайын болады. Ауыр атлетика тәсілі қарапайым бірізділікпен оқытылады, бірақ әдістемелік тәсілдер шұғылданушының қызығуын туғызуға ықпал етуі керек. Спортшының дайындығы жоғары деңгейде болу үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.
Зерттеудің болжамы: Көптеген ғылыми деректерге шолу жасай отырып ауыр атлетшілердің дене сапаларын дамытудағы ерекшеліктерге де аса назар аудару керек. Аталған бағыттағы спорттық шеберлікті баптауда спортшының жекелей мүмкіндітері мен қатар, негізгі психоденелік сапаларын жақсартатын ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Зерттеу мақсатына қойылып отырған мәселелер ауыр атлетикамен айналысатын спортшылардағы дайындық деңгейлеріне қарай денелік мүмкіндіктерінің болжамын анықтау.
Зерттеу нысаны: Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дайындаудың әдістемесі.
Зерттеудің пәні - Оқу жаттығу сабақтарында атлетердің жабдықтарын белгілеу және қолдану тәсілдерін сипаттау.
Жұмыстың мақсаты:Ауыр атлетикадағы жас спортшыларға әдіс тәсілдерін дұрыс үйрету.
Жұмыстың міндеттері:
1. Ауыр атлешілердің ағзасындағы анатомия-физиологиялық үдерістерге сүйене отырып, психологиялық күйі мен физикалық дайындығының жақсартуға болатын ұсыныстар жасау;
2. Ағза жүйелерінің қалыпты жұмысының әртүрлі техника тактикалық тәсілдер жасаудағы маңызы туралы мағлұматтар беру.
Зерттеудің ұйымдастырылуы. Ауыр атлетикамен айналысатын оқушылардыың сабақ уақытындағы қалай дұрыс тактинаы-техниканы үйренгені туралы алынды. Адамның артериялық қан қысымын өлшеу жүрек аортаға келетін қан және өкпе артериясы қысым тудырады. Бұл қысым түтік қабырғаларындағы сұйық бөлігінде үйкелісті тудыратын қарсылықты жою үшін қажет.
Зерттеу әдістері: Аталған құрылымдық ерекешеліктер даму деңгейінің белгілі бір іс - әрекетті игеруі барысында денелік және психикалық сапаның қалыптасуын көрсетеді.
Аталған міндеттерді шешуге қолданылған әдістер:
- ғылыми әдістемелік әдиеттерге талдама жасау;
- педагогикалық тестілеу және тәжірибе;
- математикалық статистикалық әдістер.
Зерттеудің әдістемелік негізін спорттық жаттықтырудың жалпы теориясы жөніндегі еңбектер (Набатникова М.Я., 1982; Платонов В.Н., 1984; 1986; 1997; Суслов Ф.П., Холодов Ж.К., 1997; Матвеев Л.П., 1999 и др.), спортшылардың физикалық дайындығы саласындағы ғылыми зерттеулер (Зациорский В.М., 1966; Вайцеховский СМ., 1969; Кузнецов В.В., 1970; 1975; Верхошанский Ю.В., 1977; 1988; Филимонов В.И., 1979; 2000) құрады .
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Ауыр атлетика - жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінің бірі. Атлеттер спорттық дайындық деңгейін жақсарту барысында ағзаның да жүйелерінің маңызын,құрылымын,қызметін үнемі қалыпты ұстап отыру керек. Ағзаның шаршау мехаизмдерінің алдын алып, шаршау күйінің туындамауын, оның әрі қарай қажу, зорығу секілді физиологиялық күйінің патологиялық жайдайға ауысып кетпеуінің алдын алу үшін, үнемі жаттығу мен тынығудың орнын ретті алмастырып, жүйелі жаттығу керек. Ал атлет үшін маңызды қимыл белсенділіктері шапшаңдық, күштік деп аталатын ерекше сапаларын жақсартуда аталған физиологиялық күйлердің үдерісін білудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың құрылымы меʜ кɵлемі: Дипломдық жұмыс кіріспедеʜ, 3 бɵлімʜеʜ, қорытыʜдыдаʜ, тəжірибелік ұсыʜыстардаʜ жəʜе қолдаʜылғаʜ əдебиеттер тізіміʜеʜ тұрады.

1 ЖАС АУЫР АТЛЕТШІЛЕРДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

0.3 Қазақстандағы Ауыр атлетикасының даму тарихына қысқаша шолу

Ауыр атлетика спорты Қазақстанда Кеңес билігі орнатылғаннан кейін дами бастады.
1923-1934 жылдары Верный қаласындағы жаппай білім беру жүйесінің жанында әскер қатарына шакырылушылардың клубы жұмыс істеді. Ондағы әр түрлі спорттық секцияларда жастар жиі бас қосатын болған. Ауыр атлетикалық топты нұсқаушы Пинчуков басқарған болатын. Ол кезде ынталы жандардың күшімен баспахана шеберханаларында темір өзектен және қорғасыннан қарапайым зілтемірлер (штангі) жасалып, оның білігіне кигізілетін әр түрлі салмақтағы дөңгелектер іздестірле бастаған болатын.
Ауыр атлетикамен айналысатындардың саны көп болған жоқ. Секцияның әрбір мүшесі өз бетінше жаттығумен болды. Клуб мүшелері әр сенбі сайын көрнекі жаттығулар көрсетіп жүрді. Бірақ, ол жаттығулар негізінен спорттық емес, театралдық көрнекі көрсету болатын. Мысалы, Пинчуков өзінің нөмірінде кәсіптік цирк аттракционын орындаумен шектелді.
1926 жылы ауыр атлетикалық спорт Ақмола губерниясының Петропавол және Көкшетау қалаларында пайда болды. Петропавлда ауыр атлетика секциясы Строитель клубы жанында үйымдастырылды. Оның алғашқы үйымдастырушылары мен басқарушылары С.Рыспеков пен В.Зыковтар еді.
1928 жылы Петропавл мен Көкшетау қалаларының ауыр атлеттері арасында алғашқы спорттық кездесу өткізілді[1].
1934 жылы Петропавлда ауыр атлеттер арасында қалалық біріншілік өткізілді. Алғашқы рекордсмендер арасында Базилевский, Шарфмессор, Ю.Косенков, М.Кемарский, Н.Провин, В.Сериков, А.Ищенко, В.Соболев, Г.Шилов, А.Попов, В.Иолов, П.Прима,Ю.Беселидзе, В.Иванов, В.Короленко, А.Костин, т.б. болды.1930 жылы ауыр атлетика спорты Қазақстан астанасыАлматыға келді. Оның алғашқы ұйымдастырушыларыАлматы дене шынықтыру техникумының директоры Виктор Матвеевич Зимин және физика пәнінің оқытушысы Франц Михайлович Шимкунас болатын.
1936 жылы бүкіл Қазақстандық спартакиаданың қорытынды бөлімінде ауыр атлеттер өнерінің көрнекі көрсетулері ұйымдастырылға болатын.
1937 жылы 14 сәуір күні алғашқы Алматы чемпионаты өткізілді. Алғашқы жоғары жетістіктердің авторлары мен чемпиондары болып Ю.Косенков (аса жеңіл салмақ), А.Костин (жартылай жеңіл салмақ), М.Кемарский (жеңіл салмақ), Н.Пронин (орташа салмақ), В.Зимин (жартылай ауыр салмақ), Қ.Сариновтардың (ауыр салмақ) есімдері аталды.
1938 жылы қаңтар айында, республикалық ауыр атлетика секциясының шақыртуымен, сол кездегі Кеңестер Одағындағы ең күшті атлеттердің бірі - спорт шебері К.В.Назаров көрнекі көрсетулер өткізу үшін Қазақстанға келтін болы.
1938 жылдың көктемінде Алматы қаласында ауыр атлетикадан Қазақ КСРО біріншілігінің алғашқы жарыстары өткізілді. Оған тек төрт (Алматы, Шымкент, Қостанай және Петропавл) облыс орталығының командалары ғана қатысты. Бұл жарыста тоғыз республика рекорды жаңартылды.
1939 жылы біздің ауыр атлеттер алғашқы рет КСРО біріншілігіне қатысып, соңғы орыннан бір саты жоғары болды.
1940 жылы республика спортшылары Қазақ КСР-нің 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстандық спартакиада өткізумен атап, ауыр атлеттер 11 рекорд жасады, ал А.Костин КСРО спорт шеберінің нәтижесін көрсетті.
Ұлы Отан соғысы кезеңіңде ауыр атлетика спорт түрі ретінде республикада тек Динамо Ерікті спорт қоғамы (ЕСҚ) ұжымдарында ғана дамыды. Кейін де, соғыстан кейінгі алғашкы жылдары бұл қоғам Қазақстанда ауыр атлетикадан ең күштілер қатарынан көріне болы. Рекордтардың бәрі, тек жартылай ауыр салмақ категориясынан басқасы, осы Динамо қоғамы атлеттеріңің үлесіне тиді. 1950 жылдың тамыз айында өткізілген Бүкіл Қазақстандық мерейтойлық спартакиада республикада ауыр атлетиканың дамуына үлкен себепкер болды. Бүл республикалық ауыр атлетика спорты тарихындағы ең ірі жарыстардың бірі болып саналды. Оған барлық 15 облыстың командалары қатысқан болатын.
1951 жыл бір ерекшелігімен тарихта қалды. Берлин фестивалінде Қазақстаннан қатысқан атлет И.Соломоха жеңіл салмақ категориясында үздік болып, алтын медальмен марапатталды.
Ауыр атлеттер жылдан жылға өздерінің жетістіктерін арттырумен бірге әр біріншілікте республика рекордтарын жаңартумен болды. Алайда, олар Бүкілодақтық біріншіліктерде 13-ші орыннан жоғары көтеріле алмады. 1954 жылы бұқаралық дамуға байланысты, спорт шеберлігінің өсуі байқала бастады. Секцияға қатысушылардың саны 3037 адамға жетсе, олардың ішінен төртеуі спорт шебері нормативін орындады. Сол жылы Қазақстан ауыр атлеттері республика рекордтарын 27 рет жақсартты.
Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуына КСРО халықтарының I спартакиадасы өте маңызды ықпал етті. Онда республиканың құрама командасы бірінші рет сегізінші орынға көтерілді.
Сол жылдардағы жетістіктердің ішінен жас, ауыр салмақты, Қазақ дене шынықтыру институтінің студенті Вячеслав Калининнің табысын айтуға болады. Ол 1957 жылы Мәскеуде өткізілген Халықаралық жастар және
студенттер фестивалінде жарыс жеңімпазы болып, алтын медальмен марапатталды. 1958 жылдың сәуір айында Донецк қаласында КСРО біріншілігінің жеке тұлға жарысы болды. Оған Қазақстаннан үш атлет қатысты: Огепан Ульянов, Василий Цуириков және Владимир Эсембаев. Степан Ульянов жеңіске жетіп, аса жеңіл салмақта алғашқы рет Кеңестер Одағының чемпионы атанған болатын.
1958 жылы Киев қаласында өткен Бүкілодақтық студенттер ойындарында Қазақстан атлеттері еліміздің дене шынықтыру жоғары оқу орындары арасында командалық есепте бірінші орынға ие болды. СтуденттерA.Пак, А.Березовский, В.Берлизов, Н.Пахутков жәнеB.Калинин алтын медальді жеңіп алды.
ВЦСПС (Бүкілодақтық Кәсіподақтары Кеңес Орталығы) спарткиадасында Алексей Пак жартылай жеңіл салмақта екінші орынға шығып, күміс медальді иеленсе, жартылай ауыр салмақта Анатолий Небучин қола медальға қол жеткізіп, алғашқы рет КСРО спорт шебері нормасын орындады. Осы жарыста спорт шебері Степан Ульянов сығымдап көтеруде 110 келі нәтиже көрсетіп, аса жеңіл салмақта дүниежүзілік рекорд жасады.
Нәтижелер өсуде. ВЦСПС-тің жеке біріншілігінде жартылай орта салмақта Григорий Щепкин чемпиондыққа жетіп, алтын медальді жеңіп алды. Ташкентте өткен Азия және Шығыс елдерінің халықаралық жарыстарын- да С.Ульянов пен А.Небучин өз салмақ категориялары бойынша жеңімпаз деп танылды.
1968 жылы, КСРО Кубогінде алматылық Николай Пахутко Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы рет гроссмейстерлік шептен асып, ауыр салмақта үштік сайыстың жалпы есебі бойынша 500 келі салмақты басып өткен.
Қазақстан ауыр атлеттері КСРО халықтары спартакиадасына аса зор мән беріп жүрді.
Тоғызыншы - Анатолий Храпатый.
1991 жылға дейінгі КСРО чемпиондары мен КСРО Кубогінің иегерлері:
- Степан Ульянов (екі рет),
- Юрий Зайцев (төрт рет),
- Вячеслав Андреев (екі рет),
- Виктор Мазин (үш рет),
- Сергей Копьггов (бес рет),
г, Анатолий Храпатый (бес рет),
- Василий Мажейков,
- Александр Попов (екі рет),
- Евгений Сыпко,
- Қорғанбай Ерметов,
- Александр Коробов.
Олимпиада чемпиондары Қазақстан ауыр атлетикасының мақтанышы болып саналады. Олар:
- Юрий Зайцев (Монреаль, 1976 ж.),
- Виктор Мазин (Мэскеу, 1980 ж.),
- Анатолий Храпатый (Сеул, 1988 ж.),
- Илья Ильин (Бейжін, 2008 ж.)
Азиада Ойындарының чемпиондары:
- Андрей Макаров (1994, 1998 ж.ж.),
- Вячеслав Ню (1994 ж.),
- Сергей Копытов (1994 ж.),
- Майя Манеза (2010 ж.),
- Светлана Подобедова (2010 ж.),
- Илья Ильин (2010 ж.)
Ауыр атлетикалық спорт ардагерлерін (кейін олар Қазақстанда жаттықтырушы және зілтемір ойындарының ұйытқылары болды) ерекше атап кету керек. Жогарыда аталған В.Пинчуков, С.Рыспеков, В.Зыков, В.Зиминдермен бірге С.Старченко, Ф.Шикунас, Д.Четвериков,Е.Яшников,П.Калифутов, Б.Макаренколар туралы да жылы лебіздер айту ләзім.
Александр Костин тұғырға (помост) шығуын қойғаннан кейін, қазақстандық ауыр атлетиканыбасқарып, КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы деген мәртебелі атаққа ие болды. Алғашқы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы атанған Федор Радужный, Владимир Хок, Михаил Ким, Ислам Аужанов, Николай Пахутко, Юрий Петренко сынды бапкерлердің ауыр атлетика спортын дамытуға қосқан үлестері қаншама. Осындай жоғары атаққа ие болған жаттықтырушылар: Владимир Ничепуренко, Николай Снегуров, Сергей Лим, Александр Сидоров, Александр Стерликовтер дүниежүзілік деңгейдегі атлеттер шоғырын дайындады.
Ауыр атлетика практикасының дамуымен бірге ауыр атлетикалық ғылым да өрге қарай қарқын ала бастады. Алғашқы ғалымдардың қатарында Михаил Хлыстов, Владимир Хок, Владимир Ким, Серік Мұстафин, Николай Ге, Мирон Ким, Иван Сивохиндар болды.
Осы Зілтемір ойынына бірте-біртеқазақ жастары да қызығушылық білдіре бастады.
Кеңестік әскер қатарында, алыстағы Брест қаласында өзінің азаматтык борышын өтеп жүрген осы жолдардың ізгі авторы - Серік Мүстафин қазақ жігіттері арасынан ең алғашқы КСРО спорт шебері атағына (1959 ж.) ие
Екінші КСРО спорт
С.К. Мұстафин щебері _ Аманкелді
Рымқұлов (1964 ж.).
Үшінші -- Сайлау Қайырбеков.
Бірінші халықаралық класстың спорт шебері - атлет Қажымұрат Нұрғазин (1975).
Екінші - Мүхамеджан Хамитов.
Үшінші - Қуаныш Рымқұлов.
Кейінгі жылдарда Ізбасар Оразбақов, Ғазиз Тубышев, Ғ айдар Саржанов, Аманкелді Елеуов, Жаныбек Зулқашев, Жанат Абайділдин, Нүржан Смаханов, Нұрлаи мен
Мақсат Рымқұловтар, Қабдырахман Рахымұлы, Дэулет Әбділғазин жэне ондаған басқа қазақ жігіттері КСРО спорт шебері белгісіне ие болды.
Бүгінгі таңда ауыр атлетика спорттың үнемі алда жүретін өскелең түрі ретінде Қазақстан Республикасында берік орын алуда. Оған әр жылдары өткізілген Олимпиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарының корсеткіштері куэ. Мәселен, Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) өткен 2000 жылғы ХХVІІ Олимпиада ойындарының қорытындысына көз жүгіртіп көрейік: Дмитрий Ломакин (62 кг) коссайыста 282,5 кг көтеріп, 13-ші, Сергей Филимонов (77 кг) 362,5 кг-мен 4-ші, Слава Ню (94 кг) 375 кг-мен 12-ші, Андрей Макаров (77 кг) 375,6 кг- мен 13-ші орындарды иеленді.
Греңия. Афины. 2004 жылғы ХХҮІІІ Олимпиада ойындары. Ерлерден Сергей Филимонов (77кг) қоссайыс корытындысы бойынша 372,5 кг көтеріп, 2-ші орынға көтерілсе, 390 кг көрсеткішпен Бахыт Ахметов (94 кг) 7-ші орынмен қанағаттанды. Әйелдер арасынан Татьяна Хромова (75 кг) қоссайыс нэтижесінде 252,5 кг көтеріп, 6-шы орынды алды.
Түркияның Анталия қаласында өткен 2001 жылғы Әлем чемпионатында Ольга Саблина (58 кг) қоссайыста 185 кг көтеріп, 10-шы, Светлана Дандукова (63 кг) 185 кг - мен 13-ші, Татьяна Хромова (75 кг) қоссайыс көрсеткіші бойынша 240 кг нәтижемен 5-ші орынды иеленді. Бұл жарыска ерлер командасы қатысқан жоқ. Варшавада (Польша) өткен 2002 жылғы Әлем чемпионатында Елена Сукхина (58 кг) 14-ші (180 кг), Лиза Карасева (63 кг) 11-ші (175 кг), Оксана Баланюк (69 кг) (195 кг) 11-ші, Аиза Кутюшева (69 кг) (180 кг) 14-ші, Людмила Какунова (75 кг) 240 кг 12- ші, ал Олег Шин (62 кг) (277,5 кг) 11 -ші орындарды бөлісті.
Канада. Ванкувер. 2003 жыл. Әлем чемпионаты. Ирина Власова (69 кг) 207,5 кг-15-ші, Татьяна Хромова (75 кг) 240 кг-8-ші, Людмила Канунова (+75 кг) 330 кг - 14-ші, Дмитрий Фролов (105 кг) 387,5 кг - 14-ші орындарға ие болды.
Катар. Дона. 2005 жылғы Әлем чемпионатында Мария Гробовецкая (+75 кг) 261кг 6-шы, Александра Аборнева (+75 кг) 235 кг 11-ші орындарды бөліссе, ерлер арасында Илья Ильин (85 кг) коссайыстың нәтижесінде 386 кг көрсеткішпен 1 - ші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тағынды. Бахыт Ахметов (94 кг) 397 кг 4-ші, Вячеслав Ершов (85 кг) 375 кг 7-ші орындарға көтерілді.
2006 жылғы (Сантьяго. Доминикан республикасы) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Ирина Власова (75 кг) (230 кг) 7-ші, Александра Аборнева (75 кг) (257 кг) 5-ші, ерлерден Қуаныш Рахатов (69 кг) (300 кг) 9-шы, Вячеслав Ершов (85 кг) (367 кг) 4-ші орынға көтерілсе, Илья Ильин (94 кг) қоссайыста 392 кг нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
2007 жылғы (Чангмай, Тайланд) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Ирина Некрасова (69 кг) 228 кг - 9-шы орын, Хромова Татьяна (75 кг) 226 кг - 10-шы орын, Аборнева Александра (75 кг) 264 кг - 5-ші орын, ерлерден Кузнецов Владимир (77 кг) 345 - 9-шы орын.
2008 жылғы XXIX Олимпиада ойындары. Пекин, Қытай. Әйелдер арасында Ирина Некрасова (63 кг) (340 кг), Алла Вашенина (75 кг) (266 кг) 2-ші, Мария Грабовецкая (75 кг) (270 кг) 3-ші орындарды иеленсе, ерлерден Илья Ильин (94 кг) қоссайыс бойынша 405 кг нәтижемен бірінші орынды жеңіп алды. Ал Владимир Кузнецов (77 кг) (351 кг) 9-шы, Владимир Седов (85 кг) (351 кг) 4-ші, Бахыт Ахметов (105 кг) (415 кг) 5-ші, Сергей Истомин (105 кг) (405 кг) 7-ші орындарды бөлісті.
2009 жылғы (Гоянг, Оңтүстік Корея) Әлем чемпионаында әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 219 кг - 1-ші орын, Черемшанова Светлана (53 кг) 202 кг 5-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 246 кг - 1-ші орын, Хромова Татьяна (75 кг) 245 кг - 5-ші орын, ерлерден Кузнецов Владимир (85 кг) 383 кг - 3-ші орын, Седов Владимир 094 кг) 402 кг - 1-ші орын.
2010 жылғы (Анталья, Түркия) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Черемшанова Светлана (53 кг) 197 кг 7-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 248 кг 1-ші орын, Подобедова Светлана (75 кг) 295 кг 1-ші орын, Хромова Татьяна (75 кг) 243 кг 8-ші орын, Аборнева (75 кг) 260 кг 5-ші орын.
2011 жылғы (Париж, Франция) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 227 кг 1-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 248 кг 2-ші орын, Некрасова Ирина (69 кг) 230 кг 9-шы орын, Подобедова Светлана (75 кг) 287 кг 2-ші орын, Аборнева Александра (75 кг) 260 кг 6-шы орын, ерлерден Павлов Кирилл (77 кг) 340 кг 8-ші орын, Кузнецов Владимир (85 кг) 360 кг 10-шы орын, Ильин Илья (94 кг) 407 кг 1-ші орын, Истомин Сергей (105 кг) 393 кг 9-шы орын.
2012 жылғы (Лондон, Ұлы Британия) ХХХ-шы Олимпиадалык ойындар. Әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 226 кг 1-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 245 кг 1-ші орын, Подобедова Светлана (75 кг) 291 кг 1-ші орын, ерлерден Ильин Илья (94 кг) 418 кг 1-ші орын [2].

0.4 Жас өспірімерді оқу-жаттығу бағдарламасына дайындық

Халықаралық аренадағы жоғары бәсекелестік, жаттығуда күш түсудің үнемі арта түсуі, жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі спорттық жаттықтыру саласында жұмыс істейтін мамандардың алдына оның тәсілдері мен әдістерін одан әрі жетілдіру міндетін қойып отыр. Спортшыларды, оның ішінде жас атлеттердың дайындығын үлгілеу проблемасы дене қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі (самбо күресі, каратэ, ауыр атлетика, кикбоксинг, грек-рим күресі және т.б.) бастапқы даярлықтың ғылыми негізделген әдістемесі жас спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің аса маңызды шарты болып табылады. Жас спортшыны жаңадан келушіден әлеуметтік маңызы бар жарыстарды жеңіп шығуға қабілетті спорт шеберіне дейін даярлау - көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз материалдық шығындар мен мейлінше аз уақыт кезінде біліктілігі жоғары спортшыны даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде. Мәселе көпжылдық тактикалық даярлықтың кезеңдерінде спорттық шеберлікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жеке жарысқа түсуге спорттық даярлау процесін басқарудың оптималды жолдарын іздестіруден тұрады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жасалған талдау, тәжірибе мен бақылаулар көрсетіп отырғанындай, бүгінгі күні айтарлықтай көп жағдайларда жаттықтырушының қызметі, ескіріп кеткен ұсыныстарды қолдана отырып, олар жүргізіп отырған жаттықтыру процесінің анық критерийлерінсіз және спорттық жаттықтыруды табысты жүзеге асырудың көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты екендігін ескерусіз, субъективтік категориялар шеңберінде өрбіп отыр. Осындай жұмыстың нәтижесі болып облыс, аймақ және т.б. құрама командалары үшін толыққанды емес резервтерін қалыптастыру болып табылады. Жасауыр атлетшілерді дайындығын үлгілеу әдістемесін оны қазіргі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеруге бағыттайтындай етіп қайта құру керектігін зерттеген болатын. Атлеттер өнер көрсетуі оларға жоғарғы дәрежедегі жарыстарда толық көлемде басымдылық танытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар ұйымдық және әдістемелік мәселелерді анықтап, көрсетіп берді. Жас атлетшілердің дайындығын үлгілеу ерекшелігінің ғылыми негізделуі қазіргі спорттың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Ауыр талетикадағы күш салуды, олардың организмге әсерін әсерін зерттеу жөніндегі, сонымен қатар жаттығу әдістемесі жөніндегі зерттеулердің көпшілігі ересек спортшыларда жүргізілді. Практикалық ұсыныстар, әсіресе жас атлеттердің дайындығын үлгілеуге қатысты ұсыныстар өте жеткіліксіз жасап шығарылған. Көптеген зерттеушілер дене жаттығуларының жастарды рухани тәрбиелеудің, Отанды қорғауға және еңбекке даярлықтың маңызды құралы болып табылатындығын да атап көрсетеді. Біздің жұмысымызда жастардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды орынды жеке жарысқа түсудің алуан түрлі жүйелері алып отыр. ҚР-сы халықтарының игілігі болып келген тәсілдер - жұдырықтасу, қолмен ұрысу және т.б. белгілі болса да, көп жағдайда бұл жеке сайыстар шығыс пен батыстың әр түрлі елдерінен келген. Отандық жекпе-жекке шығу өнері мүлдем болмаған немесе олар шамалы ғана дамып, шеберлік деңгейі бойынша шығыс пен батыс жүйелерімен теңдесе алмайды дегендей әсер аласыз. Оқпен ататын қаруды қолданусыз, әскери әрекеттерді жүргізу тәжірибесі өзгені айтады: славян жауынгерлерінің даярлық деңгейінің жоғары болғаны соншалықты, араб халифтерінің, қытай және рим императорларының, түрік сұлтандарының жеке күзеті негізінен славян жауынгерлерден тұрған екен. Сірә, біздің ата-бабаларымыздың дене қасиеттерін даярлаудағы тарихи жүйесі шығыс пен батыстың осыған ұқсас жүйелерінің деңгейінде болып қана қоймай, оларды айтарлықтай басып озған. Жастарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге және еңбек қызметіне даярлау үшін тек шығыс пен батыстың жеке сайысқа түсу жүйелерін ғана емес, отандық жүйелерді де зерттеу керек. Бізде де жеке алысқа түсуге даярлау бойынша әдеби еңбектердің болғанын атай кетуіміз керек. Соңғы жылдары осы мәселелер спорттың әр алуан түрлері, оның ішінде спорттық ауыр атлетика бойынша ғылыми әдебиеттерде қарастырылса да, аталған мәселе әлі толық дәрежеде шешіле қойған жоқ. Жас атлеттердың дайындығын үлгілеу процесін дене шынықтыру теориясында, әсіресе практикасында әлі де болса дәлдеп тексеруді, қосымшалар енгізудуі және одан әрі қалыптастыруды қажет етеді. Осыдан бүгінгі таңда атлеттерды даярлау тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, аз зерттелген бағыттардың бірі зерттеулердің жаңа қол жетерлік және ақпараттық әдістемелерін, оның ішінде: а) жаттығу процестеріндегі әрекеттерді бағалау; ә) қазіргі заманғы бағдарламаларды қолдана отырып, зерттеу материалдарын оперативті өңдеу және оларды жас атлеттерды үлгілеудің оқу-жаттықтыру процесіне енгізу әдістемелері жасалып пайдаланылмауы белгілі дәрежеде қарама-қайшылықтың бар екендігін байқатады. Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу проблемасын айқындайды. Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жұмысымыздың тақырыбын ТСТ-де спортшылардың дайындығының сипаттамасы деп алуға мүмкіндік берді. Зерттеуде жас спортшы-атлеттер арасындағы айтарлықтай жас-жыныстық және дербес-типологиялық айырмашылықтардың бар болуы мен оқу-жаттықтыру процесінде жас атлеттерды спорттық даярлауды басқарудың теориялық және практикалық мәселелерінің жеткіліксіз жасап шығарылғандығы арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылық тұжырымдалған. Жасөспірім атлеттердың дене дайындғын жетілдірудің педагогикалық негіздері Техникалық қозғалыстың қиындығы және нұсқасы техника көмегімен, көбейтіледі, сонымен қатар физикалық сапа әртүрлі, осыларды жетілдіру зерттеу мүмкіндігі. Сонымен бірге жаттығудың құралдарымен әдістерін қолдану. Осылардың ең белсендісі жаттығу, даму бағытын күшейту, спорт қозғалысының техникасын жақсартуды бағдарлау. Жылдамдық-күш қабілеттігінің дамуы барлық деңгейде қарсылық білдіреді, атлеттердің өзіне лайық әрекеті, бірқалыпта өсіп көтеріледі максималды күш және жылдамдық мөлшері спорт дайындығын жаңа бастаған спортшылар үшін тиімді шеңберлік деңгейінің көтерілуі барысында байқалатын жағдай қарқындылық пен мамандық ықпалын пайдалану. Күш және жылдамдықтың үйлесуі жоғары квалификациялық спортшылардың максималды күш салуы өсу көрсеткішінің артықшылығы болып табылады. Ғалымдардың айтуынша ең үздік құрал арнаулы жылдамдық-күш дайындығына өзіндік жарыс жаттығуы болады. Негізі жас спортшыларды әу бастан мектептен бастап спортқа үйрете бастаған өте дұрыс деп ойлам. Жас өспірімдерді оқу жаттығу бағдарламасына мектептен бастап үйрете бастасақ өзінің икем келетін спорт түріне онда сол жас спортшы үлкен биікттіке жетет деп ойлам. Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жатыр.[3]

1.3 Ауыр атлетикадағы жас спортшылардың жарысқа дайындығы және қатысуы
Жас спортшыларды жарысқа дайындықтың бас рөлі қайратылықа тәрбиелеу спорттықа машықтандыру болып табылады. Қайраттылқы тәрбиелек спорттық машықтандырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қайраттылық қасиеттерге жаттатындар: табандылық, қайсарлық, мақсатына жету үшін өз дегенінен қайтпау, қиыншылықты жеңу кезіңдегі ұстамдылық пен шыдамдылық, батылдық, шешімділік, тәртіптілік, ерік жігердің мықтылығы жене т.б. спорттың қай түрінде болса да, оның ішінде ауыр атлетикада, дұрыс ұймдастырлған спорттық машықтандыру және жарысқа қатысу қайраттылық қасиеттерді тәрбиелеудің пәрменді құралы қызметін атқарады.
Кез келеген жас спортшы өзінің алдына қандай да бір айқын мақсат қояды. Олардың қайсысына болсын жетуі түрлі қиындықтарды жеңіа шығуына байланысты болады.
Жаттықтырушы мен спортшы қойған мақсатарына жетудің нақты мерзімін белгілеуге болады. Мысалы: классикалық жаттығулардың техникасын зерттеп үйренуге 6 ай бөледі. Осы уақыттан кейін атлет III және II разрядиардың, сосын I разрядтың нормативін 3-5 жылдан кейін орындауды жоспарлауға болады. Машықтандырудың алғашқы кезеңдерінде жаңадан келген жас спортшы жаттығулардың техникасын игеруге байланысты елеулі қиындықтарға тап болуы мүнкін. Ауыр атлеттердің қайраттылық қасиеттерін тәрбтелеу құралдары неше түрлі. Солардың бірі шектеулі салмақты көтеру.
Арнайы жаттығулармен айналысу процесінде батылдық, шешімділік тәрбиеленеді. Бұл жаттығулардың сипаты (мысалы, кедергілердің үстінен қарғу: барьер, қоршау, гимнастикалық теке немесе ат; текеге қарғып міну, басқа да биіктіктерге; мұнарадан суға секіру жэне т.б.) спортшының қайрат-жігерін шыңдауга жетелуге болады.Қайраттылық қасиеттерді тэрбиелейтін тағы бір құралсубмаксимальды салмақты зілтемірді бірнеше рет көтеру және машықтандырудың соңында атлеттің шаршауы. Үлкен салмақтармен машықтандыруды жалғастыру (шаршағанға қарамай) - еңбексүйгіштік, өзі дегенінен қайтпау қасиеттерін шыңдайды, ал бұл спорттағы табыс кепілі.Спортшының жарыстарға қатысуы өте маңызды. Тек сонда ғна атлеттің техникалық және физикалық дайындығымен бірге психологиялық тұрғыдағы жақсы мен жаман жақтары белгілі болып шығады.Жарыстық әдісті машықтандыру барысында пайдалану да спортшының қайраттылығын тәрбиелейді. Көп жағдайда жаттықтырушы атлетті максимальды салмақты көтеріп, күшті қарсыласыңды жеңуге мүмкіншілігің бар деп сендіруге болады. Алайда, бұл бір спортшы үшін пайдалы, ал екінші бір атлет үшін зиянды (мәселен, өзіне сенімді спортшы қарсыласының мүмкіндігін дұрыс бағалай алмайды) тәсіл болып табылуы мүмкін. Міне, оз күшің мен қарсыласыңның мүмкіндігін екшей білу не үшін керек? Спортшының өзіне мұны іске асыру қиындау болады, сондықтан тек жаттықтырушы ғана дұрыс баға бере алады[4].
Жарыс кезінде атлеттің дұрыс ұйықтамағанын, басының ауырғанын, енжарлықты және т.б. сезінуін ойлауына болмайды. Бұл кездегі басты назар тек алда тұрған жаттығуларда ғана болуы керек. Спортшы тәрбиесіндегі басты көмекшінің бірі ұжым. Тату-тәтті, салауатты ұжым қиын минуттарда спортшыға көмекке келеді.Спортшының моральдық ерік-жігері мен қайраттылық тәрбиесі көбіне-көп жаттықтырушының беделіне, оның білімі мен біліктілігіне, талабына және т.б. байланысты. Жаттықтырушының жұмысыпда сендіру, түсіндіру, мадақтау, ескерту секілді әр түрлі педагогпкалық әдістер пайдалануға болаы.Жарыс алдында және оның өту барысында атлеттің толқу үстінде жүретіні шындық. Жаттықтырушы өзін-өзі жақсы ұстауы керек және осыған спортшыны да тарту керек, оны жеңіске жұмылдырумен бірге күдіктер мен толқуларды аулаққа ысырып тастағаны дұрыс. Спортшының қайраттылык ерік-жігері оның тәртіптілігінен және езін-өзі тәртіпке шақыра білуінен, машықтандыруда белпленген талаптарды және жарыс ережелерін сақтауынан, жаттықтырушы нұсқауларын бұлжытпай орындауынан, режимді қатаң ұстауынан (спортпен айналысу, биік нәтижелерге жетуге ұмтылыс режимді бұзумен ешқашан бірлеспейді) айқын көрініп тұрады. Осындай әдіс тәсілдер арқылы жас өспрімдерге қалай жарысқа шығуын және қалай ұстануын үйретуге болады[5].

2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеудің әдістері
Спорттық дайындықты жақсартуға қойылатын негізгі талаптардың бірі антропологиялық тұрғыдан сипатама бере отырып зерттеу жақсы нәтижелерге жеткізумен қатар, тиімді әдістер мен қатар спорт түріне қарай психикалық және денелік даму тұрғысынынан да жекелей ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізуге аталған антропологиялық әдістерді қолдана отырып спортшының жекелей морфологиялық ерекшеліктеріне сипатама беру негізіне тоқталар болсақ, ақыл - ой еңбегінің немесе моторлы іс-әрекеті мен спорттық жаттығулардың жаттанды жасалуы арасындағы негізгі байлансыта болып отыр. Ретті түрде жаттығулардың орындалуы, бірте - бірте қозғалыс, ойлы, сенсомотролы ерекшеліктердің дағдыға айналып қалыптасуын тудырады. Спортшының мүмкіндігін көрсететін жекелей құрылымдық ерекшеліктерінің бірі оның жекелей морфофункционалдық және психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай көрсететін мүмкіндіктерінің жиынтығы деуге болады. Аталған құрылымдық ерекешеліктер даму деңгейінің белгілі бір іс - әрекетті игеруі барысында денелік және психикалық сапаның қалыптасуын көрсетеді.
Аталған міндеттерді шешуге қолданылған әдістер:
- ғылыми әдістемелік әдиеттерге талдама жасау;
- педагогикалық тестілеу және тәжірибе;
- математикалық статистикалық әдістер.

2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы
Ауыр атлетикамен айналысатын жас спортшылар сабақ уақытындағы функционалды жүйелерінің көрсеткіштері алынды. Адамның артериялық қан қысымын өлшеу жүрек ортаға келетін қан және өкпе артериясы қысым тудырады. Бұл қысым түтік қабырғаларындағы сұйық бөлігінде үйкелісті тудыратын қарсылықты жою үшін қажет.Кедергі негізінен қан тамырларының еніне және қан тұтқырлығына байланысты.Артериялық қысымның өсуі ортадан жүрекке келесі қанның құйылуымен байланысты. Бұл қысымды систолық немесе максималды қысым деп аталады. Содан кейін қан жанындағы тамырларына құйылады да қысым төмендей бастайды және соңында диастола қарыншасында минималды болады. Қан қысымы жалпы гемодинамиканың әсеріне және оның функционалдық жағдайына жүрек қан тамырлар жүйесіне сонымен бірге ағзаның реттеуші жүйесінің шегі болады. Дені сау адамның максималды қысымы 100-120 мм.сын.бағ. тең. Бұлардың арасындағы айырмашылық пульстік қысымды, яғни ол 45 мм.сын.бағ. тең болатындығын көрсетеді.Бұл жүрек күшінің соғысын және жиілігінің, сонымен бірге қан тамырлары (капиллярлар және ұсақ артерия қантамырлары) өзгеруін қамтамассыз етеді.Артериялық қан қысымын өлшейтін прибор сфигмоманометр Рива-Рочии деп аталадымна суретте көрестілеген.

Жұмысқа негізгі пайдаланатын құрал-жабдықтар: сфигомонометр Рива-Роччи, фонендоскоп, секундомер, артериялық түтікшелердегі қан қысымы аускультативтік Коротков әдісімен анықталады.Коротков әдісі тәсілі бойынша артериялық қысымды өлшеу толық баға бере алады. Манжетканы бүгу аймағына салған соң оған фонендоскоп бекітілген иық артериясын тауып алады. Манжеткаға максималдық шамадан артық қысым беріп, одан біртіндеп ауаны шығарғанда айқын тамыр дыбысы білінеді. Бұл мезет манжеткадағы қысым систола қысымынан сәл азайғандағы мезетке сәйкес. Дыбыстық құбылыстар күшейту фазасынан кейін бірден басылып қалғанша немесе тіпті жойылғанша манжеткадағы қысымды төмендетеді. Бұл мезет диастола қысымына сәйкес. Сонымен қатар тәжірибе тобындағы спортшылардың пульсын есептейміз.

Суреттегі - Коротков әдісі

3 АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3.1 Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдістерін жетілдіру

Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдіс тәсілдерің қалай жетілдіруін айтпай тұрып классификация мен терминологиясына тоқталып кетсем.
Жаттығу Жұмыстары барысында ауыр атлеттер сипаттамасы мен бағыттылығы сан алуан жаттығуларды пайдаланады. Оқу-жаттығу жұмысында жаттығуларды дұрыс классификациялау мен олардың дәлме-дәл терми- нологиясы маңызды роль атқарады[6].
Жаттығулар классификациясы- жаттығулар классификациясы дегенді оларды айтарлықтай өзгеше сипаттарына қарай белгілі бір топтар мен бөліктерге жіктеу жүйесі деп түсінуіміз керек.
Ауыр атлетикада жаттығулардың классикалық және қосымша деп аталатын негізгі екі тобын ажырата білу керек.
Жарыс бағдарламасына кіретін зілтемірді жұлқи және серпе көтеру классикалық жаттығуларға жатады.
Қосымша жаттығулар жалпы дамытушы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы дамытушы жаттығулар ауыр атлеттің дене шыныктыруы мен даярлық деңгейін көтеруге және оның физикалык қуатын күшейтуге бағытталады. Соның өзінде олардың атлеттің техникалық даярлығына тигізер әсері мүлдем аз деуге болады.
Арнайы жаттығулар негізінен физикалық даярлықты күшейтуге арналады және олар ауыр атлетикалық жаттығулардың техникасын мейлінше жетілдіруге мүмкіндік туғызады,
Ауыр атлеттердің қосымша жаттығуларын шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Көрсетілген топтардан орындалу шарттарының айырмашылықтарына байланысты, көптеген жаттығу бөліктері жіктеліп шығады[7].
Ауыр атлетикадағы терминология - осы спорт түрінің спецификалық түсінігінің жиынтығын айқындайтын терминдер жүйесі деп айтуға болады. Нақты және айқын терминология педагогикалық жұмыстың сапасын арттырады. Егер нақты да қысқа анықтамасы болмаса, онда қозғалысты түсіндіру қиынға түседі. Бірыңғай және нақты терминология ауыр атлетика сабақтарының тәжірибесін дұрыс талдауға көмектеседі[13].
Терминдердің пайда болуының маңызды сәттерінің бірі терминологиялық бейнеге жататын сол түсінік белгілерінің бөлініп шығуы болып табылады. Әр- түрлі ұғымдарды белгілеу үшін бір терминді әр жағдайда қолданудан бас тартқан жөн. Бірақ, әр-түрлі себептермен бір мағыналы емес кейбір терминдер көп мағыналылығымен ауыр атлетика терминологиясына кіріп жүр. Кейде бір терминді белгілейтін кейбір айырмашылықтар әлі де сақталып қалуда. Сонымен, төменде негізгі ауыр атлетикалық терминдер ұсынылып отырмын[20].
Классикалық жаттығулар - ауыр атлетика жарыстарының бағдарламасына енгізілген жаттығулар: жұлқи көтеру, екі қолмен зілтемірді жұлқи көтеру, сер- пе көтеру, екі қолмен зілтемірді серпе көтеру.
Классикалық қоссайыс - классикалық жаттығулардан құрастырылған бәсеке кешені.
Жұлқи көтеру - зілтемірді бір тәсіл арқылы тіке ұсталған қолдармен жоғары жұлқи көтеретін классикалық жаттығу.
Жұлқи көтеру жаттығулары - жұлқи көтеру техникасын үйрену мен жетілдіруге және атлеттің дене шынықтыру сапасын дамытуға арналған арнайы жаттығулар[2].
Үстеп отырусыз жұлки көтеру (протяжка) - үзіліссіз қозғалумен, қолды бүгіп, жазу арқылы зілтемірді бастан жоғары көтеру.
Вистан көтерілу - тұғырдың (помост) үстіне шығып алып, төменге түсірілген қолдармен зілтемірді ұстап тұрып, жоғары көтеру.
Серпе көтеру - екі тәсілмен орындалатын классикалық жаттығу; біріншісінде - зілтемір кеудеге дейін көтеріледі; екіншісінде - тік жазылған қолдармен кеудеден жоғары серпіледі[1].
Серпе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Ауыр атлеттердің дене дайындығын дамыту әдістері
Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Ұзындыққа секірудің сипаттамасы
Жеңіл атлетика мамандануы
Спортшылардың дайындығын кешенді бақылау және басқару жүйесінің техникалық аспектілері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Пәндер