Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

2

3

4

Андатпа

Берілген дипломдық жобада Алматы қаласының эколгиясына ЖЭО-2

зиянды заттар тастандысының әсері қарастырылды. Қалаға бағытталған

қауіпті жел жылдамдығы және де максималды зиянды заттар концентрациясы

есептелді. Сонымен қатар зиянды заттар атмосфераға тастандысын азайту

барысында күл ұстағыш немесе электросүзгі қолданылды.

Аннотация

В данном дипломном проекте рассмотрен вопрос влеяние выбросов

вредных веществ с ТЭЦ-2 на экологию города Алматы. Расчитана

максимальная концентрация вредных веществ и скорость ветра по

напровлению к городу. Был использован электрический фильтр и всяческие

меры по снижению выбросов вредных веществ в атмосферу.

Annotation

An issue of harmful emissions from power station 2 effect on Almaty city’s ecology

is discussed in this thesis project. The maximum concentration of harmful emission

and wind velocity towards the city were calculated. The electric filter and different

ways of declining harmful emissions in the atmosphere were used.

5

Мазмұны

Кіріспе

1 Тапсырманың қойылымы және экологиялық жағдайды талдауды

ғылыми зерттеу.

1. 1 Физико-географиялық ерекшеліктер мен климаттық жағдайлардың

сипаттамасы.

1. 2 Синоптикалық және орографи ялық жағдайлардың әсерінен қала

әуе. бассейнінің ластануы .

1. 3 Негізгі ластайтын заттар концентрациясының уақытша өзгеруі.

1. 4 Ауа ластануының интегралды көрсеткіш есебі - Р параметрі.

1. 5 Р параметрінің критикалық мәнін анықтау.

2 Теориялық бөлім.

2. 1 Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануы.

2. 2 Суды қолдану, жер асты және жер үсті суларының сапасы.

2. 3 Тұғындардың денсаулық жағдайы.

2. 4 ЖЭС-2 жайлы жалпы мәлімет.

3 Тәжірибелік зерттеу негіздері және эколого-экономикалық бөлім.

Кәсіпорынның санитарлы-қорғау аймағының есебі ( СҚА) .

3. 1 Атмосфераға шығарылатын зиянды зат тастанды мөлшерінің есебі.

3. 2 Атмосфераға шығатын тастанды бойынша кәсіпорынның

экологиялық қауіптілік категориясының есебі.

3. 3 Кәсіпорында орналастыру ауданындағы экологиялық жағдайды

талдау.

3. 4 ЖЭС-2 тастанды қуаты неғұрлым жоғары қазандық бөлімі үшін

зиянды заттардың есебі.

3. 5 Қауіпті жел жылдамдығында зиянды заттардың максималды жерлік

концентрациясы жететін тастанды көзінен қашықтық.

3. 6 Қауіпті жел жылдамдығымен салыстырғанда нақты жел

жылдамдығындағы зиянды заттардың максималды жерлік

концентрациясы ( СМИ) .

3. 7 СМИ жететін ХМИ қашықтығы.

3. 8 Ластау көзінен Х қашықтықтағы зиянды заттардың СХ

концентрациясы .

4 Экономикалық бөлім

4. 1 Инженерлі-техникалық іс-шаралар.

4. 2 Экологиялық мониторингті дамыту.

4. 3 Табиғатты қорғау іс-шараларын енгізуінен экологиялық шығын

бағасы.

4. 4 Күл ұстағыш қондырғыны енгізген кездегі алдын алынған

экологиялық шығын есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

6

2

3

3

8

10

12

13

15

16

22

28

28

32

33

45

47

49

51

51

52

52

56

56

57

58

59

62

64

Кіріспе

Зерттеу мәліметтері бойынша шығу көзінің ауданында, ауадағы зиянды

қоспалар концентрациясын бағалау және бақылаумен қатар, теориялық

зерттеу негізіндегі концентрацияның есебі арқылы ауа ластануының қысқа

мерзімді болжамын іске асыру мен оларды өндірістік тастандыларды реттеу

үшін қолдану мүмкіншілігі пайда болды .

Соңғы жылдары табиғи ортаның ластануы Қазақстан Республикасы үшін

ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Ірі өндірістік қалалардың әуе

бассейнінің ластану проблемасы ерекше үрей тудырады.

Алматы қаласының экологиялық жағдайын ары қарай жақсарту ең

алдымен үкімет қабылдаған заңдар мен қаулыларды жүйелі және қатаң түрде

орындауды талап етеді.

Қазіргі уақытта, жаңа нарықтық қатынаста жерді қолдану эффективтілігін

жоғарылату мәселесі ерекше өзектілікке ие. Алматы қаласының дамуы,

негізгі қала құру факторы ретіндегі өндірістік кәсіпорындардың

концентрацияларының деңгейімен анықталады. Осы жағдайға байланысты

жаңа ірі өндірістік кәсіпорындардың құрылысын шектеу үлкен мәнге ие

болды және санитарлық қатынаста зиян, тастандыны радикалды төмендету

мен оларды ұстап қалу мүмкін емес кәсіпорындарды қаладан шығарып тастау

сұрағы да тұрды. Қазіргі уақытта өндірістің төмендеуімен байланысты іске

қосылған өндірістік аудандар мен бөлек кәсіпорын территорияларын реттеу,

бұл территорияларды көгалдандыру мен көркейту дәрежесін

жоғарылату; өндірістік, коммуналды-қоймалық және көліктік

территорияларды бұруын қайта қарап, қолданылмайтын жерлерді қаланың

дамуына алу мәселелері қаралуда.

Өндірістік территорияларда кәсіпорынның номенклатурасына, оның бір

өндірістік қалыптасуындағы экологиялық үйлесімділігі жағынан

кәсіпорынның номенклатурасына бақылауды іске асыру қажет.

Қала ортасын жақсарту жолының бірі- көгалдандыру. Жасыл көшеттер шаң

және улы газдарды сорады, атмосфераны адамға пайдалы фитонцид пен жеңіл

иондармен байтады, климатты жұмсартады. Алматының қуаңшылық

климатына жер суару аса маңызды болып табылады. Қаланың өндірістік

аудандарындағы ауа бассейнін жақсартудың негізгі әдістерінің бірі -

атмосфераға шығарылатын немесе пайда болатын тастандылар минимумға

шығатын немесе мүлдем жоқ болатын технологиялық үрдістерді

ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.

Қала ауасын автокөлік тастандыларымен ластану деңгейін төмендету

мәселесі комплексті болып табылады, себебі ол техникалық, қала салушылық

пен заң шығаратын іс-шаралардан тұрады.

Қоршаған ортада жағымсыз факторлардың шекті әсер ету дәрежесін

реттеумен қатар, қоршаған ортаны қорғау ісінде мониторинг жүйесін

сақтау, дамыту және жетілдіру маңызды роль ойнайды.

7

1. Тапсырманың қойылымы және экологиялық жағдайды талдауды

ғылыми зерттеу.

1. 1 Физико-географиялық


ерекшеліктер


мен


климаттық

жағдайлардың сипаттамасы

Іле Алатауының табиғи факторлары Алматы қаласының көптеген физико-

географиялық ерекшеліктерін анықтайды. Іле Алатауының еңіс тау

бөктеріндегі жазығы рельеф сипаттамасы бойынша қарапайым.

Территорияның оңтүстік-батыс бөлігінің үсті ойпат эрозиясымен қатты

бүлінген, оған қоса эрозиялық қиықтардың тереңдігі 50-70 м жетеді.

Жазықтың солтүстік -батыс бөлігінде дөңесті-тізбекті құм дамыған(1 сурет) .

Құмды массивтің солтүстігі үсті әлсіз бүлінген рельеф пен күмбез тәрізді

форма қалдығының болуымен сипатталатын Каро платосына түйіседі. Каро

платосының абсолюттік биіктігінің интервалы 618-ден 710 м дейін.

Тау бөктеріндегі шлейф Іле Алатауының солтүстік бөлігін көмкереді және

оның ені 20-25 м құрайды. Ол таулы өзендердің қосылған конустарды

шгығару нәтижесінде пайда болды және жазықтың еңісімен салыстырғанда

үстіңгі қабаттың неғұрлым тік еңісінің арқасында рельефте анық білінеді. Тау

бөктеріндегі гипсометриялық шлейфтер теңіз деңгейінен 600-1100м биіктік

интервалына кіреді.

Сурет 1 - Алматы қаласы рельефінің сызбасы

8

Интенсивті прогессі антропогенді кезеңге келетін, Іле Алатауының

тектоникасының 12 жыл ішінде динамикалық өзгерісі, таудан көп мөлшерде

сынық материалдарын шығарды және оларды тастанды конустары тәрізді өзен

сағасына тастады.

Іле Алатау жотасының солтүстік еңісінің тау

бөктерінде(біртіндеп оңтүстіктен солтүстікке қарай төмендейді) осы шығару

конустарының біреуінде Алматы қаласы орналасқан.

Тектоникалық үрдістер Алматы қаласының территориясында негізінен

батыстан шығысқа қарай орналасқан сынық сызықтарын қалдырды. Тау

түзілу үрдісі қазіргі уақытта жалғасып жатыр және таудың көтерілу

жылдамдығы шамамен жылына 5 мм құрайды. Алматы қаласының табиғи-

климаттық жағдайларының ерекшелігі беттік ағымның интенсивті

қалыптасуы мен гидрогеографиялық желінің болуына тәуелді.

Тау типіндегі ірі өзендердің ішінен Алматы территориясы бойынша Үлкен

Алматы және Кіші Алматы өзендері ағады. Кіші Алматы өзені бастауын

ауданы 13 км2 тең Тұйықсу мұздығынан алады. Басында өзен 6 км

қашықтықта шамамен 1000 м биіктікті жоғалта келе, эрозиялық сайға түседі .

Тау бөлігінде Кіші Алматы өзенінің ұзындығы 18. 5 км құрайды. Кіші Алматы

өзені Алматы қаласын шығыстан қоршай келе, шығару конусына түйіседі,

содан кейін тау бөктеріндегі жазықтыққа шығады. Тау бөктерінде Кіші

Алматыдан екі тармақ

бөлінеді: сол жағы- Есентай өзені және оң жағы-

Казачка өзені. Үлкен Алматы өзені екі дербес су каналының қосылу

нәтижесінде пайда болады. Сағаның оң жағы-Озерный өзені, сол жағы-

Проходной өзені. Бұл өзендер өзінің бастауын Іле Алатауының орталық

бөлігіндегі мұздықтардан алады.

Алматы облысы мен Алматы қаласының Бүкіләлемдік мұхиттардан алыс,

Евроазия материгінің түбінде орналасуы климаттың шұғыл континенттілігін

түсіндіреді: маңызды температура амплитудасы; метеорологиялық

элементтердің, олардың жылдық жүрісінде тез өзгеруі; жыл мезгілдерінің тез

ауысуы. Алматы қаласының территориясының орографиялық жағдайлардың

анализі оның елді мекендері, солтүстік бағытта жүздеген километрге ашық

екенін көрсетеді, ал оңтүстігінде- тау бөктеріне ауа массасының өтуіне

мүмкіндік беретін тау жоталары созылып жатыр. Бұл жерде, әсіресе қыста ауа

температурасының қуатты инверсиясы қалыптасады. Бұл жағдайда қалаға тән

әлсіз желдер, зиянды қоспалардың сейілуіне кері әсер ететін ауа массасының

тұрып қалуына жағдай жасайды. Оңтүстік Қазақстан ауданында қуатты

радиациялық режимнінң болуы, атмосфера циркулиясының дамуы мен климат

қалыптасуын түсіндіреді. Алматы қаласы үшін радиациялық баланс

шамасында неғұрлым аз айырмашылық жазда білінеді, ал неғұрлым көп

айырмашылық- ауыспалы кезеңде, яғни жер үстін төсеу айырмашылығымен

түсіндіріледі, мысалы оңтүстікте қар еріп немесе жаппаған болса, ал

солтүстікте ол әлі сол күйінде қалады. Өз кезегінде, жер үстінің бірқалыпсыз

жылуы, климат қалыптасуда маңызды роль ойнайтын ауа массасының

тасымалы мен атмосфера циркуляциясын тудырады. Континент ішінде

орналасқан Оңтүстік Қазақстан үстінен, біркелкі және субтропикалық

9

белдеулер шегінде күрделі және әр түрлі атмосфералық үрдістер жүреді.

Оның біреуіне таулы-жазықты циркуляция жатады.

Таулы-жазықты циркуляция географиялық сипаттамасы мен

метеорологиялық бақылау бойынша бұрыннан белгілі. Жердің маңызды еңісі

бар жерде жел тәуліктік мерзімділікке ие- күндіз ол еңіс бойынша жоғары

соғады(жазықты жел), ал түнде төмен қарай (таулы жел) . Бұл желдер таулы

алқапта, таулы еңіс зонасында байқалады. Олар жер шарының барлық

аудандарында белгілі және тұрақты бұлтсыз ауа райында, әлсіз градиентті жел

кезінде байқалады. Тропикте олар мезгіл сайын байқалады, ал біртекті

белдеуде, негізінен жылдың жылы мезгілдерінде байқалады.

Анық білінетін жылдық жүрісте желдің күшеюі жаз айларында және

штиль мәніне дейін әлсіреуі қыста байқалады (1 сурет) . Әрбір желдер

розасының ортасында жағдайдың жалпы санынан, пайызбен алынған

штильдердің қайталанғыштығы көрсетілген. Жылдың қыс мезгілінде баричтік

градиенттер атмосфераның жерлік қабатына тұрақтылық беретін,

орографиялық антициклогенез есебінен, солтүстіктен келетін ауа массасының

тұрып қалуы мен қысқы инверсияның тау бойымен даму нәтижесінен біршама

төмендеген. Жазда ауа жылдамдығының

жоғары болуы циклондық

үрдістердің орографиялық күшеюі мен таулы - алқапты циркуляцияның

активизациясымен түсіндіріледі. Қала төңірегінде жел жылдамдығы біршама

көтерілген, алайда жылына 2-3 м/с аспайды. Жел режимінің неғұрлым толық

бағасын әр ай бойынша желдің әртүрлі жылдамдықта қайталануы береді.

Алматы қаласында жыл ішінде жылдамдығы 3 м/с (88℅) желдер басым. Егер

өте әлсіз желді(1 м/с дейін) ескерсек, онда штильдер мен өте әлсіз желдердің

соммалық қайталануы 59℅ құрайды. Қатты желдер (15 м/с жоғары) Алматыда

өте сирек кездеседі, орта шамамен жылына 15 тәулікке дейін.

Жер биіктігі теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын ауа температурасының

төмендеуі таулы аудандарға тән болып табылады. Ал қыс айлары жағдайдан

тыс болып табылады, себебі биіктікте температураны таратуға

радиационнографиялық инверсиялар әсер етеді.

Ауа температурасының басты сипаттамасы болып (тәуліктік және жылдық

кіріс) , периодтық емес тербелістер мен мүмкін экстремалдық мәндер

табылады. Алматы қаласында максималды орташа айлық температура шілде

айында 23. 30С құрайды, жазықтан біраз төмен, жылдық тербеліс амплитудасы

5-70 ○ С тең абсолюттік максималды температура 42○ С құрайды.

Әсіресе жазда білінетін таулы-алқапты циркуляцияның, күн жылуының

трансформациясын, сонымен қатар жазда солтүстік тау бөктеріндегі

аудандардың жылуын ескере отырып, ауа температурасына үлкен жылдық

және тәуліктік тербелістер тән солтүстік өңір және қала шетімен

салыстырғанда қаланың оңтүстік және орталық аудандарындағы

температуралық режим төмен континенталдығымен анықталатынын

көрсетуге болады. Орта шамамен солтүстік-шығыс өңір жыл бойы қаладан

қарағанда суығырақ болады, ал солтүстік-батыс бөлігі қарашадан наурызға

дейін суық болады. Наурыз-сәуір және қазан-қараша айларында ауа

10

температурасындағы айырмашылық жалпы циркуляциялық үрдіс пен

циклондық іс-әрекеттің шұғыл дамуымен басылады. Күндіз, жазда атмосфера

қозғалысының өсуі, термиялық конвекция үрдісінің максималды даму

есебінен реттеледі.

А) түнде ( І сағ)

Б) күндіз ( 13 сағ)

Сурет 2 - Алматы қаласындағы жел жылдамдығы мен тәуліктік жүрісінің

бағыты

А) қаңтар Б) шілде В) жыл

Сурет 3 - Жылдың әр мезгілінде жел бағыты мен штильдің қайталануы (℅)

11

Суық енулер, оңтүстік-батыс циклондар және Қазақстанның оңтүстік-

шығысы бойынша толқындық іс-әрекет кезінде жауын-шашын пайда

болады. Ағымдардың вертикаль қозғалысы тропосфераның термобарикалық

өрісімен анықталады. Жауын-шаш ын пайда болғанға дейінгі тәулікте

температура градиенті ( dT/dt) адв>0 жағдайдың 88℅. Оңтүстіқ Қазақстан тау

бөктерінде жауын-шашынның күшеюіне, жота еңісінде пайда болатын

қозғалыстар маңызды роль ойнайды. Бұл аудандардағы жауын-шашынның

негізгі мөлшері суық фронт өткен кезде түседі. Жылы фронттар маңызды

жауын-шашынды тудырмайды. Егер солтүстік жарты шардың бүкіләлемдік

жылыну гипотезасынан шығатын болсақ, онда келесі он жылда

ылғалдылықтың өзгеру тенденциясы Қазақстан климатын қалыптастыруда

маңызды роль ойнайтын болады. Атмосфералық жауын-шашын цикликалық

тербеліске душар болғандықтан, қарастырылатын территорияның

ылғалдылығын төмендету немесе жоғарылату жөніндегі сұрақ

метеорологтармен, осы тербелістерді бағалаудың әр түрлі әдістерімен

шешілуде.

Алматыда ауа ылғалдылығының ең жоғарғы мәні жылдың суық мезгілінде

болады. Бұл кезде орташа айлық мән (қараша-наурыз) 72-74 ℅ құрайды.

Сәуірден қазанға дейінгі кезеңде мәні 59-56-дан 45-44℅ дейін төмендейді.

Ауа ылғалдылығының жоғарғы мәні таңертеңгі жеті арасында байқалады, ал

минимум мәні түске таяу байқалады. Тау жағдайында ылғалдылықтың

тәуліктік жүрісі таулы-алқапты желдің бағытына байланысты.

Алматы қаласы мен қала шетіндегі ылғалдылықтың жылдық және тәуліктік

жүрісінің сипаттамасы ландшафтық зоналардың әртүрлілігімен және біраз

қашықтықтағы

территорияның абсолюттік биіктігімен түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы
Өскемен қаласының атмосфералық ауасына автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізетін әсеріне баға беру
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы
Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz