Ақаба суларды биологиялық тазарту


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер 5
Қысқартулар 6
КІРІСПЕ . . . 7
1. «АХҚЗ» ӨНДІРІСТІК АҚАБА СУЛАРЫН ТАЗАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ . . .
1. 1 Кәсіпорынның өндірістік қызметі . . . 9
1. 2 Кәсіпорындағы сумен жабдықтаудың және су бөлудің жағдайы 12
1. 3 Кәсіпорынның ақаба суларының қоршаған ортаға теріс әсер етуі және оның «АХҚЗ» қалдықтарымен ластануын төмендету жолдары . . . 14
2. ХИМИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫН АЙНАЛЫМДЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ . . .
2. 1 Химия кәсіпорындарын айналымды сумен жабдықтауда пайдаланылатын судың сапасына қойылатын талаптар 15
2. 2 Биологиялық тазартылған ақаба суларды (БТАС) айналымды сумен жабдықтауда пайдалану . . . 19
2. 3 Химия өндірістерінің ақаба суларын тазартудың қолданылатын әдістері . . . 22
2. 4 Ақаба суларды биологиялық тазарту. . 38
2. 5 Ақаба суларды терең тазарту және зарарсыздандыру . . . 46
3. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАРТЫЛҒАН АҚАБА СУЛАРДЫ АЙНАЛЫМДЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДА ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ . . .
3. 1 Биологиялық тазартылған ақаба сулардан техникалық су алудың технологиялық сызбаларын жасаудың негізгі принциптері . . . , ,, . . . 47
3. 2 Ақаба суларды тазартудың ұсынылатын технологиялық сызбасы 48
3. 3 Ақаба суларды механикалық тазартуды қарқынды ету 51
3. 4 Айналымды суды дайындауға арналған қазіргі заманғы жабдық және оны биологиялық тазартылған ақаба суларды пайдаланған кезде қақтың пайда болуынан қорғау . . . 55
3. 5 Қабылданған су тазарту құрылыстарын технологиялық есептеу 61
4. ЖАСАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 71
Нормативтік сілтемелер
- СНиП РК. 4. 01-02-2001. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. - Астана. : Комитет по делам строительства МинЭиТРК, 2002. - 216с.
- РДС РК 1. 04-11-2002. Правила приема сточных вод и система канализации населенных пунктов. - Астана, Комитет по делам строительства МинЭиТРК, 2002. -102 с.
- РНД 1. 01. 03-94. Правила охраны поверхностных вод РК. -Алматы, Казмеханобр, 1994. -26 с.
- СанПиН РК. 3. 02. 002-04. Питьевая вода и водоснабжение населенных мест. Астана. : 2004.
- СНиП 2. 04. 01-85. Внутренний водопровод и канализация зданий. Внесенные изменения опубликованы в БСТ №9, 1986, Госархстрой РК. Письмо АК-6-20-19.
- СанПиН 46. 30-88. Санитарные правила и нормы охраны поверхностных вод от загрязнений. -М. : 1988. -126с.
- СНиП 2. 06. 05-85 «Охрана окружающей среды». - М. : Союзпроект, 1987. -58 с.
- ГОСТ 17-13. 11-84. Охрана природы. - Гидросфера, - М. : 1984. - 46 с.
- СНиП 2. 04. 01-85 Внутренний водопровод и канализация зданий. Сантех НИИ проект М. : 1985. -4с.
- СНиП 3. 05. 04-85. Наружные сети и сооружения водоснабжения канализации. М. :1985. -12с.
- СНиП 496-77. Временная инструкция по проектированию сооружений для очистки поверхностных сточных вод. Госстрой М. : 1977. -4с.
- СП РК 4. 01. -102-2001. Проектирование и монтаж трубопроводов систем холодного и горячего внутреннего водоснабжения с использованием металлополимерных труб. Астана. : 2002. -86 с. ;
- СНиП РК 8. 02005-2002. Сборник 22. Водопроводные трубы - наружные сети. Астана. : 2003. -129с.
- ГОСТ 12. 0. 003 - 84. Опасные и вредные производственные факторы.
Қысқартулар
- өтім коэффициенттің анықтау қателігі;
- судың үлестік салмағы, т/м3;
- тасындының орташа диаметрі, м. ;
- дененің еркін түсу үдеуі, м/с2. ;
- tсекішінде өтетін тасынды мөлшері;
- tсекішінде барлық саңылаулар арқылы өтетін тасынды
мөлшері;
- құмтұтқыштан жоғары ағыста каналдағы ағындағы сұйық
тығыздығы, г/л. ;
- саңылаудың өтім коэффициенті, 0, 6 тең деп қабылданады;
- құмтұтқышта тасындылардың үлестік тұтылуы;
- бөлшектердің орташа диаметрі, м. ;
- ағыс тігінен ағынның орташа жылдамдығы, м/с. ;
- ірі түйіршіктердің әсерін ескеретін коэффициент;
- тасындылардың орташа гидравликалық ірілігі;
- салындылардың әрбір жеке түйіршіктерінің орташа ірілігі;
- жалпы үлгідегі пайызбен алынған, жеке фракциядағы
салынды мөлшері;
- құм илеуінің консистенциясы;
- қатты заттар (тасындылар) салмағы;
- - тасынды көлемі бірлігіндегі су салмағы;
- сағат;
- қоршаған ортаны қорғау;
Кіріспе
Соңғы жылдары тиісті тазартудан өткізгеннен кейін өндірістік ақаба суларды айналымды сумен жабдықтаудың салқындататын жүйелерінде су көздерінен алынатын таза судың орнына пайдалануға деген беталыс байқалып отыр. Мұндай жүйелер, әдетте, үрлеусіз жұмыс тәртібіне көшіріледі. Ақаба суларды айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалану су көздерінен су алуды, ластануларды ақаба сулармен бірге су тоғандарына ағызуды қысқартуға жағдай жасайды, бұл олардың санитарлық жағдайын жақсартады.
Өндірістік ақаба сулардың жекелеген түрлерінде кей кездері осылар су тоғандары үшін қауіпті емес шекті-рауалы концентрациядағы өзгеше қоспалар болады. Сол мезетте, оларды тазарту құрылыстарында ақаба сулардан алып шығару көп жағдайда қымбат тұратын және тиімділігі аз іс болып шығады, ал олардың суда кездесуі оны айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға кедергі жасамайды.
Алайда, айналымды сумен жабдықтау жүйелерінің тиімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін, биологиялық қаулап өсуді, жемірілуяны карбонаттық шөгінділерді болдырмау мақсатында суды өңдеу және өндірістік канализацияның тазарту құрылғыларынан кейін суды механикалық қоспалардан және май өнімдерінен тазарта түсу қажет. Өндірістік канализацияға келіп түсетін ақаба сулардың өзгеше күрделі құрамына байланысты, тазарту әдістерін эксперименталды зерттеуге және ақаба суларды тұрақтандырушы өңдеуге деген қажеттілік туындайды.
Қазақстанның өнеркәсібінде 1960-1995 жылдары су тұтынуды және шығарылатын өнімді талдау жалпы өнімнің өсу және су тұтынудың тұрақтану беталысын растап отыр. Бұл ретте меншікті су тұтыну күрт төмендеп отыр, бұл өнеркәсіптегі тұйықталған және айналымды сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жабдықталғандығының артуы туралы пікір айтуға жағдай жасайды. Мұнда айтарлықтай уақыт кезеңі ішінде ғылыми-техникалық өрлеу қарқындарының өзгеруі айтарлықтай рөл ойнайды. Алайда, қазіргі кезеңде техникалық-экономикалық талдау өнеркәсіптік сумен жабдықтаудың жағдайының өнім өндірудің өсуіне толық шамада ықпал етпей отырғандығын көрсетіп отыр. Осыған байланысты, инновациялық-белсенді кәсіпорындар және сумен жабдықтауды техникалық жарақтандыру деңгейі төмен кәсіпорындар көзге түседі.
Тұйық жүйелерді қолданудың ақылға қонымдылығы сонымен бірге тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған ақаба суларды ағызған кезде су тоғанына келтірілетін шығынның шамасымен; ақаба сулардан құнды компоненттерді шығару және оларды кәдеге жарат қажеттілігімен; канализацияға немесе су тоғанына ағызылатын ақаба сулардың сапасына жоғары талаптармен анықталады, өйткені кейде бірқатар компоненттер бойынша, ағызылатын суға ауызсу сапасына қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады және сондықтан мұндай суларды ағызу ақылға қонымды емес.
Суды өндірістерде көп мәрте пайдаланған кезде кәсіпорындардың өзгешелігін ескере отырып, сумен жабдықтаудың ұтымды сызбаларын қолдану және ең ластанған ақаба суларды жергілікті тазарту құрылыстарын қосатын цех ішіндегі айналымды жүйелер жасау алаң ішіндегі тазарту құрылыстарына келіп түсетін ақаба сулардың мөлшерін күрт қысқартуға мүмкіндік береді.
Химия өнеркәсібіне шығарылатын өнім түрлерінің алуан түрлілігі және әртүрлі өндірістердің көп саны тән: салқындату, конденсация, шаю, полимерлендіру, регенерация, кристаллдандыру, реагенттерді еріту, химиялық таза су мен бу дайындау, гидротасымал; адсорбция, экстракция, флотация.
Өнеркәсіптің химия саласы тау-кен химия, негізгі химия, аммиак, азот қышқылын және азот тыңайтқыштарын синтездеу, органикалық синтез, лак-бояу, резеңкетехникалық және басқа бұйымдардың өндірістерін біріктіреді. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарында сулы ерітінділерді дайындау, аппараттарды салқындату және жылыту үшін пайдаланады.
Әдетте кәсіпорындарда сүзілген, жұмсартылған, тұзсыздандырылған, айналымды (салқындататын) судың су құбырлары, сондай-ақ өртке қарсы -шаруашылық мақсатында қолданылатын су құбырлары жобаланады. жұмсартылған және тұзсыздандырылған судың минералды құрамына (әсіресе темір тұздарының мөлшеріне қатысты) көтеріңкі талаптармен байланысты, сондай-ақ су құбырларының осы жүйелері үшін суды деаэрациялаудың мүмкін еместігіне орай, жемірілуге қарсы материалдардан (тат баспайтын және гуммирленген болаттан, пластмассалардан) құбырлар мен арматураны қолдану қажет.
Химия өндірісінің көптеген салаларында су бастапқы шикізат, жартылай өнім, ал жиі-жиі дайын өнімнің негізгі бөлігі болып табылады. Химия өнеркәсібіндегі ең ірі және өзгеше су тұтынушылар зауыттар: мұнай-химия, жасанды және синтетикалық талшық, азот-тыңайтқыш, органикалық бояғыштар, синтетикалық каучук және бас. зауыттар болып табылады.
Химия өнеркәсібінің қазіргі заманғы кәсіпорындарында су көзінен жаңа суды барынща аз тартып шығара отырып, бірізді, айналымды және тұйықталған (қалдықсыз) сумен жабдықтау сызбаларын енгізеді. Су сапасына қойылатын талаптар судың мақсатты қолданылуына және орнатылған технологиялық жабдыққа байланысты болады. Мәселен, бірізді және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі салқындататын су карбонатты шөгінділер бөлмеуге, биологиялық қаулап өсулерге алып келмеуге, технологиялық тракттың лайлануын тудырмауға тиіс. Судың термотұрақтылығын алты баллдық шкала бойынша бағалайды. Салқындататын немесе шаятын су өндірілетін өніммен тікелей түйіскен және оны қоспаларды сіңіретін және бұратын орта ретінде пайдаланған кезде, қалқыма заттардың рауалы мөлшерін және олардың дисперстілігін әрбір өндіріс үшін бөлек анықтайды. Бұл ретте жылдамдықты түрлендіру арқылы су қозғалған жол бойынша шөгіндінің пайда болуының алды алынуға тиіс. Мәселен, судың 0, 4 м/с қозғалу жылдамдығы кезінде, судағы жүзгіннің 42 мг/л, ал 1, 5 м/с жылдамдығы кезінде - 200 мг/л дейін концентрациясына жол беріледі. Жүзгіндер кальций карбонатының шөгінділерінің қалыптасуының цементтейтін негізі болып табылатындықтан, өніммен түйіспейтін салқындататын су мөлдірленуге тиіс. Жылыту температурасына және көміртегі диоксидінің мөлшеріне байланысты, салқындататын су 2-7 мг-экв/л жоғары карбонаттық кермектікке ие болмауға және құрамында темір мен күкіртсутегі болмауға тиіс. Салқындататын су қабылданған он баллдық шкала бойынша жемірілулік тұрақтылықтың 5-6 баллынан аспайтындай сипатталатын металдардың жемірілуін тудырмауға тиіс.
Компрессорларда, конденсаторларда, қайта салқындатқыштарда және бас. пайдаланылатын салқындататын судың 2 мг/л дейін лайлылығына жол береді. Азот өнеркәсібінің кәсіпорындардағы тоңазытқыштарда пайдаланылатын салқындататын судың 10-50 мг/л дейін лайлылығына, 3 мг-экв/л дейін сілтілігіне жол беріледі, ол тұрақты болуға тиіс және салқындататын аппаратураның және коммуникациялардың биоқаулап өсуін тудырмауға тиіс. Технологиялық процесте жартылай өнімдерді салқындату үшін қолданылатын су аппаратураны қоқыстармен, тұздармен, биологиялық және басқа заттармен ластамауға тиіс. Онда жүзгіндердің 15 мг/л дейін, карбонаттық кермектік тұздарының 5-6 мг-экв/л аспайтын мөлшеріне жол беріледі.
Салқындататын су салқындатылатын бетте жылу алмасуды қиындататын және су ағымына кедергі жасайтын шөгінділер бермеуге тиіс. Онда тоңазытқыштарда және коммуникацияларда биологиялық қаулап өсу тудыратын микроорганизмдер болмауға тиіс, термотұрақты болуға және жемірілу тудырмауға тиіс
1 «АХҚЗ» АҚ ӨНДІРІСТІК АҚАБА СУЛАРЫН ТАЗАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Кәсіпорынның өндірістік қызметі
«Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ (бұдан әрі - «АХҚЗ» АҚ) Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Ақтөбе қ. солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Ақтөбе қаласы - Батыс Қазақстанның ірі өнеркәсіп торабы, Илек өз. аңғарында, оған Қарғалы, Тамды және Сазды өзендері құятын жерде орналасқан. Илек өзені өте маңызды балық аулау кәсіпшілігі маңызына ие Жайық өз. тармағы болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік аумағы Қазақ темір жолының Жіңішке станциясынан оңтүстік-батысырақ 0, 5 км-де орналасқан. Зауыт орналасқан ауданда өнеркәсіп кәсіпорындары жиі орналасқан. Солтүстік-шығысында, 0, 7 км қашықтықта Ақтөбе ферросплав зауыты тұр, шығысқа шамамен 1 км жерде ЖЭО орналасқан, ал оңтүстігірек 2 км жерде ет комбинаты орналасқан. Зауыттың маңынан Ташкент-Орынбор қатынасындағы теміржол және тас төселген Мартук-Алға автожолы өтеді.
Зауыттың өндірістік аумағының ауданы шамамен 324, 59 га құрайды. Қазірде бар тұрғын құрылысқа дейінгі қашықтық 1, 5-2, 0 км құрайды.
«АХҚЗ» АҚ хром қосылыстарын шығару бойынша Қазақстандағы мамандандырылған және жалғыз кәсіпорын болып табылады. Зауыттың құрылысы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысының шыуымен, 1949 жылғы қарашада басталған болатын. Хром қосылыстарын өндіретін зауытты шапшаң салу қажеттілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жағдай, капиталистік және социалистік лагерь елдерінің қарсы тұруы болып табылды, бұл өз кезегінде «қырғи-қабақ соғысқа» және «жаппай қарулануға» алып келді. Хром қосылыстары әскери қару-жарақ өндіруге арналған болаттың жоғары сапалы маркаларын жасаудағы бірінші кезектегі компонент болып табылды. Ақтөбе облысында хром кендерінің аса бай кендерінің орналасқандығына байланысты және де оның үстіне бар болып отырған инфрақұрылымды және құрылыс жүретін орынның су ресурстарымен қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, Ақтөбе қаласы таңдап алынды. Зауыттың бірінші кезегін іске қосу 1957 жылғы шілдеде болды. Барлық жобалық қуаттар 1960 жылдың соңына қарай игерілген болатын. 1963 жылы екінші кезек (монохроматтық және бихроматтық өндірістер) іске қосылып, зауыттың қуаты үш есе артты. 1965 жылы хром ангидридін өндіретін бөлімше және күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді, 1966 жылы мемлекеттік комиссия реактивтік тұздар цехы пайдалануға қабылданды, оның аудандарында 1974 жылы алюмохромфосфат байламының өндірісі және 1975 жылы қорғасын-молибдатты хром өндірісі ұйымдастырылды. 1970 жылы құрғақ хром малмаларын өндіру игерілді. 1971 жылы натрий тиосульфатын өндіру бөлімі пайдалануға енгізілді (1. кес. ) .
1 кесте. «АХҚЗ» АҚ-да шығарылатын хром қосылыстарының сипаттамасы
Сыртқы түрі
Жалпы хромның Сг 2 0 3 қайта есептегендегі массалық үлесі, %, кем дегенде
Ылғалдың массалық үлесі, %, көп емес
Темірдің FeO қайта есептегендегі массалық үлесі, %, көп емес
Сулы ерітіндінің рН шамасы, көп емес Салыстырмалы бояғыш қабілеттілігі, %, көп емес
ОХП-1 ОХП-2
99 99
0, 15 0, 15
0, 1 0, 2
6-8 6-8
105 95
Сыртқы түрі
Жалпы хромның Сг 2 0 3 қайта есептегендегі массалық үлесі, %, кем дегенде
Ылғалдың массалық үлесі, % көп емес
Жалпы күкірттің (S) массалық үлесі, көп емес
Темірдің FeO қайта есептегендегі массалық үлесі, % көп емес
Көміртегінің массалық үлесі, % көп емес Түсті металдардың массалық үлесі, % көп емес
Жасыл түсті ұнтақ
99 99
0, 10 0, 15
0, 005 0, 008
0, 05 0, 1
0, 008 0, 03
0, 0051 0, 1057
Хром ангидридінің (СгОз) массалық үлесі, %, кем дегенде
Суда ерімейтін заттардың массалық үлесі, %, көп емес
Сульфаттардың массалық үлесі (SO4), %, көп емес
Натрийдің массалық үлесі (Na), %, көп емес
Марка «А» Марка «Б»
99, 7 99, 5
0, 02 0, 03
0, 06 0, 1
0, 05 -
Техникалық калий бихроматы
К 2 Сг 2 0 7
Калий биохроматының массалық үлесі (К 2 Сг 2 07), %, кем дегенде:
Сульфаттардың S0 4 қайта есептегендегі массалық үлесі, %, көп емес
Хлоридтердің Сl қайта есептегендегі массалық үлесі, %, көп емес
Жоғарғы сұрып Бірінші сұрып
99, 7 99, 7
0, 02 0, 05
0, 07 0, 1
Хромның Сг 2 0 3 қайта есептегендегі массалық үлесі
Негіздігі, %
төмен
орташа
жоғары
Ерімтейтін заттардың массалы қ үлесі, % көп емес
25, 5±0, 5
25±1
33±1
40±2
0, 2
Техникалық натрий бихроматы
Na 2 Cr 2 0 7
Натрий бихроматының массалық үлесі, %, кем дегенде:
Na 2 Cr 2 07 қайта есептегенде
Сг 2 0 3 қайта есептегенде
Сульфаттардың SO4 қайта есептегендегі массалық үлесі, %, көп емес
Хлоридтердің Сl қайта есептегендегі массалық үлесі, %, көп емес
Жоғарғы сұрып Бірінші сұрып
98, 9 98, 2
75, 5 75, 0
0, 1 0, 2
0, 2 0, 4
Тері және тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, химия өнеркәсібінде, бейорганикалық пигменттер, катализаторлар өндіруде және өнеркәсіптің басқа салаларында табыспен пайдаланылады.
Сыртқы түрі - ашық-сарғыш түстен күңгірт-қызыл түске дейін, басылып қалмайтын кристалдар.
1. 2 Кәсіпорындағы сумен жабдықтаудың және су бөлудің жағдайы
Соңғы жылдары көптеген химия кәсіпорындарында, оның ішінде «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ»-да су тұтынуды қысқарту және оларды айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалану мақсатында, ағызылатын ақаба суларды тазарту сапасын жақсарту бойынша үлкен іс тындырылды.
Айналымды сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану тәжірибесі мұндай амалдың ең экологиялық ақылға қонымды және экономикалық ақталған болып табылатындығын көрсетті. Бұл жағдайда тазартудың кешенді сызбасы және оларды ашық су тоғандарына ағызбастан, суды тазартудың және екінші қайталап пайдаланудың және бастапқы суды тұтынуды күрт қысқартудың теңгерімді технологиялық сызбасын жасауға жағдай жасайтын, кәсіпорынның барлық қондырғыларынан суларды су айналымына қосу қажет.
1 суретте дүниежүзілік хром өнімдерін өндірушілердің арасында ең маңыздылардың бірі болып танылған «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ-ның теңгерімдік сумен жабдықтау және су тарту сызбасы келтірілген [1] .
№№ 2-7 ұңғымалардан тартылып шығарылған су №4 цехта жылытылады және бұдан әрі кәсіпорынның канализациялық ағымдарымен бірлесе, жерасты суларын тұйықтау және тазарту учаскесіне (ЖСТ ж ТУ) бағытталады, одан соң қазірде бар құбыр желілерінің тармақталған желісі арқылы №10 қоқыр жинақтағышта орналастырылады. Бұл ретте кәсіпорын алынып шығарылатын суды барынша тиімді пайдалануға мәжбүр болып отыр, бұл су ауызсу сапасындағы суды үнемдеу мақсатымен жабдықты салқындату және №10 қоқыр жинақтағыштан монохроматтық қоқырды гидротасымалдау үшін пайдаланылады. 142 м 3 /тәу су әлде 2-ші айналымды циклге жіберіледі, әлде ЖСТ ж ТУ-не қайтарылады.
1 сурет - Теңгерімдік сумен жабдықтау сызбасы
Шамамен 576 м /тәу су салқындатқан кезде градирняларда буланады, 50 м /тәу жуығы №10 қоқыр жинақтағыштан буланады (жыл бойынша орташа алғанда) . Зауыттың айналымды цикліне сондай-ақ вакуум-булаушы қондырғылардан 500 м 3 /тәу мөлшерде шырын конденсаты келіп түседі. №10 қоқыр жинақтағыштан су тұнған су түрінде қайтадан өндіріске қайтып оралады. Шамалы минералдануды және валентті хромның жоқтығын ескере отырып, №8-10 ұңғымалардан алынған суды көктемгі-жазғы кезеңде қоқыр жинақтағыштарда қатталған қоқырлардың шаң-тозаңын басу үшін пайдалану ұсынылған.
Гүлзарлар алып жатқан аудан - 2000 м 2 , көгалдар - 800 м 2 , екпе ағаштар алып жатқан аудан - 6, 9 га. Қоқырларды суаруға арналған қоқыр жинақтағыштардың ауданы шамамен 6 га құрайды.
Шаруашылық-тұрмыстық ағымдарды тазарту үшін биологиялық тазарту қондырғысы қабылданған. Жауын сулары мен еріген сулар да тазарту учаскесіне (ЖСТ ж ТУ) жіберіледі. Тазартылған су екінші қайталап пайдалану үшін айналымды сумен жабдықтау жүйесіне қайтып оралады.
Тартылып шығарылған су кәсіпорынның шектерінен тысқары шықпайтындықтан және ақыр соңында кәсіпорынның қоқыр жинақтағышында , оны хромнан тазарту қажет емес.
1. 3 Кәсіпорынның ақаба суларының қоршаған ортаға теріс әсер етуі және оның «АХҚЗ» қалдықтарымен ластануын төмендету жолдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz