Ата - ана құқығынан айыру тәртібі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АТА. АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР. АТА. АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Құқықтық тәрбиенің ата-ана мен бала тәрбиесіндегі

алатын орны

1. 2 Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

2 АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУІ

2. 1 Ата-ана құқығынан айыру

2. 2 Ата -ана құқығынан айыру тәртібі

2. 3 Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру

2. 4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері

2. 5 Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық тəжірибе

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.

Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

Жалпы ата-аналармен балалардың құқықтары мен міндеттеріне келсек,

балалардың тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.

Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады:

А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде

Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда

Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын.

Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты.

Ал баланың құқықтарына келсек, баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы:

1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы жоқ.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерн қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетіне құрметтелуіне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар құқығын қорғау саласында глобалды өзгерістерге жетті. 2002 жылы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы Заңы құқығының дамуына өте орасан зор әсерін тигізді. Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрады.

Зерттеу объектісі мен пәні - ата-аналардың құқыктық жағдайы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ата-аналардың құқыктық жағдайы зерттеу.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеуге-мынадай міндеттер қойылды:

- ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастарын зерттеу;

- ата-аналардың құқықтары мен міндеттері зерттеу;

- ата-ана құқығынан айыру немесе шектеуі жайында зерттеу;

- балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық тəжірибелерді зерттеп және оны айтып өту.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Дипломдық жұмысты дайындау барысында зерттеудің әдістемелік негізі ретінде танудың жалпы ғылыми диалектикалық әдісі және оған негізделген жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер: талдау, синтез, дедукция, индукция, қисындық, әлеуметтік, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, жүйелі-құрылымдық әдістер пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қарастырылып отырған салада қызмет ететін көптеген ғалымдар мен мамандардың еңбектері, сондай-ақ құқық ғылымының теориялық жетістіктері құрайды. Сонымен қатар, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына байланысты қабылданған мемлекеттің стратегиялық маңызы бар құжаттары да осы дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде қолданылды.

Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Отбасылық істердің құқықтық тұстарына қатысты мәселелер, оның ішінде құқықтық көмек көрсету сауалдары да Кеңес Одағы кезінен бері бірқатар ғалымдармен ішінара зерттеліп келе жатыр, олар: Б. Б. Базарбаев, Ю. Г. Басин, И. К. Городецкая, С. З. Зиманов және т. б.

Теориялық және қолданбалы тұрғыдан құқықтық көмек көрсетудің заңи тұстарын ашуға және құқықтық реттеу сауалдарын дайындауға көптеген ресейлік авторлар елеулі еңбек қосты. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: М. В. Антокольская, Л. Ф. Ануфриева, М. М. Богуславский, Ю. Беспалов, Е. А. Криволапова, Е. Каруценко, Е. Г. Малиновская, Н. А. Матвеева, А. В. Мыскин, Л. З. Павлык, Л. М. Пчелинцева, Н. Е. Сосипатрова, Н. А. Шебанова, Н. С. Шерстнева және т. б.

Қарастырып отырған мәселе төңірегінде ғылыми зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың ішінде мыналарды атауға болады: С. Ж. Айдарбаев, Б. А. Жандарбек, Ж. О. Құлжaбaевa, Ж. С. Каипбергенова, А. В. Казакова, А. М. Кантарбекова, О. Қазиев, Т. К. Ерджaнов, М. Б. Құдайбергенов, А. Ұ. Мухамадиев, Л. Б. Нысанбекова, У. Шапақ, Ж. Жайлау, А. А. Сабитова, М. А. Сарсембаев, А. У. Таналиева, А. Шаймерденова және т. б. .

Аталған авторлардың ғылымға қосқан елеулі еңбектерін жоғары бағалай отырып, дегенменде олардың еңбектерінде отбасылық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің қазақстандық келісім‑шарттық тәжірибесіне не жанама түрде қарастыру, не ішінара атап өту, не мәселені аңғармау арқылы назар аударылмай қалғандығын көрсетуіміз керек. Қазақстанның осы саладағы кейбір халықаралық шарттарына көңіл бөлінген еңбектердің өзінде кешенділік және жан-жақтылық белгілерінің жоқ екендігін байқауға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу саласында құқықтық көмек көрсету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттық тәжірибесіне талдау жасау бірқатар маңызды мәселелерді, құқықтық қарама-қайшылықтар мен шикіліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы, ең алдымен, зерттеу үшін таңдалған тақырыптың өзімен айқындалады, өйткені бұрын-соңды отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу саласында құқықтық көмек көрсету бойынша Қазақстанның халықаралық келісім-шарттық тәжірибесі бірде-бір автормен кешенді түрде зерттелмеген.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы мен отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу саласында құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық келісім-шарттары тәжірибеде туындап отырған барлық мәселелерді шеше алмайды, себебі заңнама мен халықаралық келісім-шарттар әрдайым тәжірибеден бір қадам болса да кейін қалып, кешігіп отырады. Сондықтан осындай маңызды мәселелерді дер кезінде тауып, талдаудан өткізіп, оларды ретке келтіру жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп ұсыну құқық ғылымының басты міндеті деуге болады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылған тұжырымдар мен ұсыныстар арқылы да көрініс тапқан және олар отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу саласында құқықтық көмек көрсету бойынша Қазақстанның заңнамасы мен халықаралық келісім-шарттық тәжірибесін жетілдіруге бағытталып отыр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы қойылған мақсат пен міндеттерге сай белгіленген. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АТА. АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР. АТА. АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Құқықтық тәрбиенің ата-ана мен бала тәрбиесіндегі

алатын орны

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын туындап жататын секілді.

Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н. Ә. Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы

отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

Бала әрқашан бала

Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.

16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.

Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

а) Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді;

ә) Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

б) Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

в) Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата - анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

г) Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

ғ) Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

д) Әрбір баланың ой - пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

е) Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

ж) Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

з) Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен денсаулығын

қорғап, балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды

мемлекеттік міндет деп қарастырған.

Декларацияның 26 - бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 - бабында көрсетілгендей:

1. Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім - көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.

2. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай - ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.

3. Ата - аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.

Әрбір баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар. Құқық - адамның міндеті де болып табылады.

Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

«Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес (Заңның 20, 24, 48 және 50 бабтары) әрбір бала ҚР Заңдары мен Конституциясын сақтауға, басқалардың құқығын, ар - намысын құрметтеуге, ата-аналары жұмысқа жарамсыз болған жағдайда қамқор болуға, Республиканың мемлекеттік нышандарын, тарихи және мәдени мұраларды қорғап, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға, табиғатты қорғап, табиғи байлықтарға жауапкершілікпен қарауға міндетті.

Өз кезегінде ата-аналар немесе заңды өкілдері қабілеті мен қаражаттық мүмкіндігіне орай баланың өмір сүруіне және жан - жақты дамуына жағдай жасаулары тиіс[1, 98б] .

Ата - аналар баланы тәрбиелеуге, оларға қамқорлық жасауға, материалдық жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілігіне алуға міндетті. Заңға

қайшы, құқықбұзушылық жасаған бала ҚР заңына сәйкес жауап береді.

2015 жылы Кентау қалалық Ішкі істер бөлімінде 3 кәмелетке толмағандарға 3 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде 2 қылмыстық іс ұялы телефон мен ақша тартып алу, 1 қылмыстық іс мал ұрлау деректері.

Соңғы кездерде құқықбұзушылық көбіне көшеде орын алуда. Бұлар- ұрлық, тонау, төбелес, дене жарақаттарын түсіру, автокөліктер ұрлау. Ал мектептерде ұялы телефондар тартып алу, өздерінен кіші сынып балаларынан ақша талап ету, топ болып көрші мектептердің оқушыларымен төбелесу.

Аула арасында бұрын сотталғандар мен жұмыссыздар мектеп оқушыларының күш -қуаты мен жан дүниесін зерттеп, қабілеттеріне қарай қылмыстық істер жасауға, топтық қылмыстарға тартады.

ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің 80-бабына сәйкес кәмелетке жасы толмағандар келесі қылмыстық істерді адам өлтіру, қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру, зорлау, бұзақылық жасау, ұрлық, тонау, шабуылдау, алаяқтық, лаңкестік, лаңкестік жайлы жалған хабарлама жасағандар, вандализм, қаза болған адамдардың мүрдесі мен олар жерленген жерлерді қорлағаны үшін 14 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы бойынша ата-аналары немесе өзіне осы міндет жүктелген адам, сол сияқты педагогтың немесе оқу орындарының басқа қызметкерлері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағанда, кәмелетке толмаған жасөспірімдер алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына, оның қылмыс, қасақана әкімшілік құқықбұзушылық бегілері бар іс-әрекеттер жасауына жол берсе, оларға қылмыстық жауапкершілік қаралған.

Сондай-ақ, ҚР-ның жаңа Кодексіне орай әкімшілік құқықбұзушылық орын алғанда кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері әкімшілік жауапқа тартылады.

Кодекстің 127-бабында кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауда өз міндеттерін дұрыс орындамағандары үшін олардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдеріне 7айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Кодекстің 132-бабы кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттарда (түнгі 22-00 - таңғы 6-00-ге дейін) көңіл көтеретін орындарда болуына мүмкіндік бергені үшін кіші және орта кәсіпкерлерге 30 және 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылык туралы Кодексінің 442-бабы) .

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылык туралы Кодексінің 440-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуі, масаң күйде келуі ата-анасына 5 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынады.

Тағы бір айта кетер жайт, кәмелетке толмағандардың ата-анасына баласының ұсақ бұзақылық жасағаны (жеке адамдарды қорлайтын әрекеттер, қоғамдық орындарды ластағаны және коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін), арнайы қызмет көрсету орындарына жалған шақырғандары үшін 7 және 15 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынады.

Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен міндеттері:

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жаза
Отбасы құқығы ұғымы
Баланың мүдделерін қорғау
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Баланы қорғалу құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz