Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі туризм әлемдік экономикада қарқынды түрде дамып келе жатқан сала ретінде кеңінен танымал. Соңғы бірнеше жылда кейбір мемлекеттер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.
Қазақстан туристік-рекреациялық ресурстарға бай. Қазақстандағы туризмді дамытуға елбасымыздың "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 тұжырымдамасының" маңызы зор. Осы тұжырымдаманың мәні - Қазақстандағы туризмнің даму деңгейін жоғарлату, туризмді табыс көзіне айналдыру, халықаралық туризммен қоса ішкі туризмді дамыту. Халықаралық туризмнің индикаторы болып ішкі туризм саналады. Сондықтан да Қазақстанның облыстарында ішкі туризмді дамыту керек. Ақтөбе облысында ішкі туризм бойынша обьектілері өте көп. Ақтөбе облысында 12 аудан бар. Әрбір аудан өзінің табиғатымен, ерекшелігімен, табиғат байлықтарымен ерекшеленеді.
Мәселенің мәнісіне келетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Ақтөбе облысы қазіргі таңда туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ.
Саяхатшылардың саяхаттау мен демалыс өткізу аудандарын таңдауында табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Бұл жағынан алғанда туристер өздері таңдау жасаған туристік аудандардың ландштафты мен климатына, өсімдіктер және жануарлар әлемінің бай болуына, спортпен айналысуға, аң аулауға, балық аулауға жайлы болуына көп көңіл аударады. Туристік аймақтың ресурстарықандай болса, рекреациялық әрекеттер мен түрлерді ұйымдастыру соған байланысты болады.
Қазақстанның сарқылмас әрі қайталанбас табиғи сұлулығы Ақтөбеөңірінің өзіндік ерекшелігі мол географиялық аймақ екендігінен көрініс береді. Ақтөбе облысы көп уақыттан бері өзінің өсімдіктер және жануарлар әлемінің саналуандығымен, ыңғайлы табиғи контрастарымен және табиғи ландштафтарымен туризм саласындағылардың қызығушылығын тудырып отыр. Саяхат жасаудың азапты жолын артқа тастап әрі өміріне қауіп-қатер тудыра отырса да көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың бұл өңірге асқан қызығушылықпен сапар шеккілері келетіні тегін емес.
Құм шөлейттер мен құмды бархандар,аспен мен қайың,сексеуіл қатарынан бірге орналасатын аймақтар болады. Дәл осындай көршілестік Ақтөбе облысында бар. Сіз бұл аймаққа саяхаттау мақсатында сапар шеккен болсаңыз жолда шөл даланың аптап ыстығына тап боласыз, дархан даланың ғажап көркіне тоймай көзтіге аласыз, тау етегінің саясында тыныға аласыз.
Зерттеу нысаны: Ақтөбе облысын қамтитын барлық аймақтар мен өзен-көлдер, өңірдің жер бедері, ауа-райы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. және де Ақтөбе өңіріндегі тарихи-мәдени, табиғи, нысандары болып табылады. Сонымен қатар, өңірдегі туристік нысандарға экскурсиялық маршрут жасау.
Зерттеу пәні: Ақтөбе аймағында туристік имиджді қалыптастыруды қолдану.
Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе облысының территориясындағы туристік-экскурсиялық нысандарға жалпы сипаттама бере отырып, туристік экскурсиялық маршрут дайындау.
Зерттеу міндеттері:
* Экскурсиятанудың теориясы және тұжырымдамаларына анықтама беру арқылы зерттеу жұмыстарын жасау;
* Ақтөбе облысының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктеріне жалпы сипаттамасы беру;
* Ақтөбе облысының территориясына туристік-экскурсиялық маршрут жасау.
Зерттеу әдістері: Ақтөбе облысындағы ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік маршрут құру.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Ақтөбе облысының кереметтей көз тартарлық әсем жерлеріне, туристік нысандарына жалпы шолу жасау.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Ақтөбе облысындағы, Шалқар ауданының туристік нысандарына экскурсиялық маршрут жасалды.
Жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан және қортындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде, экскурсиятанудың теориясы және тұжырымдамалары қарастырылған.
Екінші бөлімде, Ақтөбе облысының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктеріне жалпы сипаттама толығымен беріліп, ондағы туристік нысандарға тоқталып өткен.
Үшінші бөлімде, Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы туристік нысандарына экскурсиялық маршрут жасалды және оның туризмдегі маңыздылығы қарастырылған.
71 беттік мәтін көлеміндегі жұмыс 17 суреттер мен 1 кестеден тұрады. Бұл жұмысты орындау барысында 30-ке жуық әдебиет көздері пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған шешуші сөздер: экскурсия мәні, табиғи ресурстар, айырықша қорғауға алынған аймақтар, қорық, ұлттық саяжай, табиғат ескерткіштері, тарихи ескерткіштер, табиғи-танымдық тур, туристік-экскурсиялық маршрут.
1 ЭКСКУРСИЯТАНУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
1.1 Қазақстандағы экскурсиялық істің тарихы
Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі мұражайлардың тарихы мен тікелей астасып жатыр. Экскурсияның шығуына себепшілік танытқан өткен ғасырдың қоғамдық өмірі десе де болады. Бұл бірінші кезекте бірқатар қалаларда мұражайлардың ашылуынан да байқалады. Экскурсионист - ғалымдар кәсіби туристік білімнің теориялық негіздерін құрай отырып, экскурсиялық қызметтің қалыптасуының 4-кезеңін бөліп көрсетеді. Бірінші кезеңде (1890-1920) ағартушылық концепцияларын көрсетеді. Бұл жылдары туризм мектептік білім, ғылыми-географиялық және өлкетанушылық мәліметтер жинау үшін ұйымдастырылған экскурсиялармен, жорықтармен мінезделеді.
Қазақстан аумағында тұңғыш рет мұражайдың ашылуын 1831 жылдан бастаған жөн. Себебі осы жылы Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде Орынбор өлкесінің мұражайы (қазіргі Қазақстан Репуликасы Орталық Мемлекеттік мұражайы) ашылған еді. Оның алдында, яғни 1827 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның қару-жарақ бөлмесі ұйымдастырылған-ды. 1883 жылы Семейде мұражайдың ашылуы, еліміздің шығыс аумағындағы елеулі оқиғаға айналды. Сондай-ақ 1906 жылы ағайынды Белослюдовтар Семейде жекеменшік мұражай ашқан-ды. 1915 жылы Өскеменде де мұражай жұмыс істеп, халықты қабылдай бастады.
Негізінен алғанда, патшалық Ресей тұсында мұражайлардың ашылуына, қазақ тарихына қатысты көптеген көрмелердің ұйымдастырылуына Орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағат комиссиясының беленді мүшелері (әскери шенеуліктер, орыс зиялылары, Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер, тағы да басқалары) ат салысты. Мұражайлардың ашылуы экскурсия жүргізу ісін біртіндеп жолға қоя бастады.
Сонымен қатар өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу үдерісінің интерактивті түрі деп санаған. Сондықтан экскурсияға шығу алғашында мектептерде кең қанат жайды. Тарихи орындарға бару, табиғат аясына шығу, қоршаған ортаны тану секілді іс-шаралардың маңызы зор екендігін озық ойлы мұғалімдер нақты білгендіктен, көпшілігі оқудың осындай белсенді түрін таңдап алып жатты. Оқушылар мен гимназистер мұражайларға, тарихи орындарға және сәулет өнері ескеркіштеріне баруының нәтижесінде оқудан тыс экскурсиялар да пайда бола бастады.
Десе де, патшалық Ресей тұсындағы Қазақстан мұражайларында экскуриялық іс айтарлықтай дами қойған жоқ Оған мұражайларда экскурсия жүргізушінің арнайы штатының болмауы немесе аздығы, әдістеменің жетіле қоймауы, тағы да басқа жайттар өзіндік әсерін тигізген еді. Бұл осы кездері бүкіл Ресейге тән құбылыс еді. Мұндай олқылықтардың орнын толтыру үшін мамандар 1910 жылы Мәскеуде орталық экскурсиялық комиссия құрды. Оның негізгі мақсаты оқушылар мен оқытушыларға экскурсиялық қызмет көрсету тұғын. Комиссия мүшелері экскурсиялық істің қыр-сырына үңіліп, оның әдістемесін қалыптастыруға ат салыса бастады. Осы жылы мектеп экскурсиялары, олардың мәні мен ұйымдастырылуы атты жинақ басылып шықты, кейіннен аталмыш жинақ 1921 жылы өзектілігіне орай кеңестік баспадан қайтадан жарық көрді [1].
Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде өз миссиясын тиянақты түрде атқарып келген. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуына Кеңес Одағы тұсында мамандар көп еңбек етті. Оның дамуы педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Республиканың нақты шекаралары межеленген 1925 жылдарғы дейін Кеңес үкіметі Қазақстанда тағы бірнеше мұражайлар ұйымдастырып, мұражай ісін дамытуды жолға қойды. Мысалы, 1919 жылы Қостанайда, 1920 жылы Шымкентте, Оралда, Көкшетауда, 1923 жылы Ақмолада, Петропавлда мұражайлар ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар түрлі қоғамдар, одақтар, мысалы, 1918 жылы Мәскеуде оқушылар экскурсиялық бюросының орталығы құрылды. Экскурсиялар туризмнің мәдени-танымдық түрі әрі құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басы өрлей бастады. Бұл кездері саяси-ағарту жұмыстарына көп көңіл бөлінді. 1926 жылғы саяси-ағарту кеңесінің IV съезінің шешімі бойынша, мұражай экскурсиялары маркстік-лениндік методология шеңберінде жүргізілуі тиіс болды. Ендігі кезекте бұқаралық саяси-ағарту жұмыстары атты термин негізінде мұражай қызметі, соның ішінде экскурсиялық іс жандана түсті [2]. 1928 жылы кеңес туризсі атты акционерлік қоғам құрылды, ол 1930 жылы бүкілкеңестік пролетарлық туризм және экскурсияның еркін қоғамы болып өзгертілді. Көптеген қалаларда халық ағарту комисариатының экскурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту ісі орталықтандырылды.
Мамандардың (Ибраева, тағы да басқалары) есептеулеріне қарағанда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мұражай қызметкерлерінің құрамы азайып кеткен. Соғыс кезінде майданға аттандыру, бюджеттің тапшылығына байланысты қысқарту сияқты себептер мұражайлардың онсыз да аз кадр әлеуетін күрт төмендетіп жіберді. Егер бұрын облыстық тарихи-өлкетану мұражайларында 6-7 адам қызмет етсе, соғыс жылдарында 2-3 адам болып сиреп, мұражай жұмысы жүрмеді. 1942 жылғы қаңтардағы мұражай қызметкерлері туралы мәліметтер мынадай: республиканың 13 облысы бойынша барлық қызметкерлер саны - 49, оның ішінде бюро комисариаты мүшесі - 9 адам, комсомол мүшесі - 3 адам, жоғарғы білімі барлар - 8 адам, орта білімі барлар - 19 адам, аяқталмаған орта білімі барлар - 6 адам, арнайы білімі барлар - 3 адам, төменгі білімі (2, 3 сыныптық) барлар - 7 адам. Ал облыстық мұражайлардың жағдайы мынадай: Алматы облысы бойынша 5 адамның білімі жоқ, 2-інде орта білім, 2-і партия мүшесі, 1-і комсомол мүшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 адамның 1-інде орта білімі, екіншісінде аяқталмаған орта білімі болған. Ұлттық құрамы: қазақ - 1 (Қостанай облысы бойынша), орыстар 28, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Міне, зерттеушілердің мағлұматы осындай. Бұл соғыс зардаптарынан туындаған жайт еді [2].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оқу үдерісінде экскурсия кеңінен қолданылып, өлкетанушылық жұмыстар дамыды. Облстарда мұражайлар ұйымдастырылды. Айта кететін бір жайт, 1950-1960 жылдары мұражай ісінде ғылыми-ағартушылық жұмыс термині кеңінен қолданыла бастады. Мұны мұражай қызметінің негізі болып табылатын мұражай пәніне және осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтың артуымен түсіндіруге болады. Алайда, мұражайлар негізгі идеологиялық мекемелердің бірі ретінде саналып келді. Бұған кеңес одағы комунистік партиясының 1964 жылғы еңбекшілерді коммунистік тұрғыдан тәрбиелеудегі мұражайлардың рөлі туралы, 1982 жылғы мұражайлардың идеялық-тәрбиелік жұмыстарын жақсарту туралы деген қаулылары да дәлел бола алады. Ендігі жерде келушілерге қызмет көрсету келушілер саны, оқылған дәрістер көлемі мен жүргізілген экскурсиялар бойынша бағаланды. Сөйтіп, экскурсиялық қызметке социалистік құрылысты дәріптеу сынды жұмыстар жүктелді. Дегенмен, 1960-1980 жылдары аудиториямен жұмыс істеу жаңа сапаға көтерілді. Мұражай жұмысыда факультативтер, абонементтер, ауызша журналдар, түрлі фестивальдер, мемрамдар және тағы да басқалары ұйымдастырылып, экскурсиялық жұмыстың әдістемесі жетілдірілді. Экскурсия диалог ретінде қарастырылады, ал экскурсант оған белсенді түрде қатысушы болып табылды.
Экскурсия барысындағы сұрақ-жауап, түрлі ойын әдістемелері енгізілді, сахналандырылған көріністері орын алды. Әрбір келушіге (оқушы, студент, ересек адам, шетелдік турист, тағы да басқалары) қатысты дифференциальды ұстаным қалыптасты. Кеңестік мәдениет ғылыми-зерттеу институты осы кездері основы экскурсионного дела, музей и посетитель секілді ғылыми жинақтар шығарып тұрды. Олардың барлығы экскурсиялық істің дамуына, ғылыми тұрғыдан кемелденуіне айтарлықтай үлес қосты. 1980-1990 жылдары коммуникация теориясы арқылы кеңестік мұражайларда адамның дамуына, оның шығармашылық әлеуетіне, құндылықтарының қалыптасуына, дүниетанымдық бағдарларына, қоғаммен әлеуметтік-мәдени басланыстарына азды-кемді назар аударыла бастады. Осы кездері Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрамында 19 облыс болды. Нәтижесінде әрбір облыста тарихи-өлкетану мұражайлары ашылды. Олардан басқа аудан орталықтарында, шағын қалаларда, кейбір университеттер мен ғылыми орталықтарда (Ғылым академиясы, тағы басқалары), ірі мектептерде сан алуан тақырыптағы мұражайлар жұмыс істеп, келушілерді қабылдады. Ендігі жерде экскурсия жүргізушілердің штат құрамы азды-кемді ұлғайтылып, оның ғылыми әдістемесі де жетілдіріле түсті [3].
Ал мұражайлар мекемелеріне мамандар даярдау ісі біршама кенже келе
жатты. Айта кету керек , 1970 жылы мұражай қызметкерлерінің саны 2 есеге артып, олардың жалпы саны 640 қызметкерге жеткен. Бұлардың 406-сы ғылыми қызметкерлер (68%) болған. Мұражайда жұмыс істейтін жергілікті ұлт құрамы да өсе түскен. Олардың жалпы көлемі 46% пайызға дейін өскен. Мұражай штаты құрамына да белгілі бір талаптар қойылды. Мәселен, облыстық мұражайларда директор, бас қор сақтаушы, 2 аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкерден жабдықталған шаттаттық бірлік берілуі тиіс болды. Ғылыми зеттеулерге қарағанда, 1990 жылдардың басында Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мұражайларында 2770 қызметкер тіркелген. Оның ішінде 155 қызметкерде мұражай ісі мамандығы бойынша білімі, ал 1136 ғылыми қызметкер мен экскурсия жүргізушілерде жоғары білім болған.
Жоғары білікті мамандарды даярлау Қазақстанда да жолға қойылды. Мысалы, 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті) тарих факультетінде мұражайтану арнайы курсы (маманданымы) енгізілді. Тарихи пәндермен бірге мұражайтану пәнін қоса меңгерген мамандарға мұражайларда жұмыс істеуге мүмкіндіктер ашылды. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдардың басында республикада мұражай қызметкерлерінің көпшілігі, мәселен, 1980 жылы - 71,2%-ы, 1981 жылы - 75,7%-ы қызметкердің жоғары білім алды.
1990-2000 жылдары Қазақстандағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан, мұражайлардың қоғамдық мәніне, оның негізгі қызметтеріне деген қызығушылық толастай қойған жоқ. Бұл кездері бірінші кезекте мұражайлардың мәдени-білім беру функциясына назар аударылды, мұражайдың білім беру ісіндегі концепциясы қалыптасты. Кеңестік идеологиядан арылған қазақстандық қоғам бұрын жабық болып келген тақырыптарды көтеріп, оған қатысты сан алуан көрмелер, презентациялық қойылымдар, жекелеген тұлғалардың ғұмырнамасын баяндайтын күндер, мұражай түні сияқты алуан түрлі акцияларды ұйымдастырды. Мұның өзі экскурсия жүргізушілеріне деген сұранысты, олардың қызметіне деген таптарды күшейте түсті [4].
Бүгінде Қазақстандағы аталмыш мәдени мекемелері мұражайлардың коммуникативті даму үлгісіне көш бастады, олардың қызметінде жалпылықтан жалқылыққа (келушілер тұлғаға) көшу кеңінен байқалды, осыған орай жеке тұлғалардың көрмелері де көптеп ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ, экскурсиялық істің теориялық-әдістемелік негіздері де айқындалған. Жаңа сипаттағы мұражайлар, бұрыннан келе жатқан мұражайларда заман талабынан туындаған залдар да, тіпті, республика аумағында жекеменшік мұражайлар да ашылған.
Дегенмен, мұражайлардың дені мемлекетке қарайды, мемлекет тарапынан қолдауға сүйенеді. Осы жерде отандық мұражайлардың топтамасын толтыруға 2004 жылдан жүргізіліп келе жатқан мәдени мұра Ұлттық Стратегиялқ Жобасы оң әсерін тигізгендігін де айтып кетуге болады. Мұражай ісіне қатысты журналдар да үздіксіз шығып келеді. Нәтижесінде республиканың барлық өңірлеріндегі мұражайлардың экспозициялары қайта жаңғырды. Қазақстандық мұражайлардың дами бастауы, бір шетінен, жаңа коллекциялармен толтырылуы болса, екіншіден, мұражайтанудың заман ағымына сай дамуы, яғни жаңа стандарттар мен заманауи техникаға сай витриналық қондырғылармен мұражай ішін жабдықтау, тағы да басқалары еді.
Қазір республика аумағындағы 200-дей мұражайлар халыққа қызмет көрсетеді. Олардың басым бөлігі заманауи технологиялармен жабдықталған, экскурсиялық қызметтері жолға қойылған. Бүгінгі таңда (соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда) республикамызда тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенді таратушысы болып табылатын мұражайларды шамамен, 1 млн. 300 мың адам тамашалайды. 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер ұйымдастырылған. Қазақстан мұражайлары ең алдымен, халықтың баға жетпес материалдық, рухани байлығын жинақтаушы әрі насихаттаушы, сол арқылы Қазақстан азаматтарының бойына отансүйгіштікті, патриоттық сезімді ұялатушы ғылыми, мәдени, биліми орда болуға тиіс [5].
1.2 Экскурсияның принциптері мен қызметтері
Экскурсия саяси, философиялық, ғылыми, әдеби, және басқа да түрлі көзқарастағы идеялар мен теорияларды таратуға көмектеседі. Отандық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қызметін орындай отырып экскурсия кез келген тақырып жөнінде саяси-идеялық нақты бағытты ұстануы тиіс. Адамгершілік принциртеріне сүйенген экскурсияның негізіне, ғылымилық, шыншылдық, өмір теориясымен байланыс, тапқырлық, таң қалдырушылық, түсініктілік, жүйелілік, ұлтжандылық жатады.
Ғылыми принципі:экскурсияның мазмұны қазіргі ғылым мәліметтерімен сәйкес келіп жатады. Барлық деректер, оқиғалар, теориялық жағдайлар ғылыми тұжырымдамаларға дейек болу арқылы қазіргі заманғы ғылымның өздерімен байланысты бағытта обьективті ғылыми баға алады.
Өмірмен байланыс теориясы: экскурсия материалы өмірмен байланысты болуы тиіс. Мысалы, өмір сүріп отырған қоғамдағы оқиғалардың нақтылығы деген сияқты жағдайлармен байланысты болуы қажет. Экскурсия жемісі ұсынылған материалдың қаншалықты түсініктілігіне байланысты. Сондай-ақ, ол материалдардың мазмұны сол аудиторияның, олардың білім деңгейі мен өмір тәжірибесін ескергенде тиімді медеген мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс.
Экскурсия-ақпарат қызметінде: кез келген экскурсия өз тақырыбына қатысты кеңестік тарихи ғылымның жетістіктерінен, медицинадан, биологиядан, космостық ілімнің жаңалығынан, археологтардың ашқан жаңа мәліметтерден, спортшылардың жетістіктерінен, мәдениет және шаруашылық құрылысының соңғы жаңалықтарынан белгілі бір деңгейде ақпараттардан хабарланып отырады. Экскурсия өткізудің негізгі жүйелі тәртіпке бағындырылған нақты және дәлелденген мәтін. Экскурсияның мазмұнын таңертеңгілік радио және жаңадан оқылған газеттің жаңалықтарымен толықтыруға болмайды. Кез келген экскурсия өзіне қатысты тапсырмаға сәйкес өз тақарабында жеткілікті негізделген және тиянақты түрде дәлелденген ақпаратпен толығып отырады[6].
Экскурсияның мәдени демалыс уақытын ұйымдастыру қызметі: экскурсия оқу және өзіндік білім терминімен ерекшеленетін топқа жатады. Оның мәні басқа да жеке және коллективті мәдениетті қалыптастыруда үнемі дамып отырады. Мәдени демалыс уақытын ұйымдастырудағы танымал үлгі бола отырып экскурсия адамның рухани қажеттілігін толық түрде қанағаттандырып отырады. Мәдени демалыс уақытын ұйымдастырудағы экскурсияның рөліэкскурсиялық мекемелер және мұражайлар жекеленген эпизодты шаралардан жүйеленген шараларға атысқанда байқалады. Мұндай өзгеріс тәрбиелік және мәдени-көпшілік ұмыстарға жақсы сапалы нәтиже береді. Әрбір келесі экскурсия ткен экскурсияның жалғасы. Яғни келесі экскурсияның басы өткен экскурсияның аяғымен байланысып отырады. Бұл әдіс қиын тақырыпты да ашуға көмектеседі.
Экскурсиялық жүйе экскурсанттарға белгілі бір жүйеде білім береді. Мәселен, оларға туған қалаларының тарихы немесе өзі тұратын аймақтың тарихи, мәдени ескерткіштер туралы толық, жүйелі мәліметтермен ақпараттандырып отырады. Экскурсияның жүйесі сондай-ақ оған қатысушылардың санын арттыруға, жақсы нәтижеге жетуге, жүйеленген эксплуатациялық топтардың тұрақтылығына қызмет етеді. Мұның бәрі оқу-тәрбие процесін тиімді етеді.
Экскурсияның мәдени және техникалық білімді жетілдіру қызметі: экскурсия өз тақырыбына сәйкес білімнің белгілі бір салаларында адамдардың білім деңгейін кеңейтуге ықпал етеді. Экскурсияға қатысу арқылы оған қатысушылар отанының тарихы, сонымен бірге өнер, архитектура, әдебиет, экономика және өндіріс орындары жөніндегі білімдерін жетілдіріп отырады.
Экскурсия идеалды түрде мәдени-тәрбиелік жұмыстарының жинақталған түрлі үлгілерін көрсетеді. Оған тақырыптық және әдістемелік дәлелденген бөлімдер кіруі мүмкін. Олар төмендегідей жүзеге асуы тиіс:
көркем фильмдерден үзінділер немесе деректі хроникалық фильмдерді толығымен көрсету;
оқиғаға қатысушылар немесе оның куәгерлерінің сөздері, мысалы, 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әскери-тарихи тақырыптағы экскурсия кезіндегі сөздері;
өнеркәсіп және ауылшаруашылық орындарының жетекшілері, инженерлік-техникалық саладағы қызметкерлердің өндірістік-экономикалық тақырыптағы экскурсия барысында сөйлеген сөзі;
сазгерлердің, музыканттардың, әртістердің шығармашылығына арналған экскурсиялардағы әртістердің орындауындағы және дауыс жазбаларында жазылған музыкалық шығармаларды тыңдау;
тарихи және мәдени экскурсияларда дауыс жазба түріндегі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің сөздерін естуге тыңдауға болады.
Экскурсия адам қызығушылығын арттыру қызметі: экскурсия тек білім беріп қана қоймай, адамдардың қандай да бір ғылымға, білімнің нақты бір салаларына, белгілі бір мәселелерге деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді. Әдеби экскурсиялардың біріне қатысып, көркем мұражайға барған адам алдағы уақытта да сол жазушының шығармашылығына деген қызығушылығы артады. Осылайша экскурсия көптеген адамдар үшін өз білімін жетілдіруде үлкен жүйелі жұмыстың басы болып саналып кетеді.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдары экскурсия бұқаралық дайындық және маман дайындау ісінің маңызды түрлерінің бірі ретінде ғана қаралған. Ал бүгінгі күні бұл мәселе экскурсияны лекциялық, курстық жұмыстармен, ұлттық ақпараттық мәліметтермен толықтыру арқылы шешілген [7].
1.3 Экскурсия классификациясы
Классификация дегеннің өзі ртақ белгілері бойынша белгілі бір заттың, оқиғаның кластарға, бөлімдерге бөлініп жіктелуі дегенді білдіреді. Бұл сауал экскурсиялық жұмыскерлер мен ғалымдардың, бір сөзбен айтқанда, экскурсионистердің толғақты мәселелерінің бірі. Экскурсиялық жұмыстарының реттеу барысындағы тәжірбиесіне сүйеніп, В.А.Герд былай дейді: Біздің негізгі мақсатымыз экскурсияның бөлінуі, экскурсияны жүргізу барысында кездесетін жағдайлардың өздеріне тән ерекшелігін ескере отырып, топтарға және топшаларға жіктеу. Яғни бұл жол жетекшілерге экскурсия барысында ұшырасатын түрлі мәселелерге байланысты сауалдар төңірегінде тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Негізгі белгілеріне қарай жіктеу бізге экскурсияның орталық түрлерін анықтауға жол береді. Эксурсияның топтарға және топшаларға бөлінуі, оның экскурсияның өткізілу сипатын анықтауға және оның жасалуына қатысты мәселелердің дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін негізгі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Осыдан 50 жыл бұрын экскурсия классификациясын Б.Е.Райков ұсынған болатын. Ол жиырмасыншы жылдардағы экскурсиялық жұмыстың мазмұны мен бағытына қарап, экскурсияның негізгі белгілерін былай көрсетті:
1. Ұзақтығына байланысты бөлу: а) бір күндік, бір түндік; в) көпкүндік.
2. Мазмұнына қарай: а) табиғи-географиялық; б) гуманитарлық; в) өндірістік.
3. Көлеміне қарай: а) бір тақырыпқа ғана арналған; б) бірнеше жақын тақырыптар; в) жүйеленген.
4. Тапсырыс бойынша: а) іздеушілік түрінде; б) иллюстрациялық.
5. Логикалық құрылымы бойынша: а) талдамалы; б) синтетикалық.
6. Қатысушылардың құрамы бойынша: а) мектеп жасындағылар, б) мектеп жасына дейінгілер; в) мектепте оқымайтындар.
Экскурсияны аналитикалық және синтетикалық деп бөлу мүмкін емес. Өйткені, анализ әдетте әрбір экскурсияда қолданылады. Экскурсияны құрамына қарай бөлу типті күрделі. Экскурсияны өткізу мен оған дайындық әдістемесінде экскурсия негізгі үш түрге бөлінген:
1. Түсіндірмелі және иллюстрациялық.
2. Оқу-іздену.
3. Аралас және иллюстрациялық-ізденулік, кейде бақылаушылық деп те аталады.
Ал кейбір ғалымдар экскурсияны екіге бөліп қарастырады:
А) Демонстрациялық объект.
Б) Анықтамалық объект.
Алғашқы топқа эстетикалық, тарихи-көркем, этнографиялық және техникалық-экономикалық экскурсия түрлері жатады. Яғни бұл бағыттағы экскурсияға қатысушылар белгілі бір мақсатта көретін объектілеріне барып тұрады.
Екінші топқа көркем шығармаларды белгілі бір жайттың мазмұнын ашу үшін емес, сол жазушының өмір дерегінің иллюстрациясына, шығармашылығына қызығушылық негізінде қарайтын әдеби тақырыптағы экскурсиялар жатады [8].
Өз тақырыптарына қарай экскурсия 1960 жылдардың басында мәдени-тарихи, көркем, табиғи-ғылыми, өндірістік деген сияқты жіктерге бөлініп қарастырылған. Бүгінгі күніэкскурсия және туризм жөніндегі Орталық кеңес жүйесі негізінде ортақ қабылданған экскурсия классификациясы төмендегідей топтарға жіктелді: мазмұнына қарай, қатысушылардың құрамына қарай, өткізілу орныны, дамыту әдісіне байланысты, өткізілу формасына және қозғалыс тәсіліне байланысты жіктеледі. Аталған топтардың әрқайсысында өздеріне ғана тән арнайы белгілер бар. Мазмұнына қарай бөлінген топқа экскурсияның екі түрі жатады. Яғни жалпы шолу (көп жоспарлы) және тақырыптық.
Шолу экскурсиясы әдетте бірнеше тақырыптан құралады. Яғни, бұл көп жоспарлы деп бекерден бекер айтылған жоқ. Оларға мыналар жатады:Бұрынғы, қазіргі және болашақ Алматы, Ұлы Түркістанның тарихы және ескерткіш орындары, Астана - жаңы және еңбеккер атақты қала, Туған аймағым - Қарағанды, мен өзіңмен мақтанамын, Алматы - Қазақстанның оңтүстік астанасы.
Шолу экскурсиясында, әдетте, тарихи және қазіргі күнгі материалдар қолданылады. Объект көрсету барысында түрі, мазмұны жағынан да әр түрлілікті қолданылатын экскурсия түрі бар. Яғни, тарихи және әдеби ескерткіштер, табиғат көріністері, ерекше оқиғалардың өткен орны, қала мен ауылдардың кейбір элементтері, өндіріс және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, құрылыс алаңдары экскурсияның осы түріне жатады. Мұндағы көрініс үлкен планда ұсынылады.Сөйтіп, экскурсияға қатысушыға сол қала, сол аймақ туралы жалпы тұтастай мағлұмат береді. Шолу экскурсиясының хронологиялық шеңбері - көп жағдайда объект ретінде көрсетілетін қаланың ең алғашқы құрылған кезі мен бүгінгі күнге дейінгі жайы төңірегінде өрбиді [9].
Тақырыптық экскурсия әрдайым бір ғана тақырыпты ашуға арналады. Мәселен, тарихи экскурсияның негізіне ортақ бір тақырыпқа құралған айтулы оқиғаны немесе бірнеше оқиғаны суреттеу жатады. Және оқиға желісі кейде қоғамның дамуындағы тарихи кезеңдердің белгілі бір үнін де қамтуы мүмкін. Ал экскурсия архитектуралық тақырыпқа арналған болса, оның негізгі тақырыбы архитектураның өте қызықты тақырыптарының бірі болуы мүмкін. Мәселен, белгілі бір қала көшелерінде немесе алаңдарында орналасқан XVIII немесе XIX ғасырлардан қалған архитектуралық ескерткіштер, ансамбльдерді мысал ретінде айтып өтуге болады. 1950 жылдары экскурсия мәдени-тарихи, көркемділік. Тарихи-ғылыми, өндірістік және өлкетанушылық болып бөлінген.
Осылай бөлудің логикалық негізі бар, бірақ та 1970 жылдан бастап насихаттық бағыты келесі тақырыптық экскурсиялар классификациясын мақұлдады: тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихтық, өндірістік, жаратылыстанушылық, әдеби, архитектуралық, өнертанушылық. Осы топтардың әр қайсысы өзіндік тақырыпшаларға бөлінеді.
Тақырыптық экскурсия 8топқа бөлінеді. Олар тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тақырыптық, өндірістік-экономикалық, табиғаттану, өнертанулық, әдеби және архитектуралық-құрылыстық деп жіктеледі. Осы тақырыптық экскурсиялардың әрқайсысы өз кезегіне мазмұндарына қарай топшаларға да бөлінеді. Мысалға, тарихи экскурсия тарихи кезеңдерге байланысты мынандай топшаларға бөлінеді: револиюцияға дейінгі еліміздің тарихы, бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы ел тарихы. Топшалар шағын хронологиялық шеңбердің аясын қамтиды. Мәселен, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғаларды ашу мақсатындағы экскурсия немесе экскурсия объектісі ретінде қаралған аймақтың 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысынан кейінгі өмірі.
Мазмұнына қарай тарихи экскурсиялар төмендегідей топшаларға жіктеледі: тарихи аймақтық, археоогиялық және этнографиялық. Тарихи-аймақтық экскурсияға мынадай тақырыптар жатады: Түркістанның тарихи орындары, Олардың есімдерімен қаланың көше, алаң аттары аталады.
Археологиялық экскурсия тарих көздерінің заттай көрсетіліміне негізделіп құралады. Мәселе, өткен тарих ескерткіштері, ежелгі қала орындары сияқты объектілер аталған экскурсия түріне жатады. Заттай тарихи көздерге өндіріс қарулары және солардың көмегімен құрылған материалдық жетістіктер, яғни құрылыс нышандары, өнер шығармалары, адам еңбегінің жемісі жатады. Атап айтсақ, гректік, римдік, византиялық, театрдың бір бөлігі, су құбыры, монша, шеберхана, үйлер, шаруашылық көше құрылыстары. Арменияда экскурсия объектісі ретінде Тейшебани қаласын және Гарни ауылын қазатын болса, Өзбекстанда Афрасиаба, Ташкентте ежелгі Пенджигентті, Қазақстанда Отырарды, Талхизді қарастырады [10].
Әскери - тарихи экскурсиялар мынадай түрлерге, яғни әскери оқиғалар өткен еске алатын немесе ескерткішті орындар: сондай-ақ, әскери-инженерлік көріністер, халық қаһармандарының ерліктеріне қатысты орындары; әскери-тарихи, мемориалды және аймақтық музейлер.
Өндірістік экскурсия өндірістік-тарихи, өндірістік-экономикалық және өндірістік-техникалық болып жіктеледі.
Өндірістік-тарихи түрі кәсіпорындардың тарихын ашып, зауыт, фабрикалардың, транспорттық құрылымдардың олардың дамуындағы белгілі бір даму кезеңдерін көрсететін өмір дерегімен таныстырады.
Өндірістік-экономикалық түрі өнімдердің өз бағасын, еңбек өнімдерін, ғылыми еңбек ұйымдары, өндіріс өнімдерінің сапасын арттырудағы күрес сынды мәселелерді қарастыру жолында жұмыс істейді.
Өндірістік-техникалық түрі технологиялық процестің, жекешеленген цехтар мен участоктардың жұмысының көрінісін қамтамасыз етеді. Ерекше топшаларға жасөспірімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатындағы мамандандырылған өндірістік экскурсиялар жатады. Мұндай экскурсиялардың негізгі мазмұны нақты, жан-жақты негізгі мамандыққа арналады.
Табиғаттану экскурсиясының геологиялық түрі. Жер әлемінің түрлі салалары туралы мағлұмат береді. Ал зоогеографиялық түрі сол аймақтың жануарлар әлемін; ботаникалық өсімдіктердің өмірі мен дамуы; гидрогеологиялық сол аймақтың сулы ресурстарымен таныстыруды мақсат етеді. Мысал ретінде, сол маңдағы өзен-көлдерді айтуымызға болады. Ландшафтты қала сыртында орналасқан парк, орманды жерлерге жасалатын экскурсиялар түрі [11].
Өнертану экскурсиясы төмендегідей топтарға бөлінеді: театралды, тарихи-музыкалы, монументті мүсін өнерінің жетістіктері, картиналық галереяға экскурсия, мұражай, мүсіншілер мен суретшілердің өнер туындылары, көрме залдары, т.б. Бұл топқа Сахи Романов туындылары, Суретшінің ізгілік мұрасы А.Қастеевке арналған экскурсиялық тақырыптарды мысалға келтіруге болады.
Әдеби экскурсияның топтары төмендегідей көрініс береді:
Әдеби-биографиялық, мұнда қандай да бір драматург пен жазушының өмірдерегі және шығармашылығы арқау болады. Бұл монографиялық экскурсияға М.Әуезов Алматыда, Әдебиет Сардары Сәкен аға сынды тақырыптарды мысал ретінде көрсетуге болады.
Тарихи-әдеби түрі әдебиеттің белгілі бір аймақтағы даму деңгейін анықтауды мақсат тұтады. Оған мысал: Әдеби Семей өңірі, Жетісу аймағындағы жазушы-класиктер сияқты тақырыптарды жатқызуға болады.
Әдеби-көркем түрі жазушылар мен драматургтардың және ақындардың шығармалары мен соның кейіпкерлеріне арналған экскурсияның поэтика-мәтіндік қырын анықтайды.
Архитектуралық-сәулет экскурсияда көп таралған, танымал тақырыптар жақсы пайданылады. Белгілі бір кезеңдегі архитектуралық ескерткіштер, белгілі бір архитектордың шығармасы, жаңа құрылыс алаңдарына жасалынатын экскурсия осы бағытты қамтиды.
Қозғалыс тәсіліне байланысты жаяу және әртүрлі көліктерді қолдану түрлеріне бөлінеді. Сондай-ақ бұған автокөліктер, темір жол көліктері, теплоходтар, тікұшақтар, мал көліктері қолданылады.
Экскурсияға қатысушылардың құрамына байланысты. Экскурсияның бұл түрі жасы үлкен азаматтарға және балаларға арналған, жергілікті тұрғындарға және сол аймаққа келуші туристерге, қалалық және ауылдық аймақ азаматтарына, белгілі бір мекемелердің немесе кәсіпорындардың профсоюздық комитеттерінің өтініштері бойынша ұйымдастырылған топтарға және жекеленген адамдарға арналған болып бөлінеді [12].
Экскурсияның өткізілу орындарына қатысты. Бұл қалалық, қаладан тыс, өндірістік және мұражайлық болып жіктеледі.
Қалалық түрінде - қаланытұтастай немесе белгілі бір бөлігі, мәселен, ескі немесе жаңа құрылыс жүрген орындарына экскурсия жасау.
Қаладан тыс экскурсия -аты айтып тұрғандай, қаладан тыс аймақтарға соңғы пунктпен аралық 100 метрден аспайтын аралықтағы объектіні қамту талабы ескерілген экскурсия. Алайда, кейбір жағдайда мұндай экскурсиялардың шақырымдық аралығы ұзарып та отырады. Экскурсияның ұл түрі бірнеше топқа бөлінеді. Біріншісінде - қатысушылар экскурсияны соңғы пунктінде өткізеді. Екіншісінде - жолай болатын экскурсия. Яғни жол-жөнекей кездесетін ескерткіштерге соғу.
Сонымен бірге экскурсияның бұл түрі шолушы және тақырыптық болып екіге бөлінеді. Шолушы түрі аймақтың тарихын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын, табиғатын бағамдайды.
Өндірістік экскурсияның өткізілу орны төмендегідей жүйеде жүзеге асады:
* Зауыттар, фабрикалар, комбинаттар, бірлестіктер.
* Өндірістік құрылыс нышандары, әдеби-күнделікті және тұрғын үй объектілері.
* Колхоз, совхоз ауылшаруашылық-техникалық кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу, жобалау институттары, лаборатория, ғылыми орталықтар.
Жылжу әдісі бойынша жүргізілетін экскурсия жаяу және түрлі көлік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Жаяу жүргізілетін экскурсияның ерекшелігі сол, экскурсия ткізілу кезінде таныстырылатын әңгіме де көрсетілетін көрініске де өте қолайлы. Ал көлік құралдарын оның ішінде жиі қолданыстағы - автобус көлігі екі бөліктен тұрады. Экскурсиялық объектілердің анализі - тарихи ескерткіштер және мәдениет ошақтарын автобус терезесінен көру арқылы немесе әр тоқтаған аялдамадан тамашалау арқылы жүзеге асады.
Ескеретін жайт экскурсия кезінде айтылатын таныстыратын әңгімені жай ғана ақпарат берумен ғана шектелетін жол жөнекейгі әңгімеге айналдырмау керек. Экскурсияның өткізілу формасы түрліше болады. Олар көпшілік экскурсиясы, экскурсия-серуен, экскурсия сабақ, кино-фильмдерді қолдану арқылы өткізілетін экскурсия, экскурсия-концерт, экскурсия-талқылау, экскурсиялық қойылым, оқыту экскурсиясы [13].
Өткізілу тәсіліне қарай экскурсиялар төмендегідей бөлінеді:
Көпшілік экскурсиясы Көпшілік экскурсиясы үшін ең маңыздысы үшін ең маңыздысы халықтың көптігі. Бұл көптеген адамдардан тұратын бір ғана экскурсия болуы мүмкін. Олардың бір топқа бірігулері олардың бір мақсатта екендігін білдіреді.
Серуен экскурсиясы ортақ білім беру элементтерімен бірге демалу мақсатын да алып жүреді. Мұның өткізілу орны орман, қаладан тыс демалу аймақтары, қалалық парк немесе бақ, теңіз жағалауы, өзен-көл жағалаулары. Экскурсияның бұл түрінде экскурсияға қатысушының нысан көріністері мен өзіндік араласуы тән.
Талқылау экскурсиясына мұражайларды аралау, табиғат қорықтары, картиналы галериялар басқа да көркемөнер жәрмеңкелер жатады. Нысандарды көрсетпес бұрын экскурсовод ең алдымен қатысушылармен 20-30 минут көлемінде әңгіме жүргізеді.
Концерттік экскурсияда, мәселен, белгілі бір сазгердің шығармашылығымен танысу мақсатында ұйымдастырылған экскурсияда сазгердің әуендері тыңдалады.Осындай экскурсияларда автобуста коллективті түрде тыңдау құрылғылары пайдаланылады.
Экскурсиялық қойылым - көркем әдебиеттің нақты шығармалары негізінде әдеби-көркемэкскурсия өткізудің бір пішіні. Көрсетілген пішін ретінде әңгіме, повест немесе романнан үзінділерді айтуға болады. Мұндай экскурсиялардың бағыты көркем шығармалардың өрбуіне негіз бола алатын жерлері түсірілген қала картасы негізінде жүзеге асады.
Арнайы аудиторияға арналған экскурсия. Экскурсиялық мекемелер экскурсияның тағы да екі түрін өткізеді. Оқыту және байқау экскурсиялары. Оқыту экскурсиялары жаңа экскурсоводтар дайындау мақсатында әдіскерлерге арналған курстар негізінде жүргізіледі. Мұнда қатысушылар алдын ала экскурсия мәтінімен және әдістемелік жұмыстармен, бағыттармен танысады [14].
Байқау экскурсиясының жұмысы оқыту экскурсиясынан дәріс алған жаңа экскурсоводтардың білімін тексеру, байқау. Мұнда өткізілген экскурсияға баға беретін методикалық жұмыскерлер бюросы жұмыс істейді. Аталған экскурсияны өткізу кезінде экскурсовод материалдарының білім деңгейі, методикалық әдістерді пайдалану деңгейі сынға түседі.
Әдістемелік еңбектерде Көрсеткіш экскурсиясы деген термин кездеседі. Бұл экскурсия түріне қойылған талаптар мен оған тән түрлер оқыту экскурсиясымен ұқсас. Көрсеткіш экскурсиясының алдында да - экскурсоводтарды экскурсия өткізудің тәсілдерін меңгеруге үйрету мақсаты тұрады.
Сондай-ақ, Ашық экскурсия деген терминге де тоқтала кетсек. Бір сөзбен айтқанда, бұл оқыту, білім беру мекемелеріндегі Ашық есік күндері сияқты. Яғни кез келген адам өзіне түсініксіз сұраққа жауап алу мақсатында осы экскурсияға қатысуына болады. Мәселен, мәдени және тарихи ескерткіштерге өнертанушылық талдауды қалай жасауға болады сынды сұрақтарға жауапты аталған экскурсияға қатысу барысында табасыз.
Демалыс күндеріндегі автобус бағыттары. Демалыс күндері қаладан тыс жерлерге және күнделікті бағыттағы автобустармен саяхатқа шығу түрлі жағдайда өткізіледі. Бір тәуліктен аспайтын экскурсияға қарағанда, демалыс күндеріндегі күнделікті бағыттағы автобуспен саяхатқа шығу екі тәулікке, тіпті мереке күндері 3-4 тәулікке созылады. Мұндай саяхат барысында әр тәулікте орта есеппен алғанда, бірді-екілі экскурсия өткізуге болады. Бұлар тақырыптық экскурсиялар болуы да мүмкін. Демалыс күндеріндегі күделікті бағыттағы автобуспен экскурсиялар жасау кезінде бір емес бірнеше тақырыпты да қамтуға болады.
Жолаушыларға арналған ақпараттық экскурсия. Автобустағы экскурсиялық топ, егер экскурсия 2-3 сағат немесе одан да көп уақытты қамтитын болса, аралық және соңғы пункттер арасында шолу және тақырыптық экскурсия да өткізіледі. Мұндай экскурсиялар кезінде нысандарды көрсету міндетті болып табылады. Мұндай жағдайда көрсетілетін нысандармен жақынырақ таныстыру мақсатында автобус аялдамаларына тоқтап, экскурсиялық топ сыртқа шығып танысады. Экскурсиядан тыс уақытта, экскурсия аяқталғаннан кейін немесе басталмас бұрын жолаушы экскурсиялық ақпаратпен қамтамасыз ету жағы қарастырылады. Жолаушы ақпарат - бұл автобуспен, теплоходпен, поездбен шыққан экскурсия кезінде ол жөнекейгі экскурсиялық нысан туралы әңгіме. Жолаушы экскурсиялық ақпарат экскурсияға негіз болған сол аймақтағы тарихи оқиғалар туралы мәліметтерден тұрады. Ол автобус терезесінен қарағанда ауысып, өзгеріп отыратын деректі анықтамалық пішінде, суреттерге түсініктеме және де түрлі тақырыптарға әңгіме айтуы түрінде жүзеге асады. Экскурсовод, әдіскер немесе топ басшысы жол үстінде дәл осы бағыттағы елдімекеннің, республиканың, облыстың, аймақтың тарихын, сонда өткен тарихи оқиғалар немесе сол өлкеден шыққан қайраткерлердің өмірімен шығармашылығы туралы әңгімелеп береді. Жолаушы экскурсиялық ақпаратта экономика және мәдениет жетістіктері, соңғы 10 жылдықтағы маңызды құрылыс құрылымдарына көп мән береді. Ақпарат бір ғана тақырыпты қамтуы мүмкін, бірақ ол бірнеше көп тақырыптық сипатқа ие болады. Экскурсияға қарағанда экскурсиялық жолаушы ақпарат екінші дәрежелі сипат алады. Мұнда бірінші орында әңгіме тұрады. Оның үстіне, жолаушы ақпаратта ереже бойынша экскурсияға тән негізгі белгілердің бірі - нысанмен тереңірек танысуды мақсатында топтың сыртқа шығуы болмайды [15].
1.4 Экскурсия дайындаудың әдістемелері мен кезеңдері
Экскурсияға әзірлікті екі жақты қарауға болады: ол экскурсияның жаңа тақырыбын белгілеу және экскурсоводтыңсол жаңа тақырыпқа әзірлігі. Экскурсияға әзірлік жүйелі түрде белгілі бір кезек бойынша жүргізіледі. Ол экскурсияның тақырыбын таңдау және мақсатын анықтаудан басталады. Экскурсия мақсатын дұрыс анықтау өте маңызды өйткені, экскурсия барысында ненің көрсетіліп, не жөнінде айтылатындардың бәрі соған байланысты. Жалпы мақсатқа қоса экскурсияның нақты міндеті белгіленеді.Экскурсияның мақсаты оның тақырыбының көкейкестілігінін, экскурсияның негізіне ненің алынғандығын көрсету мен әңгіменің неге байланысты болатындығын анықтайды.
Экскурсияға дайындық әдістемесінің басты кезеңі экскурсия тақырыбынтаңдау. Экскурсия үшін тақырып таңдаукүрделі үрдістің бірі. Өйткені экскурсияның мән-жайы, мазмұны, әзірлігі тақырыптан көрініп тұруы керек. Тақырыпты дұрыс таңдауэкскурсияда басты рөл атқарады. Сондықтан тақырып дәлме-дәл, есте қаларлықтай, адамдарды қызықтырарлықтай болуы керек. Тақырып таңдалып алынғаннан кейінгі кезең экскурсия объектілерін іріктеп алу.
Объектілерді іріктеп алуда оларды бағалаудың әртүрлі талаптары қолданылады.Объектінің танымдық бағалылығы, оның белгілігі, экзотикалық айқындылығы және орналасқан жері ескеріледі. Экскурсиялық объектілер дегеніміз - тақырып мазмұнына сәйкес таңдалып алынған әңгімеге арқау болатын көрнекілік жәдігерлер.
Экскурсиялық объектілерге ескерткіш орындар, абиғат мүйісі мен объектілері мұрайжайлары, сурет галереялары мен көрме жәдігерлері, қиға болған орындар, алаңдар, көшелер, бүтіндей қалалар, үйлер мен ғаимараттар, ескерткіштер және мемориал тақталар жатады.
Объектілерді танығанда бірінші кезекте олардың экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына баса назар аударады. Осыған сәйкес экскурсия объектілері негізгі және жанама деп бөлінеді.
Негізгі объектілер - тақырып мазмұны бойынша оны ашу үшін таңдалып алынған көрсету объектісі болса, жанама объектілер - тақырыпқа қатысы жоқ, бірақ маршрут бойында кездесетін немесе негізгі объектілер жанында орналасқан назар аудартарлық объектілер.
Экскурсиялық объектілер мазмұнына қарай бір қырлы (картиналар, бір тақырыпты ғана ашуға жарайтын ескерткіш жәдігерлер) және көп қырлы (бірнеше тақырыптар мазмұнын ашуға болатын), атқаратын қызмет бағытына қарай, сақталу дәрежесіне қарай бөлінеді.Көрсету үшін іріктеліп алынатын объектілер санының да белгілі бір мөлшерден аспауы керек. Өйткенітым көп объектілер экскурсанттарды жалықтырып жібереді ал, аз болған жағдайда кскурсияның мәні жоғалады, тақырып мазмұны ашылмай қалады. Бүгінгі күннің экскусия ісінің тәжірибесіне сүйенетін болсақ төрт сағаттық шолу экскурсиясының объектілерінің жалпы саны 20-30 дан ал, тақырыптық экскурсияларда 8-10 объектіден аспауы керек. Экскурсиялық объектілерді талдау. Бұлар табиғи, тарихи, археологиялық, архитектуралық, өнер ескерткіштері болып бөлінеді. Көптеген объектілерден 15-20 дан таңдап алу керек, себебі әрбір экскурсия бірнеше тақырыптан құралатыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде экскурсанттар бүкіл экскурсия тақырыбының көлемінде қисынды біртұтас үсінік алуына жету керек. Осы приципті орындау үшін экскурсовод мәліметтерді белгілібір жүйе бойынша баяндап жаңа материалды бұрыннан белгісімен байланыстырып отыруды, басты, ерекше дегендеріне көңілаударуды талап етеді, осыған байланысты экскурсия елгіліден белгісізге, жалпыдан жалқыға ауысу әрекеттерін көздейді. Бұл әңгімелесу кезінде қолданатын әдістердің бірі. Мысалы, қалалық көру экскурсиясы: монументтер, ғимараттар, алаңдар, парктер, бульварлар, көшелер. Табиғи экскурсияларды тарихи мәденимұраларды, жалғыз және комплексті объектілерді қосымша көрсету керек.
Экскурсия объектілерін таңдау кезінде әрбір объектіге жеке-жеке карточкалар толтырылады. Бұнда объектілер жөнінде деректер беріледі. Жазылған мәліметтер неғұрлым толық болса, кейіннен экскурсия мәтінін құрастыру оның маршрутын белгілеу соғұрлым оңайға түседі. Бұл экскурсиялық объектінің паспорты деп аталады. Онда мынандай сұрақтарға жауап беріледі:
- ескерткіш аты;
- жылы (салынған немесе пайда болған);
- авторы;
- табылған жері (орналасқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz