УРОВ ажыратқыштың істемей қалуын резервтеу қондырғысы


8
![]()
9
![]()
10
![]()
11
![]()
АҢДАТПА
«АЖЭО - 3 қайта қүру» аталған жоба жобалауға тапсырманың негізінде
орындалды және ЖТҚ-110 кВ ұяларын қайта құрастыруды қарастырады.
Ұялар бұларды пайдалану ресурсы аяғына жетіп қалған майлы
ажыратқыштармен жабдықталған. Қосылулардың қорғанысы
-
электромеханикалық. Оперативтік ток - тұрақты 220 В.
Жобалаған кезде майлы ажыратқыштарды Siemens фирмасы өндірген
3АР1FG элегазды типті ажыратқыштарға алмастырумен, екінші реттегі
коммутацияны және бақылау кабельдерін алмастырумен тиісті типтердегі
ұяларды қайта құрастыру қарастырылып отыр. Қазірде қолданылып отырған
ЖТҚ-110кВ ғимаратында №6, 9, 17, 21 ұяларда жаңа ажыратқыштар орнату
ойластырылуда.
АННОТАЦИЯ
По теме выпускной работы «Реконструкция ЗРУ-110 кВ ТЭЦ-3» должен
быть определен выбрать тип трансформатора В ЗРУ-110 кВ предусмотрена
замена масляных выключателей на элегазовые фирмы
Siemens
3АР1FG. опреративный ток. Опрделен
Выбирается релейные аппараты и
разъединители установленные в ЗРУ-110 кВ в ячейках № 6, 9, 17, 19
Определен ресурс работы выключателей при эксплуатации. Приведены схемы
замещения. Произведены необходимые расчеты. Определен оперативный ток.
12
Мазмұны
Кіріспе
1 Жалпы бөлім, бастапқы мәлеметтер және ережелер
2 Негізгі технологиялық шешімдер
2. 1 Жобалау үшін бастапқы мәліметтер, атқаратын міндеті,
сипаттамасы және негізгі жабдығы
2. 2 АР1FG вакуумдық ажыратқышының негізгі сипаттамалары
3 ЗРУ-110 кВ-қа модернизациялау. Pелелік қорғаныс және
автоматтандыру
3. 1 Электр берілісінің жоғары вольтты желілерінің қазіргі қорғаныс
және автоматика қондырғыларының күйі және талдануы
3. 2. Кернеуі 110 кВ желідегі әуе желілерінде тиімді жерге тұйықталған
нейтралі бар қорғаныстар орнатуға қойылатын талаптар
3. 3. Біріктірілген сандық терминалдарды қолдану
3. 4. "АЖЭО-3" №2, №3 ВЛ-110кВ релелік қорғанысы және
автоматикасы
3. 5. Екінші реттік жабдықты таңдап алу
3. 5. 1. Негізгі қорғаныстар
3. 5. 1. Негізгі қорғаныстар
3. 5. 2 Резервтік қорғаныстар
7
8
9
9
9
10
10
11
14
15
16
16
16
18
3. 6 110 кВ элегазды ажыратқыштардың екінші
коммутациясының схемаларын таңдап алу
реттік
18
3. 6. 1 Қашықтықтан басқару схемаларына қойылатын талаптар.
3. 6. 2 Ажыратқыштың автоматикасы
3. 6. 3 УРОВ ажыратқыштың істемей қалуын резервтеу қондырғысы
3. 6. 4 Автоматты қайтара қосу (АҚҚ)
3. 6. 5 Сигналдық тізбектерді орындау
3. 7 Конструктивтік құрастырылуы
3. 7. 1 Жобалау үшін бастапқы мәліметтер, атқаратын міндеті,
сипаттамасы және негізгі жабдығы
3. 7. 2 110 кВ желідегі қысқа тұйықталу токтарын есептеу
3. 7. 3 «АЖЭО-3» 110кВ №2, 3 желілерінің ажыратқыштарын таңдау
3. 7. 4 ЗAP FG-110 элегазды ажыратқышының негізгі сипаттамалары
3. 7. 5 ЗAP FG-110 элегазды ажыратқышын орнатуға және құрылыс-
монтаж жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
3. 8 Өндірісті басқару, жұмысшылар мен қызметкерлердің жағдайын
және еңбегін қорғауды ұйымдастыру
3. 8. 1 Басқару құрылымы
3. 8. 2 Еңбек жағдайларын ұйымдастыру
3. 8. 3 Еңбек қорғау
3. 8. 4 Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар
4. Өмір тіршілік қауіпсіздігі
13
18
19
20
21
22
22
22
24
35
39*
42
42
43
43
43
44
45
4. 1 ЖЭО -3 (ГРЭС) басты жоспарын құрастыру
4. 2 ЖЭО - 3 зиянды заттардың атмосфераға сейілуін есептеу және
санитарлы қорғаныс запасын құру
4. 3 Күкіртті ангидридінің асмосфераға шығарылымы (г/с)
4. 4 Азот оксиді шығарылымдарының саны (Nох г/с)
4. 5 Шығарылымдарды есептеу және олардың атмосфераға таралуы
4. 5. 1 Шығарылымдарды есептеу және олардың атмосфераға таралуы
(т/жыл)
4. 6 Азот оксиді шығарылымдарының саны (Nох г/с)
4. 6 Станциядаға қондырғыларды жобалауда шудың денге»ін бағалау
және есептеу
5 Экономикалық бөлім
5. 1 Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын өндірілуі мен
тұтынылуының жалпы теңгерілімі
5. 2 Жылулық энергияны өндіру
5. 3 Инвестициялық қаржының экономикалық тиімділігін бағалау
бойынша жалпы ұғымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
14
45
47
47
48
49
50
50
51
57
57
58
59
67
68
Кіріспе
Қазақстан Республиаксы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының
нарықтық қатынастарды одан әрі
дамыту
тұжырымдамасында көтерме рынок құрылымын күрделендіру көзделген. Оны
перспективті құрылымы мыналардан тұрады:
- электр энергиясының орталықтандырылмаған сауда рыногы (екіжақты
жедел келісім-шарттар) ;
- орталықтандырылған сауда рыногы (биржалық сегмент) ;
- нақты уақыт режиміндегі теңдесетін рынок;
- жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы.
Онда электр энергиясының көтермелеу және бөлшектік рыноктарының
негізгі мақсаттары мен оларды ұйымдастыру принциптері, электр энергиясы
рыногының құрылымы, нарықтық тетіктерді дамыту модельдері белгіленген,
электроэнергетикалық рыноктың жалпы құрылымындағы міндетті сегмент
ретінде электр энергияның орталықтандырылған сауда-саттығы айтарлықтай
орын алған. Тұжырымдамада өңірлік электр желілік компанияларды, электр
станцияларын, қуаты 2, 0 МВт және одан жоғары көтермелеу мен бөлшектік
тұтынушыларды электр энергиясын бақылау мен есепке алудың
автоматтандырылған жүйелерімен
(ЭБЕАЖ)
және ЭБЕАЖ жүйесімен
біріздендірілген ақпаратты беру жүйелерімен және жүйелік оператордың
ақпарат беру жүйелерімен қамтамасыз ету көзделген.
Станцияның өзіндік мұқтаждығы үшін негізгі электр энергиясының көзі
генератор және жалпы электрлік жүйе болып табылады. Сонымен қоса,
энергожүйеден тәуелсіз шектеулі қуатты энергия көздері керек. Станцияның
экономикалық және сенімді жұмысы үшін керекті көмекші жабдықтар: электр
қозғалтқыштар қозғалысқа келтіретін жұмыс машиналары, электр энергиясын
қабылдағыштардың барлық түрі, электр жүйелері, тарату құрылғылары,
төмендеткіш трансформаторлар, электр энергиясының тәуелсіз қорек көздері
және сәйкесінше басқару жүйелері - электр станциясының өзіндік мұқтаждық
жүйесін құрайды.
Электр станцияның қалыпты жұмысы және қызмет көрсетуінің
қауыпсіздігі өзіндік мұқтаждық жүйесінің сенімді жұмысымен сипатталады.
Электр қондырғыларын орнату ережесіне (ПУЭ) сәйкес электр станциясының
өзіндік мұқтаждық жүйелері бірінші топқа жатады және олардың электр
жабдықтауы екі тәуелсіз қорек көздерімен қамтылуы керек.
Өзіндік мұқтаждық жүйесі, капитал салымы және энергия шығыны
жағынан, үнемді болуы керек. Өзіндік мұқтаждық жүйесінде электр энергия
шығыны электр станцияның техника-үнемділік көрсеткішіне кіреді.
15
1 Жалпы бөлім, бастапқы мәлеметтер және ережелер
Бекітілетін бөлігімен құрылыс жобасын жасау үшін негіздеме
«Алматы ЖЭО-3. ЗРУ-110 кВ № 6, 9, 17, 21 желілік ұяларындағы ММО-
110-1600-31, 5 типіндегі ажыратқыштарды элегазды ажыратқыштарға
ауыстыру» бекітілетін бөлігімен құрылыс жобасын орындаудың негіздемесі
05. 05. 2005 ж. №12805 Шарт және жобалауға тапсырма болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты - жоғары вольтты ажыратқыштардың және
релелік қорғаныс пен автоматика қондырғыларының пайдаланылу және
жөнделу жағдайларын жақсарту, жұмысының сенімділігін арттыру, резервті
автоматты енгізу схемаларын орындау есебінен белгіленген параметрлерін
ұстап отыру және т. б. мақсатында ескірген, өндірістен алынып тасталған
жабдықты алмастыру. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық
шаралары бойынша қысқаша мәліметтер
Алматы ЖЭО-2 өндірістік базасы эксплуатациялық персоналдың
максималды алмастыруына есептелген тиісті құрылымдармен қамтамасыз
етілген.
Осыған байланысты азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар
қарастырылмайды.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша қысқаша мәліметтер
Қайта құрастырылатын ұяларды пайдаланған кезде ешқандай
лақтырындылар және ағындылар болмайтындықтан, бұл құрылыс жобасында
қоршаған ортаны қорғау бойынша тарау орындалмайды. [Ә-19; 20; 23]
16
2 Негізгі технологиялық шешімдер
2. 1 Жобалау үшін бастапқы мәліметтер, атқаратын міндеті,
сипаттамасы және негізгі жабдығы
Аталған жоба Жобалауға тапсырманың негізінде орындалды және ЗРУ-
110 кВ ұяларын қайта құруды қарастырады. Ұялар бұларды пайдалану
ресурсы аяғына жетіп қалған майлы ажыратқыштармен жабдықталған.
Қосылулардың қорғанысы - электромеханикалық. Оперативтік ток - тұрақты
220 В.
Жобалаған кезде майлы ажыратқыштарды Siemens фирмасы өндірген
3АР1FG элегазды типті ажыратқыштарға алмастырумен, екінші реттегі
коммутацияны және бақылау кабельдерін алмастырумен тиісті типтердегі
ұяларды қайта құрастыру қарастырылып отыр.
2. 2 АР1FG вакуумдық ажыратқышының негізгі сипаттамалары
110 кВ ұяларда ажыратқыштар ретінде Siemens фирмасы өндірген,
Uном= 126кВ, Iном=3150 А, Iо. ном. =40 кА, fном= 50 Гц болатын стационарлы
элегазды 3АР1FG ажыратқыштары қолданылған. Элегазды 3АР1FG
ажыратқыштары 687-78 МемСТ және 62271-100 МЭК талаптарына сай.
Олардың ажыратқыш қабілеті жұмыс істеудің қалыпты апатсыз режимі
кезінде және апаттық жағдайларда, оның ішінде, бұлардың техникалық
параметрлерінің шеңберіндегі қысқа тұйықталулар кезінде аппаратураны
және жүйенің компоненттерін ауыстырып қосқан кезде туындайтын барлық
күданаерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Элегазды ажыратқыштардың артықшылықтары жұмыс токтарының
облысындағы немесе осында қысқа тұйықталу токтарының белгілі санының
ажыратылуы назарға алынған жерлердегі, немесе біріншісі де, екіншісі де еске
алынған жерлердегі ауыстырып қосудың жоғары жиілігі бар желілерде жұмыс
істеген кезде әсіресе көрінісін тауып отырады.
3АР1FG типті элегазды ажыратқыштарды қолдану екінші қайтара
қосуға арналған тізбектерде орынды, сондай-ақ олар жұмыс бабындағы
жоғары сенімділікке және ұзаққа созылған уақытқа жарамдылыққа ие болып
келеді.
Ажыратқыштарды үлкен өнімділік кезіндегі жинақы конструкциясы,
шағын өлшемдері ерекшелендіріп отыр. Олар іс-тәжірибеде бар тізбектердің
кез келген жектемелерін ауыстырып қосу үшін, әсіресе:
қысқа тұйықталу токтарын;
жүктелген және жүктелмеген әуе желілерін;
жүктелген және жүктелмеген трансформаторларды ауыстырып қосу
үшін ыңғайлы;
17
3
ЗРУ-110
кВ-қа
модернизациялау.
Pелелік
қорғаныс
және
автоматтандыру
3. 1 Электр берілісінің жоғары вольтты желілерінің қазіргі қорғаныс
және автоматика қондырғыларының күйі және талдануы
Екі жақты қоректендіруі бар (транзитті) «ЖЭО-3» жоғары вольтты
желілері станцияның «KEGOK» энергия жүйесімен байланысының негізгі
желілері болып табылады. Жоғары вольтты желінің трассасы ашық жерден
және инженерлік, құрылыс коммуникацияларының орналасу аймағынан өтеді.
Желілер қимасы 240 мм2 АС маркалы көп тармақты болат-алюминий сыммен
жасалған, бір тізбекті, әрқайсысының ұзындығы 3, 8 км.
Желі аудандық электрлендірудің ең қуатты «KEGOK» станциясын және
ірі тораптық 330/110 кВ шағын станциясын біріктіретіндіктен, аталған
қосылыстарда орнатылған негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысының
сенімділігіне ең жоғары талаптар қойылады.
Қазіргі уақытта Fkvfns ЖЭО-3 №2; №3 ВЛ-де негізгі жылдам әрекет
ететін қорғаныс ретінде ДФЗ-201 типіндегі панельде орындалған,
дифференциалдық-фазалық жоғары жиілік қорғанысы және қашықтықтан
қорғау мен ЭПЗ-1643А типті панельде орындалған, нольдік тізбектіліктің
бағытталған қорғанысының жоғары жиіліктегі блокировкасы орнатылған. Бұл
қорғаныстар өзінің әрекет ету аймағындағы қысқа тұйықталулардың барлық
түрлеріне жауап қайтарып отырады және зақымдалған учаскені уақыт
ұстаусыз ажыратып тастауға мүмкіндік береді.
Желінің резервтік қорғанысы ретінде ЭПЗ-1636-67/2 типіндегі панель
қолданылады. Барлық қондырғылар екі кешенге бөлінеді.
Бірінші кешен өзіне мыналарды қосады:
ДЗ-2 типті жинақтағы 2 сатылы (1 және 2 сатылар) қашықтықтан
қорғанысты (ДЗ) ;
КРБ-126 типіндегі жинақтағы, тербелулер кезіндегі блоктауды;
ДЗ-2 типіндегі жинақтағы кернеу тізбектеріндегі жарамсыздықтар
кезіндегі блоктауды;
Жеке тұрған ток, қуат релелерін және РМ контакттарды көбейтуге
арналған аралық релені (4 саты) пайдалана отырып, бір сатылы НТЗНП;
Екінші кешен өзіне мыналарды қосады:
КЗ-9 типіндегі жинақтағы ток кесінгіштігін;
КРС-1 типіндегі жинақтағы бір сатылы ДЗ (3 саты) ;
КЗ-10 типіндегі жинақтағы үш сатылы НТЗНП (1, 2 және 3 сатылар) .
Көп фазалы қысқа тұйықталулардан токтық қорғаныстың екінші сатысы
және 3-ші НТЗНП сатысы автоматтық үдеуге ие.
Жүйемен байланыс желілерінде орнатылған барлық қорғаныстар 110 кВ
желінің ажыратқышын ажыратуға жұмыс істейді және 110 кВ
ажыратқышының істемей қалуын резервтеу қондырғысының (УРОВ-110)
18
схемасын іске қосады.
Қорғаныстардың және өлшеулердің ток тізбектері ТФЗМ-110 типті
шығарылатын ток трансформаторларынан және ТВУ-110-IIУ2 типті қоса
енгізілген трансформаторлардан қоректенеді.
Қорғаныстардың кернеу
тізбектері НКФ-110 типті кернеу трансформаторларынан қоректенеді.
Шиналар жүйесінің әрбір секциясында өзінің кернеу трансформаторы бар.
Аталған электромеханикалық қорғаныстар өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарының соңында жасалған. Оперативтік ток - тұрақты. Схеманы және
қорғаныстарға кіретін қондырғыларды жетілдіру жиырмасыншы ғасырдың 70-
ші жылдарынан 80-ші жылдарының басына дейін жүргізіліп келді.
Ажыратқыштарды басқару ЦЩУ (№№ 8, 9, 10 панельдері) басқару
панельдерінен басқару кілттерімен жүзеге асырылады. Ажыратқышты қосу
синхронизмді бақылауы бар ЦЩУ синхрондандыру схемасы арқылы іске
асырылады.
Алматы ЖЭО-3 жоғары вольтты желісінде екіжақты қоректендіруі бар
электр берілісі желілеріне арналған, бір мәрте әрекет ететін үш фазалы АПВ
қолданылады. АПВ-ның негізгі қондырғыларының бірі өзіне қосымша
резисторы бар, РВ-133 типті КТ1 уақыт релесін, екі орамы - тізбекті және
параллель орамдары бар аралық релені; АПВ әрекетінің бір мәртелігін
қамтамасыз ететін конденсаторды; зарядтық және разрядтық резисторларды
қосатын РПВ 58 жинақ қондырғысы болып табылады. №2 №3 ЖТО желісінде
шиналардың кернеуінің жоқтығын бақылайтын және синхронизмді
бақылайтын АПВ режимі қолданылады.
1987 жылы жұмысқа енгізілген уақыттан бері реле қондырғылары
қалпына келтіру көлемінде техникалық қызмет көрсетудің бірнеше
циклдарынан өтті және өз ресурсын істеп болуға жақын.
Бұл тарауда ВЛ-110кВ қорғаныстарын және автоматикасын
ұйымдастырудың
Алматы ЖЭО-3 (ЖЭО-2) -де қорғаныстарды қайта
құрастырумен, атап айтқанда АЖЭО-3-дегі №2, №3 10кВ екі байланыс
желісінің қорғанысын және автоматикасын қайта құрастырумен байланысты
түпкілікті мәселелер қарастырылады.
3. 2. Кернеуі 110 кВ желідегі әуе желілерінде тиімді жерге
тұйықталған нейтралі бар қорғаныстар орнатуға қойылатын талаптар
Электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес, тиімді жерге
тұйықталған нейтралі бар 110 кВ желілердегі желілер үшін көп фазалы
тұйықталулардан және жерге тұйықталулардан релелік қорғаныс
қондырғылары қарастырылған болуға тиіс.
Қорғаныстар, егер желіде бұлардың кезінде қорғаныстың шамадан тыс
іске қосылуы ықтимал болатын тербелістер немесе асинхронды жүріс мүмкін
болса, тербелістер кезінде олардың әрекетін блоктайтын қондырғылармен
жабдықталуға тиіс. Егер қорғаныс уақыт бойынша (шамамен 1, 5-2 с)
тербелістерден
ретке келтірілген болса, қорғанысты блоктаушы
19
қондырғыларсыз орындауға жол беріледі.
Кернеуі 110 кВ желілер үшін негізгі қорғаныстың типі туралы, оның
ішінде қорғалатын учаскенің кез келген нүктесінде қысқа тұйықталу кезінде
еш кідірместен әрекет ететін қорғанысты қолдану қажеттігі туралы мәселе
бірінші кезекте энергожүйенің жұмысының орнықтылығын сақтау талабын
ескере отырып шешілуге тиіс. Бұл ретте, егер энергожүйенің жұмысының
орнықтылығын есептеулер бойынша басқа, одан да қатаңырақ талаптар
қойылмаса, осылардың кезінде электр станциясының және шағын
станциялардың шиналарындағы қалдық кернеу 0, 6-0, 7 U ном төменірек болатын
үш фазалы қысқа тұйықталулар уақытты кідіртусіз ажыратылып отырған
кезде, аталған талап әдетте қанағаттандырылып отырады деп қабылдануы
мүмкін. 110 кВ желілер үшін қалдық кернеудің азырақ (0, 6 U ном ) мәні де рұқсат
етілуі мүмкін.
110 кВ желілерде орнатылатын қорғаныстардың типін таңдаған кезде,
энергожүйенің жұмысының орнықтылығын сақтау талабынан өзге, келесілер
ескерілуге тиіс:
1)
Осыларды уақытты ұстай отырып ажырату жауапты
тұтынушылардың жұмысының бұзылуына алып келуі мүмкін зақымданулар
(мысалға, егер оларды уақытты кідіртумен ажырату кернеу тасқынына орай
өздігінен босатуға алып келуі мүмкін болса, осылардың кезінде электр
станциясының және шағын станциялардың шиналарындағы қалдық кернеу
0, 6 U ном төмен болатын зақымданулар немесе, егер оларды уақытты кідіртумен
ажырату технологияның бұзылуына алып келуі мүмкін болса 0, 6 U ном және
одан көп қалдық кернеуі бар зақымданулар) уақытты кідіртусіз ажыратылуға
тиіс.
2) Жылдам әрекет ететін автаматты қайта косу(АҚҚ немесеАПВ) іске
асыру қажет болған кезде, желіде зақымдалған желіні екі жағынан уақытты
ұстаусыз ажыратуды қамтамасыз ететін жылдам әрекет ететін қорғаныс
орнатылуға тиіс.
3) Номиналды токтан бірнеше рет асып түсетін токтары бар
зақымдануларды уақыт ұстай отырып ажыратқан кезде электр өткізгіш
сымдардың жол берілмейтін қызын кетуі болуы мүмкін.
Егер бұл селективтілікті қамтамасыз ету үшін қажет болса, күрделі
желілерде және жоғарыда баяндалған шарттар болмаған кезде жылдам әрекет
ететін қорғаныстарды қолдануға жол беріледі.
Орнықтылық талаптарын қамтамасыз етуді бағалаған кезде, қалдық
кернеудің мәндерін негізге ала отырып, келесілерді басшылыққа алу керек:
1) Электр станциясы мен энергожүйе арасында бірнеше байланыстар
бар болған кезде, қалдық кернеудің мәні тек байланыстардағы қысқа
тұйықталу кезінде осы байланыстар байланысатын шағын станциялардың
және электр станцияларының шиналарында және осы шиналардан
қоректенетін басқа желілерде, сондай-ақ байланыстар шағын станцияларының
шиналарынан қоректенетін желілерде ғана тексерілуге тиіс.
20
2)
Қалдық кернеу
зақымдануды каскадты ажырату режимінде
қорғаныстың бірінші сатысы қамтып отырған аймақтың соңындағы қысқа
тұйықталу кезінде, яғни уақытты ұстаусыз қорғаныс ажыратқышты желінің
қарама-қарсы ұшынан ажыратқаннан кейін тексерілуге тиіс.
Айналып өтетін байланыстар бар болған кезде де, болмаған кезде де екі
немесе одан көп жақтардан (соңғысы - тармақтанулары бар желілерде)
қоректенуі бар жеке желілерде, сондай-ақ бір қоректену нүктесі бар
шеңберлік желіге кіретін желілерде көп фазалы тұйықталулардан резервтік
немесе негізгі қорғаныс ретінде пайдаланылатын қашықтықтан қорғаныс
(көбінесе үш сатылы) қолданылуға тиіс.
Қосымша қорғаныс ретінде уақытты ұстаусыз токтық кесінгіштікті
(отсечка) қолдану ұсынылады. Жекелеген жағдайларда басқа режимдерде
әрекет ету үшін орындалған токтық кесінгіштік сезімталдық талабын
қанағаттандырмаған кезде, қорғаныс орнатылған жерде
үш фазалы
қысқартылуға қателікен қосқан кезде әрекет ету үшін токтық кесінгіштікті
пайдалануға жол беріледі.
Жерге тұйықталулардан, әдетте, нольдік тізбектіліктің сатылы токтық
бағытталған немесе бағытталмаған қорғанысы қарастырылуға тиіс.
Егер қорғаныс жылдам әрекеттілік талабын қанағаттандырмай отырса,
жеке және екіжақты қоректенуі бар параллель
желілердің негізгі
қорғаныстары ретінде жоғары жиілікті және ұзына бойғы дифференциалдық
қорғаныстарды қарастыру керек.
Бұл сезімталдық (мысалға, тармақталуы бар желілерде) немесе
қорғанысты қарапайым ету шарттары бойынша мақсатқа лайықты болған
кезде, 110-220 кВ желілер үшін негізгі қорғанысты қорғаныстардың
қашықтықтан және токтық бағытталған нольдік тізбектіліктің жоғары
жиіліктегі блокировкасын пайдалана отырып іске асыруға ұсыныс беріледі.
Арнайы кабель төсеу қажеттілігі кезінде
ұзына бойғы
дифференциалданған қорғанысты пайдалану техникалық-экономикалық
есептеумен негізделуге тиіс.
Қорғаныстың қосалқы сымдарының жарамдылығын бақылау үшін
арнайы қондырғылар қарастырылуға тиіс.
Бұл жылдам әрекеттілік немесе сезімталдық шарттары бойынша қажет
болған кезде (мысалға, тармақталулары бар желілерде), 110-220 кВ желілердің
сатылы қорғаныстарының әрекет етуін жылдамдату үшін ажыратушы
сигналды беруді пайдалануға жол беріледі.
Резервтік қорғаныстар ретінде мыналарды:
-
ек
фазалы қысқа тұйықталулардан, әдетте, қашықтықтан
қорғаныстарды, көбінесе үш сатылы қорғаныстарды;
- жерге тұйықталулардан нольдік тізбектіліктің сатылы токтық
бағытталған немесе бағытталмаған қорғаныстарын қолданған дұрыс.
Бұл қорғаныс зақымдануды ажыратудың жылдамдығын талап ету
бойынша орнатылған кезде, негізгі қорғаныс әрекеттен ұзақ уақытқа
шығарылған кезде, резервтік қорғаныстың фазалар арасындағы
21
тұйықталулардан селективті емес үдеуін (мысалға, тура тізбектіліктің
кернеуінің мәнін бақылай отырып) қарастыруға жол беріледі. [Ә -15; 17; 23]
3. 3. Біріктірілген сандық терминалдарды қолдану
Релелік қорғаныста және автоматикада (РЗА) ақпаратты сандық есептеу
техникасымен өңдеу әдістерін және техникалық құралдарын қолдану дәстүрлі
РЗА қондырғыларының барлық функцияларын орындайтын және
электроэнергетикалық қондырғыларды автоматты басқарудың техникалық
құралдарының жұмыс істеуінің сенімділігін және тиімділігін едәуір
арттыратын кең ақпараттық қасиеттерге және сервистік мүмкіндіктерге ие
болып отырған біріктірілген (интеграцияланған) кешендердің жасалуына алып
келді. Электр станцияларын (ЭС), шағын станцияларды (ПС), өнеркәсіптік
кәсіпорындарды және 0, 4 кВ бастап кернеудің барлық деңгейлеріндегі басқа
да энергия нысандарын РЗА қондырғыларымен кешенді жарақтандыруды
жүргізуге мүмкіндік беретін микропроцессорлық қондырғылардың көптеген
типтері жасалуда және жетілдірілуде. Ақпараттық технологиялардың соңғы
жетістіктеріне негізделген бұл қондырғылар белорус энергетикасының
спецификалы талаптарына толығымен жауап береді, қызмет көрсетуде қол
жетімді және автоматтандырылған РЗА жүйелеріне, шағын станцияларды
және кез келген деңгейдегі станциялардың электр бөлігін басқаруға және
бақылауға оңай интеграцияланады.
Сандық микропроцессорлық кешендер интеллектуалдық техникалық
құралдар болып табылады. Оларға аналог қондырғыларда болмай отырған
келесідей маңызды оңды қасиеттер тән:
- көп функционалдылығы және шағын өлшемдері;
- оператордың басқару пультінен орнатылуларды қашықтықтан өзгертуі
және тексеруі;
- ЭЭС режиміне бейімделуі - ЭЭС схемасы және режимі өзгерген кезде
РЗА орнатылуларын автоматты түзетіп отыруы;
- өз өзін үздіксіз диагностикалауы және жоғары аппараттық сенімділігі;
- апаттық режимдердің тіркелуі және есте сақталуы;
- операторға РЗА қондырғыларының күйлері және іске қосылулары
туралы ақпараттың қашықтықтан берілуі;
- Арнайы техникалық қызмет көрсетулердің - РЗА қондырғыларының
ретке келтірілулерін және жарамдылығын мезгіл-мезгіл тексерудің қысқаруы.
Жобаның аталған бөлігінің негізгі идеясы - «ABB» REL 511 v 2. 5
фирмасы өндірген қорғаныстар және автоматиканың микропроцессорлық
терминалдарының жергілікті жағдайларда пайдалану үшін беймделгенжаңа
версиясын қолдану. Терминалдарды
Швецияның
«ABB Automation
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz