IMS желісі жабдықтарының есептері


АННОТАЦИЯ
В дипломной работе анализируя телекоммуникационные и
инфокоммуникационные услуги сети связи города Алматы рассмотрена
проблема применении технологии
IMS. Указаны
характеристика
IMS
технологии, ее структурная схема и приборы. В вычислительной части была
использовано программа Mathcad.
В разделе безопасности и жизнедеятельности проведен анализ условий
труда операторов, сделан расчет освещения, кондиционирования, расчет
пожарной безопасности и электробезопасности. В экономической части
проведен расчет абсолютной экономической эффективности капитальных
вложений и определен срок окупаемости проекта.
АҢДАТПА
Дипломдық жұмыста
Алматы
қаласының байланыс желілерінде
телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтерді жан-жақты
талдап,
IMS технологиясын қолдану мәселесі қарастырылған.
IMS
технологиясының
сипаттамалары, оның құрылымдық сұлбасы және
жабдықтары келтірілген. Есептеу бөлімінде Mathcad бағдарламасы
қолданылған.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде операторлардың еңбек жағдайларына
таңдау жүргізілген, жарықтану, кондиционерлеу есептеулері жасалған, өрт
қауіпсіздігі және электрқауіпсіздік есептері жүргізілген. Экономикалық бөлімде
капиталды салымдардың абсолютті экономикалық тиімділігінің есебі
келтірілген және жобаның өтемділік мерзімі анықталған.
ANNOTATION
In the research paper analyzing the telecommunications and ICT services
network devoted to the problem of Almaty application of technology IMS. Specified
characteristics IMS technology, its block diagram and appliances. In the
computational part of the program has been used Mathcad.
In a division safety of vital functions the analysis of terms of labour of
operators is conducted, calculation of lighting, conditioning, calculation of fire safety
and electrical safety. In economic part calculation of absolute economic efficiency of
capital investments is carried out and the project payback period is defined.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
ИНФОКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ
7
ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ
1. 1 Телекоммуникацияға шолу
1. 2 Бағдарламалық қамтамасыздандыру
1. 3 Инфокоммуникациялық жүйе және байланыс жүйесі
1. 4 IMS желісін таңдау
1. 5 IMS архитектурасы
1. 6 Сымсыз стационарлы желілердің қасиеттерін NGN/IMS шешімдерде
зерттеу мәселесі
1. 7 IMS жүйесінде дыбыстық қызметтерді жеткізу кезінде жалғауларды
орнату процесі
2 ЖЕЛІЛЕРДЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ
ЕСЕПТЕУЛЕРІ
2. 1 Шлюз құрылғысының есебі
2. 2 Коммутатор құрылғыларының есептеулері
2. 3 IMS желісі жабдықтарының есептері
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3. 1 Жобаның мақсаты
3. 2 Желі өнімділігі
3. 3 Экономикалық тиімділік
3. 4 Қаржылық жоспар
3. 5 Экономикалық тиімділікті есептеу
4 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4. 1 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі
4. 2 Қауіпті және зиянды факторларды талдау
4. 3 Қауіпті және зиянды факторларды азайту шараларды
4. 4 Өрт қауіпсіздігі
4. 5 Жасанды жарық түсіруді есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
7
13
21
23
25
32
36
41
43
48
51
58
58
58
59
60
65
67
67
68
70
72
74
КІРІСПЕ
Әлемде болып жатқан ақпараттық коммуникациялардың даму процестері
әлем қоғамының жаһандық ақпараттық қоғамды құруға жылжуының объективті
факторы болды. Ақпараттық ресурстардың және компьютерлік желілердің
дамыған инфрақұрылымының халықаралық интеграциясы кез келген
пайдаланушылардың қашықтыққа және пайдаланылатын есептеу техникасы
құралдарына қарамастан, нақты уақыт масштабында ақпараттың кез келген
түрін алу үшін іс-қимылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық
технологиялар осы жүз жылдықтағы озық елдердің дамуындағы негізгі
ресурстарының бірі болып жатыр. Алғаш рет жеке елдер арасында, сондай-ақ
ел ішінде де ақпараттық теңсіздікті жою мүмкінідігі пайда болады. Әсіресе бұл
кең аумағында ақпараттық дамыған қалалары және өңірлерімен қатар әлсіз
телекоммуникациялық инфрақұрылымы бар аумақтары бар (бірінші кезекте бұл
ауыл аудандарына қатысты) Қазақстан үшін аса маңызды. Цифрлық ақпараттық
технологиялар мен ақпарат берудің кең жолақты сымсыз желілерінің дамуы -
осы мәселені шешудің перспективтік жолдарының бірі.
Бүгінгі күні желілер - бұл қарапайым және жеңіл қызмет көрсетілетін
құрылғылар ғана емес. Олар қорғауды, қадағалауды және қызмет көрсетуді
талап етеді. Бұдан өзге, желілер жиі бір мекеменің шегінен шығады және
жаһандық болып кетеді. Компьютерлер арасында жергілікті байланыстарды
жасау үшін кабельдік жүйелердің, желілік адаптерлердің, қайталама-
концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және бағыттаушылар, сондай -ақ
ұзақ желілер бойынша деректер беру аппаратурасы - модемдер пайдаланылады.
Қазіргі уақытта бірқатар стандарттар, желілік технологиялар, әртүрлі желілік
операциялық жүйелер бар. Желілік технологияның икемді ортасын, сондай -ақ
жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің біріңғай желілік ортадағы
жұмыс сыйымдылығына өзара іс-қимылдарын анықтау рәсімі маңызды бөлімі
болып табылады.
XXI ғасырда дүниежүзілік экономиканың белсенді дамуы көптегенде
телекоммуникациялық қызметтерінің қарқынды кеңеюмен байланысты. Барлық
экономикалық қызметтің күшейюі, өндіріс қуаттылығының артуы және бизнес
үдерістерінің күшейе түсуі телекоммуникациялық ортаға үлкен талап қойды.
Жаңа NGN ұрпақ желілері бірте -бірте байланыс торларын құру базалық
технологиясына айналып, барлық телекоммуникациялық инфражүйесіне жол
салып жатыр. Келешекте мультимедиялық конвергенциясы бар желілер аса
қарқынды дамуға ұшырайтыны айқын. Жеке абоненттерге де, корпоративті
пайдаланушыларға да IP желілерінің қолдануымен мультимедиялық қызмет
көрсетудің негізі ретінде IMS (IP Multimedia Subsystem) технологиясы болуы
мүмкін. Сондықтан мен бұл дипломдық жұмыста NGN/IMS технологиясын
талдадым.
1.
ИНФОКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕРДІ
ҰСЫНУ
ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ
1. 1 Телекоммуникацияға шолу
Телекоммуникация - телеқатысым (латынша тele - қатынасу, байланысу,
грекше
-
қашықтық және
communіcatіon
-
байланыс)
-
ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен
қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын
технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың
90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электробайланыс және
компьютердің
көмегімен ақпараттың барлық түрлерін
(дыбыс, дерек,
қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық
байланыс кәбілі, радио, Жердің жасанды серігі, тағы басқа байланыс түрлері
арқылы таратады. Электр дабылдарын таратып - қабылдауды телекоммуникация
жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне -
көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады.
Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне,
жұмыс істеуі мен бір - біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация
желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және
пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйл естіру
және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау
мәселесімен Халықаралық Электробайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО -
ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның
нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіру
Шартараптандыру - әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық
мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау;
дербестендіру - UPT (Universal Personal Telecommunication) тұжырымдамасы
бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес
нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін
іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде
орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері
және компьютерлік желі жатады. Радио
және теледидар желілері
тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату
қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі -
телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми - техникалық
жетістіктер аналогты дабылдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған
дабылдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
Телекоммуникация (Telecommunications) - компьютерлік жүйелер мен
қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде
телефон желілері, жерсеріктік байланыс және тағы басқалары арқылы
мәліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы
байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға
7
арналған қатынас) . Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық
байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу [1] .
Біздің әлем тек қана ұялы байланыс желісі үшін ғана емес, басқа да
қолданыста сымдарды азайтуда. Бұл өте тиімді және ыңғайлы, себебі ыңғайлы
терминал - коммуникатордың көмегімен кез-келген уақытта, кез-келген жерде
қажетті іскери немесе жеке ақпаратқа қол жеткізуге болады. Алайда бұл әлі де
аз. Атап айтқанда Intel корпорациясының шешімі бойынша ТМД елдері үшін
сымсыз технологиялар, яғни қазіргі кезде қолданылатын WLAN (сымсыз
жергілікті желі), Wi-Fi желілері жаңа экономикаға бір уақытта жол ашады және
жол бастаушы болуы мүмкін. Барлық аналитикалық және консалтингтік
агенттіктердің жалпы шешімі бойынша, мобильді сымсыз құрылғылардың
нарығы жақын арадағы уақытта күрт дамиды. Және де бұл даму қазіргі уақытта
дамуда.
Қазақстан
Республикасында ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды дамыту.
Қазақстан
Республикасында ақпараттық және
коммуникациялық
технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
2009 жылы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XII кезектен
тыс съезінде берілген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - ҮИИД МБ) бір бөлігі болып
табылады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту
«келешектегі экономика секторларын» дамыту шеңберінде ҮИИД МБ
басымдықтарының бірі болып табылады, бұл Қазақстанның заманауи
экономикасы үшін оның мәнін білдіреді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында заманауи технологиялық
деңгейде ҮИИД МБ шеңберінде алға қойылған мақсаттарды шешу жолдарын
есепке алатын мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жоқ.
Осыған байланысты Бағдарлама мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру
мақсатында Қазақстан Республикасында ақпараттық коммуникацияларды
дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бірыңғай стратегиясын анықтайды.
Осы бағдарламада ақпараттық коммуникациялар саласы
телекоммуникация саласынан, пошта қызметтері, ақпараттық технологиялар
саласынан тұратын Қазақстан экономикасының дербес секторы ретінде
қарастырылады. Мұндай көзқарас әлем бойынша соңғы онжылдықта байқалған
байланыс технологияларын өзара енгізумен, телерадиохабар және ақпараттық
технологияларды таратумен негізделеді.
Ақпараттық
технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс -
тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар
мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым - қатынас
стилін, басқа да ақпараттық іс - әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер
8
ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын
жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т. б.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың III тарауы, он
сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар
мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған
білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай -ақ он
жетінші бағытының үшінші тармақшасында: «Онлайн тәсілінде оқыту
тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап
көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға
негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданы луын қажет етеді.
Осылайша оқу- тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық-телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдір уді көздейді .
XXI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. БҰҰ - ның
шешімімен «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан
Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезегіне енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпаратық білім беру,
логикалық- құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға
бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесін барлық түрлерінде
кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру
технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге
асыру шаралары. Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі
өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты
құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла
бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен
араласып келе жатқан электрондық пошта мен Интернет жүйелері болып
табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс
жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция,
видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Бірақ кез - келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі.
Мұндағы ең басты назар аударатын мәселе: олардың ара салмағы. Демек
кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
9
Информатиканы және ақпараттық - коммуникациялық технологиялар ( АКТ)
қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары,
күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білу, WWW ( интернетпен ) жұмыс істеу,
теориялық информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық
мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресурстарды жасау
және пайдалана білу - жаңа ғасырдың артықшылығы осындай.
Заманауи дүниежүзілік тенденциялармен сәйкесінше Қазақстан жаңа
ақпараттық технологияларды, экономика және басқарудың барлық
салаларында жылдам таратуды қамтамасыз ететін, маңызды ұлттық
инфрақұрылым құрұды бастады [1] .
Бұл үшін қазірде инфокоммуникация жағдайына мониторинг жүргізіледі,
мұнда негізгі объекттер мемлекет органдарының коммерциялық құрылым
жүйесін кезектегі кеңейтудегі бастапқы ерікті ақпараттық -
телекоммуникациялық жүйелер болып табылады. Мәліметтерді электронды
алмасу және мәліметтерді қорғау механизмдерінің хаттамаларына республика
стандарттары жасалады және бекітіледі. Электрондық коммерция, аукциондар
және тендерлер енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық
инфрақұрылымы жасалады: мемлекеттік органдардың web - сайттарын өңдеу
және жаңарту, ресми электронды адрестер анықтамаларын қалыптастыру,
электрондық ақпараттық орталар желілерін және әкімшіл -басқарушы жүйенің
типтік проекттік шешімдерін құру.
Инфокоммуникация -
бұл ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиялардың бірыңғай тұтас дамып жатқан экономиканың жаңа саласы.
Бұрынғы телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар жеке
дамыды және маңызы бойынша да бір-бірінен тәуелсіз болды.
Телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну байланыс операторларымен,
ұйымдармен үзіліссіз байланысты. Ақпаратық технологиялар өз кезегінде
өздігінен дамыды және бағдарламалық қамтамасыздандыруды жетілдірумен
байланыста болды.
Уақыт өте келе бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан жекеленген
желілерді біріктіру қажеттілігі туындады. Сонымен мағынасы бойынша
желілер арасындағы желі
(аудармасы: inter - арасы немесе ортасы, net - желі)
болып табылатын Интернет пайда болды. Яғни Интернет жергілікті
желілерді бір глобальды желілерге біріктіреді.
Қазіргі және болашақтағы инфокоммуникация.
Инфокоммуникациялық цифрлық жүйенің ерекшелігі олар (аналогтық
таратудан айырмашылығы, мұнда дабыл шексіз көп бастапқы дабылдардан
тұрады)
дабылды уақыттың соңғы аралығында жібереді.
Инфокоммуникациялық цифрлық жүйелерде ақпарат алушының тапсырмасы
жіберілген дабылды дәл жаңғырту емес, ал дабылдың бұрмаланған шуылдары
негізінде анықтау болып табылады. Бұл да цифрлық ақпарат таратудың жаңа
технологиясы болып табылады.
Инфокоммуникациялық цифрлық жүйенің
артықшылығын қарастырудан бұрын, «жаңа технологиялар» кеңістігінде оның
орнын талдап көрейік.
Белгілі тарихи даму периодында және қазіргі,
10
болашақта «көп еңбектенудің», өз уақытына тән (1. 1 Cурет ) негізгі типтерге
ажыратылуы .
1. 1 Сурет - «Көп еңбектенудің» негізгі типтері
Қоғам дамуының басқа да типтерін ажыратуға болады, бірақ осы жұмыс
мақсаты инфокоммуникациялық кезең өнеркәсіптіптің арқасында келетінін
ескерту.
Адамды қорек көзі және ақпарат қабылдаушы ретінде, ал
инфокоммуникациялық жүйені хабар жеткізумен қамтамасыз ететін әдіс
ретінде қарастырсақ, компьютер пайда болғанға дейін әділетті болушы еді.
Дегенмен компьютерлер арасында ақпарат алмасатын және ақпарат
қабылдаушы электрондық құрылғы, автоматты басқару жүйесі болады. Мұның
бәрі инфокоммуникацияның дамуын болжау үшін жаңа қызметтерді
тудырады.
1. 2 Сурет - Жаңа технологияларды енгізу графигі
Жаңа технологиялар, солардың ішінде инфокоммуникациялық
технологияның да енгізілуі 1. 2- суретте көрсетілгендей, графикалық қисық
ретінде келтіруге болатын кейбір жалпы заңдарға бағынады. Берілген
11
![]()
![]()
жағдайда бұл сипаттама қоғамның жаңа технологияға болған қатынасын
көрсетеді, яғни атап айтқанда, заң шығару мәселелері бар, жаңа технологияны
ескермейтін, қосымшақаржы инвестицияларының қажеттіктерін
қарау, әлеуметтік қолданушылар тарапынан жаңа технологияны қабыдауға
дайын еместігі, нарықтық қарама - қарсылық және де сол сияқты мәселелер.
1. 3 Сурет - Инфокоммуникациялық жүйенің өсу динамикасы
1. 3 Суретте инфокоммуникациялық жүйенің өсу динамикасының көп
мөлшерін адамдар қамтиды. Бұл суреттегі диаграммалар сапалы өзгерісті
қамтып көрсетеді. Инфокоммуникацияның қарқынды дамығаны соншалықты,
телевизиялық хабар және бағдарламаларды шығару негізінде интерактивті
теледидарды пайдалану туралы айтылып жатыр. Бұрынғы компонеттердің
(аналогты теледидарларды еске түсірейік) жойылып кетуі және бұл
инфокоммуникациялық жүйенің дамуына кедергі болып келеді. Сонда жаңа
инфокоммуникациялық технологиямен не істеуге болады? Оларды тек дамыту
ғана емес және де оларды енгізу үшін максимальды кең «өткізу жолағын»
қамтамасыз етумен жағдай жасау керек.
Әрине, келтірілген тәуелділіктер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz