Сымсыз желіні құрастыру


4
![]()
АҢДАТПА
Берілген дипломдық жобада Алматы қаласының қонақ үйлері арасында
сымсыз мәлімметтер алмасу желісін ұйымдастыру мәселесі қарастырылған.
Сымсыз желіні жобалау барысында сымсыз желі стандартын таңдау,
қажетті жабдықтарды технологиялық және экономикалық талаптарға сәйкес
таңдау, антенналардың жайқорғанысы және АЖЖ құрылғылармен жұмыс
жасайтын адамдардың қауіпсіздігін есептеу, жобаның экономикалық
тиімділігін ескеру сияқты негізгі адымдары талданып және жүзеге асырылып
кетті.
Таңдалған радиомаршрутизатордың түрлі шарттар кезінде тарату
жылдамдықтары теория жүзінде тексерілді және станциялар арасында
болатын өшуліктер есептелді.
АННОТАЦИЯ
В данном дипломном проекте был рассмотрен процесс организации
беспроводной сети обмена данными между гостиничными комплексами
города Алматы.
В процессе проектирования были описаны и реализованы этапы
построения беспроводной сети, такие как, выбор стандарта беспроводной
сети, выбор оборудования на критериях совместимости технологий и
экономических требований, молниезащита антенн и безопасность людей
работающих с СВЧ оборудованием, а также экономическая выгодность
проекта.
Были произведены теоретические проверки скорости передачи
радиомаршрутизатора, а также затухания между станциями проектируемой
сети.
ANNOTATION
In this thesis project was considered by the process of organizing wireless
communication between hotel complexes of Almaty.
The design process has been described and implemented stages of building a
wireless network, such as selection of a standard of the wireless network, equip-
ment selection by criteria for the compatibility of technology and economic re-
quirements, lightning protection of antennas and safety of people who works with
microwave equipment and the economic profitability of the project.
There were carried out theoretical tests of transfer rate of radiorouter and at-
tenuation between stations of designed network.
5
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
7
1 ТҰРҒЫЗЫЛАТЫН ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАҢДАУ . . . 8
1. 1 Берілген желіні тұрғызу қажеттілігі . . . 8
1. 2 Сымды және сымсыз технологиялардың мүмкіндіктерін салыстыру . . . 9
1. 3 Сымсыз жергілікті желілер сипаттамасы . . . 11
1. 4 Сымсыз кеңжолақты қатынау жүйелерінің сипаттамасы . . . 12
1. 5 IEEE 802. 11 негізінде желі тұрғызу . . . 24
1. 6 Жобалау тапсырмасы . . . 32
2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ . . . 34
2. 1 Таңдалған жабдықтардың техникалық сипаттамасы . . . 34
2. 2 Сымсыз желіні құрастыру . . . 47
3 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ . . . 62
3. 1 Қонақ үй комплексінде тұрып жатқан адамдар және қызметкерлер
электромагнитті өрістер әсері кезіндегі еңбек шарттарын саралау . . . 62
3. 2 Антеннаның санитарлы-қорғаныс аймағын есептеу . . . 66
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР . . . 71
4. 1 Резюме . . . 71
4. 2 Жобаның мақсаты мен мәселелері . . . 71
4. 3 Менеджмент . . . 72
4. 4 Қаржылық қажеттіліктер . . . 73
4. 5 Пайдалану шығыны . . . 74
4. 6 Табыстар . . . 77
4. 7 Экономикалық бөлім қорытындысы . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 79
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 80
А ҚОСЫМШАСЫ . . . 81
Ә ҚОСЫМШАСЫ . . . 85
Б ҚОСЫМШАСЫ . . . 86
6
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы технологиялары бизнес жүргізу әдістерін ұдайы
дамыту үстінде. ХХІ
ғасыр бизнесі тұтынушылар сұранымдарын
қанағаттандыру үшін өздерінің көрсететін қызметтер жиынтығын үнемі
кеңейтіп отыру қажет. Соның ішінде байланыс қызметтері маңызды
пункттердің бірі болып табылады. Қазіргі заман тұтынушылары үшін
Интернетке жеңіл қол жетімділік, байланыстың жоғары жылдамдығы және
байланыс қызметінің жалпы көрсетілетін қызметтер бағасына кіруі жоғары
сапалы қызметтің белгісі болып табылады.
Қонақ үй бизнесі бұл көзқараспен қарағанда сапалы байланыс
қызметтеріне басқа бизнестерден артық тәуелділікке ие, себебі бүгінгі таңда
клиенттердің назарын аудару үшін қонақ үй комплекстері тек қана уақытша
мекен жайды берумен шектелу жеткіліксіз.
Қазіргі заман қонақ үйлері туристтік бизнес индустриясында түйінді
функцияларды атқарады. Соның себебінен қонақ үйлердің көрсететін
қызметтер шегі өте кең болып келеді. Бүгінгі таңда бәсекелесуге қабілетті
қонақ үйлер мекен жай берумен және тамақтанумен қатар, ойын-сауық,
транспорттық, байланыс, экскурсиялық қызмет, спорт, медицина, сұлулық
салон және т. б. қызметтер көрсетеді.
Қызметтердің мұндай әр түрліліге қонақ үй саласындаға жоғары
бәсекелестіктің бар болуына байланысты. Қонақ үй иелері үнемі
клиенттердің ұдайы өзгеріп отыратын сұраныстарын қадағалап отыруы және
оларды мүмкіндігінше толық қанағаттандырып отыруы қажет. Сондықтан
қонақ үй бизнесінің табысты болуы көбіне клиент сұраныстарының және
қонақ үй көрсететін қызметтердің сәйкес келуіне байланысты болады. Осы
себептен қызметтердің кең спектрі және сапалылығы қонақ үйдің
табыстылығына тікелей әсер етеді деген қорытындыға келуге болады.
Олай болса келтірілген дипломдық жобада ұйымдастырылатын сымсыз
байланыс желісі қонақ үйлердің бәсекелестікке қабілеттілігін және
табыстылығын арттыруға үлесін қосуда маңызды роль атқарады.
7
1 ТҰРҒЫЗЫЛАТЫН ЖЕЛІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАҢДАУ
1. 1 Берілген желіні тұрғызу қажеттілігі
Бизнестің дамуы, ақпаратты технологиялардың жетілдірілуі, көптеген
бизнес-ұсыныстардың пайда болуы корпоративті байланыстың картасын
толығымен өзгертті. Қазіргі уақытағы өндірістік процесстерді автоматтау
мүмкіндіктері конкурентті бизнес-ортада аман қалғысы келетін барлық
дерлік
кәсіпорындар мен құрылымдардың
жекеменшік корпоративті
желісінің бар болуын қажет етеді. Тарихи жағынан қарағанда нақты бизнес
сұраныстары Интернет технологиялары мен виртуальді жекеменшік
желілердің дамуына қомақты үлесін қосты.
Желілер мен тахнологиялардың ұйымдасуы корпоративті нарық
құбылыстары ретінде қарастырылады: радобайланыс және сымды байланыс
желілері біріктірілуде, жерсерікті арналар ведомстволық АТС арқылы жалпы
қолданыстағы телефонды желісіне (ЖҚТЖ) қатынау алады, магистральді
корпоративті сандық ТОБЖ-ның (ВОЛС) белгіленген арналары VPN-ға
бірігеді. Бірақ корпоративті және жалпы қолданыстағы желілер ұйымдасуын
бүкіл мемлекеттің өзара байланысқан жалпы байланыс желісін
құрастырушылары ретінде қарастыруға болады.
Жас әрі дамып келе жатқан IP- технологиясы телекоммуникация
идеологиясында революцияға алып келді.
Корпоративті байланыс және жалпы қолданыстағы байланыс
технологиясы уақыт өте келе бір-бірімен бақталасып жақындап келеді.
Осындай жағдайда тұтынушы жеңеді деген үміт арту ғана қалады.
Бүгінгі күнде үлкен қалалардың қонақ үй комплекстері теқ қана мекен
жай беру, тамақтану және демалу қызметін көрсетумен шектелмейді, олар
сонымен қатар ұйамдарға бизнес қызметтерін: презентация,
видеоконференция, кездесулер және т. б. көрсетумен айналысады. Олар үнемі
өздерінің шаруашылықтарын дамытып отырады: номерлерді брондау
жүйесін дамытады, бөлмелерді қажетті әр түрлі телекоммуникация
қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсартып отырады, клиенттеріне
көрсетілетін байланыс қызметтерінің саны мен спасын арттырып отырады.
Қазір қонақ үй комплекстері бір-бірімен телефондық байланыссыз және
мультимедиялық мәліметтермен өзара алмасусыз, бір-бірімен
видеохабарламалармен алмасусыз жұмыс жасай ала алмайтын жағдайға
жетті.
Алматы қаласы Қазақстанның оңтүстік астанасы, Республиканың ең
үлкен мегаполисі, сонымен қатар Орталық Азияның іскерлік және мәдени
орталығы болып табылады. Бұл заманауи, аса жоғары қарқынмен дамып келе
жатқан қала. Алматы Республиканың және шетел ұйымдарымен байланыс
орнатқан көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен
мекемелердің орталығы болып табылады. Күн сайын қалаға іс-сапарлармен
8
көптеген қонақтар келеді. Олардың барлығын мекен жайлармен және қажетті
телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету қажет. Әртүрлі ұйымдарға
жиі презентациялар мен видеоконференциялар ұйымдастыру қажет болады.
Мұның барлығы барлық қонақ үй комплекстарында заманауи
құрылғылармен қамтылған және тұрақты байланысы мен өзара ақпарат
алмасу мүмкіндігі бар, сонымен қатар корпоративті және мемлекеттік
телекоммуникция желілеріне қатынауы бар бизнес-центрлері болуын қажет
етеді.
Алматы қаласының қонақ үй комплекстары арасында ақпарат алмасу
желісін ұйымдастыруды қаладағы ең үлкен және танымал қонақ үйлерден
бастауға болады: Қазахстан, InterContinental Almaty, Отрар, Алма-Ата,
Жетісу, Алатау, Астана, Достық, Амбассадор, Хаятт Ридженси.
Қонақ үйлердің орналасуы:
-
Қазахстан қонақ үйі - Достық даңғылы 52, Абай даңғылының
бұрышы;
- InterContinental Almaty қонақ үйі - Желтоксан көшесі 181, Тимирязев
көшесінің бұрышы;
- Отырар қонақ үйі - Гоголь көшесі 73, Қонаев көшесінің бұрышы;
- Алма-Ата қонақ үйі - Қабанбай батыр көшесі 85, Панфилов көшесінің
бұрышы;
- Жетісу қонақ үйі - Абылай-хан көшесі 55, Мақатаев көшесінің
бұрышы;
- Алатау қонақ үйі - Достық көшесі 105, Қажы-Мұқан көшесінің
бұрышы;
- Астана қонақ үйі - Байтурсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің
бұрышы;
- Достық қонақ үйі - Құрмангазы көшесі 36, Қонаев көшесінің
бұрышы;
- Амбассадор қонақ үйі - Желтоксан көшесі 121, Виноградов көшесінің
бұрышы;
- Хаятт Ридженси қонақ үйі - Сатпаев көшесі 26/9;
Қазіргі уақытта қонақ үйлердің арасында байланыс Қазактелекомның
телефон линиясы арқылы жүзеге асырылады және арналардың арендасына
көп қаражаттар жұмсалады. Сонымен қатар таратылатын мәліметтердің
ақпараттық қауіпсіздігі туралы сұрақтар туады. Сондықтан қонақ үй
комплекстары арасында өзіндік мәлеметтер тарату желісін ұйымдастыру
актуальді болып табылады.
1. 2 Сымды және сымсыз технологиялардың мүмкіндіктерін салыстыру
Бүгінгі күнде әлемде мәліметтерді түрлі қашықтыққа, түрлі
жылдамдықпен тарататын технологиялар мен шешулердің сан алуан түрлері
қолданылады.
Тарату ортасы ретінде ең кең таратылғаны оптоталшықтар мен мыс
9
сымдар. Оптоталшықтарда жүзеге асырылған технологиялар мәліметтерді
таратудың аса жоғары жылдамдығымен, сапалығымен және жүзеге асырудың
қымбаттылығымен ерекшеленеді. Мыс сымда жұмыс жасайтын желілер
оптоталшықтармен салыстырғанда жылдамдықтары едәуір аз, бірақ жиі
байланыс орнатудың ең тиімді түрі болып табылады. Бірақ қалалық
масштабта байланыс тарату желісін құрастыруда ЖҚТЖ жиі сапалы
компьютерлік байланыс орнатуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан
радиоқұралдар «соңғы миля» мәселесін шешуде актуальді альтернатива
болуы мүмкін.
Сымсыз технологиялар бүгінгі күнде мәліметтерді 2 Мбит/с, 5, 5Мбит/с
и 11Мбит/с
жылдамдықпен таратады. Сымсыз мәліметтерді тарату
технологиясын стандартизациялау саласында 1998 жылы едәуір
жетістіктерге қол жеткізілді. Соның арқасында көпшілікті қолданыстағы
құрылғылардың арзандауына үміт артуға болады. Спектрді тікелей тізбек
әдісімен кеңейту қолданылатын радиожүйелер (RadioEthernet) бүгінгі таңда
бір-бірінен оншақты километр алшақтатылған локальді желілерде
айтарлықтай жақсы қолданылуда. Сонымен қатар бұл жүйелер абоненттері
тұрақты орын алатын микросоталы байланыс желісі ретінде сипатталатын
нукте - көпнукте типті жүйелерді құрастыруға мүмкіндік береді.
Сымсыз мәліметтер тарату желісі өзара инфраструктураға байланысқан
және, барлығы осы желінің абоненттері болып табылатын тұтынушыларға
ақпарат көзі болатын, ақпараттық центрге қосылған базалық станциялардан
тұрады. Желі құрылымы аобнент және ақпараттық центр (Internet провайдер)
немесе абонент және басқа абонент арасында екіжақты ақпарат алмасуды
қамтамасыз ете
алады. Осылайша бір немесе бірнеше офистердің
ақпараттықа центрмен немесе басқа офиспен тұрақты байланысы
орнатылады. Құрылым абоненттің орналасуы өзгергенде де өзгеріске
ұшырамайды, тек қана желімен байланыс орнатуды қажет етеді.
Бүгінгі таңдағы нарықта бар жабдықтарды қолданылатын және 11
Мбит/с жылдамдықпен мәліметтерді тарататын микросоталы байланыс
жүйесінің сипаттамаларын қарастырайық. Қазіргі таңдаға Aironet Wireless
Technology Inc., Lucent Technologies, BreezeCom, Revolution компаниялары
шығаратын
құрылғылар кең таралған. Мәліметтер тарату жүйесін
құрастыруға мүмкіндік беретін құрылғылардың арасында келесілер
кездеседі: радиобридждер - компьютерге стандартты желілік құрылғылар
артқылы қосылатын құрылғылар және стандартты дербес компьютерлердің
кеңейтуші платалары ретінде қолданылатын радиокарталар. Мұнда жүйе
базалық станция режимінде тек қана радиобридждерді, ал клиент режимінде
радиобридждерді де радиокарталарды да қолдануға рұқсат береді.
Базалық станция соталық байланыс жүйелеріндегідей белгілі бір
аймақты байланыспен қамтамасыз ететіндей қондырылады. Сонымен бірге
антенналардың әртүрлі типтері қолданылады, айналма диаграммалы
бағытталған қарапайым бұдырлы антенналардан бастап, қажеттіліктерге сай
бағытталуын өзгертуге мүмкіндік беретін күрделі секторлы антенналарға
10
дейін.
Базалық станция режимінде 2 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс жасайтын
әр радиобридж 10-15 абонентке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге әр абоненттің жұмыс жасау жылдамдығы 64 кбит/с-тан кем болмайды.
Абоненнтер санын арттыру іске асыру мүмкіндігі бар, бірақ арнаның
жылдамдық сипаттамаларының нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар
бір біріне жақын жерде, бір үйдің шатырына арнайы техникалық шараларды
қолданусыз үш сотақұрушы жабдықтарды орналастыруға болады, ал
шараларды қолданып олардың санын алтыға дейін арттыруға болады.
Осылайша бір базалық станцияның қызмет көрсететін абоненттерінің саны
45 немесе 90-ға дейін жетеді.
Базалық станцияларды өзара біріктіру, сонымен қатар оларды
ақпараттық қорларға - ақпаратты қамтамасыз етушілерге жалғастыру түрлі
әдістермен жүзеге асыруға болады, дәстүрлі оптоталшықтардан бастап,
сымды және радиобайланысқа дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс
жасайтын ең жылдам жабдықтарды қолданумен қатар базалық станцияларды
орналастырудың тығыздығын арттыру абоненттердің санын және қатынау
жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Қала бойынша шашыратылған қонақ үйлердің арасында жер беті
байланысын орнату қиыйншылытқтарға және шығымдарға әкеліп соғады.
Қарастырылған желілер мүмкіндіктері қонақ үйлер арасында байланыс
орнату үшін ең тиімді тәсіл радиоқұрылғыларды қолданылатын желілер
болып табылатынын көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жоғарыда айтылған Алматы
қаласының қонақ үй комплекстары арасында мәліметтерді тарату желісін
радиоқатынау арқылы жүзеге асыру ұсынысы жасалады. Сымсыз Ethernet,
нақтырақ айтқанда сапалы мәліметтерді тарату желісін аз уақыт арасында
құрастыруға мүмкіндік беретін Revolution 5000 технологиясын қолдануды
ұсынамын. Желінің дамуының келесі сатысында, басқа қонақ үйлердің осы
желіге қосылуына тапсырыстардың түсуіне байланысты құрастырылатын
желі тез арада сәйкес модульдердің қолдануымен кеңейтіле алады.
Сондықтан Revolution 5000 технологиясының базасында желіні жүзеге асыру
актуальды болып табылады.
1. 3
Сымсыз жергілікті желілер сипаттамасы
Сымсыз жергілікті желілер оларда қолданылатын тарату технологиясы
бойынша классификацияланады. Барлық заманауи жергілікті желілер
нарығының өнімдері келесі категориялардың біреуіне жатады:
- инфрақызыл (Infrared - IR) жергілікті желілер;
- таратуды инфрақызыл диапазонда қолданатын желінің жеке ұяшығы.
Бір бөлменің өлшемдерімен шектеулі, себебі инфрақызыл сәулелер мөлдір
емес қабырғалардан өте алмайды;
- таржолақты аса жоғарғы жиілікті тарату.
11
Бұл жергілікті желілер аса жоғарғы жиіліктерде жұмыс жасайды, бірақ
кеңейтілген спектрді қолданбайды. Өнімдердің кейбіреулері лицензияны
қажет ететін жиіліктерде жұмыс жасайды.
Кеңейтілген спектрі бар жергілікті желілер таратуды кеңейтілген
спектр технологиясын қолданылады. Көбінесе бұл жергілікті желілер ISM
(Industrial, Scientific and Medical Radio Frequency Band - өндірістік, ғылыми
және медициналық қолданыстағы радиожиіліктік диапазон) диапазонында
жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта ең кең таралған сымсыз жергілікті желілер кеңейтілген
спектр технологиясын қолданады.
Кеңжолақты қатынау жабдықтары нақты белгілі диапазонды
қолданады. Ең әуелі бұл 2, 4 ГГц диапазоны.
Бұлай болудың себебі көптеген елдерде бұл диапазонның
лицензияланбауы, сондықтан осы диапазонда жұмыс жасайтын жабдықтарды
инсталляциялау көпшілікті сипатқа ие.
Сымсыз жергілікті желілердің салыстырмалы сипаттамалары 1. 1 -
кестеде келтірілген.
1. 1
Кесте
-
Сымсыз
жергілікті
желілердің
салыстырмалы
сипаттамалары
1. 4 Сымсыз кеңжолақты қатынау жүйелерінің сипаттамасы
«Қатынау» термині ретінде көпшілік сипатқа ие желілік қатынауды
айтылады, яғни қатынау желісі. «Соңғы миля» мәселесінің дәстүрлі шешуі
болып табылатын «нүкте-нүкте» типті радиомодемді байланыстар және
радиорелейлі байланыс желілерінің көптеген жүзеге асырылған мысалдары
бар болуымен қатар олар косылудың көпшілік сипатына ие емес. Сондықан
осы жобада функционалды аяқталған аппаратты-бағдарламалық құралдардың
жиынтығы болы табылатын, «нүкте-көпнүкте» типті косылуды жүзеге
12
асыратын және қатынау желісін құрастыратын сымсыз қатынау жүйелері
қарастырылады.
Телефония қызметіне және Интернетке қатынауға сұраныс бар. Ол
әртүрлі сымсыз қатынау жабдықтарының негізінде белгілі бір мәселелерді
шешуге мүмкіндік беретін ұсыныстарды тудырады. Сымсыз қатынау
жүйелерінің негізгі класстары және олардың қысқаша сипаттамалары 1. 2
кестеде келтірілген.
Жүйелердің бірінші түрі - тұрақты радиоқатынау жүйелері (WLL-
Wireless Local Loop), бұл жүйелер сымды телефонияға альтернатива ретінде
дүние келген. Бұл классқа мәліметтерді таратудың жылдамдығы 64 кбит/с-
тан аспайтын немесе модемді байланысы 56 кбит/с болатын MultiGain
Wireless (Innowave ECI Wireless Systems) технологиясын жатқызуға болады
және модемді байланыс арқылы мәліметтерді тарату жүзеге асырылатын
жылдамдығы одан да аз
WLL DECT (Digital Enhanced Cordless
Telecommunications - санды кеңейтілген сымсыз телекоммуникациялар) .
1. 2 К е с т е - Сымсыз қатынау жүйелерінің негізгі класстары
13
Кабельді теледидар желілерінен кейін MMDS (Multichannel Multipoint
Distribution Service- көпарналы көпнүктелі таратушы қызмет) және LMDS
(Local Multipoint Distribution Service) технологиялары негізінде сымсыз
теледидар тарату жүйелері дүниеге келді. Оларды BWA екінші көзі ретінде
қарастыруға болады.
14
Жергілікті желілердің дамуымен бірге келген компьютерлік эра
кейіннен IEEE 802. 11 комитетімен радио - Ethernet желілері ретінде
стандартталған Wireless LAN типті жүйелердің пайда болуына себепкер
болды. Нақтырақ айтқанда осы дәстүрліге айналып кеткен үш желілердің
негізінде жаңа техникалық құрылғылар дамиды.
WLL және BWA жабдықтары бір-бірінен шартты түрде ғана
ерекшеленеді, және келесіде тұрады. WLL жүйесі негізінен классикалық
телефония қызметтерін көрсетуге бағытталған. Мәліметтерді тарату әдетте
модемдік қосылу деңгейінде жүзеге асырылады. BWA жабдықтары керісінше
ең басынан бастап жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату үшін жасалған
және телефондық арналарды дестелік
IP
протоколдың үстінен
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кеңжолақты қатынау жабдықтары әдетте белгілі бір жиіліктік
диапазонды қолданады. Ең алдымен бұл 2, 4 ГГц диапазоны. Оның осылай
қалыптасуы 2, 4 ГГц диапазонының көптеген елдерде лицензиялаудан және
жабдықтарды қондырудан бос болуы және осы себептен бұл диапазонда
жұмыс жасайтын жабдықтардың көпшіліктік сипатқа ие болуы.
Лицензиялаудан бос диапазоннан кейін MMDS қолданатын 2, 5-2, 7 ГГц,
3, 5 ГГц, 5, 8 ГГц радиожиіліктік жолағы келеді. Әдетте бұл диапазондарда
үлкен абоненттік сыйымдылыққа және кеңейтілген қызметтер жиынтығына
(мәліметтерді тарату, мультимедия, телефония) ие операторлық класс
жабдықтары жұмыс жасайды. Ары қарай 10-на 38 ГГц-ке дейінгі аралықтағы
диапазондағы жиіліктер жатыр. 27, 5-29, 5 ГГц жиіліктер диапазоны LMDS
жүйелерімен қолданылады. Бұл жүйелер теледидарлық хабар тарату
мақсатына мамандандырылған.
38 ГГц-ке дейінгі микротолқынды диапазонда жұмыс жасайтын
«нүкте-көпнүкте» типті кеңжолақты сымсыз қатынау жүйелері ерешке
сыйымдылыққа ие. Осы тәрізді жүйелер әрекет жасайтын ақпараттық
ағындар олардың радиоинтерфейсін эфирдегі АТМ ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Қолданылатын жиіліктер жүйелердің жұмысын тікелей көрініс
жағдайында қамтамасыз етеді. Жүйелердің мүмкіндіктерін, сипаттамаларын,
сонымен қатар олардың қолданылу шарттарын тұрақты қатынау шарттайды.
Мұндай жүйелер оңай кеңейгіштік және масштабталушылық сияқты
маңызды сапаларға ие. Базалық станция сымсыз қатынау желісінің негізгі
құрастырушы элементі
бола отырып, кеңжолақты сымсыз қатынау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz