Шөпті дестеге жығу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Шамшидин Оразалы Мелісбекұлы
Алматы облысындағы «Амиран -Агро» ЖШС-де сүрлем дайындау, сақтау және оны тарату желісін жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Мамандығы 5В080600- «Аграрлық техника және технология»
Алматы 2017ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Алматы облысындағы «Амиран -Агро» ЖШС-де сүрлем дайындау, сақтау және оны тарату желісін жобалау
Беттер саны 71
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны
Қосымшалар
Орындаған: Шамшидин О. М.
2017 ж. “” қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Бекбосынов С. Б.
Жетекші Оспанов А. Т.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Конструкторлық Гасанов Х. М.
Еңбек қорғау Мұқатай Н.
Норма бақылау Бекенев А. И.
Сарапшы Суранчиев М.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Инженерлік факультетіМамандығы: 5В080600-«Аграрлық техника және технология»
Дипломдық жобаны орындау ТАПСЫРМАСЫСтудент: Шамшидин Оразалы Мелісбекұлы
Жоба тақырыбы: Алматы облысындағы «Амиран -Агро» ЖШС-де сүрлем дайындау, сақтау және оны тарату желісін жобалау
Университет бойынша 2016ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жобаны тапсыру мерзімі 2017ж «»
Жобаның бастапқы деректері:
Жоба жайында отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде «Амиран-Агро» жеке шаруа серіктесіндеірі қара малдарға сүрлем дайындау толықрационды сусымалы азықтық даярлайтын және таратуды жобалау болып табылады. Шаруашылық жайлы толық мағлұматтар олардың есептеулері, еңбек және қоршаған ортаны қорғау.
Дипломдық жобада (жұмыста қарастыралатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі)
Графикалық материалдардың тізімдері:
Кіріспе
Дипломдық жоба тақырыптарды негіздеу
«Амиран-Агро» жеке шаруа серіктесі жайлы қысқаша мәліметтер
Жем шөп цехының технологиялық есептеулері
Конструкторлық жасалым
Еңбек қорғау
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030» Егемен Қазақстан газеті, 28 қараша, 1998
2. Атыханов А. Қ, Нұртаев Ш. Н, Жұмадиев Т. Ж Мал шаруашылығын механикаландыру, Алматы 1997
3. Мельников С. В. Технологическое оборудование животноводческих ферм и комплексов - М:Колос, 1984
4. Справочник зооинженера. Под редакцией М. И. Рыбакова -Алма-Ата: Кайнар, 1991
5. Брагинец Н. В, Палишкин Д. А. Курсовая и дипломное проектирование по механизации животноводства-М: Агропромиздат, 1992
6. Техника для фермерских (крестьянских) хозяйств. Учебное пособие. Под ред. Профессоров Г. А. Деграф и Ш. Н. Нуртаева Алматы: Издательства «Агроуниверситет» 1999
7. Фермерское дело. Учебник для ВУЗов. Под редакцией академика К. А. Сагадиева. Алматы. Агроуневерситет, 1999
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жобаның арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Бекбосынов С. Б.
Жоба жетекшісі Оспанов А. Т.
Тапсырманы орындауғақабылдадым, студент Шамшидин О. М.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІКафедра меңгерушісі Бекбосынов С. Б.
Жоба жетекшісі Оспанов А. Т.
Тапсырманы орындауғақабылдадым, студент Шамшидин О. М.
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е
Соңғы жылдары мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Өткен 2012 - 2015 жылдардың Ауыл жылдары деп жариялануы, осы шараның аясында ірі - ірі мемлекеттік бағдарламалар мен заңдардың қабылданып, бұл маңызды құжаттардың қомақты қаржымен қамтамасыз етілуі соның айқын куәсі.
Осындай мемлекеттік қолдау және ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар шараларының нәтижесінде ауыл экономикасы айтарлықтай алға басты. Өткен төрт жылда ондағы өндіріс көлемі 50 пайызға өсті. Оған 2006 жылы 45 миллиард теңгенің инвестициясы құйылды. Бұл 2002 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық. Ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысының әр 1 теңгесі 6 теңгенің жеке инвестициясын тартып отыр. Бұл қабылданған жер, су, орман кодекстерінің және басқа да заңдардың нәтижелі жүзеге аса бастағанын көрсетеді [1] .
Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, күнбағыс - 2, 6 есеге, мақта - 1, 6 есеге, көкөніс - 1, 7 есеге, қант қызылшасы 1, 2 есеге өскен.
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру де өсіп отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапты. Былтыр ірі қара саны 2000 жылға қарағанда 29, 7 пайызға, қой мен ешкі - 37, 3 пайызға, шошқа - 25, 6 пайызға, құс - 39, 1 пайызға көбейді [2] . Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты.
Республикамыздың ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында бүгінгі таңда 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда сүт және сүт өнімдерін өңдеу 1, 6 есе, өсімдік майы - 3 есе, қант 1, 9 есе өсіп отыр.
Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнім-дерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - мал шаруашылығын интенсивті дамыту. Малды аман сақтау мен оның өнімділігін арттыруда жемшөп қорының алатын орны өзгеше.
Осы кезге дейін қолданылып келне кейбір технологиялар мен техника жабдық-тары мал азығын дайындағанда қоректік заттардың 30 - 40% - на, каротиннің 70 - 90% - на дейін кеміп кетуіне жол береді. Сондықтан өндірілетін жемшөп сапасына ерекше назар аударылып отыруға тиіс [3] . Бұл ретте пішенді нәрлі күйінде жинауға, желдетіп кептіру әдісін кең қолдануға, пішендеме мен витаминді шөп ұнын, түйіршік және жентек мал азығын мол жасауға баса назар аударылуы қажет.
Тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, жемшөпті тек қарапайым өңдеуден өткізудің өзі ғана (ұсақтау, турау, булау, азықты жылыту және басқалары) пішеннің сапасын жақсартып, оны жалпы 20 - 30% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Рацион малға керекті протеин, углевод, макро және микроэлементтермен сәй-кестендіріліп толықтырылған жағдайда, әдетте жұмсалып жүрген мал азығының 20 - 25%-ы үнемделетінін тәжірибе көрсетті. Физиологиялық жағынан дұрыс негізделген қоспа азықтың желінуі де әдеттегіден 15 - 20% жақсарады [3] . Малды нашар азықтандыру, керекті қоректік заттармен қамтамасыз етпеу оның өнімділігін кемітіп қана қоймай, ауруға шалдығуына да әкеп соғуы мүмкін. Ал керекті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету малдың көптеген ауруларға, соның ішінде жұқпалы микроағзалар арқылы тарайтын ауруларға да шалдықпауына ең сенімді кепіл болып табылады.
Мал үшін ағаш, егіншілік және мал шаруашылықтары қалдықтарын витаминді қосымша азықтар ретінде өңдеп пайдалану ғылыми - техникалық прогресстің жетістіктерін ауыл шаруашылығына енгізудің маңызды жолдарының бірі болып табылады.
Біріншіден, өндірілген белокты азықтар малдың тәуліктік рационын байытып, олардың өнімділігін едәуір арттырса, екіншіден аталған салалардан түсетін органикалық қалдықтарды уақтылы өңдеп - пайдалану биосфераның таза сақталуына әсерін тигізеді.
Жемшөп базасын нығайтуда синтетикалық азотты заттарды экструдерленген қосымша азық түрінде пайдаланған өте тиімді екенін озат қожалықтардың тәжірибесі көрсетіп отыр. Аталған әдіспен витаминді қоспа азық дайындау нәтижесінде жергілікті арзан шикізат (туралған сабан, малдан қалған шөптер, т. б. ) пайдаға асып, шаруашылықтарда өндірілетін ет, сүт және т. б. өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге тікелей әсер етеді.
Дипломдық жобаның мақсаты - отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде «Амиран-Агро» жеке шаруа серіктесіндеірі қара малдарға сүрлем дайындау толықрационды сусымалы азықтық даярлайтын және таратуды жобалау болып табылады.
1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
1. 1 «Амиран-Агро» ЖШС-гінде сурлем дайындау, сақтау және тарату желісін жобалау
Азық дегеніміз - құрамында органикалық және минералдық қоректі заттары бар, арнайы даярланған, малдың ағзасына және одан алынатын өнімге зиянды әсері жоқ мал азықтандыру өнімдері.
Физикалық күйі және энергет1икалық құндылығына байланысты мал азығын көлемдік (1 кг массада 0, 6 дейін азықтық бірлік) және дәнді (1 кг массада 0, 6 жоғары а. б. ) деп екіге жіктейді. Сонымен бірге, мал азығын органолептикалық және химиялық көрсеткіштері бойынша кластарға жіктейді.
Шығу тегіне қарай мал азықтары өсімдіктерден , жануарлардан және өнеркәсіптен алынатын деп негізгі үш топқа бөлінеді. Бұл топтар тиісінше мынадай топшаларға жіктеледі: ірі сабақты, құнарлы, дәнді, етті, сүтті, құрама азықтар, азықтық қоспалар, тамақ және техникалық өндіріс қалдықтары.
Сабақты азықтарда (пішен, сабан мен топан) мал толық қорытпайтын шикі жасунақтың мөлшері 25 . . . 40%-ға дейін барады. Сондықтан ірі азықтардың сіңімділігін жақсарту үшін оларды малға беруге әзірлегенде алдын ала ұсақтайды. Ұсақталған жемшөп неғұрлым жұғымды келеді, оны мал жақсы сіңіреді. Сонымен бірге ұсақталған жемшөп тасымалдауға, тиеп-түсіруге, таразылауға, араластыруға, бірқалыпты таратуға, әсіресе толық рационды қоспаларды даярлауға ыңғайлы келеді. Сабақты ірі азықтар ірі қара мал үшін 40 . . . 50 мм, жылқы үшін 30 . . . 40 мм, қой үшін 20 . . . 30 мм, қаракөл қойының қозылары үшін 3 . . . 9 мм, азықтық қоспа құрамына қосу үшін 5 . . . 10 мм мөлшерде туралады.
1. 2 Сүрлем дайындау технологиясы және машиналары
Сүрлем дайындау технологиясы . Сүрлем - ауа жібермей таптау арқылы дайындалатын, ұзақ уақыт сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп. Сүрлемге салынатын балуса түріне қарай жүгері, күнбағыс, сұлы, сиыржоңышқа cүрлемі деп бөлінеді. Құрамында каротин, С дәрумені, аздаған мөлшерде суда еритін қант, органикалық - сүт (2%-ға дейін) және сірке (0, 6%-ға дейін) қышқылдары, кейбір түрлерінде пропион, валериан, т. б. қышқылдары кездеседі. Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда май қышқылы пайда болады. Сүрлемнің құрамында қышқылдардың болуы малдың ас қорыту органдарының қызметін жақсартады, ішек-қарын сөлі көбірек бөлінеді, азық жақсы қорытылады. Сүрлемде пішенге қарағанда қоректік заттар өте көп, каротин толық сақталады. Оның құнарлылығы өсімдіктің түріне, жинау мерзіміне, оны дайындау және сақтау әдістеріне байланысты.
Сурет 1. Сүрлемді таптау кезі.
Өнімділігі жоғары сүрлем алу үшін жүгері дәнінің балауыздана-сүттеніп піскен кезінде, күнбағысты гүлдей бастағанда, сиыржоңышқа-сұлы және бұршақ-сұлы қоспаларын бұршақтары пайда болғанда, шабындық шөптерін масақтануы басталғанда, көпжылдық шөптердің көшетінен шөпті масақтана бастағаннан гүлдегенге дейін, бөрібұршақты сүттеніп піскен кезінде жинайды. 100 кг күнбағыс сүрлемінде 16 азықтық өлшем және 1, 4 кг қорытылатын протеин, сәйкесінше жүгері сүрлемінде 20 және 1, 4 кг; жоңышқа сүрлемінде 18 және 2, 9 кг болады. С-нің түсі ашық қоңыр, сарғыш келеді. Қатты күйген сүрлемнің түсі қара қоңыр болады. Ашытылған капустаның, тұздалған көкөністің, бұзылған кезде - бұзылған балықтың, қидың иісі болады.
Сурет 2. Сүрлем сақтау орны
Ылғалдылығы 60% болатын сүрлемнің қышқылдығы (рН) 4, 0 - 4, 2. С. ауыл шаруашылығы малдарының барлық түріне беріледі. Бордақылайтын және сүтті сиырлардың азық рационының 50%-ын сүрлем құрайды. Сапалы сүрлем әзірлеу үшін балаусаны дер кезінде сүрлем қоймасына жеткізіп, тығыздап салады да, үстін ауа, су өтпейтіндей етіп жабады. сүрлемнің ішкі қабатының температурасы 30 - 35 о С-тан аспау керек. Пішеннің азықтық құнарлылығы өсімдіктердің ботаникалық құрамына, шөпті ору мерзіміне және дайын-дау мен сақтау ерекшеліктеріне байланысты. Пішенді екпе және табиғи шөптерден дайындайды. Мал астық және бұршақ тұқымдас шөптердің қоспаларынан дайындалған пішенді сүйсініп жейді. Шөп пен пішенді негізгі өсімдіктердің жетілуінің белгілі - бір фазаларында: бұршақ тұқымдастарды - шанақтану, яғни гүлдену алдындағы кезеңде, астық тұқымдастарды - масақтану кезеңінде дайындайды.
Пішеннің мөлшері мен сапалылығы шөпті ору биіктігіне байланысты болып келеді. Шөпті 4 - 5 см биіктікте ору тиімді, ал жер бедері тегіс болмаған жағдайда ол 6 -7 см - ге дейін жетуі мүмкін. Шөп ору кезінде өнімнің 15-30% жоғалтылады, әрі пішеннің сапасы төмендейді. Шөпті 1 см биік ору - пішен өнімділігінің 5% ысырабына әкеліп соқтырады.
Сүрлем - ауа жібермей консервілеу арқылы дайындалатын, ұзақ уақыт сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп. Сүрлемге салынатын балауса түріне қарай жүгері, күнбағыс, сұлы, сиыржоңышқа cүрлемі деп бөлінеді.
Құрамында каротин, С дәрумені, аздаған мөлшерде суда еритін қант, органикалық - сүт (2%-ға дейін) және сірке (0, 6%-ға дейін) қышқылдары, кейбір түрлерінде пропион, валериан, т. б. қышқылдары кездеседі. Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда май қышқылы пайда болады. Сүрлемнің құрамында қышқылдардың болуы малдың ас қорыту органдарының қызметін жақсартады, ішек-қарын сөлі көбірек бөлінеді, азық жақсы қорытылады. Сүрлемде пішенге қарағанда қоректік заттар өте көп, каротин толық сақталады. Оның құнарлылығы өсімдіктің түріне, жинау мерзіміне, оны дайындау және сақтау әдістеріне байланысты. Өнімділігі жоғары сүрлем алу үшін жүгері дәнінің балауыздана-сүттеніп піскен кезінде, күнбағысты гүлдей бастағанда, сиыржоңышқа-сұлы және бұршақ-сұлы қоспаларын бұршақтары пайда болғанда, шабындық шөптерін масақтануы басталғанда, көпжылдық шөптердің көшетінен шөпті масақтана бастағаннан гүлдегенге дейін, бөрібұршақты сүттеніп піскен кезінде жинайды. 100 кг күнбағыс сүрлемінде 16 азықтық өлшем және 1, 4 кг қорытылатын протеин, сәйкесінше жүгері сүрлемінде 20 және 1, 4 кг; жоңышқа сүрлемінде 18 және 2, 9 кг болады. С-нің түсі ашық қоңыр, сарғыш келеді. Қатты күйген сүрлемнің түсі қара қоңыр болады. Ашытылған капустаның, тұздалған көкөністің, бұзылған кезде - бұзылған балықтың, қидың иісі болады. Ылғалдылығы 60% болатын сүрлемнің қышқылдығы (рН) 4, 0 - 4, 2. С. ауыл шаруашылығы малдарының барлық түріне беріледі. Бордақылайтын және сүтті сиырлардың азық рационының 50%-ын сүрлем құрайды. Сапалы сүрлем әзірлеу үшін балаусаны дер кезінде сүрлем қоймасына жеткізіп, тығыздап салады да, үстін ауа, су өтпейтіндей етіп жабады. сүрлемнің ішкі қабатының температурасы 30 - 35 о С-тан аспау керек.
Сурет 3. Шөпті дестеге жығу
Сусымалы пішен (4-сурет) . Сусымалы пішенді дайындаудың технологиялық процесі былайша жүргізіледі: шөпті ору, жаныштау, аударып-қопсыту, дестелерге тырмалау, шөмелелеу, тасымал көлігіне тиеу, тасымалдау және маялау. Ылғалдылығы 40-50% - ға дейін дегдіген шөпті дестелерге тырмалайды. Ылғалдылығы 30-35% пішенді ПК-1, 6А дестежиғыш-шөмелегішпен шөмелелейді.
Шөпті екпіндете
Сурет4. Сусымалы пішен дайындау сұлбасы
Желдету тәсілімен кептіру. Көк балаусаның егістікте дегду мерзімін қысқартуға және биохимиялық процестердің әсерінен құнарлы заттардың жоғалуын азайту үшін, қыздырылмаған немесе қыздырылған ауамен екпіндете желдету тәсілі қолданылады.
Сусымалы пішен дайындау үшін шөпті шалғыжол мен дестелерде
40-45% ылғалдылыққа дейін, ал престелген пішен алу үшін 35% ылғалдылыққа дейін дегдітеді.
Пішенді сарайда, бастырма астында немесе ашық алаңшаларда екпіндете желдетеді. 35 - 45% ылғалдылыққа дейін дегдіген биіктігі 2 м массаны ауатартқыш жүйеге жайғастырып, ауа жібере бастайды.
Пішен қоймаларында пішенді қабаттап (қабат биіктігі 1, 5 - 2м) кептіреді. Масса бетінің ылғалдылығы 25 - 30% - ға жеткенде келесі қабатты жайғастырады. Ауаның температурасы 20 0 С - тан төмен және салыстырмалы ылғалдылығы 75% - дан жоғары болғанда ауаны қыздырады. Алғашқы екі тәулікте желдеткіштер тоқтаусыз, ал кейін тек қана күндіз жұмыс істейді. Жаңбырлы күндері пішеннің өздігінен қызуын болдыр-мау үшін желдеткіштер 1 . . . 2 сағат жұмыс істеп, 5 - 6 сағат үзіліс жасайды.
Престелген пішен (1 - сурет) . Сапасы жоғары престелген пішен алудың маңызды шарты - ылғалдылығы біркелкіленген өсімдік массасының біртекті болуы. Бұл шарт орындалмаған жағдайда пішен көгеруі мүмкін.
Престелген пішеннің тығыздығы оның ылғалдылығына байланысты болады. 20 - 22% ылғалдылыққа дейін кептірілген пішенді 180 - 200 кг/м 3 тығыздықпен, ал ылғалдылығы 30 - 35% пішенді 100 - 130 кг/м 3 тығыздықпен престейді. Бұл жағдайда тайланған пішен екпіндете желдетумен кептірілуі тиіс.
Престелген пішен дайындау технологиясының сусымалы пішен дайындау технологиясынан бірқатар артықшылықтары бар. Престелген пішен дайындау кезінде механикалық шығындар 2 . . . 2, 5 есе азаяды. Престелген пішенде қоректік заттар, витаминдер және дәмдік қасиеттері жақсы сақталады. Престелген пішен сақтау кезінде аз көлем алады, оны тасымалдау үшін шығындар аз жұмсалады.
Ұсақталған пішен . Ұсақталған пішенді дайындау технологиясы сусымалы пішен дайындау технологиясына ұқсас. Дестелердегі 35 - 40 % дегдіген шөпті 8 - 15 см бөліктерге ұсақтап, тасымал көлігіне тиейді де, пішен қоймаларына жеткізген соң екпіндете желдетіп қосымша кептіреді. Ұсақталған массаның сақтауға жайғастырғандағы тығыздығы 100 - 120 кг/м 3 болады, бұл сусымалы пішенді сақтауға қарағанда қойманың көлемін 1, 5 - 2 есе қысқартуға септігін тигізеді.
Бұл технология пішенді даярлау, сақтауға жайғастыру және малға тарату процестерін толық механикаландыруды қамтамасыз етеді.
Ұсақталған пішен дайындаудың еңбек шығындары сусымалы немесе престелген пішен дайындаумен салыстырғанда екі есеге қысқарады.
Сурет 5. Престелген пішен дайындау сұлбасы
Пішен дайындайтын машиналар. Пішен дайындау жұмыстары кезінде шөп орғыштар, орғыш-жаншығыштар, тырмалар, десте аудар-ғыштар, пресс - жинағыштар, жинағыш - шөмелегіштер, жинағыш-маялағыштар, бума жайғастырғыштар, мая тасығыштар, тасымал көлігі және басқа да машиналар қолданылады.
Сурет 6. Ұсақталған пішен дайындау сұлбасы
Шөп орғыштар. Шөп орғыштар екпе және табиғи шөптерді оруға, оларды шалғыжолға немесе дестеге жайғастыруға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz