Электр энергияның техникалық шығындары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
7

8

9

10

Аннотация

В выпускной работе рассмотрены вопросы расчета, анализа и
нормирование потерь в электрических сетях ОАО Атырау Жарык.
Выполнены расчеты по определению технических потерь в электрических
сетях. Расчеты по оптимизации режима проведены с использованием
программы РАСТР. В разделе экономики разработана инвестиционная
программа по снижению потерь, в которой в качестве наиболее эффективного

мероприятия было принято установка
(БСК). Экономический эффект

определен на основе расчета суммарного дохода компании от экономии
электроэнергии при снижении потерь. В разделе безопасности
жизнедеятельности был расмотрен травматизм в электрических сетях ОАО

Атыру
Жарык и
проведены расчеты по определению пожарной

безопасности и необходимого объема освещения на ПС.

Аңдатпа

Бұл диплом жұмысымда Атырау Жарық ААҚ электр тораптарындағы

электр энергиясының шығынын есептеу, сараптау және
нормалау

қарастырылды. Электр тораптарындағы техникалық шығынды анықтау үшін
есептеулер жүргізілді. Режимді оңтайландыру есептеулері РАСТР
программсын қолдану арқылы жүргізілді. Экономика бөлімінде шығынды
азайту бойынша инвестициялық программа жобаланды. Мұнда ең тиімді шара
СКБ-ны (БСК) орнату болды. Шығынды азайту кезіндегі үнемделген электр
энергиядан түсетін табыстың есебі негізінде экономикалық әсері анықталды.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде электр қауіпсіздігін негізге ала отырып
Атырау Жарық ААҚ 6-10 кВ электр тораптарын пайдалануда зиянды және
қауіпті факторлар, қорғаныстық жерге қосу құрылғысын таңдау шарттары
және қосалқы станциядағы диспетчер бөлмесінде табиғи жарықтануға есеп
жүргізу жолдары қарастырылды.

11

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Электр энергия шығынын есептеу мәселелері бойынша негізгі
ережелер мен терминдер
1.1 Электр тораптарындағы электр энергия шығындарының құрылымы
1.2 Электр энергияның техникалық шығындары
1.3 Электр энергияның коммерциялық шығыны
1.4 Электр тораптарындағы техникалық шығындарды есептеу әдістері
1.5 Электр энергияны жеткізіп беру мен тарату кезіндегі технологиялық
шығындар
1.6 Қосалқы станцияның өзіндік мұқтаждығына кететін электрэнерия
шығыны
2 Атырау жарық ААҚ электр тораптарындағы электр энергияның
шығын деңгейіне талдаулар және есептеулер
2.1 Атырау Жарық ААҚ электр тораптары туралы негізгі мәліметтер.
2.2 Атырау қаласында және Атырау облысында электр тұтынудың
болжамы
2.3 Торап телімін таңдау және торап режімінің параметрлерін анықтау
2.4 "РАСТР" бағдарламасының көмегімен есептелетін бөлімге қысқаша
сипаттама
2.5Атырау Жарық ААҚ электр тораптарындағы электр энергиясының
шығынын RASTR бағдарламасының көмегімен есептеу
2.6 Ағынтаралудың құрылымдық-баланстық моделі
2.7 АПК тораптарында электрэнергия шығынының нормативтік
сипаттамасын (ЭШНС) есептеу
3 Атырау жарық ААҚ электр тораптарындағы энергия шығынын
азайту бойынша шаралар
3.1 Шығынды азайту бойынша жасалатын негізгі шаралар түрлері
3.2 6-10 кв қалалық тарату тораптарындағы статикалық конденсатор
батареяларын (СКБ) таңдау әдістемесі
3.3 Екі трансформаторлы қосалқы станциядағы маусымдық шаралар
3.4 Тарату тораптарындағы электрэнергияны есепке алу жүйелерін
дамыту бойынша ұйымдастыру шаралары
4 Атырау Жарық ААҚ электр тораптарында электрэнерия шығынын
азайту бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыру
4.1 Атырау Жарық ААҚғы шығынды азайту шаралары

7

8
9
10
14
15

18

20

23
23

25
26

29

32
43

44

46
46

51
58

60

62
63

4.2
2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының

Агенттігінің табиғи монополияны түзету туралы стратегиялық жоспары
4.3 Электр энергия және қуат шығындарын шығынсыз шаралармен
азайтқандағы эффектіні есептеу

12
63

65

4.4 Шығындарды төмендетуге кететін инвестицияны есептеу
4.5 Инвестицияның қаржы-экономикалық тиімділік көрсеткіштері
5 Өміртіршілік қауіпсіздігі
5.1 Электр қауіпсіздіктің негізгі жайттары
5.2 Электр зақымдаушылықтың негізгі себептері.
5.3 Адамның электр тогымен зақымданудың ерекшеліктері
5.4 Электр тогының адамға әсер ету түрлері..
5.5 Адамдарды электр тогымен зақымданудан қорғау
5.6 Қорғаныстық жерге қосу құрылғысын таңдау және есебі
5.7 Қосалқы станциядағы диспетчер бөлмесінде табиғи жарықтануға
есеп жүргізу
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

13

66
68
71
71
71
72
72
73
75

80
87
89

Дипломдық жұмыста келесідей қысқартулар қолданылды

СКБ (БСК) - статикалық конденсатордың батареясы;
ЭЭС - электр энергиясының сапасы;
ҚО - қорек орталығы;
ТҚС - тарату қосалқы станциясы
ТрҚС - трансформаторлы қосалқы станция
АҚҚ - автоматты қайта қосылу;
РҚҚ - резервтің қайта қосылуы;
ӘЖ - әуе желісі;
КЖ - кабель желісі
Тр - трансформатор.

14

Кіріспе

Бұл диплом жұмысымда Атырау Жарық ААҚ-ның электр
тораптарындағы электр энергиясының шығынын есептеу, сараптау және
қалыпқа келтіру сұрақтары қарастырылған. Соңғы жылдары техникалық және
коммерциялық шығыннан тұратын, электр энергиясының есептік шығыны
жоғарылап кетті. Сол уақытта электр энергияны үнемдеу шараларын таңдау
және де тарифті анықтап, негіздеу үшін электр энергиясының шығынының
өсуінің дұрыс факторларын анықтау керек.
Электр тораптарындағы электр энергиясының шығыны олардың
жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Шетелдік сарапшылардың
бағалаулары бойынша электр тораптарындағы электр энергиясының
максималды рұқсат етілген ортақ шығыны 10%-дан аспауы керек. Тораптағы
шығындардың деңгейіне әсер ететін жағымсыз үрдістер бар. Оларға:
жабдықтардың ескіруі, электр энергиясын есептеу құралдарының физикалық
және моральдік тозуы, орнатылған қуат беретін жабдықтардың сәйкес еместігі
жатады.
Соңғы уақытта шығынды есептеу қиындықтарына және елеулі
қателіктерге байланысты электр энергия шығынын нормалау әдістерін
өңдеуге көп көңіл бөлінеді.
Электр энергия шығынынан алынған нормалар бойынша электр
энергиясына тариф орнатылады. Тарифтерді реттеу мемлекеттік реттеуші
ұйымдарға жүктеледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымдар - тарифке қосу
орынды деп есептейтін электр энергия шығынының деңгейін негіздеулері
керек, ал энергетикалық комиссиялар - осы негіздерді талдау және қабылдау
немесе түзетулері керек.
Диплом жұмысымның негізгі басты мақсаты электр энергиясының
шығынының құрылымдық сараптамасы және де "Атырау жарық" электр
тораптарындағы шығынды есептеу, нормалау және талдау сондай-ақ
шығынды азайту жолдарын қарастыру болып табылады.
Экономика бөлімінде электр энергиясының шығынын азайту бойынша
инвестициялық программа жобаланды. Онда СКБ-ның (БСК) тиімділігі
дәлелденген.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде электр қауіпсіздігін негізге ала
отырып Атырау Жарық ААҚ 6-10 кВ электр тораптарын пайдалануда
зиянды және қауіпті факторларға талау жасап, қорғаныстық жерге қосу
құрылғысын таңдау шарттарын және де қосалқы станциядағы диспетчер
бөлмесінде табиғи жарықтануға есеп жүргізу жолдарын қарастырдым.

15

1 Электр энергия шығынын есептеу мәселелері бойынша негізгі
ережелер мен терминдер

Есептік (нақты) шығындар - бұл электр энергияны тарату кезіндегі
тарату тораптарының (РЭК, РЭС) кірісіне және тораптың шығысына
(жүктемеге) орналастырылатын аспаптардың көрсеткіштерімен анықталатын,
торапқа түсетін және тораптан шығатын электр энергиясының
айырмашылығы.
Техникалық шығындар - электр желілері бойынша электр энергиясын
тасымалдау және тарату кезіндегі физикалық процесстермен белгіленетін
электр жабдықтарындағы және өткізтегі шығындар. Техникалық
шығындардың шамасы тораптың параметрлері мен режімдеріне, жүктеме
тогының шамасы және оның фаза бойынша бірқалыпты таралуына
байланысты. Техникалық шығындар есептеу жолымен анықталады.
Өзіндік мұқтаждық электр энергия шығындары - бұл қосалқы
станциялардағы жабдықтардың технологиялық жұмыстарын және қызмет
көрсететін жұмысшылардың өмір тіршілігін қамтамассыз етуге кеткен электр
энергияның шығыны.
Коммерциялық шығындар - бұл электр энергияны ұрлаумен, электр
энергияға төлеу кезіндегі есептеуіштердің көрсеткіштерінің сәйкес
еместігімен және электр энергияны тұтынуын бақылауды ұйымдастыру
кезіндегі басқа да себептермен белгіленетін шығындар.
Метрологиялық шығындар - бұл өлшеу кезіндегі интрументалды
қателіктермен белгіленетін шығындар.
Нормативті шығынның шамасы - бұл электр тораптарында электр
энергияны жіберу және тарату кезіндегі электр энергия шығынының қолайлы
шамасы. Ол талдау-есептеу, статикалық-ықтималдық және эксперименттік
әдістермен анықталады.
Нормативті шығынның салыстырмалы шамасы технологиялық
шығындардың қосындысының тораптан өткен электр энергия шамасына
қатынасы бойынша анықталады.
ҚР қабылданған шығын нормасы бойынша шығынның нормасы белгілі уақыт
аралығына: жылға, кварталға және жарты жылдыққа қабылданады.
Қазіргі уақытта электр энергисының шығынының нормасын техникалық
шығындар құрайды: шартты-тұрақты, айнымалы немесе жүктеме шығындары,
қосалқы станциялардың өзіндік мұқтаждығына шығындар.
Жоғары нормативті шығындар - бұл нормативті шығындар мен есептеу
шығындарының айырмашылығы. Қазіргі уақытта жоғары нормативті
шығындарды техникалық, коммерциялық және метрологиялық шығындар
құрайды. Жоғары нормативті техникалық шығындар желінің нақты
параметрлерінен нормативті есептеу параметрлерінің айырмашылығынан

16

туады немесе электр тораптарындағы нормативті шығын деңгейін есептеу
кезіндегі қателіктер салдарынан туады.
1.1 Электр тораптарындағы электр энергия шығындарының
құрылымы

Нақты шығындардың сандық мәнін анықтау әдістердің физикалық
табиғатын және спецификасын есептей отырып, оларды төрт бөлікке бөлуге
болады:
- физикалық процесстермен белгіленген электр энергияның электрлік
тораптар бойынша берілуі кезінде болатын электр энергияның техникалық
шығындары WТ
- Қосалқы станциялардың технологиялық жабдықтарынының жұмысын
және жұмысшылардың өміртіршілігіін қамтамасыз ететін және өзіндік мұқтах
қосалқы станциялардың трансформаторларында орналастырылған
есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша есептелетін өзіндік мұқтажына
кететін электрэнергия шығындары WСН
- өлшеу кезіндегі инструменталды қателіктермен сипатталатын
электрэнергия шығыны (инструменталды шығындар) WИЗМ .

-
Электрэнергияны ұрлауымен, тұрмыстық тұтынушылардың

электрэнергия үшін төлеу кезіндегі есептеуіш көрсеткіштерінің сәйкессіздігі
және электрэнегия тұтынуын бақылауды ұйымдастыру сферасындағы тағы
басқа себептермен белгіленген коммерциялық шығындар WК

WК WОТЧ WТ WСН WИЗМ

(1.1)

Шығын құрылымының бастапқы үш құраушысы желі бойынша
электрэнергия тарату процессін технологиялық қажеттілігімен және
электрэнергия жіберу және қабылдау кезіндегі инструменталды есептеумен
негізделген. Осы үш құраушы шығындардың қосындысы технологиялық
шығындар деген терминге ие болады. Төртінші құраушы - коммерциялық
шығындар - адамзат факторлары әсерінен негізделген және соған
байланысты барлық абоненттердің электрэнергиясын төлеу кездегі
есептеуіштердің көрсеткіштеін өзгерту әсерлері, сонымен қатар төлемеу және
толық төлемеу жағдайлармен сипатталады.
Электр энергияның техникалық шығынын келесі құрылымдармен
көруге болады.
Қосалқы станцияның жабдықтарындағы жүктеме шығындары. Оларға
күштік трансформаторларындағы және желідегі шығындар, сонымен қатар
токты өлшеу трансформаторларындағы шығындар, жоғары жиілікті
бөгеушілердегі және ток тежеуіш реакторларындағы байланыстар жатады.
Осы элементтердің барлығы желенің кесуіне қосылады, демек тізбектелген,
сондықтан олардағы шығын олар арқылы өтетін қуатқа тәуелді.

17

Шартты-тұрақты шығындар

(бос жүрістің), күштік

трансформаторлардағы, өтемдік қондырғылардағы (КУ), кернеу
трансформаторларындағы, жалғасу қондырғыларындағы және
есептеуіштеріндегі байланыстардағы, сонымен қатар кабелді желілердің
оқшауламаларындағы шығындар жатады.
Климаттық шығындарға шығынның үш түрі кіреді: тәж шығындары,
АЖ және қосалқы станциялар оқшауламалары бойынан өтетін ағындық ток
салдарынан болатын шығындар және мұзды ерітуге кететін электрэнергия
шығындары. Осы аталған шығындардың барлығы ауа-рай шарттарына тығыз
байланысты.
Электр энергияның қосалқы станцияның ӨМ шығыны ЭҚ әртүрлі
типтерінің (23-ке дейін) жұмыс режимдеріне негізделген. Бұл шығындарды
алты құраушыға бөлуге болады:
- ғимаратты жылыту;
- ғимаратты жарықтандыру және желдендіру;
- синхронды компенсаторлардың қосымша жабдықтары және қосалқы
станцияны басқару жүйесі;
- жабдықты жылыту және салқындату;

-
ауалық ажыратқыштардың компрессорларының және майлы

ажыратқыштардың пневматикалық жетектерінің жұмысына;
- жабдықты жөндеу, кернеуді жүктемелі реттеу құлырғысы (РПН),
дистилляторлар, жабық таратушы құрылғылардың желдету (ЗРУ), өткелді
жылыту және жарықтандыру.
Электр энергиясын өлшеу кезіндегі қателіктер келесі құраушылардан
тұрады: ток трансформаторлары (ТТ), кернеу трансформаторлары (КТ) және
электрлік есептеуіштер.
Коммерциялық шығындар пайда болу себептерімен ерекшеленетін тағы
да басқа құраушыларға бөлінеді

1.2 Электр энергияның техникалық шығындары

Өткізгіштегі, кабельдердегі және трнасформаторлар орамасындағы
энергия шығындары солардың бойымен ағатын жүктеме тогының квадратына
тура пропорционал, сондықтан оларды жүктемелік шығындар деп атайды.
Жүктеме тогы, көп жағдайда, уақыт бойынша өзгеріп отырады және
жүктемелі шығындар көбінесе айнымалы деп атайды.
Кедергісі R және U кернеуі бар желі элементінің активті қуаттың
жүктемелік шығыны келесі формуламен есептелінеді

Р

Р 2 Q 2
U 2

R,

(1.2)

мұндағы Р и Q - элемент бойынша берілетін активті және реактивті
қуат;

18

Электр энергияның жүктеме шығынына келесілер кіреді:
Күштік трансформаторлар мен желідегі шығындар, оны ортақ түрде
келесі формуламен анықтауға болады, мың.кВт-сағат:

T T t

0 i 2

(1.3)

мұндағы
I (t)
- t уақыт моментіндегі ток элементі;

t - реттік өлшеу аралығындағы уақыт интервалы, егер
соңғы өлшеу тең болатын аз уақыт интервал
уақыт аралығында жасалған болса.

Әуе желісінің (ӘЖ) өткізгіштігінің активті кедергісінің RП есептік мәні,
есептелген период аралығындағы қоршаған ортаның ауасының орта

температурасына
t B
және откізгіш тогының тығыздығына
j , Амм
2

байланысты болатын, өткізгіш температурасының t П , 0 С есебімен анықтайды:

RП R20 1 0,004 (t B 20 8,3 j 2

F
) ,
300

(1.4)

мұнда R20 - t П 20 0 C температура кезіндегі,
2

кедергісі.

Егер есептелген уақыт үшін токтың орта тығыздығы бойынша

мәліметтер жоқ болса, онда оның мәні
j 0,5 , Амм
2
болады. Жалғау

өткізгіштерінде және қосалқы станцияларының таратуқұрылғы-ларының
жинақтаушы шиналарындағы электр энергияның шығыны келесі формуламен
анықталады:

WПС 2,3 F j 2 L 0 Д ,

(1.5)

мұнда

F
L

- өткізгіштің орта қимасы;
- қосалқы станциядағы өткізгіштер ұзындығының қосындысы;

j - ток тығыздығы.
1.5 формуласында қолданылатын параметрлер бойынша мәліметтер
болмаған жағдайда, қосалқы станцияларының тарату құрылғыларының
жинақтаушы шиналарындағы есептеу шығындарыды шартты-тұрақты
шығындарға жатқызады.
Өлшеу ток трансформаторларындағы (ТТ) электр энергия шығындары
келесі формуламен анықталады:

19 W 3 R I 2 (t)dt 3 t I i2
F , мм қимасы бар өткізгіштің стандартты анықтамалық

WTT PTT НОМ T TT2 CP kФ2

мұнда, PTT НОМ - ТТ номиналды жүктеме кезіндегі шығындар;
TT2 CP - ТТ есептелген уақыт үшін орта жүктемелік
ток коэффициентінің мәні .

1.6 формуласында қолданылатын параметрлер бойынша мәліметтер жоқ
жағдайда, ТТ есептеу шығындарды шартты-тұрақты шығындарға жатқызады.
Шартты - тұрақты шығындар.
Электр энергияның шартты-тұрақты шығындарына келесілер кіреді:
- күштік трансформаторлардағы (автотрансформаторларда) және доға
сөндіргіш реакторлардың трансформаторларындағы бос жүрістің шығыны;

(1.6)

-
жүктемесі желі жүктемесінің қосындысына тура байланысы жоқ

жағдайдағы (реттелетін қарамтаушы құрылғылар) жабдықтағы шығындар;
- желінің кез-келген жүктелу кезінде бірдей параметрлерге ие болатын
жабдықтардағы шығындар (реттелмейтін қарамтаушы құрылғылар, вентильді
разрядтауыштар (ВР), асқын кернеуді шектеуіштер (ОПН), өлшеуіш кернеу
трансформаторлары (ТН), олардың екінші тізбектерімен, 0,22-0,66 кВ электр
санауыштар және күштік кабельдердің оқшауламалары).
Күштік трансформаторлардағы (автотрансформаторлар) бос жүріс
режіміндегі электрэнергия шығындары жабдықтың паспортты
берілгендерінде көрсетілген бос жүріс режіміндегі қуат шығындары PX
негізінде келесі формуламен есептелінеді

m

i 1 U НОМ

(1.7)

мұнда T pi - i режіміндегі жабдықтың жұмыс істеу сағатының саны;
U i - i режіміндегі жабдықтағы кернеу ;
U НОМ - жабдықтың номинальды кернеуі.

Жабдықтағы кернеуді өлшеудің көмегімен немесе электротехника
заңдарына сәйкес тораптағы тұрақталған режімді есептеу арқылы анықтауға
болады.
Шунттық реакторлардағы (ШР) электр энергияның шығынын Pp қуат
шығынының паспортты мәліметтерінде негізінде (1.6) формула бойынша
анықтайды. Паспорт мәліметтерінде олар бос жүрістің шығыны деп
аталмайды, ал реактордағы шығындар деп аталады, бірақ PX табиғаты

бойынша
трансформаторлардағы шығындармен бірдей болып келеді.

Шунттық реакторлардағы (ШР) және қосалқы станцияларының тарату

20 U i
WX PX T pi
,

құрылғыларының

жинақтаушы шиналарындағы электр энергияның

шығындары күн саны 365 тең болатын жыл үшін, ал толы жылда нормативті
шығындарды есептеу кезінде
коэффициенті қолданылады. Синхронды компенсаторлардағы
(СК) электр энергия шығындарды теорялық түрде толығымен бос жүріс
шығындарына жатқызуға болмайды, себебі кез-келген электрлік
машиналардағы шығындар жүктемелік құраушыға да ие
(трансформатордағыдай). Бірақ, бұл шығынды құраушы тораптағы жүктемеге
емес, Синхронды компенсатордың жүктемесіне тәуелді, соңғысы тораптың
жүктемесімен тікелей тәуелді емес, синхронды компенсатор шығындарын
шартты-тұрақты шығындарға жатқызады және келесі формуламен анықтайды:

WCK 0,4 0,1 Q PHOM TP

(1.8)

мұнда Q - есептелген период кезінде СК максималды жүктемесінің
коэффициенті;

PHOM

- паспортты мәлеметтерге сәйкес СК номиналды жүктеме

режіміндегі қуат шығыны.
СК ретінде жұмыстан шығарылған (турбинасыз турбогенераторлар)
тиімді емес станциялардағы ескі генераторлар немесе жұмыс істеп тұрған
станциядағы, негізгі қызметі бойынша белгілі уақыт аралығында
қолданылмайтын генераторлар қолданылады. Статикалық қарамтаушы
құрылғыдағы (КУ) -, конденсаторлы батареяларда (БК) және статикалық
тиристорлы компенсаторларда (СТК) электр энергия шығындар келесі
формуламен есептелінеді:

WКУ pКУ S КУ TP ,

(1.9)

мұнда pКУ - Қарамтаушы құрылғылардың паспортты мәлеметтеріне
сәйкес қуаттың менщікті шығыны;
S КУ - Қарамтаушы құрылғылардың қуаты (статикалық тиристорлы
компенсаторлар үшін сыйымдылық құраушысы бойынша қабылданады).

Паспорттық мәліметтерінде
мәні жоқ жағдайда, БК үшін 0,003

кВт\квар-ға тең болса, СТК үшін 0,006 кВт\квар-ға тең болады.
Вентильді разрядтауыштарда (ВР), асқын кернеуді шектеуіштерде
(ОПН), өлшеуіш кернеу трансформаторларында (ТН), 0,22-0,66 кВ электр
санауыштармен және күштік кабельдердің оқшауламаларындағы
электрэнергия шығындары жабдықты дайындаушы зауыттардың паспортты
мәліметтеріне сәйкес алынады.
0,22-0,66 кВ электр санауыштарда электр энергия шығындары сағ бір
санауышқа бір жыл ішінде келесі берілгендерге сәйкес қабылданады, кВт∙

212

Бір фазалық, индуктивті - 18,4;
Үш фазалық, индуктивті - 92,0;
Бір фазалық, электронды - 21,9;
Үш фазалық, электронды - 73,6.

1. 3. Электр энергияның коммерциялық шығыны

Коммерциялық шығындар негізгі екі себептермен белгіленген. Олар:
тұтынушылардың электр энергияны ұрлауы және тұтынуды және төлеуді
бақылайтын ұйымдардың аздығы.
Коммерциялық шығындар абсалютті бірлікте келесі формуламен
есептелетін электр тораптарындағы электр энергияның фактілі
баланссыздығы болып табылады:

WK WOC WПО WТ ,

(1.10)

мұнда WОС - аралас электр жүйесінен, ПЭС немесе МГЭС-тен электр
торапына түсетін электр энергияны ескеретін, санауыштардың
көрсеткіштерінің айырмашылығы бойынша анықтайтын электр торапқа
жіберілетін электр энергиясы және санауыштардың ПЭС немесе МГЭС
электр торапына жіберген электр энергия ескеретін электр энергиясы;
WПО - электр санауыштардың көрсеткіші бойынша өнеркәсіптік,
құрылыстық және соған ұқсас бюджетті тұтынушылар және тағы басқа
мекемелерге анықталатын электр энергия пайдалы жіберілісі
Тұрмыстық тұтынушыларға пайдалы жіберіліс ПБ төлемдерін кассалар
және электр энергияға төлейтін ТБ орташа есептелген тариф арқылы анықтауға
болады:

WПО П Б Т Б ;

(1.11)

мұнда WТ - электр энергияныңтехникалық шығындары.

Идеалды жағдайды (1.11) формуламен есептелінетін электр
торапындағы электр энергия баланссыздығы (коммерциялық шығындар)
нолге тең болу керек. Бірақ, шынайы шарттарда торапқа жіберіліс, пайдалы
жіберіліс және техникалық шығындар қателіктермен есептелінеді. Осы
қателіктердің айырмашылығы коммерциялық шығындардың құрылымдық
құраушылары болып табылады. Бұлар мәндер мүмкіндігінше сәйкес іс-
шаралардың ұйымдастыру арқылы минималды мәндерге келтірілуі керек.
Торапқа жіберіліспен және тұтынушыларға пайдалы жіберілген
электрэнергияның өлшеулерінің қателігі. Өлшеуіш кешендердің (ӨК) ең мәнді
құраушылары болып ток трансформаторлары (ТТ), кернеу

22

трансформаторлары, электр энергия санауыштары (ЭС), ЭС-ң КТ-на
жалғанатын желілері табылады.
Энерго үнемдеу жұмыстарының жетіспеушілігінен пайдалы берірілістің
төмендеуімен белгіленген коммерциялық шығындар
Бұл шығындар екі құраушыдан тұрады: төлемдерді ұсынылған кездегі
шығындар және электр энергия ұрлау кезіндегі шығындар.
Төлемдерді ұсынылған кездегі шығындар келесілермен түсіндіріледі:
- тұтынушылар бойынша мәлеметтердің дәлсіздігі, сонымен қатар,
электр энергияны пайдалануға жасалған келісім-шарттар туралы жеткіліксіз
және қате ақпараттар
- төлемдер ұсыну кезіндегі қателіктер, сонымен қатар тұтынушыларға
- тұтынушылар бойынша дәлдәк ақпарат жоқтығынан.

-
бақылаудың жоқтығы және арнайы тарифпен қолданылатын

клиенттерге төлемдердің қате ұсынысы
- бақылаудың және толемдерді түзетудің есебінің жоқтығы
Электр энергияны ұрлау шығындары:
Бұл әлемдегі көптеген мемлекеттердегі энергетиктердің негізгі мәселесі
болып табылатын, коммерциялық шығындардың мәнді құраушылырының
бірі.
Эксперттердің мәліметтері бойынша, шетелдерде электр энергияны
ұрлаудың үш әдісі бар:
- механикалық;
- электрлік;
- магнитті.
Электр энергияны ұрлаудың көптеген әдістері бар, оны қысқаша
баяндамада көрсету мүмкін емес.
Электр энергияның коммерциялық шығыны қараусыз тұтынушылардың

және тұрмыстық тұтынушылардың
электр энергиясына уақытсылы

төлемеуімен белгіленеді.
Электр тораптарындағы электр энергияның техникалық шығынын
есептеу қателіктері электр энергияның коммерциялық шығынын өлшеуге
болмайды. Оларды кейбір қателіктермен есептеуге болады. Бұл қателіктердің
мәні WОС және WПО өлшеу қателеікетінемен қатар, электр энергияны ұрлау
көлеміне, қараусыз тұтынушыларға және жоғарыда көрсетілген факторларға
байланысты, сонымен қатар электр энергияның техникалық шығынын есептеу
қателіктеріне де байланысты.
Электр энегрияның техникалық шығынын есептеу неғұрлым дәлірек
болса, коммерциялық құраушының бағасы анық болады және олардың
құрылымын анықтауға және оларды төмендету іс-шараларын анықтауға
болады.

1.4 Электр тораптарындағы техникалық шығындарды есептеу
әдістері

23

Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр тораптарындағы
техникалық шығындары кернеудің үш көлемі бойынша есептеледі:
- кернеуі 35 кВ және одан жоғары тораптарында
- кернеуі 6-10 кВ тарату тораптарында
- кернеуі 0,38 кВ тарату тораптарында
РЭС және ПЭС қолданылатын 0,38 - 6 - 10кВ таратушы тораптар қорек
көзінен электр қабылдауыштарға дейінгі барлық электр энергия жіберіліс
тізбегіндегі бойынша шығындар қосындысының мәнді бөлігімен сипатталады.
Бұл желілер құрылысының ерекшілігімен, функциялауымен, берілген
желіні қолдануды ұйымдастыруы: элементтердің коп болуымен, сұлбалардың
тармақталуымен, есептеу аспаптарының жоқтығымен, элементтердің аз
жүктелуімен және т.б. жағдайлармен түсіндіріледі:
Жалпы жағдайда таратушы желілердегі электр энергия шығыны ΔW

электрмен жабдықтау жүйелеріндегі элементтердің
ΔWн жүктеме

шығынынан, трансформаторлардағы бос жүріс ΔWхх шығынынан және әуе
желісіндегі тәждің шығынынан ΔWк тұрады.
Шығынды есептеудің кең таралған әдістер - көп шығынның сағат
санының τ әдісі және орта жүктемені есептеу әдісі. Көп шығынның сағат
санын есептеу әдісін жүктемес шығынын есептеу үшін қолданады.

Wн Pmax ,

(1.12)

мұнда ΔРmax - торапта максималды жүктеме режиміндегі қуаттың
шығыны, кВт.

Орта жүктеме әдісі келесі формуламен есептелінеді:

Wн Pср K ф2 Т ,

мұнда ΔРср - Т

уақыт аралығындағы түйіндердің орташа жүктеме

кезіндегі тораптың қуат шығыны, кВт;
Кф - қуат және ток графигінің форма коэффициенті.
Қазіргі уақытта кәсіпорындар мен электр жүйелері арасында электр
энергияны тұтынуды есептеу үшін орта жүктеменің әдісі қолданылады.
Осы нұсқауға сәйкес, қорек тізбегіндегі электр энергия шығынын
есептеу үшін, келесі бастапқы берілгендер туралы ақпараттар керек:
кәсіпорынның жұмыс күндеріне сәйкес активті және реактивті энергины
тұтыну мәліметтер, жүктеменің тәуліктік графикасы, сонымен қатар
трансформаторлардың коталогты параметрлері, электр беріліс желісінің
меншіктік параметрлері.
Осы мәліметтер бойынша: трансформатордың толық жүктеме графигін
толтыру коэффициенті анықталады;

24

К з WP2 WQ2 (S max T ),

(1.13)

мұндағы Т - электрді тұтыну уақытын өлшеу, сағат бойынша, мысалы
бір айда;
WР - активті және WQ - реактивті пайдалану;
SMAX - PMAX активті және QMAX реактивті қуат арқылы анықталатын,
максималды 30 минуттық толық қуат.

2 2

- жүктеменің толық қуаты графигінің

К ф2 (0,124 К З 0,876) 2 ,

(1.14)

- электр беріліс желісінде және трансформаторлардағы энергияның
жүктемелі активті шығыны:

WH

WP2 WQ2
VCP2 T

KФ2 (RT RЛ ) ,

(1.15)

мұндағы трансформатордың активті кедергісі RT және электр беріліс
желісінің бөлігі RЛ тораптағы ортақ кернеуде Vср келтірілген, онда электр
энергиясын есептейтін аспаптар орнатылған;
- 220кВ және одан да жоғары электр беріліс желісіндегі тәжге электр
энергияның шығыны:

WK PCP I T ,

(1.16)

мұнда ΔРср - қарастырылатын аумақ үшін тәжге қуаттың үлесті
шығынының орташа мәні;
lΣ - желінің жалпы ұзындығы;

трансформаторлардағы бос жүрістің электр энергия шығыны;

WXX P T ,

(1.17)

мұндағы ΔРхх - трансформаторлардағы бос жүрістің каталогты
шығындары;

Энергияның активті шығыныны, пайызбен есебінде және электр
энергияны өлшейтін түйіндердегі есептеуіштермен анықталған (көп жағдайда

25S MAX PMAX QMAX ,

6-10 кВ шиналары үшін), Wр активті энергияға байланысы бойынша шамасы
келесі формуламен есептелінеді:

WP%

WH WXX WK
WP

100%

.

(1.18)

Бұл формуланың талдауы WP% шамасы уақыт бойынша өзгеріп тұратын
активті WР және реактивті WQ энергияның тұтыну шамасына, сонымен қатар
толық қуат графигінің формасын сипаттайтын Кф коэффициентіне тәуелді
екенін көрсетеді. Әдетте, ΔWP% шамасы жаз айларында - кәсіпорынның
жұмыс интенсивтілігі аз период кездерде, көбірек болады.

1.5 Электр энергияны

жеткізіп

беру

мен

тарату

кезіндегі

технологилық шығындар

Электрэнергия өзінің өндірілетін жерінен тұтынылатын жеріне дейін
тасымалданғандағы басқа ресурстарды қолданбайтын өнімнің жалғыз түрі
болып табылады. Бұл үшін жіберілетін электрэнергия, өзінің бір мөлшерін
шығындайды, сол себепті оның шығынынан құтыла алмаймыз, мәселе оның

экономикалық негізделген деңгейін анықтауда.
Электр торабындағы

электрэнергия шығынын осы деңгейге дейін азайту - энергия үнемдеудің
басты бағыттарының бірі болып саналады.
Нарық қатынастарының дамуына орай электрэнергия шығын
мәселесінің маңыздылығы айтарлыктай артты. Шығын құны электрэнергия
тарифін құрау-шылардың бірі болып табылады. Манапольді сипатқа қарай
нарықтық механизмдер көмегімен электржабдықтау тарифті ұсыныс пен
сұраныс баға балансы деңгейінде табиғи бекітуді мүмкін емес, электр
қамтамассыздандырудың балама мүмкіндіктері жоқтығынанба? Тұтынушы
электрэнергияны тек қана өзінің электржабдықтау ұжымынан алады.
Бұл жағдайда тарифті реттеу мемлекеттік реттеуші органдарға (федералды
және аудандық энергетикалық комиссия) жүктеледі. Энергиямен
жабдықтайтын ұжымдар тарифке қосуға тиімді деп есептейтін
электрэнергияның шығын деңгейін негіздеп, ал энергетикалық комиссиялар -
осы негіздемені талдап, оны түзету немесе керек.
Нормативті анықтау әдістемесі әлі бекітілген жоқ. Тіпті нормалау
қағидасы да анықталған жоқ. Нормалауға кіріспе ойлар кең ауқымды
диапазонда жатыр - шығынның пайыздық түрінде бекітілген нақты
нормативті болудан, торап сұлбасының тұрақты жүргізілетін шығынды
есептеу көмегімен сәйкесті бағдарла-малық қамтуды қолданып қалыпты
шығындарды бақылауға дейін.
Айқын жағдайда электр торабындағы электрэнергияның коммериялық
шығыны нөлге тең болуы керек. Шынайы шарттарда торабқа жіберілетін
энергия, пайдалы энергия және техникалық шығындар қателіктермен
анықталатыны анық. Бұл қателіктердің айырмашылығы нақты және
26

коммерциялық шығындардың құраушылары болып табылады. Олар сәйкесті
шаралар орындауға байланысты мүмкіндігінше минимумға келтірілуі керек.
Егер мұндай мүмкіндік болмаса, электрэнергия өлшеудегі систематикалық
шығындарды компенцасиялайтын электр санағыш көрсеткіштеріне өзгертулер
енгізу қажет. Өлшеу қателіктері торапқа жіберілген және тұтынушыға
жіберілген пайдалы электрэнергия.
Нақты (есептік) шығындар - жүйеге келген және жүйеден жіберілген
электрэнергияның айырмасы, ол тарату жүйесінің (АЭК, РЭС) кірісіне және
жіберілгендегі жүйе шығысында (тұтынушыда) орнатылған санауыш
құрылғылардың көрсетуімен анықталады.
Техникалық шығындар - электр торабы арқылы электр энергияны
жеткізіп беру, тарату кезінде болатын, сымдар мен электрқондырғылардағы
физикалық процеспен болатын шығындар. Техникалық шығынның өлшемі
тораптың режимі мен параметрлеріне, жүктеме тоғының шамасына және оның
фаза бойынша біртекті таралуына тәуелді. Техникалық шығын есептік жолмен
анықталады.
Өзіндік мұқтаждыққа кететін электрэнергия шығыны - ол қосалқы
стансаның технологиялық құрылғыларының жұмысын және қызмет ету
қызметкерінің өмір сүруін қамтамасыз етуге кететін электрэнергия шығыны.
Коммерциялық шығындар - бұл шығындар электрэнергияны ұрлаудан
болады, санауыштың көрсетуі электрэнергияға төлеу кезінде сәйкес келмеуі
және электрэнергияны тұтынудағы бақылауды ұйымдастыру аймағындағы
басқа да себептерге байланысты.

Метрологиялық шығындар
-
өлшеу кезіндегі инструменттердің

қателіктерінен болған шығындар.
Шығынның нормативтік өлшемі - электр торабындағы электрэнергияны
жеткізіп беру мен тарату кезіндегі шығын өлшемінің оңтайландыру
негізіндегі мәні. Ол аналитикалық-есептік, статикалық-ықтималдық және
эксперименталды тәсілмен анықталады.
Асқын нормативтік шығын - нақты және нормативтік шығынның
арасындағы айырмасы. Казіргі кезде асқын нормативті шығынды техникалық,
коммерциялық және метрологиялық шығын құрайды.
Электрэнергия өлшеудегі қателік жалпы жағдайда көптеген
құраушыларға бөлінеді құрамына: тоқ трансформаторы (ТТ), кернеу
трансформаторы (КТ), электрэнергия санағышы (ЭС), ЭС КТ - на қосылған
желі қосындысы кіретін өлшеуіш комплекстің ( ӨК) неғұрлым маңызды
қателік құраушыларын қарастырамыз. Торапқа және пайдалы жіберілетін
электрэнергия өлшеудің негізгі құраушыларына жататындар: ТТ, КТ және ЭС
дәлдік класстарымен анықталатын, ӨК қалыпты жұмыс шартында
электрэнергия өлшеу қателіктері; жүктеменің нормативті қуат
коэффициентіне қарсы азайтылып (қосымша бұрыштық қателік ) шартталған
ӨК шынайы қолданыс шартында электрэнергия өлшеудегі қосымша
қателіктер; әртүрлі жиіліктегі магнит және электромагнит өрісінің ЭС әсері;
ТТ, КТ және ЭС толық емес және асқын жүктелуі; симметриясыздығы және

27

ӨК келтірілген кернеу деңгейі; ЭС қыздырылмайтын және шектен тыс төмен
температурада жұмыс істеуі және т.б.; аз жүктемеде әсіресе түнгі сағаттарда
ЭС сезгіштігінің жеткіліксіздігі; ӨК нормативтен аса қызмет ету мерзіміне
шартталған систематикалық қателіктер. ТТ және КТ электрсанағыштардың
қате қосылған сұлбаларына байланысты қателіктер , электрэнергияны тіркеу
құралдарының қателігімен шартталған қателіктер; санағыштардың қосылу
фазировкаларының бұзылуы; электрсанағыштардың көрсеткіштерін қате
түсіру: қателесіп немесе әдейі көрсеткіш таспасын желіндіру; санағыш
көрсеткішін алудың біруақытсыздығы немесе бекітілген алу мерзімін
орындамау, санағышты күту кестесін бұзу; электрэнергияны санағыш
көрсеткішінде аса төлем коэффициентін анықтағандағы қателік.
Торабқа немесе пайдалы жіберілетін электрэнергия өлшеу
қателіктерінің құраушыларының белгілері бірдей жағдайда коммерциялық
шығындар азаяды, ал әртүрлі болса - артатынын айта кету керек. Бұл
электрэнергияның коммерциялық шығындарын азайту көзқарасында торапқа
және пайдалы жіберілетін электрэнергия өлшеу дәлдігін арттыратын
келісілген техникалық саясат жүргізу керектігін білдіреді.

1.6 Қосалқы станцияның өзіндік мұқтаждығына кететін электр
энергия шығыны

Қосалқы стансаның өзіндік мұқтаждығына электрэнергия шығынының
нормасы - бұл берілген электртұтынудың жоспарлық көрсеткіші.
Қосалқы станса өзіндік мұқтаждығына электрэнергия шығынын
нормалау мақсаты болып, есепке алу жүйесін реттеу, бақылау және
жоспарлау, сонымен қатар өзіндік мұқтаждықтың токқабылдағыштарымен
электрэнергия шығынын рационалды жұмсап және үнемдеу керек.
Қосалқы станса өзіндік мұқтаждық электр қабылдағыштарының
құрамына келесілер кіреді:
Қосалқы стансаның өзіндік мұқтаждық категориясына
токқабылдағыштармен электрэнергия тұтынуын жатқызады, ол электр
энериясының түрлендіру мен таратудағы технологиялық процесте қосалқы
стансаның жабдықтарына қажетті функционалды шарттарды қамтамасыз
етеді.
Қосалқы станса өзіндік мұқтаждығына электрэнергияны келесі мақсатта
тұтыну жатады:
- трансформатор мен автотранформаторды суыту үшін;
- бөлменің (ЖТҚ, аккумуляторлық, компрессорлық, сорғылық өрт
сөндіру, синхронды компенсатордың көмекші құрылғыларының ғимараты)
жылыту, жарықтандыру және желдету;
- аумақты жарықтандыру;
- аккумуляторлық батареяның зарядтық-зарядтайтын құрылғысы;
- оперативтік тізбегі және басқару тізбегі (айнымылы оперативтік
токпен қосалқы стансада);

28

- сыртта орнатылатын релелі шкафтар мен СҚЖҚ (РҚ аппараты және
автоматикамен, санауыш немесе ажыратқышпен) ұяшықтарын жылыту
- майлы ажыратқыш багы мен жетегін жылыту;
- бөлгіш пен қысқа тұйықтауыш жетегін жылыту;
- Айырғыштың электр қозғалтқыш жетегін жылыту;
- Жылу жүйесі жоқ бөлмелерде элктр санауыштарды жылыту;
- Ажыратқыштардың басқару шкафы мен агрегаттық шкафтарын
жылыту;
- Компрессорлардың электр қозғалтыштары;
- Синхронды компенсаторлардың көмекші құрылғылары (май соғылар,
циркуляциялық сорғы, дренаждысорғы, ысырмалар, автоматика);
- Басқалары: ҚКР құралғылары, дистиляторлар, ұсақ станоктар мен
құрылғылардың және т.б.
Қосалқы стансалардағы өзіндік мұқтаждыққа кететін электрэнергия
шығынының нормасын есептеу реті:
1) Қосалқы стансаларда өзіндік мұқтаждыққа кететін электрэнергия
шығынының жылдық нормасын есептеуді жекелеген токқабылдағыштарға
кететін электрэнергия шығынын қосумен жүргізіледі.
2) Норма жайлы нұсқамаларға сәйкес әрбір климаттық аймаққа
температуралық коэффициентіне қарай бөлмедегі жабдықтарды жылытуға
кететін электрэнергия шығыныға түзету жүргізіледі.
Әртүрлі құрамды қосалқы станса жабдықтары үшін өзіндік мұқтаждық
нормалық шығындары келесі формула бойынша анықталады:

W W0 Kбірл Kt ,

(1.19)

мұндағы W0 - бір жабдыққа немесе жалпы қосалқы станса бойынша
электрэнергия шығынының нормасы;
К бірл - жабдық бірлігінің саны;
К t - температуралық коэффициент.

Қосалқы стансаның өзіндік мұқтаждыққа кететін электрэнерия
шығынының нормалау электртораптық кәсіпорындарымен жүргізіледі және
РЭУ бөлімшелерімен бақыланады. 0,4 кВ торабында жүктеме фазасын түзету
абоненттердің жарты бөлігін аса жүктелген фазадан жеткіліксіз жүктелген
фазаға ауыстыру арқылы іске асырылады.
Шығынды есептеудің 3 түрі бар:
Ретроспективті есептеу, электр торабының элементтерінің топтары
бойынша энергия шығынының құрылымын анықтау үшін орындалады;
энергияның коммерциялық шығынын бағалау үшін; энергия шығыны көп
болатын элементтерді табу және шығындарды азайту бойынша шараларын
жүргізу; энергожүйе және бөлімшелері бойынша электрэнергия балансын
құру; энергожүйенің технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтау;

29

санауышпен есепке алынбайтын, тұтынушымен энергия шығыны үшін
финанстық есептерді жүргізу.
Оперативті есептеу келесілер үшін жүргізіледі: энергия шығынының
ағымдағы мәндерін және олардың уақыт бойынша өзгеруін бақылау;
режімдерді және электр сұлбаларын оперативті түзету; энергожүйе және
бөлімшелері бойынша электрэнергия балансын құру; энергия шығынын
болжағанда қолданылатын, мәліметтер базасын құрастыру.
Перспективті есептеу келесілер үшін орындалады: келесі болжанылған
кезеңге энергия шығынын анықтау; энергия шығынын жоспарлы азайту
шараларының болашақ тиімділігін бағалау; электр торабының жөндеу
нұсқаларын салыстыру.
Сұлбалардың ерекшеліктеріне, электр торабының режімдеріне және
ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты энергия шығынының есептерін
әртүрлі тәсілдермен шешеді.

1.6. к е с т е - Кернеу деңгейіне қарай шығындардың өзгеруі

Электрэнергияның берілуіне кеткен
технологиялық шығындар

Қосалқы станцияның
өзіндік мұқтаждығы

Электроэнергияның
технологиялық шығындары

Электр-
берілуі-
нің
желісі

Бос
жүрістің

30

Транс-
форма-
торлар-
да

Жүкте-
мелік

Қарымта-
лауыш
қондырғы-
ларда Кернеу деңгейі, кВ
Айнымалы
шығындар, %
Тұрақты
шығындар,%
Шығындардың
қосындысы,%
1150-500
40-50
50-60
2-3
220-110
50-70
30-40
3-4
Барлығы:
40-50
50-60
6-7

1.1сурет - Электрэнергияның берілуіне кеткендегі шығын құрылымы

Торап режимін талдау кезінде активті және реактивті қуаттар
шығындары қызығушылық тудырады. Энергия шығынын талдауға өткен
кезде тек-қана активті энергия шығыны маңызды. Реактивті қуат шығынын
есептегенде тәжірбиелік мәні жоқ.
Шығын құрылымына (сурет 1.1) сәйкес жүктеме шығындарына желідегі
және күштік трансформатордағы шығындардан басқа, өлшеуіш ток
трансфораторындағы, жоғары жиілікті қоршауларда (ЖЖҚ) ЖЖ-байланыс
және ток шектеуіш реакторлардағы шығындар жатады.

31

2 Атырау Жарық

ААҚ

электр тораптарындағы электр

энергияеың техникалық шығынының деңгейіне талдаулар және
есептеулер

2.1 Атырау Жарық ААҚ электр тораптары туралы негізгі
мәліметтер

Атырау-Жарық ААҚ-ның администртративті ауданның шекарасында
орналасқан аудандық электр торабының 8 филиалы бар.
1 Жылы РЭС;
2 Макат РЭС;
3 Индер РЭС;
4 Қызылкугін РЭС;
5 Махамбет РЭС;
6 Исатай РЭС;
7 Құрманғазы РЭС;
8 Қала РЭС;

Атырау-Жарық ААҚ-да
өндірістік-техникалық қызметі Атырау

қаласында орналасқан 16 орталықтанған негізгі өндірістік қызмет арқылы іске
асырылады.
- Экономиканы жоспарлау және дамыту қызметі (ЭЖжДҚ)
- Өндірістік-техникалық қызмет (ӨТҚ)
- Жоғарғы кернеулі қызмет (ЖКҚ)
- Қосалқы станция қызметі (ҚСҚ)
- Релелік қорғаныс және автомат қызметі (РҚжАҚ)
- Байланыс және диспечерлік-технологиялық басқару қызметі
- Оперативті-диспечерлік қызмет (ОДҚ)
- Электр цехы
- Қондырғыларды пайдаланудағы қорғау және сенімділік қызметі.
Атырау-Жарық ААҚ-ның негізгі технологиялық қондырғысы болып
0,4-110 Кв - тағы электр тораптары мен қосалқы стациялары болып табылады.
Атырау-Жарық ААҚта 2013ж есептік нормативті шығын 289,597
млн.кВтч., яғни 18,76%. Жүктеме шығынының көп бөлігі 10-0,4 кВ тарату
құрылғыларында. Ол қондырғылардың тозуынан, тораптардың ұзақтығынан
және оларды оңтайландыруға болмайтындығынан деп түсіндіріледі. Электр
энергиясын іске асырумен, электр желілерін қажетке жаратумен және
жөндеумен, сонымен қатар Атырау облысындағы тұтынушыларды электр
энергиясымен жабдықтаумен айналысады.
Атырау-Жарық ААҚ-ның электр торабының құрамына кіреді:
- төмендеткіш қосалқы станция 1103510 кВ, 11010-6 кВ, 35106кВ;
- тарату пункттар (ТП) 10-6 кВ;
- трансформатор қосалқы станциясы (ТҚС) 35-60,4 кВ;

32

- әуе желілері (ӘЖ)110-0,4 кВ;
- кабельдік желілер (КЖ) 10-0,4 кВ;
- енгізу кабельдік жәшіктері;
- электр энергиясын есептеу приборлары;
- көмекші қондырғылар.
Кернеу класы бойынша электр тораптары 2.1.1 кестеде көрсетілген.

2. 1 к е с т е - Кернеу класы бойынша электр тораптары.

Қызмет көрсету аймағының жиынтық ауданы 118,6 мың. км құрайды.
Әуе желілері ағаш, темірбетон және металды тіреуіштерден жасалған.
Ол кесте 2.1. көрсетілген.
Электр тарату желілерінің техникалық күйі жұмыс жасау уақыты мен
конструктивті ерекшеліктері арқылы анықталады. 35-110 кВ электр тарату
желілерінің жұмыс жасау уақыты 25 жылдан асады, оның ұзындығы - 1722,84
км, ол барлық ұзындықтың 50 % құрайды.

33 Кернеу класы
бойынша электр
тораптары, кВ
Атырау-Жарық ААҚ
Кернеу класы
бойынша электр
тораптары, кВ
2012 жыл
2013 жыл
Кернеу класы
бойынша электр
тораптары, кВ
трассамен, км
шынжырмен,
км
трассамен, км
шынжырмен,
км
Шынжыр бойынша әуе электр тораптары

90,6
90,6
90,6
90,6
110
2145,2
2391,7
2145,2
2391,7
35
860
891
860
891
6-10
4099,774
4099,774
4173,784
4173,784
0,4
1943,54
1943,54
2003,325
2003,325
Барлығы
9139,114
9416,614
9272,909
9550,409
Кабельді электр тораптары

2001 жыл
2002 жыл
6-10
167,11
174,362
0,4
84,01
112,62
Барлығы
251,12
286,982

2. 2 к е с т е - Әуе желілері.

Атыру Жарық ААҚ электр торап шаруашылығы 50 жылдардың
басынан жұмыс істейді.

2.2 Атырау қаласында және Атырау облысында элекр тұтынудың
болжамы

2013 ж. дейінгі мерзімде Атырау қаласы және Атырау облысында
электр энергиянын түтынудың болжамы Экономикалық зерттеу
институтының ғылыми зерттемелерінің нәтижесін, сондай-ақ сонғы жылдарғы
келешекке Халықаралық Энергетикалық Агентствосының, Қазақстан
облысының әкімиаттарының, статистика бойынша Қазақстан Республикасы
Агенствосының, Қазақстан Республикасы старатегиялық жоспарлар жөніндегі
Агенствосының деректерінің электр станция жұмысының техникалық-
экономикалық көрсеткіштері бойынша нәтижелерді ескеріп құрастырылған.
Сонымен басқарудың Жаңа принциптеріне экономиканың өтуін және "2010 ж
дейін Қазақстан Республикасы старатегиялық жоспарларын дамытуға" және
"2015 ж дейінгі Қазақстан Республикасы өндірістік күштерін дамыту және
орналастыру сұлбаларына" сәйкес өндірістік салада жаңа технологияны енгізу
қажеттілігін ескеріп, ертеректе қабылданған бағдар мен тенденцияларда
түбірлерін өзгертумен жетекшіленген.
Электр энергияны тұтынуды және өңір бойынша энергия көздерінің
дамыту келешектерін анықтаған кезде сұлбалық әдісті: стратегиялық
бойынша (І нұсқа) және инерциялық (ІІ нұсқа) сценариялар бойынша

34 Атауы
Атырау-Жарык ААҚ, км
Ағаш тіреуіштерде:
барлығы
4029,85
0,38кВ
1838,12
6-10кВ
2051,33
35кВ
140,4
Металл тіреуіштерде:
барлығы
747,3
0,38кВ
-
6-10кВ
-
35кВ
152,2
110кВ
595,1
Темірбетон тіреуіштерде:
барлығы
4495,399
0,4кВ
165,205
6-10кВ
2122,094
35кВ
567,4
110кВ
1550,1
220кВ
90,6

қабылданған. Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстан бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрэнергиясының техникалық шығындары
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Өнеркәсіптің салаларында энергияны үнемдеу
Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар жайлы мәлімет
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
35/10 кВ-тық «Анката» қосалқы станциясын қайта құру
КЭС-2000МВт шарты бойынша өзіндік мұқтаждық трансформаторларының қуатын таңдау
Электр станцияларындағы өлшеу құрылғылары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Алмагүл 35/10 кВ-тық қосалқы станциясын қайта құру
Пәндер